Араб - Израиль соғысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2013 в 16:39, курсовая работа

Краткое описание

Таяу Шығыс мәселесі сол аймақта екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болған және бүгінгі күнге дейін шешімін таба алмай келе жатқан ең шиеленіскен мәселелердің бірі болып табылады. Сонықтан да болар, қазіргі кезде Таяу Шығыс дегенде, өкінішке орай ең алдымен палестина-израиль қақтығысы еске түседі. Ол тіпті сол аймақтың ерекшелігі болып, “ондағы оқиғалар басқаша емес, осылайша дамуы керек” деген жалған ой қалыптастырды.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
1 Палестина мәселесі пайда болуының алғышарттары................................7
1.1 Сионистік қозғалысының пайда болуы ..........................................................7
1.2 Еврейлердің ұлттық ошақ идеясын жүзеге асыра бастауы.........................10
2 1948-1956 жылдар арасындағы Палестина мәселесі………….................19
2.1 Бірінші палестина-израиль соғысы: пайда болу себептері, жүрісі, нәтижесі…………………………………….................................……………….19
2.2 Екінші палестина-израиль соғысы: басталуы, жүру барысы, нәтижесі………………………………………....................……………………..29
3 ХХ ғ. ІІ жарт. мен ХХІ ғ. бас. араб–израиль қарым-қатынастары .......37
3.1 Араб-израиль қатынастарындағы әскери қақтығыстар...............................37
3.2 ХХІ ғ. бас. Таяу шығыс мәселесін реттеу (“Жол картасы”) …….….........40
3.3 Әлемдік қауымдастықтың ықпалы................................................................44
Қорытынды…………......……………………………………………………....47
Пайдаланған әдебиеттер тізімі……………………….....…………………….

Прикрепленные файлы: 1 файл

Араб Израиль. Бакенова.doc

— 356.00 Кб (Скачать документ)

      1920-1930 жылдары  Палестина арабтарының ағылшындарға  қарсы шығуларында ағылшын мандатын  тоқтату, Палестинаға еврей иммиграциясын  қысқарту сияқты ашық саяси  талаптары да оған дәлел бола  алады. Бірақ, 1920-1930 жылдары кең етек алған палестиналықтардың ұлттық бас көтерулеріне не мандаттық билеушілер, не мандаттық басшылар үлкен мән бермеді, себебі олар еврей иммиграциясының өсуі мен еврей колониалистерінің сәттіліктері нәтижесінде Палестина арабтары ерте ме, кеш пе “еврейлердің ұлттық ошағы” идеясымен келісуге мәжбүр болатынына сенімді еді. Алайда, мұндай ойлары теріс болып шықты. 1936 жылы Палестина арабтарының өз құқықтары үшін көтерілістері үлкен көтеріліске ұласты. Бұл сионистердің жоспарын жүзеге асыруды қиындатты.

      Оған  қарамастан, сионистер де, ағылшындар  да арабтардың антисионистік  бас көтерулері тек реакциялық  сипаттағы араб феодалдарының  әрекеттері деп түсінді. Еврейлер  өз Отандастарын басқа мемлекеттерден  көшіруді тоқтатпады. Олар тіпті фашистік Германиямен еврейлерді Палестинаға көшіру туралы “Хаарава” атты саяси келісім жасасты.

      Сонымен, палестинадағы “еврей ұлттық ошағы” біртіндеп “мемлекет ішіндегі мемлекетке” айнала бастады. Еврей қауымдастығы-ишувтердің барлық ішкі мәселелерін Ұлттық Кеңес шешетін, ал мандаттық билеушелер мен Бүкіләлемдік сионистік ұйым арасындағы қатынастармен “Палестинаның сионистік атқарушы комитеті” (кейін “Еврей агенттігі”) айналысып отырды.

      Еврей  агенттігі Бүкіләлемдік Сиоинистік  ұйымның қаржылары мен мүмкіндіктерін барынша пайдаланды: ол Палестинаның еврей секторындағы экономиканың дамуын бақылады, жаңа мектептер, аураханалар салып, табиғи ресурстарды эксплуатацияға ұшыратты. Олар “еңбекті жаулап алу”, “жерді жаулап алу” және “тілді жаулап алу” сияқты ұрандарын жариялады. Ол дегеніміз-кәсіпорындарды монополизациялау, оларда негізінен еврейлердің жұмысшы күштерін пайдалану және иврит тілін өркендетіп, Палестинада жалғыз сөйлейтін тіліне айналдыру.

      Палестинада  1936 жылы қарашаның аяғы мен 1937 жылдың басында болған лорд Пиллдің корольдік миссиясы палестинадағы мандаттық режим ескірді және қазір ол жерде арабтар мен еврейлер арасындағы шешілмейтін, өте күрделі конфликт туындады деген қорытындыға келеді. Комиссия Палестинадағы арабтар мен еврейлердің басшылығын шақырып, территорияның бөліну мүмкіндігін қарастыратын конференцияны шақыруды ұсынды. Осы мәселеге байланысты 1939 жылы ақпанда Лондонда Сент-Джеймс конференциясы өз жұмысын бастайды. Сионистердің айтуы бойынша, онда Британ үкіметінің арабтарға бұрылғаны көрініп тұрды. Арабтардың сұрауымен Британ үкіметі арабтар жағымен және еврейлер жағымен жеке-жеке кездесулер өткізді. Ағылшындардың Иордан өзенінің батысына қарай Палестина мемлекетін құру жоспары қарсылыққа кезікті, себебі Палестина территриясында арабтар да, еврейлер де өзінің тәуелсіз мемлекетін құру туралы ойлап жүрді.  Алайда, бұл жерде Пилл комиссиясының ұсынысы реалистік сипатта болғанын атап өту керек, себебі Палестинада екі біріккен араб-еврей мемлекетін құру мүмкін емес еді және оған не арабтар жағы, не еврейлер жағы келісімін бермейтін еді.

        1939 жылы мамырда Ұлыбританияның  колониялар мәселелері бойынша  министрі Р.Макдональдтың “Ақ  кітабы” шығады. Ол бойынша, 10 жылдан  кейін араб көпшілігі бар тәуелсіз  мемлекет құрылуы керек болатын, еврейлердің жерді сатып алуын шектеу немесе оған мүлдем тыйым салыну керек болатын. Еврейлер қауымдастығы “Ақ кітаптан” бірден бас тартты. Ол кезде еврейлер арасында бен Гурионның: “Гитлермен Ақ кітап жоқтай күресу және Ақ кітаппен Гитлер жоқтай күресу” деген сөзі өте әйгілі болды.

      Палестина  көтерілістері 1939 жылдың ортасына  таман аяқталды, араб халқы көптген  шығындарға ұшырады. Ағылшындардың  мәліметтері бойынша, 3074 араб өлтірілді  және тек 1939 жылдың өзінде 6000 араб  концлагерьлерге жабылды. Жалпы осы көтерілістерде еврей жағынын “Хагана” атты шовинистік ұйым, “Иргун Цвай Леуми” атты экстремистік ұйым, “Штерн” атты террористік топ және т.б. белсенділік танытты.

      Егер 1939 жылы екінші дүниежүзілік соғыс  басталып кетпегенде, Палестинаны бөлу мәселесі бұрынырақ басталар еді. Оны пайдаланған сионистер енді АҚШ-ты өз жағына тартып, онымен одақтаса бастады.

    Сонымен қатар,  сионистер жергілікті арабтардың  жерлерін, Палестинаның ірі компанияларын,  банктерін сатып ала бастады.  Жер-жерде шашырап, Палестина халқының азшылығын құрап отырған еврейлер бұның бәрін қалай сатып алды деген заңды сұрақ тууы мүмкін. Олардың барлығы шетелден келген капитал есебінен қолға түсіріліп отырылды. Капиталды Ротшильд сияқты бай сионистер беріп отырды. Әрине ақшаның барлығы ишувтерді (Палестинадағы еврейлер) дамытып, көтеру мақсатында аударылды. Мысалы, 1917 жылдан 1946 жылдың қыркүйегіне дейін тек сый ретінде берілген ақша $44,1 млн.-ды құрады. Оған қоса, Мемелекеттің капиталистік дамуы үшін Германия өз мамандарын жіберді. Сонымен, 1943 жылы елдегі бүкіл өнеркәсіп кәсіпорындарының 55%-ы және өнеркәсіпке салынған инвестицияның 80-90%-ы ишувтердің үлесінде еді [5 ,170-171б.]. Әрине, еврейлер арабтарға қарағанда барлық жағынан өте ұйымдасқан болатын. Оны арабтардың атақты жазушыларының бірі С.Хадавидің өзі де мойындады.

     Наразылығы  күшейген және ұлт-азаттық көтерілістерді  жүргізіп отырған арабтар 1935-1937 жылдардың өзінде көптеген партияларды  құрады, ал 1945 жылы 23 қарашада олардың  барлығы Жоғарғы араб комитетіне біріктіріледі. Ол әрине араб халқының қамын ойлап, солардың сөзін сөйлейтін ұйым болды, бірақ араб басшыларының арасында кикілжіңдер мен кектесу нәтижесінде әлсіреп, ыдырайды. Ал, сионистер ұйымдасқан ауызбіршілікпен біртіндеп Палестина жерін жаулай береді.

    Ірі державалар  тарапынан қолдау тапқан сионистер  тіпті шектен шыға бастады. 1942 жылдың 11 мамырында АҚШ-тың Билтмор қонақ үйінде Америка, Европа және Палестина сионистері бас қосқан конференция өтеді. Онда сионистердің жаңа бағдарламасы жарияланады. Ондағы негізгі талаптар:

     1) Бүкіл  Палестина территориясын қамтитын  жылдам түрде еврей мемлекетін  құру;

     2) Палестинаға  еврейлердің шексіз қоныс аударуы;

     3) Ишув әскерін  құру.

     Билтмор  бағдарламасы 1942 жылдың қарашасында  сионистердің Жоғарғы Кеңесі-Ішкі  бас кеңеспен Иерусалимде мақұлданып, халықаралық сионизмнің ресми  саясатына айналды.    

     Бірақ, Ұлыбритания еврейлердің қарулы күштерін құруға қарсы болады, себебі ол сол кезде ишувтерді мойындау

болып табылатын және араб елдеріндегі жағдайды мүлдем шиеленістіріп  жіберетін еді. Алайда, екінші дүниежүзілік соғыс яқталар алдында Англия АҚШ қысымының нәтижесінде ғана келісіп, бірақ олардың өз жалауларының болуына тыйым салды.

     1945 жылы 31 тамызда  АҚШ президенті Трумэн ағылшын  премьер-министрі Эттлиге хат  жібереді, онда ол Европадан Палестинаға  100 мың еврейлерді кіргізуді талап  етеді. Бұл-АҚШ-тың Палестина мәселесіне тікелей араласа бастағанын білдіреді. Кейбір әдебиетерде Американың Палестинаға белсенді араласа бастауын келе жатқан президенттік сайлаулармен байланыстырады. Себебі оның қалай болатынына 5 млн. сайлаушы еврейлер мен еврейлердің ірі қаржы магнаттары да әсер ете алды, сионистердің бағдарламалары республикалық және демократиялық партия бағдарламаларына қосылды. Сонымен қатар, АҚШ-тың Палестинаға қатысты саясаты ірі империалистік бәсекелес-Англия мен АҚШ-тың арасалмағына да әсерін тигізетін еді.

     Англия  “Палестинадағы жағдайды” сылтаулатып,  одан бас тартты, бірақ Палестина  мәселесімен айналысатын Біріккен  ағылшын-американ комиссиясын құруды  ұсынды. Өйткені ол кезде араб  әлемінде жағдай шиеленісіп тұрған  болатын: ұлт-азаттық қозғалыстар күннен-күнге кең етек алды, оған қоса 1945 жылы наурызда Араб Елдерінің Лигасы құрылды.

     Ағылшын-американ  комиссиясының бағыты біржақты  еврейлік болған жоқ, себебі  олар араб елдерінің КСРО-дан  көмек сұрауынан қорықты.

     1946 жылдың  шілдесінде жаңа ағылшын-американ комиссиясы құрылады. Олардың жұмысының нәтижесі-“Моррисон жоспары” болып табылады. Ол бойынша, Палестинада 4 бөліктен тұратын федерация құрылу керек болды: 1) араб автономиясы, 2) еврей автономиясы, 3) ағылшын билігіндегі Негев провинциясы және 4) ағылшын билігіндегі Иерусалим провинциясы. Бірақ, АҚШ оны дұрыс деп таппады. Мұнда оның екі жақты саясаты көрінді, яғни біріншіден, Таяу Шығыстағы мұнай үшін арабтармен қатынасты нашарлатпау, ал екіншіден, ағылшын бәсекелесін ығыстыру үшін күннен-күнге ұлғайып келе жатқан арабтардың қозғалыстарын басу үшін еврейлерді қолдау.

     1947 жылы  қаңтарда Лондонда арабтар және  еврейлер қатысуымен “Моррисон  жоспарын” талқылау үшін конференция  өткізіледі. Бірақ, ол ешқандай  нәтиже бермеді. Ақпанда Англия “Бевин жоспарын” ұсынды. Ол бойынша, Палестина жартылай автономиялы араб және жартылай автономиялы еврей мемлекеттеріне бөліну керек болатын, ал олардың еекуі де 5 жыл ағылшын әкімшілігімен басқарылуы тиіс еді. Әрине, арабтар да, еврейлер де “Бевин жоспарынан” бас тартты.

     Палестина  мәселесіне Америка да белсенді  араласты. 1947 жылы 19 қаңтарда АҚШ  президентімен Палестинаға барып  қайтқан Болдуин миссиясы өз  ұсыныстарымен бөліседі. Онда негізінен  еврейлердің құқықтары басым  болады және арабтар ешқашан Палестинаны билемеген деген тұжырымға келеді. Болдуин ұсыныстары мынадай болады:

     1) Палестинада  белгілі бір шекара аумағында  еврей мемлекетін құру;

     2) Бұл мемлекетті  БҰҰ-да тану;

     3) Палестина  мемлекетінде еврей сайлаушыларын  қосып, сайлау өткізу;

     4) Сайлау  өте салысымен, Палестинаға ағылшын  мандатын жою,

     5) 5-жылға  БҰҰ-ның комисиясын құру, ол территорияның  Британ үкіметінен тазартылуын  және еврейлер мен арабтар  арасындағы жерді сату-сатып алуды  қадағалауы тиіс болды;

     6) АҚШ Трансиорданияны мойындайды және оның БҰҰ-на кіруіне көмектесу керек;

     7) АҚШ Палестинаға  3млн. көлемінде заем береді  және Иордан өзенінің суын  гидоэнегргетикалық және ирригациялық  мақсаттарда пайдаланатыны туралы  келісім жасайды;

     8) Палестина өз әскерін құрғанға дейін онда халықаралық қарулы күштер қызмет атқаруы керек.

    Болдуин жоспарын еврейлер жақсы қарсы алғанмен, арабтар оған наразы болады. Сонда да, бұл жоспар алдыңғылары сияқты еш нәтиже бермей, жүзеге аспай қалады. Империалистер қалай болса да Палестинаны өз қолдарында сақтап қалғысы келеді. 1946 жылы ағылшын үкіметі өз позициясының төмендегенін түсінді және оны АҚШ-қа беруге тырысты. Бірақ, АҚШ оған әлі дайын емес екендігін айтты.

     Ұлыбритания мандатарий держава ретінде өз тарапынан бұл мәселені реттеуге тырысты. Алайда, оның барлығы тығырыққа тірелді. Сөйтіп ол бұл мәселені 1947 жылы 17 ақпанда БҰҰ-ның қарауына ұсынады. Ал, қаңтар-сәуірінен бастап Палестина мәселесін Бас Ассамблеяның келесі сессияларына қосуды ресми сұрады. Бірақ, БҰҰ-ның шешімі Англия үшін аса маңызды болған жоқ, ол бұл ұйымның шешімін тек кеңес ретінде қарастырды.

     Палестина  мәселесін БҰҰ-ның талқылауына  беруге АҚШ та қарсы емес  еді. Оның ойынша, бұны талқылау  және түрлі келісімдер жасау  барысында олар Палестинаны өз қолдарына түсре алады. Басында ол жерге ағылшын-американ бақылауын орнатып, кейін оны түгелдей өз қолдарына түсіруге болады деп ойлады.

     БҰҰ ол  мәселемен айналыса бастаған  кезле ондағы жағдай қайнап  жатқан қазанға ұқсаған болатын.  Сол кезде жазған мемуарларында У.Черчилль: “Ағылшындар кеткен жердің барлығында мәселе тастап кетеді”,-деп бекер айтпаған.

     Арабтар  БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында  бұл территорияда ағылшын мандатын  тоқтату туралы және Палестинаның  тәуелсіздігін жариялау туралы ұсыныстарын айтты. Еврейлер агенттігінің өкілдері болса Палестина территориясында тек еврейлер мемлекетінің құрылуын талап етті. Ал, Совет Одағы Палестинаның тәуелсіздігін жариялауды талап етті, сонымен қатар ол біріккен арабтық-еврейлік федеративтік мемлекет құруды ұсынды. Әрине онда арабтарға да, еврейлерге де тең құқықтар берілуі тиіс еді. Иерусалим қаласы мен оның маңын халықаралық аймақ ретінде жариялау ұсынылған болатын. Ал, егер қандай да бір себептерге байланысты арабтар мен еврейлер бірге тұра алмаса, Палестина араб және еврей мемлекеттеріне бөлінуі тиіс болатын.

     Сөйтіп, бұл  мәселені шешу тығырыққа тіреліп,  көптеген ұсыныстардың пайда  болуына байланысты, БҰҰ 1947 жылдың 15 мамырында Палестина мәселесін  зерттеп, шешуді арнайы құрылған  комиссияға жүктеді. 11 мемлекеттен тұрған оған ұлы державалар кірмеді. Бұл комиссия өз жұмысын 26 мамырда бастап, 31 тамызда өз баяндамасын ұсынды. Олардың жұмыстарында барлығы бірдей келіскен және ажырап кеткен жерлері де болды. Комиссияның барлық мүшелері бір ауыздан Англия мандатын тоқтату керектігін және Палестинаның тәуелсіздігін жариялау қажеттігін айты. Ал, өтпелі кезең тұсында мемлекеттегі жағдайды БҰҰ-ның бақылауындағы мандатарий реттеп отыру керек (мемлекеттің экономикалық біртұтастығын, діни қасиетті жерлерді қорғау т.б.).

      Бірақ,  Палестинаның мемлекеттік құрылымына  келгенде, комиссияның ойлары бөлініп  кетті. “Көпшіліктің жоспары”  бойынша (Канада, Чехословакия, Гватемала,  Нидерланды, Перу, Швеция, Уругвай), мемлекет  арабтық және еврейлік болып  бөліну керек, ал Иерусалимге халықаралық бақылау орнату керек. Сонымен қатар, болған “азшылық жоспар” бойынша (Үндістан, Иран, Югославия), астанасы Иерусалим болатын араб және еврей автономды бөліктерден біртұтас федеративті мемлекет құрылу тиіс болды. Көпшілік дауыс бойынша, Палестинаны не де болса бөлу қажеттігі туды. Сол кезде БҰҰ-ның айтуы бойынша, палестина мәселесін қалай да болса шешу-бүкіл “еврей мәселесін” шешу болып табылмайды.

      1947 жылы  қыркүйек-қарашада Палестинадағы  жағдай мүлдем шиеленісті. Сионистердің террористік және экстремистік актілері кең етек жайды, ал “Хагана” тіпті ағылшын әскеріне де қарсылық көрсете бастады. Осыған байланысты, Палестинаның араб халқы бүкілхалықтық демонстрациялар өткізді, қарсылықтың мұндай белгілері Сирия мен Ливанда да көрініс тапты.

Информация о работе Араб - Израиль соғысы