Ұжым- тәрбие құралы
Реферат, 16 Июня 2013, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
1999 жылы 7 маусымда ҚР “Білім туралы” заңы қабылданды. Заң білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың төмендегідей негізгі қағидаларын орнатты.
1. Қазақстан Республикасының азаматтары – білім алуға тең құқылы.
2. Әрбір азамат үшін интелектуальдық дамуы мен психо-физиологиялық және жеке бастарының қажеттілігіне сәйкес, білімнің барлық саласының қол жетерлік болуы.
3. Білімнің зайырлылығы.
4. Жеке тұлғаның білімінің және дарынының дамуына жағдай жасау.
Прикрепленные файлы: 1 файл
Дип.-Балалар-ұжымын-қалыптастыруға-қажетті-мұғалімнің-кәсіби-маңызды-сапаларын-қасиеттері-анық.doc
— 521.00 Кб (Скачать документ)Төртінші топқа- оқушылармен араласатын іс мәселелерінің тар шеңберімен шектелетін педагогтар жатады. Оқушы жеке басын зерттеп оған бірыңғай ықпал жасау жолдарын белгілеу үрдісін біз кезеңге бөлеміз:
Бірінші кезеңде- сынып жетекшілері мен мұғалімдерді іс-әрекеттер бағдарламасымен қаруландырып, сынып ұжымын зерттеудің нақты мақсаттары мен міндеттері белгіленеді.
Оқушының нақты шынай мүмкіндіктерін зерттеу дегеніміз – оның оқу үрдісіндегі қол жетер оңтайлы, тиімді нәтижелерін анықтау, оның дұрыс оқуы үшін не жетіспрейтінін білу. Оқушының жеке барысын зерттеу барысында мына мәселелерді анықтау шарт:
- Қоғамдық жұмыс пен еңбектегі белсенділігі;
- Адамгершілік тәрбиелілігі;
- Оқуға ынтасы;
- Мәдени өресі;
- Қызығатыны(бейімділігі, оқу пәні, сыныптан тыс сабақтар, спорт секциялары, үйірмелер т.б)
- оқу - таным әрекетіндегі дағдылары:
- оқу материалына ең бастысын, маңыздысын ажыратуы;
- оқу уақытын жоспарлауы;
- сынып қарқынында оқи, жаза білуі;
- өз оқуын өзі бақылауы;
- Оқудағы еркі , табандылығы;
- Денсаулығы, жұмыс қабілеті;
- Отбасының тәрбиелік ықпалы;
- Сынып ұжымының тәрбиелік ықпалы;
- Қандай пәндерден үлгермейтіні;
Сынып ұжымын зерттеудің
бағдарламасы мыналардан
- Сынып оқушыларының қоғамдық белсенділігі;
- Қоғамдық пайдалы еңбекке көзқарасы;
- Ой-пікірінің қалыптасуы;
- Оқуға ынтасы;
- Сынып тәртібінің сапалылығы;
- Оқуға әзірліктері;
Ғалымдар адамды әр қырынан қарағанда былайша түсінуге болады:
- жеке бастың тәжірибесі, оның даярлық дәрежесі, білім мен икемі;
- адамның биологиялық ерекшеліктерінің шартты жағдайлары-жігері, талабы; қабілеті;
- кейбір психологиялық үрдістегі дара ерекшеліктері-ойлау, ерік, ес;
- адамның әлеуметтік шартты жағдайларға байланысты ерекшеліктері, яғни дүниетаным, талғамы, идеялары.
Сынып жетекшісінің жұмыс жоспарында мыналар нақты көрсетілуі тиіс:
- Оқушыларға арналған ережелер. Оқудың қоғамдық және жеке бас үшін маңызы туралы әңгіме өткізу, қоғамдық пайдалы еңбекке белсене қатысу шараларын, жүргізу.
- Пән мұғалімдері мен тығыз байланыс орнатып, сабақтардың тәрбиелік мүмкіншіліктеріне ерекше көңіл аудару, оқушыларда саналы тәртіп орнықтыруға күш салу;
- Ата-аналар мен мазмұнды жұмыс жүргізу;
- Аталған кемшіліктерден қортынды шығаратын қоғамдық пікір қалыптастыруға бағытталған жалпы сыныптың арнаулы шаралар жүргізуді тәжірибеге енгізу;
- Жеке пәндер бойынша үлгерімі төмен оқушылармен саралай жұмыс жоспарын жасау-пән мұғалімдерінің міндеті;
2.3. Ұжымды қалыптастыруға қажетті мұғалімнің кәсіби сапалары.
Елбасы Н.Назарбаев Білім және ғылым қызметкерлерінің 2 сьөзінде "Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр"- деген болатын Мұғалім -жалпы білім беретін оқу орындарында оқушыларды оқытып, тәрбиелеу қызметін атқаратын адам.
Мектептегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастырып, жүзеге асырушы тұлға – мұғалім.
Мұғалім – жалпы білім
беретін оқу орындарында
Мұғалім-педагогикалық қызметпен кәсіби тұрғыда шұғылданушы, арнаулы дайындығы бар адам. Кәсіби тұрғыдан дайындығы жоқ барлық адамдар да педагогикалық іс-әрекетпен айналысады, бірақ тек мұғалім ғана педагогикалық заңдар негізінде жұмыс істей алады.
Мұғалімдік қызмет өсіп келе жатқан ұрпақтың тағдырына жауапты.
Мұғалім-бұл байырғы
мамандықтардың бірі. Қоғамдық тәжірибені
жас ұрпаққа беру және оларды өмірге,
еңбек етуге даярлау
Тәрбие- обьективті , заңды, тарихи процесс, ал, ұстаздық қызмет- соның субьективтік бейнесі, тәрбиені іске асыратын адамның еңбегі. Алайда; ұстаз қызметі ұрпақ тәрбиесіне сәйкес келе бермейді. Яғни, ол күрес қарама-қайшылықтан тұрады. Ұстаздық қызмет пен ұрпақ тәрбиесі қарама-қайшылықтарды шешуден тұрады. Ұстаздық қызмет пен ұрпақ тәрбиесінің бірлігі мен ерекшілігі мына төмендегі құбылыстардан тұрады:
- ұрпақ тәрбиесі жоғарыда айтқандай, алғашқы қауымдастықта пайда болса ұстаздық қызмет құл иеленуші дәуірде өмірге келді. Қоғам мүшелерін оқытып, үйретіп тәрбиелейтін қызмет керек болды.
- Ұрпақ тәрбиесі ұстаздық қызметке қарағанда, ауқымды ұғым. Сондықтан ұрпақ тәрбиесі ұстаздық қызметтің ықпалында бола бермейді, осы жерде қарама-қарсылық пайда болады.
- Ұстаз қызметінің негізі жас ұрпақты толық қамтып тәрбиелеп, қоғамның белсенді азаматы етіп дайындау. Бұл жерде дүниетанымдылығын, адамгершілігін, тәрбиесін, тәртібін т.б қалыптастыру;
- Тәрбиенің негізгі мақсаты-қоғамның өндіргіш күшін дайындау. Ұстаз қызметінің негізгі мақсаты- сол өндіргіш күштің жан-жақты дамуына әсер ету, мүмкіндік беру, дайындау.
- Ұрпақ тәрбиесінің құралы-жалпы қоғамдық қарым-қатынаста, қоршаған ортадан ұрпақтың өзінің іс-әрекет қимылынан т.б туындайды. Ал ұстаздық қызмет- кездейсоқ жалпы тәрбие ықпалын сауатты, саналы педагогикалық жолға салу;
- Ұрпақ тәрбиесінде бәрі ат салысады. Ал ұстаздық қызметке арнайы педагогикалқы білімі бар азаматтар қатысады.
- Барлық жағдайда ұрпақ тәрбиесінде ұстаз қызметінің алатын орны ерекше.
Ұрпақ тәрбиесіндегі ұстаздық қызметтің өзіндік құрамдас бөліктері болады:
- ұстаздық қызметтің тұлғаны қалыптастыру жолындағы іытің мазмұнын, мақсаты мен міндетін, бағытын, ерекшелігін <span class="dash041e_0431_044