Мектеп жасына дейінгі балаларды ертегілер арқылы ұлттық отансүйгіштікке тәрбиелеу
Дипломная работа, 29 Апреля 2015, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Аталған міндетті жүзеге асыру мақсатында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің стандарты»,«Мектепалды даярлау тұжырымдамасы», «Қазақ балабақшаларындағы үзіліссіз тәрбие тұжырымдамасының», «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы жасалды [3,4,5].
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Білім және ғылым министрлігінің балалар білімі мен тәрбиесі сапасын көтеруге, олардың еліміздің өткендегі тарихына, мәдени мұрасына шығармашылығын қалыптастыруға байланысты қойып отырған міндеттерін жүзеге асыруды көздейді. Балабақшада халықтың мәдени мұрасынан, соның ішінде ауызекі шығармашылығынан білімді балалар «Тіл дамыту», «Көркем әдебиет», «Сауат ашу және жазу» ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде меңгереді.
Содержание
Кіріспе..........................................................................................................................3
1 Мектеп жасына дейінгі балаларды ертегілер арқылы ұлттық отансүйгіштікке тәрбиелеудің теориялық негіздері........................................9
1.1 Мектеп жасына дейінгі балаларды ертегілер арқылы шығармашылығын қалыптастырудың зерттелуі.................................................................................9
1.2. Қазақ халық ертегілері арқылы балабақшада тіл мәдениетін меңгерту.......30
2 Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-тәрбие үрдісінде ертегілер арқылы ақыл--ойын қалыптастыру әдістемесі...............................................36
2.1 Мектепалды даярлық топта ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде ертегілерді қолдану.......................................................................................................................36
2.2 Мектепалды даярлық тобы балаларының ертегілерге танымдық қызығушылығын қалыптастыру жолдары..............................................................55
2.3 Тәжірібиелік-эксперименттік жұмыс................................................................67
Қорытынды..............................................................................................................79
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................82
Прикрепленные файлы: 1 файл
Жунисова Мөлдир.docx
— 226.48 Кб (Скачать документ)Сонымен қазақ халық ертегілеріне жасаған талдау олардың тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктерінің жоғары екендігін дәлелдейді: біріншіден, балаға білім береді, тәрбиелейді, дамытады; екіншіден, танымдық қызығушылықты қалыптастырудың негізгі құралы, әдіс-тәсілдері міндетін атқарады. Қазақ халық ертегілерін оқып-білу барысында балалар ертегіні еркін әңгімелей білу, түсіне білу, т.б. іскерлігі мен дағдыларды меңгереді.
Ертегінің қызықты мазмұны балалардың адамгершілік, эстетикалық, патриоттық, еңбек, этикалық, экологиялық, т.б. тәрбиелілігін жетілдіреді. Ертегі мазмұнын оқып-білуде, тыңдап-естуде әңгімелеп-талдауда баланың ойлау, қиялдау, зейін, ес, ерік, эмоция, көзқарас, талғам сияқты тұлғалық қасиеттері дамиды [30].
Қазақ ертегілерінің осы педагогикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, мектепалды даярлық тобы балаларының қазақ ертегілеріне танымдық қызығушылығын қалыптастыру мақсатында біз оларға мынадай өлшемдер арқылы сұрыптау жүргіздік:
1. Ертегінің танымдық мазмұндылығы.
2. Ертегіде көрініс тапқан
ойлар арқылы берілетін білімнің
балалардың жас ерекшеліктеріне
қарай түсінікті болуы.
3. Ертегідегі оқиғалардың эмоционалдық мәнерлілігі.
4. Ертегі мазмұнының қызықтылығы.
Сұрыпталған ертегілердің педагогикалық мәні мынада:
– мектепалды даярлық тобы тәрбиешілеріне балалардың жеке басының дамуында осы ертегілердің қайсысының қандай роль атқаратынын дұрыс бағалауға көмектеседі;
– балаларды қазақ халық ертегілерімен терең таныстыруға көмектеседі;
– балаларды қазақ халық ертегілерінің ерекшеліктерін түсіне білуге, оның түрлерін ажырата білуге үйретуге көмектеседі;
– қазақ халық ертегілерінің өзіне тән ерекшелікгеріне сәйкес, оларды жақсы меңгеруге және эмоционалдық қабылдауға мүмкіндік туғызады;
– мектепалды даярлық тобы балаларының қазақ халық ертегілеріне танымдық қызығушылығын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Тіл-адамның өмірлік қажетін өтейтін қатынас құралы. Сондықтан баланы дұрыс сөйлей білуге үйретудің маңызы зор.
Балабақшада тәрбиеленіп жүрген баланың тілі де, ой-өрісі де үйде жалғыз-жарым өскен баладан анағұрлым жақсы дамиды. Онда баланың тілін жаттықтырып, ойын дамытуға көп көңіл бөлінеді. Әсіресе баланың жас ерекшелігіне қарай айтылатын қызық та тартымды өлеңдер, тақпақтар, жаңылтпаштар бала ұғымын кеңейтумен бірге, дыбыстарды дұрыс айтып үйретуге баулиды, сөздік қорын байытады.
Сондықтан да, қазіргі заманда жас ұрпақтарымызды өз ана тілінде, өз халқының рухында тәрбиелеуіміз қажет. Ана тілін дамыту жұмыстарын қазақ халқының ғасырлар бойы жинаған ауыз әдебиеті негізінде ұйымдастыру тиімді тәсіл. Өйткені ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан халық шығармашылығы - тәрбие әліппесі, өнер көзі.
Қазақ ертегілерінің нұсқалары жас бөбектердің ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтеді. Оларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, туған өлкеге сүйіспеншілік сезімге баулу ісінде шешуші орын алады.
Халқымыздың тұрмыс - салтын, арман-үмітін, өткен өмірін кеңінен танытатын ауыз әдебиеті үлгілерінің көлемді саласының бірі - ертегілер.
Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу-сызу өнері болмаған кездің өзінде-ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан – ұрпаққа ауызша да, жазбаша да жеткізіп келеді. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құралады, оқиғаның басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегілер өмірде болып жатқан әр түрлі оқиғаларды бейнелейді. Мысалы, «Ғажайып бақ» ертегісінің мазмұны балаларды адал ниетке, Отан сүйгіштікке, кішіпейілділікке, еңбеке тәрбиелейді.
Мектеп жасына дейінгі балаларға ең алдымен ертегіні ауызша айтып беру керек. Сонан соң, айтылған ертегінің мазмұнын толық қабылдау және тіл байлықтарын арттыру мақсатымен түрлі көңіл көтеру ойындарын өткізу керек. Мысалы, «Ғажайып бақ» ертегісінің мазмұнын қуыршақтар мен ойыншықтар арқылы қайталаймыз. Ал, оны сахналаған кезде, балалар өздерінің қалаған кейіпкерлерінің сөзін жатқа айта отырып, мінез-құлқын, іс-әрекетін көрсетуге тырысады. Басқа «Бауырсақ», «Үш жалқау», «Шалқан», «Мақта қыз бен мысық», «Жан-жануарлардың дауласқаны», «Алдар көсе мен Тоңғақ бай» деген ертегілерді де осындай жоспармен таныстыруға болады.
Халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан, өзіндік ерекшеліктерімен танылған халықтың асыл ойының көркем жиынтығы мақал мен мәтелдер арқылы да беріледі. Қазақтың мақал-мәтелдері негізінен елдікті, ынтымақты, бірлікті, адамгершілікті, инабаттылықты қамтиды.
Сондай-ақ халықтық шығармалар ішінде жұмбақтар үлкен рөл атқарады. Жұмбақтар баланы байқағыштыққа, тапқырлыққа баулып, ой-қиялын ұштастыруға көп әсер етеді.
Сонымен қатар, халықтық шығармалар ішінде баланы дұрыс та, айқын сөйлеуге үйрететін, тілін жаттықтыруға бейімдейтін жанр – жаңылтпаш. Жаңылтпаш арқылы сөздерді дұрыс сөйлеуге, жеке дыбыстарды алмастырмай дұрыс айтуға үйретеді.
Тіл дамыту, Көркем әдебиет ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде халық ауыз әдебиетін балабақшадан бастап пайдалану – баланың тілін дамыту үшін, ой-өрісін кеңейтуге білімдік –тәрбиелік маңызы зор.
Күнделікті оқу үрдісінде мақал-мәтел, аңыз әңгімелер, жұмбақ жасыру, ертегілер кеңінен пайдаланылады. Осылардың қай-қайсысы болса да баланың сезімін селт еткізіп, ойына оралып, тіліне үйіріліп, сөзге әсерлендіреді. Мысалы: Ы.Алтынсариннің шығармалары баланы тәрбиелеу, білім беру мәселесін жан-жақты қамтиды. Баланың алғашқы ұстазы – ата-анасы туралы «Бұл кім?», «Аурудан аяған күштірек», еңбек зейнетін білдіретін «Мақта қыз бен мысық», «Бір уыс мақта», «Асыл шөп», «Мейірімді бала», «Бақша ағаштары» шығармаларын топтағы балалар тыңдап, ауызекі әңгімелеп, тыңдаған шығарма мазмұны бойынша Неліктен? Неге? Қалай? деген сұрақтарға жауап іздеп, ой қорытындыларын жасап үйренеді [29].
Балалар бақшасындағы балаларға адамгершілік, имандылық тәрбиесін беру біздің оқу процесіміздің екінші бөлігі болуы тиіс.
Сондай-ақ, халық педагогикасындағы ақыл-ой, идея қай халықтың болмасын тіршілік тынысымен, шаруашылық кәсібімен, отбасылық, қоғамдық, ұлттық тәрбие дәстүрімен тығыз байланыста туып, өсіп-өркендеп, шынайы адамгершілік қасиеттерге баулып тәрбиелеуді мақсат еткен. Швейцарияның кемеңгер педагогі И.П. Песталоцци «Тәрбие ана тілінде оқытатын халықтық мектептердің ұлт тіліндегі оқудың мазмұны мен оқыту әдісін дұрыс ұйымдастыруға байланысты» деп ерекше атап көрсеткен болатын [39].
Әйгілі орыс педагоы К.Д. Ушинский бала тәрбиелеудегі ауыз әдебиетінің рөліне ерекше тоқтала келіп: «Ертегілер – халықтық педагогиканың алғашқы және тамаша үлгілері. Ертегілердегідей халықтың асқан даналық тәрбиесімен тепе-тең келетін бірде-бір тәрбие құралы жоқ»,- деген еді.
Баланың әдебиетпен таныстығы халық шығармашылығының ең қарапайым түрлері – тақпақ, өлең, халық ертегілерінен басталады. Адамгершілік қасиеттерді, рухани бағыттылықты, өткір мысқылдарды, тілдің көркемдігін түсінуін қалыптастыру – шағын көлемдегі фольклорлық шығармалардың ерекшелігі. Ертегілер, өлеңдер, әңгімелер оқылғаннан кейін алған әсерлері сезімдерін тыңдаушыларға жеткізе білуді үйренеді.
Сондықтан да көркем шығарма жанрларының ішіндегі балалар әдебиетінде ертегінің ролі ерекше.
2 Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-тәрбие үрдісінде ертегілер арқылы ақыл--ойын қалыптастыру әдістемесі
2.1 Мектепалды даярлық топта ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде ертегілерді қолдану