Мектеп жасына дейінгі балаларды ертегілер арқылы ұлттық отансүйгіштікке тәрбиелеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2015 в 13:32, дипломная работа

Краткое описание

Аталған міндетті жүзеге асыру мақсатында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің стандарты»,«Мектепалды даярлау тұжырымдамасы», «Қазақ балабақшаларындағы үзіліссіз тәрбие тұжырымдамасының», «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы жасалды [3,4,5].
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Білім және ғылым министрлігінің балалар білімі мен тәрбиесі сапасын көтеруге, олардың еліміздің өткендегі тарихына, мәдени мұрасына шығармашылығын қалыптастыруға байланысты қойып отырған міндеттерін жүзеге асыруды көздейді. Балабақшада халықтың мәдени мұрасынан, соның ішінде ауызекі шығармашылығынан білімді балалар «Тіл дамыту», «Көркем әдебиет», «Сауат ашу және жазу» ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде меңгереді.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3
1 Мектеп жасына дейінгі балаларды ертегілер арқылы ұлттық отансүйгіштікке тәрбиелеудің теориялық негіздері........................................9
1.1 Мектеп жасына дейінгі балаларды ертегілер арқылы шығармашылығын қалыптастырудың зерттелуі.................................................................................9
1.2. Қазақ халық ертегілері арқылы балабақшада тіл мәдениетін меңгерту.......30
2 Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-тәрбие үрдісінде ертегілер арқылы ақыл--ойын қалыптастыру әдістемесі...............................................36
2.1 Мектепалды даярлық топта ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде ертегілерді қолдану.......................................................................................................................36
2.2 Мектепалды даярлық тобы балаларының ертегілерге танымдық қызығушылығын қалыптастыру жолдары..............................................................55
2.3 Тәжірібиелік-эксперименттік жұмыс................................................................67
Қорытынды..............................................................................................................79
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................82

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жунисова Мөлдир.docx

— 226.48 Кб (Скачать документ)

   Бұл мәселені алудағы  мақсатымыз - мектеп жасына дейінгі  балаларды  ертегілер арқылы тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарасының қалыптасуына жол ашу.            Сонымен, балалардың дербес, шығармашылықпен жұмыс істей алу әрекеті мейлінше белсенділікті, ынталықты, ізденімпаздықты, өз еркімен жүйелі жұмыс істеуді талап етеді, оны оңтайландыру, баланың күнделікті рухани қажеттілігіне айналдыру балабақшаның қазіргі кезеңдегі маңызды міндеті.

Әдебиеттің басқа түрлері секілді, ертегілер де адам баласының еңбек-кәсіп ету, тұрмыс-тіршілік құру тәжірибесіне байланысты туған. Барлық елдің ауыз әдебиетінен мол орын алған және халықтық жазу-сызу өнері болмаған кезінде ауызша шығарған күрделі шығарманың бір түрі – ертегілер.

Ертегілер көбінесе, қара сөз ретінде айтылатындықтан, оны халықтың ерте заманда шығарған көркем әңгімесі деп қараймыз. Бертін келе, адам баласының дүниетанымының, ой-өрісінің, сана-сезімінің ұлғайып өсуі жалпы халық шығармаларына, соның ішінде ертегілерге көп әсер еткен. Осы негізде ертегілердің алғашқы үлгілері әр түрлі өзгерістерге ұшырап, жаңа ертегілер туа бастаған. Онда адам баласының арман-мүддесі, ой-санасы, болашақтан күтетін үміт суреттелген. Сондықтан да ертегілерден адам баласының тұрмыс-тіршілігі, өмірі, ісі басты орын алады, қоғамдық мәні бар мәселелер көтеріледі.  Бұлардың бәрін ертегілер көркемдеп суреттеу, образдар арқылы бейнелеген.

Қазақ халқының жас  ұрпаққа  тәрбие берудегі тиімді құралдарының бірі - ертегі. Ертегілердің мазмұнында халықтың тыныс-тіршілігі, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері, бақыт жолындағы күресі, адамдардың өзара қарым-қатынастары мен мінез-құлықтары, адамдардың еңбексүйгіштігі, өз халқына, Отанға, туып-өскен табиғатқа деген сүйіспеншіліктері бейнеленген. Т.Барласұлы ертегінің адам баласына тәлім-тәрбиелік, рухани маңызы жөнінде айта келіп: «Ертегі - рухани тәрбиенің мәні аса зор, көзіміз көріп, құлағымыз ести алмайтын, тек ақылмен ажыратып, жүрекпен ғана түйсіне алатын материалдық әлеммен бірге шегі жоқ рухани әлем болмысының біртұтас түсінікті баян етілген көрінісі», - деп анықтама береді.

Егер халық ертегілеріне педагогикалық-психологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ мұның жасөспірімдерге танымдық әсері жоғары. 
Халық ертегілерінің таңдаулы үлгілері ғасырлар бойы жасалған халық шығармашылығы болғандықтан оның ішінен көркем тіл де, терең ой да, тамаша үздік кейіпкерлер де табылады. Оның осы сияқты аса жоғары идеалық көркем қасиетін балалардың санасына жеткізу үшін бұлардың да өзіне лайық оқып үйрену жолдары әдіс амалдары бар, мысалы ертегілерді алатын болсақ, ол ел аузында ғасырлар бойы сақталып айтылып әңгімеленіп келеді. Ал осы ертегілер арқылы бала айналасындағы өмірді, адамдарды кеңірек танып ұстанымдылыққа еңбек сүйгіштікке ие болады. Ертегі бала ойында сақталу үшін түрлі жолдар арқылы жүргізуге болады:

1. Ертегі оқу. Мұнда сол  ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне  еніп соның көңіл-күйін образ  арқылы бейнелеп беру.

2. Пантомима ойыны. Ешқандай  сөз айтпай сол кейіпкердің  қимылдарын көрсету.

З. Суретпен жұмыс. Әр түрлі жәндіктер бейнеленген суреттер немесе 
бір ертегідегі барлық қимылдарды суреттер арқылы көрсету. Баланың табиғат туралы білімдерін кеңейтіп табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін оятып, қамқорлыққа алуға тәрбиелеу. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетте үнтаспа, бейнетаспа суреттер көрнекілікті пайдалану әңгімелесу, түсіндіру.

Табиғаттың әсемдігін көріп сезіне білу балалардың өмір тәжірибесін байытып, олардың эстетикалық талғамын дамытады. Туған жерге деген ыстық сүйіспеншілігін күшейтеді. Халық ұғымында табиғат деген сөз Жер – ана, туған жер, атамекен сөздері түрінде көп айтылады. Мектепке дейінгі жастағы балдырғандар шын мағынасындағы оқырмандар емес, олар тек тындаушылар, көрушілер ғана. Оларға арналған шығармалар қысқа да ықшам жазылған суретті кітапшалар түрінде беріледі. Бұл жастағы балаларға арналған әдебиет жанры жағынан көбіне жеңіл сюжетке құрылған шағын шығармалар, хайуанаттар жайында жазылған әңгімелер белгілі оқиға не ойын түрлеріне құрылған өлеңдер, ертегілер болып келеді. Бұл жастағы балдырғандарға арналған шығармалардың тақырыбы көбінесе табиғат әлемінен, өзін қоршаған күнде көріп жүрген оқиғалардан алу керек. Тілі жеңіл, сөзі ойнақы болып келеді.

1) Балалардың психологиясына  зерттеу жасағанда, олардың ойлау  түсіну қаблеттін суреттеліп, отырған  оқиғанның керкем образдың нақтылығын  дәлдігін өз өмірінің айналасынан  алуды қажет етеді.

2) Әңгімеленіп отырған  оқиғаның барысында мерзімі болуы  шарт. Баланың ішкі дүниесіне  ой-санасына бірден әсер ететін  күшті де мағыналы бейнелер  алу керек. Балаларды өмірдің  жақсы болашағына қанағатандырып, шарықтатып отыру қажет.

3) Балалар әдебетінде  оқиғаны және адам характерін  суреттеу, әдістерінің динамикасы  ерекше болады.

4) Балалар жаратылысының  көркем көріністерін, пейзажды шебер  суреттеуді ұнатады, оған сүйсіне  қарайды, соны айналасынан іздейді.

5) Балалар әдебеті шығармаларының  мазмұны идеясы оларды еңбекке, ғылымға әр қилы мамандықтарды  игеруіне үлес қосады.

Ертегілердің танымдық-тағлымдық рөлі К.Ушинский, Д.Макаренко, В.Сухомлинский еңбектерінде ерекше көрініс тапқан. Аса көрнекті педагог В.Сухомлинский өзінің педагогикалық қызметінің өн бойында мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелерімен шұғылданды. Ол ертегілерсіз творчествасыз, қиялсыз толық мәнінде тәрбие жүзге аспайды деп саналады [14, 15,16].

А.Байтұрсынов «ертегінің  қадірі  қанша  деп  сұрағанда, керегіне  қарай  жауап  беріледі» деп  ой  қорытады. Ертегі  халықтың  қиялынан  пайда  болған. Сондықтан  оның  авторы  халық. Бертін  келе  ауыздан–ауызға  тарап, келешек  ұрпаққа  жетіп  отырған. Ертек  айтушыларды – ертекшілер  деп  атаған. Ертегі  туралы  анықтаманы  М.Әуезов былай  деген:  Ертегі деп баяғы  замандағы  елдің  дүниеге  көзқарасын  білдіретін, я сол  көзқарастың  белгілі  ізін  көрсететін, онан  соң елдің  белгілі  салтын  білдіретін, арнаулы  үлгі  айтатын, жамандықты  жерлеп, жақсылықты  көтеріп  айтқан, ойдан  шығарған  көтерме  әңгімені  айтады. Бұл  анықтамада  шыншыл  ертегі жайында  еш  сөз  айтылмаған. Ертедегі  көзқарас  деп  көрсеткен [17,18].

Ертегілердің негізгі тарихы адам баласының сөйлеу тілі, ойлау қабілеті пайда  болғаннан  басталады.  Алғашқы  уақытта  өте  ақылға  сыймайтын  ертегілер  пайда  болды.   Онда  көбінесе  жан–жануарлар   тіршіліктің  барлығында  сөйлейді, ұғады  деген  адамдарда  пікір  қалыптасқан. Бұл  ертегінің  қиял  ғажайып  түрі. Одан  кейін XV- ғасырларда  қазақ  хандығында  құрылуымен  тұспа–тұс  келеді. Ертегілер  батырлар  мен  небір  шешен, ел  билеген  көсемдер  жайлы  өрбейді.  Олардың  халыққа  еткен  еңбектері, қанаушы  топ  шонжарлар мен  байлардың  тепкісіне  шыдамай  қарсы  әрекеттері, айламен  түрлі  тәсілдермен  сабасына  келтіріп  отырған  көріністері  бейнеленеді .

Ертегілердің  ең  алғаш  зерттелуі  қазақ  ауыз  әдебиеті  үлгілерін  жинаушы, әрі  оны  өзге  халықтарға  танытушы  Ә.Диваевтың  есімімен  тікелей  байланысты. Ең  алғаш  Әулиеата  уезі  болды. Кейін  ол  қызметіне  байланысты  ел  аралап, Шымкент, Сыр бойында  болып,  көне құлақ  қарттардан  ертегілер  жинайды.

Ә.Диваев  әңгімелер мен  ертегілерді  жазып  алып, хат  арқылы  сұрап  отырған.  Ертекшілер  мен  орындаушылармен  кездесіп, фольклорлық  мұралар  жазып  алып  отырған. Ол  ерекше  әдіс  қолданған:  бір  ертегіні  бірнеше  елді  мекеннен, бірнеше  кісінің  аузынан  тыңдауды  әдетке  айландырып, сол  шығарманың  нағыз  халықтық  нұсқасын  айқындауды  мақсат  еткен. Ең соңында  нұсқаның  толығырақ  айтылған  түрін  баспа  бетіне  бірнеше  рет құрастырып  жазып  алады да,  соның  толымды  нұсқасын жасайды. Сөйтіп  барып ол  аңыз–ертегі  жайлы  ойын қорытындылайды.

Ә.Диваевтің  тағы  бір  ерекшелігі,  ол  ертегілерді  жинауда  сөзге  мұқият  қарап, баспа  сөз  бетінде  жариялауда  кейбір  түсініксіз  сөздерге  коминтарийлер  жазып,  әрі  сол  ертегі, дастанның  қанша  варианты  бар  екендігінен  мәлімет  те  беріп,  отырған  және  ол  материалдарды  екі  тілде  яғни  орыс,  қазақ  тілдерінде  жариялауды  принципке  алған [21].

Ертегілердің ел арасынан жиналып, хатқа түсуі, баспа жүзіне шығуы ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталады деуге болады. Бұл ретте Ш.Уәлиханов, Г.Н.Потанин, В.В.Радлов, Ә.Диваевтің басқа бірнеше адамдардың айрықша еңбек сіңіргені байқалады. Олар А.Е.Алекторов, А.Васильев, Н.Пантусов, Б.Дауылбаев және т.б. [13].

Сондай-ақ, ертегілерді ғылыми тұрғыдан зерттеу ісінде М.Әуезовтің еңбегін атауға болады. Ол ертегілердің идеялық-көркемдік ерекшеліктерін, тарихи даму жолдарын зерттеді, ертегілердің әдебиет тарихынан алатын орнын анықтайды. Кейіннен ол ертегілерді зерттеу ісіне қайта оралады да, «Ертегілер» атты ғылыми еңбегін жазады. Онда ертегілерді жан-жақты алып тексереді, мазмұнына қарай тақырыпқа бөледі, көркемдік ерекшеліктерін анықтайды [18-63б]. 

Сондықтан да, есте жоқ көне заманнан бастап халықтың ауыз әдебиетінде ең көп дамыған көркем шығарма түрі – ертегі. Ертегіні оқу – баланы ғажайып қиялға бөлеп, шым-шытырық оқиғаға араластырып жеті қат жер астына, ғарышқа самғатады. Ертегілердің түрлері мен тақырыбы өте көп. Балабақшадағы ертегілердің көбі бағдарлама ауқымына негізделген. Негізінен, жан-жануарлар, аң-құстар, табиғат туралы, адамгершілік туралы ертегілер берілген. Сондай-ақ, ертегілердің көбі аударма ертегілер.

Қандай ертегінің түрі болмасын, оның ең басты кейіпкерлері – жағымды. Олардың мақсаты адамға жақсылық істеу, қол ұшын беру, жақсыны үйретіп, жаманнан жирендіру. Ертегінің тілі шұрайлы, уақиғасы қызық. Сондықтан шағын ертегіні бала әлі оқу мен жазуға төселмей тұрған алғашқы аптадан бастап-ақ тәрбиешілер әсерлі оқып беріп, әңгімелеп беріп, ертегіні үйдегі ата-анасының, аға-әпкелерінің оқып беруіне сілтеме жасайды.

Сонымен қатар, баланың кез-келген көркем туындыны келістіре оқуы – үлкен өнер. Сол өнерге үйрететін үлгі көрсететін – тәрбиеші.

Сонымен ертегінің негізгі айтпағы, балаларға ой салар тұсы – оның мақсатшылдығы, алған бетінен қайтпауы, жасымай, азып – тозбай, бір сәт те туған жерін, ата-анасын есінен шығармай құтылудың жолын іздестіруі – ақылдылығы, тапқырлығы.

Адамзат өзінің сонау балаң кезінде, сол табиғаттың сиқырлы алуан жұмбақтарын шешсем, оны өз игілігіме жаратсам, бағындырсам деген арманын өзінің ауыз әдебиетінде бейнелеген.

Ертегілерді академик М.Әуезов үш жікке бөледі: қиял - ғажайып ертегілер, хайуанаттар жайлы ертегілер, шыншыл ертегілер. Солардың ішіндегі ең көнесі, әрі ертегілердің мол саласы – қиял - ғажайып ертегілері [14].

Қиял - ғажайып ертегілеріндегі мекен жайлар да сиқырлы, жұмбақ әлемі. Адам тек түсінде ғана көрерлік қиял сарайлары. Олар таңғажайып жихазға толы. Соларды мекендеген тіршіліктерде жер пендесі шошыр, жан түршігер үрейлі қорқынышты бейнелер.

Қиял – ғажайып ертегілерде адамға қаскөй сұм, аяр жауыздық иелері – мыстан кемпір, жезтырнақ, айдаһар, жалғыз көзді жалмауыз, дию сияқты талай басқа да сиқырлы күштер бар. Солармен қатар адамдарға дос, қиын қыстау кезде жол табар, ажал аузынан алып қалар, адамның қаскөй күштерді жеңуіне көмектесер жанды тіршіліктер. Мұнда жансыз заттар да мол кездеседі.

Қазақ фольклоры Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов сондай-ақ М.Әуезов, С.Сейфуллин еңбектерінен де мол орын алғаны бар. Кейінгі кезде қазақ ертегілерін зерттеуге М.Әуезов, Қ.Жұмашев, Е.Ысмайыловтар белсене араласты. Қазақ ертегілерін тақырыбына қарай бірнеше топқа бөлуге болады. Олар а) мифологиялық, (қиял-ғажайып) ертегілер; ә) хайуанаттар (жан-жануар) жайындағы ертегілер; б) тұрмыс – салт ертегілері [22].

Қиял-ғажайып ертегілер тым ерте замандарда адам табиғат сырын толық түсініп болмаған кезде туған. Мұнда өмір көрінісі аздау болады. Мифологиялық ойлау адамдардың топ-топ болып орман, тау-тас үңгірлерін мекендеп жүрген кезеңінен бастап туса да ғажап емес. Күн, ай, от судың жойқын күштерінің сырына түсінбеген алғашқы қауым адамдары табиғатқа сиынып, табынған: бірінен қорықса, бірін қастерлеген. Оларды адамша ойлап, әрекет жасайтын құбылыстар деп ұққан.  Кейбір елдерде киелі аңдарға сиыну дәстүрі де болған. Қиял–ғажайып ертегілердің сюжетінде адам иланбайтын, көңіл сенбейтін сан түрлі қызық-қызық оқиғалар болатыны рас, бірақ бұған қарап халықтың ертедегі творчествалық күштерінде бей-берекет жалған көріністер басым болды деп ойлауға болмайды. Мейлі, көз көріп, құлақ естімеген неше түрлі суреттер бола берсін, ол халықтың сергек санасын, этика, эстетикалық көзқарастырын бүркемелей алмайды. Бұл тектес ертегілер қазақ халқының өмір тарихымен бірте қос өрім қатар жасасып келеді, мұнда халықтың бесіктегі бала, бозбала, жігіт ағасы кездері айқын бейнеленген.

Фольклордың өзіне тән табиғаты бар. Соның ішінде қиял-ғажайып ертегілердің өз заңы, өз тәсілдері бар. Мәселен, әйелдердің көпшілігі «ай десе аузы, күн десе көзі» бар шетінен сұлу болып келеді. Олардың тұрған жері мұз тауының ар жағында, оң тауының бер жағында. Аспандағы жұлдыздай алыстағы аруды алып келуге кәдімгі қарапайым шаруаның өзі атанады. Сол жолаушы жалғыз өзі не көрмеді: жыландар елі, аждаһа, айдаһарлар ордасы. Ол неге осыншама қауіпті жолға шықты? Әлбетте, сұлуды сүймекке.  
Қиял-ғажайып ертегілердің басты бір ерекшеліктері - өмір үнемі қозғалыста көрінеді. Бір орында тұрған зат болмайды: от тауы, мұз тауы, ұшқан құс, жүгірген аң, сұлулар еліне жол тартқан жолаушы бәрі бір нүктеден шығып, екінші бағытқа бет алып бара жатады. Аң адамға, адам аңдарға кездеседі. Олардың арасында жамандық пен жақсылық үшін күрес бір сәтке тоқтамайды. Өте ерте дәуірде пайда болған ертегілерде адамның сұлуы, құстың әдемісі, сән-салтанаттың сарайы бұлар көбінесе перілер елінде деп бейнеленеді. Олардың мекені көбінесе жер асты, не су асты болып келеді. Соған орай тоғыз қабат жердің, тоғыз түрлі теңіздің астына перінің сұлу қызын іздеп, жер үстінен біреу аттанады. Оның да жолы тым ауыр. Сондай жұмбақ елді тауып, ақыры арманына жететін тағы да шаруаның бейнетшіл баласы болып көрсетіледі.

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балаларды ертегілер арқылы ұлттық отансүйгіштікке тәрбиелеу