Араб - Израиль соғысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2013 в 16:39, курсовая работа

Краткое описание

Таяу Шығыс мәселесі сол аймақта екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болған және бүгінгі күнге дейін шешімін таба алмай келе жатқан ең шиеленіскен мәселелердің бірі болып табылады. Сонықтан да болар, қазіргі кезде Таяу Шығыс дегенде, өкінішке орай ең алдымен палестина-израиль қақтығысы еске түседі. Ол тіпті сол аймақтың ерекшелігі болып, “ондағы оқиғалар басқаша емес, осылайша дамуы керек” деген жалған ой қалыптастырды.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
1 Палестина мәселесі пайда болуының алғышарттары................................7
1.1 Сионистік қозғалысының пайда болуы ..........................................................7
1.2 Еврейлердің ұлттық ошақ идеясын жүзеге асыра бастауы.........................10
2 1948-1956 жылдар арасындағы Палестина мәселесі………….................19
2.1 Бірінші палестина-израиль соғысы: пайда болу себептері, жүрісі, нәтижесі…………………………………….................................……………….19
2.2 Екінші палестина-израиль соғысы: басталуы, жүру барысы, нәтижесі………………………………………....................……………………..29
3 ХХ ғ. ІІ жарт. мен ХХІ ғ. бас. араб–израиль қарым-қатынастары .......37
3.1 Араб-израиль қатынастарындағы әскери қақтығыстар...............................37
3.2 ХХІ ғ. бас. Таяу шығыс мәселесін реттеу (“Жол картасы”) …….….........40
3.3 Әлемдік қауымдастықтың ықпалы................................................................44
Қорытынды…………......……………………………………………………....47
Пайдаланған әдебиеттер тізімі……………………….....…………………….

Прикрепленные файлы: 1 файл

Араб Израиль. Бакенова.doc

— 356.00 Кб (Скачать документ)

      Сөйтіп, 1947 жылы 29 қарашада БҰҰ-ның Бас  Асамблеясы арнайы комиссияның “көпшілік жоспарын” басшылыққа алып, 2/3 дауыспен 181/ІІ қарарын қабылдайды. Ол бойынша, Палестинаға Англияның мандаты жойылды, Палестина жері арабтардың және еврейлердің территорияларына бөлініп кетті, Иерусалим және оның маңы ерекше халықаралық режимі бар әкімшілік бірлікке айналды және ол БҰҰ-ның Қамқорлық жөніндегі Кеңесіне берілді.Қарар үшін 33 мемлекет дауыс берді (АҚШ және КСРО-мен қатар), 13 мемлекет қарсы болды, ал 10 мемлекет ешқайсысына да дауысын бермеді (Ұлыбртианиямен қатар). Қарарда: “Палестинаға Англияның мандаты қысқа мерзімде, 1948 жылдың 1 тамызына дейін аяқталуы керек”,- деп жазылған [5, 181б.].

      Палестинаны  бөлуге қарсы дауыс берген мемлекетер ішінде 6 араб мемлекеттері (Египет, Ирак, Сирия, Ливан, Сауд Аравиясы, Йемен), 5 Азия мемлекеттері (Түркия, Иран, Үндістан, Пакистан, Ауғанстан) және Греция мен Куба болды. Яғни, бұрынғы бүкіл отарлық Азия мен Таяу Шығыс дерлік бұл қарарға қарсы болды. Бұл мемлекеттердің қарсы болуының 3 себебі бар:

      1) Олардың  саясаты айқын антиколониалдық  сипатта болды;

      2) Олардың  барлығы еврей мемлекетін құруға  қарсы болды;

      3) Араб  және азиялық елдердің қарсы  ұсыныстары олардың өскенігін  және ондағы халық үшін жаңа дәуірдің басталғанын көрсетеді.

      Араб  және Азия мемлекеттері біртұтас  араб халқының автономиясын құруды  ұсынды. Түркия және Иран сияқты  мұмылмен мемлекеттері үшін діни  фактор да маңызды роль атқарды.

      Франция  болса, Палестина мәселесіне аса араласпады, себебі оның өзінің Үндіқытай, Сирия, Ливан және Мағриб елдерінде проблемалары жеткілікті болды, ал Чанкайшистік Қытай өз дауысын Америкаға берген болатын

      Қарар  бойынша, араб мемлекетіне 11,1 мың шаршы шақырым территория, яғни Палестина территориясының 43-ы берілді (мемлекеттің орталық және шығыс бөлігі, батыс Галилея, Ашдодтан Газаға дейінгі жағалау, яғни Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Газа секторы және анклав ретінде Яффа қаласы), ал еврей мемлекетіне 14,1 мың шаршы шақырым территория немесе бүкіл палестинаның 56-ы берілді (Шығыс Галилея, Эздрелон даласы, Негев шөлінің көп бөлігі, Хайфадан кеінгі жағалау). Араб мемлекетінде 549 мың араб және 95 мың еврей, еврей мемлекетінде 499 мың еврей мен 510 мың араб тұруы керек болды. Иерусалим қаласы бейтарап аймақ болып жарияланды, себебі онда 3 діннің де-ислам, христиан және иудаизмнің қасиетті орындары бар (Иисус Христос туған үңгірдің үстіндегі храм, Стена плача, Гефсиман бағы, Мұхаммед Пайғамбар дүниеге келген жерде салынған Омар мешіті және т.б. ). Бұл жерде 59690 еврей және 105540 араб тұруы тиіс еді [6, 22б.].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 1948-1956 жылдар арасындағы Палестина мәселесі

  2.1 Бірінші палестина-израиль соғысы: пайда болу себептері, жүрісі, нәтижесі

     Сионистердің саясаты әрқашан көп территоряларды, БҰҰ шешімімен еврейлерге берілген территроиялардан басқа жерлерді де қолдарына түсіру болды. Сонымен, олар екі мемлекеттің де тәуелсіздігін жариялайтын күнді күтпей (1948 жылдың 1 қыркүйегі), жалпы Палестина жерін арабтардан “тазартуды” бастады. Яғни, БҰҰ-ның шешімін бірінші бұзған еврейлер, бұл- парадокс болып табылады. Бен Гурионның айтуы бойынша: “Ағылшындар өз әскерлерін Палестинадан шығарғаннан кейін, біз үлкейген және Хаганамен еврейленген мемлекетті қолымызға түсіргіміз келді” [7, 36 б.]. Англия өз әскерлерін әкетумен праллельді түрде еврейлер Тиберия, Яффа және Сафад сияқты маңызды қалаларды оккупациялай берді. Олар тіпті халықаралық статусқа ие Иерусалимнің де көп бөлігін басып алды. Онымен қоймай, сионистер көптеген террорлық актілерді ұйымдастырып, араб халқын қыруды тоқтатпады. Яғни, араб-еврей соғысы іс жүзінде БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы шешім қабылдаған күннен кейін-ақ басталды. 1947 жылы наурыздың аяғында Хагана басшылары жалғыз шешім-инициативаны өз қолына алып, әскери күшпен басқыншылықа өту екенін түсініп, соған байланысты “Д жоспарын” құрады. Ол жоспар бойынша,сионистік қаруланған күштер еврей мемлекетіне өтуі тиіс аудандарда өз билігін орнатуы керек, келешек еврей мемлекетінің шекараларын қорғау керек және еврей мемлекетінің территориясынан тыс отырған еврей мекендері мен халқын еврей мемлекетінің ішінде немесе сыртындағы жаулардан қорғау керек болды. Бұнда барлығы айқын көрінді-арабтардың өмір сүріп отырғаны туралы ештеңе айтылмады, олар жау деп аталып, олармен “жауларша сөйлесті”.

     Мысылы, 1948 жылы мамырдың 9-нан 10-на қараған түні еврейлер  арабтардың тыныш тұрған Дейр-Ясин  қаласына шапқыншылық жасап, 259 адамды  өлтіреді. Бірақ, бұл жалғыз факт  емес. 1947 жылдың желтоқсанында Квазза  ауылына қарсы, 1948 жылы наурызда Салама ауылына қарсы, ал 1948 жылдың сәуірінде арабтардың Айн-аз-Зейтун, Салах-ад-Дин, Бийр Аббас және Кастель ауылдарына қарсы қарулы әрекеттер жүргізіледі. Олар әсіресе арабталған, яғни араб халқы көп қоныстанған Яффа (қазіргі кезде Тель-Авивтің бір бөлігі) және Аккра қалаларын аяусыз қырды. 1948 жылдың сәуірінде Иерусалимнің Катамон деген ауданында да қанды күрес болып өтті. Бірінші араб Израиль соғысына дейін-ақ 400 мыңға жуық араб халқы сионистер басып алған аудандардан кетуге мәжбүр болды, яғни босқындар мәселесі соғысқа дейін пайда болды. Кейін еврейлер: “кеткен арабтардың барлығы да “өз еркімен” туған жерін тастап кетті немесе олар араб үкіметінің үгіт-насихат құрбаны болып, көшіп кетті”,-деп айтты. Оның барлығы да жалған екендігі ақиқат. Оған бұрынғы Кнессеттің (Израиль парламенті) мүшесі Ури Авнеридің айтқан сөзі дәлел: “Мен арабтарды ығыстыру Бен Гурион және оның үкіметінің мақсаты болғанына сенімдімін” [3, 18б.].

     “Д жоспары бойынша”, Хагана әскерлері Иерусалимнің  батыс бөлігін жаулап алды, батыс Галилеяға кіріп, Тель-Авив және Иерусалим арасындағы коридорға өз бақылауын орнатты. Мұндай әрекеттер жиі террормен жүргізіліп отырды. Олар Дейр-Ясин және Катамондағы трагедияны білген арабтар арасында үрей тудыру үшін насихатталды және олардың туған жерін тастап, қашып кетуі үшін айтылды. Ол кезде көптеген өлген адамдардың денелерін, олардың қалай өлгенін көрсететін фотолар көп данамен басылып шығарылып. Араб ауылдарында таратылды. Сонымен бірге, олардың ішінде “Егер сендер кетпесеңдер, бұл сендердің де бастарыңа келеді деген” сияқты жазулар болды.

     Яғни, еврейлер арабтардың  өз үйлерін тастап кетуіне  қол жеткізу үшін психологиялық  тәсілдерді де қолданды. Ал, соғыс  басталғаннан кейін өз ауылдарына  оралғысы келген арабтарды қуып  жіберіп отырды. Мұндай саясаттың еврейлер үшін 2 жағымды жағы болды:

     1) Ол арабтар үшін  босқындар проблемасын туындатты,  яғни арабтардың нашар дамыған  экономикасы мен әкімшілігін  есепке ала отырып, оларды басып  кіру мүмкіндігінен айырылтты;

     2) Еврейлерге олардың қатарындағы “бесінші колоннаның” жоқтығын, яғни еврей мемлекетінде арабтардың болмауын қамтамасыз етті.

     Осының бәрі 1948-1949 жылдардағы  Палестина соғысы араб елдерінің  Израильге басып кіруі нәтижесінде  басталды деген қағидаға қарсы  келіп тұр.  

     Палестина-израиль арасындағы шиеленісті қатынастар басқа араб мемлекеттерінің саясатында да көрініс тапқаны анық. Ол әсіресе Израильдің тәуелсіздігін мойындағаннан кейін байқалды. Алайда, араб мемлекеттері мен Израиль арасындағы қатынастар тек Палестина мәселесінің шешілмегеніне ғана байланысты деп айта алмаймыз. Академик Е.Примаковтың айтуы бойынша, “Палестина-израиль арасындағы конфликтінің туындауына себеп болған-Израильдің басқа араб мемлекеттерімен қатынастары” [8, 14б.]. Оның конфликтті сипаттағы саясаты нәтижесінде тек Палестина арабтары ғана емес, басқа араб мемлекеттері де Израильдің болуына өте қатты наразылықтарын білдіріп, оның бұл жерде пайда болуы мүлдем дұрыс емес деп ойлады. Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында Израиль мемлекет емес, “сионистік ұйым” деп айтылды.

     Сонымен, сионистердің  әрекеттері өте үлкен көлемге  жетті. Яғни, “бутылкадан сионистік  джинді” шығарып алған Британ  колониализмі қателік жасағанын  енді түсіне бастады. Тіпті  сионизм мақсатын өте қатты  жақтаушы, сол кездегі Ұлыбртанияның сыртқы істер министрі У.Черчилльдің өзі “Егер біздің сионизм жөніндегі армандарымыз орындалмай, біздің оны дамыту жолындағы еңбегіміз бекер кетсе, мен және мен сияқты басқалар да ойларын өзгертуге мәжбүр болады, сионизмнің болашағы үшін бұл кері әрекеттерді тоқтату керек”,-деп айтты.

     1948 жылы 11 мамырда  Ұлыбритания күтпеген жерде Палестинаға мандатының жойылғандығы туралы жариялап, 14 мамыр күні өз әскерлерін алып кетеді. Соны пайдаланған еврейлер 14-нен 15-не қараған түні Израиль мемлекетінің құрылғандығын жариялайды. Оны сәуірде құрылған еврейлердің Ұлттық Кеңесі жариялайды. Бірінші президенті болып Хаим Вейцман сайланады. Яғни, олар Иерусалимдегі ағылшындардың штаб-пәтерінен “Юнион-Джекті” (ағылшындар өз жалауларын солай атайды) көтерді. Кейін Израильдің АҚШ-тағы елшісі болған А.Эбанның айтуы бойынша, Америка Израильді 5 минуттан кейін-ақ мойындады [5, 182б.]. Келесі күні бірінші палестина-израиль соғысы басталды.

     15 мамырда  Сирия, Египет, Ливан, Ирак және  Трансиордания әскерлері Палестинаға  кірді. Сауд Аравиясы мен Йемен  де Израильге қарсы соғыс жариялады.  Араб елдерінің әскерлері 21 мың  ғана болса, еврейлердікі 65 мың болды. Соғысты негізінен араб жағы бастаса да, оның алғышарттарын жасаған-еврейлер. Яғни, бұл соғыс арабтар шыдамының соңғы тамшысы еді және ол бірінші палестина-израиль соғысына әкелді.

     Бұл жерден  де Ұлыбританияның саясатын байқауға болады. Оның “кетіп бара жатып, қалу” принципінің көрінісі-соғысқа оның жақтастары-Египет, Иордания және Ирактың қатысуы. Ол дегеніміз-Англия әлі де болса сол аймақта экономикалық, әскери, идеологиялық үстемдіктерінен айырылғысы келмеді. Израиль бар үмітін АҚШ-қа артты, ал АҚШ өз алдына соны пайдаланып, аймақтың “дәстүрлі” колонизаторлары-Ұлыбритания мен Францияны ығыстырып тастағысы келді. КСРО-да Таяу Шығыстағы Англияның позицияларын әлсіреткісі келді. Бұл жерде Сталин ойында бір қателік жіберді. Оның ойынша, Гитлердің жаңа жүйеісі кезіндегі еврейлерді құтқарып қалған Қызыл әскерге алғыс ретінде Израиль КСРО-ға арқа сүйеп, онымен одақтасады. Сталинға араб әлемінде антиағылшындық леп ояту өте маңызды болды. Бұл бір жағынан дұрыс та болған шығар, бірақ Сталин неге екені белгісіз, Американы есепке алмады. Біз білетіндей, Израиль үкіметі керісінше, сыртқы саясатында АҚШ-ты таңдады.

     Алғашқыда әскери қимылдар кезек сәттілікпен өтті, яғни бірде Израиль әскерлері жеңсе, бірде араб әскерлері де біраз жерлерді жаулап отырды. Мамырдың аяғында Араб легионы Палестинаның орталық бөлігін, Иерусалимнің ескі бөлігін және Раммалахты, Ирак әскерлері Набиус, Дженин және Туль-Кармды, Египет әскерлері Беэр-Шевуды жаулап алды. Бірақ, көңіл аударатын жайт-араб мемлекеттерінің әскерлері бүкіл соғыс барысында еврей мемлекетіне берілген территорияларды алмады. 1948 жылы қыркүйекте Араб елдерінің Лигасы шешімімен Бүкіл Палестина үкіметі немесе Газа үкіметі құрылады, оның басында Хильми-паша тұрады.

     Алайда, 1948 жылдың күзінен бастап, соғыс фронтындағы жағдай өзгереді, Израиль әскерлері желтоқсанның аяғына қарай Палестинаның көп бөлігін оккупациялады.

     Нәтижесінде соғыста  арабтар жеңілді, оның бірнеше  себептері болды:

     1) Бұл соғыс көптеген  ғасырлар бойы отар болған, жаңа ғана тәуелсіздігін алған араб мемлекеттері мен Ұлы державалар қолдап отырған сионизм арасында болды. Әрине Израиль әскерлері арабтарға қарағанда мықты болды, себебі оған АҚШ қаржылай және қару-жарақпен де жақсы көмектесті.

     2) Англия және Ирак, Египет, Трансиордания қол қойған келісімге байланыcты араб мемлекеттерін қару-жарақпен қамтамасыз етуде Ұлыбритания өз мойнына алды, яғни олар қаруды тек Англиядан алу керек боатын. Ал, ағылшындар өз алдына арабтарға қару-жарақ беруге асықпады, себебі ағылшын үкіметі бұл қару келешекте өзіне қарсы бағытталады деп қорықты. Оған қоса Англия араб елдерінің ауызбіршілігін қаламады, керісінше кез-келген жадайда олардың арасына алауыздық тудырып отырды, ол әрине араб мемлекеттерін әлсіретті;

     3) Соғыс барысында жасалған бітімдер БҰҰ-ғы ағылшын-американ блогының күшімен Израиль пайдасына шешілді.

     Бұл бітімдер туралы  нақтырақ айта кетсек, олар дүниежүзілік  қауымдастықтың Таяу Шығыста  бейбітшілік орнатудың алғашқы  әрекеті болды. Қауіпсіздік Кеңесінің  4 және 13 қарашадаға қарарларына сәйкес, екі мемлекете те соғысты тоқтатып, келіссөздер арқылы бейбі келісімге келуге керек болатын. О үшін Египет, Сирия, Трансиордания және Ливан өкілдері мен Израиль өкілі Грецияның Родос аралында келісөздер жүргізуді бастады. Бұл “Родос формуласы” деген атқа ие болды. Оның негізінде 4 бітім-шартқа қол қойылды: 1) Египет-Израиль арасында (1949 жылы 24 ақпан), 2) Ливан-Израиль арасында (1949 жылы 23 наурыз), 3) Иордания-Израиль арасында (1949 жылы 3 сәуір), 4) Сирия-Израиль арасында (1949 жылы 20 шілде). Әр келісімнің Преамбуласында бұл бітім-шарттың уақытша екенігі және шекаралық сызықтардың да, яғни демаркациялық сызықтардың да уақытша екендігі айтылды. Бірақ, уақытшадан тұрақты ештеңе жоқ екендігі белгілі. Оның айқын мысалы-сол кезде уақытша белгіленген сызықтар бүгінгі күні Палестина және Израиль арасындағы шекара болып табылатыны.

     Сонымен, соғыс барысында  Израиль өзіне қосымша 6,7 мың  шаршы шақырым жерді қосып  алды, яғни Палестина арабтарына  берілген территорияның 60%-ы. Палестина араб мемлекетінің құрылмаған басты себебі де осыған байланысты. Ал, қалған 40%-ын Иордания мен Египет өзара бөлісіп алды. Яғни, Трансиордания Шығыс Палестинаны алып (59,5 мың шаршы шақырым жер), Иордания болып өзгерсе, Египет Газа аймағын және Эль-Ауджа қаласын қолына түсірді (258 шаршы шақырым). Бұл да келісімдер бойынша уақытша, яғни Палестина өз тәуелсіздігін алғанға дейін ғана болды.

Информация о работе Араб - Израиль соғысы