Ұжым- тәрбие құралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Июня 2013 в 11:18, реферат

Краткое описание

1999 жылы 7 маусымда ҚР “Білім туралы” заңы қабылданды. Заң білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың төмендегідей негізгі қағидаларын орнатты.
1. Қазақстан Республикасының азаматтары – білім алуға тең құқылы.
2. Әрбір азамат үшін интелектуальдық дамуы мен психо-физиологиялық және жеке бастарының қажеттілігіне сәйкес, білімнің барлық саласының қол жетерлік болуы.
3. Білімнің зайырлылығы.
4. Жеке тұлғаның білімінің және дарынының дамуына жағдай жасау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Балалар-ұжымын-қалыптастыруға-қажетті-мұғалімнің-кәсіби-маңызды-сапаларын-қасиеттері-анық.doc

— 521.00 Кб (Скачать документ)

А.С. Макаренко ұжымаралық қатынасқа көп көңіл бөлді. Қалыптасқан ұжымның ерекше белгілері ретінде ол мыналар ескерді:    1) үнемі сергектік, іс-әрекетке дайындық; 2) өзіндік қадірін сөзіну;   3) мүшелерінің достық бірлігі; 4) әр мүшенің өз қауіпсіздігін сөзіну;   5) іс-қимыл, әрекет белсенділігі;   6) дер көзінде ұстамдылыкқа әдеттенуі, көңіл шарпулары мен тілдесудегі өзіне шек қоя білуі.

5   Балаларды коллектив үшін және коллектив арқылы, коллективте тәрбиелеу жүйесін жасаған А. С. Макаренко өзінің заманында педагогтар арасында тараған тұжырымды қатты сынады, педагогтар берген тұжырым бойынша, олар коллективті «белгілі бір абыржушылықты жиынтық түрде елейтін өзара әрекеттес адамдар тобы» деп түсінетін. Антон Семенович ащы сықақпен былай деген болатын: бұл анықтамадан биологизм иісі он шақырым жерге аңқиды, бұл анықтама маймылдардың үйіріне немесе полилтер колониясына қолданылуы мүмкін, алайда адамдар коллективі үшін, адам қызметі үшін мүлде жарамсыз. Ал егер бұл анықтаманы адамдарға жатқызатын болсақ, онда коллективтің мұндай ұғымына трамвай вагонына отырған жүргіншілерге дейін, көшедегі топ-топ адамдарға дейін, төбелесіп жүрген мастарға  дейін, кез келгеннің  бәрін де жатқызуға болады. А. С. Макаренко бірігудің социалистік принципіне негізделген адамдардың әлеуметтік бірлігі ғана коллектив деп атала алады деп атап көрсетті. Харьков трактор заводы еңбекшілерінің коллективі жайында біз  осылай деп айта аламыз, алайда «Форд заводтарының коллективі» деп ешқашан айтпаймыз. Коллектив деп совет семьясын, оның мүшелерінің қоғамдық еңбекке бірдей қатысу принципіне құрылған семьяны атауға болады, бірақ ақымақ-әке басқаратын көпестік семья коллектив бола алмайды.

А. С. Макаренко коллективке  былай деп сипаттама берді:

«Біздің пікірімізше, коллектив  — бірігудің социалистік принципіне негізделген контактылы  жиынтық.

Жеке адам жөнінде коллектив бүтіндей коллективтің сувереңдігін білдіреді.

Жеке адамның өз еркімен  коллективке кіруі правосын білдіре  отырып, коллектив бұл адамнан  ол коллективте тұрғанда оған сөзсіз бағынуды талап етеді, мұның өзі  коллектив суверендігінен келіп  шығады.

Коллектив адамдарды қоғам үшін анық пайдалы қызмет міндеттері негізінде біріктірген жағдайда ғана коллектив болуы мүмкін».

Балалар коллективі туралы айта келіп, Макаренко тәрбиенің  советтік жүйесі социалистік жүйе болғандықтан, біздің тәрбиелеуші ұйымымыз да коллектив формасында болады деп ескертті.

«Біз тәрбиелейтін адамдар коллективі,— деп атап көрсетті Антон Семенович,— тек жастардың ғана жиналысы емес, бұл ең алдымен Совет еліндегі басқа да барлық коллективтің бүкіл ерекшеліктеріне, праволары мен міндеттеріне ие болатын социалистік қоғамның ұясы болып табылады».

Практика жүзінде өте-мөте белгілі және педагогика теориясында  зерттелген коллектив бастапқы класс  коллективі болып табылады.

Бұл   жұмыста  әңгіме  мектеп  коллективі  туралы болмақ.

Мектеп коллективі —бұл тек мектеп оқушылары ғана емес. Ол өзінің құрамына сондай-ақ педагогикалық персоналды да қамтиды. Оқушы және педагог кол-лективі - өзінше өмір сүретін жеке бірлестіктер, олардың әрқайсысының қалыптасуы мен дамуының өз заңдылықтары бар. Олардың арасына қандай да бір айқын шек қоюға болмайды, олар бір-бірінен белгілі бір дуалмен бөлінбеген, олар өзінің бірегейлігімен мектеп коллективі болып табылады, олар сонымен бірге бірыңғай тұтас болып та қосылмайды.

Біз мектеп коллективін  коллектившіл өзара қатынастардың жоғарғы, неғұрлым күрделі формасы ретінде қараймыз. Мектеп коллективі - бұл азаматтың мектеп, коммунистік құрылысқа белсенді қатысушының сапа қасиеті осында қалыптасады, бейнелеп айтқанда, бұл балапанның қанаттанып, өздігінен ұшуға аттанатын ұясы.

Біздің елімізде тамаша мектеп коллективтері қалыптасқан мектептер аз емес. Практикалық тәжірибені жинақтап, одан теориялық қорытынды жасауға деген талап орасан зор. Мектеп коллективінің тәрбие методикасының мәселелері жөніндегі тәжірибені, теориялық тұрғыда зерттеудің және қорытудың мектеп басшылары үшін, мұғалімдер, кластан тыс және мектептен тыс жұмысты ұйымдастырушылар үшін, комсомол және пионер қызметкерлері, класс жетекшілері және т.т. үшін орасан зор практикалық мәні бар. Коллективтің айқындаушы, жолбасшы, тәрбиелеуші күшке айналуына қалай жетуге болады? Коллективтік қызметтің мазмұны неде? Коллектив ішінде ұйымдық және рухани өзара қарым-қатынастарды мүмкіндігінше мақсатқа сай қалай құруға болады? Мектеп коллективінің идеялың және ұйымдық негіздерінің бірлігін, комсомол және пионер ұйымдарының жалпы қызметін қалай қамтамасыз етуге    болады?    Мектеп коллективінің мүшелері болып саналатын оныншы класс оқушысы мен бірінші класс оқушысын ортақ мүдде, ортақ қызмет біріктіруіне қалай жетуге болады?

Осы және басқа да бірсыпыра мәселелерді біз теориялық тұрғыда дәлелдеп, практикалық кеңестер беруге тырысамыз, бұл кеңестер Кировоград облысы Павлыш орта мектебі педагогика коллективінің ұзақ жылғы тәжірибесіне негізделеді.

1.4 Ұжым және  тұлға: өзара ықпалы

Ұжым мен тұлға арасындағы байланыс – тәрбиені демократияландыру жағдайындағы, адам құқығы мен бостандығын сақтаудағы маңызды мәселенің бірі. Көптеген онжылдықтар бойы ұжымға әсер ету арқылы оқушы тұлғасын қалыптастыру отандық педагогикалық әдебиеттерде қарастырылмайды. Тұлға міндетті түрде ұжымға бағыну керек деп есептелінді. Қазіргі кезде адам жөніндегі философиялық концепцияларға және әлемдік педагогикалық ой тәжірибесіне сүйене отырып заманға сай, жаңа шешімдер іздестіруге тура келді.

Оқушыны ұжымдық қатынас  процесіне еңгізу қиын әрі күрделі шаруа.

Ең алдымен баланың жекелей мәнді екенін ескеру керек. Окушыларды -болашақ ұжым мүшелерін бір-бірінен денсаулыктарына, сыртқы көріністеріне, мінез бітістеріне, қатысу деңгейіне, біліміне, біліктілігіне т.б. қасиеттеріне қарап ажыратамыз. Сондыктан, олар ұжымдық қатынас жүйесіне  әртүрлі болып енеді, жас жағынан әртүрлі болып енеді, жас жағынан әртүрлі реакциялар туындатады, кейде ұжымға кері әсерін тигізуі де мүмкін. Ұжымдық қатынас жүйесіндегі тұлғаның жеке әлеуметтік тәжірибесіде маңызды келеді. Ол арқылы оқушының сана-сөзім ерекшеліктері, құнды бағдарлау жүйесі, жүріс-тұрысы белгіленеді. Ал бұлар осы ұжымның дәстүр-тәртіптеріне, құндылықтарына сай келуі не сай келмеуі де мүмкін. Оқушы тәжірибиесі басқадай болған жағдайда тәжірибе ауқымы мен сапасына сәйкес өз құрдастарымен қарым - қатынас орнатуы қиынға түседі. Әсіресе, жеке әлеуметтік тәжірибе сол ұжымның құнды тәжірибесіне қарама - қайшы келсе, онда қарым-қатынас қиындыққа соқтырады.

Тұлға мен ұжым арасындағы қатынас тек тұлға сапасына ғана емес, ұжымға да байланысты. Өз күшін, салт-дәстүрін құрған, басқарушы белсенділері бар, дамудың жоғары деңгейіне қол жеткізген ұжыммен қатынас жақсы орнығады. Бұндай ұжым басқаларына қарағанда өзіне жаңадан кірген тұлғамен қатынасқа оңай түседі.

Әрбір адам аз немесе көп  күш жұмсау арқылы ұжымдағы өз орнын табуға талпынады. Бірақ кейбір объективті немесе субъективті себептердің әсерінен тұлғаның барлығы бірдей табысқа қол жеткізе бермейді. Табиғи мүмкіндіктері бойынша жеке адам ұжымдағы кейбір құндылықтардың өзіне сәйкес келмеуінен өз жасқаншақтығын жеңе алмай, табыстарға қолын жеткізе бермейді. Әсіресе, ұжымның, достарының өзіне деген қатынасын бағалай алмайтын, өзін-өзі тануы мен бағалауы сияқты қасиеттері толық дамымаған бастауыш сынып оқушыларына мұның қиын соғуы мүмкін. Бұл педагогикалық жағдайдың объективті себептері бар: іс-әрекеттердің бірсарындылығы, ұжымдағы оқушының атқаратын рөлінің тарлығы, ұжым мүшелері арасындағы қатынастың ұйымдастыру формаларының біртараптылығы мен мазмұнының жұтаңдығы, бірін – бірі қабылдау мәдениетінің кемшілігі, жолдасының ескеруғе тұрарлық бағалы да қызықты қасиеттерін елей алмауы және т.б.

Ғылыми зерттеулер нәтижесінде тұлға мен ұжым арасындағы қатынас дамуының кең тараған үш түрі анықталған: 1/ Тұлға ұжымға бағынады /конформизм/; 2/ Тұлға мен ұжым бір – бірімен үйлесімді қатынаста /гармония/ болады; 3/ Тұлға ұжымды өзіне бағындырады /лидерлік/.

Бірінші түрі бойынша  тұлға ұжым талаптарына өз еркімен бағынады, ал кейде ұжымға сырттай бағынып, әрі қарай өзінің жекелігін және тәуелсіздігін сақтауы мүмкін. Егер тұлға ұжымға кіргісі келсе, онда ұжымның құндылықтарын, нормаларын және дәстүрлерін қабылдайды.

Екінші түрі бойынша  жағдай әртүрлі жолмен дамуы мүмкін: 1/ Тұлға өз тәуелсіздігін барынша сақтап ұжым талаптарына сырттай бағынады; 2/ Тұлғаның кейбір өзіндік іс-қимылы ұжым талаптарына сай келмейді. Мектеп ұжымдарында көп кездесетін мотив немесе себеп-салдарынан тұлға кейбір қиын іс - қимылдарға бой ұрады. Мұндай жағдайда оқушы ұжым нормалары мен құндылықтарын сырттай қабылдайды, талқылау көзінде ұжымның одан күтетінін айтады, әртүрлі жағдайларда ұжымдағы қалыптасқан қасиеттерді ұстанады, бірақ мектеп ұжымынан тыс жерде бұрыңғы қалыптасқан қасиеттерді ұстанады, өзгеше ойлайды, басқаша бағалайды. Бұл жағдай кейде  уақытша болса, кейде тұрақты болып отырады. Соңғысы тұлғаның бұрыңғы әлеуметтік тәжірибесі ұжым тарапынан қолдау көрмей, өз ұжымының тәжірибесімен ұштаспайтын жайларда жиі кездеседі. Біздің мектептерімізде ұжымға ашық түрде қарсы шығу көп кездеспейді. Алайда, балалар кейде қарсылық білдіреді, оның өзі де негізсіз себептерден туындайды: көбіне өзін -өзі қорғап қалу сөзімінің үстемдігінен болады.

Тұлға мен ұжым арасындағы қатынастың қазіргі мектепке сай  типі - бұл бірлікті өмір сүру талпынысы. Тұлға мен ұжым ұдайы қарым - қатынаста болуы тиіс.

Үшінші модельде тұлға  ұжымды бағындырады, бірақ бұл сирек кездесетін құбылыс. Нағыз лидер еңбектері, іс - әрекеттері ескерілумен, бұл модельде тиісті бағасын алады. Жарқын тұлға, оның өзіндік жеке тәжірибесі ұжым мүшелеріне тартымды болуы міндетті.

Психологтар мен педагогтар жекелік қасиеттердің жасырын түрде  дамитын мектеп ұжымы мүшелерінің  арасында кең тараған бағыт - бағдарын бөліп қарастырады. Берілген жұмыстарды, әсірісе жауапты тапсырмаларды бар ынтасымен орындайтын оқушылар аз емес. Баршаның көзіне түсу, басқаның үстінен өз билігін жүргізу - олардың талпынысына күш - қуат береді. Олар ұжымның қиын жағдайына қайғырмайды, жұмысына көп мән бермейді, басты мақсаты - өз беделін ғана таныту.

24 Жас адамның мектепте оқыған жылдары ішінде ой-пікірде, сөзімде, мінез-құлықта, еңбекте өзіндік ынта көрсете аларлықтай, коммунистік қоғамның кең дүниесінің қарым-қатынастарымен өмір сүретіндей жағдайлар тудыру, біздің кәміл сеніміміз бойынша, коллективте тәрбие жұмысындағы басты нәрсе болып табылады. Коммунистік мұратқа, еңбекші халыққа адалдық, өз күшің мен өміріңді Советтік атамекен үшін беруге әзірлік біздің қоғамымыздың ұйтқысы болып табылады.

Әңгіме коллективтің идеялың-азаматкерлік негізі туралы болып  отыр. Бұл негіз екі нәрсенің үйлесімі арқылы құрылады: бір жағынан, жеке бастың намысын, абыройын сөзіну арқылы, социалистік қоғамның жасампаз-адамының, азаматының ұлылығын мойындау арқылы; екінші жағынан, өз еңбегін, мінез-құлқын қылығың үшін борышыңды, жауапкершілігіңді сөзіну, қоғам тағдыры үшін, жеке адамның еңбек, рухани және жеке өмірде күрделі қарым-қатынастарда болатын адамдардың игілігі үшін жауапкершілігіңді сөзіну ар-қылы. Айрықша маңызды тәрбиелік проблеманы біз мынада деп қараймыз: адамның өзін құрметтей білуін, өзінің арын, намысын қадірлей білуін үздіксіз жетілдіре білу керек, өзінің мінез-құлқын қатаң бақылауы, жеке мүдделерді қоғамдың мүдделерге бағындыруы, бұларды жалпы жұрт игілігіне айналдыруға ұмтылу негізінде қалыптастыруы керек.

Біз тәрбиеленушінің  ақыл-ойы мен жүрегіне арнаған мұғалімнің сөзі де, коллективте, жалпы еңбекте, мектеп коллективінің ересек еңбеккерлер коллективтерімен өзара қарым-қатынастарында құрылған жағдайларда -осының бәрі де адамды өзінің көз алдында жоғары көтеруі үшін, дүние жүзіндегі тұңғыш социалистік державаның азаматы деген атаққа оның мақтануы үшін, күшті, ер жүрек, жаны жайсақ адамдардың отандасы екендігіне мақтануы үшін еңбек етеміз.

Коллектив тәрбиелеуші  күш ретінде қарым-қатынастардың байлығына негізделеді, бұл қарым-қатынастардың арасында идеялық-азаматкерлік қатынастар құрметті орын алады. Ал қарым-қатынастар байлығы мынаған байланысты болады: коллективтің әрбір мүшесі өмірдің асыл мәні неде деп біледі; әрбір жеке адам үшін еліктеудің мұраты, үлгісі не болып табылады; моральдың намыстың, ерліктің, сұлулықтың жоғарғы шегін әркім қалай түсінеді; мұрат дегенге әркім қалай қарайды.

Коллективтің идеялық-азаматкерлік негізі оның әрбір мүшесінің дүниеге азаматтық көзімен қарауға тырысуынан көрінеді, сөйткенде, азаматтың дүние түйсіну бала жастан бастап-ақ адамның өзін-өзі көретін, өзінің мінез-құлқын бағалайтын, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі орнықтыруға бағытталған ақыл-ойында, күйініш-сүйінішінде, іс-қылығында өз-өзіне деген көзқарасын ашатын айнаға айналуы керек. Әрбір жеке адамның өзіне деген белсенді көзқарасы, өзінің азаматтық мәнін дұрыс көрсетіп, бағалай білуін біз коллективтің тәрбиелеуші күшінің ең басты өлшемі деп қараймыз. Бұл мақсатңа жету — тәрбиешінің нағыз шеберлігінің куәсі.

Коллективтік және жеке рухани өмірде идеялық-азаматкерлік негіз оқу сияқты істе маңызды роль атқарады, оқу балалар, жас өспірімдер және жастар үшін өзінің қамы, қиыншылықтары бар ең басты еңбек болып табылады. Қазір, біздің қоғамымыз жалпыға бірдей орта білімді жүзеге асыру сатысында тұрған кезде, жұртшылық шұғыл, көкейтесті мәселелерге мейлінше қам жасауда: адамның белсенді, қажырлы, он жылдың ой еңбегін қалай ынталандыру керек? Баланың сәтті оқып, тек бүгін ғана емес, өзінің бүкіл өмірі бойында өзінің білімін көтеруге талмай ұмтылу қасиетін жетілдіріп, орнықтыруға қалай жету керек? Оқуға деген немқұрайды қараушылықтың қалай алдын алу керек? Егер іске нағыз басты стимул — азаматтық борыш араласпаса, тексеру, бақылау, күштеу жөніндегі нағыз қулық жүйенің ешқайсысы да тиісті нәтиже бермейді.

Бұдан бірнеше жыл  бұрын біздің мектептің тоғызыншы кластарының бірінің класс жетекшісінің, директорының және оқу ісі меңгерушісінің мазасын кетірген бір жай, ол тоғызыншы класта оқитын екі жастың оқуға немқұрайды қарауы - оқығысы келмеуі болды.

Информация о работе Ұжым- тәрбие құралы