Азаматтық тәрбие берудің әдіс-тәсілдері құралдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2013 в 19:47, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың маңыздылығы: Ұзақ жылдар бойы қалыптасқан балалар мен жастар ұйымдарының өз қызметін тоқтатуы, бұқаралық ақпарат құралдарының зорлық-зомбылықты насихаттауы, индивидуализм мен ішіп-жеп пайдалану психологиясы жастарды тәрбиелеу ісіне үлкен зиян келтіреді. Мәнді өлшемде азаматтық, натриоттық тәрбиенің ғана емес, сонымен қатар азамат-патриоттың жеке басын қалыптастыру идеясының беделі түсіп, оған сенім жойылды.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................3
1 Азаматтық тәрбие туралы жалпы сипаттама...............................................4
1.1 Жастардың азаматтық тәрбиесіндегі қазіргі кезеңдегі келелі мәселелер туралы....................................................................................................................4
1.2 Қоғамның және мемлекеттің азаматтық тәрбиеге тигізер әсері.............12
2 Азаматтық тәрбие берудің әдіс-тәсілдері құралдары...................................14
2.1 Сабақтың тақырыбы: қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздері...............................................................................................................14
2.2 Азаматтық – отбасы өмірін өз деңгейінде сүре білу................................17
2.3 Азаматтық тәрбиені жеке тұлғаға сіңіру шаралары................................19
ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................26

Прикрепленные файлы: 1 файл

Азаматтык тарбие.doc

— 406.00 Кб (Скачать документ)

Философ-ойшылдарды мазалаған тағы бір мәселе өзіндік пен қоғамдық арасындағы байланыс және олардың бірлігі. Нақты тарихи жағдайларға байланысты бұл мәселеде белгілі бір бірлік жоқ. Дұрысырақ айтқанда, олардың арасындағы басымдық және оның жағдайы туралы сөз қозғауға болады.

Азаматты тәрбиелеу мен қалыптастырудың көп ғасырлық тарихы дәлелдеуінше, өзіндік пен қоғамдық арасындағы басымдық немесе бірлікті анықтайтын көрсеткіш ретінде жалпы адамзаттық түсініктер, яғни, ешқашанда жойылмайтын құндылықтар бола алады. Әр халықтын дамып қалыптасу жолында ұрпақтан ұрпаққа берілетін жалпылама құндылықтар оның жинақтаған өз тәжірибесінен анықталып отырады. Сондықтан, бүгінгі азамат тұлғасының басым қасиеттерін анықтау үшін азаматтық тәрбие мәселелеріне байланысты нақтылы деректерді тарихи тұрғыдан қарастыру қажет. Бұл деректердің әр бөлшегін саналы ойлап талдау жоғарыда қойылған сұрақтарға жауап беруін көмектеседі. Өйткені, дара тұлғаның азаматтық, ұлттық санасының ерекшеліктерін және оның өзіндік қызығушылықтарын есепке алмай қарастыру негізінде "азаматтылық" дегенді мемлекетке қызмет етуден санау салдарында ғылыми ізденістерде пайда болған ақ дақтарды жою үшін аталған тарихи шолу бізге өте қажет. Шын мәнде адамды мемлекеттік қызтлғушылық пайдасына немесе тұлғаның өз қызығушылығына сәйкес тәрбиелеу қажет пе деген сұраққа жауап іздеу пайдалылық мәдениеті мен жеке бас байлық мәдениеті арасындағы мәселені шешуге әкеп тірейді. Өзіндік педагогикалық теорияның, оның философиялық негіздерін (бұның қажеттілігі туралы профессор Ә.Нысанбаев көп жазады) құруды ойластырған Еуразиялық континентте тұратын біздер үшін бұл мәселе төңірегінде шығыстағы адам  тәрбиесі процесінің ерекшеліктері бар ма деген сұрақты шешу қажет. Тарихи-педагогикалық талдауға сүйене отырып йя, бар деуге болады.

Дәлелдің негізгі объектісі ретінде біздің, мектептің және білім беру жүйесінің өзіндік тарихи даму жолын алу керек.

Екі ғасыр тоғысында тарих бізден өткенді сынды көзбен қарастырып ойлануды талап етеді. Бүгінгі адам үшін білімнің маңызды мәні мен тұлғаның қасиеттерін қалыптастыру арасындағы қайшылықтар айқын байқалады. Азаматтық тәрбие мәселелерін шешумен ұлттық және аймақтық өзгешеліктерді есепке ала отырып азаматтық қасиеттерді тәрбиелеу ерекшеліктерімен байланысты қиындықтар шын мәнде жоғарыда аталған қайшылықтарды шешуге тіреледі.

Бір педагогикалық теорияда (кеңестік) дамығандықтан қазақстандық педагогикалық теория мен практика көп уақыт азаматтық тәрбие мәселелерінде технократикалық педагогикалық парадигма негізіндегі батыстық стандарт-үлгілерді пайдаланды.

Батыста, Европада және шығыста, Азияда тұратын адамдар арасында белгілі айырмашылықтар бар. Бұл даусыз, айқын деректер негізделген көптеген ғылыми зерттеулер тұлғаны қалыптастыру үрдісінің ерекшеліктерін оның әлеуметтік даму ортасымен, ұлтымен, тәрбиесінің отбасылық бастауларымен байланыстырады.

Шығыстағы ағартушылық бағдарлама мен идеология әрқашан адамзаттық адамгершілік құндылықтар мұраттармен басшылық жасайтын тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. XX ғасыр адамзат ақыл-ойының ұлылығын көрсетумен бірге оның осал тұстарын да байқатты. Бұған адамды тек өзі үшін пайда іздеуге, рухани-адамгершілік өлшемнен айрылған ақыл-ой сананың адасуына, есерлікке жол ашатын артық рационализм әсер етті.

Қазақстанның географиялық орнын алсып, ұлттық ерекшеліктерін оның әлеуметтік даму ортасымен, ұлтымен, тәрбиесінің отбасылық бастауларымен байланыстырады.

Шығыстағы ағартушылық бағдарлама мен идеология әрқашан адамзаттық адамгершілік құндылықтар мұраттармен басшылық жасайтын тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. XX ғасыр адамзат ақыл-ойының ұлылығын көрсетумен бірге оның осал тұстарын да байқатты. Бұған адамды тек өзі үшін пайда іздеуге, рухани-адамгершілік өлшемнен айрылған ақыл-ой сананың адасуына, есерлікке жол ашатын артық рационализм әсер етті.

Қазақстанның географиялық орнын алсын, ұлттық ерекшеліктерді есепке ала отырып қазақстандық педагогика жас ұрпаққа адамзат жинақтаған прагматикалық білімдерді берумен шектелмеуі керек. Қайта бағыт пен күштің көбі ұрпақтар арасындағы жойылған байланыстарды қайта жандандырып, тұлғаның азаматтық қасиеттерін тәрбиелеп қалыптастырудағы тарихи тәжірибе мен рухани-иедагогикалық мұраттарды қайта өмірге әкелуге жұмсалу қажет.

Азаматтық тәрбиенің мақсаты азаматты қалыптастыру болғандықтан бұл түсінікті қарастыра отырып "азамат" деп саяси құқықты, өзіндік, қызығушылықтарын қоғам қызығушылықтарымен байланыстыра алатын мемлекет пен қоғам мүшесін айтамыз. "Азамат" түсінігі тек демократиялық жүйелерде ғана емес демократиялық емес жүйелерде де болады. Әр кезде сол қоғамды, мемлекетті басқаратып адамдар тобының қызығушылықтарын іске   асыратын   құрал   ретінде   мемлекетке   оған   толық   ие   адам   қажет. Сондықтан, адам өмірінің жағдайын көбінесе өз тарапынан белгілейтін "мемлекет" түсінігі тұлғаның дамуы мен қызметін өзі шешеді.

 

1.2  Қоғамның  және мемлекеттің  азаматтық  тәрбиеге тигізер әсері

Жоғарыда айтқандарды қорыта келе жастардың азаматтық тәрбие жүйесіне қоғам мен мемлекет жағынан көп қолдау қажет екенін тұжырымдаған жөн. Азаматтық тәрбиенің қоғамдық-мемлекеттік жүйесінің мақсаты - өзіндік қызығушылықтарымен қатар қоғамдық-мемлекеттік қызығушылықтарды іске асыруға бағытталған әлеуметтік маңызды іс-әрекетке жастарды даярлап қосу. Отанда орын алған әлеуметтік-мәдени жағдайды есепке ала отырып педагогикалық міндеттер арқылы бұл мақсат нақтылануы мүмкін. Өйткені, жас буын ұрпақтың азаматтық тәрбиелілігінің белгілі даму дәрежесі қоғамның алғы белсенді бөлігінің демократиялық мемлекеттің мүддесі ретінде тұлғаның жаңа түрін қалыптастыру мұқтаждығы арасындағы қайшылықтар туады. Оларды шешу үшін жаңа тұлға қажетті адамгершілік дәрежесіне жетіп азаматтық мәдениетті қалыптастыруы керек болады. Бұл тұлғаның кажетті сана түрлері (құқықтық, саяси, экономикалық) дамыған адамгершілік сезімдерімен байланыса отырып әлеуметтік маңызды іс-әрекетте азаматтық ұстамын көрсете алуға қабілеті бар азамат тұлғасын өмірге әкеледі.

Қорыта келгенде, біздің ойымызша, мемлекет азаматтық тәрбиеге қатысуы үшін төмендегілерді:

-  әлеуметтік маңызды іс-әрекетке жас азаматтарды даярлау үшін мемлекеттік бағдарлама, стратегияны жете зерттеуді;

-  педагогикалық күштердін интеграциясына, басқаруына, барлық дәрежелерде олардың қызметтерінің келісуіне қажет құрылымдарды ұйымдастыруды;

- жастардың    азаматтық    тәрбие    процесінде     бұқаралық    коммуникация құралдарын мақсатқа бағытта пайдалануға;

-   қоғамдық белсендік   іскерлікке,  қоғамдық  ұйымдар  қызметіне жан-жақты қолдауды, халықаралық азаматтық байланыстардың дамуы үшін құқықтық және басқа жағдайларды қамтамасыздандыруы қажет.

Біздің мемлекетіміздің азаматтары мемлекеттегі нақты осыларды күтеді, өйткені, азаматтық тәрбие жетістігінің басты талабы, жағдайы отбасының, мектептің және мемлекеттік қоғамдық басқару ұйымдарының педагогикалық күштерін қосуға байланысты. Басқару ұйымдарының міндеті азаматтар құқықтарының орындалуын қамтамасыз етін қолдау, заңдардың орындалуын бақылау. Оларсыз азаматтық қоғамды қалыптастыруға болмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2  Азаматтық тәрбие берудің әдіс-тәсілдері құралдары

 

2.1  Сабақтың тақырыбы: қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздері

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Мемлекеттік рәміздер туралы түсініктерді сіңіру, оларды құрметтеуге, ардақтауға баулу.

Осы сабақтың мақсатына сәйкес негізгі құзырлығы былайша анықталады:

Оқу-танымдық құзыреттілік:

ҚР рәміздерінің құрылу тарихын білу. Ән ұранды сезініп орындау, мемлекеттік рәміздерді сақтау.

Тұлғаның өзін -өзі дамыту құзыреттілігі: Қазақстан патриоты болу, азаматтық белсенділік таныта білу.

  Ақпараттық-технологиялық құзыреттілік:

Өз бетінше іздене білу, талдай білу, білімді жеткізе білу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді қабылдау сабағы.

Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап, ой-толғау, кіші топпен жұмыс.

Пәнарлық байланыс: Ежелгі дүние тарихы, музыка, бейнелеу өнері.

Негізгі ұғымдар: Рәміздер, елтаңба, әнұран, ту, Президент, Конституция, Тәуелсіздік.



 

 

 

 

 

 

 



 

 

 

2.2  Азаматтық – отбасы өмірін өз деңгейінде сүре білу

Әр халықтардың дәстүр-салтындағы келін түсіріп, қыз ұзату, баланы үйлендіріп, ұрпақ жалғастыру мәңгілік құбылыс.

Осы заманға лайықтап, өткеннің мұрасын байыптап жастардың жұбайлық өмірінің дұрыс басталуына бағыт-бағдар беру - қоғам мен мектептің, ата-ананың, бүгінгі тыныс-тіршілігіміздің маңызды шаруасы.

Бұл мөселеде халықтың ақыл-ойын, болмысын, арманын, тәлім-тәрбиесін Абайдан терең ұүрындырған ақын болған емес. Сондықтан да Абай идеясына тоқталғанды жөн көрдік.

Абай бозбала мен бойжеткенді  жұбайлық өмірге баулуда мына мәселелерге назар аударды.

•  Адам өмірінің сыңары, бір бүтіннің жартысы болатын өмір серік жар таңдауда тәрбиелі, ақылы ажарына сай, еңбек сүйгіш адамгершілігі мол таза жүректі адаммен бас қосу. Жастық шақ - адам өмірінің ең қызың ең мағыналы, ең жауапты шағы, оның басты ерекшелігі, алданғыш көңіл, албырт сезім, сенгіш жүрек, батыл әрекет, қызыққа құмар, қызылға өш, өткінші дәурен екендігі.

•  Жастық шақта отбасын  құру, білім алу, еңбек қаракетіне төселу - адамшылықтың басталу шағы, оны дұрыс бастау қажет. Отбасын құру бақыты екі адамның тілек-мүддесінің бірлігі, жастар өз бақытының қожасы, мұны берік дәстүрге айналдыру олардың өз қолдарында.

Абай келешегіне үміт еткен жастарды жұбайлық өмірге алдын ала даярлықпен баруына ерекше мән береді. Отбасындағы тіршіліктің барлық жай-жапсарын, жетістік-кемістігін олардың алдарына жайып салып, жақсысын үйреніп, жаманынан жиренуге шақырды.

Қыз бала қай халықта болмасын әдемілік пен әдептіліктің, сұлулық пен іңкәрліктің символы. Халқымыз қыз психологиясы ерекшелігін түсіне білген. Отбасы, әке-шешесі, аға-жеңгелері, бойжеткен қызын жібектей мінезімен, уыздай тәтті қылығымен, іскерлік-ұқыптылығымен, сыпайы-салмақтыдығымен, әдепті-ізеттілігімен көргісі келген. Оларды кішкентайынан көзінің қарашығындай сақтап, жаны мен арының таза, мінезінің жайсаң болуын қадағалап отырған, олардың мінездерінің өзгергіштігін ескере отырып, "қырық үйден тыю" керектігін үнемі ескеріп отырған.

Сүлулық пен сымбаттылықты, шеберлік пен іскерлікті қажетсінетін үй ішілік еңбекке (кесте тігу, өрнек, кілем тоқу) көркем сөз, ән-күй, айтыс секілді өнерге баулуды-бойжеткен тәрбиесінің басты міндеті санаған.

Халқымыздың ұлттық дәстүрінің бір ерекшелігі - акыл-кеңесті жас ұрпақ санасына, әсіресе қыз балаға түспалдап, астарлап жеткізу. Мысалы, "Келінім саған айтам, қызым сен тында.

Қыз тәрбиесінде-күш көрсету, қорқыту  тәсілдерінен бойды, аулақ ұстап, мәпелеу, сендіру,үлгі өнеге әдістеріне ерекше мән берген.

Әдепті қыз үсті-басын таза ұстап, сәнді киінуге, айналадағыларға қарап бой түзеуге тырысады, шаш күтімі, тіс күтімі сияқты кісіге ажар беретін косметикалық-гигиеналық талаптарды сақтайды.

Жақсы мінезге қыз бала жастайынан үйренсе ғана ол бойға қонымды болады. Мінез-құлық төлімі, бойжеткеннің мінез-құлқы, психологиясы туралы жазылған, жақсы ақыл-кеңестер беретін кітаптар: Ж.Байжанова "Қызым саған айтам"(Алматы, 1985 жыл); А.Хрипкова, Д.Колесов "Ұл өссе, қыз өссе"(Алматы 1988 жыл); И.Қарақұлов "Қырық сұрақ" (Алматы, 1985 жыл).

Қыз абыройы - болашақ отбасының, босағаның  беріктігіне қатысты меселе. "Қыздың жолы жіңішке" деп, оның абыройын сақтауын қатаң қадағалап отырған. Қыз баланың абыройы оның ақыл-парасатына, инабаттылығына, махаббатты жоғары бағалауына байланысты. Әр әке-шеше, туған-туысңан, бауыр өз қыздарының абыройлы болуына ерекше мән беріп, қадағалайды, әсіресе қыз тәрбиесіне анасы жауапты. Халқымыз бойжеткен қыздың алдына келешектегі өмірлік міндеттерін қойып, орындап отыруды қыздың абыройы деп санаған.

Олар: ізетті болу, әсем киіну, әкені  күту, шешені сыйлау, дөрекі сөйлемеу, қабақ шытпай жүру, үлкендердің алдынан  кесіп өтпеу, ұқыпты болу, өсек айтпау, ұрпақ тәрбиесінен хабардар болу, ұлт дәстүрлерін құрметтеу, ана тілін ардақтау, орынсыз сөз айтпау, арқан, жіп есе білу, сиыр сауа білу, кілем тоқып, кесте тіге білу, т.б. секілді мінез-құлықтық қасиеттер мен дағды икемділіктері. Отбасында, бала бақшасында, мектепте, көпшілік орындарда қыз абыройын тәрбиелеу баршамыздың міндетіміз.

 

2.3  Азаматтық тәрбиені жеке тұлғаға сіңіру шаралары

Жеке тұлғаның құндылық бағыттары. Жеке тұлғаның дүниетанымы — ақиқаттың жалпылама көрінісінің жоғары деңгейімен ерекшеленетін әлеуметтік мәдениеттің, интеллектуалды және эмоционалды-жігерлік сипаттарын топтастырған феномен. Осылайша, жеке тұлғаның дүниетанымы жалпы қорытындыланған білімдер мен оларды пайдалану біліктілігі, олардың ақиқаттылығы мен нәтижелілігіне деген сенім, нұсқауларды қажет ету, жалпылама принциптер мен арман-мұраттар, қызмет-әрекеттке деген әзірлік сияқты компоненттер өзара байланысты болып келеді.

Л. И. Божовичтің пайымдауынша, жеке тұлғаның дүниетанымы - біршама кешіңкіреп келетін құбылыс, ол адамның жеткіншек шағында пайда болады, оның қалы, тасу негізі жалпы тәрбиелілік бағыттылық, дүниетану мен дүниені сезіну жүйесі болып табылады.

Б. Г. Ананьевтің пікірінше, қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның өз өзіне деген қатынасының қалыптасуы жеке тұлғаның басқа қасиеттерімен салыстырғанда ең соңғысы болып келеді. Рефлектілі қасиеттер "мінез-құлықтың біртұтастығын анықтайды. Бұл орайда олар өзін өзі реттеу мен дамуды бақылау қызметтерін атқара отырып, өмір мен іс-әрекетінің мақсатымен, құндылық бағыттарымен, нұсқауларымен тығыз байланысты".

Информация о работе Азаматтық тәрбие берудің әдіс-тәсілдері құралдары