Араб - Израиль соғысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2013 в 16:39, курсовая работа

Краткое описание

Таяу Шығыс мәселесі сол аймақта екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болған және бүгінгі күнге дейін шешімін таба алмай келе жатқан ең шиеленіскен мәселелердің бірі болып табылады. Сонықтан да болар, қазіргі кезде Таяу Шығыс дегенде, өкінішке орай ең алдымен палестина-израиль қақтығысы еске түседі. Ол тіпті сол аймақтың ерекшелігі болып, “ондағы оқиғалар басқаша емес, осылайша дамуы керек” деген жалған ой қалыптастырды.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
1 Палестина мәселесі пайда болуының алғышарттары................................7
1.1 Сионистік қозғалысының пайда болуы ..........................................................7
1.2 Еврейлердің ұлттық ошақ идеясын жүзеге асыра бастауы.........................10
2 1948-1956 жылдар арасындағы Палестина мәселесі………….................19
2.1 Бірінші палестина-израиль соғысы: пайда болу себептері, жүрісі, нәтижесі…………………………………….................................……………….19
2.2 Екінші палестина-израиль соғысы: басталуы, жүру барысы, нәтижесі………………………………………....................……………………..29
3 ХХ ғ. ІІ жарт. мен ХХІ ғ. бас. араб–израиль қарым-қатынастары .......37
3.1 Араб-израиль қатынастарындағы әскери қақтығыстар...............................37
3.2 ХХІ ғ. бас. Таяу шығыс мәселесін реттеу (“Жол картасы”) …….….........40
3.3 Әлемдік қауымдастықтың ықпалы................................................................44
Қорытынды…………......……………………………………………………....47
Пайдаланған әдебиеттер тізімі……………………….....…………………….

Прикрепленные файлы: 1 файл

Араб Израиль. Бакенова.doc

— 356.00 Кб (Скачать документ)

     Жоғары  айтылғандай, АҚШ 1956 жылы Египетке  қарсы ешқандай әрекеттерге қатыспаса  да, оның Жерорта теңізінің шығыс  бөлігіндегі және Таяу Шығыстағы  қарулы күштері агрессияға қатысушыларды  қолдайтынын білдіріп отырды. “Америка азаматтарының өмірлері мен мүліктерін қорғау керек” деген сылтаумен АҚШ іс жүзінде антиегипеттік компанияға қатысты. Египет жағалауына Американың 6-шы флоты келді, ал Александрияға “АҚШ азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету” деген мақсатпен Американың теңіз пехотасы келіп түсті. 

     Вашингтон  басынан бастап-ақ Египетке қарсы  агрессияны қолдады. Американың  ЦРУ басшысы Даллес: “АҚШ үштік  агрессия туралы білген, бірақ  оны не тоқтатқысы, не бастағысы  келмеді, ол келешекте жағдайдың  қалай айналатынын білгісі келді”,- деп айтады [12, 8б.].

     Әрине, үш  мемлекттің Египетке басып кіруін  дүниежүзілік қауымдастық қолдамай, оны дұрыс емес деп шешті.  Суэц дағдарысын шешуде күш  қолданбау керектігін түсінген  АҚШ екі жүзді саясат жүргізді. Яғни, бір жағынан, сөз жүзінде, өз одақтастарының әрекетін сынаса, екінші жағынан, іс жүзінде, оларға қолдау көрсетіп отырды. Англия мен Францияның пікірінше, бұл басып кіру Египеттің өз бетімен, олардың мүддесіне қарсы саясатына жаза ретінде болды. Сонымен қатар, ол сол кезде өрістеген арабтардың ұлт-азаттық қозғалыстарын басуға бағытталған болатын.Сондай-ақ, империалистер бұл агрессияның нәтижесінде Кеңес Одағының ролі төмендейді деп үміттенді.

     Агрессияға  Израильдің қатысуы оның мынадай  мүдделерін білдірді:

     1) Израиль Египет, Иордания, Сирия және Ирактың антиизраильдік фронтты құратынынан қорықты, сондықтан алдымен олардың ішіндегі ең күштісі-Египетке соққы бергісі келді. Егер Египет жеңілген болса, еврейлер Тиран бұғазында кемелердің еркін жүзүіне қол жеткізер еді. Оны кезінде Насер Тель-Авивтің оккупациялаған араб территорияларына байланысты ымыраларға келу үшін шектеген болатын;

     2) Израиль  палестиналықтардың Газа секторы  мен Синай жарты аралындағы  партизан отрядтарын жойғысы  келді, себебі олар Израильдің  әскери және халық шаруашылық потенциалына айтарлықтай зардап тигізіп отырды.

     Ал, тек  әскери жағынан Израильдің мақсаттары  мынадай болды:

     1) Ең қысқа  мерзімде Суэц каналына қол  жеткізу және Англия мен Францияның  әскери араласуына мүмкіндік  беру; 

     2) Синай  жартыаралының оңтүстігін қолға  түсіру және Акаба мен Суэц  бұғаздарына бақылауын орнату.

     Әрине, Египет  әскерлеріне қарағанда агрессорлар  барлық жағынан күшті болды,  бірақ ол халықтың тәуелсіздік  жолындағы күресіне кедергі келтірмеді.

    1956 жылы 29 қазанда Израильдің әуе-десант бригадасы мен танк батальондары Синайдың оңтүстігінен Египет шекарасын кесіп өтті. Онымен бірге, Митл асуының шығысына Израильдің әуе десанты қондырылды және оны қорғап жатқан Египет батальондарымен күрес басталды. Жүргізіліп отырған әрекеттердің барлығын Израиль мен Францияның самолеттері бақылап отырды. 

     Негізінен  операциялар 31 қазанда басталған  болатын. Алғашқы үш күнде ағылшын  және француз самолеттері Египеттің  Порт-Саид, Каир және т.б. қалаларын  бомбалады, Альмаз, Абу-Суэйр, Иншаса, Файид және Кантарадағы аэродромдар мен саяси объектілерге шапқыншылық жасады. Басында ағылшын-француз командованиесі Египетке тек ауадан ғана шабуыл жасауды жоспарлады. Осындай шабуылдары кезінде ауадан тек бомбалар емес, сонымен қатар, Насер үкіметін төңкеруге шақырған миллиондаған үндеу қағаздары да тасталды. Яғни, олар тек империализм мен сионизмнің  халықаралық күштеріне ғана сүйенбей, сонымен бірге араб реакциясына да арқа сүйейміз деген үмітте болды.  Алайда, империалистер үміттенген антиүкіметтік көтерілістер болмады, керісінше Египет халқы бірікті, сондықтан агрессорлар соңғы минутта бағдарламаларын өзгертуге мәжбүр болды. Жағдайдың бұлай айналуы агрессорға ұнамады.

     Араб мемлекеттерінің  барлығы дерлік Англия және Франциямен дипломатиялық қатынастарын үзді. Сирияда “Ирак петролеум компания” мұнай трубасын жарып жіберді, Сауд Аравиясы ағылшын танкерлеріне мұнайды өндіруден бас тартты, Иордания Англияға өз территориясында әскери базаларды пайдалануға тыйым салды, көптеген араб елдерінде антиимпериалистік демонстрациялар басталады. Иракта олардың тіпті ағылшын колонизаторларына қарсы көтеріліске ұласып кету қаупі болды. Сөйтіп, мемлекеттегі жағдайдың шиеленісуінен қорыққан Ирак үкіметі Франциямен дипломатиялық қатынастарды үзіп тастауға мәжбүр болады. Ол Ұлыбританияның агрессияға қатысуын сынады және Бағдад пактісінен шығатынын жариялады.

     5 қарашада  интервенттер десанттарын Египет  территориясына әкеле бастады.  Олардың әскерінің Египетке қарағанда  күшті болғанын айтпаса да түсінікті шығар. Агрессордың 229 мың солдатпен офицерлері болса, Египеттікі тек 90 мың болды. Израиль әскерлері Египеттікіне қарағанда 1,5 есе, ал Францияныкі 5 есе мықты, әрі күшті болды.

     6 қарашада  француз әскерлері Порт-Фуадты, Порт-Саидты қолына түсірді. 7 қарашада олар Кантараны, 8 қарашада Исмаилияны, ал 12 қарашада Суэцты жаулап алуды жоспарлады. Бірақ, ол жүзеге аспай қалды.

     Агрессордың  мұндай әрекеттерін тоқтату керек  болды, сөйтіп бұл жерде шешуші  рольді Кеңес Одағы атқарды. 1956 жылы 2 қарашада БҰҰ Бас Ассамблеясының соғысты тоқтату туралы шешіміне интервенттер құлақ аспаған соң, Кеңес Үкіметі Ұлыбритания, Франция және Израиль үкіметтеріне нота жібереді. Онда егер агрессорлардың соғыс қимылдары тоқтатылмаса, шығыста бейбітшілік орнату үшін күш қолданатыны туралы мәлімдеді. 7 қарашада соғыс аяқталды, сол күні БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы агрессорлардың әскерін шығару туралы шешім қабылдады, яғни үштік агрессия дегеніне жетпей, Англия, Франция және Израиль жеңіліс тапты. 1956 жылы желтоқсанда-ақ Египет территориясынан Ұлыбритания мен Францияның, ал 1957 жылы наурызда Израиль әскерлері шығарылды. Суэц каналы толығымен Египет меншігінде қалды, ал оның үкіметі өз алдына 1957 жылдың 24 сәуірінде 1881 жылғы Константинополь конвенциясын ұстанатынын жариялады.

     Сонымен  бірге, осы соғыстың нәтижесінде  Египет президенті сыртқы саясатында  көбіне КСРО-ға бет бұра бастаса,  Израиль үкіметі саясатын батыс  елдер блогымен байланыстыра  бастады. 

     АҚШ соғысқа  араласпады десек те, ол үштік  агрессияны басынан бастап қолдап, Египетке басып кіруге онша қарсы болмады, себебі бұл соғыс Таяу Шығыста Англия мен Францияның позицияларының әлсіреуіне алып келетіні айдан анық болды. Эйзенхауэр әкімшілігі  Американың жақсы позицияны иемденуі үшін араб мемлекеттерімен де, Израиль мемлекетімен де қатынасты нашарлатпау керектігіне сенімді еді. Әрине, мұндай саясат өз “жемісін” берді: Суэц дағдарысы нәтижесінде Англия мен Франция позицияларын жоғалта бастады, ал көптеген араб елдері енді КСРО-ға және АҚШ-қа бет бұра бастады. Таяу Шығыста билігін орнату үшін АҚШ бұл жағдайды пайдаланғысы келді.

     1957 жылы 5 қаңтарда  АҚШ президенті Дуайт Эйзенхауэр  Таяу Шығыстағы АҚШ саясаты  туралы Конгреске жолдауын жібереді. Кейін “Эйзенхауэр доктринасы”  деп аталып кеткен ол Таяу Шығыста тұрақты бейбітшілікті сақтауға және аймақтағы мемлекетаралық конфликттерді реттеуге бағытталғандай болды. Президент Кеңес Одағының бұл аймақта тек саяси мүдделері ғана бар екендігін атап өтті. Эйзенхауэрдің айтуы бойынша: “Халықаралық коммунизм бұл аймаққа саяси, экономикалық және әскери көмек көрсетемін деген ұсыныстармен өзінің шын мәніндегі мақсатын, яғни ол жерде доминантты болғысы келетінін жасырады” [8,77-78б.]. Одан кейін Эйзенхауэр конгрессмендерге Балтық елдерінің Кеңес Одағына қосылуын, Варшава пактісін құруын және 1956 жылдың күзінде Венгриядағы көтерілісті басып-жаныштағанын еске түсірді. АҚШ-тың керісінше саясат ұстанатынын, Таяу Шығыс аймағында саяси және экономикалық үстемдікке ұмтылмайтынын да айтуды ұмытпады. Оған қоса, көптеген араб мемлекеттері қандай екенін түсініп, қазіргі кезде Америкамен жақындасып жатқандары туралы мәлімдеді. “Осындай қауіп төніп тұрған кезде, АҚШ-тың Таяу Шығыс елдеріне көмектесуі өте маңызды” ,-деді Эйзенхауэр. Ал, олардың ұлттық тәуелсіздіктерінің нығаюы үшін экономика жағынан әріптестік орнату керек болды. Яғни, Таяу Шығысқа үлкен көлемде экономикалық көмек көрсетіп, АҚШ ол мемлекеттерге коммунизм бақылауындағы басқа мемлекет қауіп төндірсе, өз әскери күшін беретінін айтты. Ол Таяу Шығыс мемлекеттеріне Кеңес Одағымен әріптестік және қандай да болмасын байланыс орнатудан бас тарту қажеттігін атап өтті. Яғни, “Эйзенхауэр доктринасының” антисоветтік бағыты анық көрініп тұрды.

     “Эйзенхауэр  доктринасы”  “күш вакуумын  толтыру” деген атқа бекер  ие болған жоқ. Оны жүзеге асыру үшін араб әлемінің белгілі бір аудандарында колонизаторлар кеткеннен кейін  “вакуум” қалыптасатын немесе қандай да бір мемлекетке “халықаралық коммунизм” қаупі төніп тұр дегенді дәлелдеу керек еді. Бірақ, араб елдеріне “вакуум” ролі ұнамады және олардың көбісі “Эйзенхауэр доктринасын” мойындамады. Ресми түрде оны тек Израиль, бұрынғы ағылшын вассалы Ирак және кейін Ливан үкіметі мойындады.

           “Эйзенхауэр доктринасын” “араб  елдерінің ішкі саясатына ашық  араласу”, “Таяу және Орта Шығыстағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп”, “АҚШ-тың ол мемлекеттерге әскери протекторат режимін енгізіп, олардың дамуын тоқтатқысы келеді” деген сын айтылды. Ал, Эйзенхауэр айтқан кеңестік қауіп “ойлап табылған” деп айыпталды, өйткені КСРО оңтүстіктегі шекараларына жақын орналасқан Таяу және Орта Шығыс елдерінде бейбітшіліктің орнауын ғана қалады.

     Сонымен,  “Эйзенхауэр доктринасына” қарсы  Совет үкіметі 1957 жылы 11 ақпанда  “Таяу және Орта Шығыс елдерінде  бейбітшілік пен тұрақтылықты  сақтау туралы және ол ауданның ішкі істеріне араласпау туралы КСРО, АҚШ, Ұлыбритания және Франция үкіметтерінің декларациясының негізгі принциптері” атты жобаны ұсынады. Онда мынадай 6 принцип аталды:

     1) Бейбітшілікті  сақтау үшін дау тыдырған мәселелерді  тек қана бейбіт жолмен және келіссөздер негізінде реттеу керек;

     2) Таяу және  Орта Шығыс мемлекеттерінің ішкі  істеріне араласпау, ол мемлекеттердің  тәуелсіздігі мен суверенитетін  құрметтеу;

     3) Ұлы державалар  қатысуымен құрылған әскери блоктарға  бұл мемлекеттерді мәжбүрлі кіргізуден бас тарту;

     4) Таяу және  Орта Шығыс елдеріндегі шетел  базаларын жойып, әскерлерін шығару;

     5) Бұл мемлекеттерге  қару-жарақ жеткізуден өзара келісіп,  бас тарту;

     6) Таяу және  Орта Шығыс елдерінің әскери, саяси және басқа да  экономикалық дамуына ат салысу.

     Осындай  фактілердің нәтижесінде Таяу  Шығыс аймағы 1956-1957 жылдары аса  үлкен маңызға ие бола бастағанын  көруге болады, себебі екі ұлы  держава да оның істеріне араласа  бастады. АҚШ жағы Кеңес Одағының  мұндай инициативасын қолдамады, себебі сол кезде беделі өсіп келе жатқан КСРО-ның ролін төмендеткісі келді. Алайда, Вашингтонның осындай пікіріне қарамастан, дәл сол кезден бастап Таяу Шығыс аймағы ғаламдық совет-американ күресіне ене бастады. Палестина-израиль күресі жаңа деңгейге шықты. Бірақ, Таяу Шығысты “әділетті реттеймін” деген ынтаны әлі ешкім білдіре қоймаған, өйткені ол кезде палестина-израиль қатынастары күнделікті құбылыс, ондағы жағдай осындай болу керек деген оймен сипатталды.

     Палестина-израиль соғысының нәтижесінде көптеген араб елдерінде ұлт-азаттық қозғалыстар өрістеді. Оларды басу үшін және мемлекеттерді өзіне бағындыру үшін Вашингтон мен Лондон колониализмнің әскери амалына,  дәлірек айтқанда, “канонеркалар дипломатиясына” арқа сүйеуді жөн көрді. Сөйтіп, 1958 жылдың сәуірінен бастап “Көк жарқанаттар” және “Алтын балық” атты Ливан мен Иорданияға қарсы әрекеттер басталды. Әсіресе, АҚШ өзінің ықпал ету аймағын Ливаннан бастағысы келді, себебі, біріншіден ол ресми түрде “Эйзенхауэр доктринасына” қосылды және екіншіден, АҚШ ойынша, ол жерде коммунистік қауіп төніп тұрды.

     Операциялардың  осындай романтикалық атауы шын  мәніндегі әрекеттерге сәйкес  келмеді. Ағылшындардың әскерлері  Ливан мен Иорданияға келіп,  ол жерлерді оккупациялай бастады,  ары қарай Иракқа жылжу қарастырылды. Тель-Авив кез-келген уақытта бұл агрессивті әрекеттердің қатысушысы болуға дайын тұрды. Осыдан, яғни “канонеркалар дипломатиясынан” кейін “Эйзенхауэр доктринасының” шын мақсаттары, яғни неоколониализмнің қаруы екендігі айқын болды.

     Англия  мен Америка Ливан мен Иорданияның  ішкі істеріне араласып, көптеген  араб патриоттарын түрмелер мен  концлагерьлерге жапты, президенттік  сайлауға тікелей ат салысты.  Әрине мұндай әрекеттерді дүниежүзілік  қауымдастық жақтырмады. Әсіресе,  КСРО оған қарсы болып, 1958 жылы 16 шілдеде БҰҰ шеңберінде бір шешім шығару керектігін айтты. Ол тіпті КСРО, АҚШ, Ұлыбритания, Франция және Үндістан үкіметтері мен БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қатысуымен өтетін жиналыс ашуды ұсынды. Онда әрине Америка мен Англияның әрекеттері және олардың әскерлерінің Ливан мен Иорданиядан шығарылуы туралы әңгіме қозғалуы тиіс еді. Бірақ, Вашингтон бұл ұсыныстан бас тартты.

     Алайда, 21 тамызда  БҰҰ 10 араб мемлекеттері ұсынған  қарар жобасын қолдап, қандай  да бір әрекеттер жасау керектігі туралы айта бастады. Нәтижесінде 25 қазан күні АҚШ әскерлері, ал 1958 жылы 2 қарашада ағылшын әскерлері Иорданиядан шықты. Яғни, Ұлыбритания мен АҚШ-тың жаңа араб ұлт-азаттық қозғалысын басып-жаншуы тағы да сәтсіз аяқталды[13, 389-390б.].

 

 

 

 

 

 

 

3 ХХ ғ. ІІ жарт. мен ХХІ ғ. бас. араб –израиль қарым-қатынастары

 

3.1 Араб-израиль қатынастарындағы әскери қақтығыстар.

 

Израиль мемлекетін жарияланғаннан кейін Палестинның араб халқы  тап боған қиындықтары Палестиндық  соғыстың нәтижесінде жүз рет  есейді. Израильдік билік тарапынан физикалық жазаның қауіпнен мыңдаған босқындар өз тұрған жерлерден кетуге мәжбүр болды. Палестиндық соғыс аяқталғанан кейін де палестиндықтарды қууды жалғасын тапты.

Информация о работе Араб - Израиль соғысы