Ұжым- тәрбие құралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Июня 2013 в 11:18, реферат

Краткое описание

1999 жылы 7 маусымда ҚР “Білім туралы” заңы қабылданды. Заң білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың төмендегідей негізгі қағидаларын орнатты.
1. Қазақстан Республикасының азаматтары – білім алуға тең құқылы.
2. Әрбір азамат үшін интелектуальдық дамуы мен психо-физиологиялық және жеке бастарының қажеттілігіне сәйкес, білімнің барлық саласының қол жетерлік болуы.
3. Білімнің зайырлылығы.
4. Жеке тұлғаның білімінің және дарынының дамуына жағдай жасау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Балалар-ұжымын-қалыптастыруға-қажетті-мұғалімнің-кәсіби-маңызды-сапаларын-қасиеттері-анық.doc

— 521.00 Кб (Скачать документ)

Ғылымға, білімге, оқуға, әсіреое кітапқа жақсы көзқараспен қарау адамды  табанды, ынталы оқуға жетектейтін шешуі ұйтқы болып табылады. Менің алдымда отырғандар бірінші кластың кішкентай оқушылары. Олардың тәрбиесінің, рухани өсуі мен жетілуінің персиективасын мен ең алдымен мынадан көремін: оқудың алғашқы екі-үш жылы ішінде-ақ олардың әрқайсысы кітапты мейлінше сүйетін болуы керек, кітап оқу олардың ең үлкен құмарына айналуы керек, коллективтің рухани өмірі ең алдымен өмір туралы ой негізінде, әрбір кішкентай баланың әлі қолы жетпеген нәрсесіне жетуге талпынуы негізінде құрылуы керек. Мен өз  түлектерімнің  кітапқа   деген құмарлығын ең алдымен былай қалыптастырамын: меншікті кітапхананың есігін оларға ашып қоямын, бұл кітапханада олардың әрқайсысы үшін өзіне керек кітапшасы, оның сүйсінетін және құмартатын кітапшасы табыдады. Менің кітаптарыма сүйсінгендіктен, балада өз кітапханам болса екен деген тілек туады. Бала таң атқанша кітап оқып отырып қалған екен, конькиін сирек кездесетін кітапшаға айырбастаған екен, сирек кездесетін кітапты сатып алу үшін, ата-аналарынан рұқсат сұрамастан, көрші селоға немесе тіпті қалаға кетіп қалған екен,— мейлі, оның жеке басын осылар сипаттасын, мінез-құлық ережелерін бұзудың басқа белгілері сипаттамасын. Өзінің жеке кітапханасындағы кітапты көбейте беру үшін балалар жарыса түссін. Екінші, үшінші класқа көшкен кезде-ақ бала жазда колхозда жұмыс істеуді қалап, тапқан ақшасына өз кітапханасы үшін кітаптар сатып ала берсін. Бала тілегі мен әуестігінің ішіндегі ең бастысы кітап жинау болсын. Бұл әуестікті, бұл құмарлықты мынадай кезде, адам баласының мәдени құндылықтары балаға енді ғана ашыла берген кезде, коллективтің рухани өмірі енді ғана бастала берген кезде, адам дүниені де ерекше құштарлықпен тани бастаған кезде тәрбиелеу керек.

Бала жанына сансыз көп  әуестіктер сыя бермейді. Егер бала кинофильмдермен әуестенсе, егер ол аптасына үш рет кинотеатрға бармай тұра алмайтын болса және күн сайын көркемдік құндылығы темен фильмдерді ата-анасымен бірге күйінщ-сүйініп отырып телебизордан бір күн көрмесе отыра алмайтын болса,— оның рухани дүниесінде талап-талғамы жоқ тұтынушының мінез-құлқы орын алады, мұндай тұтынушы күнделікті жеңіл-желпі алданышқа қанағаттана сала-ды. Мұндай мінез-құлықтың алдын алу — өте күрделі де ңиын іс. Мұғалімнің міндеті —бала әуестігі үшін күресу, адам сұлулығы туралы мінсіз түсінік жолы - осы ғана. Кітаппен әуестенушілікті бүкіл болмыс адамгершілігімен тығыз ұштастыру бірінші кезекке қойылуы тиіс — бұл баланың жоғары моральдық мінез-құлқы мен рухани бай өмірінің ұйтқысы. Мұндай әуестікті тек өз басының үлгісі арқылы ғана тудыруға болады. Мұғалімнің бойынан бала кітапқа деген сүйіспеншіліктің жанды көрінісін көруге тиіс. Дұрыс, жақсы іс қылықтардың ең басты ұйтқысы осы.

Егер адамның өмірінде балалық шағынан бастап-ақ кітап  жақсы мінез-құлыққа үйретсе, онда толысқан шағында рюмкаға байланысты... жаман мінез-құлық болмайды. Біз балалар коллективінде кітаппен, мәдениетпен әуестену дәстүрін орныңтырамыз. Кітап мере-келері өткізіледі: достар бір-біріне қолтаңба жазып кітаптар сыйлайды. Бұл күні әкелер балаларына кітаптар сыйлайды: біз белгілі бір мөлшерде семьяның тәрбиелік мұраты мазмұнында сипатталатындай кітаптар сыйлауға кеңес береміз. Класс коллективтері бұл күні қарттарға, мүгедектерге, әсіресе жалғызілікті адамдарға шағын кітапханалар сыйлайды.

Әрбір оқушы кітаішен әуестенген коллективте рухани бос  кеуделікке, рухани мүгедектікке, рухани әдепсіздікке жиренішпен қарау, төзбеушілік атмосферасы үстемдік етеді.

Біз сонымен бірге, баланың, жас өспірімнің мінез-құлқы еңбекпен тығыз байланысты болуына да ұмтыламыз. Мінез-құлық сұлулығы қасиетін еңбекте ашып көрсету, әрбір адамның бойындағы қайнар көзді, сүйген ісіне әуестену қасиетін ашып көрсету деген сөз. Адам өзінің талабында, мүмкіншілігінде, қабілетінде, бейімделуінде шексіз қасиетке ие, ал осы шексіз қасиет қайталанбайтын нәрсе екендігіне тәжірибе менің көзімді жеткізді. Табиғатта дене күші жағынан да, психика жағынан да сау адам туралы біз: оның еш нәрсеге қабілеті жоқ— деп айта алмаймыз. Коммунистік тәрбиенің даналығы мен шынайы ізгілігі мынаған: әрбір адамның бойындағы творчестволың еңбектің қайталанбас қайнар көзін ашуға, әркімнің өзіне өзі қарауына, өз бойынан осы қайталанбас адамгершілікті сезуіне жәрдемдесуге, өзі үшін рухани күшті, жеңілмейтін күрескер болуына жәрдемдесуге байланысты болады. Мінез-құлықтағы қисықтыңтар өзін өзі тани білмейтін, еш нәрсеге намыстана білмейтін адамда болады, өйткені ол өз бойына еш нәрсені дарытпаған. Егер тәрбиеші бәрін тек өзінің моральдық правооына ғана жүгіндіруге, бағындыруға сеніп, тәрбиеленушінің ішкі жан дүниесіне әмірші болуға ұмтылса, онда нағыз айла-амалға толы тәрбие жүйесінің өзі, картон қағаздан жасалған үйлер тәрізді қақырап кетеді. Ол, менің тәрбиеленушім, өз ар-ұжданының әміршісі болуға айналды, міне менің қолым осыған жеткендіктен ғана мен өз тәрбиеленушімнің ішкі жан дүниесінің әміршісі болып отырмын.

Енді мынаған зер  салып көрейік: тәрбиеші әрбір қадам басқан сайын әмір беріп отырады. Әмір беру правосы — біздің ең нәзік аспаптарымыздың бірі, оны қте-мөте сақтықпен пайдалану керек. Бұл, осы право, тек мынадай кезде, тврбиеленуші өзінің жеке сұлулығына, қасиетіне мақтанамын деп бір нәрседен өзін көрсеткен кезде ғана пайда болады. Тәрбиеші неғұрлым өз тәр-биеленушісін еңбекте көрсетуіне көбірек үйрете білсе, соғұрлым ол тәрбиеленуші үшін үлкен бедел болып саналады.

Тәрбие берудің даналығы, күрделілігі, азапты қиындығы және осымен бірге қуанышрақаты біздің әрбір  түлегіміздің балалық шағында, әсіресе бозбалалық шағында өзін сүйген еңбектен таба білуінде, соған әуестенуінде, оның шырқай биігіне жетуінде. Бұл саналы азаматтың, саналы еңбеккердің мінсіз мінез-құлқына жету жолы. Практикалық жұмыста біз мынаған жетуге күш саламыз, балалық шағының өзінде-ақ әркім әлденемен әуестенсін: әр сабағында жүз дәні бар бидай есірсін, бос жатқан, ңұнарсыз шәлейтті жоғары өнім беретіндей ңүнарлы жерге айналдырсын; шағын учаскеден жылына екі рет өнім жинасын; малшылар өліп қалады деп есептеп, үміт етпеген қозыны бағып өсірсін; ібір жазда бір омартадан жақсы деген екі ұя шығарсын; белок заттарына мейлінше бай шөп жинасын; жабайы ағашқа жеміс ағашты теліп, екі жылдан кейін өнім алсын; балалар үшін арнайы құрастырылған кішкентай тракторды жүргізсін; машинаның жұмыс істейтін үлгісін дайындасын, аопаптар жасасын т. т.

Әрбір адамның өзін көрсетуге  деген ынтасын тудыру керек. Бұл  үшін педагог өз түлектерінің творчестволық күш-жігері мен қабілетін бағыттағанда, әрбір кішкентай адам, әрбір жас өспірім ең алдымен өзіне өзі тәрбиеші болатындай етіп бағыттау керек,— осыны мен тағыда атап айтамын: тек осындай жағдайда ғана ол - сіздің түлегіңіз.

Егер сіз, балалық шағының  өзінде, әсіресе бозбалалың шағында, сіздің түлектеріңіз өздерін көрсете білсін десеңіз, бір адамның мінез-құлқы екінші адамның дұрыс мінез-құлқын баулысын десеңіз, мектепте адамның өзіне-өзі тәрбиеші болатындай жағдай жасап, сақтай біліңіз және сол жағдайды әрдайым жандандыра біліңіз. Адам әлдебір істе жетістікке жетісімен-ақ, ол өзінің мінез-құлығы арқылы басқаларды рухтандырады, басқа адамның қайталанбайтын адамдық даралық қасиетін өмірге шақырады,- ал мінез-құлық ең алдымен еңбекке деген көзқарастан көрінеді. Бұл коллектив өмірінің ең маңызды   заңдылықтарының бірі.

Тоғызыншы класс оқушысы  — жас өспірім нағыз «үлкен» тракторды тамаша жүргізеді, өйткені бірінші кластан бері ол машина әлемінде емір сүріл келеді; ол - алтыншы класс оқушысының тәрбиешісі, өзінің кішкентай жолдасына машина жүргізу жөніндегі өзінің білгірлігін ғана жеткізіп қоймайды, сонымен бірге ол үшін шеберліктің үлгісі болып та қызмет етеді. Алтыншы класс оқушысының тағы бір кішкентай досы бар -ол екінші кластың оқушысы: кішкентай бала іштен жанып қозғалатын нағыз кішкентай автомобильді жүргізуді үйреніп жүр. Адам өзін мынадай кезде ғана жетілдіре алады: Адам өзін көрсетумен бірге, өзінің әуестенген ісімен басқаларға жол сілтейтіндей болғанда, ал бұл әуестенушілік неғұрлым тереңдеген сайын, соғұрлым коллективтің рухани өміріне мынадай заңдылық мықтап енеді: мінез-құлықты нұсқау, тәртіп арқылы жасауға болмайды, керісінше ол адамның ішкі ой-сөзімінен және жеке адамдардың өзара дарын-қатынастарынан шығады. Өзін-өзі тәрбиелеу жөніндегі осы күрделі әркестрде педагог дирижердің және композитордың, бас аспаптың және басқалардың шеберлігін басты бағалаушы адамның жауапкершілік ролін атқарады. Адамның өзін көрсеткен алғашқы талабы басқаларды рухтандырады, бұл педагогтан — тек қана содан тарайды. Бұл түрғыда музыканың сұлулығы мен оркестрдің үйлесімділігі композитор мен дирижерға байланыстылығы секілді коллективтің мі-нез-қүлңы педагогқа байланысты болады.

Егерде біздің әрбір  түлегіміздің мінез-құлқы еңбеккердің  өзін мақтаныш етуінің көрінісі болмаса, өз намысының көрінісі болмаса, біз  мүлде дәрменсіз тәр-биешілер болып  шыққан болар едік, біздің сөзіміз, біздің үйретуіміз бен біздің тағылымымыз жас жүректерге жетпеген болар еді. Ақылды, білімді, көреген, білгір, жасампаз адам болып шығу талабы арқылы ғана оқуға деген құштарлықты сақтап, қорғап қалуға болады.

Балалардың, жас өспірімдер мен жастардың оқуға деген ынтасы... Мұның өзі тәрбиеші үшін көбінесе ертегідегі, қолға түспейтін құс болып көрінеді! Ол жеке адамға ғана тән нәрсе, бірақ коллективтің рухани әмі-рімен тығыз байланысты. Оқуға деген құштарлық, ғалымдар айтқандай жеке адамның талап-талғам дәре-жесіне байланысты. Бақылау жұмысы тексерілген дәптерлерді сіз таратып беріп тұрсыз. Әр жолы дерлік жазба жұмыстары үшін 5 алып келген оқушы, қазір 4 алып қалыпты. Ол бұл бағаны сәтсіздікке жорып, қатты қайғырады. Оның қасында отырған — нашар оқушы, ол екілікті жиі алады. Бақылау жұмысынан 3 алып, ол қуанады. Бұл қалай: бір оқушы төрттік бағаға наразы болады, екінші оқушы үштік бағаға қуанады? Өзінің жұмысына үштік немесе төрттік бағалар алған кластағы оқушылардың едәуір бөлегі не абыржушылық, не өкініш, не ерекше қуаныш сөзімдерін неге басынан кешірмейді? Өйткені әрбір оқушының өз талап-тілек деңгейі қалыптасады. Бұл адамның өзінің көзқарасы, өзінің күш-жігері, мүмкіншіліктері, қабілеттері жөніндегі пікірі, бұл өзін өзі бағалауы. Әрине, әр оқушының өзінің табиғи талабы бар, біраң жеке-даралық қабілеттер, біржола және мәңгі-бақи белгіленген, тек «құдайдың құдыретімен» ғана сөзсіз болатын нәрсе емес. Тәрбиешінің шеберлігі атап айтқанда баланың қабілеттерін үнемі жетілдіре беруде, баланың, жас өспірімнің білімді жақсы ойдағыдай игеруге деген қажеттілігін үнемі өсіре беруде. Басқаша айтқанда, тілек-талап дәрежесі қабілеттің жетілуімен бір мезгілде арта беруге тиіс. Ал тілек-талап дәрежесінің арту тенденциясы неғұрлым айқындалған сайын, соғұрлым жеке адамның қабілеті де көбірек жетіле түседі.

Әрбір жеке адамның тілек-талаптары  дәрежесімен оның қабілеттерінің бұл  негізгі бірлігі мен өзара  байланыстылығы коллективтің мінез-құлық сұлулығы туралы, жалпы мінез-құлық туралы мінсіз түсінігіне, әр-бір жеке адамның өзі туралы коллектив пікіріне қандайлық сезімталдықпен қарайтындығына байланысты болады. Баланың немесе жас өспірімнің өзін-өзі қалай көруі, өзіне қалай қарайтындығы да өз ретінде, осыған байланысты болады. Жеке адамның өзіне деген көзңа-қасы — коллектив ішінде саналы тәртіпті дамытудың ең маңызды белгілерінің бірі, өйткені адамның өзіне деген көзқарасынан өзіндік тәртіп көрінеді. Әрбір оқушының мінез-құлқы ең алдымен еңбекпен, творчествомен әуестенуден көрінетін коллективте оқушы төмен баға алғаннан кейін ұялу, абыржу сөзімдерін бастан көшіруге қабілетті болады. Жан-жақты білім алу, еңбек сүйгіштік, көп оқығандық, кітапқа сүйіспендік, творчестволық табыс құрметке бөленетін коллективте жеке адамның тілек-талап дәрежесі әрдайым арта береді. Мінез-құлық ғылыммен әуестенуден, ғылымға терең үңілуден көрінген жерде білім, еңбек, творчество, табыс мерейі және табысқа жету құштарлығы жеке адамға тән қасиеттерге айналады. Ал табысқа жетуге құштарлық бар жерде адам сәтсіздікке шын қайғырады. Мұндай жағдайда сәтсіздік адамның өз күшіне сенімсіздікті тудырмайды, керісінше, және интеллектуалдың күштерді қайтадан сарқа жұмсауға ұйтқы болады.

Жеке адамның тілек-талап  дәрежесі туралы сөз қылғанда, бір жағынан, мінез-құлықтың, екінші жағынан, ерік-жігер күштерінің ең елеулі көрінісі ретінде әуестенушіліктің табиғи бірлігін әрдайым есте ұстау керек. Орташалар деп аталатын, қалай болса, солай оқу өздеріне «тағдыр жазған» нәрсе деп көнген оқушылар, бұлар ерік-жігері әлсіз, көбінесе мүлде еркі жоқ жандар. Коллективте мұндай оқушылар неғұрлым көп болса, коллектив жалпы тәрбиелеуші күш ретінде соғұрлым әлсіз болады, жекелеген тәрбиеленушілерге жеке-дара ықпал жасаудың жолын табу мұғалімғе соғұрлым қиын тиеді. Төрт немесе бес алуды арман етпеген орташа оқушылардың жігерсіздігі - тілек-талап дәрежесінің тоқырап қалуының нәтижесі. Кенет бестік баға алған «тұрақты орташаның» қандайлық іштей күйгелектеніп, күмәнданып қалатынын біздің әрқайсымыздың аңғаруымызға тура келді. Онда үлкен ерік күші тууы мүмкін, әрине, туғанда, мынадай жағдайда, егер коллективте мен мінез-құлық пен интеллектуалдық еңбекпен, кітаппен, творчествомен әуестенушіліктің бірлігі деп атайтын игілікті істің кішкентай бір өнігі болған жағдайда ғана тууы мүмкін. Моральдық жағынан мақтаулы және тартымды істермен әуестену -ерік күштерінің рухтандырушы қайнар көзі.

Жеке адамның тілек-талап дәрежесін  басқара білу, оның өсуін ынталандыру - педагогикалық шеберлік салаларының бірі, мұнда оқу ісі коллектив тәрбиесімен бірігіп кетеді, мұнда коллективтің интеллектуалдық өмірі — үлкен күш, бұл күш адамның өзіне өзінің көзқарасын қалыптастырады және, сайып келгенде оны өзін тәрбиелеуге жетелейді. Бұл салада нағыз жасампаз адам болу үшін, тәрбиешінің бірқатар маңызды қағидаларды ұстануы керек.

Біріншіден, коллектив ішінде мынау  оқушы барлың жағынан мықты, ал анау оқушы барлық жағынан осал деген көзқарастың үстемдік алуына жол беруге болмайды. Коллектив ішінде өзінің «артта қалушылар» деген жағдайына төзетін адамдардың болуынан оттан бетер қорқыңыздар. Әркім, коллективтің әрбір мүшесі дерлік әлденендей бір іспен әуестенуі, нендей де бір істе қабі-леттерін көрсетуі, оны үнемі жетілдіре түсуі тиіс, бірінші болу үшін белгілі табыстарға жетуі, басқаларға үлгі болуы тиіс. Менің ештеңеге де қабілетім жоқ деген психологиялық шешімде болу ерікті мұқалтады, өзіне өзінің самарқау қарауын тудырады, ал мұның өзі тілек-талаптың ең төменгі дәрежесіне әкеліп тірейді. Нағыз тәрбиеші өз түлегінің қандай да бір пәннен беске оқуына тырыспайынша, өзін жемісті жұмыс істеп жүрмін деп есептемейді. Ал пән оқытушысы егер ол нағыз тәрбиеші болса, белгілі бір тараулардан жоғары баға алған өз оқушысының білімді игеруге қабілеті бар екендігін сөзінуіне күш салуға тиіс. Мәселе бұл арада тіпті оқушының бағасын «көтеруде» ғана емес,  керісінше, оның еркін дамытуда, ол өзін коллективте тұлға ретінде сезінсін. Сондай-ақ оқуға тікелей қатысы жоқ еңбек қызметінің қандай да бір саласында оқушының нағыз шебер болуы (әрине, балалардың мүмкіндігі ауқымының шеберлігімен өлшегенде) өте маңызды нәрсе. Тілек-талап дәрежесін арттыру тұрғысында бұл адамның өзінің күш-жігерін баға алуға бола жұмсамауы үшін қажет: балаға немесе жас өспірімге білімді игеру неғұрлым қиынға түссе, әрбір бағаны неғұрлым үлкен қиындықпен алса, олардың рухани өміріндегі жетістік-тердің болуы соғұрлым  маңыздыраң  болады,  рухани жетістіктерге ол баға алу үшін ие болған жоқ, қайта адамгершілік намысты сөзіну үшін, коллективте тұлға болу үшін ие болды.

Информация о работе Ұжым- тәрбие құралы