Мектеп жасына дейінгі балаларды ертегілер арқылы ұлттық отансүйгіштікке тәрбиелеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2015 в 13:32, дипломная работа

Краткое описание

Аталған міндетті жүзеге асыру мақсатында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің стандарты»,«Мектепалды даярлау тұжырымдамасы», «Қазақ балабақшаларындағы үзіліссіз тәрбие тұжырымдамасының», «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы жасалды [3,4,5].
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Білім және ғылым министрлігінің балалар білімі мен тәрбиесі сапасын көтеруге, олардың еліміздің өткендегі тарихына, мәдени мұрасына шығармашылығын қалыптастыруға байланысты қойып отырған міндеттерін жүзеге асыруды көздейді. Балабақшада халықтың мәдени мұрасынан, соның ішінде ауызекі шығармашылығынан білімді балалар «Тіл дамыту», «Көркем әдебиет», «Сауат ашу және жазу» ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде меңгереді.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3
1 Мектеп жасына дейінгі балаларды ертегілер арқылы ұлттық отансүйгіштікке тәрбиелеудің теориялық негіздері........................................9
1.1 Мектеп жасына дейінгі балаларды ертегілер арқылы шығармашылығын қалыптастырудың зерттелуі.................................................................................9
1.2. Қазақ халық ертегілері арқылы балабақшада тіл мәдениетін меңгерту.......30
2 Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-тәрбие үрдісінде ертегілер арқылы ақыл--ойын қалыптастыру әдістемесі...............................................36
2.1 Мектепалды даярлық топта ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде ертегілерді қолдану.......................................................................................................................36
2.2 Мектепалды даярлық тобы балаларының ертегілерге танымдық қызығушылығын қалыптастыру жолдары..............................................................55
2.3 Тәжірібиелік-эксперименттік жұмыс................................................................67
Қорытынды..............................................................................................................79
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................82

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жунисова Мөлдир.docx

— 226.48 Кб (Скачать документ)

 

 

Сайыс бағдарламасы:

1. Ертегіні оқиғасы бойынша  табу.

2. Ертегі оқиғасының аяқталуын  ауызша жеткізу.

3. Ертегі оқиғасына сүйеніп  оның кейіпкерлеріне мінездеме  беру.

4. Оқиға желісіне қарай  ертегіні бөлімдерге бөліп, ат  қою.

5. Қазақ халық ертегілерін  мәнерлеп әңгімелеу.

6. Ертегі оқиғасы бойынша  оның суретін салу.

Сайысты жүргізуші өзінің кіріспе сөзінде қазақ халық ертегілеріне жасайтын саяхатта ертегілерде арыстан, қасқыр, қоян, түйе, лақ, Тазша бала, Алдар Көсе, ханшалар, т.б. кейіпкерлер болатыны туралы ескереді. Алдын-ала даярланған сұрақтар бойынша оларды тани білу қабілеттерінің тексерілетінін айтады. Ойынға қатысушы екі топты ортаға шақырады:

 Алдағаным торпақ,   Кім сайысқа шықпаса,

Ана тайы жортақ,   Қоян жүрек қорқақ, -

дей отыра, екі топты таныстырады: бірі - Ақ боталар, екіншісі - Ақ қозылар.

Екі топтың жетекшісі көрермендерді өз тобының мүшелерімен таныстырып өтеді. Содан кейін сайысты жүргізуші екі топтың жетекшісіне қоржыннан асық алуды ұсынады. Қоржындағы асықтар нөмірленген, кімге бірінші нөмір түссе, сол топ сайысты бірінші болып бастайды.

Жүргізуші командаларға сәт сапар тілейді.

1-сайыс. Ертегіні оқиғасы  бойынша табу. Екі топ қойылған  сұрақтарға жауап береді. Сайыс  сұрақ-жауап түрінде өтеді.

«Ақ қозылар» тобы үшін сұрақтар:

1. «Балаң жылап қалды, балаң жылап қалды», - деген дауыс  естіліпті оған. Артына жалт бұрылып  қараса, киіз үйдің күлдіреуішінде  бір кішкентай құс отырғанын  көреді. Әлгі «балаң жылап қалды»  деп отырған сол бақыт құсы  екен. Мұның не сұмдық екенін  түсінбеген әйел жүгіріп үйге  кіреді. Үйіне келсе, әлгі бала  ғып жасап кеткен наны жоқ  болады. Бұл қай ертегі? («Нан батыр»).

2. Бұрынғы заманда Бағланбай  деген кісінің бір жақсы түйесі  болған екен. Ол өмірінде боталамаған  екен. Бір күні Бағланбай аулының  адамдарына:

– Менің жақсы көретін түйем боталамайды. Бұған не ақыл бересіңдер? - депті. Бұл қай ертегі? («Бөзінген»).

«Ақ боталар» тобы үшін сұрақтар:

1. Күндерде бір күні  Қазанқаптың әйелі жүкті болыпты, айы-күні жақындап, тоғыз ай, тоғыз  күн толғанда әйел толғатып  босаныпты, торсық шеке, аппақ ұл  туыпты. Ата-анасы қуанып, төбелері  көкке жетіпті, баласына кім деп  ат қойыпты? («Кендебай»).

2. Бес қой мен бес  ешкі өріске өздері жайылып, бұлаққа  өздері барып су ішіп қайтады. Олар ит-құсқа, не ұры-қарыға жем  болған емес. Шал мен кемпір  оларды кешке өрістен қайтқанда  түгендеп қораға кіргізіп алады  да, ертемен түгендеп шығарып  салады. Бес қой мен бес ешкіні  аман-есен сақтап, бағып-қағып өсіретін  бақташы кім? («Қошқар мен теке»).

Әр топтың сұраққа берген жауабы олардың даярлығының жоғары екендігін көрсетті.

2-ші сайыста ертегі  оқиғасының аяқталуын ауызша  жеткізу талабы қойылды. Стол  үстіне ертегі аттары жазылған  карточкалар орналастырылды. Әр  топ өзіне карточкаларға жазылған  ертегілер ішінен ертегі таңдайды.

Әр топ мүшелері өздері таңдаған ертегі оқиғасының немен аяқталатынын үлкен әсермен, қызықты суреттемелермен ауызша жеткізді.

Үшінші – ертегі оқиғасына сүйене отырып, оның кейіпкеріне мінездеме беру сайысында да балалар мүдірмей өтуге талпынады. Стол үстіне ертегі кейіпкерлерінің арттары жазылған карточкалар қойылған. Әр топ өзіне карточка таңдайды. Карточкаларға жазылған ертегі кейіпкерлері: Кендебай, жалмауыз кемпір, хан, Тазша бала.

Әр топ мүшелері ертегі оқиғасына сүйене отырып, оның кейіпкеріне мінездеме береді, олардың өзіндік ерекшеліктерін сипаттап көрсетеді, тіпті кейбірі оларды бейнелеп көрсетуге талпынады. Солардың кейбіріне тоқталайық.

Серік: «...Жалмауыз кемпір ертегідегі жағымсыз кейіпкердің бірі болып саналады. Оның қандай екенін жалмауыз деген атынан-ақ білуге болады. Адамға қастық, жамандық ойлайды. Ал оның түрі сондай қорқынышты, тістері ақсиған, беті әжім-әжім, ұйпаланған аппақ шашы бар. Мұрны қонқиған, белі майысқан. Қай кезде болсын алба-жұлба болып жүреді».

Айнұр: «...Жалмауыз кемпірдің түрі өте қорқынышты. Оның мінезі жаман. Үнемі адамдарға қастандық ойлап жүреді. Сондықтан ешкімге сүйкімі жоқ болып, жалғыз өмір сүреді».

Мақсат: «...Кендебай сондай мықты. Ол адамдарды жақсы көреді. Оларға үнемі көмектесіп, жәрдем береді. Сондай қайырымды, өзі алып жігіт».

Айдана: «...Тазша бала барлық ертегіде өте қу болып суреттеледі. Оның атының өзі қызық. Ол қарапайым болса да алғыр, ақылды, айлакер, тапқыр болады. Өзі үнемі көңілді жүреді. Адамдардың бәрін күлдіреді. Қиын жағдай болса, одан құтылып кетеді. Хан, уәзірлерді мазақ етіп жүреді. Оны балалардың бәрі жақсы көреді».

4-ші сайыста әр топтағылар  оқиға желісіне қарай ертегіні  бөлімдерге бөліп, ат қоюға талпынады. Балалардың таңдаған ертегі оқиғасының  желісіне қарай бөлімдерге бөліп, қойған аттары өте қызықты  болып шығады. Мысалы, «Керқұла атты  Кендебай» ертегісін үш бөлімге  бөліп: «Кендебайдың дүниеге келуі», «Кендебай мен қойшы бала», «Кендебай  мен хан» деп атаса, «Ғажайып  бақ» ертегісін: «Асан мен Қасен», «Дана қария және оның үш  шәкірті», «Дана қарияның кіші  шәкірті» деген бөлімдерге бөлген.

5-ші сайыс қазақ халық  ертегілерін мәнерлеп әңгімелеу  бойынша жүргізілді. Бір топ ертегіні  нақты бір оқиға желісіне дейін  айтса, екінші топ жүргізушінің  белгісі бойынша оны тез жалғастырып  әкетуі керек. Жүргізуші қоржыннан  асық алуды ұсынды. Бірінші нөмірлі  асықты алған топ сайысты бастады. Әр топ мүшелері ертегілерді  өте тамаша әңгімеледі. Бір топтың  бастаған ертегісін екінші топ  тез жалғастырып әкетіп отырды.

6-ші сайысқа қатысушылар  өздері таңдаған ертегі оқиғасының  желісі бойынша оның суретін  салды.

Сайысқа қатысушылар тапсырманы орындауға кіріскенде, жүргізуші залдағы көрермен балаларға ертегіні оның оқиғасы (ертегі кейіпкері немесе ғажайып заттар туралы әңгімелеу, т.б.) бойынша табуды ұсынады. Сөйтіп, көрермендер ортасынан да халық ертегілерінің білгірлері шығады.

Екі топтың орындаған тапсырмасын көрермендер көріп тамашалағаннан кейін, әділ қазылар алқасы бағалайды және нәтижесін хабарлайды. Жеңімпаз атанған топтың балалары марапатталады.

Сайыс аяқталған соң балалардың осы өтілген іс-шараға деген көзқарасын, ертегілерден меңгерген білім деңгейін байқау мақсатында нақты сұрақтар бойынша сауалнама жүргізілді:

1. Бүгінгі ертегілер тақырыбына  өткізілген сайыс ұнады ма?

2. Ұнаса, несімен ұнады?

3. Халық ертегілері саған  ұнай ма? 

4. Сайыстан өзің не  үйрендің?

5. Тағы осындай сайысқа  қатысқың келе ме? т.б.

Балалар мұндай сайыс түрлерінің өздеріне ұнайтынын, оларды жиі-жиі өткізіп тұру қажеттігін, балалардың бір-бірінен көп мәселелерді үйренетінін, ертегі мазмұнының өте қызықтыратынын, ертегі кейіпкерлерін эмоционалдық үлкен әсермен қабылдайтынын, әсіресе, қиял-ғажайып ертегілер жүрегінде мақтаныш сезімін оятатынын, сана-сезімін билеп алатынын айтты.

Сонымен, мектепалды даярлық тобы балаларының шығармашылығын арттыруда, адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ертегілерінің мүмкіндіктерін және педагогикалық шарттарын теориялық тұрғыда қарастыру біздің алдымызға қойған мақсатымызға жетуімізге септігін тигізді. Мектепалды даярлық тобы балаларының қазақ халық ертегілеріне шығармашылығын қалыптастыру бойынша жүргізілген жұмыстар балалардың қазақ халық ертегілері туралы түсініктерін жетілдіріп, білімдерін тереңдетті, оны түсіне және эмоционалдық тұрғыда дұрыс қабылдай білуге үйретті. Сонымен бірге балалардың қазақ халық ертегілеріне деген шығармашылығын бақылау барысында едәуір алға басушылық айқындалды.

Мектепалды даярлық тобында «Үйшік» ертегісін сахналау. Мақсаты: Балаларды шығарма мазмұнын дұрыс қабылдауға, кейіпкерлердің іс-әрекеттерін ұғынуға баулу, әдеби шығармаларға қызығушылығын арттыру, шығармалармен танысу барысында адамдар, олардың эмоциялық жай-күйі, қарым-қатынас сипаты жөнінде түсініктерін молайту, шығарма жанрларын анықтау (өлең, әңгіме, ертегі), бірігіп тыңдау дағдыларын, сұрақтарға ұйымдасқан түрде жауап беру, оқиғаны, естігені жайлы талқылауға баулу.Ертегі желісі бойынша кейіпкерлердің кейіпіне ену, олардың мінезін ашу, жақсы-жаманын ажырату және сахналау дағдыларын, көркемдік көзқарас, қиялдау-сезіну және оны қолданысқа ендіруді қалыптастыру; баланы сахна өнеріне баулу, белсенділігін арттыру; көркемөнер арқылы бала бойына адамгершілік қасиетті сіңіру; көркемөнерге деген ынтасын, яғни ән, би және бейнелеу өнері, шешендік сөз, сахналау өнерін интеграциялау.

Көрнекілігі: декарация, тышқан, бақа, қоян, қасқыр, көбелек, тиін, түлкі және аю.

Әдіс-тәсілі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, саусақ қимылдары және сахналау.

Барысы: Орман іші, үйшік. Балалар би билейді.

Толғанай: Жүріңдер, менің әжем қызықты ертегілерді көп біледі. Әже, менің достарыма қызық ертегілеріңнің бірін айтып берші?!

Әже: Жарайды, құлыным! Орыс халқының «Үйшік» ертегісін айтып берейін.

- Балалар, далада тұр мұнара, ұқсайтұғын үйшікке, аласа да  емес, биік те емес. Осы үйдің  иесі кім екенін білгілерің  келе ме? Онда мен жұмбақ жасырамын, шешуін кім тапса, сол осы үйдің  иесі болады.

        Жұмбақ

        Үй  ішін аралап,

        Түнде  көп жортады.

        Қаптарды  жарып,

        Мысықтан  қорқады. (Тышқан).

- Далада тұр мұнара, ұқсайтұғын  үйшікке, аласа да және биік  те емес. Міне осынау үйшікке, тышқан зытып барады, тоқтап есік  алдына тықылдатып қағады:  - Неткен үйшік, бұл кімдікі? Ешкім жауап қатпайды. Тышқан үйшікке кіріп, сонда тұра бастайды.

        Мен  тышқанмын жерім тар,

        Мысықтай  жауым бар.

        Жүргім  келсе жер басып,

        Айлам  болсын маған жар.

        Тәрбиеші:

        Таңдайлар  тақылдап,

        Мезгілімен  жатпайды.

        Мекені  оның шалшықта 

        Жауабын  кім айтады?   (Бақа).

        - Даладағы  үйшікке бақылдауық бақа кеп, тоқылдатып қағады:

        - Неткен  үйшік, бұл кімдікі?

        - Мен  жер тесер тышқанмын. Ал сен  кімсің?

        - Мен  бақылдауық бақамын.

        - Кел, бірге тұрайық.

        Тышқан: Мен сен туралы ән білемін, саған айтып берейін бе?

        Бақа: Қане, айтшы тыңдағым келіп тұр.

        Ән: «Бақа, бақа, бақ-бақ».

        Тәрбиеші:

        Сылдырдан  қорқады,

        Шошынып  жортады. (Қоян).

        Далада  тұрған үйшікке секек қоян  келеді.

        - Неткен  үйшік әдемі, бұл кімдікі?

        - Мен  жер тесер тышқанмын.

        - Мен  бақылдақ бақамын. Сен кімсің?

        - Мен  секек қоянмын.

        Тышқан, бақа:

        Ә, сұр  қоян, сұр қоян!

        Кетпе  деймін қасымнан

        Бар  ма, сірә, мұндай аң

        Өз-өзінен  шошынғын. (ха-ха-ха күледі).

        -Кел, бізбен бірге тұр.

Сергіту жаттығуы

        Тәрбиеші:

        Сұрғылт  тартқан түсі бар,

        Ақсиған  көп тісі бар.

        Тыным  таппай жүреді

        Сілекейі  шұбырып,

        Қыстау  маңын ториды.

        Жемтігін  іздеп сабылып.  (Қасқыр).

        - Даладағы  мұнараға ұқсайтұғын үйшікке  сілекейі шұбырып, қасқыр тақап  барады, жайменен есік қағады.

        - Неткен  үйшік? Кімдікі екен бұл үйшік?

        Тышқан, бақа, қоян: Сен кімсің?

        Қасқыр: Мен бөрі қасқырмын.

        Қаңғырамын, үйім жоқ,

        Алыс  жүрем ауылдан иті көп.

        Ұрлық-зорлық  кәсібім,

        Тамақтанар  несібем.

         Кәне, тышқан, бақа, қоян, мен сендерге  көп айла-тәсіл үйретемін.

Тышқан, бақа, қоян: Не істейміз қабылдаймыз ба? Көрейік айла-тәсілін, кел, бізбен бірге тұр. (Осылай төртеуі бірге тұрады).

        Тәрбиеші:

        Шаршағанда  ырғалып,

        Гүл  үстінде дем алады.

        Қанаттарын  бір қағып,

        Дем  де ұшып жоғалады. (Қөбелек).

        Тәрбиеші:

        Даладағы  үйшікке қанаттарын қағып көбелек  келіп қонады.

- Неткен ғажап үйшік! Кімдікі  бұл үйшік? (Тышқан, бақа, қоян, қасқыр  жауап береді).

        - Сен  кімсің?

        Көріп  жаздың қызығын

        Гүлден-гүлге  самғаймын

        Гүлдің  ерке қызымын

        Гүлден  өзім аумаймын.

   - Мен гүлдесте-көбелекпін.

   - Жақсы кел, бізбен  тұр.

Ән: «Қызық-жасыл көбелек»

        Тәрбиеші:

        Қырда  жүрер ол жортып,

     Іні де жоқ  бармайтын

     Құйрығымен  бұлтарып,

     Қандай аң  ол алдайтын?  (Түлкі).

        Түлкі:

        Мен  түлкімін, түлкімін

     Тұнып тұрған  күлкімін

     Бір күнім  босқа өтпейді

     Менен асқан  қулық жоқ

     Ешқайсың маған  жетпейсіңдер

     Алдымнан қарсы  өтпейсіңдер

        Өмір  сүргілерің келсе,

     Амалын тауып  ептейсіңдер.

     Тәрбиеші:

     Даладағы үйшікке

     Түлкі келді  айлакер,

     Жан-жағына  қарады

     Таңданысын  жасырмай

     Есікті ол  қағады. (Тық-тық-тық).

- Неткен ғажап үйшікІ  Кім тұрады мұнда, бермен қарай  шық?!

- Не болды соншама!? (Тышқан, бақа, қоян, қасқыр, көбелек өздерін  таныстырады).

     - Өзіңізге  не керек?

Түлкі: Мен басыма пана-үй, жаныма сая болар достар іздеп жүрмін, мен де сендермен тұрайыншы?

        - Достар, не істейміз үйшігімізге кіргіземіз  бе?

     - Иә, дос болып  көрейік.

        Түлкі: Мен сендерге би билеп берейін.

        Би: «Шығыс биі».

        Тәрбиеші: Керемет!

        Шырша  сая-күркесі

        Өзі  орман-еркесі

        Қарғып  жүрер жан-жаққа

        Өте  құмар жаңғаққа. (Тиін).

Тәрбиеші: Енді осынау үйшікке, тиін келді жорғалап, қақты есікті паңдана.

  • Не деген үйшік! Кімдікі бұл үйшік? ((Тышқан, бақа, қоян, қасқыр, көбелек, түлкі жауап береді).

  • Мені кіргізіңдерші!

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балаларды ертегілер арқылы ұлттық отансүйгіштікке тәрбиелеу