Араб - Израиль соғысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2013 в 16:39, курсовая работа

Краткое описание

Таяу Шығыс мәселесі сол аймақта екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болған және бүгінгі күнге дейін шешімін таба алмай келе жатқан ең шиеленіскен мәселелердің бірі болып табылады. Сонықтан да болар, қазіргі кезде Таяу Шығыс дегенде, өкінішке орай ең алдымен палестина-израиль қақтығысы еске түседі. Ол тіпті сол аймақтың ерекшелігі болып, “ондағы оқиғалар басқаша емес, осылайша дамуы керек” деген жалған ой қалыптастырды.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
1 Палестина мәселесі пайда болуының алғышарттары................................7
1.1 Сионистік қозғалысының пайда болуы ..........................................................7
1.2 Еврейлердің ұлттық ошақ идеясын жүзеге асыра бастауы.........................10
2 1948-1956 жылдар арасындағы Палестина мәселесі………….................19
2.1 Бірінші палестина-израиль соғысы: пайда болу себептері, жүрісі, нәтижесі…………………………………….................................……………….19
2.2 Екінші палестина-израиль соғысы: басталуы, жүру барысы, нәтижесі………………………………………....................……………………..29
3 ХХ ғ. ІІ жарт. мен ХХІ ғ. бас. араб–израиль қарым-қатынастары .......37
3.1 Араб-израиль қатынастарындағы әскери қақтығыстар...............................37
3.2 ХХІ ғ. бас. Таяу шығыс мәселесін реттеу (“Жол картасы”) …….….........40
3.3 Әлемдік қауымдастықтың ықпалы................................................................44
Қорытынды…………......……………………………………………………....47
Пайдаланған әдебиеттер тізімі……………………….....…………………….

Прикрепленные файлы: 1 файл

Араб Израиль. Бакенова.doc

— 356.00 Кб (Скачать документ)

     Бұл жерде ешқандай  қосымша сұрақтар тумас үшін, Египет пен Иорданияның саясатын  және бұл мәселеге араласу  дәрежесін айтып кеткен жөн.

     Бірінші дүниежүзілік  соғыс аяқталғаннан кейін Осман  империясының территорияларын өзара  бөлісу басталды. Мұндай бөлісуге  Палестина да ұшыраған болатын,  бірақ оның жағдайы әлі белгісіз  болды: ол Ұлыбританияныкі де емес, АҚШ-тыкі да емес еді. Сонда да ағылшындардың бұл мәселеде жеңіп шығуы сезілді. Бірақ, мұнда бір ұмытылып кткен жайт болды: бұдан екі жыл бұрын ағылшын барлаушысы полковник Лоуренс мұсылмандар қасиетті жерлерінің қорғаушысы, Меккенің шерифі әмір Хусейнді өз жағына қарату үшін оған Англия жеңіске жеткен жағдайда барлық арабтарға тәуелсіздік алып беретінін уәде етті. Лоуренстің бұл міндеті тіпті ресми документпен кепілденген болатын. Онда: “Ұлыбритания Меккенің шерифі қолына алғысы келетін барлық аудандардағы арабтардың тәуелсіздігін мойындайды және қолдайды”,-делінген [9, 15б.].

     Бірақ, “Бальфур декларациясы”  бұл міндетттемелерге қайшы келді,  оған қоса сионистердің ол  кезде айтқан “ошақ” сөзі  бүкіл Палестинада еврей мемлекетін  құру екендігі анық болды. Олардың  Версаль бейбіт конференциясында ұсынған өз мемлекетінің картасында Иордан өзенінің екі жағы, Ливан және Сирия көрсетілді. Палестина арабтары шериф пен ағылшындарға сенеміз деп алданып қалғандарын түсінеді. Олардың Осман империясы құлағаннан кейін тәуелсіз Палестина мемлекетін жариялау ойы жүзеге аспады, керісінше олар Англияның мандатты территориясына айналды.

     Нәтижесінде үлкен  конфуз пайда болды: Иерусалимде  феллахтар мен қала тұрғындары  салық төлеуден бас тартты. Түрлі  мемлекеттердегі араб лидерлері  наразылықтарын білдірді, жер-жерде демонстрациялар мен митингілер ұйымдастырылды. Мұндай жағдайларда ағылшын дипломатиясының тәжірибесі мол екендігін атап өту қажет. Жағдайды тыныштандырамын деген колониялардың министрі У.Черчилль екі түрлі міндеттемелер туралы айта бастады, яғни бір жағынан арабтарды ренжітпеу, ал екінші жағынан еврейлерге иммиграция есебінен халқын өсіруге мүмкіндік беру.

     Ағылшындар ыза болған әмір Хусейнді де ұмытпады, өйткені ол Таяу Шығысқа ұмтылған Францияға қарсылас ретінде және бедуин тайпаларын бағындыру үшін керек болды. Оның үлкен баласы Фейсалды Сирия билеушісі етіп қойғысы келді, бірақ ол жүзеге аспағандықтан, Бағдадтың басшысы етіп қойды, ал кіші ұлы Абдаллаға Иорданияның шығысындағы шөлдің бір бөлігін беріп қойып, Трансиорданияның әмірі етіп сайлады. Оның астанасы-Амман қаласы болды. Лондон әмірлерге территорияда тәртіп орнатуға кеткен шығындарын төлеуге уәде берді.

     Ал, бірінші палестина-израиль соғысы кезінде Бүкіл Палестина үкіметінің жариялануы Трансиордания королі Абдалланың жоспарына кірмеді. Ол кезде Абдалла өзін ең күштімін деп сезінді, себебі ол шашырап жүрген бедуин тайпаларының басын біріктірді және черкестерден өзінің жеке гвардиясын құрды. Сонымен бірге, ағылшын әскерінің кетуіне бірнеше ай қалғанда Лондон мен Амман арасында құпия келісім жасалған болатын. Ол бойынша, Трансиорданияға Иорданның батысы кіруі тиіс болды. Яғни, Абдалла соғысқа Палестина мемлекеті үшін емес, Палестина жерін өзіне қарату мақсатында қатысты.

     Әскерді ағылшын генералы  Глабб-паша немесе Абу-Хунейс бастады, оның Лондон мүддесінде жұмыс атқарғаны белгілі. Бұл Ұлыбританияға өте қолайлы болды: олар Палестинадан кетіп бара жатса да, Абдалла арқылы ол жерді өз бақылауында ұстады. Ал, Абдалла болса, оларсыз ештеңе жасай алмады, өйткені ақшаны Британ қазынасынан алып отырды.

     Глабб-пашаны Ирак  әскерлері қолдап, оған көмектесті (Бағдадта оның ағасы билік  жүргізді). Оның адамдары Иорданияның  батысын жаулап алды, Иерусалимге  басып кіріп, ескі қаласынан  “Хагана” отрядтарын және Палестинаның  партизандық отрядтарын қуып тастады. 

     Соғыс бітті, египеттіктер  Бүкіл Палестина үкіметі туралы  біржола ұмытуға тура келді.  Жағдайдың осындай болуы Абдаллах  үшін тиімді болды. Ол көп  ұзамай Палестина жерін өзіне  қосып алып, шекарасын кеңейтіп, мемлекетінің атын Иордания деп өзгертеді. Бірақ, ол бұл орнында көп отырмайды, себебі оны өлтіріп кетеді. Алайда, не болса да, картада араб мемлекетінің жаңа атауы пайда болды.

     Соғыстың басты маңызы-сионизмнің  қайта жеңіске жетуі болды.  Яғни, еврейлердің ұлттық ошағы туралы идеясы өмірге келді, оған қоса Израиль БҰҰ бекіткен терриориялардан басқа көптеген жерлерді және Батыс Иерусалим немесе Жаңа Иерусалимді алды.

     Соғыстың нәтижесі  арабтар үшін қандай болды  десек, әрине жеңілген елдің  жағдайы үнемі ауыр болады. Ал, жеңілген және оған қоса, территориясынан айырылған Палестина арабтары үшін ол бірнеше есе ауыр болды. Көптеген палестиналықтар араб және араб емес мемлекеттерде шашырап, орналаса бастады. Саяси партиялар ыдырады, ал олардың басшылары басқа мемлекеттерге кетіп қалуға мәжбүр болды. Халық не істерін білмей, тосыннан сасып қалды. Оған 40 жылдардың аяғындағы араб лидерлерінің арасындағы алауыздық және саяси әрекеттердің реалистік, маңызды бағдарламасын жасау талпынысының болмағаны себеп болды. Әскери-саяси біртұтастық болмады, араб мемлекеттері империалистік державаларға әлі де тәуелді болды. Ал, жеңілістің ең басты себебі-40 жылдары барлық араб мемлекеттерінде дерлік болған әлеуметтік-экономикалық артта қалушылық.

     Бірақ, бұл соғыс  сонымен қатар, арб әлемінің бірнеше қоғам қайраткерлеріне көзін ашып берді. Олар ұзақ жылдар бойы араб мемлекетерінің саяси және экономикалық артта қалушылығын, әлеуметтік-саяси және экономикалық жақтан кемшіліктерін түсінбей келді. Осындай қайраткерлердің бірі кейін Египеттің және бүкіл араб әлемінің танымал лидеріне айналған Гамаль Абдель Насер өзінің “Революция философиясы” атты кітабында былай деп жазды: “Біз бұйрық алған астанадағы жағдай біздің бәріміздің арамызға үлкен қоршау туғызды, бұл тіпті Фаллуждадағы қарсыластың да күшінен асып түсті” [8, 23-24б.]. Яғни, Насер мен оның жақтастары Батыстың өзінің саяси ойынында араб елдерін пайдаланып отырғанын түсінді. Сол кездегі араб лидерлерінің антиизраильдік сипатта бірлікке келе алмағанының да себебі осы, яғни олар батыс елдеріне тәуелді болды. 

     Көптеген зерттеушілердің  ойынша, араб мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық  дамуының біркелкі емес немесе  бір деңгейде еместігі  арабаралық  қатынастардың арасында да конфликтінің  туындауының бір себебі болып  табылады. Яғни, бұл араб елдерінің бәріне ортақ стратегиясы мен тактикасының, бірінші кезекте Палестина мәселесіне байланысты стратегиясының қалыптасуына кедергі келтіретініне сенімді.

     Палестина соғысында  арабтардың жеңілуінің тағы да  бір жағымсыз жағы болды. 1948-1949 жылдардығы соғыс нәтижесінде араб әлемінің революциялық потенциалы ұлттық бағытқа ауыстырылды, араб әлеміндегі жұмысшы класы санасының қалыптасуы тежелді. Бүгінгі күнге дейін араб әлемінің жетекші саяси доктринасы-ұлтшылдық болып табылады, ал арабтар күресінің әлеуметтік аспектілері екінші орынға шығады. Араб ұлттық буржуазиясы өзіне қажетті бағытта және деңгейде жұмысшыларға әсер етеді.

     Бірақ, оның бәрін  есепке алсақ та, палестиналықтардың  соғыста жеңілуінің ең басты  трагедиясы-соғыс аяқталғаннан кейін олардың қолдарында не мемлекеттің, не қандай да болсын ұлттық қоғамның қалмағаны болып табылады. Олардың саяси ұйымдары ыдырап кетті, ал көптеген лидерлер өзінің кәріптілігін көрсетті. Палестина мемлекетінің 2/3-не еврейлер қоныстанды, ал қалған бөлігін, яғни Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Газа секторын тиісінше Иордания мен Египет бақылауына алды.

     Палестина соғысының  негізгі нәтижесі-көпжақты Палестина  проблемасының туындауы, ол уақыт  өте халықаралық сипатқа ие  болды. Палестина 40 мың адамынан айырылды (Израиль 21 мыңнан айырылды), босқындар саны 900 мыңға жетті, Израиль жоғарыда айтып кеткендей, 6,7 мың шаршы шақырым жерді өзіне қосып алды, ол сол кезде $2,5 млрд.-ға бағаланды.

     Әрине, палестиналықтардың  жерлерінде жайғасқан еврейлер сол жердің халқына тыныш өмір сыйламады. Босқындар проблемасы арабтарды алаңдата бастады, себебі көптеген халық сионистік террордан қорқып, Отандарын тастап кетуге мәжбүр болды.

     1948 жылы 30 маусымда-ақ  Израиль үкіметі “Тасталып кеткен  аудандар туралы жарлығын” жариялады, ол бойынша еврейлер арабтарға берілген, бірақ соғыс кезінде жаулап алған немесе жарты тұрғындары жоқ территорияларды “тасталып кеткен” деп, өз құрамына қосып алу құқығы болды. Олар соны негіздеп, арабтардың жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін тартып алып отырды. Деректер бойынша, олар 16-20 млн. дунам жерді өздеріне қосып алды.

     Осындай  жағдайға БҰҰ халықаралық ұйым  ретінде араласуы тиіс болды.  Сонымен, 1948 жылы 11 желтоқсанда БҰҰ  Бас Ассамблеясы №194 (ІІІ) қарарын қабылдады. Ол бойынша, босқындардың Отандарына қайту құқығы бар, ал кім қайтқысы келмесе, оған жоғалтқан мүлкі үшін компенсация төлейді. Бір жылдан кейін БҰҰ Палестина босқындарына көмектесу үшін және жұмыстарды ұйымдастыр үшін Таяу Шығыс Агенттігін (БАПОР) құрады. Одан кейін босқындар туралы мәселе тұрақты түрде талқыланып тұратын болды, бірнеше қарарлар қабылданды, бірақ Израиль олардың ешқайсысын да мойындамады. Тіпті сол кезде Давид Бен Гурионның: “Оларға бір тұт та жер бермейміз, біздің терриорияда бір де бір босқын болмайды” деген сөзі бар [1, 48б.].

     Араб елдері  босқындарды заңды жерлеріне  қайтару туралы қаншама рет  айтса да, оны ешкім құлаққа  аспады. Батыс та өзінше бір  шешім немесе ұмыны айтқысы  келді, олар босқындарды қашып, паналаған арб мемлекеттерінде қалдырғысы келді. Алайда, мұндай шешімді араб мемлекеттері дұрыс деп таппады, өйткені:

     1) Босқындарды  сол мемлекеттерде орналастыру  олардың Палестинадан қуылуына  көну болып табылатын еді;

     2) Араб мемлекеттерінің осыншама көп адамдарды қабылдап, оларға қажетті жағдай қалыптастыруға, жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндіктері болмады.

     Босқындардың  өмір сүру жағдайлары өте нашар  еді, дегенмен олардың бір бөлігі  жұмыс тауып, тұрған лагерьлерінен  көшіп кетті. Ал, қалған жүздеген мың адам сол жғдайда өмірлерін жалғастыруда. Бұл жерде БҰҰ көмек көрсеткендей болды, бірақ әр босқынға жылын берілетін $25-ға қалай өмір сүруге болатынын өзіңіз де ойлап қараңыз...

     Ал, Израиль  арабтарды таптауды аяқтамады. 1950 жылдың наурызында ол “Жоқ адамдардың мүліктері туралы” жарлығын жариялады. Ол бойынша, 1947 жылы 29 қарашада басқа жерлерге кеткен араб тұрғындары жоқ адамдар ретінде қарастырылды, тіпті сионистік террордан қашып құтылғысы келген және Израильдің басқа аудандарына қашып кеткен адамдар да сол тізімге ілінді. Мысалы, 1948 жылға дейін Негев ауданында 48 мың Палестина арабтары өмір сүрсе, Израиль үкіметі оларды Иордан және Синай жартыаралына қуудың нәтижесінде олардың саны небары 13 мың ғана болды. Израиль шекарасында қалған 585 араб ауылының 478-і жойылды, қалған 107 ауылдың тұрғындарын көшіріп, олардың жерлері мен мүліктері тәркіленді.

     Жерлерін  жоғалтумен қатар, арабтар репрессияға  ұшырады, себепсіз жер аударылып,  жасамаған қылмыстары үшін түрмеге  жабылды. Көптеген аудандарда комендаттық сағат енгізілді, террористік актілер жиілеп кетті. Мысалы, 1948-1967 жылдар аралығында олардың саны 21 мыңға жетті.

     Әрине, соған  байланысты Израильдегі арабтардың  үлесі айтарлықтай төмендеді.  Мысалы, 1949 жылы ол 52,8%-дан 18%-ға кемісе, 1950 жылы 13%-ға дейін азайды. Израильдің күшейіп алғаны сонша, ол тіпті палестина-израиль соғысында жаулап алған территорияларды Палестина және Израиль арасындағы шекара, Израильдің ажырамас бөлігі деп жариялауды талап етті және бұл жерде БҰҰ-ның тарапынан көмек күтті.

     Осындай  империалистік саясатына және  БҰҰ-ның қарарларына бағынбайтын  позициясына қарамастан, Израиль  1949 жылдың 11 мамырында оған мүше  болды, ал 1950 жылдың қаңтарында  БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының қарарын  бұзып, Иерусалимді өзінің астанасы етіп жариялады (1948-1949 жылдары болған соғыс нәтижесінде жаулап алған жаңа бөлігін).

     Осы әрекеттердің  барлығы да Батыс державаларының  қатысуымен болғаны белгілі. Сондықтан,  олар енді Таяу Шығыстағы оқиғалар  Батыс сценариі бойынша дамып, өрістеуі керек деген ойда болды. Аймақтағы мемлекеттердің ішкі саяси дамуы есепке алынбайтын, онда тұрақтылық пен бейбітшілікті қамтамасыз ете алатын Кеңес Одағының да ролі еленбейтін. Олардың осындай қауіпті орындалмас ойын немесе арманын “Үштік декларациямен” түсіндіруге болады. 1950 жылы 25 мамырда Ұлыбритания, “Франция және АҚШ Таяу Шығыс аймағындағы қауіпсіздік туралы декларациясын жариялады. Бір қарағанда, ол декларацияның мақсаты жақсы болды, ол Таяу Шығыстағы қару жарысын тоқтатуға бағытталғандай болды. Ал, шын мәнінде “Үшеудің келісімі” нәтижесінде Батыс державалары сол аймақты бақылауында ұстауға тырысты. Ол бойынша, Израиль де, араб мемлекеттері де қару-жарақ және әскери материалдармен қамтамасыз етілуі керек бірақ Израильге статус-кво беріледі, яғни ол Палестина арабтарына не істегісі келсе, істей алатын еді. Арабтардың өз ұлттық құқықтарын қорғауға байланысты барлық әрекеттерін Тель-Авив террор деп түсінді. Әрине, ол  Батыстың мұндай агрессивті акциясын қолдады және тіпті ол блокқа мүше болғысы келді. Бірақ, 1956 жылғы Египетке қарсы ағылшын-франко-израильдік агрессияға байланысты бұл жоспар іске аспай қалды.

        Дегенмен, кейбір жазушылардың пікірінше, 1948-1950 жылдары Израиль мен араб  мемлекеттері арасында келіссөз  көмегімен бейбітшілікті орнату мүмкін еді. Бірақ, сионистердің саясаты оған қайшы келеді. Бен Гурионның өзі бір сөзінде: “Арабтардың бізге жасаған ең үлкен жамандығы-олармен бейбіт келісім орнату”,- деп айтты [10, 19б.]. Оның тағы да бір дәлелі-1948 жылы Бүкіләлемдік еврей Конгресінің төрағасы Наум Голдман Израиль мемлекетін жариялауды кейінге қалдыра тұру ұсынысынан Бен Гурионның бас тартуы. Яғни, егер сол кезде Бен Гурион оны қабылдаса, 1948-1949 жылғы соғыс және бүгінгі күнгі қиын жағдай мүмкін болмайтын еді. Еврейлердің босқындар мәселесін реттеуге қарсы шығуы да палестина-израиль қатынастарының дамуына кері әсерін тигізді.

Информация о работе Араб - Израиль соғысы