Мектеп жасына дейінгі балаларды ертегілер арқылы ұлттық отансүйгіштікке тәрбиелеу
Дипломная работа, 29 Апреля 2015, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Аталған міндетті жүзеге асыру мақсатында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің стандарты»,«Мектепалды даярлау тұжырымдамасы», «Қазақ балабақшаларындағы үзіліссіз тәрбие тұжырымдамасының», «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы жасалды [3,4,5].
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Білім және ғылым министрлігінің балалар білімі мен тәрбиесі сапасын көтеруге, олардың еліміздің өткендегі тарихына, мәдени мұрасына шығармашылығын қалыптастыруға байланысты қойып отырған міндеттерін жүзеге асыруды көздейді. Балабақшада халықтың мәдени мұрасынан, соның ішінде ауызекі шығармашылығынан білімді балалар «Тіл дамыту», «Көркем әдебиет», «Сауат ашу және жазу» ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде меңгереді.
Содержание
Кіріспе..........................................................................................................................3
1 Мектеп жасына дейінгі балаларды ертегілер арқылы ұлттық отансүйгіштікке тәрбиелеудің теориялық негіздері........................................9
1.1 Мектеп жасына дейінгі балаларды ертегілер арқылы шығармашылығын қалыптастырудың зерттелуі.................................................................................9
1.2. Қазақ халық ертегілері арқылы балабақшада тіл мәдениетін меңгерту.......30
2 Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-тәрбие үрдісінде ертегілер арқылы ақыл--ойын қалыптастыру әдістемесі...............................................36
2.1 Мектепалды даярлық топта ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде ертегілерді қолдану.......................................................................................................................36
2.2 Мектепалды даярлық тобы балаларының ертегілерге танымдық қызығушылығын қалыптастыру жолдары..............................................................55
2.3 Тәжірібиелік-эксперименттік жұмыс................................................................67
Қорытынды..............................................................................................................79
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................82
Прикрепленные файлы: 1 файл
Жунисова Мөлдир.docx
— 226.48 Кб (Скачать документ)Ертегімен танысу. Дайындық кезеңі біткеннен кейін, балалар ертегінің мазмұнымен танысады. Мұнда тәрбиеші ауызша айтып береді. Ертегінің мазмұнын айтқанда тыңдаушының көкейіне қондырып, санасына жеткізу үшін ол нақышына келтіре, үлкен шабытпен айтылуы тиіс.
Ертегілерде ерте заманнан бастап соңғы кезге дейінгі халық өмірінің сан қырлы тұстары баяндалады. Халықтың тұрмыс-тіршілігі, қоғамдағы өмірі, дүниетануындағы сан түрлі көзқарастары, арман-мүддесі, тілегі суреттеледі, Ертегінің оқиғасы шынайы болмыстан алынып отырады. Мысалы, хайуанаттар немесе қиял-ғажайып ертегілерде фантастикаға толы оқиғалар басымдық танытып отырса, тұрмыс-салт ертегілерінде керісінше, ол өте аз кездеседі. Бұл жерде адам қиялынан туған әңгімеден пері өмірде болған немесе болуға тиісті оқиғалар басты орында болады. Сол себепті де тұрмыс-салт ертегілерінің кейіпкерлері жалғыз көзді дәу, жалмауыз кемпір, мыстан, жезтырнақ т.б. бейнесінде емес, нақты адамның бейнесінде болады.
Халықтың тұрмыс-салтына байланысты туған ертегілерде ең бірінші орында еңбекші халықтың тұрмыс-тіршілігі, өмірі, іс-әрекеті көрсетіледі. Ертегілердегі қарапайым халықтың бейнесі қанаушы тап өкілдеріне қарыс суреттеледі, олардың ісі, ақылы, адамгершілік қасиеттері ақылсыз байлар мен хандардан әлдеқайда артық болып көрінеді. Оның айғағы ретінде «Тазша бала», «Аяз би», «Тұлпар» ертегілерін айтуымызға болады.
Жалпы айтатын болсақ, ертегілер – балалардың ақыл-ойын, адамгершілік қасиеттерін, сана-сезімін қалыптастырушы құрал. Ауыз әдебиетінің қай үлгісін алсақ та, онда мектеп жасына дейінгі балалар үшін үлкен тәрбиелік мәні бар, рухани қазына жатыр. Сондықтан да біз сол бай мұраны пайдалана отырып, балалардың бойына әдемілік, әсемдік қасиеттерін дарыта білуіміз қажет. Мейірім мен кішіпейілдікті, сұлулық пен әсемдікті бала бойына, жүрегіне ұялататын осы ертегілер екенін естен шығармауымыз керек.
Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол – балаға рухани ләззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жас баланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық. Сананың қалыптасуы баланың мектепке бармастан бұрын, қоғам туралы алғашқы ұғымдарының қалыптасуына, жақын адамдардың өзара қатынасынан басталады. Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден білген. «Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас боларсың – қаларсың ұятқа», «Жаман дос жолдасын қалдырар жауға» деген мақалдардан көруге болады. Мақал-мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер – адамгершілік тәрбиенің арқауы. Үлкенді сыйлау – адамгершіліктің бір негізі. Адамзаттылық құндылықтар бала бойына іс-әрекет барысында, әр түрлі ойындар, хикаялар, ертегілер, қойылымдар арқылы беріледі.
Балалардың шығармашылығын қалыптастыру мәселесі бойынша зерттелген психологиялық-педагогикалық еңбектерді талдай, зерделей келе, жеке тұлғаның меңгерген білімі балалардың жалпы дамуының көрсеткіші бола алады деп тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Мұндай қорытынды жасаудың негізі:
- шығармашылық негізгі іргелі іс-әрекетпен – оқумен, танымдық іс-әрекетпен байланысты, өйткені олардың адамды дамытудағы ықпалы зор;
- шығармашылық адамның белсенділік, дербестілік сияқты жеке тұлғалық қасиеттерімен әрекеттестікте болады, өйткені оның ықпалында баланың өзі де дамиды және осы қасиеттердің дамуына да әсерін тигізеді;
- шығармашылық баланың
оқып-білу мақсатында таңдаған
білім беру саласы немесе іс-әрекеті
мазмұнына деген көзқарасын айтарлықтай
айқын көрсетеді. Бұл көріністен
баланың даму деңгейімен қатар, оның
болашағы туралы да пікір айтуға болады.
Ертегіні саналы түсіну:
қазақ халық ертегілері түрлерін түсіндіру;
қазақ халық ертегілерінің ерекшеліктерін түсіндіру;
ертекшілер туралы түсінік беру; түрлі көрнекі құралдарды пайдалану барысында жүзеге асады.
Баланы даярлық деңгейіне қарай ертегілерді әңгімелеуге дағдыландыру. Бұл:
ертегіні тыңдау, талдау дағдысын қалыптастыру;
ертегіден алған әсерін суретке түсіру;
ертегі тақырыптарын сұраптауға (таңдауға) үйрету;
ертегілер бойынша қысқа үзінділер орындату арқылы іске асады.