Азаматтық тәрбие берудің әдіс-тәсілдері құралдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2013 в 19:47, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың маңыздылығы: Ұзақ жылдар бойы қалыптасқан балалар мен жастар ұйымдарының өз қызметін тоқтатуы, бұқаралық ақпарат құралдарының зорлық-зомбылықты насихаттауы, индивидуализм мен ішіп-жеп пайдалану психологиясы жастарды тәрбиелеу ісіне үлкен зиян келтіреді. Мәнді өлшемде азаматтық, натриоттық тәрбиенің ғана емес, сонымен қатар азамат-патриоттың жеке басын қалыптастыру идеясының беделі түсіп, оған сенім жойылды.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................3
1 Азаматтық тәрбие туралы жалпы сипаттама...............................................4
1.1 Жастардың азаматтық тәрбиесіндегі қазіргі кезеңдегі келелі мәселелер туралы....................................................................................................................4
1.2 Қоғамның және мемлекеттің азаматтық тәрбиеге тигізер әсері.............12
2 Азаматтық тәрбие берудің әдіс-тәсілдері құралдары...................................14
2.1 Сабақтың тақырыбы: қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздері...............................................................................................................14
2.2 Азаматтық – отбасы өмірін өз деңгейінде сүре білу................................17
2.3 Азаматтық тәрбиені жеке тұлғаға сіңіру шаралары................................19
ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................26

Прикрепленные файлы: 1 файл

Азаматтык тарбие.doc

— 406.00 Кб (Скачать документ)


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ  ЖҰМЫС

 

ТАҚЫРЫБЫ:

Азаматтық тәрбие берудің әдіс-тәсілдері құралдары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ.................................................................................................................3

1  Азаматтық  тәрбие  туралы  жалпы сипаттама...............................................4

1.1  Жастардың азаматтық тәрбиесіндегі қазіргі кезеңдегі келелі мәселелер туралы....................................................................................................................4

1.2  Қоғамның  және  мемлекеттің  азаматтық тәрбиеге  тигізер әсері.............12

2  Азаматтық тәрбие  берудің әдіс-тәсілдері құралдары...................................14

2.1  Сабақтың тақырыбы: қазақстан республикасының мемлекеттік         рәміздері...............................................................................................................14

2.2  Азаматтық –  отбасы өмірін өз деңгейінде  сүре білу................................17

2.3  Азаматтық  тәрбиені  жеке тұлғаға сіңіру шаралары................................19

ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................24

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................26

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың  маңыздылығы: Ұзақ жылдар бойы қалыптасқан балалар мен жастар ұйымдарының өз қызметін тоқтатуы, бұқаралық ақпарат құралдарының зорлық-зомбылықты насихаттауы, индивидуализм мен ішіп-жеп пайдалану психологиясы жастарды тәрбиелеу ісіне үлкен зиян келтіреді. Мәнді өлшемде азаматтық, натриоттық тәрбиенің ғана емес, сонымен қатар азамат-патриоттың жеке басын қалыптастыру идеясының беделі түсіп, оған сенім жойылды.

Өкінішке орай қазіргі кезде  көптеген жастар маңызды азаматтық борыштарды орындауға жауапкершіліксіз қарай, рухсыздық пен әлеуметтік жетілмегендікті, басқа адамдарға келгенде шыдамсыздықты, тіпті агрессивтікті байқатады. Сонымен қатар құндылық бағдарлар, іс-әрекет түрткілері, қоршаған әлемге деген қатынас, өз қабілет-бейімдері мен Қазақстан тағдырына деген көзқарастар өзгерді. Жастардың көптерінің бойында білімге, еңбекке, әдебиетке, өнерге, шығармашылық қызметтен адамгершілік құндылықтарға деген қызығушылықтар жойылған.

Жұмыстың мақсаты:  оқушылардың азаматтық  сезімін қалыптастыру

Ғылыми зерттеудің нысаны: оқушылардың азаматтық зезімінің қалыптасу үрдісі оқыту-тәрбиелеу арқылы дамытылады.

Зерттеу пәні:  оқушылардың азаматтылық қасиеттерін қалыптастыру тәсілдері.

Зерттеу міндеттері: азаматтық туралы жалпы түсінікті, азаматтықтың мәнін зерттеу. Азаматтыққа сабақ түрінде мысал келтіру. Азаматтық тәрбиеге жататын жағдайларды қарастырып өту.

Ғылыми зерттеу  әдістері: психологиялық-педагогикалық әдістерін қарастыру, жалпылау әдісі, салыстыру.

Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспе бөлімнен, 2 тараудан, 5 тараушадан, қорытындыдан, 25 әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

1  Азаматтық  тәрбие  туралы  жалпы сипаттама

 

1.1  Жастардың азаматтық тәрбиесіндегі қазіргі кезеңдегі келелі мәселелер туралы

Көптеген жылдар бойы қалыптасқан балалар мен жастар ұйымдарының өз қызметін тоқтатуы, бұқаралық ақпарат құралдарының зорлық-зомбылықты насихаттауы, индивидуализм мен ішіп-жеп пайдалану психологиясы жастарды тәрбиелеу ісіне үлкен зиян келтіреді. Мәнді өлшемде азаматтық, натриоттық тәрбиенің ғана емес, сонымен қатар азамат-патриоттың жеке басын қалыптастыру идеясының беделі түсіп, оған сенім жойылды.

Бірақ қазіргі кезде көптеген жастар маңызды азаматтық борыштарды орындауға жауапкершіліксіз қарай, рухсыздық пен әлеуметтік жетілмегендікті, басқа адамдарға келгенде шыдамсыздықты, тіпті агрессивтікті байқатады. Сонымен қатар құндылық бағдарлар, іс-әрекет түрткілері, қоршаған әлемге деген қатынас, өз қабілет-бейімдері мен Қазақстан тағдырына деген көзқарастар өзгерді. Жастардың көптерінің бойында білімге, еңбекке, әдебиетке, өнерге, шығармашылық қызметтен адамгершілік құндылықтарға деген қызығушылықтар жойылған.

Жастар арасындағы бұндай жайға жол беруге болмайды, өйткені бұл жай Қазақстан республикасының ұлттық қауіпсіздігіне тура қатер туғызады. Әсіресе әскери борыштарды орындауда бұл жай ерекше өткір байқалады. Жоғарыда айтылған жағдайдың себебінің бірі натриоттық азаматтық тәрбиенің рөлі мен манызының төмендеуімен байланысты. Мемлекеттің стратегиялық қызығушылықтар тәрбие жұмысының жалпы принциптерін жасап шығаруды, мемлекеттің тәрбие үрдісі мен жастар саясатының барлық аспектілеріне әсер беруін арттыруды талап етеді.

Қазақстан Реснубликасының Елбасы Н.Назарбаев толық тұжырымдағандай қазіргі кезде білім және тәрбие саясаты Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып жүргізуде қалыптасқан, сондықтан, тұлға еуразиялық мәдениет пен еуразиялық ынтымақтастықта дамиды. Тәрбиенің жалпы адамзаттық бастауы қайбір ағартушылық бағдарлама мен идеология шеңберінде іске асырылуы міндет. Ал қазіргі тәрбиенің мақсаты мен нәтижесі бойына өз халқының мәдениетін сіңірген, басқа халықтардың мәдениетін бағалайтын, өмірінің барысында түрлі іс-әрекетті өз басымен ұйымдастыруға қабілетті адам. Аадмгершілік тәрбиенің мазмұнын тәжірибеде іске асыру жастарды өмірде бағыт алып, ізгіліктілік пен демократияның мұраттарын қорғай білуге үйретуге жағдай туғызады.

Тәрбие әлеуметтік ішкі жүйе, азаматтық қоғам институты ретінде азамат тәрбиесінің негізгі факторы болады. Азаматтық тербие деп біз қоғам мен мемлекеттің мүшесі ретінде өсіп жатқан адамның әлеуметтік-саясаттық, құқықтық, экономикалық, экологиялық, моральдық-этикалық білімдерін, тәжірибелік іс-әрекст адамдарын қалыптастыру жүйесі мен процесі деп түсінеміз. Әлеуметтік және басқа қатынастар туралы білімдер стандарттары азаматтық тәрбиенің келелі мәселелерін әрқашан жаңа тұрғыдан көріп қарастыруды талап етеді. Бұл салада әлемдік сатандарттарға интеграциялау мәні негізінде жас азамат бойында әлеуметтік іс-әрекет субъектісі ретінде көзқарастар мен сенімдер, ой-сана мен адамгершіліктік қасиеттер қалыптасады. Тәжірибелік іс-әрекеттс өсіп жатқан адам оның әлеуметтік ортадағы орнын белгілейтін айқындалған азаматтық қасиеттермен ұстамдардың этикалық негіздерінде дамып қалыптасады. Қазіргі заманның жеке адамы қоғамда жүріп жатқан үрдістердің бәріне де белсенді әсер береді.

Айта кететін жағдай азамат пен мемлекет арасындағы саясаттық-құқықтық қатынастардың әлемдік үлгілері мен стандарттары азаматтық тәрбиенің келелі мәселелерін әрқашан жаңа тұрғыдан көріп қарастыруды талап етеді. Бұл салада әлемдік стандарттарға интеграциялау тек олардың ортасынан орын алып қана қоймай, адамның мемлекет және қоғаммен қатынастарының басқа аспектерін де жандандыра түседі. Бұл біздің республикамыздың азаматтық тәрбие жүйесі үшін егемендік пен тәуелсіздікті нығайту жағдайында және осы салада өз тәжірибемізді жинақтауға қажет ерекше көкейтесті мәселе.

Азамат тәрбиесінің келелі мәселелерін қайта қарастыруға қоғамдағы идеологиядан бас тарту жайы ерекше әсер береді. Бұрын түрлі құбылыс, түсініктер, өзінің ішкі, сыртқы ерекшеліктеріне қарамастан, бәрі түгел қосылып қарастырыла берді. Оған себеп идеология мен саясат бір болды да догматикалық көзқарастар басым орын алды. Осыған орай азаматтық көптеген қасиеттер қоғамда басым белгіленбеген (көбінесе саяси сипатпен) нұсқауларға тәуелді талданып құрылымданды. Жаңа заман азаматтық тәрбиенің құрылымын, компоненттерін (тәрбиенің өзін де) саяси коньюктурадан жеке алып қарастыруға жағдай жасады. Ерекше айта кететін жай жоғарыда айтылғандар, әсіресе азаматтық тәрбие мәселелеріне өте қажетті нәрселер.

Азаматты қалыптастыру мәселелері ішінде біздің республикада ерекше өзектісі азаматтық тәрбие жүйесінде жаңа стандарттарды зерттеп дайындау. Біздің республикамыздағы қазіргі азаматтық тәрбие жүйесі бүгінгі күнде ұлттық менталитеттің және әлеуметтік ортаның көпұлттылық ерекшеліктері мен өзгешеліктерін толыққ есепке алып байқатпайды десек артық болмас. Әрине, бұрын азаматтық тәрбиенің теориялық негіздері мен қолданбалы аспектері, сонымен қатар, оның стандарттары зерттеліп дайындалған жоқ деуге болмайды.

Азаматты тәрбиелеу жүйесі өз мәнін қазіргі замандық педагогикалық жүйеден алады, бірақ кеңсе Одағының бұрынғы республикасы егемендік пен тауелсіздік алғаннан соң өздігімен дами бастады. Тіпті бүгінгі күн шындығындағы өзгерістер бұл негіздерді қайта қарастыруды талап етеді. Бұл талапты тағы бір айқындаушы себеп - кеңес педагогикасындағы азаматты тәрбиелеу жүйесі басқа құндылықтарда құрылған, кей жағдайда тіпті жаңа өзгерістерге мүлдем келіспейді, өйткені, Қазақстан халықтары мен қазақ халқының ерекшелік, өзгешеліктері бар. Жоғары сынып оқушыларының азаматтық белсенділігін қарастыру бойынша жүргізілген зерттеу қорытындысы бойынша (1980-1992 ж.ж.) біз Қазақстандағы отбасы ерекшеліктерін атағанбыз: Россия мен оның орталық региондарын және Қиыр Шығысты алғанда Қазақстандағы ата-аналар балаларының азаматтық белсенділігінің         қалыптасуына     жоғарырақ     әсер     береді     (зерттеу қорытындысы бойынша).

Азаматтық белсенділікті зерттеулерде біз азаматтық белсенділікті тұлганың интегралдық қасиеті деп анықтағанбыз. Оның негізі тұлғаның адамгершілік, қасиеттері, ой-санада бекіген азаматтық сенімдері. Олар барлық халық қоғам мүддесі үшін саналы мақсатқа бағытталған белсенді әрекетте байқалады. Осыған сүйене отырып тұлға өзінің азаматтық ілкі бастаулары маңайына барлық басқа негізгі сипаттамаларды жинап қоса алады деуге әбден болады.

Тәрбиенің басқа бағыттарына қарағанда азаматтық тәрбие өзінің көпқырлығымен ерекшеленеді. Тұлғаның өмір мен іс-әрекетінің бір ғана белігінде белгілі азаматтық қасиеттерді дамытып қалыптастыруға болмайды. Біз белгілегендей азаматтық бейне, дұрысырақ айтқанда, азаматтық белсенділік тұлғаның өмірі мен іс-әрекетінің барлық тәрбие жұмысының нәтижесі бола алады, яғни, азаматты тәрбиелеу тұлғаның барлық жасампаз іс-әрекетімен шектеледі.

Жоғарыда келтірілген сипаттамада бір ерекше маңыз бар - ол азаматтық сенімдер. Олар байқалатын іс-әрекетте міндетті түрде саналы болуы керек. Тек қана саналы түрде орындалған азаматтық борыштар мен міндеттер халықпен  бірлік сезімін, Отанның гүлденуі мен қауіпсіздігіне жауапкершілікті туғызады.

Сонымен, әдеуметтік-педагогикалық түсінік ретінде азаматтық тәрбие мәселелері мазмұнын зерттеуді сана категориясын қарастырумен байланыстырған жөн.

Жеке бастың бір көрінісі ретінде даралық сана, оның психикалық аспекті тек қана ара қатынаста қалыптаса алады. Яғни, өзіндік сана үшін тұлғаның ұстамы саналы түрде белгіленген болуы керек. Сана арқылы дара тұлға объективті ақиқатты қоршаған әлемді, ондағы өз орнын түсініп біледі. Тұлғаның өзіндік санасы үшiн адамның мінез-құлқының маңызы ерекше. Яғни, өзіндік сана "даралық мәнге" ие болады да, ол арқылы қоғамдық және даралық сананың ара-қатысы анықталады, іс-әрекет себебі, адам, оның қоғамдық қатынастар жүйесіндегі орны, әлеуметтік, азаматтық ұстамы бағаланады.

Тұлғаның жетілгендегі оның байланыстарды аңғару дәрежесіне, азаматтық ұстамына, белсенділігіне, қоғамда белгілі орын алуға тырысуына тәуелді.

Бұл жерде тоқтала кететін жай бар: кездесетін қоғамдық сана даралық санаға белгілі әсер береді. Ол рухани, эмоциялық әлемге деген қатынастар жүйелері түрінде болады да, көңіл-күйлер, идеялар, елестер, көзқарастар, мұраттар, қоғам мүшелерінің ұмтылыстары арқылы көрініп топтық немесе жалпы қоғамдастықтарда танылады. Осыған сүйенсек қоғамдық сана саяси, экономикалық, діни, құқықтық, адамгершілік, экологиялық, ғылыми және басқа әрекет түрлерінің лайықты өрісінде негізделеді. Бірақ қоғамдық, жалпылама сана иланғыштыққа, консерватизмге бейім, сондықтан оныі азаматтық деуге болмайды. Көшіліктен азаматтық сананы бөлу үшін қоғам қатынастарында белгілі идеалға жету жолдары мен құралдарын іздеуші потенциалды күштер азаматтық сана иелері болады. Олар жеке топтардың, дара тұлғаның қызығушылықтарынан биік тұрады, барлық қоғамның қызығушылығын қорғайды және әрқашан жалпы адамзаттық құндылықтарға бағытталған болады. Азаматтық сана адамзатты дамуға жетелеп, қажет кездерде сақтап қалу үшін мақсатты өзгертуге бастайды. Ол қоғамдық пікір арқылы байқалып соның көмегімен дамиды.

Азаматтық сана қоғамдағы түрлі  тіршілік әрекеті, қоғамдық қатынастар арқылы іске асады. Тұтас жүйе құрайтын азаматтық қатынастар азаматтардың ұмтылыстары, мұратгары, көзқарастары, өлшемдері мен олардың өзіндік пен қоғамдық игіліктерді түсінуінен тұрады. Бұл жүйе қоғамның азаматық, әлеуметік қызығушылықтарын байқатып дара тұлғаның әлеуметтік мәнді қасисттерінің қалыптасуына әсер береді.

Өзінің мәні бойынша адамның азаматтық тәрбиесі тәрбие жүйесіндегі қоршаған орта көріністер және негізгі компоненттерімен байланысты жалғыз ғана бағыт болғандықтан азаматтық сананың құрылымы түрлі дәуірлерде әр түрлі болды. Азаматтық тарбие тарихпен терең тамырлас. Өйткені азаматтылық идеясы өткенде қалай дамығаны туралы білімсіз қазіргі қоғамдағы азаматтық тәрбие мәселелерінің ғылыми шешімін табуға болмайды. Біздің қоғам азаматтарын қалыптастыру мен тәрбиелеу мәселелерін ғылыми түрде шешу үшін негізгі тарихи байланысты есте сақтай отыра мәселенің әр сұрағын тарихта белгілі құбылыс, түсінік қалай пайда болды, ол дамуында қандай басты кезеңдерден өтті деген тұрғыдан қарастыру керек. Және де құбылыс, немесе түсініктің даму жолын, оның бүгінде қандай болғанын көру үшін мемлекеттің әлеуметтік, саяси, экономикалық құрылымға, тарихи дәуірге сай қарастыру керек.

Бірнеше тарихи кезендер барысында философиялық-педагогикалық ой-пікір халық, Отан үшін туған адам қандай болуы керек деген сұраққа жауап іздеді.

Информация о работе Азаматтық тәрбие берудің әдіс-тәсілдері құралдары