Араб - Израиль соғысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2013 в 16:39, курсовая работа

Краткое описание

Таяу Шығыс мәселесі сол аймақта екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болған және бүгінгі күнге дейін шешімін таба алмай келе жатқан ең шиеленіскен мәселелердің бірі болып табылады. Сонықтан да болар, қазіргі кезде Таяу Шығыс дегенде, өкінішке орай ең алдымен палестина-израиль қақтығысы еске түседі. Ол тіпті сол аймақтың ерекшелігі болып, “ондағы оқиғалар басқаша емес, осылайша дамуы керек” деген жалған ой қалыптастырды.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
1 Палестина мәселесі пайда болуының алғышарттары................................7
1.1 Сионистік қозғалысының пайда болуы ..........................................................7
1.2 Еврейлердің ұлттық ошақ идеясын жүзеге асыра бастауы.........................10
2 1948-1956 жылдар арасындағы Палестина мәселесі………….................19
2.1 Бірінші палестина-израиль соғысы: пайда болу себептері, жүрісі, нәтижесі…………………………………….................................……………….19
2.2 Екінші палестина-израиль соғысы: басталуы, жүру барысы, нәтижесі………………………………………....................……………………..29
3 ХХ ғ. ІІ жарт. мен ХХІ ғ. бас. араб–израиль қарым-қатынастары .......37
3.1 Араб-израиль қатынастарындағы әскери қақтығыстар...............................37
3.2 ХХІ ғ. бас. Таяу шығыс мәселесін реттеу (“Жол картасы”) …….….........40
3.3 Әлемдік қауымдастықтың ықпалы................................................................44
Қорытынды…………......……………………………………………………....47
Пайдаланған әдебиеттер тізімі……………………….....…………………….

Прикрепленные файлы: 1 файл

Араб Израиль. Бакенова.doc

— 356.00 Кб (Скачать документ)

     Сонымен,  соғыс аяқталы, арабтар мен  еврейлер арасындағы қақтығыстар  бір күнге де тоқтаған жоқ. 1950 жылдан бастап олардың арасындағы  конфликттер тек аралас комиссияда ғана емес, сонымен қатар Қауіпсіздік Кеңесінде де қарастырылды. 1950-1967 жылдар аралығында Қауіпсіздік Кеңесінде болған барлық 1350 отырыстың 177-ін, яғни 15%-ын осы палестина-израиль конфликтісіне арнады. Көптеген шешімдерде қақтығыстардың ең басты себепшісі-Израиль болып танылды. БҰҰ-ның бұл шешімдерін екі жақ формальді мойындаса да, олар үнемі, әсіресе Израиль тарапынан бұзылды.

     Сөйтіп, Палестина  соғысынан кейін арабтар арасында  “палестиналықтар өзінің заңды  құқықтарына жету жолында басқа араб мемлекеттеріне арқа сүйек керек”, “бірақ сонда да Палестина мәселесін шешу үшін бірігіп, қажетті күштерді ұйымдастыру керек” деген сияқты ой қалыптасады. Көптеген Палестина интеллигенциясы мен студенттері араб елдеріндегі және оның шекарасынан тыс “Бүкіл арабтық” сипаттағы партияларға кіре бастады. Ондай партиялар қатарына Араб социалистік қайта өрлеу партиясын (Баас) және Араб ұлтшылдарының қозғалысын (ДАН) жатқызуға болады.

     Осы Араб  ұлтшылдарының қозғалысын Палестина  саяси топтарының және ұйымдарының негізі деп айтуға болады. Ол өзінің мақсаты-Палестинаны азат ету үшін күрес деп айтты да, бүкіл арабтық сипат алды. Оның бағдарламасының кейбір пункттері кейін құрылған Палестинаны азат етудің демократиялық фронты мен Палестинаны азат етудің ұлттық фронты ұйымдарының бағдарламаларына да кірді.

     Яғни, осыдан  бастап, арабтардың жаңа ұрпақтары  арасында, әсіресе араб интеллигенциясының  арасында тек араб бірлігі  ғана Палестинаны азат етудің  шешімі, бірден бір жолы деген  ой қалыптасады. 

    50 жылдардың басында алғашқы, әзірше саны жағынан аз Палестина партизандарының-федайиндерінің (өзін-өзі құрбан ететіндер) топтары құрыла бастайды. 50 жылдарыдың екінші жартысында жетекші Палестина ұйымы ФАТХ-тың негізі қаланады. Бірақ, кейбір зерттеушілердің пікірінше, ФАТХ 1957 жылы құрылды, себебі сол жылы Каир Университетін бітірген және Суэц каналындағы антиағылшындық операцияларға қатысқан Ясир Арафат Кувейтке келіп, достарымен және “Ағайынды-мұсылмандар” атты экстремистік топтың мүшелерімен құпия палестиналық ұйымды құра бастайды.

     1948-1949 жылдары  болған соғыстан кейін ұсақ  Палестина ұйымдары да құрылды,  олардың ішіндегі ең үлкені-“Аль-Джихад  аль-Муккадас” (“Қасиетті соғыс”) болды. Мұндай ұйымдарға тек  палестиналықтар емес, сонымен қатар  басқа да арабтар кірді және олардың әрекетері Палестина арабтары атынан ғана емес, барлық арабтардың антиизраильдік әрекеттерін білдірді. Сол кездегі тек палестиналықтардың әрекеті-1951 жылы шілдеде Иордан королі Абдалланы өлтіру болып табылды. Себебі, оның Израильмен жақындасуы мәлім болды және ол Палестина территориясын Иорданияның Хошимиттік династиясы мен Израиль арасында бөлісіп алғысы келгені айқын болды.

     Бұл жерде  Египет Палестина арабтарына  неліктен сонша көп көмек көрсетіп, қолдау жасады деген сұрақ тууы мүмкін. Ол көптеген босқындарды қабылдап, оларға жағдай жасауға тырысты. Ал, 1952 жылы Каир университетінің инженер факультетінде оқып жүрген Я.Арафат және Яффа қаласынан шыққан Салах Халаф Палестина студенттер одағының комитетіне сайлау өкізді. Оған бір коммунист, бір баасист, бір “Ағайынды-мұсылмандар” ұйымының мүшесі және төрт “тәуелсіздер” кірді. Ал, кейін 1959 жылы қарашада Каирда осы Палестина студенттері одағының негізінде Бүкіл палестина студенттерінің одағы құрылды, оны Насердің өзі қолдаған. Әрине, ол Палестина ұлттық қозғалысының дамуының өте маңызды көрсеткіші болып табылады.

      Ал, Египеттің  бұл жерде қаржылай және моральдық  көмек көрсетуі оның көптеген  прогрессивті ұйымдарды –олар  ұлттық немесе бүкіларабтық болсын, өз бақылауында ұстағысы келгенімен түсіндіріледі, яғни олардың Египет саясатына жұмыс істеуін қалады [11, 58б.].

          2.2 Екінші палестина-израиль соғысы: басталуы, жүру  барысы, нәтижесі

     Сонымен,  Батыстың, әсіресе Американың билігін  нығайту мақсатында жасалған  талаптану әрекеттері сәтсіз болды, яғни оның үстемдік жүргізуінің аяқталуына көп уақыт қалмағаны белгілі болды. Оның үстіне, жоғары айтып кеткендей, 1948-1949 жылдары болған соғыс нәтижесінде араб жетекшілерінің көбісінің көзі ашылып, Таяу Шығыста ұлт-азаттық көтерілістер өрістеді. Олардың ең маңыздысы-1952 жылы 23 шілдеде болған Египеттегі “Ерікті офицерлер” патриоттық ұйымының жасаған революциясы болды. Гамаль Абдель Насер бастаған бұл ұйым король Фарукты, яғни монархияны құлатып, Египетте республика жариялады. Революциялық үкімет антиимпериалистік саясат ұстанды.

     Египет  революциясының басшысы Г.А. Насер  Таяу Шығыстағы күштер арасалмағын  дұрыс түсінген араб лидерлерінің  бірі болды. Ол араб ұлт-азаттық  көтерілісінің ең басты жауы-Израильдің  сионистік билеушілерін қолдап отырған әлемдік империализм екендігін түсінді. Ол енді КСРО-ға арқа сүйеу қажеттігін айтты. Сонымен қатар, арабтар империалистер арасындағы қарама-қайшылықтарды, әсіресе Англия мен АҚШ арасындағы қайшылықты пайдалана алады және пайдалану керек деген ойда болды.

     “Ерікті  офицерлер” өзінің төңкерісін  ұйымдастырған соң, алғашқы кезде  Америкамен жақындасу саясатын  ұстанғысы келді. Оны Насердің  өзі де жоққа шығармайды. Ал, төңкерістен  кейін Революциялық командование  кеңесін басқарған генерал Нагиб өзінің толығымен америкалық бағытты қолдайтынын жасырған жоқ. Египеттің мұндай саясатына 2 түсіндірме бар:

     1) Мемлекет  басшылары Англиямен күресті  басты мақсаты етіп қояды, сондықтан  сырттан басқа бір  осындай  ұлы державалардың қолдауын қажет етті немесе Египет-Англия қарама-қайшылығында Вашингтонның Лондонға көмектесуін бейтараптағысы келді;

     2) Төңкерістен  кейін қалыптасқан режимнің ашық  солшыл екенін, яғни антиимпериалистік  екенін бірден көрсеткісі келмеді,  оны біршама жұмсартқысы келді.

     Корольді  құлатқаннан кейін, Вашингтон  да Египетке байланысты өзіндік  әрекеттерін бастады. Яғни, АҚШ  Египетке $50 млн. көлемінде көмек  көрсетеді, көптеген Американың  бизнесмендері, қоғам қайраткерлері,  басшылары Египетке барып қайтады. 

     Бірақ, 50 жылдардың басындағы АҚШ-тың Таяу Шығыс мәселесіндегі ең приоритетті мақсаты-әскери блоктарды құрып, оларға араб мемлекеттерін мүше ету, қысқаша айтқанда, АҚШ КСРО-ны әскери және саяси блоктармен қоршау жоспарын жүзеге асырғысы келді.

     Алғашқы  кезде Америка Египетті “Орта Шығыстық басқармасы” ұйымына кіргізгісі келді. Сөз жүзінде оны АҚШ, Ұлыбритания, Франция және Түркия 1951 жылы күзде ұсынған болатын, бірақ іс жүзінде ол идеяның авторы Вашингтон болды. Әрине, Египет оған өз келісімін берген жағдайда, оған әскери көмек, командованиедегі жоғары орындар мен әскернің дайындығы туралы уәделер берілді. Бірақ, Египет Таяу Шығысты бейбіт күнде қорғау үшін өзінің стратегиялық объектілерін беруі және соғыс немесе дағдарыс болған жағдайда көмегін беруі керек болды. Суэц каналындағы ағылшындардың әскери базасы формальді түрде Египетке беріледі, бірақ оны “Орта Шығыстық командование” өз қолына алатын болды.

     “Орта Шығыстық  командованиенің” авторлары оған  Израильдің де кіруін қалады. Оның да өзіндік себептері  болды:

     1) Израильдің әскери потенциалын империалистік жоспарда қолдану;

     2) Американың ықпалын екі жаққа да тарату үшін Израильді араб мемлекеттерімен жақындастыру;

     3) Израильдің КСРО және т.б. социалистік мемлекеттермен қатынасының дамуына кедергі келтіру.  

     Таяу Шығысқа  колониалдық тәуелділіктің жаңа  формасын мәжбүрлеп беру талпынысын  араб мемлекеттері қолдамады.  Бірақ, мұнымен Америка дипломатиясының  әскери блок құру идеясы тоқтамады. 1953 жылы тек мұсылман елдерінен–араб  елдері, Түркия және Пакистаннан тұратын әскери блок құруды ұсынды. Алайда, тек ислам пактісін де жүзеге асыру мүмкін болмай қалғандықтан, Вашингтон екі жақты одақтарды кұруды бастады. Сөйтіп, 1954 жылы Түркия-Пакистан пактісі, ал 1955 жылы 24 ақпанда Түркия-Ирак пактісіне қол қойылды. Ол Бағдад пактісі деген атқа ие болды (кейін 1979 жылға дейін СЕНТО). 4 сәуірде оған Ұлыбритания, ал 1955 жылы қазан-қарашада Пакистан мен Иран қосылады.

     АҚШ Ирактың  Кеңес Одағымен байланысын нашарлату  үшін оның әскери одаққа кіруін қалады. Оның нәтижесі Америка үшін ойдағыдай шықты: Бағдад пактісін құру кезінде Нури Саид үкіметі Батыстың қысымы нәтижесінде Кеңес Одағымен дипломатиялық қатынастарды үзді.

     АҚШ әскери  блоктар туралы идеяны дамытқысы  келгені соншалық, тіпті Таяу  Шығыстағы өзінің досы Израильмен арадағы қатынастарды да кейде жасырғысы келді. Яғни, Америка жағы Израильдің әскери одаққа кіруіне қарсы шықты, Израильдің саясатын сынады, 1953 жылы өз елшілігін Иерусалимге көшіруден бас тартты, еврейлердің Египет, Иордания, Сирияға жүргізіп отырған рейдтеріне қарсылық білдірді және т.б. Әрине ол Америка саясатының бірден өзгеріп кеткенін білдірмейді, бұл тек араб мемлекеттерімен жақындасып, оларды әскери одақтарға қосу үшін қолданылған айла болатын. Вашингтон араб мемлекеттерімен жақындасу үшін Израильмен байланыстарын үзуден алыс болды.

     Египет  болса, 1955 жылы құрылған Бағдад  пактісіне кіруден бас тартты, бірақ олардың империализмге  жасаған ең үлкен соққысы-Суэц  каналын ұлттандыру болып табылды. 

     Сонымен, 1952 жылы Египетте корольдік режимді құлатқан төңкеріс болды. Бұрын саясатында бұл мемлекетті пайдаланғысы келген АҚШ жоспары жүзеге аспайтынын, яғни Египет енді Израильмен ешқандай келісім жасамайтынын түсінді. Мрнархияны құлатып, ұлтшылдықты ұран еткен Египет билеушілері еврейлермен қандай да бір қатынас орнату туралы естігілері де келмеді. Бұл тек Насер өлімінен кейін ғана мүмкін болды.

      Египет  революциясының ең басты мақсаты-территорияда  шетел үстемдігін жою болды.  Оған дейін Египет түгелімен,  тіпті Суэц каналының өзі де ағылшындардың қолында еді. 1881 жылға Константинополь конвенциясы бойынша, Суэц каналы кез-келген жағдайда барлық мемлекеттердің барлық кемелері үшін ашық болу керектігіне қарамастан, ол негізінен Ұлыбританияның қолында болды. Египет лидерлері ағылшын әскерлерінің каналдан шығарылуына қол жеткізгеннн кейін, ары қарай барды. 1956 жылы 26 шілдеде президент Насер “Суэц каналының бүкіл компаниясын” ұлттандыру туралы жариялады. Әрине оған Англия, Франция және басқа да империалистік мемлекеттер қарсы шықты. Атап айтқанда, АҚШ Египетке 1956 жылы шілдеде Асуан тоспасын салу үшін беруге уәделескен қарызын бермейтіні туралы мәлімдеді. Бұл әрекет Батыс пен Египеттің арасындағы ашық конфронтацияның басталғанын білдірді. Англия мен Франция өз банктеріндегі египеттіктердің салымдарын жапты. Одан кейін АҚШ америкалық банктерде жатқан 21 млн. египеттік фунттерді жауып тастады, онымен қоса, Египетке көптеген өндіріс тауарларын жеткізу қысқартылды. Яғни, осының бәрі Египетке “экономикалық соғыс” ашумен тең келді.

      Бұл  шаралардың барлығы 1956 жылы шілдеде  Лондонда Ұлыбританияның премьер-министрі  А.Иден, Францияның сыртқы істер  министрі К.Пино және АҚШ-тың  мемлекеттік хатшысы Дж. Даллестің  қатысуымен өткен кездесуде толығымен  талқыланған болатын. Яғни, Египетке қарсы соғысқа дайындық қызу жүріп жатты. Оны ешкімге білдіртпес үшін Даллес барлығының, әсіресе Египеттің назарын Суэц каналына аударуға тырысты. Дәлірек айтқанда, Иден “Англия мен Францияның Даллес ұсынған Суэц каналын пайдаланушылардың ассоциациясын құру туралы жоспарын өмірге әкелеміз” деген уәделері шыға бастады. Ол “дағдарысты интернационализациялау” деп аталса да, шын мәнінде империалистік мемлекеттердің сол каналға үстемдігін орнатудың тағы да бір айласы болды. Сол кезде американдықтар: “Насер ақшаның қолынан қалай кетіп бара жатқанын көрсін, ол кез-келген күш көрсету мен қорқытудан да жақсы болады”,- деп айтты [10, 20б.]. Яғни, Суэц каналының өте маңызды сауда жолы болуы соншалық, Даллес оны қайтарудың қандай да болмасын амалдарын жүзеге асырғысы келді.

     Сонымен,  АҚШ-тың Суэц каналын бақылайтын  халықаралық ұйымды құру ұсынысы,  Суэц каналын пайдаланушылардың  халықаралық ассоциациясын құру  туралы ұсыныс, Пайдаланушы мемлкеттердің  Лондон конференциясына шақырылуы  туралы ұсынысына қарамастан, Египет Батыс державаларының қысымына төтеп бере алды және Суэц каналын дегенмен ұлттандырды.

     Оның жалғасы  1956 жылы қазан-қараша айларында  Египетке қарсы ағылшын-франко-израильдің  үштік агрессиясымен аяқталады.  Яғни, үш мемлекеттің (Англия, Франция, Израиль) Египетке қарсы ұйымдастырған күш әрекеті тарихта “үштік” агрессия деген атпен қалды. Ол тек агрессияны ұйымдастырушылардың санына ғана байланысты болмады, бұл ат оның негізіне де байланысты еді. Ол дегеніміз-үш халықаралық контрреволюциялық күштердің-бұрынғы колониализмнің (Ұлыбритания, Франция), сионизмнің (Израиль) және неоколониализмнің (АҚШ) бірігіп, істеп отырған акциясы болды. АҚШ тікелей соғыс қимылдарына қатыспаса да, оның бұл соғыста маңызы өте зор болды.

     Израиль  осы интервенцияға қатысқаны үшін Синайдың көп бөлігімен қатар, Ливанның оңтүстігін және Иордан өзенінің батыс бөлігін қолына түсіргісі келді. Бұл әскери әрекеттер Англия мен Францияның Суэц каналы зонасына кіруіне мүмкіндік беретін еді. АҚШ та құр қалмас еді. Осының бәрі 1956 жылы қазанда Севрде өткен құпия келіссөздерде талқыланған болатын.

     Израиль  операциясы “Кадеш” (“Тазалау”)  деген құпия атқа ие болды.  Ал, Египетке коллективті қарулы  интервенция “Мушкетерлер операциясы”  деген кодты атпен аталды. Әрине,  оның барлығын да Америка басқарып, бағыттап отырды.

Информация о работе Араб - Израиль соғысы