Мектеп жасына дейінгі балаларды ертегілер арқылы ұлттық отансүйгіштікке тәрбиелеу
Дипломная работа, 29 Апреля 2015, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Аталған міндетті жүзеге асыру мақсатында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің стандарты»,«Мектепалды даярлау тұжырымдамасы», «Қазақ балабақшаларындағы үзіліссіз тәрбие тұжырымдамасының», «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы жасалды [3,4,5].
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Білім және ғылым министрлігінің балалар білімі мен тәрбиесі сапасын көтеруге, олардың еліміздің өткендегі тарихына, мәдени мұрасына шығармашылығын қалыптастыруға байланысты қойып отырған міндеттерін жүзеге асыруды көздейді. Балабақшада халықтың мәдени мұрасынан, соның ішінде ауызекі шығармашылығынан білімді балалар «Тіл дамыту», «Көркем әдебиет», «Сауат ашу және жазу» ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде меңгереді.
Содержание
Кіріспе..........................................................................................................................3
1 Мектеп жасына дейінгі балаларды ертегілер арқылы ұлттық отансүйгіштікке тәрбиелеудің теориялық негіздері........................................9
1.1 Мектеп жасына дейінгі балаларды ертегілер арқылы шығармашылығын қалыптастырудың зерттелуі.................................................................................9
1.2. Қазақ халық ертегілері арқылы балабақшада тіл мәдениетін меңгерту.......30
2 Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-тәрбие үрдісінде ертегілер арқылы ақыл--ойын қалыптастыру әдістемесі...............................................36
2.1 Мектепалды даярлық топта ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде ертегілерді қолдану.......................................................................................................................36
2.2 Мектепалды даярлық тобы балаларының ертегілерге танымдық қызығушылығын қалыптастыру жолдары..............................................................55
2.3 Тәжірібиелік-эксперименттік жұмыс................................................................67
Қорытынды..............................................................................................................79
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................82
Прикрепленные файлы: 1 файл
Жунисова Мөлдир.docx
— 226.48 Кб (Скачать документ)3) салт ертегілер [26].
Профессор М.Ғабдуллин қазақ ертегілерін мазмұнына және әр түрлі ерекшеліктеріне қарай:
1. Қиял-ғажайып ертегілер;
2. Тұрмыстық ертегілер;
3. Хайуанаттар жайындағы ертегілер деп жіктемелесе, Ә.Қоңыратбаев қазақ ертегілерін тақырыбына қарай мынандай түрге бөледі:
1) Мифологиялық (қиял-ғажайып) ертегілер.
2) Хайуанаттар жайындағы ертегілер.
3) Тұрмыс-салт ертегілер [27].
Мектепке жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде ертегілердің түрлерін қарастырсақ, атақты әдебиетші М. Әуезов ертегіні үш түрге бөліп қарастырған. Олар: қиял – ғажайып, тұрмыс – салт, шыншыл ертегілері болып табылады. Алайда қазіргі зерттеулер нәтижесіне қарағанда ертегіні төрт түрге бөледі. С.Қасқабасов ертегідегі қияли идеялық қызмет атқарады, бірақ сюжеттен гөрі композицияның рөлі күшті болады деп есептейді. Ол ертегіні: хайуанаттар жайындағы, қиял–ғажайып, батырлық, новеллалық және сатиралық деп бөледі.
М.Әуезовтың ертегі түрлерін талдасақ қиял–ғажайып ертегілерінде «Керқұла атты Кендебай», «Аңшы бай» «Ұшқыш кілем» жатады деп есептейді. Бала осындай ғажайып достарының көмегімен мейірімді, адал дос адамын ардақтайды, оның күшіне мол сенім білдіреді. Бала барлық заттарға көзқарасы өзгеріп, кішіпейілдікке, мейірімділікке, дос болуға ішінен ой қорытады.
С.Қасқабасовтың пайымдауынша, қиял–ғажайып ертегілер – шығу тегі жағынан ертелік прозаның ең көнесі. Алғашқы қауымда пайда болған, жанрлық жанынан біркелкі емес. Бас қаhармандары: аңшы, мерген, кенже бала, тазша бала, жауынгер, батыр, т.б. бұқара халық өкілдері. Ертедегі табиғаттың дүлей күштерімен алысып, күнделікті өмір үшін аң – хайуанаттармен күрескен кезде халықтың арманы соларды жеңетін күшті батыр, балуан, мерген болды. Ал кейінгі дәуірде рулық қоғам тұсында халықтың арманы - өз елін бөтен елден, жаудан қорғайтын батыр болды.Ол қазақ өміріндегі қара шаңырақ иесі - кенже бала болды [28].
Қиял-ғажайып ертегілеріндегі басты тақырып - сиқырлы заттардың көмегімен бас кейіпкердің неше түрлі қиындықтарды жеңіп, мұратына жетуі. Егер қаhарман бар күшін пайдаланып, керемет қиындықтарды жеңсе, ол батыр атағына ие болады да, мұндай кейіпкері бар ертегі өз ерекшелігімен дараланып, «Батырлық ертегі» деп аталады. Біздің пікірімізше, батыр тұлға тек ерлігімен ғана емес, ақыл-парасатымен де, айласымен де жауын жеңіп отырған.
Қиял-ғажайып ертегілердің бір жағында жалмауыз кемпірлер, дәулер, түрліше тотемдер, екінші жағында солармен күреске түсіп жүретін мергендер, аты жоқ балалар, Ер Төстік, оның Желаяқ, Таусоғар, Көлтаусар сияқты достары жүреді. Бұлардың ғашық қыздары көбіне пері болып келеді. Кенжекей ақ қасқыр қызындай сәуегей, ол мыстан, Бекторы, Шойынқұлақ жамандығын күн бұрын сезеді. Қыз біткеннің сиқыры, олардың әлеуметтік типі көп жағдайда бұлдыр.
Тылсымдау, сиқырлау, жәділеу, самұрықпен ұшу, теңіз кешу, айдаһармен алысу, жеті басты жалмауыз, адам етін жейтін кемпірлер үнді ертегілерінен алынған ба дейміз. Жамандық пен жақсылық, жеті пәле Иран елінің ұғымдарынан да көрініс тапқан. Ол замандарда политеистік наным бүкіл Азияға ортақ болған. Мысалы, «Қорқыт ата кітабы» сюжетіндегі Төбекөз дәу «Одиссеядағы» Полифемге ұқсас. Скиф-сақ дәуірінен қалған Желаяқ, Көлтаусар, Таусоғар шығыс-батысқа бірдей ортақ. Жабайылық, аңшылық, бақташылық өмір сатыларын, космология, тотемизм, зороастризм, дуализм, монотеизм нанымдарын басынан өткермеген елдер кемде-кем.
Ертегінің тағы бір түрі - тұрмыс-салт және хайуанаттар туралы ертегілер. Тұрмыс-салт ертегілерінде бақташылық тұрмыс-тіршіліктері суреттеледі. Бұл М.Әуезовтің зерттеуі бойынша көрсетілген. Ал С.Қасқабасовтың айтуынша ертегілердің ішінде хайуанат ертегілерінің алатын орны зор [28]. Жануарлар туралы мифтер мен әнгімелердің жануарлар туралы ертегіден айырмашылығы тура мағына мен ауыспалы мағынаның, шын образ бен оның тұспалы арасында болады. Ертегіде адамдар мен олардың әрекеттерді тұспалдап көрсетеді. Оларда таптық қоғамның көрінісі байкалады. Жануарлар жайындағы ертегілерді 3 топқа бөлуге болады:
1. Мифтік қасиетін жоғалткан этиологиялық ертегілер;
2. Дүние жүзі халықтарының
жануарлар жөніндегі эпосын құрайтын
классикалық ертегілер;
3. Мысал ертегілер.
Этиологиялық ертегілерде синкреттік қасиет басым, тұрақты композициялық құрылым жоқ. Олар этиологиялық мазмұны жағынан мифке жақын. Оған айтушы да, тыңдаушы да сенбейді. Бірақ адамгершілік тәрбиесі сақталады. Жануар – кейіпкерді суреттеу, мінез-құлқын бағалау жағынан ертегілік қасиеті байқалады. Жануарға берілетін меніздеме көбіне құбылмалы болып табылады. Сол арқылы әр түрлі адамдық проблемаларды айдаhар, дию тағы басқа суреттеле береді. Мәселен, «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Маса неге ызыңдайтын болып қалған ?» деген сияқты үш сұрақ бірдей жауап беріледі.
Балаларға қатысты мысал ертегілер жатады. Ә.Дүйсенбаев «Құйрық», «Алатаудың бауырында», М.Әлімбаев, Х.Ерғалиев «Қоянның ерні неге жырық?», Б.Ысқақов «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» тағы сол сияқтылар [29].
Жоғарыдағы қазақ ертегілерінің ерекшеліктерін көрсететін жіктемелер ең алдымен фольклортанушылар мен әдебиеттанушыларға, нақтырақ айтқанда, қазақ ертегілерін кәсіби тұрғыда зерттеу пәні ретінде қарастыратын ғалымдарға арналған.
Қазақ халық ертегілері ішінде көркемдік қиялға толы, ең қызықтысы – қиял-ғажайып ертегілері. Ол балаларды өзінің көркемдігімен, әсемдігімен, тартымдылығымен баурайды. Олардың қиялын ұштайды, қиындықты жеңуге, қиналған кезде ақылмен шешімді әрекет істеуге, зерек, тапқыр болуға итермелейді.
Айналадағы әдемілікті түсініп, қабылдай білуге үйретеді. Ертегінің қайсыбірі болмасын баланың сана-сезіміне әсер етеді. Яғни баланың ертегілерге танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы ықпалының өзі осыдан басталады. Әдетте, балаларға тән мінез – олар біреуге еліктегіш келеді. Мәселен, ертегі тыңдаған бала ертегі кейіпкерінің жағымды қасиеттеріне (батылдық, тапқырлық, өжеттік, ерлік, қиындыққа төзуі, т.б.) еліктейді, соған ұқсап-бағуға талпынады.
Баланы ертегідегі кейіпкердің іс-әрекеті, мақсат-мүддесі қызықтырады. Ол соларды үлгі тұта отырып, өз мақсатына жетуді армандайды. Ертегі кейіпкерінің іс-әрекетімен салыстыру арқылы өзінің мінез-құлқындағы кемшіліктерді байқауға үйренеді. Бұл сезім балаларды ертегілер арқылы адамгершілікке тәрбиелеуге түрткі болатын қозғаушы күш деуге болады.
Тұрмыс-салт ертегілері. Ә.Қоңыратбаевтың айтуынша, ертегінің бұл түрі реалистік ертегілер болып келеді. Олай деуге себеп: қиял-ғажайып және хайуанаттар жайындағы ертегілерде фантастика басым болады, бұл ертегі желісі көбінесе ақиқатты болмыстан алынады. Оларда халықтың өмірі, тұрмысы, тыныс-тіршілігі суреттеледі [27].
Батырлық-ерлік жайындағы ертегілер өзінің мазмұны, сюжеті жағынан қиял-ғажайып ертегілерінің қатарынан орын алады. Өйткені батырлар жайындағы ертегілердің оқиғасы да өте қызықты, адам санасына сыймас фантазияға толы.
Мұндай ертегілердің басты кейіпкері – ғажайып күш иесі, батырлар. Ертегідегі оқиға желісі басты кейіпкердің іс-әрекетіне байланысты өрбіп отырады. Ерлік-батырлық жайындағы барлық дерлік ертегілерде батырдың дүниеге келу сәті адам баласына тән емес таңғажайып құбылыстар арқылы суреттеледі.
Ертегідегі батырға
тән сипаттар – олар елі
үшін қызмет етеді, елін жаудан
қорғайды, үнемі жорықта жүреді,
көпшілік тартыс, қақтығыстарда
жеңіспен оралады. Ертегі мазмұны
қызықты да тартымды баяндалады.
Ондағы оқиғалар желісі өте
әсерлі суреттеледі. Батырлар жайындағы
ертегілер ел арасынан шыққан
қарапайым адамдардың ерлік істерін,
жауыздық пен жамандыққа қарсы
күресін дәріптеуге арналады.
Қазақтың батырлық жайындағы ертегісінің бір ерекшелігі – батырдың қасына еріп, оған көмек көрсететін достарының болуы. Халық ертегілерінің қайсыбірі болмасын шындыққа жетуде, зұлымдықты жеңуде көңілге сенім ұялатады. Ертегідегі дүниеге деген сенім, шаттық көзқарас балаларға ерекше ұнайды, олар ертегіден өмірлік күш-қуат алады.
Қазақ ертегісінің ең мол түрі – шыншыл ертегілер. Бұл ертегілер өмір шындығына жақын, ішінде реалдық адам бейнелері басым. Олар кейде өмір шындығынан алынып, бас қаһармандары патша, уәзір хан болып келеді. Мысалы. «Хан мен уәзір», «Өнеге», «Ақылды етікші» ертегілерінің бас қаһармандары күндіз тақта отырса, түнде үстіне жаман киім киіп, шаһар аралап жүретін патша мен оның уәзірлері. Мұндай ертегілерде хан әділ болып көрінеді. Бірақ көп жайда патшалар жауыз адам ретінде суреттеледі. Мысалы, «Ақылды етікші» ертегісінде хан ешкім өз пайдасын ойлап еңбек істемесін деп бұйрық береді. Мұны күндіз-түні етік тігіп, бала-шағасын зорға асырап жүрген етікші енбек адамдарына тиімсіз сол үшін ақылсыз ханның ісі дейді. Бізге шыншыл-реалистік ертегілердің қазақ өмірінен алынған нұсқалары мәндірек. Мұндай ертегілердің бас қаһармандары ақылды қарт, тапқыр жігіт, қаңбаң шал, тоғыз Тоңқылдақтан зорлық көретін Шіңкілдек, айлалы тазша, қойшы, кедей, жауыз, бай, сұғанақ молда, тойымсыз ұры болып келеді.
Олардың көбісі - халық ортасынан шыққан қарапайым адамдар. Көптеген ертегілердің рухында сын-сықақ сарыны бар. Олардағы жамандық пен жақсылықтың аңғарынан біз түрліше реалдық адам мінездерін ғана емес, қоғам өміріндегі теңсіздік суретін, халықтың әділет, жақсы өмірді іздеген арман-мүдделерін де жақсы байқаймыз.
Баланы ертегі мазмұнындағы суреттеу, салыстыру, теңеу, ұқсату, әсірелеу сынды халықтың бейнелі тілі қызықтырады. Айтылуындағы реттілік, жүйелілік, халықтың ойлау жүйесін білдіртеді, яғни халықтың ой саралау мен сөз саптау ерекшелігін түйсіндіреді.
Қазақ ертегілерінің не үшін қажет екенін әдебиет зерттеуші ғалым А.Байтұрсынов: «Ертегінің қадірі қанша деп сұрағанда, керектігіне қарай жауап беріледі. Ертегінің керек орындары:
1. Халықтың ұмытылған сөздері ертегіден табылмақ. Олай болса, ертегі тіл жағынан керек нәрсе.
2. Бала әдебиеті жоқ жерде баланың рухын, қиялын тәрбиелеуге зор керегі бар нәрсе. Баланы қиялдауға, сөйлеуге үйретеді.
3. Бұрынғылардың сана-саңлау,
қалпы-салты жағынан дерек берумен
керегі бар нәрсе» - деп айтқан
болатын.
Көрнекті ғалым Ә.Қоңыратбаев: «Қазақ фольклорының образдары жанды әрі шынайы болып келеді. Олар адамға терең ой салып, ғибрат береді. Фольклор туындылары адам тәрбиесі, қоғам мәселелерінен шет жырланған емес. Оның басты айтар ойы – халықты, адам баласын сүйе біл, еңбек пен ерлікті қастерле, досқа жылы, қамқор, дұшпанға берік бол, жас та болсаң, елге ағалық көрсете біл, өмірден үйрен де, өрге, өнерге ұмтыл дейтін ғибрат. Мұның бәрі адам, әсіресе жас ұрпақ тәрбиесі үшін аса қажет болған» - дейді [27-53б].
Халық ертегілерінің мектепке дейінгі ересек балалардың ой-өрісін, тілін дамытуға, тәлім-тәрбиесіне әсер-ықпалын зерделей келе, ертегілер арқылы дамытып-тәрбиелеудің моделі ұсынылды.
1.2. Қазақ халық ертегілері арқылы балабақшада тіл мәдениетін меңгерту