Араб - Израиль соғысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2013 в 16:39, курсовая работа

Краткое описание

Таяу Шығыс мәселесі сол аймақта екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болған және бүгінгі күнге дейін шешімін таба алмай келе жатқан ең шиеленіскен мәселелердің бірі болып табылады. Сонықтан да болар, қазіргі кезде Таяу Шығыс дегенде, өкінішке орай ең алдымен палестина-израиль қақтығысы еске түседі. Ол тіпті сол аймақтың ерекшелігі болып, “ондағы оқиғалар басқаша емес, осылайша дамуы керек” деген жалған ой қалыптастырды.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
1 Палестина мәселесі пайда болуының алғышарттары................................7
1.1 Сионистік қозғалысының пайда болуы ..........................................................7
1.2 Еврейлердің ұлттық ошақ идеясын жүзеге асыра бастауы.........................10
2 1948-1956 жылдар арасындағы Палестина мәселесі………….................19
2.1 Бірінші палестина-израиль соғысы: пайда болу себептері, жүрісі, нәтижесі…………………………………….................................……………….19
2.2 Екінші палестина-израиль соғысы: басталуы, жүру барысы, нәтижесі………………………………………....................……………………..29
3 ХХ ғ. ІІ жарт. мен ХХІ ғ. бас. араб–израиль қарым-қатынастары .......37
3.1 Араб-израиль қатынастарындағы әскери қақтығыстар...............................37
3.2 ХХІ ғ. бас. Таяу шығыс мәселесін реттеу (“Жол картасы”) …….….........40
3.3 Әлемдік қауымдастықтың ықпалы................................................................44
Қорытынды…………......……………………………………………………....47
Пайдаланған әдебиеттер тізімі……………………….....…………………….

Прикрепленные файлы: 1 файл

Араб Израиль. Бакенова.doc

— 356.00 Кб (Скачать документ)

  Біздің уақытта объективті ақиқаты осындай, Газ секторда болып жатқан және Иордан батыс жағалауға өтуге қауіпі бар азаматтық соғыс ФАТХ-тан «зиялы ұлтшылдардың» және ХАМАС-тан «ислам радикалдықтардың» арасындағы идеологиялық қарама-қайшылықтан біртіндеп жергілікті араб-палестин қоғамнан негізінде құрылған әртүрлі трайболистардың, қауымдық-рулық және діни-сектандық топтардың арасындағы қаруланған қарсылусыға айналып жатыр.

Шығу тектері әр түрлі  осы топтарды бүтін бірлестікті  еске түсіретін қоғамға жылдам біріктіруге  эксперемті сәтсіздікке ұшырағанын қазір де мәлім, «палестин ұлты»  жоқ.    Содан бейбітті территорияларға  айрбасу жүйе бойынша диалдогты жүргізе алатын, палестин территорияларда тұрақты тәртің пайда болуына мүмкін емес шығады, ал Израиль бейбіт статус-кво ұста тұрып, палестин арабтарға өздердің мәселелерді өздері шешуге беріп, олардан бәрібір бөлене алмайды.

Бүгінгі күнде израиль саясаттың флангтың тек қана оңшылар ғана емес, солшылардың аз емес өкілдері де, сонымен қатар орталықтаушылардың көбісі “территорияларда” болып жатқан оқиғалар палестин мемлекетті құрудың идеся жоспардан мүлдем алып тастайтынына әкелетінін есептейді. Соған қарамастан, Палестин автономияның өкілдері бейбіт бірлестіктің өкілдермен байланыстарлы жалғастырады: 2007 жылдың 19 ақпанда Иерусалимде Израильдің премьер-министр Э.Ольмертаның, ПХА-нің бастығы М.Аббастың және АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райстың кездесуі өтті. Онда қандай да болсын палестин-израильдық реттеу туралы нәтижелерге жеткен жоқ. Кездесудің қатысушылары бұрынғы келісімдерді бекітті және келіссөздердің жаңа раунд туралы келісті. Бір жұмадан кейін М.Аббас Үлыбританяға, Германяға және Францияға барып шықты. Оның жол барудың ең басты мақсаты ол құрып жатқан палестин биліктің ұлттық бірлікті қолдау және палестин территориялардан қоршауды алып тастау еді. Лондонда Ұлыбританияның премьер-министр Т.Блэр ХАМАС-тың «ақылды» мүшелерге шағым жаса отырып, таяу шығыста реттеуде алға басуға болады деп мәлімдеді. Берлинде Германияның канцлері А.Меркель палестиндықтармен коалициялық билікті құруды қарсы алды, бірақ бір мезгілде Еуроодақ атынан жаңа кабинетке терроризмнен бас тартуға, Израильді және бұрынғы жасасқан палестин-израиль келісімдерді мойндауды айтты. Парижде М.Аббас Францияның президентін жаңа палестин билік пен Израиль арасындағы келіссөздерді қалпына келтіру істе делдал болуға өтінді. Франция коалициялық палестин билікпен қызмет етуге уәде берді. Құрылып жатқан биліктің ұлттық бірлікті қолдау үшін шетелдік жол жүруді ХАМАС-тың лидері Х.Машааль де іске асырды. 22 ақпанда Берлинде таяу шығыс реттеу туралы халықаралық «квартеттің» кезекті кездесуі өтті. Оның қатысушылары жаңа палестин билік халықаралық бірлестіктің талаптары бойынша жолды ұсау керектігін бекітті.

2007 жылдың 26 нурыздан- 1 сәуірдің  аралығында аймақтағы болып жатқан  маңызды оқиғалар Иран және  Араб мемлекеттердің лигасының  мүшелердің Эр-Риядта (28-29 нурыз)  кезекті (ХІХші) саммтпен байланысты. Араб мемлекеттердің жоғарғы басқарушылардың мәжілісі 2002 жылдың араб-израиль реттеудің саудтық жоспарды ешқандай түзетусіз расстады.

Жалпы арабтық Эр-Риядтағы мәжілістің ең басты қорытынды –  оның қатысушылардың 2002 жылдың Бейруттағы жоғарыда кеңестерде қабылданған Израильмен  бейбіт реттеу жоспардың жолын ұстаудың бірлігі еді. Белгілі болғандай, бұл құжат Израильдің 1967 жылы жаулап алған барлық араб территорилардан кетуге, астанасы Шығыс Иерусалимде болатын тәуелсіз палестин мемлекетті мойындауды және палестин босқындардың (бұрынғы өмір сүріп жатқан жерлерге қайтаруға құқығы) мәселені шешуде әділдігін қарастырады. Жауаб ретінде арабтар Израильді мойындайды, онымен бейбіт кеклісімдерге қол қояды және жақсы қарым-қатынастарды қалпына келтіреді. Арабтардың ойы бойынша, жоспар, «Тяу Шығысты реттеуде тегін қамтитын платформа» болуға тиіс еді. Эр-Риядта Израильді «араб ы0ыласты қабылдауға және бүкіл бағыттағы тура келіссөздерді қайта жандандыру мүмкіндікті пайдалуныға» шақырды. Құрамында Египет, Иордания, БАӘ және Сауд Арабия  бар арнайы комиссия құрылды, ол БҰҰ-ның бас хатшымен, БҰҰ-ның Қауіпсіздік Ұйымның мүшелерімен, таяу шығыс реттеу бойынша халықаралық «квартетпен» және қызықтырған басқа жақтармен байланыс орнату керек еді. Байланыстардың мақсаты - бейбіт процессті жаңарту және араб ықыласты қолдауды қамтамасыз ету. Таяу шығыс реттеу бойынша шешімін Ресей, Евроодақ, БҰҰ-ның бас хатшы қолдады. АҚШ бұл талпынысты «Израильмен байланыс орнату» және «аймақтағы барлық державлврдың мүдделерін ескеріп констркутивтік әректтену» сияқты бағалайды. Израиль мәжілістің шешіміне өте сақтық оптимизмен қарады, бірақ баяғыдай босқындардың тұған жеріне қайтару құқықығы туралы талаппен келіспеген еді.

Жалпы эр-риядтық кездесудің нәтижесі араб мемлекеттердің Израильмен қарама-қайшылықты реттеу процессті өлі нүктеден қозғалтуды, диалог және өзаралық сенімді қалпына келтіру арқылы араб әлімдегі келіспеушілікті шешуді, араб ынтымақтастыққа жаңа күшті беру көрсетті.[23, 210-213б.].

  

 

3.3 Әлемдік қауымдастықтың ықпалы

 

БҰҰ, Евроодақ, АҚШ және Ресей Таяу Шығыс мәселелерін  реттеу барысындағы қатысушылар  болып табылады., бірақ олардың  әр қайсысының рөлі бір мағыналы емес. Европалықтардың үлкен кемшілігі  бүгінгі уақытта оларға екіжақты келісушілер сенетіндей бейбіт қарым-қатынастарды дамыта алмауларына күдік тудырады. Евроодақтың Таяу Шығысқа, соның ішінде Израилге жалпы қарқынды сыртқы саясат жүргізулеріне бірнеше кедергілер бар.

Европа Таяу Шығыстан энергия импортталуына тәуелді. Ұлыбритания мен Норвегиядан  басқа Европа елдері (өздерінің мұнай қорлары бар елдер) мұнайдың 50% импортталуына тәуелді. Осы импорттың көп бөлігі Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдерінен келеді. Мұнай алатын елдерді өзгертулеріне болса да, энергияның импортталуы бүгінгі таңда Европаның араб елдерінде бір қалыпты саясат ұстауға бағытталғаны анық.

Евроодақтың Таяу Шығыста  жалпы қарқынды саясат жүргізе алмауының  басты мәселесі – маңызды мүше елдердің әр түрлі көзқарастар мен  қызығушылықтарының келіспеуінің қорытындысы. Бұл мәселелерді Евроодақтың  институционалдық жүйесінің  біркелкілік жоқ жерде оны орнатуға тырысуынан жағдай ушықты. 2003 жылдың 23 қазанында БҰҰ-ның  арнайы 10-шы төтенше сессиясында Бас Ассамблея Израильден Палестина территориясында «Қорғаныш қабырғасының» құрылысын тоқтатуы туралы резолюцияны қабылдауын қолдады.

 Бұл резолюцияны  АҚШ  БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің реолюциясына вето салынғанынан кейін қабылдады. Резолюция бойынша Израилды кінәлі деп танылды. Бас Ассамлеяда құқық ветосы жүрмейтіні аян. БҰҰ-ның  Қауіпсіздік Кеңесінің резолюциясынан гөрі БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының резолюциясы міндетті емес, алайда ол әлемдік қоғамның ғаламдық оқиғаларға қатынасын көрсетеді. Резолюцияны 144 ел қолдап, 4 қарсы шықты (АҚШ, Израиль,Маршалл аралдары және Микронезия) қалған 12 қабылдауға қатыспады.

Бас Ассамблеяның маңызды  мәселе – салынып жатқан «қабырғалардың»  жасыл сызық бойынан асып кетуі, тіпті палестиналық территорияға еніп, Шығыс Иерусалимді қосып алатындығы келіспеушілік тудырды.  Израилге таққан кінәға премьер-министр А.Шарон «қабырғаны террор құрды», яғни қорғану қабырғасы бұл израиль-палестина арасындағы конфликтің шешуіне, уақытша террористік қанаушылықты тоқтата тұруға бағытталған уақытша қадам ретінде түсіндірді[24].

2004 жылдың 23 ақпанында Халықаралық сотта он бес судя мәселенің бір жақты палестиналық және арабтық көзқарасын тыңдады. Бірінші отырыс Палестиналық Ұлттық Әкімшіліктің сөз алуымен басталды. Палестинаның елшісі Н. аль-Кидва кезінде халықаралық қауымдастықтарды Израилге санкция қолдануға шақырғанын атап өтейік. Араб Елдері Лигасының басшысы А.Мұса өзінің сөзінде қабырға тұрғызылған күннің өзінде палестиндықтар өзінің Батыс жағалауындағы 40% жерін жоғалтады. Бұл жалпы құқықтық нормалардың ашық түрде бұзылуын айтты[25].

Палестиндықтардың есебінше, екі ел арасында қабырғаның тұрғызылуы «Таяу Шығыстағы сионистік бөтеншіліктің» орнауы. Сонымен қатар, Израилдықтардың осы аймаққа өтуіне шектеу қоятыны анық. Палестин үкіметінің пікірінше Израиль Халықаралық сотқа байкот жариялауға шешкен себебі Израиль өзінің расизмдік бағыттағы позициясын ақтай алмағандықтан деп түсіндірді.  Палестин басшыларының бірі С.Эрикат ойынша, бөлу қабырғасы – Буштың Палестин елін құру жоспарын израилдың әдейі әрекеттер арқылы бейбітшілікті жою және «Жол картасын» құрту. Палестиндықтар бөлетін қабырғаны «жасыл сызық» бойымен Израиль территориясында салуға қарсы емес екендерін жария етті.

Сонымен қатар, Паслестинаның  Ұлттық Ассамблеясы егер де израиль  қабырғаны салу жоспарын жалғасытратын  болса, өз тәуелсіздіктерін жариялатынын айтты. Бірақ та  осындай кішкентай елдің өз тәуелсіздігін алған жағдайда қоршалған территорияның батыс жағалауында орналасқан еврейлердің әрі-бері көшіп жүруін елестетіп көру өте қиын (Батыс жағалауда 75 ауданда 300 мың еврейлер қоныстанған).

Палестина – Израиль  мәселесін шешуге жиналған «квартеттің» ұстанымары қарама-қайшы әрі толық анықталмаған еді. Евроодақ болса бұл Таяу Шығыстағы мәселені шешу жолы – әр түрлі көзқарастары бар елдерді қосылуын қолдады. Мәселенің шешілуіне белсенді түрде қатысқан АҚШ бұл әрекетті қолдайды, бірақ тікелей немесе жанама түрде мәселенің ушығуына итермелейді (екі елді бөлу қабырғасы туралы сияқты мәселелерде). Ал БҰҰ-ның қабылдаған резолюциясы Иерусалимның статусын анықтауға қиындықтар туғызды.

Шешім шығаруға негіз  болған БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің 242, 338, 1397, 1515 резолюциялары болды. Шешім бойынша Таяу Шығыс мәселесіне байланысты халықаралық конференция шақыруға және мәселені қызығушлық танытқандармен, соның ішінде Иран мен Сирияны қоса шешімге келуге келісті.

Аймақтың барлық елдерін  қоса бұл мәселені шешу түпкі мақсат болды. Сонымен бірге Таяу Шығыста әскери қауіпсіздік, ядросыз аймаққа айналдыру басты мақсатқа айналды[26].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

     Сонымен,  өкінішке орай, бұл проблеманы  шешу әлі де болса тығырыққа  тіреліп отыр. Алайда, Махмуд Аббас пен Ариэль Шарон арасында бейбіт келісімге қол қойылды, яғни проблема кішкене де болса орнынан жылжыды, әлемдік қауымдастық оны бірден “Израиль-Палестина қарама-қайшылығындағы жаңа бейбітшілік кезеңінің басталуы деп белгіледі”.

    Сондықтан, бейбіт палестина-израиль қатынастары көбісі ойлайтындай, соншалықты алыс тұрған арман немесе қол жетпес сағым емес. Бұрыннан бері адамдардың саналарында қалыптасып қалған “палестиналықтар-террористер”, “арабтардың мақсаты-Израильді жою”, “оны суға лақтыру”, ал “Израиль агрессияның қайнар көзі” деген ойлардан бірте-бірте арылу қажет, екі жақ та бір-бірінің аргументтерін, көзқарастары мен ойларын тыңдап, түсіне білу керек.

     Сонғы уақытта  көбейіп кеткен ислам фундаменталистері  де бір жағынан бұл мәселенің шешілуіне кері әсерін тигізіп отыр. Радикалды бағытты ұстанып отырған олар үнемі Израильмен қандай да болсын копромиссті шешім жасау әрекеттеріне қарсылықтарын білдіріп отырады.

     Израиль  де осыған ұқсас жағдай қалптастырды, яғни Иордан өзенінің батыс жағалауында тұратын еврей халқы үкіметке бағынбай, мекендерін тастап кетуден бас тартып отыр. Ал, олардың Израильге оралуы Израиль қоғамында шовинистік, антиарабтық және ең алдымен антипалестиналық сезімдерді күшейте түседі.

     Жалпы осы  Таяу Шығыс мәселесі пайда болғалы бері бүгінгі күнге дейін дамуында екі негізгі проблема туындады және қазір де бар. Олар: Палестина босқындарының проблемасы және Иерусалим проблемасы.

      Осы  екі мәселе шешілсе, Таяу Шығыс  аймағында бейбітшілік орнауы  мүмкін.

     Ал, осы  жерде біраз біздің мемлекетімізбен  байланыстырсақ, халықаралық қатынастар  субъектісіндегі тәуелсіз еліміздің  алдындағы келелі міндеттерінің  бірі-әрине халықаралық қатынастардың  бүгінге дейінгі қалыптсқан тарихын  дұрыс пайымдап, объективті тұрғыдан жаңаша зерделеу. Қай мәселе болмасын, батыстық, американдық немесе орыстық ең негізгі түсінік-пайымнан гөрі, қазақтық көзбен немесе “терезеден” қарау қажеттігі күннен-күнге артып келеді. Жалпы, әлемдік қауымдастықтың тарихын парақтай келгенде,  XX ғасырдағы маңызды оқиғалардың бірі осы-Таяу Шығыс мәселесінің пайда болуы.

     Қазіргі  таңда ғаламдану, халықаралық  терроризм, мемлекеттер арасындағы  конфликтілер деген сияқты күрделі  мәселелердің алдын алу алу  және оны тиімді жолмен шешу  үшін тарихқа жүгінген өте маңзды болып табылады. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей, “Жас мемлекеттің дипломатиясын нығайтуға үлес қосатын, сыртқы саясаттың қыр-сырын білетін білгір мамандарға ділгір болып отырғанымыз”.

     Қорытындымды  Палестинаның ұлттық қозғалысының көрнекті қайраткері Абу Мазеннің сөздерімен аяқтағанды жөн көріп отырмын: “Біздің халық мінген поезд 100 жыл келе жатыр және ол маңызды станцияларда тоқтап келеді. Бір жолаушылар шықса, басқалары керісінше отырады. Ал, біздің поезд бірде жылдамдықпен жүреді, бірде мүлдем тоқтап қалады. Кейде біз компас жоғалтқан және жолдан адасып қалған кеме жағдайында болдық. Оның жолаушылары тұрақты және тыныш жерге түсе алмады. Біздің халық төрт көтерілісті және бес соғысты басынан кешірді. Олардың кейбіреулері бірінен кейін бірі басталып, қатысушыларға демалатын мүмкіндік бермеді. Аталарымыз тұрақтылық пен тыныштықта өмір сүре алмады, олардың немерелері адам сияқты өмір рахатын көрмеді, бірақ олардың барлығы да армандары үшін күреседі. Олар ешқашан жарқын болшаққа деген сенімдерін жоғалтқан жоқ және бір ұрпақ оны екінші ұрпаққа беріп тұрады”.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1 Демченко П. Арабский Восток в час испытаний.-М.,“Изд. полит. лит.”, 1967

2 Резолюция Генеральной Ассамблеи ООН № 181 от 29 ноября 1947 г.// http://www.un.org/ru/documents/

Информация о работе Араб - Израиль соғысы