Ұжым- тәрбие құралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Июня 2013 в 11:18, реферат

Краткое описание

1999 жылы 7 маусымда ҚР “Білім туралы” заңы қабылданды. Заң білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың төмендегідей негізгі қағидаларын орнатты.
1. Қазақстан Республикасының азаматтары – білім алуға тең құқылы.
2. Әрбір азамат үшін интелектуальдық дамуы мен психо-физиологиялық және жеке бастарының қажеттілігіне сәйкес, білімнің барлық саласының қол жетерлік болуы.
3. Білімнің зайырлылығы.
4. Жеке тұлғаның білімінің және дарынының дамуына жағдай жасау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Балалар-ұжымын-қалыптастыруға-қажетті-мұғалімнің-кәсіби-маңызды-сапаларын-қасиеттері-анық.doc

— 521.00 Кб (Скачать документ)

Ұжым- әрбір мұғалім  үшін ойдың, шығармашылық ізденістің қайнар көзіне айналуы тиіс. Ең алдымен  тәрбие күшіне терең сенім қажет. Сенім әрбір мұғалімнің ұжданынына айналуы тиіс. Тәрбие күшіне сену дегеніміз - өз жұмысына сену өз шәкіртінің ой мен сөзімнің әміршісіне айнала аламын, ең “қиын” оқушыны да адам ете аламын,- дегенге сену. Тәрбиеге нағыз сенім бар жерде ғана, нағыз талапшылдық еңбек тәртібі бар. Әрбір педагог тәрбиеші болумен қатар өз пәнінің жақсы маманы болуы тиіс, шәкіртінің идеалы бола білген ұстаз ғана өз еңбегінің нәтижесін көреді. Адам – ұжым- қоғам өзара қарым-қатынас жүйесі, міне, осы осының арқасындаұжым қоғамының белсенді қайраткерін, азаматтық, қоғамдық проблемаларға өте сергек қарайтын, ел мүддесімен, ел тілегімен өмір сүретін жауапкершілігі мол, саналы азаматты тәрбиелейтін күшке саналады.

Ұжымдық өмірдің эмоциялық  байлығы дегенде жеке адамның  еңбек жетістігін тек өзі ған  емес, өзгелерде сөзінетінін, адамдардың бірін-бірі бағалай білетін, құрметтей білуін, жан дүниесімен сөзінуін түсінуге болады. Ұжымдық өз мүшесін толықтай бағалай білуі, тұлғалық қасиеттерін саралап, көрсете білетін орта білуі тиіс. Педагогикалық шеберліктің қырының бірі ұжым ішінде адам өзіне-өзі талап қоя біліп, қоғам алдындағы жауапкершілігін жете түсінуі керек, ұжымның абройын ардақтай білуі керек. Тәрбиеге нағыз сенім бар жерде ғана, нағыз талапшылдық еңбек тәртібі бар. Әрбір педагог тәрбиеші болумен қатар өз пәнінің жақсы маманы болуы тиіс, шәкіртінің идеалы бола білген ұстаз ған өз еңбегінің нәтижесін көреді.

     Көп жылғы  тәжірибе көрсеткендей педагогикалық  ұжымның оқу-тәжірибе үрдісіндегі  нәтижелі еңбегінің көрінуі, оны  ұстаздардың сөзінуі де ұжым жетекшісіне, басшысына, ұйытқысына байланысты. Әрбір ұстаз еңбегін теориялық және методикалық тұрғыдан ұйымдастыра білсе, ұстаздар бірлігі мен ұйымшылдығын қамтамасыз ете алса, тәртіп пен биік талап межесін қоюды заңдылықтар негізінде жүргізсе басшы мектеп жұмысының рухани нәтижелі болуын қамтамасыз ете алады. Мектеп тәжірибе мен білім ошағына айналғысы келсе оның өмірінің өзегі болуға тиіс ең басты нәрсені-оқушылар ұжымындағы ой өмірін, ұдайы интелектік байлық алмасу ісін тек білімге құштарлық билеген педагогикалық ұжым ғана қамтамасыз ете алады.

53 Аамның бойында адамдық қасиеттері тек мына себептен ғана қалыптасады, өз өмірінде тұңғыш рет тыныс алған кезден бастап ол — қоғамдық зат. Адам-ның қоғамдың мәні оның басқа адамдармен қатынас-тарында, байланыстарын-да, өзара қарым-қатынастарында көрінеді. Дүниені және өзін әлемнің шағын бір бөлігі ретінде тани келе, адамдармен әр түрлі қатынастарда, оның материалдық және рухани тұтыну қажеттерін өтейтін қатынастарда бола келе, бала қоғамға кіреді, оның мүшесі болады. Жеке адамның қоғамға осылайша араласу процесін, демек, жеке адамның қалыптасу процесін ғалымдар социализация деп атайды. Өкінішке қарай, социализацияның педагогикалық аспектісі тиісінше жете егжей-тегжейлі зерттелмей келуі былай тұрсын, тіпті қаралмай да келеді.

Ал былай алғанда  нақ социализация процесі коллективтің тәрбиелеуші күшін қалыптастыруда аса маңызды алғышарттардың бірі болып табылады, кол-лективтің осынау тәрбие күші туралы педагогикалық әдебиетте көбінесе ол бейне бір дайын күйінде берілетіндей түсінікті оқуға тура келеді. Коллективтің әлде-қандай фантастикалық күшіне осылай аңғалдықпен сенушілік мұғалім-дерді көбінесе торығуға әкеліп соқтырады. Бір жағынан, коллективтің жеке адамға ықпал ету қабілетінің қалыптасуы, өкінші жағынан, жеке адамның басқа адамдардың ықпалына берілу қабілетінің қалыптасуы әрбір индивидуумның, кейін юоллек-тив мүшесі болған индивидуумның қоғамға қалай кіруіне байланысты болады. Тәжірибе адамның қоғамға теріс, жарымжан кейіпте (өкінішке қарай, кейде осылай да болады) кіруі мынаған әкеліп соқтыратынын дәлелдейді: ол басқа адамдардың тәрбие ықпалына оңай бейімделе қоймайтын болады, ал кейде басқа балалар үшін қалыпты, тиімді ықпал ету тәсілдеріне бейімделу қабілетін мүлдем жоғалтады.

Кішкентай нәрестенің өмірінде оның өзі үшін төтенше жақалық ашатын   мынадай  кезең  де болады: сірә, өзіңнің айқайлаған даусыңмен, жылауыңмен, аяқ-қолыңды тырбаңдатуыңмен тілегің мен тұтыну қажетіңді өтейтін адамдарға — анаңа, күтушіңе, әкеңе, әжеңе ыңпал етуге болады екен. Анаң мен әкеңді ең шұғыл жұмысын қоя тұрғызып, өзіңе жүгіріп келтіруге болады екен. Өзінің әрбір тілегі бірден-ақ қанағаттандырылатынына, өзінің тілегін қанағаттан-дыратын адамның қимылын тездету үшін күшті белгі және реттеуші — айқай екендігіне таңырқап көзі жеткен бала тұңғыш өзімшілдік тілегінің қанағаттанға-нын сезе бастайды: не тілесем, соның бәрі істелетін болады деп біледі. Нақ осыдан кейін-ақ қалыпсыз, орынсыз социализация басталады: адам өзін тиісті жағынан емес, теріс жағынан танып біле бастайды. Коллективтің болашақ мүшесінің моральдық саулығы, оның тәрбиелі адам болу қабілеті едәуір дәрежеде нәрестенің жылап-сықтауына ананың қалай қарайтындығына, баланың алғашқы тілектерінің қалай қанағаттандырылуына және осы тілектердің негізінде тұтыну қажеттерінің қалай туатындығына байланысты болады. Міне сондықтан да, тәрбие ісі баланың тұңғыш тыныс алуынан басталатындығын А. С. Макаренко сан рет атап айтты, ал егер ана ұлын тәрбиелеу ісін алтыншы айға жеткенде ғана ойлай бастаса, онда ана жарты жыл кеш қалғаны.

Бала тәрбиелеудің қалыпты процесі үшін оның тілегіне қалай қараудың зор маңызы бар. Баланың — болашақ коллектившіл-азаматтың басқа адамдарға қарым-қатынасы осыған байланысты болады. Бұлар - әуелі анасына, әкесіне, ал одан кейін «бөгде адамдарға», «алыс адамдарға»— отандастарына, еңбектес және қарулас жолдастарына, кездеген мақсатқа, мұратқа жету жолындағы күрестегі бір пікірлес, одақтас адамдарға деген қарым-қатынастар. Теріс, жөнсіз тәрбие қауіпті жағдайға әкеліп соқтырады, мен мұны тілектің бұрмалануы деп атаған болар едім. Мұның қауіптілігі мынада: бала өзінің саналы өмірінің ал-ғашқы қадамынан бастап тілек пен тұтынудың айырмашылығын білмейді. Өзінің кез келген тілегін қанағаттандыру дағдысы басқа адамдардың интеллектуалдық эмоциялық дүниесіне деген сөзімталдықты әлсіретеді. Егер осы дағды тамыр жайса, егер бала осы дағдысымен мектепке келсе, онда ол басқа адамдарға өзінің қалған тілектерін қанағаттаңдыратын негіз ретінде ғана қарайды. Ойлаған тілегіне қайшы келген нәрсенің бәрін ол жақтырмайды, ұнатпайды. Мұндай баланың өзін айналадағы дүниенің бір кішкентай бөлігі ретінде танып білуі барлық нәрсені бір ғана өлшеммен: өзінің тілегімен өлшеуден басталады. Ал қоғам өміріне дұрыс араласу, дұрыс социализация мына жағдайда ғана: адам өзінің «мен» дегенін басқа адамдардың мүдделерімен үйлестіруге саналы түрде ұмтылған кезде, өзінің талап-тілектерімен қоғам игілігі мүддбсі үшін қимыл жасауды біліп қана қоймай, соған тырысқан кезде ғана мүмкін болады. Бейнелеп айтқанда, социализация баланың мынаны сезгенінен (ал кейін түсінгенінен) басталады: «Менің айқайым, менің жылауым анамды тілегімді төзірек қанағаттандыруға мәжбүр етеді, бірақ осымен бірге ол анамның жүрегін ауыртады, абыржытады». Балаға жақсы нәрсе анаға зиян болып тиеді. Жақсылықтың жақсылығы сонда ғана, одан адам жыламағанда ғана жақсылық болатынын кішкентай балаға сездіру (ал одан кейін түсіндіру де) керек,— коллективизм тәрбиесінің логикасы мен диалектикасы осында. Тәрбиешінің нағыз шеберлігі мынада: бала басқа адамның көз жасын көріп, оны шын жүрегімен қабылдап, тұңғыш рет қайғы, абыржу, әбігерлену сөзімін басынан кешіргенде ғана көрінеді. Егер, сіздің балаңыз, басқа адамның қайғы-сын ақылоймен, жүрегімен ұғынып, тұңғыш рет нағыз қайғыны бастан кешіріп жыласа, сіз осыны көрсеңіз - онда сіз ол баланы социализация соқпағына дұрыс алып келдім деп біліңіз.

Біз кішкентай баланың социализациясы туралы соншама неге тәптіштеп айтып отырмыз? Өйткені бұл коллективтің ойдағыдай тәрбие беруінің төтенше ма-ңызды алғышарты. Бірінші класс оқушылары тобында бес-алты өзімшіл бала болса, онда мүғалім өз жұмысының алғашқы қадамынан бастап-ақ игере алмайтындай қиындықтарға кездесуі мүмкін. Тіпті оның коллектив құра алмауы да мүмкін, өйткені әрбір өзім-шіл - бұл коллектившілдік өзара қарым-қатынастардың ірге тасына түскен жарықшақ; егер жарықшақ көп болса — тәрбиеші коллективизм үйін қаншама тұрғызғанымен, ол құлай береді. Топтағы балалар неғұрлым жас болса, коллективтің жеке адамдарға тәрбиелік ықпалы соғұрлым нәзік, мейірімдірек болуы керек. Бірінші   класта   коллективті   және   мұғалімнің жеке басын баланың қалай түсінуінің ерекше зор маңызы бар. Асырып айтқандық емес, кейде бірінші оқушысына, оның сөзімтал жүрегі адамға сеніммен ашылып тұрған сәтте, мұғалімнің айтқан бір ауыз сөзі, баланың бүкіл өмір бойғы тағдырын шешеді.

Ал дұрыс социализацияның  сол бір өте нәзік, әрі өте  сөзімтал тетігі қандай?   Коллективте жарықшақ болмауы үшін коллективтің ірге тасын қалай қалау керек? Ал егер қазірдің өзінде жарықшақ болса — оны қалай бітеу керек?   Асылы, коллективтің тірегі не? Тәрбиеші ұзақ уақыт бойы олардың санасына сенімді, табанды көзқарасты, идеяны қондыру әлі де қиын; олардың рухаии өмірі әлі де болса ең алдымен түсініктерге, бейнелерге, сөзімдерге, сүйініш-күйініштерге негізделетін балалармен жұмыс істейді ғой.

Дұрыс социализация эмоциялық өмірдің байлығына, идеялың толық құндылылығына  негізделетіндігін тәжірибе көрсетіп отыр. Баланы ең алдымен түйсінуге, бірге күйінуге үйрету керек. Сөзім, сүйініш-күйініш - бұл бейне баланың тәніндегі титтей бір магнит тәрізді, ол магнит оны басңа адамдарға жақындатады, баланы сөзді, ақыл-кеңесті, идеяны, қабылдағыш, сөзімтал етеді. Жетілген сөзім, эмоциялық жоғары мәдениет - бұлар, бейнелеп айтқанда, моральдық жағынан тәрбиеліктің абсолюттік музыкалық дыбысы. Эмоциялық тәрбие алмаған, нәзік ықпалдарға саңырау бала - ол потенциалды өзімшіл.

Біздің  тәрбие  жұмысымыздың  жүйесінде өте маңызды форма этикалық әңгіме  формасы  бар. Философиялық-этикалық мазмұны айқын сипатталған мыңнан астам шағын әңгімелер мен ертегілер «Этика жөніндегі хрестоматия»—осындай әңгімелердің материалы болып табылады. Бұл «Хрестоматияның» кіріспе тарауы әңгімелерден тұрады, ол әңгімелердің мақсаты - социализация    дәрежесін, коллектив өміріне қатысуға даярлық дәрежесін, балалардың эмоциялық тәрбиелілік дәрежесін оқып үйрену. Кіріспе тараудағы әңгімелер негізінен мектепке дейінгі балалар мен бірінші кластағы балаларға өткізіледі. «Этика жөніндегі хрестоматияның» кіріспе тарауына енгізілген әңгімелер мен ертегілердің өзіне тән ерекшеліктері тұспалдай айтылған, жасырын ой-пікірлер болып табылады, оны белгілі бір эмоциялың тәрбиелілік дәрежесіне жеткен бала ғана түсіне алады. Эмоциялың дамып-жетілуі әлі төмен дәрежедегі балаға бұл ой-пікір ұғынықсыз болады. Бірақ, мұндай балалар үшін де өте-мөте қажет этикалық әңгімелер бар: ол кеңестер эмоциялық сергектікті оятып, тәрбиелейді, дүниені ақыл-оймен ғана танып қоймай, жүрекпен де тануға үйретеді. «Хресто-матияның» кіріспе тарауындағы этикалық әңгімелер — бұлар коллектившілдік сөзімдерді оятудағы тұңғыш сабақтар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3 А.С. Макаренконың ұжым туралы тағылымы.

Көрнекті кеңес педагогы А.С. Макаренко көп жылғы тәжірибесін қорытындысын қорытындап, коллектив (ұжым) тәрбие жұмысының ең басты формасы деп санады. Ол: "Тәрбие бірлігі мол, күшті, әсерлі мықты коллектив құру арқылы ұйымдастырылуыға тиіс",- деп атап көрсетті.

А.С.Макаренконың пікірінше, оқушының әр қимылы, оның әр сәттілігі немесе сәтсіздігі ортақ істің айналасында бүкіл коллективтің сәттілігі немесе сәтсіздігі деп бағалануы тиіс. Топтасқан оқушылар коллективіне, сондай-ақ онда жағымды дәстүрлер мен қызықты перспективалардың, өмір мен қызметтің сергек, жарқын жүзді сарынының болуы, кемшіліктерді батыл сынай және сынды дұрыс қабылдай білу тән.

А.С.Макаренко: "Коллектив  дегенміз - бұл әлеуметтік жанды тұлға. Себебі оның ұйымдары, ол ұйымдардағы уәкілдіктері, жауапкершілігі, ұйымдардың арақатынасы, өзара тәуелділігі бар, егер ондайлардың ешқайсысы болмаса, онда ол коллективте бола алмайды, жай ғана тобыр немесе жиынтық болады," - деді.

А.С. Макаренко тағылымы ұжымы сатылы қалыптастастырудың егжей-тегжейлі технологиясынан тұрады. Ол ұжымның өмір сүру заңын былай түсіндіреді: қозғалыс - ркымның өмір сүру формасы; тоқтау - оның жойылу формасы. Әйгілі педагог ұжымның даму принциптерін анықтады (ашықтық, жауапкерлі тәуелділік, перспективалық, бірлікті әрекет).

Ұжым болу үшін, топ сапалы тіктелу жолынан өтуі қажет. Осы жолда

А.С. Макаренко бірнеше  сатыларды белгілейді.

Бірінші саты - ұжымның құрылуы (алғашқы бірігу сатысы). Бұл кезеңде ұжым педагог тәрбие жұмысының мақсаты ретінде көрінеді, мұның өзі ұйымдасқан, белгіленген топты (сынып, үйірме т.б.) ұжымға айналдыруға талпыну, яғни оқушылардың ұжымға қатынасы бірлескен іс-әрекет мазмұнымен, мақсат-міндеттерімен, құндылықтарымен анықталады. Ұжымның ұйымдастарушысы - педагог, барлық талаптар осы педагогтан басталады. Ұжым белсенділері анықталып, тәрбиеленушілер жалпы мақсатқа, іс-әрекетке және ұжымдық бірлікке келгенде бірінші кезең аяқталады.

Екінші сатыда белсенділердің ықпалы арта түседі. Енді белсенділер тек педагогтардың талаптарын қолдап қана қоймай, ұжым мүшелеріне ұжымға не пайдалы, не зиянды екенін байқатып, өз түсініктері бойынша басқара бастайды. Егер белсенділер ұжым қажеттілігін дұрыс түсінсе, онда олар педагогтың сенімді көмекшілеріне айналады. Бұл кезеңде белсенділер жұмысына педагог көп көңіл бөлу керек.

Екінші кезең ұжым құрылымының тұрақтауымен сипатталады. Бұл сатыда ұжым бүтінделген жүйе ретінде көрінеді, онда өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі реттеу механизмдері іске қосыла бастайды. Ұжым өз мүшелерінен белгілі - бір қылықтар нормаларын талап ете бастайды, ал талаптар біртіндеп кеңейе береді.

Бұл сатыдағы педагогтың басты мақсаты - осы ұжымның алға қойған міндеттерін шешу мүмкіндіктерін мейлінше көп пайдалану.

Тәжірибе жүзінде әр ұжым - дара оқушының жеке дамуын мақсатты бағыттайтын тәрбие субъектісі ретінде танылуы тиіс.

Ұжымның бұл сатыда дамуы кейбір қарама-қайшылықтарды жеқумен байланысты, атап айтқанды:

-    ұжым мен жеке оқушылар арасындағы;

-    жалпы және жеке перспективалар арасындағы;

- әр қилы ерекшеліктері бар оқушылар топтары арасындағы т.б. Сондықтан   ұжым   дамуында   секірістер,   тоқыраулар,   өзгерістер   мен ауысулар болмауы мүмкін емес.

Үшінші және одан кейінгі сатылар ұжымның кемелденуі. Алдыңғы даму сатыларында қол жеткізген қасиеттер киелі тұлғалық ерекшеліктерді топтастырады: жолдастарына қарағанда өзін жоғары талап қоюы, көзқарастарының, әдеттерінің, әрекет-қылықтарының тұрақтануы. Егер ұжым осы сатыға жетсе, онда толыққанды, адамгершілікті тұлға қалыптастыру үстінде деген сөз. Жалпы тәжірибе, болған оқиғаны бірдей бағалай білуі -үшінші сатыдағы ұжымның ең негізгі белгісі.

Барлық даму сатыларында ұжым үлкен және кіші дәстүрлерді қалыптастырады.    Дәстүрлер  тәрбиеленушілерді       эмоционалды қабылдайтын әдет-ғұрып, ниет арқылы жасалатын ұжым өмірінің тұрақты формалары. Дәстүр жүріп-тұру нормаларының бекуіне көмектесіп, ұжымдық мәселелерді бірлікті шешу қабілеттерін дамытады, өмірді қызықты етеді.

Ұжымда мақсатты таңай білу маңызды рөл атқарады. Тәрбиеленушілер мұрат еткен мақсат перспектива деп аталады. Адам өмірінің негізгі стимулы -ертеңгі қуаныш. Тәрбиеленушіге түсінікті перспективалы мақсат -қиыншылықтар мен кедергілерді жеңіуге көмектесетін үлкен күш.

Тәрбие жұмысы тәжірибесіне перспективаның үш түрі кездеседі, олар: жақын, орташа, және алыс перспективалар.

Жақын перспектива - ертеңгі серуен, яғни ұжым мүшелерінің жеке қызығушылығынан туындайды.

Орташа перспектива - уақыт бойынша алыстау ұжымдық оқиғаның жобасы.

Алыс перспектива - ұзақ уақытқа көзделген үлкен мағыналы, маңызды талаптарға қол жеткізуге арналған мақсат.

Мұндай перспективада тұлға мен ортаның қажеттері міндетті түрде үйлеседі. Перспективалық жолдар жүйесі ұжымға етене енуі керек. Оны уақыттың кез-келген сәтін ұжымның айқын да қызықты мақсаты болатындай, сонымен өмір сүретіндей әрі сол мақсатты орындауға талпынатындай етіп құру қажет. Перспективаны таңдағанда жұмыстың нәтижелі бітуін ескеру әбден қажет.

Кейде педагогтың оқушыға  әсері кейбір себептерге байланысты кем нәтижелі болып қалады. Оған жанындағы оқушылар арқылы әсер ету өте жақсы жеміс береді. Бұдан қатар әрекет (параллельное действие) принципі іске қосылады. Оның негізінде оқушыға тікелей емес, ұжым арқылы әсер ету талабы жатыр.

Информация о работе Ұжым- тәрбие құралы