Тәрбие бесіктен басталады
Реферат, 19 Декабря 2014, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Ұлтымыз қашан да баласының рухани жағынан бай болуына көп көңіл бөлген. Сәби дүниеге келгеннен бастап, оның ойлы, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына, ақыл-ойының жетілуіне баса назар аударғандығы белгілі. Халықта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген нақыл бар. Кішкентай бала бойында адалдық, әділдік, мейірімділік, адамгершілік сияқты бар ізгі қасиеттерді сіңіруде халықтық педагогиканың маңызы зор. Үнемі әдептілік тәрбиесін беру арқылу баланы жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулуды да кішкене кезінен бастаған дұрыс.
Содержание
Кіріспе:
Ел болам десең бесігіңді түзе
Негізгі бөлім:
1) Отбасындағы бала тәрбиесі
2) Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі
3) Қазақ халқының ұлттық тәлім-тәрбиесінің ерекшелігі
4) Тіл – тәрбие бастауы
5) Ата-әженің тәрбиесі
6) Қазақтың ғалым-педагогтарының оқушыларға ұлттық тәрбие беруі
Қорытынды:
Ертеңін ойлаған-ел азбайды
Прикрепленные файлы: 1 файл
тарбие сырлыбаева назерке.docx
— 37.97 Кб (Скачать документ)
Жоспар:
Кіріспе:
Ел болам десең бесігіңді түзе
Негізгі бөлім:
1) Отбасындағы бала тәрбиесі
2) Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі
3) Қазақ халқының ұлттық
тәлім-тәрбиесінің ерекшелігі
4) Тіл – тәрбие бастауы
5) Ата-әженің тәрбиесі
6) Қазақтың ғалым-педагогтарының оқушыларға ұлттық тәрбие беруі
Қорытынды:
Ертеңін ойлаған-ел азбайды
Ұлы ойшыл әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес,
тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім –
адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық
өміріне апат әкеледі» деген екен. Ата-бабамыз
қалыптастырған қалыпта тәрбиесі түзу болып
бой көтерсек, дауға да,
жауға да берілмейтін ұрпақ боларымыз анық!
Ұлтымыз қашан да баласының рухани жағынан бай болуына көп көңіл бөлген. Сәби дүниеге келгеннен бастап, оның ойлы, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына, ақыл-ойының жетілуіне баса назар аударғандығы белгілі. Халықта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген нақыл бар. Кішкентай бала бойында адалдық, әділдік, мейірімділік, адамгершілік сияқты бар ізгі қасиеттерді сіңіруде халықтық педагогиканың маңызы зор. Үнемі әдептілік тәрбиесін беру арқылу баланы жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулуды да кішкене кезінен бастаған дұрыс.
«Тәрбие» деген сөз араб
тілінен аударғанда, «көктету, өсіру, жетілдіру»
деген ұғымды береді екен. Яғни, сәбидің
болашағы осы алған тәрбиесіне тікелей
қатысты болары хақ. Осы жөнінде ақын әрі
педагог Мағжан Жұмабаев: «Тәрбиеден мақсұт
– адамды һәм сол адамның ұлтын, асса,
барлық адамзат дүниесін бақытты қылу.
Ұлт мүшесі әрбір адам бақытты болса, ұлт
бақытты, адамзат дүниесінің мүшесі әрбір
ұлт бақытты болса, адамзат дүниесі бақытты.
Қысқасын айтқанда, тәрбиеден мақсұт –
адам деген атты құр жала қылып жапсырмай,
шын мағынасымен адам қылып шығару» - дейді.
Демек, баланы тәрбиелеудегі мақсат –
оны жан-жақты кемелдендіріп, қоғамға
пайдасы тиетін азамат етіп қалыптастыру.
Дана қазақ ұрпаққа тәрбие беру жолында
еш аянып қалған емес.
Халықтық педагогикадан нәр алаған баланы ата-баба өсиеттерін сіңіріп, салт-дәстүрлерді біліп, ел қамын ойлайтын, тілін, дінін құрметтейтін, өз ұлты мен ұлты мен қатар өзгелерді сыйлай алатындай етіп шығару ата-ананың басты мақсаты болуға тиіс. Қазіргі қоғамның алдында тұрған мәселенің бірі – бүгінгі жас жеткіншектің бойына бәсекеге қабілетті құндылықты қалыптастырып, дамытуға айрықша көңіл бөлуді қажет етеді. Бұл құндылықтардың бастау көзі тек халықтық тәрбие беру тәсілдерінде екені рас. Ұлтымызбен бірге жасасып келе жатқан мол мұраларымыздың құндылығына ешкім дау айта алмасы анық. Адам баласы қоғамда адалдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Мінез-құлқының тәрбиесімен бірге білімді ұштастыра алғанда елге пайдалы азаматтардың қатары көбейеді. Қазіргі заманы адамын өзгерткен мына қоғамда кешегі кемеңгерліктің куәсі болған ата-әже тағалымын бойына сіңірген ұрпақ-ты қаншалықты дәрежеде көреміз? Ұлтымыздың туын желбіретер ұлағатты ұлдарымыз бен қылықты қыздарымыз бар ма?! Міне, осы сұрақ маңызды! Көпке топырақ шашпағанымен, бір құмалақтың бір қарын майды шірітетіні де ақиқат емес пе? Тәрбие-адам азығы. Қай заманда, қай елде болса да отбасының адамзатқа тигізетін ықпалын өмірдегі басқа ешнәрсемен салыстыруга келмес. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес.
Адамның адамшылдығы
– ақыл,
ғылым, жақсы ата, жақсы ана,
жақсы құрбы, жақсы ұстаздан
болады.
Абай
Отбасы — адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты, қызық дәурені осы отбасында өтеді. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап, ата-ана өздерінің негізгі борыштарын — тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі. Алайда, қазіргі кездегі елдегі әкономикалық әлеуметтік жағдайлардыңқиындығы, жұмыссыздық, материалдық-рухани қажеттіліктердің тапшылығы осының бәрі отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты күрделендіріп отыр. Бала тәрбиесінің негізі — бұл оның отбасы. Осы шағын әлеуметтік топ — бала үшін өмір мектебі. Отбасындағы ата-ана — баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Баланың болашағы, білімі, мәдениеті отбасындағы ата-ананың сіңірген еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты. Сондықтан, әрбір ата-ана өзінің баласын білімді, мәдениетті, жан-жақты етіп тәрбиелеуге міндетті. Қазіргі кезде отбасы тәрбиесі мәселесі әлемдік деңгейде қарастырылуда. Оған «Балалар құқығы туралы Конвенция» (1995), Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы» (1999), Қазақстан Республикасының «Балалардың құқығы туралы заңы» (2002), «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» (2004) сияқты құжаттар дәлел бола алады [1,2,3,4]. 2004 жылы ақпан айында Үкіметтен қолдау тапқан «Білім тұжырымдамасы» үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы балабақшадан бастап, мектеп аяқтағанға дейінгі балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселесін жоспарлы түрде шешіп, отбасына педагогикалық көмек беруді мақсат етеді. Ал ата-ананың педагогикалық білімінің неғұрлым жоғары болуы олардың қоғам алдында өз балаларының тәлім-тәрбиесі үшін жауапкершілігін арттырады. Сондықтан да баланы жағымды ортада тәрбиелеу мен оқыту қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Тәрбиениің басы әдептілік болғандықтан, ата-ана ең бірінші баласына өздерін сыйлап,құрметтеуді, үлкендерге сыпайы болуды үйретеді. Отбасының ұйытқысы, берекесі әйел адам болса, қыз баланың орны да әрқашан жоғары деңгейде.
Мен қазақ қыздарына
қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған,
«Қыз өссе - елдің көркі»- деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
О. Сапарбаев
Қай ата-ананы алсақ та,
қызының ертең барған жерiнде балдай батып,
судай сiңiп кетуiн, жақсы жар, әдептi келiн,
аяулы ана болуын армандайды. Қасиеттi
ана қызының тәрбиелi болып өсуi үшiн жасынан
ақ шашты қарияның алдынан аттатпай өсiредi.
Халқымыз «Келiн-нiң – аяғынан, қойшының
– таяғынан» дегенде, жаңа отаудың береке-құтын,
ағайын-туыс, ауыл арасындағы беделiн,
болашақ ұрпағына дұрыс тәлiм-тәрбие беруiн
келiннiң жақсы-жаман қасиеттерiмен өлшеген.
Қазақ халқы келiннiң
келген жерiнде жақсы жар, абзал ана, ұқыпты
әйел болуы, бiрiншiден, оның өскен ортасына
байланысты десе, екiншiден, келген жерiне
де байланысты деп қарайды. Жаңа түскен
жас келiнге енелерi қонақ күту, ас ұстау,
бала күту, т.б. мәселелерде үнемi ақыл-кеңес
берiп үйретiп отырады. «Келiннiң жақсы
болмағы қайын ененiң топырағынан» деп,
ененiң жас келiнге қамқоршы болуын талап
еткен. Сондықтан да «Жақсы ауылға келген
келiн – келiн, жаман ауылға келген келiн-келсап»
деп текке айтпаған.
Әйел қандай биiк дәрежелi
жұмыс iстемесiн, қайда болмасын оның ең
басты мiндетi – өмiрге ұрпақ әкелу, бала
тәрбиелеу. Көп жағдайда отбасының берiктiгi
әйелге байланысты. Әйел сабырлылығы,
кешiрiмдiлiгi, сыпайы-лығымен, т.с.с. жақсы
қасиеттерiмен үй-iшiне береке әкелiп, шаңырақ
бақытын орната алады.
Үлкендi сыйлау – бiздiң халқымыздың
ежелгi дәстүрi. Ол дәстүр бойынша жастар
үлкеннiң алдын кесiп өтпеуге, сыпайы болуға,
үлкенмен сөз жарыстырмауға, тiптi үлкендердiң
алдында қатты күлмеуге тиiс. Осындай ата
дәстүрiмiздi бүгiнгi жастар жадында сақтап,
жалғастыра бiлуi қажет.
«Қыз» тәрбиелей отырып- ұлтты тәрбиелейміз» деген қанатты сөздің
Өзі «қыз» бала тәрбиесінің қаншалықты маңызды екенін білдіреді.
«Қызым үйде, қылығы түзде» дейді екен бұрынғылар. Қыз баланың
бойына асыл қасиеттерді дарыту тек құлаққа құюмен, ақыл айтумен
не болмаса «Қызды қырық үйден тыюмен» шектелмейді, мәселе қай
кезде, қандай жағдайда орынды ақыл ұсынып,үлгі -өнеге көрсету қажет.
Ізеттілік, көргенділік нәресте кезінен ана сүтімен
бойға сіңеді. Қатты күлмеу, айқайлап сөйлемеу, үлкеннің жолын кеспеу,
ыдыс аяқты салдырлатпау, алдымен кіріп, артымен шығу, есікті теуіп
ашпау, босағаны кермеу, ұсынған кесені төмен қарап беру, үлкендерден
жоғары отырмау тәрізді тіпті қыз баланың отырысына, жүрісіне, аяқ
басқанына, киім киісіне, қимыл- қозғалысына, дауыс ырғағына дейін мән берудің өзі қыз бала тәрбиесіне аса зор мән беріп, көңіл
қоюдың жауапкершілігін сездіреді.
Жазушы Ә.Нұршайықовтың мына бір сөздерін әрбір қыз баланың бойына сіңірсек құба-құп.
– Қыздар!Өздеріңді алақанға салып әлпештеп отырған
осынау бір елімізге адал перзент, асыл азамат боламын десеңдер, еңбекшіл
болыңдар! Еңбекшіл адам ең ардақты адам.
- Әдемі болыңдар, әсем болыңдар! Сонымен бірге ақылды болыңдар!
- Сұлу болыңдар, сымбатты болыңдар! Сонымен бірге саналы болыңдар!
- Қыздар ұйқышыл болмаңдар, ұмытшақ болмаңдар, ұрысқақ болмаңдар.
- Инабатты болыңдар, ілтипатты болыңдар, ұйымшыл болып өсіңдер!
Қыз бала тәрбиесі қай кезде де назардан тыс қалып көрген жоқ.
Бірақ бүгінгідей қоғамның аласапыран кезеңде қыз балаларды жан-жақты тәрбиелеудің уақыт күттірмейтін мәселе.
Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңгі тұтқасы- болашақ ұрпақтың дені
сау,жаны таза болуы, бойларына жалқаулық, құнсыздық- жауапсыздықты
дарытпау,өздерін сергек ұстауы- бұл да тәрбиенің бірден бір міндеті.
Ежелгі Греция жерінде бір жартасқа: «Егер күшті болам десең-жүгір, ақылды болам десең- жүгір»,- деген сөздерді жазып қойыпты.
Осында үлкен мән бар. Оқушы- жастардың әсемдік талғамын,
адамгершілік қасиетін, іскерлік қабілетін дамыту арқылы, парасатты өмір
сүруге құштарлығын арттыру үшін төмендегідей тәрбие сағаттары мен ашық әңгіме, диспуттар өткізуге болады.