Ұжым- тәрбие құралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Июня 2013 в 11:18, реферат

Краткое описание

1999 жылы 7 маусымда ҚР “Білім туралы” заңы қабылданды. Заң білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың төмендегідей негізгі қағидаларын орнатты.
1. Қазақстан Республикасының азаматтары – білім алуға тең құқылы.
2. Әрбір азамат үшін интелектуальдық дамуы мен психо-физиологиялық және жеке бастарының қажеттілігіне сәйкес, білімнің барлық саласының қол жетерлік болуы.
3. Білімнің зайырлылығы.
4. Жеке тұлғаның білімінің және дарынының дамуына жағдай жасау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Балалар-ұжымын-қалыптастыруға-қажетті-мұғалімнің-кәсіби-маңызды-сапаларын-қасиеттері-анық.doc

— 521.00 Кб (Скачать документ)

Ал олардың ата-аналары  колхоздың мал фермасының тамаша қызметкерлері еді. Әр тоқсан сайын ферма коллективінде социалистік жарыстық қорытындылары шығарылып тұратын. Ал әр жолы біздің тоғызыншы класта оқитындардың ата-аналары үлгілі колхозшылар ретінде аталып өтетін, олардың есімдері құрмет тақтасына жазылатын, олар сыйлықтар алатын. Колхоз партия ұйымының секретарымен ақылдаса келіп, біз былай деп шештік: біздің жалқаулар өздерінің ата-аналарымен бірге тоқсан сайын өздерінің үлгерімі жайында ересек еңбеккерлер алдында - жұртшылық алдында есеп беретін болсын. Нәтижесі таң қаларлықтай болып шықты. Колхоздағы өндіріс жұмысы мен мектептегі оқу ісін адамдардың бір дәрежеге қою фактісінің өзі жастарды олардың өзі кім, кім арқылы тіршілік етіп, оқу оқып жүр, деген ойды жете ойлануына мәжбүр етті. Тоғызыншы класс оқушылары мынаны түсінді: олардың партада отырып, алаңсыз оқуға мүмкіндік алу себебі олардың әрқайсысы үшін бірнеше ересек еңбеккер адам жұмыс істеп жүргендіктен ғана екен. Біздің екі жалқау өмірді бейне бір шын мәнінде тұңғыш рет көргендей болды. Жастар өздерінің қалай болса, солай оқуға правосы жоқ екенін түсінді, олардың ынта салып оқуы, қиыншылықтарды жеқуде табандылық көрсетуі - олардың азаматтық борышы екен.                                                                             

Бұл біз үшін тәрбие жұмысындағы өзіндік ерекше тапқырлық болды. Бір ғана тапқырлықпен, әрине, мақсатқа жете алмайсың, ғылыми тұрғыда негізделген жүйе қажет, жақсы ой және оны ұзақ уақыт бойына жоспарлы түрде жүзеге асыру қажет. Алайда тапқырлықтар жасаудың бағалылығы мынада: бұлар, бейне бір найзағайдың ұшқынындай, басқа көп нәрсені көруге, бағдарлауға жәрдемдеседі. Жоғарғы класс оқушыларын бір беткей күштеу және бақылау амалдарын күшейту арқылы оқытуға болмайтындығын, қайта әр түрлі нәзік талаптар арқылы оқытуға болатындығын біз түсіндік. Ал солардың арасында коллективтің және жеке адамның идеялық-азаматкерлік сенімдерінің қа-лыптасуы бірінші кезекте тұрады.

Идеялық-азаматкерлік сенімдерді эпизодтық құралдармен, жастар мен аға ұрпақтың арасындағы қатынастарды шиеленістіретін оқиғалар құрумен, кейінгі ұрпақтың дға ұрпақ алдындағы борышы туралы моральдық ақиқат барынша айқын туындайтын оқиғалар құрумен қалыптастыра алмайсың. Тәрбиелеуші ықпалдың ұзақ мерзімді, берік жүйесі қажет.

Мұндай ықпал жүйесі туралы бізде белгілі бір ұғым қалыптасты.

Мектептегі бүкіл оқу жылдары бойында оқушыға ғылымдардың негіздері туралы ғана білім беріп қоймау керек. Ең алдымен оны өмір сүруге, тұрмыстың ең маңызды даналығы — азаматтыққа үйрету керек. Мектеп табалдырығын аттаған және азаматтық кәмелетке жеткенге дейін біздің тәрбиелеуші ықпалымызда болатын адамға беретін біздің білімдерімізде адам-азамат туралы, оның асыл моральдық биігіне негіз болып қаланған идеялардың ұлылығы мен ізгілігі туралы білімдер бірінші орында тұруы тиіс. Азаматтық ерлік туралы кітап оқу тәрбиеленушінің өміріндегі ең бақытты сәтке айналуы тиіс, адамның нағыз сұлулығының - азаматтық сұлулықтың сәулесі-оның жолын жарқыратып, оның дүниені азаматтың көзімен дұрыс көруіне көмектесуі тиіс.

Біздің мұрат - күрескер-коллектившілді, коммунистік асыл вдеялар жолындағы күрескерді тәрбиелеу. Біздің тәрбиеленушілеріміздің қылығындағы тазалық пен игілік, жауласушы идеологияға, бейсаясаттыққа, жайбарақаттыққа, өтірікке, алдауға, жалқаулыққа, адамның намысын қорлаушылыққа олардың келіспеу-шілігі мен төзбеушілігі — осының бәрі жас жігіттер мен қыздардың адамның ұлы намысымен - азаматтықпен қаншалықты рухтандырылғанына байланысты.

Идеялық-азаматкерлік сенімдердің  қалыптасуы адам азамат туралы білімге  ой жүгіртуден, оның азаматтық ерлігіне сүйсінуден басталады.

Адам-азамат туралы білімнің ақыл-оймен және жүрекпен қабылданып, бай, толык, мәнді өмірмен ұштастырылуы маңызды нәрсе. Сенімдердің қалыптасуы ең алдымен адамдармен өзара қарым-қатынастарда, қоғамдық, идеялық қатысында, қоғам игілігі жолындағы қызметте жалғастырылып, нығая түседі. Коллективтегі идеялық-азаматкерлік қатынастар неғұрлым бай болса, соғұрлым әрбір тәрбиеленушінің жеке рухани өмірі толық құнды болады.

Өзіндік өмірдің бастапқы қадамынан бастап-ақ бала адамның өзара қарым-қатынастарын практика жүзінде танып біле бастайды. Адамның өзара қарым-қатынастар дүниесі өте күрделі. Мұның өзі ата-аналар алдындағы: семья өмірінің белгіленген және бекітілген әдет-ғұрып дәстүрлерін сақтау жауапкершілігі болып табылады. Мұның өзі мектеп коллективіндегі қарым-қатынастар: ережелерді, мінез-құлықты ретке келтіретін, адамның тұтыну қабілетін ынталандыратын, ал сонымен бірге оны тежейтін, адам мүддесін дамытатын ережелерді орындау қажеттігі болып табылады. Осы орталарда - семьяда, класс және жалпы мектеп коллективтерінде бала азаматтық тәлім алады. Бірақ осы өзара қарым-қатынастардың бәрі азаматтың әліппесі ғана, алғашқы қарапайым сабақ қана. Егер бала өзінің мінез-құлқында, мәселен, сабаққа кешігіп келмеу, класқа кірер алдында аяқ киімін сүрту, кезекшілік міндеттерін мұқият орындау, үйге берілген тапсырмаларды күн сайын орындап отыру сияқты талаптармен ғана шектелетін болса, онда ол азаматтың әліппесінен арыға бармайды.

Бізде азаматтық жетілмегендіктің жиі ұшырасатын себебі осыдан емес пе екен. Он төрт жасар жас өспірім, оның құрдастары бұдан алпыс-жетпіс жыл бұрын астыртын революциялық үйірмелерде патша самодержавиесін қалай құлатуды ойлаған - міне осы он төрт жасар жас жігіт өзін баламын деп есептейді. Оның атқаратын қызметі шынында да баланың қызметі; оның қоғамдық мүддесі класта гүлге су құюмен немесе мектепке бес килограмм металл сынығын (пионер вожатыйының талабы осындай) әкелумен шектеледі. Бізге мынадай бір оқиға мәлім: комсомолға кіруге әзірленіп жүрген он бес жасар пионер, өзіне Вьетнамда болып жатқан оқиғалар жөнінде октябряттарға әңгіме айтып беру тапсырылған кезде, жылап жіберіпті.

Азаматтық жетілмегендік  интеллектуалдың ынталардың шектелуіне әкеліп соқтырады. Мұның себебі адамның бала жасынан бастап-ақ қоғам өміріне тікелей қатысатындай өзара қарым-қатынастарының болмауына байланысты екендігіне біз кәміл сенімдіміз. Біз өзіміздің практикалық жұмысымызда коллективтік өзара карым-қатынастарды былайша құруға тырысамыз: әрбір тәрбиеленуші өзін қоғам өміріне белсенді қатысушымын деп сөзінсін, жоғарғы және ең жетілген, ең күрделі және нағыз талап қоя білетін коллективпен - қоғаммен, халықпен, Отанмен бетпе-бет келсін.

Ал осыған қалай жету керек, осындай өзара қарым-қатынастар жағдайында тәрбие беру процесінің мөні неде болмақ?

Кез келген өзара қарьш-қатынастар негізі — ол еңбек, белсенді ңызмет, творчество. Сөйтіп, педагогтардың міндеті мынада: тәрбиеленушілерді олардың мектептегі өмірінің бастапқы күндерінен бастап мынадай қызметке тарту керек, бұл қызметте адам ез басының тәжірибесінен қоғамға нендей де бір елеулі, қажетті нәрсе істеп жүргендігін, бұл жұмыс әрбір жеке адамға және коллективке қуаныш, мақтаныш әкелгендігін білетіндей болуы керек. Жеке адамның қоғам алдындағы және өзінің ары алдындағы тәртібі, жауапкершілігі осыған байланысты болады. Өздерінің өмірінде бірден-бір шаттық-тұтыну шаттығы үстемдік алған кезде, мұндайда нәуетек және салдырсалаң индивидуумдар қалыптасады.

Қандай жағдайда болсын, біздің отанымыздың кез-келген түкпірінен адам мен қоғам қатар тұратындай коллективтік қызметке орын табылады. Село мектебінің (атап айтқанда, біздің Павлыш мектебінің) жағдайында мұндай жұмыс табу оп-оңай — айнала түгелдей колхоздың кең егіс алқабы, біздің балаларымыз өздерінің әкелері мен аталарының ауыр еңбегін жастайынан көріп өседі, оған бар қадарынша қатысады.

Мектеп өмірінің бастапқы күзінде бастауыш кластардың мұғалімі өздерінің түлектерін егістіктің шалғай шетіне алып барады. Балаларға мынаны көрсетеді: кең құнарлы егістік жерде кішігірім ор пайда болыпты: «Қараңыздаршы, балалар, мына ордың тереңдігі қазір қандай, ол көктемде қандай болмақ». Балалармен бірге көктемде осы араға қайта келеді. Көктем суы орды едәуір терендетіп жіберіпті - одан енді трактор да өте алмайды. «Мінекей, балалар, көз алдарыңызда, біздің ең қымбат байлығымыз — құнарлы жер құрып барады. Бұл — халың байлығы. Егер біз оны сақтап қалмасақ, ол біржола құриды. Ал сіздер, балалар, әлі кішкентай болсаңыздар да, осы байлықты сақтауға кірісе аласыздар».

Осы сәтте балалардың ойында азаматтық сананың алғашқы  ұшқыны тұтанады, олардың алдынан адам баласының баға жетпес байлығы — халық үшін еңбек есігі ашылады. Бүгінгі бұл еңбек өте қарапайым және әдеттегі еңбек болуы мүмкін: балалар көшет отырғызуға әзірленіп, күрекпен ұралар қазады, топыраққа тыңайтқыш салады, жерді суарады. Міне осылайша бірнеше жыл істейді - бәрі де қарапайым және біркелкі. Бірақ бұл жалықтыратын дене жұмысы емес, жоқ! Бұл жұмыс сөздің толық мәнінде творчестволық жұмыс, өйткені оны атқарып жүрген адйм өзін жасампазбын деп сөзінеді. Өйткені ол бұдан үлкен ләззат - адам үшін бақыт жасау ләззатын алады. Өйткені бұл сөзім тәрбиеленушілерді коллективке біріктіреді. Балалар, Н. К. Крупская үйреткен-дей, коллектив болып күйініп-сүйінген кезде, коллектив болып қуанған, коллектив болып толғанған кезде ғана, сонда ғана коллективтік жайсаң өмірді басынан кешіреді. Егер бала қоғамдық жасампаз іске қатысушы болғанда ғана зор шаттықты сөзінеді.

Егер адам қоғам өміріне, оның дамуына өзінің қатысқанын сезсе, ол адам үшін тек материалдық игіліктер жасап қана қоймайды - ол өзін де жасайды. Аза-маттық рух айқын бейнеленген жұмыстан шынайы өзіндік тәрбие басталады. Ал өзіндік тәрбие - бұл тәрбие ісіндегі әлдеқандай бір көмекші нәрсе емес, қайта оның мықты ірге тасы. Егер адам өзін өзі тәрбиелемесе, оны ешкім де тәрбиелей алмайды.

Жылдар өтіп жатты, ағаштар өсіп, топырақ эрозиясын тоқтатты, ондаған гектар құнарлы жер құрып кетуден аман қалды. Творчестволық ауыр еңбек бірте-бір-те оқушының рухани өміріне осылай ене бастайды. Бірнеше жылдар бойы бірге қатар жұмыс істеген әрбір адамды оқушы өзінің досы, жолдасы санайды, ал, бір пікірлес деп санаса, тіпті жақсы. Қоғам үшін творчестволық жұмыс істеудің арқасында адам балалық және бозбалалық шағының өзінде-ақ қоғамдық асыл мүдделерді танып біледі. Ол өзінің ақыл-ойымен және жүрегімен ақиқаттың ұлы мәнін, тәртіптіліктің, еңбек сүйгіштіктің, адалдықтың жоғарғы өлшемі оның қоғамға деген көзқарасы болып табылатындығын түсінеді. Қоғам үшін жұмыс істеудің арқасында, асыл мүдделерді танып білудің арқасында, адам балалық және бозбалалық шағының өзінде-ақ идеяларға — адам баласының жақсы болашағы жолындағы, елімізде коммунизм жеңісі жолындағы күрестің мәнін ашатын саяси ақиқаттарға деген өзінің көзқарасын қалыптастырады.

Адамның моральдық бейнесі, оның ой-санасы мен мінез құлқының бірегейлігі, қоғамдық қызметі, қоғам, халық, коллектив алдындағы жауапкершілікті түсіну -осының бәрі адамның ой-санасы мен жүрегінде қандай идеялардың барлығына, жеке өмірінде ол қандай идеялық ниетпен рухтанатындығына байланысты. Идеялық ниет — бұл адам сенімінің негізі.

Оқушының оқыған бүкіл жылдары бойына созылатын қоғаммен байланысы, уақыт өткен сайын күрделіленіп, әр түрлі формаларға ие болуы, сан қырлы қажеттіліктер мен мүдделерді дамытуы өте маңызды нәрсе. Пионер және комсомол коллективтерінің идеялық бірлігі, табандылығы, тұтастығы, тәртіптілігі ең алдымен бұл коллективтердің қоғаммен қандай жерде қатысты екеніне, олардың қоғам үшін не істеп жүргеніне, олардың жұмысы қандай идеялармен рухтандырылып отырғанына байланысты болатынын тәрбие жұмысының практикасы көрсетіп келеді. Коллектив пен қоғамның қарым-қатынасы жекелеген еңбек тапсырмаларын үздік-создық орындау арқылы болып қоймай, мақсаты айқын қоғамдық идеямен жарқырап көрінетін ұзақ, көп жылдық жұмыс арқылы болуы тиіс. Бүгін сіздің түлектеріңіз салтанатты жағдайда пионердің қызыл галстугін мойнына байлаған екен — нақ бүгін пионер коллективі азаматтың өмірдің келесі баспалдағына көтерілуіне қамқорлық жасаңыз. Өзіңіздің түлектеріңізбен бірге ең далаға барыңыз. Олар қолдарына күрек пен балға, шот алып, сол жерді тазартсын, жұрт үшін бақ жасасын. Сіздің түлектеріңіз коллективтік еңбек қуанышына бөленгенге дейін екі-үш жыл өтеді. Еңбек қуанышы - бұл өте нәзік гүл, ол көп тер төгіп, еңбек сүйгіштіктің құрметті белгісі — қол еңбектен күштенген кезде ғана гүлдейді.

156 Коллективтің тәрбиелік ықпалын орнықтыруда мінез-құлың сұлулығы туралы дұрыс түсініктерді қалыптастыру ісі айрықша маңызды роль атқарады. Бұл жөнінде ең дұрыс жол коллективтің - нағыз тәрбиеші, ал жеке адамның - тәрбиелі болуында, коллективтің рухани өмірінде ұят қылықтарға к,алай қарау проблемасы бірінші кезекке қойылмауы керек.

Бұл үшін іс жүзінде не істеу қажет? Мұны методикалық тұрғыда қалай жүзеге асыруға болады?

Коллектив — күрделі оркестр, онда әркімнің өз ас-пабы іболады,  сол аспашіен ойнайды.  Мінсіз  жатық оркестрде бірде-бір аспаптың үні үйлесімсіз істелмеуі тиіс. Мұның өзі әрбір адамның өзіне табиғат берген талабы ашылуға тиіс деген сөз. Әрбір тәрбиеленуші нендей де бірдеңемен әуестенген кезде, ол әуестенген ісінде оның игілікке, өз бойында адамды дәріптеуге деген ынталану сөзімі көрінген кезде ғана мінез-құлық сұлулығы жөніндегі мінсіз түсініктерді  жетілдіру мүмкін болады. Бұл проблеманы шешудің кілті мынада: балалар мен жас өспірімдердің ең негізгі әуестеніп жүрген істеріне кішкентай бір тамаша нәрсені қосып жіберу керек,  баланың,  жас  өспірімнің  рухани  өмірінде өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі жетілдіруге бағытталған іс болуы керек. Басқаша айтқанда, адамның ңызыққан, қалаған нәрсесі  зор ынталылықты,  ерік-жігер  қажырын талап ететін болса, міне осындай жағдайда мінез-құлық сұлулығы туралы мінсіз  түсінік жеке бастың құштарлығына, өмірлік бағытына айналады. Біз әрбір бала ақылымен, қабілетімен, белгілі бір табысымен, шеберлігімен,   еңбек сүйгіштігімен, кітапңа, еңбекке, творчествоға сүйіспеншілігімен, интеллектуалдың бай мүдделерімен, жайсаң жанымен, адамгершілігімен өзін көрсеткісі, өзі жөнінде білдіргісі келсе екен дейміз. Адамның көз алдында оны мақтанышқа бөлейтін, дәріптейтін іспен әуестену,- адамды жәбірлейтін барлық пасық, ұят қылықтардан сақтандырудың жақсы жолы.

Біздің тәрбиелік маңсатымыз-баланың, жас өспірімнің мінез-құлңын оның ақылды болуға талпыну ынтасы жетелеуі үшін, оның ғылымды, оқуды мектепті сүюі үшін:  білім алу, кітап оқу, интеллектуалдық жағынан баю ол үшін басты шабытқа, басты мүддеге айналуы үшін күш салу болып табылады.

Адамның ынталануымен және мүдделігімен, ақылдылығымен, білімімен  көрінуі - өз қабілетін, бейімділігін сезінумен және оның қалыптасуымен байланысты тәрбие процесінің күрделі проблемасы осы болса керек. Тәрбие жұмысындағы көп жылғы тәжірибе мынаған менің көзімді кәміл жеткізді: бейімділік едәуір жағдайда адамның балалық және әсіресе бозбалалық шағындағы оның мінез-құлқына байланысты болады. Егер мінез-құлық адамның ақылды, жетілген, кемеңгер боламын деген тілегімен үйлесімді байланыста болса, онда нақ тілек адамды интеллектуалдық толымды бай творчестволык, жұмысқа жетелейді. Бейімділік - бұл адамнан тыс қайдай да бір абстракт күш емес; бұл оның ішкі рухани күштерінің, оның көру, түсіну, өзін-өзі тәрбиелеу қабілетінің көрінісі.

Информация о работе Ұжым- тәрбие құралы