Ұжым- тәрбие құралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Июня 2013 в 11:18, реферат

Краткое описание

1999 жылы 7 маусымда ҚР “Білім туралы” заңы қабылданды. Заң білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың төмендегідей негізгі қағидаларын орнатты.
1. Қазақстан Республикасының азаматтары – білім алуға тең құқылы.
2. Әрбір азамат үшін интелектуальдық дамуы мен психо-физиологиялық және жеке бастарының қажеттілігіне сәйкес, білімнің барлық саласының қол жетерлік болуы.
3. Білімнің зайырлылығы.
4. Жеке тұлғаның білімінің және дарынының дамуына жағдай жасау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Балалар-ұжымын-қалыптастыруға-қажетті-мұғалімнің-кәсіби-маңызды-сапаларын-қасиеттері-анық.doc

— 521.00 Кб (Скачать документ)

Пионер және комсомол үйымдарында тағы да екі бригада  — жас овощ өсірушілер ,мен жас бағбандар бригадасы бар. Олардың қарауында тәжірибе учаскесі, бақ, омарта, овощ пен бақ өсіруге арналған еңбек қүралдары болады. Комсомол және пионер ү-йымда-рының тағы да бір шағын еңбек коллективі — бағалы органикалық   тыңайтқыш — қарашірік   дайындайтын бригадасы болады.

Пионер жөне комсомол ұйымдары кептеген мате-риалдық игіліктердің иесі болып табылады. Олар оқу-тәжірибе учаске^і мен бақтың өнімін сатудан  түскен қаржыларға билік етеді. Мектеп оқушылары овощты, жеміс ағаштардың көшеттерін өздері сатады, ал аңша-сын мектеп бухгалтериясына өткізеді,   онда арнаулы есеп-қисап    жүргізіледі.    Әткізілген    металл  сынығы үшін, дәрі-дәрмек жасайтын өсімдіктер және т. б. үшін түскен   ақшаны   да   осыған   еткізеді. Жыл    бойында едәуір ақша  жиналады. Ақшаны неге  жұмсайтынын (экскурсиялар   жасау, музыка   аспаптарын   алу және т. б.)  комсомол комитеті  мен пионер  дружинасының советі шешеді. Комсомол үйымында коллективтік қар-жыдан материалдық көмек көрсетілетін бір немесе екі тәрбиеленуші — төменгі   жастағы   балалар қашан да болып тү-рады. Материалдық істер мен өзара көмектегі дербестіктің арңасында, пионерлер мен комсомолецтер-дің болуы мүмкін емес.

Оңырманда: комсомол және пионер ұйымдарында материалдық  жане шаруашылық істерді тапсыру  дұ-рыс болар ма екен?—деген ой тууы мүмкін. Мүмкін, шаруашылық істер үшін мектептің арнаулы ұйымы — оқушылар комитетінің болуы керек шығар? Тәрбие жұмысын дүрыс жолға қойған жағдайда, комсомол және пионер ұйымдарының мектеп коллектаві өмірінің барлык, өрісін қамти алатындығын көп жылғы тәжіри-бе дәлелдеді. Иә, сонымен бірге коллективтің идеялық, еңбек өмірін коллективтің ауыр еңбекпен келген мате-риалдық игіліктеріне иелік ету правосынан ажыратуға бодщйды.

Халық педагогикасы: бала ыдыстан тамақты ңа-сыңпен алып, аузына апаруды үйренген сәттен бас-тап, ол жұмыс істеуге тиіс деп үйретеді. Бұл даналың ережені біз азаматты, патриотты қалыптастыру сияңты тәрбиенің нәзік өрісінде жүзеге асыруға тырысамыз. Адам, коллектив, қоғам үшін, болашаң үшін істелген еңбек — моральдьщ сананың, моральдың сөзімінің, әсі-ресе жеке абырой мен намыс сөзімінің ең маңызды қай-нар көзі. Балалык, шақта, бозбалалың және жастык, шаңта еңбек рухани ңажеттілікке айналған кезде ға-на, өзін-өзі, өзінің атына, өзінің семьясының арына маңтаныш ету сөзімі адамдар үшін еткен еңбек қуаны-шымен сабаңтас болған кезде ғана — тек осындай жағ-дайда ғана ең ңымбатты нәрсе — туған жер, Отан, ха-лық тағдыры, оның болашағы жас азаматтың рухани өміріне енеді. Әрбір адам үшін азаматтың абырой мен мақтаныш туған селомен немесе туған ңаламен — дү-ние есігін ашқан, түңғыш, ұмытылмас балалың шат-тыңты, басңа адамдармен қатынас жасау шаттығын бастан кешірген, жүрекке ңымбат сөзілетін мүйіопен байланысты. Біз мынаған жетуге, әрбір кемелденген азамат, өзінің балалық Шағын өткізген ңымбатты мүйіспен ү.шырасқан кезде, маңтанышпен, жүрек тол-ңытар сөзіммен: «Міне бұл менен бұрын болмаған еді, міне бұл менің қолыммен жасалған, міне мынау жерде менің ең бақытты күндерім өткен еді, өйткені адамдар-мен қатынас жасау оияқты теңдесі жоқ шаттық сөзімі тұңғыш рет маған осы арада пайда болған...» деп ой-лайтындай болуға жетуге тырысамыз. Өзінің балалық шағында біздің әр түлегіміз материалдық ңүндылыңтар жасауға қатысады, бұл материалдьщ қүндылықтар адамдарға ондаған   жылдар,  тіпті   мүмкін,   жүздеген жылдар бойы  қызмет  ететін болар.  Ңырыңқа келген өйелдер мен еркектер село шетіне келіп, балалык, шақ-тарында отырғызған тоғайға сүйсінер. Адам өзі жөнін-де әлденеше ұрпақтың жүрегіне жақсы ескерткіш қал-дырады — ол нағыз азамат қана больш қоймайды, со-нымен бірге өз балалары мен немерелерінің нағыз тәр-биешілері де болады. Отыз жастағы әкелер мен аналар өз балаларын мектепке алып келгенде, оларға Адамға арналған Жүзімдікті маңтанывдпен көрсетеді, оны со-ғыстан кейін әлденеше жыл өткен соң олар өз қолда-рымен отырғызған. Мүнда күшті тамақты қажет ететін қарттар мен сырқат адамдар үшін, кішкентай балалар үшін жүзім өсіріледі. Адам үшін еткен өз еңбектеріне маңтаныш сөзіммен қараумен бірге, ата-аналар халық педагогикасының өсиетін   айтады: аталарың мен әке-леріңнің жасаған нәрсесін сақта, оларды еңбекпен қа-дірле. Егерде әрбір ұрпақ азаттық маңызы бар еңбекке араласпаса, бұл өсиет бос сөз болып қалар еді. Жүрек пен ойды ізгілікке бөлейтін еңбек адамды мейірімді де рақымды етеді. Отыз бес жылдың ішінде менің көзім мынаған кәміл жетті: моральдык, қү.ндылыңтарды үр-пақтан үрпаққа өткізу еңбектің берік негізі болғанда ғана,   өмірге жаңа қадам басқан ұрпақ бүрын жасал-ған құндылықтарды қадірлеген кезде ғана мүмкін болады.

2.2. Ұжымға педагогикалық тұрғыдан жетекшілк етудегі  мұғалімнің ролі

Оқушылар ұжымына педагогикалық  тұрғыдан басшылық жасау - маңызды іс. Мектеп оқушыларын өз бетінше жіберуге болмайды, олардың жеке өмірлік тәжірибелері шектеулі. Сондықтан ұжым қызметін бағыттап, оған жеке адамның қалыптасуына мүмкіндік жасайтын керекті және пайдалы істермен айналасуға көмектесу және оқушылардың дербестігі мен бастамаларын басып тастамай, олардың ісін шеберлікпе бағыттап отыру, ұжымдық қимыл мен жалпы тәжірибелерін жинақтауға көмектесу қажет.

Ұжымға педагогиалық басшылық бірыңғай талаптар қою, ұжым жұмысының басты бағытын анықтап, бірлескен істі тәртіпке келтіруге, қоғамдық дұрыс пікір туғызуға көмек көрсету жолымен жүзеге асырылады.  Бұл басшылық дербестікті дамытумен, олардың пайдалы бастамаларын, әрекеттерін мадақтаумен ұштастырып отыру керек.

Мектеп директоры мұғалімдердің  күш жігерін ұжымдық ой үшін біріктіре  алатындай болғанда ғана, оны шығармашылық жұмыста дамытудың жолын тауып  көрсете білгенде ғана, ең бастысы  мұғалімдермен бірлесе отырып оқу тәрбие процесінің байлықтарын жинақтай білгенде ғана педагогикалық ұжымның ұйымдастырушысына, қамқоршысына , жетекшісіне айналады. Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келесі мәселе сапалы білім беріп, ғылымды дамыту. Осы орайдағы білім ордасы-мектеп, ал мектептің жаны – мұғалім екендігі баршаға мәлім. Ахмет Байтұрсынұлының “Мектеп керектері” еңбегінде былай делінген: “Мұғалім қандай болса, мектеп  те дәл сондай болмақшы. Яғни мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Мектепке керегі-білімді, педагогика-методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін - мұғалім”

Ұстаз киелі мамандық. Адам тәрбиелеу, оған ғылым негіздерінен мәлімет беру, баланы өмір сүруге үйрету - өте қиын шаруа. Бұған Елбасының білім және ғылым қызметкерлерінің екінші сьөзінде “Болашақты еңбек етіп сүретіндер- бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да , ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр” деген сөзі дәлел. Оқушыларды Отан сүюге, адамдыққа, адами тазалыққа, ізгілікке баулу - ұстаздың басты парызы. Ол үшін мұғалім қазіргі заманға лайық өзінің білім беру ісінде рухани, шығармашылық ізденіспен жұмыс істеп, өмірге еніп жатқан жаңа технологиянымеңгерген, білігі мен білімі жоғары болуы міндет. Сонда “мектеп те, мұғалім де - бала үшін” қызмет етпек.

 Н.Ә Назарбаев: “Мұғалімдік  мамандық бұл адамтану, адамның  күрделі және қызықты, шымшытырығы  мол рухани жан дүниесіне үңіле  білу. Педагогикалық шеберлік пен  педагогикалық өнер- ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады”,- деп ұстаздық өнерге ерекше баға берген.

Педагогикалық жұмыста  мақсатты тәрбие ісі мұғалімнің тәрбиелік  қызметі арқылы іске асады. Педагог  ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, мұғалім мәдениеті мен шеберлігін, интелектуалдығын төмендегі бөліктермен анықтауға болады:

  1. Мұғалімнің сыртқы келбет мәдениеті.
  2. мұғалімнің өзін-өзі басқару шеберлігі.
  3. Мұғалімнің мимика мен пантомима ишараларының мәнерлі негіздері.
  4. Мұғалімнің мәдениеті, әдебі,ғ сөйлеу шеберлігі, шешендік қасиеті, демалу, дауыс дикциясы, интонациясы.

    Балаларды  оқыту мен тәрбиелеу жалпы  әдеп атаулыны педагогикаға біріктіріп  пайдаланудың өзі педагогтық  әдеп болып табылады. Әдепті мұғалім  ересектерден гөрі сақ және  ықыласпен сөйлеседі.Педагогтың әдебі-ілтипаттылық, сенім білдірушілік, әділдік, төзім мен сабыр сақтау. т.б қасиеттерімен өлшенеді. Сондықтан да ұстаз ұрпақ тәрбиелеудегі қоғам сенген адам. Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин: “Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені жақсы мұғалім-мектепің жүрегі”,- деген. ХХІ ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар:

  • біріншіден, мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет;
  • екіншіден, мұғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс;
  • үшіншіден, мұғалім білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуге, оқушыны баулуға міндетті;
  • төртіншіден, мұғалім-педагогикалық үрдісте баламен ынтымақтаса қызмет ету керек;
  • бесіншіден, педагог әр уақытта өз білімін толықтырып, шығармашылығын арттырып отыруға міндетті немесе француз педагогі Жубер айтқандай “оқыту деген сөз екі есе оқу”

Ұстаздың кәсіби шеберлігін шыңдауға педоқулар, ғылыми-әдістемелік  семинарлар, байқаулар, олимпиадалар, шығармашылық есеп, көрме, кештер, іскерлік ойындардың беретіні көп, бұл ұшқыр ойлы, жаны таза, қисынды ойлай білетін дара тұлғаларды тәрбиелеуде көмегін тигізу еді. Жас баланың мінез-құлқының дұрыс қалыптасып, таным түсінігінің кеңеюі осы алғашқы сынып жетекшісіне тікелей қатысты. Жас шыбықты қисық отырғызсаң- қисық, түзу отырғызсаң – түзу өсетіні сияқты, сынып жетекшісінің де қызметі де бау өсіретін бағбанның еңбегімен пара-пар. “Ұстазы жақсының ұстамы жақсы”,  “Шәкіртіне қарап-ұстазын таны” деген асыл сөздер тап осы сынып жетекшісіне арналып айтылған десек қателеспейміз. Яғни, бала тәрбиесіндегі, әсіресе әрбір сынып оқушысын жан-жақты білімділікке дағдыландырудағы басты тұлға- сынып жетекшісі. Сонымен сынып жетекшісінің бала тәрбиесіндегі рухани сәулеткер, бағбан ретінде бағаласақ, оны отбасы, ошақ қасынан кейінгі ата-ана деуге болады. Өйткені әрбір сыныптағы әр оқушы сынып жетекшісі үшін өзінше бір ашылмаған құпия. Өз сыныбындағы әр оқушының мінез-құлқындағы ерекшелікті, жан-дүниесін, жанұядағы тәрбиені зерттей білмейтін сынып жетекші-ол құпияның кілтін таба алмайды. Әр шәкірттің тілін тауып, оның ішкі балалық жан-дүниесін ұғынбаған сынып жетекшісін оқушы тез ұмытады. Сынып жетекшісі оқушысының қыр-сырын нақ осы кезеңде жетік білу керек. Өкінішке орай, кейбір сынып жетекшілерінің немқұрайдылығынан, яғни өз шәкіртінің мінез-құлқындағы ерекшеліктер мен оның зейін-қабілетін зерттеуге мән бермеуінен бала тәрбиесінде үлкен олқылықтар орын алады. Әрбір пән мұғалімдерінің салғырттығы қосылып, оқушының сабаққа ынтасы мен зейінін нашарлартады да, “Тәрбиесі қиын оқушылар” қатары көбейеді. Ал “қиын ” оқушының тәрбиесіне ең алдымен “сынып жетекшісі” жауапты. Себебі әрбір сыныптағы жоспарлы тәрбие жұмысын жүргізетін тек сынып жетекшісі. Сынып жетекшісі , пән мұғалімдері және ата-аналарымен, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарымен тығыз байланысты жұмыс істейді. Оқушылардың сабақ үлгерімін, тәртібін, мінез-құлқындағы өзгерістерді үнемі зерттеп, біліп, шәкірті қиналып жүрген сәтте оның жанынан табылып, көмектесіп, үнемі ақыл-кеңес беріп, оған ізгіліктіқасиеттерді үйретуден жалықпаған сынып жетекшісін ғана нағыз бала жанының бағбаны деуге болады. Шәкірт сүйіспеншілігіне бөлініп, оның жүрегінен орын тапқан сынып жетекшісін оқушы есейіп, азамат болған шағында да ұмытпай “менің сынып жетекшім ” деп құрмет тұтады. Шәкіртін  өнер-білімге баулып, адамгершілік ізгі қасиеттерді сіңіре білген сынып жетекшісі оның өмір бойғы ақылшы досына, сенімді сырласына айналды. Есейіп кетсе де, өмірдің қиын-қиын қырларынан асарда сынып жетекшісіне келіп, ақыл кеңес алады, ұмытпайды. Ұстаз еңбегінің ұлылығы да осында жатса керек.

Жақсы тәрбиешіден тәрбие алған оқушы да, шәкірті жақсы  сынып жетекшісі де бақытты. Ұстаз  бақыты да осындай еңбекпен өлшенеді. Тәлімі мен тағлымы мол сынып  жетекшісі тәрбиеленген шәкірттер  өздері ата-ана болғанда “шіркін-ай, сендердің ұстаздарың менің сынып жетекшім сияқты болса ғой” деп үлгі тұтады. Бұл ұстаз еңбегінің жанғаны, жемісті еңбектің жемісі.

Мектеп мұғалімі жас  ұрпаққа білім беріп қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Әр оқушының ғылыми-материалистік дүниетанымын және моральдық бейнесін қалыптастырады. Тәрбие жұмысын бір бағытқа салып, оқушыларға қойылатын талаптардың бірлігін қамтамасыз ету сынып жетекшісінің негізгі міндеті болып табылады. Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері мыналар:

  1. Өз сыныбындағы оқушылардың талап-тілектерімен мүдделерін және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу;
  2. Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан, жұмысқа икемді ұжым етіп, ұйымдастыру;
  3. Оқушыларға арналған ережелердің талаптарын түсіндіру арқылы жауапкершілікке тәрбиелеу;
  4. Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасау;
  5. Оқушылардың оқуын тастап кетпеуі үшін алдын-ала тиісті шаралар қолдану;

Оқушылар арасында сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру. Мұғалім  өз сыныбындағы оқушылардың ерекшеліктерін, қабілеттері мен зейінін, интелектуалдық даму деңгейін ескеріп, оларды “Дарын”, “Іскерлер”, “Шеберлер”, “Ептілер” атты 4 топқа бөліп жұмыс жүргізуге болады.

 

 “Дарын” тобына  әсіресе табиғи дарыны мол,  жаратылысынан музыкаға, поэзияға  бейім оқушыларды топтарстыруға болады.

Ал, “Іскерлер” тобына іскер, белсенді, қоғамдық жұмыстарға аса  жауапкершілікпен қарайтын оқушыларды топтауға болады. Сондай-ақ “Шеберлер” тобына  бес саусақтарынан өнер тамған қылқалам шеберлерін жатқызып, “Ептілер” тобына епті де күшті, спортқа қабілеті бар шымыр оқушыларды айтуға болады. “Оқушының жеке басының зерттеу- оңтайландырудың басты негізі”- деп оқушыларға педагогикалық зерттеу жүргізе отырып, мынандай сұраққа былай жауап берген:

  1. Зерттеудің мазмұнына қарайнақты бағдарламасыз түрі, яғни оқушының  оқу жағдайы (білімнің таяздығы, барлық оқушыға тән қателіктер, оқуға қатысуға т.б) бұл шеңбердегі бағдарлама .
  2. Зерттеу әдістері.
  3. Оны ұйымдастыру тәсілдері.
  4. Зерттеудің нәтижесін шығару. Оған жататындар: Сабақта, әңгіме үстінде бақылау: сауалнамалар беріп жауап алу.

Педконсилиум дегеніміз-оқушылардың  жеке басын терең зерттеу , яғни олармен  жүргізілетін оқу-тәрбие үрдісінің  жұмыстарының олқылықтары менжіберілген  кемшіліктерді жою үшін ары қарай  қалайша дұрыс жұмыс істеу  жолдарын белгілеу мақсаты мен мұғалімдердің ақылдасып, кеңестер берулері.

Мұғалім мен оқушылардың  өзара қарым-қатынастары- ересек адамдардың тәрбие ықпалының маңызды жолдарының бірі. Мұғалім негізінен мұндай қарым-қатынастарды ұйымдастыру және қолдануға біршама  даяр, ол оқушының істің негізгі өрісінде мектеп көреді, оның жолдастары мен жоспарын біледі. Бұл бір жағынан, араласу үшін көп материал береді, екіншіден педагогтың тәрбиелік мақсатына жетуіне әсер етеді. Себебі, оқушыларымен араласа отырып, шәкірттерге ықпалын тигізеді, олай болуы бұл проблемалардың көпшілігі оқудан, жолдастары мен араласудан, қоғам жұмысынан туындайды.

 Басқарудың демократиялық  стилінде мұғалім ұжымға сүйенеді, оқушыларды дербестікке ынталандырады.  Оқушылар ұжымдық өмір проблемалары  талқылайды да нәтижесінде белгілі бір талғамға ие болады. Мұғалім оқушылардың сын ескертпелеріне белгілі шыдамдылық көрсетіп, оларды түсінуге, олардың жеке істері мен проблемаларын жете түсінуге тырысады. Басқару стилі мұғалімнің оқушылар мен қарым-қатынас жүйесінің барлығына: мұғалімнің өз оқушыларын қалай қабылдатуына , шәкірттерінің келіспеушілігінің жиілігіне, балалар ұжымындағы психологиялық жағдайға әсерін көп тигізеді.

Зерттеу, оқушылар мен  тығыз қарым-қатынас жасауына қарай  мұғалімдердішартты түрде 4 топқа бөлуге мүмкіндік береді:

Бірінші топқа- балалар  мен тұрақты араласатын мұғалімдерді жатқызуға болады және бұл қатынас  оқытушының күнделікті тәлімгерлік  міндеттерінің шеңберінен анағұрлым  кеңейіп, қарқындылық пен сенімділіктің  үлкен дәрежесімен ерекшеленеді.

Екінші топқа- оқушыларға сыйластықпен қарайтын, олардың сенімі мен сүйіспеншілігіне ие болған мұғалімдер құрайды. Мектеп оқушыларының өзара ажырата алмайтын қиындықтар туған жағдайда, шәкірт осы педагогқа барады. Сонда қатынас шын көңілдік пен  сенімділік ең жоғары деңгейінде әдеттегідей өтеді.

Үшінші топқа- мектеп оқушылары мен жақын араласуға  жоқ мұғалімдерді енгізуге болады. Бұл әртүрлі себептермен өтеді. Біреуінің уақыты жетпегендіктен, екіншісінің  оқушылар олармен сенімді араласа  алмайтындығынан, себебі бұл мұғалімдер тәрбиешілік кейіп қана білдіреді: не оларға сеніп айтылған сырларды білмейді, не балалар оны жақсы көрмейді. Мұндай мұғалімдердің арасында айнымалы және демократиялық стильдер кездескенімен, басқарудың өктемдік стилі бар педагогтар көбірек ұшасады.

Информация о работе Ұжым- тәрбие құралы