Араб - Израиль соғысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2013 в 16:39, курсовая работа

Краткое описание

Таяу Шығыс мәселесі сол аймақта екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болған және бүгінгі күнге дейін шешімін таба алмай келе жатқан ең шиеленіскен мәселелердің бірі болып табылады. Сонықтан да болар, қазіргі кезде Таяу Шығыс дегенде, өкінішке орай ең алдымен палестина-израиль қақтығысы еске түседі. Ол тіпті сол аймақтың ерекшелігі болып, “ондағы оқиғалар басқаша емес, осылайша дамуы керек” деген жалған ой қалыптастырды.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
1 Палестина мәселесі пайда болуының алғышарттары................................7
1.1 Сионистік қозғалысының пайда болуы ..........................................................7
1.2 Еврейлердің ұлттық ошақ идеясын жүзеге асыра бастауы.........................10
2 1948-1956 жылдар арасындағы Палестина мәселесі………….................19
2.1 Бірінші палестина-израиль соғысы: пайда болу себептері, жүрісі, нәтижесі…………………………………….................................……………….19
2.2 Екінші палестина-израиль соғысы: басталуы, жүру барысы, нәтижесі………………………………………....................……………………..29
3 ХХ ғ. ІІ жарт. мен ХХІ ғ. бас. араб–израиль қарым-қатынастары .......37
3.1 Араб-израиль қатынастарындағы әскери қақтығыстар...............................37
3.2 ХХІ ғ. бас. Таяу шығыс мәселесін реттеу (“Жол картасы”) …….….........40
3.3 Әлемдік қауымдастықтың ықпалы................................................................44
Қорытынды…………......……………………………………………………....47
Пайдаланған әдебиеттер тізімі……………………….....…………………….

Прикрепленные файлы: 1 файл

Араб Израиль. Бакенова.doc

— 356.00 Кб (Скачать документ)

     Әрине халифат  барлық жағынан өте дамыған  болды, бірақ осыншама үлкен  территоррияны өз бақылауында  ұстау қиынға соққандықтан, ол  бірнеше бөліктерге, ұсақ князьдықтар  мен сұлтанаттарға бөлініп кетті. XVІ ғасырда халифат территориясын түріктер басып алды, ал Осман империясы ыдырығаннан кейін оларды Ұлыбритания, Франция, Италия және Испания өзара бөлісіп алды (Йемен және Сауд Аравиясына кіретін ұсақ князьдықтардан басқа). Ұлы Қазан Социалистік революциясынан кейін көптеген араб елдері тәуелсіздіктерін алды. Ал, жалпы араб әлемі географиялық жағынан екіге бөлінеді: Алжир, Тунис және Марокко Араб Батысын немесе Мағриб елдерін құраса, қалған мемлекеттер Араб Шығысын немесе Машрик елдерін құрайды. Бірақ, әдетте барлық араб елдерін біртұтас кешен деп қарастырады.

     Араб елдерін  тек олардың тарихи және мәдени  дамуы, мұсылман діні және тілі  байланыстырып қоймайды, ең маңыздысы-араб  халқының империализмге және  колониализмге қарсы күресіндегі  ортақ мақсаттары. Араб әлемінде  антиимпериалистік дәстүрлер өте күшті және бір мемлекеттің күресін басқа мемлекеттер бүкіл арабтардың күресі деп түсінеді. Яғни, кез-келген араб мемлкетіндегі жағдайлар басқа араб мемлекетіне де өз әсерін тигізеді.

     Дегенмен, әлеуметтік-экономикалық және саяси  жағынан араб әлемі түрлі-түсті кілемге ұқсайды, өйткені онда феодализм де, капиталистік жолмен дамып келе жатқан елдер де бар, ал мемлекеттердің бір тобы прогрессивтік даму жолына түсті.

      Бүгінгі күні колония, империализм деген терминдер жоқ болса да, оларды сипаттайтын әрекеттер әлі тоқтаған емес. Оның айқын мысалы-Палестина қасіреті, яғни Палестина мен Израаиль арасындағы конфликт. Бұл проблема жаңадан туындаған жоқ, сондықтан да, ол бойынша көзқарастар баршылық. Кейбір жазушылар оны КСРО мен АҚШ-тың өз ықпалын көрсеткісі келуі нәтижесінде, яғни ”әлемде кім күштірек” позициясын ұстануы нәтижесінде пайда болды десе, басқалары еврейлерге мемлекет алып беру немесе Палестинаны  “еврейлендіру” тек Батыс державалары тарапынан ғана болды деп айтады. Ол дегеніміз-Палестинаны басып алып, сол арқылы бүкіл Орта және Таяу Шығысты билеу үшін оларға “адам материалы” керек болды, яғни Батыс державалары колониализм саясатын жүргізу үшін ерте кездегі тарихқа сүйеніп, еврейлерді пайдаланғысы келді. Осыдан біз сионизмнің шын мәніндегі “әкелері” немесе “аталары” еврей идеалистері емес, христиан колонизаторлары болғанын түсінеміз. Бұл-Палестина мәселесін түсіндірудің бірінші жолы.

      Екінші жолы бойынша, Батыс державалары жұмысшы таптарының назарын басқа нәрсеге аударып, оларды “дұрыс жолға” салу үшін еврейлердің қоныс аударуын пайдаланды. Тарихтан белгілі, XІX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында Европа мен Америкада марксистік теория және социалистік революциямен “қаруланған” жұмысшылардың ең үлкен бас көтерулері болды. Осы кезде империалистердің басты мақсаты-жұмысшы қозғалысы отрядтарын ажыратып, оны басып тастау болды. Ол үшін олар расистік, шовинистік идеологияны пайдаланып, жұмысшылардың көздерін жапқысы келді.

      Сонымен, Германияда болған “арийлендіру” принципіне сәйкес еврейлер Палестинаның экономикалық, мәдени, саяси, әлеуметтік өмірін “еврейлендіру” принципін жүргізді. Бірақ, олардың немістерден бір айырмашылығы-еврейлер бұл саясатын ертерек, яғни “арийлік” үлгідегі нәсілдік идеология саясаткерлері мектептегі партада отырған кезде-ақ бастаған болатын… 

      Израиль мемлекеті картада тек 1948 жылы пайда болса да, оның құрылуын 1917 жылмен байланыстырады. Оны түсіну үшін тарихқа жүгінейік. XІX ғасырдың аяғында Европада еврей буржуазиялық-ұлттық ағымы пайда болады, ал 1897 жылы ол ресми ұйымға айналады, яғни Базельде болған конференцияда Бүкіләлемдік Сионистік Ұйымның құрылуы туралы жарияланады. Сионизмнің лидерлері қуғын-сүргінге наразылық білдірген жұмысшы еврейлерді өз идеясын тарату мақсатында пайдаланғысы келеді. Сионизмнің негізін қалаған Теодер Герцль бұл идея ең алдымен ірі еврей буржуазиясы үшін тиімді екендігін жасырған жоқ. “Ақшаларын тығып, тыныштықта тойлауға мәжбүр болған еврей байлары өздерінің мемлекетінде емін-еркін тұрып, өмірдің рахатын көре алады”,-деді Герцль [1 , 44б.].

      Бірақ, ондай мемлекетті құру туралы мәселе бірден шешілмеді. Сионистердің бір тобы мемлекетті Угандада, екіншілері Латын Америкасында құруды ұсынды. Ақырында, ең тиімді жер Палестина болып шықты, өйткені онда б.э.д. VІІІ ғасырда Израиль мемлекеті болған және оның атақты Соломон, Давид сияқты патшалары билік құрды.

      Сионистер қозғалысының басшылары ірі державалар тарапынан қолдауға ие болу үшін екі ғасыр уақытты қажет етті.

      Сонымен, Палестина территориясында екі мемлекет (Палестина мен Израиль) құру туралы шешім 1947 жылдың 29 қарашадағы БҰҰ-ның Бас Ассамблеяның №181резолюция [2] бойынша шықса да, проблеманың өзі одан бұрынырақ басталғаны мәлім.

      1917 жылы 2 қарашада Ұлыбританиянвң Сыртқы Істер Министрі лорд Бальфур еврей миллиардері Ротшильдке хат жолдайды. Ол хатында Бальфур Ұлыбритания Үкіметі Палестинада еврей халқының ұлттық ошағын құруын қолдайды және оған жету мақсатында көмектесіп, бар күшін салуға дайын екендігін айтады. Онымен бірге, “Палестинада тұратын еврей емес халықтардың азаматтық және діни құқықтары шектелмеу керек, бірақ еврейлердің де құқықтары мен саяси статусына нұқсан келмеуі керек”,-деп жазылған [3, 9 б.]. Кейін Бальфур декларациясы аталып кеткен бұл хат палестина проблемасының барлық кезеңдерінде де кері әсерін тигізген болатын. Оны жүзеге асыру-көптеген қиыншылықтар мен проблемалар, ал ақырында палестиналықтардың Отандарынан айырылуына себеп болды.

      Бальфур декларациясын жүзеге асыру барысында маңызды роль атқарған-Бүкіләлемдік сионистік ұйым болды, оның негізгі мақсаты-Палестинада палестиналық еместерді қоныстандыру болды. Палестиналықтардың құқықтары шектеліп, мүдделері ескерілмегенін айтпаса да болатын шығар, бірақ ең қызығы-ол документте арабтар немесе палестиналықтар туралы бір ауыз сөз айтылмаған. Сол кезде бүкіл халықтың 90%-ін құраған, ал территорияның 97%-ін өз қолдарында ұстаған арабтарды (мұсылмандар немесе христиандар болсын) тек Палестинадағы еврей емес қауымдастық деп атады [3 , 12 б.]. 

      Бальфур декларациясын жариялауда Англияның өз мақсат-мүдделері болды. Кейбір авторлар оны біріншіден, Ұлыбританияның Таяу және Орта Шығыста билігін орнатқысы келгенімен және екіншіден, сол аймақта шоғырланған мұнай байлықтарымен байланыстырады. Басқа авторлардың пікірінше Палестина айтарлықтай табиғи байлықтарға бай емес, халқы аз және кедей мемлекеттердің қатарында болғандықтан, ағылшындарды оның стратегиялық орналасуы қызықтырды. Әсіресе оның жанында Жерорта теңізі мен Үнді мұхитын байланыстыратын Суэц каналы ашылғаннан кейін бұл аймақ өте маңызды бола бастады. Канал арқылы Батыс державалары Таяу Шығыс және Месопотамияға кіруге мүмкіндік алды. Бірақ, шын мәнінде, мұнда империалистерді аталған барлық жағдайлар да қызықтырды. Себебі, Палестина Европа метрополияларын олардың Азия және Африкадағы отарларымен байланыстыратын Суэц каналының жанында орналасқан, ол Европа, АҚШ және Азия арқылы өтетін әуе жолдарының ортасында орналасқан, Палестина арқылы Жерорта теңізін Парсы шығанағымен байланыстаратын автомагистраль өтеді және Таяу Шығыстың тура жүрегінде орналасқан Палестина арқылы империалистер басқа араб мемлекеттеріне де үстемдігін жүргізе алады.   

      Бірақ, бұл жерде Англия Американың қарсылығына кезікті. Яғни, бірінші Дүниежүзілік соғыстан кейін әлемнің басты кредиторына айналған АҚШ та енді өзінің Палестинаға деген мүддесін білдіре бастады. Жалпы АҚШ Палестинада еврейлер мемлекетінің құрылуына қарсы болмады. Америка президенті В.Вильсон Бальфур декларациясын қолдады, оның айтуынша: ”Біздің үкімет пен халқымыздың қолдауын тапқан одақтастар Палестинада еврей достастығының негізінің қалануына келіседі”. Америкалықтардың ойынша бұл мемлекет сол аймақтағы Англияның билігін әлсіретеді, себебі ол уақытта араб мемлекеттері түгелімен Европа державаларының, оның ішінде ең алдымен Ұлыбританияның қол астында болатын. Ұлыбритания 1920 жылы сәуірде өткен одақаралық Сан-Ремо конференциясында Палестинаға мандат алады, бірақ АҚШ позициясына байланысты ол екі жылдан кейін ғана өз күшіне енді. Бұл кезде де Палестинаның құқықтары өте қатты шектелді: Ұлттар Лигасы мандат берген барлық араб мемлекеттері тәуелсіздікке қол жеткізгенде, Палестина тәуелсіздігін сол бойы ала алмады [4, 27б.].

1.2 Еврейлердің  ұлттық ошақ идеясын жүзеге  асыра бастауы

       1920 жылы Лондонда өткен сионистік конференцияда Керен-ха-Иесод ұйымы құрылады, оған еврейлердің Палестинаға иммиграциясын қаржыландыру жүктелді. Еврейлердің Палестинаға иммиграциясы әрқашан бірінші орында тұратын мәселе болды. Егер 1918 жылы еврейлер бүкіл Палестина халқының тек қана 8%-ын құраса, 1947 жылдың аяғы 1948 жылдың басында бұл сан 33,8%-ға дейін өсті. Жалпы олардың қоныс аударуын төмендегі мәліметтер жақсы көрсетеді:

 

Жылдар

Еврей халқы

Араб халқы (Палестинадағы)

1918

56000

644000

1922

87800

660000

1931

147900

848000

1944

528700

1196800

1947

608000

1237000


 

     Бұл кестеден  жылдан-жылға өсіп келе жатқан  еврей халқының үлесі айқын  көрініп тұр. Бірақ, ол сионистік  лидерлер үшін аз сан болып  көрінді. “Еврей агенттігі” ретінде  танылған Бүкіләлемдік Сионистік  Ұйым лидерлерінің бірі М.Нордау  “Палестинаға Европаның 100 000 еврейін көшіруді тездету керек” деген ұсынысымен шығады, яғни олар “еврейлердің ұлттық ошағын” құруды бастайды. Бірақ, ол жерде мандаттық Палестинаның осыншама көп халықты қабылдауға дайын емес екендігі туралы ешкім ойлаған емес. Еврейлер өздерінің көшуін тарихқа және иудейлік дінге сүйеніп негіздеді. Яғни, Библия бойынша, Палестина жерінде бұрын еврейлердің ата-бабалары қоныстанған, сөйтіп олар енді бұрын өздері өмір сүрген Иерусалимдегі Сион тауларына оралуы тиіс. Сионистік лидерлердің айтуынша, олардың қозғалысы мемлекетсіз халыққа халықсыз мемлекет беруге бағытталған. Бұл жерде көңіл аударатын жайт-еврейлер саны тек қоныс аударғандар есебінен өспеді, сонымен қатар Палестина арабтарын өз жерлерінен ығыстыру нәтижесінде де өсті. Бұл арабтарды ойландыра бастады. Жерорта теңізі бойындағы жерлерден айырылу оларға да ұнамады. Соғыс кезінде Таяу Шығыстағы жағдай өзгерді: Ливан мен Сирия тәуелсіздікке қол жеткізді, ағылшындардың Ирак пен Сирияда позициялары төмендеді, Палестинаны мандаттығында ұстау да қиынға соға бастады.

      Осыған  байланысты әр түрлі шешімдер  ұсынылды. Палестина арабтарының  көбісі екі ұлтты Палестина  мемлекетін құруды ұсынды. Ондағы  екі ұлттың да құқықтарына  кепілдік беретін мемлекеттің  құрылуын Палестина Коммунистік  партиясы мен Араб-еврей лигасы жақтады. Сионистік ұйымдар өз алдына бүкіл Палестинаны еврей мемлекетіне айналдырғысы келді. Оңшыл араб ұлтшылдары Палестина тек арабтық мемлекет болу керек деген ойда болды.

      Бұның  барлығы еврей және араб халықтарының  арасындағы қатынастардың шиеленісуіне әкелді, оған негізінен ағылшын әкімшілігінің саясаты себеп болды. Ағылшындар “екі орындықта отыру” саясатын ұстанғысы келді, яғни еврейлерді қолдау және арабтармен де ұрсыспау. Нәтижесінде Британ әкімшілігіне олардың екеуі де наразылық білдірді.

      Жоғарыда  айтып кеткен Нордаудың осындай  ұсыныстарынан бірінші жылдары  Ұлыбритания үкіметінің еврей  иммиграциясының күшейген темптеріне  аса назар аудармағанын көре  аламыз. Тек 1922 жылдың мамырында  колониялар министрі У.Черчилльдің “Ақ кітабы” жарық көреді. Онда “Бальфур декларациясы Палестинаны еврейлердің ұлттық ошағына айналдыруды көздемегені және еврейлердің Палестинаға иммиграциясы мемлекеттің экономикалық сыйымдылығын ескере отырып жүргізілуі керек”,- деп жазылды.

      Ағылшындардың мұндай реакциясы оның еврейлердің Палестинаға бақылаусыз иммиграциясының маңызды экономикалық және демографиялық нәтижелеріне байланысты ойлануымен түсіндіріледі. Лондонда егер еврей иммиграциясына белгілі бір шек қоймаса, арабтар мен еврейлердің қатынастары міндетті түрде шиеленіседі, ал бұл өз алдына мандаттық биліктің барлық жүйесіне негативті әсерін тигізетінін білді.

      Палестина  арабтарының ағылшын үкіметінен  Палестинаның 90% халқының мүдделерін  ескеруін сұрауы нәтиже бермеді. 1920 жылы желтоқсанда Хайфада жиналған Араб конгресі өз шешімдерін ағылшын үкіметіне жеткізе алмады, себебі олардың өкілдерін Даунинг-стритке жібермеді. Ағылшындар палестиналықтардың мемлекеті немесе біріккен араб-еврей мемлекеті туралы ештеңе естігілері келмеді. Сонымен, палестиналықтар оларға ең көп дегенде автономия ғана беретінін түсінді.

      Осыған  байланысты, арабтардың антиағылшындық  қозғалыстары пайда болды. 1920 жылы  мамырда Яффада болған араб-еврей  қатынасын зерттеген Хэйкрофтың  арнайы комиссиясы Палестинаның екі негізгі этникалық топтары арасындағы шиеленісті реттеу тек оларды тыныштандыру нәтижесінде ғана мүмкін екендігін айтты. Яғни, арабтар ағылшындардың “еврейлердің ұлттық ошағы” идеясына келісу керек, ал еврейлер бұл идеяны жүзеге асыру барысында шектен тыс шығып кететін ешқандай талаптарды қоймау керек болды. 

      1921 жылы  мамырда Иерусалимде өткен төртінші  араб конгресі ағылшын мандаттық  билігінен Палестинада арабтардың  және еврейлердің Заң шығарушы  кеңесін құруды сұрады. 22 ақпанда  Кеңестің жобасы жарияланды, ол бойынша, оған Палестина бойынша Жоғарғы комиссар, тағайындалатын 10 ресми мүше (тек ағылшындар), Палестина халқы сайлайтын 12 ресми емес мүше, 18 мұсылман, 2 христиан және 2 еврей кіруі тиіс еді. Жоба бойынша Жоғарғы комиссардың кез-келген заңға байланысты вето жариялау құқығы болды.

      Бірақ,  палестиналықтар бұл жобамен  келіспеді, себебі келешек қабылданатын  заңдардың барлығы мандаттық  режимді және арабтардың еврейлерге  қарағанда тең емес құқықтарын  сақтауға бағытталатынын түсінікті  болды. Черчилль оны теріске шығаруға тырысқанымен, арабтар одан бас тартты. Ағылшындар оны қанағаттанбаған интеллигенттер әрекеті деп қате есептеді. Ал, сионистер болса, арабтардың мұндай әрекеті араб феодалдарының позицияларын әлсіретіп отыр деп түсінді. Олар Палестина арабтарының саналарының өскенін, осындай терең процесті түсіне алмады. Бұдан ағылшын комиссиясы даулы, бірақ бір жағынан дұрыс қорытынды шығарды: “Араб шаруалары мен Палестинаның ауыл тұрғындары мүмкін тіпті кейбір Европалық халықтардан да саяси жағына келгенде жоғарырақ болып табылады”[14, 255-258 б.]

Информация о работе Араб - Израиль соғысы