Ұжым- тәрбие құралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Июня 2013 в 11:18, реферат

Краткое описание

1999 жылы 7 маусымда ҚР “Білім туралы” заңы қабылданды. Заң білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың төмендегідей негізгі қағидаларын орнатты.
1. Қазақстан Республикасының азаматтары – білім алуға тең құқылы.
2. Әрбір азамат үшін интелектуальдық дамуы мен психо-физиологиялық және жеке бастарының қажеттілігіне сәйкес, білімнің барлық саласының қол жетерлік болуы.
3. Білімнің зайырлылығы.
4. Жеке тұлғаның білімінің және дарынының дамуына жағдай жасау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Балалар-ұжымын-қалыптастыруға-қажетті-мұғалімнің-кәсіби-маңызды-сапаларын-қасиеттері-анық.doc

— 521.00 Кб (Скачать документ)

Екіншіден, әрбір баланың оқыған жылдары ішінде оның қабілеті өспей, белгілі бір дәрежеде қалып қойып отырса, онда коллективте дұрыс тәрбие болды деу қиын. Іске сергек көзқараспен қарап, шындықпен пайымдайық: коллективте қабілеті шектеулі оқушылар болады; олардың тым құрығанда орташа оқуы үшін мұғалім көп күш жұмсайды, Бірақ осы шектеулі қабілеттің өзін жетілдіру керек, жетілдіргенде, адам — бұл арада біз тәні сау, жаны сау адамды айтып отырмыз — өзінің өскенін сезінуі үшін, табыс мерейін сезінуі үшін жетілдіру керек. Бұл өте күрделі мәселе, ал тәрбие ісінің бұл саласында педагог ең алдымен сергек, сезімтал, ілтипатты адам болуы керек. Мектепке дейінгі жастағы қара дүрсін  тәрбиенің салдарынан  туған, соған тән бала қабілетінің тар өрістілігіне - бала қайғысы ретінде қарау керек. Тек осындай жағдайда ғана бала жанын түсінуге болады. Қабілетті жетілдіру үшін ең алдымен мынадай  өте маңызды алғышарт  қажет: білімді творчестволықпен қолдану — білім жаңа білімдерді  тудырудың құралына айналып отырған кезде ғана емес, сонымен бірге жаңа шеберлік пен дағдыларды қалыптастырған кезде, ал мұның өзі адамның есте ұстай білуге, жасампаз болуға қабілетті екендігіне көзін жеткізеді. Адамның мектепке дейінгі жастык, шағында оған ақыл-ой тәрбиесін беруде қара дүрсіндікке неғұрлым кебірек жол берілсе, соғұрлым мектепте оқыған жылдарында білімді игеруде еске сақтау ісіне көңіл бөлгеннен гөрі, колективтегі творчестволық жұмысқа, басқа оқушылармен интеллектуалдық қатынас жасауына көбірек көңіл бөлу керек.

Үшіншіден, елеулі күш-жігер жұмсамай-ақ, қол жеткен табыстарды   коллектив ішінде мақтауға жол бермеу керек. Жалпы алғанда, табыс - адал еңбектің жемісі екендігін тәрбиеші есте ұстауы керек.  Асылы, тәрбиеленушілер коллективінде, әсіресе табиғи зор талабы бар адамдар арасында қол жеткен табысты қажырлы еңбектің нәтижесі деп білмеген бірде-бір адамның болмауы өте маңызды нәрсе. Коллективте кездейсоқ, кей ретте орынсыз бағалаушылық неғұрлым көп болса, соғұрлым тәрбиеленушілердің өз өзіне деген талап дәрежесі темен болады.

 

ІІ ТАРАУ.

2.1  Ұжымның  даму кезеңдері мен олардың  сабақтастығы.

 

Оқушылар ұжымы үш кезеңнен өтеді. Ұжымның даму кезеңдерін айқындаған А.С.Макаренко. Ол балалар ұжымы дамуының мақсатына, іс-әрекеттің мазмұнына, тәртібіне, балалардың ара-қатынасы тәуелдігіне байланысты ажыратты.

Бірінші кезеңде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап іс-әрекетінің қою барысында барысында орындалуға тиісті нақты міндеттер. Талап қою балаларды мінез-құлық нормасына үйрету, әлеуметтік тәжірибеге тарту. Бұл кезеңде балалар ұжымы сирек кездесетін құбылыс. Мұндай жағдай бастауыш сыныптарда және әр мектептен біріктірілген оқушылардың жоғары сыныптарында болуы мүмкін.

Бұл кезеңде ұжым іс - әрекетінде белсенді, ынталы, оқушыларға сүйену керек. Ұжым өміріне мұндай тәсіл сынып белсенді жұмыс істейтін оқушылар тобын көбейтуге және балалар мен мұғалімдердің жұмысты бірлесіп істеуіне әсер ету мүмкін.

Бірінші кезең аяқталу үшін мына мәселелерді еске алған жөн:

- ұжымды нығайтуға бағытталған мақсаттарды анықтау;

- ұжым іс -әрекетінің дамуы;

- жеке адам арасындағы  қарым-қатынас іскерлік және гуманистік

   қатынастардың пайда болуы;

- барлық ұжым мүшелері қолдайтын белсенділер тобының бөлінуі.

Бұл кезеңде мұғалімнің негізгі қызметі - оқушылардың ұжымдық іс -әрекетін ұйыдастыру, оларды әр түрлі іс-әрекеттеріне қатыстыру, ұжымды балаға педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру.

А.С.Макаренко ұжымды нығайту үшін тәрбие жұмысын барлық ұжымды тәрбиелеуден бастау қажет дейді.

Екінші кезеңде ұжым өзін-өзі басқаруға, яғни сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметінен тұрақты ұжым органдарына көшеді. Сондықтан бұл кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор. Мысалы, жұмысты бірігіп жоспарлау, әр түрлі оқу, қоғамдық еңбек тапсырмаларын орындау, әрбір ұжым мүшелеріне көмектесу, іс -әрекеттерін бақылау т.б.

Мұғалімнің қызметі - коммуникативті, яғни балалармен байланыс жасау, ұжымның өмірі үшін оқушылардың ынтасын қуаттау, жалпы міндеттерді орындауда барлық оқушылардың күш - қуаттын нығайту.

Ұжымның бұл даму кезеңінде параллельді ықпал жасау принципті қолданылады, яғни тұлғаға талап қою ұжым арқылы жүзеге асырылады.

Үшінші кезең - бұдан былай белсенді топтың және ұжым (сынып) іс-әрекетінің дамуымен сипатталады, онда қоғамдық өмірдегі деректерді, құбылыстарды бағалауда қоғамдық (ұжымдық) пікір пайдаланылады. Бұл саты ұжымның өрлеу кезеңі. Ұжым өмірінде, оқушылар арасында жалпы істі бірлесіп орындаудың арқасында ұжымдық, гуманистік қатынастар дамиды, демек, ұжымда тілектестік, бір - біріне ілтипатты болу, жолдастарының қуанышына, мұқтаждығына үн қатуға дайын тұру, мінез-құлық нормасын сақтау, нормаға бағыну сияқты болымды қасиеттер пайда болады.

Ұжым қоғамдық пікірмен сипатталады. Қоғамдық пікір - бұл ұжым мүшелерінің талаптары, пікірлерді бағалаудағы бірлігі. Бұл бірлікті ұжым кейбір ұғымдар және құбылыстар жайындағы пікірлерді мақұлдайды немесе кінәлайды. Демек, ұжымдық талқылау, бағалау, жариялылық, әрекеттілік -қоғамдық пікірдің негізгі ерекшелігі.

Оқушылар ұжымын нығайту мен  қалыптастыруда аса маңызды мәселелердің бірі - ұжым алдындағы мақсатты - перспективаны таңдау. Осыған орай, А.С.Макаренконың теориялық мұрасына сүйеніп, оның жақын, орта және қашық атты перспективаларын еске түсірген жөн.

Жақын перспектива - бұл күнделікті өмірде пайда болып жеке адамды әр түрлі іс - әрекетіне ынталандыру, қызықтыру.

«Егер балалар алдында қуанышты, қызықты істер болмаса, онда олар өмір сүре алмайды. А.С.Макаренко адам өмірін шын ынталандыруды ертеңгі қуаныш» - дейді.

Жақын перспективаға жарыс, саяхат жексенбілік серуен, цирк, музей  және көрмеге беру, үйірмелердегі  қызықты жұмыстар т.б. жатады.

Орта перспектива - бұл перспективаға балалар лагеріне бару, жыл сайын өткізілетін ән, сурет сайыстарына  қатысу, әдебиет, эстетикалық  және этикалық тақырыптарға пікірталас өткізу т.б. жатады. Мұндай алда тұрған оқиға  оқушылар үшін өте қуанышты болады этикалық тақырыптарға пікірталас өткізу т.б. жатады. Мұндай алда тұрған оқиға оқушылар үшін өте қуанышты болады.

Қашық перспектива - бұл ұжымның немесе жеке адамның бір істі ұзақ мерзімде орындауға талаптану мақсаты. Қашық перспективаға келешек мамандықты таңдау, білім алу, мектеп бітіргеннен кейін халық шаруашылығында жұмыс істеуге тілек білдіру немесе орта және жоғары арнайы оқу орындарына түсу жатады.

Қоғам адамдары қашық песпектива арқылы мүмкіндігінше ұжымға, Отанға пайда келтіруі тиіс. Бұл перпектива жақын және орта перспективалармен мызғымас байланыста іске асырылады.

Осы перспективаларды оқу және тәрбие барысында тиімді пайдалануда әрбір мұғалімнің міндеттері: біріншіден, перспективаны баланың, сыныптың, мектептің пайдасы үшін таңдап ала білу; екіншіден, оқушылардың жас ерекшеліктерін және жалпы дайындық дәрежесін еске алу.

Ұжым өмірінде дәстүрдің үлкен тәрбиелік маңызы зор. А.С.Макаренконың сөзімен айтқанда, дәстүр ұжымды бекітеді.

Дәстүр ұжымды нығайтады, оның өмірін толық, тұрақты,  ықпалды және тартымды етеді. Ұжымның жалпы өмірінде дәстүрдің көптеген түрлерін байқауға болады, мысалы, мектеп мерекесі, сайыстар, олимпиадалар, соңғы қоңырау, артта қалған оқушыларға көмектесу,   дәлдік дәстүрлері т.б. Барлық дәстүрлер үшін жалпы мәселе ұжым өмірін байыту, аға ұрпақтың мұрасын ұқыптылықпен күтуге үйрену,   ұжым абыройы үшін күресу.

Дәстүр - бұл тарихи қалыптасқан, бір  буыннан екінші буынға беріліп отыратын қоғамдық өмірдегі, ұжымдағы адамдардың қатынастарын көрсететін нормалар мен принциптер.

102  Интеллектуалдың емір мектепте еңбек рухы үстемдік алған кезде тәрбиелік күшке айналады. Балалық, жастың, бозбалалық шақтардағы еңбек өмірі — бұл жақсы адамды қалыптастырудың маңызды шарттарының бірі. Әңгіме белгілі бір еңбек нормасын орындауда болып отырған жоқ, қайта коллектив пен жеке адамның еңбек өмірі туралы болып отыр. Егер кішкентай адам балалың шағынан бастап еңбектеніп және еңбекпен өмір сүретін болса, балалың шағынан бастап көпшілікке керек жұмыс үшін, творчество үшін, басқа адамды керексінуді сезінетін болса, тек осындай жағдайда ғана коллективтің интеллектуалдық сөзімдерінің, дүниеге көзқарасының, сенімдерінің, қызметінің бірлігін жасауға болады. Егер адам бала көзінде өзін материалдық және рухани игіліктердің еңбеккері, жасампазы және сақтаушысы деп сөзінбесе, мұны адам бала шақтағы кездерінен бастапақ өзінің тәжірибесінен таныған ақиқат: тек жұмыс қана жеке адамға ар, абырой береді деген ақиқат көлемінде сезінбесе, онда идеялың жағынан бір пікірлес коллективтік адамдарды тәрбиелеп шығару мүмкін емес; адам коллектив ішінде өзін тек еңбек арқылы көрсетеді, еңбек басқа адамдар туралы пікір айтуға моральдың право береді.

Еңбек біздің заманымызда мектепке енді, бірақ баланың, жас өспірімнің, жас жігіт пен қыздың жан дүниесіне әлі де біржола енген жоқ. Өте өкініштісі, көп-теген мектептерде ол өзінің тиістісін — коллектив пен жеке адамның өмірінің мәні, шабыты мен қуаныштың қайнар көзі болуға тиісті орнын алған жоқ. Еңбек шабыты, еңбек қуанышы, еңбек творчествосымен рух-тану — бұл қуатты рухани күш, ол адамдарды жақындастырады, баланың тұңғыш срзімін оятады, сол сезімнің негізінде бірте-бірте азаматтық ар, басқа адаммен жақындасуды керексіну сөзімі, оған өзінің рухани күш-қабілетін беру сөзімі, басқа адам үшін жауапкершілікті сезіну сезімі орнығады. Коллективтік еңбек арқылы туған басқа адамды керексіну сөзімі — коллективтің бүкіл еңбек өміріндегі ең маңызды нәрсе.

Еңбек рухы коллективте, еңбектегі  қарым-қатынастарда туып, өмір сүреді. Бүкіл мектеп еңбек коллективі болуға тиіс, адамға, қоғамға, халыққа арналған еңбек идеясы коллективтік ойды, коллектйвтік ынтаны рухтандыруға тиіс. Еңбек коллективі болмаса — оқушылар өз тәжірибесі арқылы тәртіптің қажеттігін, басшылыққа сайланған немесе өкілдік етілген жасы үлкен жолдастардың, сондай-ақ жолдастарының да талаптарына бағыну қажеттігін түсінбейді. Жеке адамның нағыз социализациясы мынадан: адам өзінің ең-бектегі міндетіне тек қажеттілік ретінде ғана қарап қоймай, сонымен бірге өзінің қажетін басқа адам арқылы өтеу жөніндегі  нақты  әдіс ретінде қарауынан

басталады.

Оқушылар коллективінің еңбек өмірінің негізіне еңбек қуанышы жатады. Коллективте еңбек қуанышын бастан кешу ғана еңбекке деген қажеттілікті тудырады. Еңбек адамға қажеттілік онымен қарым-қатынас жасау қажеттілігінен бөлінбейді; кішкентай адам творчествоның, іс-әрекеттің қызығын аша келе, сонымен бірге өзінің күші мен басқа адамдардың күшін қо-судағы қуанышты, тартымдылықты ашқан кезде ғана еңбек қуанышы туады.

Балалар коллективін  тәрбиелеу - бұл, шын мәнінде, еңбек қуанышын іздеу. Еңбек қуанышын еш нәрсемен салыстыруға болмайды. Оны экскурсияның, спорттың, ойындардың, көркем әдебиеттің, музыканың адамға беретін қуанышымен бір қатарға қоя алмайсың. Егер балалар өз тәжірибесінде еңбек қуанышына қолдары   жетпесе,   егер   оларды   коллективтік   жасампаз еңбек қызықтырмаса, басқа қызмет түрінің бәрі коллективті қалыптастыру құралы ретінде дәрменсіз болып қалады. Еңбек қуанышы,— бұл ең алдымен қи-ыншылықтарды жеқу қуанышы, мақтанышпен сөзініп, бастан кештік, мінекей біз, дене күштеріміз бен рухани күштерімізді жүмсап, жеңіп шықтық, ұзақ уақыт бойы талпынған шыңның басына шықтық. Еңбек қуанышына жету жолы оңай емес, оны альпинистің жігерімен және ерлігімен салыстыруға болады: құздар мен жарқабақтар арқылы кезудің жақсылығы да, тартымдылығы да шамалы, бірақ мұның бәрі шыңға жету үшін, өзіңнің абыройың мен   намысыңды дәлелдеу үшін қажет. Еңбек қуанышы шыңға  қарай  қайсарлықпен жылжуда, табиғат күштерін жеңіп шығуда.

Тәрбие шеберліғі мен  өнері мынада:  әрбір адамға мына теңдесі жоқ қуанышты, халык, айтқандай, ол әлі орындықта көлденең жатқан көзден бастап сыйлау ке-рек. Балаға ауыр болады екен деп алтын балалық шақтың нұр шұғыласына көлеңке түсіруден қорықпаңыз, ол өзінің бар күш-жігерін салып, шағын мүмкіншілігімен біз ойлағаннан гөрі, көбірек іс істейді.  Осы «ойлағаннан гөрі, көбірек» деген сөзде, мүмкін, шыңға жететін қиын соқпақпен жүру мәселесі жатқан шығар. Оған жетпейінше еңбек қуанышы, адамның адамға жақындауы мүмкін емес, өзіңнің рухани күшіңнің сарқылмайтындығына таңырқау мүмкін   емес. Ойлағаннан гөрі көбірек іс істегеннен кейін, мүмкін, бала өзіне өзі тұңғыш рет мақтаныш сөзімімен сүйсінер, бейне бір өзін-өзі жаңа тапқандай, өзін басқа адамның көзқарасымен көргендей  болар. Әлбетте, коллективтің   еңбек өмірі нақ осыдан басталады. Адамның адамға жақындауы, күш біріктіруге талпыну, осы бірігу қуанышы, өзара көмек пен жәрдемді сезу — мұнсыз саналы тәртіп туралы, коллективтің жекелеген тәрбиеленушілерге қоятын талабы туралы әңгіме де болуы мүмкін емес. Көп жылдық тәжірибе менің көзімді мынаған жеткізді: балалар мен жастар коммунистік ұйымдары-ның — пионер және комсомол ұйымдарының идеялық негізі бұл балалардың, жас өспірімдер мен жастардың еңбек өмірі. Пионерге етуге әзірлену кезінде біздің балалар бақ немесе егістікті қорғайтын орман алқабын, жапырақты орман немесе титомник жасайды. Бұл жұмыс қоғамға қарайтын жерді түрлендіреді,   байлық құрайды. Мінекей октябрят-балалар шағын учаскеге емен отырғызып, жапырақты орман жасап жүр. Әрбір бала өзі отырғызған ағаштарының өніп шығуын шыдамсыздана күтеді, әрқайсысы нәзік өніктер пайда болған кезде қуанышты сөзімге бөленеді. Бұл жұмысқа балалардың шамасы келеді дегенмен   оңай да емес: жыл бойына әлденеше рет топырақты қопсытып, арам шөпті жойып, ағаштарды суару керек. Мұның өзі едәуір дене күшін жұмсауды керек етеді.

Коллективтік еңбекте  адамға жеке жұмыста еш уақытта ашыла қоймайтын жайлардың сыры ашылады: қажырлылық, табандылық, қайсарлың —бұл тек бұлшық еттердің барынша жұмсалуы ғана емес, бұл ешнәрсемен салыстыруға болмайтын анағұрлым күшті нәрсе екендігін адам түсінеді. Бұл ішкі жігер импульсі; қолыңда енді жұмсайтын күшің біткендей көрінген сәтте, қиындықты жеңуге мәжбүр ететін ешнәрсемен де салыстыруға болмайтын намыс күші. Қуаңшылық соқты, ыстықтан ағаш қурауға айналды. Ағаштың бәрін суаруға әл-дермен жетпейтін тәрізді. Бірак, біз балаларды қиындықтарға қарсы қоямыз. Әлденеше рет кешкісін біз учаскеге келіп, ағаштарды суарамыз. Бұл арада, әрине, балалармен бірге, тәрбиешінің де жұмыс істегені өте маңызды нәрсе, оның қиындықтарды жеқу жөніндегі жігер күші, сөнбейтін оттай әрдайым бала-лардың алдында тұрғаны жен. Міне қиындықтар енді жеңілді, балалар жеңіс қуанышын басынан кешті. Бұл коллективтің рухани емірінің неғұрлым толық мәнді кезеңі. Еңбек арқылы қол жеткен бірлік – мейлінше мықты бірлік.

Информация о работе Ұжым- тәрбие құралы