Мектеп жасына дейінгі балаларды ертегілер арқылы ұлттық отансүйгіштікке тәрбиелеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2015 в 13:32, дипломная работа

Краткое описание

Аталған міндетті жүзеге асыру мақсатында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің стандарты»,«Мектепалды даярлау тұжырымдамасы», «Қазақ балабақшаларындағы үзіліссіз тәрбие тұжырымдамасының», «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы жасалды [3,4,5].
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Білім және ғылым министрлігінің балалар білімі мен тәрбиесі сапасын көтеруге, олардың еліміздің өткендегі тарихына, мәдени мұрасына шығармашылығын қалыптастыруға байланысты қойып отырған міндеттерін жүзеге асыруды көздейді. Балабақшада халықтың мәдени мұрасынан, соның ішінде ауызекі шығармашылығынан білімді балалар «Тіл дамыту», «Көркем әдебиет», «Сауат ашу және жазу» ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде меңгереді.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3
1 Мектеп жасына дейінгі балаларды ертегілер арқылы ұлттық отансүйгіштікке тәрбиелеудің теориялық негіздері........................................9
1.1 Мектеп жасына дейінгі балаларды ертегілер арқылы шығармашылығын қалыптастырудың зерттелуі.................................................................................9
1.2. Қазақ халық ертегілері арқылы балабақшада тіл мәдениетін меңгерту.......30
2 Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-тәрбие үрдісінде ертегілер арқылы ақыл--ойын қалыптастыру әдістемесі...............................................36
2.1 Мектепалды даярлық топта ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде ертегілерді қолдану.......................................................................................................................36
2.2 Мектепалды даярлық тобы балаларының ертегілерге танымдық қызығушылығын қалыптастыру жолдары..............................................................55
2.3 Тәжірібиелік-эксперименттік жұмыс................................................................67
Қорытынды..............................................................................................................79
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................82

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жунисова Мөлдир.docx

— 226.48 Кб (Скачать документ)

Жалпы ертегілер арқылы балалардың ой өрісін дамыту арқылы сурет салу ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балалардың заттардың бейнелеп көлемін, сызық түрлерін және бояу түрлерін ажырата білуге үйретеді. Әртүрлі геометриялық денелер бойынша ертегілер кейіпкерлердің суретін құрастыруға бояуға болады. Мысалы, атап айтқанда, қонжық көлемі сопақ, қисық сызықтар арқылы кірістіруге, мысық көлемін жарты дөңгелек, кішкентай үшбұрыштар арқылы көрсетеміз. Сонымен қатар ертедегі жағымды немесе жағымсыз кейіпкерлерді жылы және суық түстермен дөңгелектер арқылы бейнелеп көрсетуге болады. Мүсіндеу арқылы ермексаздан ертегі кейіпкерлерін жапсырмалау арқылы театрланған көрініс дайындауға болады. Көркем әдебиет және тіл дамыту ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде ертегінің алатын рөлі ерекше, себебі тәрбиеші ертегі мәтінін осы кезде оқып, таныстырады. Ертегілердің мазмұнына қарай қандай топтарға бөлінетіндігін де таныстырып айта кеткен жөн.

Сонымен қатар сюжеттік суреттер арқылы ертегі кейіпкерлеріне мінездеме беруге және ертегі мазмұнын құрастыру балалардың шығармашылық қаблеттерін арттыруға көмектеседі. Ертегі халық ауыз әдебиетінің негізгі бөлімдерінің бірі екенін ескерсек, олардың бала тәрбиесіндегі яғни жас бүлдіршіндерді адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелейді. Жалпы шығармашылық жұмысымды жеке тұлғаны дамытудағы ертегінің маңызы туралы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен басқа дене шынықтыру сабағында да ертегі кейіпкерлерінің қимыл-қозғалысын салу арқылы қозғалыс жаттығуларын жасатуға болады екен. Мысалы: ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің ұйымдастыру бөліміндегі аяқ-қол жаттығуларына қонжықтың жүрісін қолданамыз. Эстафеталық ойындар сайысын өткізуде аңдар керуенін ұйымдастыруға болады, әрбір ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде сергіту сәтін орындатқанда қозғалыс элементтерін орындату арқылы құстардың ұшуын, тербелісін көрсетіп, балалардың қызығушылығын ояту арқылы, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына мүмкіндік береді. Балабақшада мектепалды даярлық топтардың тәрбиеленушілерінің даму сатысының іргетасы міне осы мезгілден қалыптасып, түзелу процестері жүргізіле бастайды. Бұл уақытта тәрбиешінің іс-әрекеті жоспарлы ұйымдастыру болып табылады. Олардың қызығушылығын ынтасын ояту арқылы, зерттеушілік іс-әрекеттерін туғызуға болады. Тәрбиешінің қиялдауына қанат бітіріп шығармашылық белсенділігін арттыру арқылы жан–жақты дамыту үрдісін ұйымдастыруда әрбір ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде сюжетті, көркем, ертегі кейіпкерлерінің суреттерін көрсету арқылы ауыз әдебиетінің бала тәрбиесіндегі маңызды орнын көрсетуге болады.

Балалардың шығармашылығын танытатын интеллектуалдық белсенді-ліктің көрсеткішіне жинақталған білім мен іскерліктер қорын олардың белсенді пайдалана білуі жатады.

Баланың танымдық іс-әрекетті эмоционалдық тұрғыда қабылдауы оның шығармашылығының бір көрінісі болып табылады. Эмоциялық бастама шығармашылықтың маңызды саласын құрайды.

Баланың іс-әрекетін эмоциялық тұрғыда бағыттау оның шығармашы-лығының көрсеткіші болып саналады. Тәрбиешінің өзінің бақылауы бойынша шығармашылықтың мынадай эмоциялық көріністерін айқындай алады: таңырқау, ашулану, бірге әсерленуі, меңгерген білім мазмұнына көзқарасы.

Балалар өздерінің қуанышын, эмоциясын ашық көрсетеді. Бұл эмоциялар әртүрлі себептерден, мәселен, ертегідегі батырлардың (Қосай батыр, Асан батыр, Жерден шыққан Желім батыр, т.б.) ерлігіне сүйсіну, ондағы жағымды әрекеттерді қолдап, құптау, оқиғаларға әсерлену, ертегіде жырланатын тамаша табиғат көрінісін эстетикалық сезіммен қабылдау, жақсылық пен әділдікке сүйіну, жамандық пен әділетсіздікке ренжу, налу, Отанға, елге деген сүйіспеншілік сезімін білдіру, т.б. туындайды

Балалардың эмоциялық сезімі, әдетте, олардың ілікпе сөздерінен, ишара қимылынан, бет қимылынан байқалады. Бала өзінің эмоциялық сезімін табан астынан пайда болған қуанышта да (мәселен, бір нәрсенің шешімін қолма-қол тапқанда, өзінің күшіне сенімді болғанда, т.б.) көрсете береді. Бұл, әрине, баланың жеке тұлғалық қасиетіне байланысты болады. Қазақ халық ертегілері – мектепалды даярлық тобы балаларының шығармашылығын қалыптастырудың тиімді құралы болып саналады. Ертегілер арқылы  отансүйгіштікке  тәрбиелейді. Ертегілерде халықтың күнделікті тыныс-тіршілігі, тұрмыс қарекеті, салт-дәстүрі, тағылым тұтар өнегесі көрініс тапқан. Ертегілердің мүмкіндігі жоғары: өйткені олар балалардың асыл адами қасиеттерін, эстетикалық талғамын, қалыптастырады, эмоционалдық сезімін дамытып, дүниетанымын жетілдіреді.

Қазақ халық ертегілерін педагогикалық жіктемеге (классификация) келтіру және сол жіктеме бойынша оларды мектепалды даярлық тобы балаларының жас және дара психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып сұрыптау ертегілердің түрлерін жүйемен, бірізділікте меңгеруге көмектеседі, шығармашылығын қалыптастырады, ертегіден білім қорын молайтады.

Мектепалды даярлық тобында ұйымдастырылған іс-әрекеттің технологиялық картасының үлгі жоспары.

Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық»

Оқу іс-әрекет: «Көркем әдебиет», «Тіл дамыту», «Сурет», «Құрастыру»

Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»

Бағдарлама мазмұны: Ертегілерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізе білуге үйрету. Суретке көңіл қойып мазмұнын түсіне білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту.  
Таныс ертегінің соңын басқаша құрастыру, көркем-тілдік және орындау қабілеттерін қалыптастыру, халық шығармашылығына қызығушылықтарын таныту. [Г], [Ш] дыбыстарды дұрыс артикуляциямен айтуға пысықтау.  
Саусақпен сурет салуға үйрету, конструктардан өз еріктерімен жұмыс істеуге пысықтау.  
Көрнекіліктер: Орман талдарының макеті, ертегі кітапханасы кітаптары, ертегі кейіпкерлері.

Сабақтың типі: Кіріктірілген сабақ

Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрсету.

Билингвалды сыңары: Саяхат - путешествие, ертегі – сказка.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Ұйымдастырушылық оятушылық

Шаттық шеңбері

Балалар, бүгін біз ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Ертегілер еліне жетер жолда өткендерімізді қайталап есімізге түсіріп, пысықтаймыз.

Балалар тәрбиеші сұрақтарына жауап береді

Ізденіс ұйымдастырушы

Тәрбиеші:

«Ертеде ата мен әже болыпты. Бір күні ата бауырсақ жегісі келіп, әжеге бауырсақ пісіртеді. Бауырсақ ыссы болған соң әже оны терезенің алдына суытып қояды. Бірақ, бауырсақ қашып кетіпті. («Ертегілер» әуені ойналып, топқа бауырсақ киімін киген бала кіреді).

Бауырсақ:

Менің атым бауырсақ

Мені пышақпен қырып алды,

Қанатпен сыпырып алды.

Қаймаққа иледі, майға пісірді.

Мен атадан қаштым,

Мен әжеден қаштым.

Үйімді де сағындым.

Көмектесші балақай.

Тәрбиеші: Бауырсақтың суретін саламыз.

 Бауырсақтың түсі қандай?

Тәрбиеші: Бауырсақтың пішіні қандай?

Тәрбиеші: Балалар біз бауырсаққа ертегілер еліндегі ата-әжесіне баруына көмектесеміз бе?

Тәрбиеші: Едеше, жүрейік балалар.Орманда келе жатып, алдарынан аю шығады.

Аю: – Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін –дейді. Бауырсақ әндетеді.

Тәрбиеші: аю, аю сен бауырсаққа тимеші. Біз бауырсақты балалармен бірге ата-әжесіне апарғалы келеміз. Балалар аюдан.

Аю: Жарайды.(жібереді)

Балалар мен бауырсақ ары қарай жүреді. Алдарынан қасқыр шығады.

Қасқыр: Бауырсақ мен сені жеймін.

Бауырсақ әндетеді. Балалармен бірге қасқырды алдап қашып кетеді.

Келе жатып «Ертегі кітапханасына» кездеседі. Онда тоқталып, кітаптарды тамашалайды.

1.«Қасқыр мен жеті лақ» ертегісінің кейіпкерлерін суретті қарау арқылы әңгімелейді, санайды. (4 лақ үйдің алдында, 3 лақ артында).

- Балалар мынау қай  ертегі?

- «Жеті лақ»

- Мынау не?

- Ешкі.

- Ал мыналар нелер?

- Лақтар.

- Ешкі аналарының қасында  неше лақ бар? Санайықшы.

- 1,2,3,4 лақ бар.

- Олар үйдің қай жағында  жүр?

- Үйдің алдында

- Ал қалған лақтары  қайда?

- Үйдің артында.

- Үйдің артында неше  лақ жүр? Санайықшы.

- 1,2,3 лақ.

-Ертегіде лақтар кімнен  қашты?

-Қасқырдан. (кітаптағы суреттен  қасқырды көрсеткізу)

-Лақтардың анасы қайда  кеткен?

-Лақтарына тамақ әкелуге  кеткен.

-Лақтарды анасы қасқырдан  қалай қорғап алды?

-Арықтан секіртіп құлатты.

  • Балалар төрт түліктің бірі ешкі, ал тағы қандай түліктер бар?
  • Қой, сиыр, жылқы, түйе.
  • Ал олардың төлдерін, балаларын қалай атаймыз?
  • Қозы, бұзау, құлын, бота.
  • Лақ туралы өлең, тақпақ білеміз бе?

Тақпақ: Шөре-шөре лағым,

Тентек болма шырағым.

Секектеме деміңді ал,

Селтеңдемей құлағың.

Өнер орталығында

Ертегідегі бауырсақтың суреттерін саламыз. Бауырсақтың суретін салу техникасы көрсетіледі.

 «Бауырсақ» ертегісінің  соңын басқаша құрастыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар: Бауырсақ ертегісінің кейіпкері.

 

 

Балалар бауыр-сақтың суретін салды

Балалар: сары.

Балалар: дөңгелек, шеңбер.

Балалар: Иә.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалардың жұмысы

 

 

 

Балалар қиялымен өздері құрастырды

Сергіту сәті

Ұзын құлақ, сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы, қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиығын сап көзінің.

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

Балалар қимылды ойындар арқылы жасайды

Кері байланыс және түзету

Тәрбиеші: Балалар біздер қайда бара жатырмыз?

 

Тәрбиеші: Жолда біз нелерді кездестірдік?

 

 

 

Тәрбиеші: Тағы қайда кірдік?

Балалар: Ертегілер еліне бара жатырмыз.

Балалар: аюды, қасқырды, қоянды, түлкіні кездестірдік.

Балалар: кітапханаға.


 

 

Күтілетін нәтиже

Не алды: Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын ойнап келтірді. _ Саусақпен сурет салды, конструктардан өз еріктерімен жұмыс дағдыларын көрсетті.

Не білді: Суретке қарап мазмұнын түсіне білу. Таныс ертегінің соңын басқаша құрастырды.

Не істей алды: Сөздерді анық айтып, есте сақтау қабілеттерін дамытты  
[Г], [Ш] дыбыстарды дұрыс артикуляциямен айтып үйренді.

 

2.2 Мектепалды  даярлық тобы балаларының ертегілерге  танымдық қызығушылығын қалыптастыру  жолдары

 

Балалар алғаш балабақша табалдырығын аттағанда, әр халықтың ертегілерін біліп, естіп, олармен таныс болып келетіні белгілі. Дегенмен, халық ертегілері саласында меңгерген бұл білім, әлбетте, жеткіліксіз. Балабақшада балалар ертегілермен етене танысып, халық шығармашылығының қайнарынан терең сусындауы тиіс. Бұл балаларының қазақ халық ертегілеріне деген ынта-ықыласын белсендендіріп, мақсатты түрде шығармашылығын қалыптастыруды қажет етеді.

Көптеген зерттеулер нәтижесі мектепалды даярлық тобы балаларының шығармашылықтарының қалыптасуы білім сапасының өзгеруіне, оқу процесінің тиімді тәсілдерінің қалыптасуына, логикалық ойлауының дамуына әсері барын айтады. Бұл жастағы балалардың шығармашылықтарының қалыптасуы оның дамуына оң әсер етеді. Олай болса, мектепалды даярлық тобы балаларының ертегілерге шығармашылықтарын қалыптастыруға мақсатты педагогикалық әрекет қажет.

Осы тұрғыдан алып қарағанда мектепалды даярлық тобында жүргізілетін жұмыстардың орны ерекше.

Ата-ана бала түсінігіне лайықты мектеп жасына дейінгі балалар үшін тек қиял-ғажайып және хайуанаттар туралы ертегілер оқылатындығын ескергені жөн. Сәби балаларға (3-4 жас) ертегілерді ауызша әңгімелеп айтып беріп, ал ересек балаларға (5-6 жас) оқығанды тыңдатып және әңгімелету әдістерін жүргізуге болады. Себебі мектеп жасына дейінгі баланың жас кезеңдеріне қарай психикальқ даму ерекшеліктерін ескеретін болсақ бала үшін ұзақ уақыт оқылған ертегіні зейін қоя отырып тыңдау қиынға соғады [35].

Ертегіні тындату арқылы балаға жан-жақты тәрбие беріп, дамытумен бірге, оқығанды шыдамдылықпен тыңдай білуге ұстамдылыққа үйрете аламыз. Әсіресе, ертегіні сюжетке қатысты түрлі-түсті суреттерді, картиналарды пайдалану арқылы әңгімелесу баланың қызығушылығы мен әстетикалық талғамын арттыра түсуде мол мүмкіндіктер береді.Еліне жеріне деген қызығушылығы артады.  Бала үшін сурет арқылы ертегі мазмұнын айтып беру, шығармашылық ойлауын, ұзақ уақыт есте сақтау қабілетін де дамытады.

Ертегілердегі балаларды аса қызықтыратын тағы бір жәйт-кейіпкерлердің аса айқын, дәл суреттелетіндігінде, олардың әрекеттері, іс-қимылы, мінездері қатты әсер етіп отырады. Тіпті жағымсыз кейіпкерлердің өздері де ақымақтығымен, қулығымен балаларды таң-тамаша қалдырады.

Мектеп жасына дейінгі жұмыстардың мазмұнын ғылым, өнер, әдебиет, техника, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас, адамгершілік, мораль және т.б. тәрізді адам өмірінің әртүрлі жақтары құрайды.

Балаларға меңгерілетін ертегілер мазмұны дидактикалық принциптердің негізінде құрылды. Әсіресе ертегілердің жас ерекшеліктеріне қарай біртіндеп күрделеніп отыруы ескерілді.

Зерттеу барысында эксперимент тобындағы балалар мен бақылау тобындағы балалардың арасында «Айголек» таңдау сайыс-ойыны жүргізілді.

Сайыс нәтижесі эксперимент тобындағы балалардың қазақ халық ертегілері саласынан білім қорларының молая түскенін байқатты. Балалар ертегі оқиғасының аяқталуын ауызша әңгімелеуде алған әсерлерін қимыл-қозғалыстарымен, әрекеттерімен білдіруге, ой қуанышын әсерлі көрсетуге талпынды. Ал бақылау тобындағы балалар ойынға қатысуға қызығушылық байқатқанымен, сұрақтар қойылғанда («Алтын сақа» ертегісіндегі жалмауыз кемпірді сипатта, ертегіні оқиғасы бойынша тап, т.б.), алған әсерлерін, ойларын жеткізе алмады. Сонымен қатар, бақылау тобындағы балалардың ертегіні эмоционалдық әсермен қабылдауының төмендігі, оның қажеттігін түсінбейтіндігі байқалды.

Эксперимент тобы балаларымен «Ертегі білгірлері» тақырыбында өткізілген танымдық сайыстың мақсаты: балалардың қазақ халық ертегілері туралы түсініктері мен білімдерін кеңейту;  шығармашылықтарын қалыптастыру; меңгерген білім мен іскерлігін пайдалана білуге үйрету; ертегілерді тыңдауға және оқуға деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру.

Сайыс шарты: Сайысқа мектепалды даярлық тобы балаларынан екі топ: 1) Ақ боталар және 2) Ақ қозылар қатыса алады. Ондағы балалар саны бірдей болуы керек, 6 баладан, барлығы 12 бала қатысады. Балалардың жауаптары ұпаймен бағаланды. Көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді. Әділ қазылар алқасының құрамы 5 адамнан тұрады.

Қажетті құрал-жабдықтар: қоржын, асықтар, бағалау парағы, карточкалар, қарындаштар, форматтар.

Бағалау көрсеткіштері:

1.Тапсырманы жылдам және  тиянақты орындауы.

2. Ертегіні әсерлеп, мәнерлеп  айтуы.

3. Бейнелі, көркем әңгімелеу  шеберлігі.

Дұрыс және толық жауап – 2 ұпай. Толық емес жауап – 1 ұпай.

Сайыс өткізілетін орын алдын-ала дайындалып, безендірілді. Әділ қазылар алқасына ата-аналар және тәрбиешілер сайланды.

       

Кесте 1.

Сайыс түрлерін бағалау                                                      

 

Сайыс түрлері

Ұпай

Ақ боталар

Ақ қозылар

1.

Ертегіні оқиғасы бойынша табу

10

10

2.

Ертегі оқиғасының аяқталуын ауызша жеткізу

10

8

3.

Ертегі оқиғасына сүйеніп оның кейіпкерлеріне мінездеме беру

9

10

4.

Оқиға желісіне қарай ертегіні бөлімдерге бөліп, ат қою

10

10

5.

Қазақ халық ертегілерін мәнерлеп әңгімелеу

10

9

6.

Ертегі оқиғасы бойынша, оның суретін салу

8

10

Нәтижесі:

57

57

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балаларды ертегілер арқылы ұлттық отансүйгіштікке тәрбиелеу