Ашық тәрбие сағаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 18:59, реферат

Краткое описание

Сабақтың тақырыбы: Ана- өмірдің шуағы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу .

Прикрепленные файлы: 1 файл

тарбие.docx

— 33.87 Кб (Скачать документ)

Ашық тәрбие сағаты  
 
Сабақтың тақырыбы: Ана- өмірдің шуағы  
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу .

Міндеті: 8-наурыз Халықаралық эйелдер мерекесін атап өту.

Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.Оқушы бойында ізгілік, инабатгылық,биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу..

Түрi:Концерттiк бағдарлама 
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер,зал мерекеге сай әсем безендірілген. шарлар, слайд. 

Барысы: Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. Алайда «Ананың көңілі-балада, баланың көңілі -далада» демекші, өзінің перзентік борышын ұмытқан, сөйтіп ата-анасын сыйламайтын адамдарды да өмірден кездестіруге болады. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін, аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші достар! 
І жүргізуші: Ана-өмір қолдаушысы әлемнің  
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы  
Сейілмесін жанарынан ананың  
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы  
Аялайық аналарды әрдайым  
Қуанышқа бөлейікші өздерін  
Әжелердің,аналардың,қыздардың  
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін  
Ана- барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді,өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам, Ана-құдіретті жан ,ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын,  
Аяулы аналар! 
Той пердесін ашайық  
Аналарды құрметтеп  
Ән маржанын шашайық 

 
ІІ жүргізуші: Арулар!  
Сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймын! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке !Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек , жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан –ақ бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің.  
 
Құтты болсын ардақты анам  
Асыл анам мерекең  
Құтты болсын ұстаздарым  
Қуанышты берекең . 

 
1-оқушы:  
Өзіңе еліктеп өсермін  
Борышты өтермін қалайда  
Тым нәзік, жұтаңдау жырымды  
Жүректе жылытшы, жарай ма?  
Мұғалім: Хор «Ананың тілі.» 

 
ІІ жүргізуші:  
- Оқушыларды өздерінің шығарған өлеңдерін оқиды. Қабыл алыңыздар.  
Анашым» әнін қабыл алыңыздар.  
 
2-оқушы:  
Дүниенің жарық күні анамыз  
Дана болсақ анаменен данамыз  
Тыңдаңыздар, көңіл қойып ағайын  
Анаға арнап тағы бір ән саламыз  
Азамат қуат алар ақ сүтіңнен,  
Мәпелеп әлдилеген пейілі кең.  
Аналық махаббатың кәусәр-бұлақ,  
Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ. 

 
-Кластың орындауында ән «Анаға сәлем.» 

 
І жүргізуші:  
-Аналарымыз бізді байлаулы көзбен де көреді екен. 

 
ІІ жүргізуші:  
-Олар осындай байлаулы көзбен басқа нәрсені де бізді көргендей жақсы көрер ме екен ?  
І жүргізуші: -Сынап көрелік. 

 
Мұғалім: Гүл құрастыру.  
Мына гүлдерді көзін байлап орнына құрастыру 

 
ІІ жүргізуші:  
- Мерген аналарымыздың құрметіне тағы да ән шашу  
- «Анашым» әні  
 
І жүргізуші: Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару-ана, Ару-асыл жар, Ару – көңілдің гүлі,  
Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді деген екен бір ғұлама. Қандай нақты айтылған ой десеңізші! Расында бар әйел қауымынсыз мына әлемді елестету мүмкін емес! Иә, Құдайдан кейін құдірет иесі – ана. Мына жарық дүниеге әкелген Ана алдында бәріміздің де бас иетініміз сондықтан десек, бүгінде ұрпақ өсірумен қатар, ел еңсесін көтеріле түсуіне өз үлесін қосып келе жатқан қазақ әйелдері қандайда  
болмасын құрметке лайық. 
-Осылай бір халықты әйелдер аман алып қалған екен.  
Кішкене қыздар ұл балаларды көтеріп шығарыпты.  
Сен осылай жасай алар ма едің?  
 
ІІ жүргізуші 
Би Шоқ қыздар.  
ІІ жүргізуші:  
- Аналарымыз қандай өнерлі десеңші! 

 
І жүргізуші:  
- Өздері мерген. Өздері бір үлкен адамды да көтеріп кететіндей күштерін қалай сынасақ екен? 

 
ІІ жүргізуші:  
-Олардың шешендігін сынап көрелік. 

 
Мұғалім: Сөз тапқанға қолқа жоқ ойыны  
Аналарды ортаға шақырып, бір санды таңдатамыз.  
Таңдаған сандарының сұрақтарына жауап береді. Бір сан 5 сұрақтан тұрады.  
І жүргізуші -Менің анам алтын  
ІІ жүргізуші -Менің де анам алтын  
І жүргізуші -Аналарды құрметтеп  
ІІ жүргізуші -Қол соғыңдар жалпың  
І жүргізуші:  
- Біздің аналарымыздың құрметіне «Әже» әнін ұсынамыз.  
4-оқушы:  
Алтын анам жасымнан аялаған,  
Мен үшін игілікті аямаған.  
Сабақтан шаршап үйге келгенімде,  
Бал сөзі жаным деген сая маған. 

 
ІІ жүргізуші Бүгінде қоғам өмірінің әйелдер араласпайтын саласы жоқ десе болады. Бірі ғалым , бірі саясаткер, енді біреулері дәрігер, кәсіпкер тізе берсең жалғаса береді. Солардың бірі аяулы ұстаздар. Аналар өмірдің барлық саласын меңгергеніне шүбә жоқ бас иеміз.  
Міне бұл тек аналарға деген ерекше құрмет. Осындай хақ діннің заңына бағынған халқымның салт-дәстүрін құрметтеген адам аналарын құрметтеуі тиіс. Әрқашан да аналар беделі биік болсын!-дей отыра класс сағатымызды аяқтаймыз.

І жүргізуші: Демеңіз біз өнерді аяп қалды,  
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.  
Қош болып тұрыңыздар көріскенше  
Осымен концертіміз аяқталды.

Қорытынды:куттыктау созi мектеп басшысына жане ата-аналарға бериледи.Балалардың колдан жасалган сыйлыктары марапатталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі

Қарағанды "Болашақ" университеті

 

 

 

Тәрбие сағаты 

Тақырыбы: : Ана- өмірдің шуағы 

 

 

 

 

 

Орындаған: Әбiқаева А.Т

Тексерген: Жапанова  Р.Н

 

 

 

 

 

Қарағанды 2013 ж.


Информация о работе Ашық тәрбие сағаты