Мектеп жасына дейінгі балаларды ертегілер арқылы ұлттық отансүйгіштікке тәрбиелеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2015 в 13:32, дипломная работа

Краткое описание

Аталған міндетті жүзеге асыру мақсатында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің стандарты»,«Мектепалды даярлау тұжырымдамасы», «Қазақ балабақшаларындағы үзіліссіз тәрбие тұжырымдамасының», «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы жасалды [3,4,5].
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Білім және ғылым министрлігінің балалар білімі мен тәрбиесі сапасын көтеруге, олардың еліміздің өткендегі тарихына, мәдени мұрасына шығармашылығын қалыптастыруға байланысты қойып отырған міндеттерін жүзеге асыруды көздейді. Балабақшада халықтың мәдени мұрасынан, соның ішінде ауызекі шығармашылығынан білімді балалар «Тіл дамыту», «Көркем әдебиет», «Сауат ашу және жазу» ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде меңгереді.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3
1 Мектеп жасына дейінгі балаларды ертегілер арқылы ұлттық отансүйгіштікке тәрбиелеудің теориялық негіздері........................................9
1.1 Мектеп жасына дейінгі балаларды ертегілер арқылы шығармашылығын қалыптастырудың зерттелуі.................................................................................9
1.2. Қазақ халық ертегілері арқылы балабақшада тіл мәдениетін меңгерту.......30
2 Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-тәрбие үрдісінде ертегілер арқылы ақыл--ойын қалыптастыру әдістемесі...............................................36
2.1 Мектепалды даярлық топта ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде ертегілерді қолдану.......................................................................................................................36
2.2 Мектепалды даярлық тобы балаларының ертегілерге танымдық қызығушылығын қалыптастыру жолдары..............................................................55
2.3 Тәжірібиелік-эксперименттік жұмыс................................................................67
Қорытынды..............................................................................................................79
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................82

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жунисова Мөлдир.docx

— 226.48 Кб (Скачать документ)

- «Жаңалыққа деген реакция» - 35 пайыз – жаңа материалға, оның  маңызды (қасиеттері мен сипаттамасына) жақтарына көңіл аудармай, жалпы  сыртқы ерекшеліктеріне деген  дұрыс эмоционалдық реакциясын  көруге болады. Себеп-салдарларды, заңдылықтарды  анықтауға байланысты тапсырмаларды  орындау барысында, балалар үлкендер  тарапынан көмек қажет етеді. Біріге ұйымдастырылған тапсырмалар  барысында аталған деңгейдегі  балалар белсенді емес, педагогтан  нұсқаулар күтіп отырады, көбінесе  ден қоймай отырады.

- «Шығармашылық таныту» - 29 пайыз – танымдық сипаттағы  әрекеттерге деген шығармашылық  пайда болады, бірақ бұл жерде  олардың эмоционалдық реакциясы  тек жаңа мәліметтер мен сипаттамалармен  ғана шектеледі және де практикалық  тапсырмаларды орындаудың тәсілдерін  аңғармайды. Балаларға өздеріне  таныс объектілермен әрекеттерге  байланысты кейіпкерлерге байланысты  тапсырмаларды орындау тек тәрбиеші  көмегі арқылы ғана жүргізіліп  отырады. Берілген жағдайда мектеп  жасына  дейінгі балалармен жұмыс  барысында оқытудың дәстүрлі  формасының басымдылығы байқалады, оның мақсаты – белгілі бір  әдеп пен қабілетті дамыту  болып табылады.

- «Жағдаяттық шығармашылық» - 29 пайыз – балалар жаңа тапсырмаларды  орындауға бар ынтасымен беріліп, орындаудың жаңа жолдарын табуға  тырысады, бірақ біріге ұйымдастырылған  тапсырмаларды орындау тәрбиеші  дайындаған тапсырмалардың тек  біреуін ғана орындаумен шектеледі.

-  «Тұрақты шығармашылық» - 0 пайыз.

Көптеген жағдайларда балаларда аталған тапсырмаларды орындау барысында диалог мүлдем жоқтың қасы, сөйлеудің маңызды түрі – бұл «тәрбиешінің сұрағы мен оған баланың жауабы» болып табылады ғой, ал бұл баланың танымға деген белсенділігін, іздену сұрақтарды табуда белсенділігін көрсетпейді. Тәрбиешінің оқу іс-әрекеті барысында  қойған маңызды сұрақтарының бір бөлігі ғана  белсенділікті көрсетеді. Сұрақтардың көбісі ескі байланысты болды. Тапсырмаларды орыдауда балалардың шығармашылығы-ның болмауы біздің ойымызша ең алдымен белгілі бір білім шарттарын жаңа бір шарттарға ауыстырумен түсіндіріледі.

Қалыптастыру экспериментінің үшінші кезеңінде балалардың меңгерген білімі әртүрлі рөлдік ойындар («Журналистер сұхбаты», «Телефон», «Бұзылған телефон»), әдістемелер («Сурет галереясы», «Шығармашылық») арқылы тексерілді. Мысалы, «Шығармашылық» әдістемесінің    мақсаты – балалардың қазақ халық ертегілеріне шығармашылығының тұрақтылығын анықтау болды.

Эксперименттік-тәжірибелік жұмыстарды жүргізу кезінде оқу-тәрбие үрдісінде балаларды қазақ халық ертегілері негізінде адамгершілікке тәрбиелеуде мына төмендегі ұстанымдар басшылыққа алынды:

– қазақ халық ертегілерін жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасып жетілуіне негіз ету;

– балалардың ұлттық ауыз әдебиетіне, олардың шығу тарихына, қазақ халық ертегілеріне, ұлттық ойын түрлеріне деген қызығушылығын туғызу;

– қазақ халық ертегілері негізінде балаларға адамгершілік тәрбие берумен байланысты эксперименттік-тәжірибелік жұмыстарды жүргізуде оқу мен тәрбие үрдісін өзара байланыстыра жүргізуді көздеу.

Эксперименттік жұмысты жүргізер алдындағы балалармен жүргізілген әңгімеден байқағанымыз олардың қазақ халық ертегілеріне деген шығармашылық деңгейінің төмен екендігі аңғарылды.

Біздің ойымызша, балалардың қазақ халық ертегілеріне деген көзқарасының төмен болуының мынадай себептері бар:

1) тәрбиешілердің қазақ  халық ертегілерін оқытуға және  даярлық тобындағы тәрбие жұмыстарында  насихаттауға көңіл бөлмеуі, мазмұнына  мән бермеуі;

2) балалардың кішкене  күнінде қазақ халық ертегілеріне  оншалықты мән бермей, қажеттілігін  түсінбей, ертегілер баяндалған  кітаптарды көп оқымауы т.б.;

3) бұл салада көмекші  құралдардың болмауы, қазақ халық  ертегілері негізінде тәрбие  жұмыстарының жүргізілмеуі т.с.с.

Сонымен, жоғарыда ұйымдастырылған жұмыс түрлерінің бәрі балалардың қазақ халық ертегілеріне шығармашылығын арттырып, оның озық дәстүрін құрметтеуге адамгершілік жайлы түсінігінің дұрыс қалыптасуына ықпал етті.

 

Кесте 2.

Эксперименттің анықтау кезеңіндегі нәтижелері (% есебімен) 

Деңгейлер

Эксперимент тобы

Бақылау тобы

Айырмашылығы

Жоғары

(14,7 %)

(12, 4 %)

2,3 %

Орта

(34%)

(45,2 %)

11,2%

Төмен

(51,3 %)

(42,4 %)

9 %

Балалар саны:

  50

50

 

 

   

   

Анықтау экспериментінің нәтижелерін 1 және 2 – суреттерден  көруге болады:

Сурет 1. Эксперименттік топтарындағы нәтиже көрсеткіштері

Сурет 2. Бақылау топтарындағы нәтиже көрсеткіштері

Сонымен, анықтау экспериментінің нәтижесі мектеп жасына дейінгі  топ балаларының қазақ халық ертегілеріне шығармашылығын қалыптастыру деңгейінің төмендігін анықтады және бүгінгі қоғамның ұлттық мұраны меңгеруге байланысты қойып отырған талаптары мен оны меңгерудегі бірыңғай педагогикалық жүйенің жоқтығы арасындағы, балалардың қазақ ертегілерін меңгеруді қажетсінуі мен оны даярлық тобындағы жұмыстарда меңгеруге байланысты оқу-әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы арасындағы қайшылықты айқындады.

Эксперименттің екінші кезеңінде мектеп жасына дейінгі балалардың  тобындағы жұмыстар арқылы қазақ халық ертегілеріне баланың ақыл-ой дамуының  қалыптастыру жолдары қарастырылды..

Мектеп жасына дейінгі балаларда тәрбие жұмысы түрлері балалардың халық ауыз әдебиетіне, оның ішінде ертегілерге деген шығармашылығын туғызып, олардың мәдени білім, білік, дағдылары түсінігін жетілдіріп, дүниетанымы қалыптастырылды.

Қалыптастыру экспериментінде, балалардың қазақ ертегілеріне шығармашылығын қалыптастыру мақсатында тәрбиелік жұмыстарда балалардың білімін тереңдету жолдары қарастырылды.

Қалыптастыру экспериментінің барлық кезеңдерінде мектепалды даярлық тобы балаларының қазақ ертегілеріне  шығармашылығын қалыптастыру мақсатында алдын-ала жасалған жоспар бойынша тәрбиелік іс-шаралар өткізілді.

Іс-шаралар балалардың ертегілерге шығармашылықтарының деңгейін арттыруға үлкен септігін тигізді. Әрбір іс-шарадан кейін балалардың ертегілерге шығармашылықтарының деңгейі өзгерістерін байқау мақсатында түрлі әдістердің көмегімен экспериментаралық тексерістер жүргізілді.

Эксперименттің үшінші қалыптастыру кезеңінде алынған нәтижелердің тиімділігін мектеп жасына дейінгі балаларда тәрбие жұмыстары арқылы балалардың қазақ халық ертегілеріне шығармашылығының қалыптасу деңгейін анықтау үшін қайта сауалнамалар, сұрақ-жауап жүргізілді. Сауалнама нәтижесі қазақ халық ертегілеріне шығармашылығының қалыптасу нәтижесінің артқанын, білім түсінігінің кеңейгенін дәлелдейді. Егер эксперимент басында «жоғары» деңгейді тек 4 бала көрсетсе, соңғы кезеңде оның саны 8 балаға жетті. «Орта» деңгейдегі бала саны 6 болса, соңғы кезенде 7 балаға көтерілді. «Төмен» деңгейдегі бала эксперимент басында 8 болса, соңында 3 балаға төмендеді. Бақылау тобында онша көп өзгеріс бола қойған жоқ.

Кестедегі нәтижелерді салыстыру арқылы эксперимент жүргізген топтарындағы балалардың қазақ халық ертегілеріне шығармашылығы деңгейі бақылау топтарына қарағанда әлдеқайда жоғары екендігін байқалды.

Мектеп жасына дейінгі балалардың  халық ертегілерін қолдану арқылы ақыл-ойын дамыту қалыптастыру проблемасы біздің болжамымыздың дұрыстығын дәлелдейді. Зерттеудің негізгі мақсаты – қазақ халық ертегілерін теориялық тұрғыда зерделеп, тәжірибелік-эксперимент жүзінде оның мүмкіндіктерін тексерістен өткізу. Бұл мақсатты жүзеге асыруда теориялық қағидалар, қазақ халық ертегілерінің мектепалды даярлық тобы балаларының шығармашылықтарын қалыптастыру мүмкіндіктері анықталды, қазақ ертегілеріне шығармашылықтарын қалыптастырудың формалары мен әдістері негізделді.

                                             Қорытынды

 

Бүгінгі таңда жас ұрпақтың шығармашылығын халықтың мәдени мұрасы, соның ішінде халық ауыз әдебиеті үлгілерінің бірі – халық ертегісі арқылы қалыптастыру жаңа қоғамның сұранысынан, үкімет талабынан туындап отыр.

Психологиялық-педагогикалық еңбектерде «шығармашылық» ұғымына берілген түсініктерді жүйеге келтіру шығармашылық түсінігі мазмұнын жан-жақты анықтап, мән-мағынасына терең бойлап, бұл түсінікті одан әрі дамыта түсуге негіз болады.

Бұл сатылар зерттеуде балалардың қазақ халық ертегілеріне шығармашылығын қалыптастырудың жүйесі ретінде қарастырылады.

Шығармашылық адам өмірінде алатын орнына қарай мынадай функцияларды атқарады: а) дүниетанымдық, ә) қозғаушы, б) реттеуші, в) таңдаушы,

г) жасампаздық.

Бұл функциялар мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуындағы ақыл-ой дамуының мүмкіндіктерін өзара байланыстырып, сабақтастырады.

Психологиялық-педагогикалық зерттеулерге жасаған талдау мектепалды даярлық тобы балаларының жас кезеңі, психологиялық ерекшеліктері қазақ халық ертегілерін танып-білуде өте қолайлы екендігін дәлелдейді және шығармашылықты қалыптастыруда мүмкіндігінің жоғары екендігін айғақтайды.

Қазақ халық ертегілері мектепалды даярлық тобы балаларының шығармашылығын қалыптастырудың жетекші құралы. Өйткені оларда халықтың тыныс-тіршілігі, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері, бақыт жолындағы күресі, адамдардың өзара қарым-қатынасы мен мінез-құлқы, қазақ халқының ең жақсы қасиеттері – еңбексүйгіштігі, өз халқына, Отанға, туып-өскен ортаға, табиғатқа жөне т.б. деген сүйіспеншілігі бейнеленген. Олар балаларға білім береді, тәрбиелейді,  дамытады. Шығармашылық балаларды қазақ халық ертегілеріне жеке тұлғалық эмоционалдық көзқарасқа бағыттай отырып, дүниетанымды, адами сенімді қалыптастырады, бала тұлғасының дамуына ықпал етеді.

Эксперименттің мақсаты шығармашылықты ұлттық мәдени мұра негізіне бағыттай отырып, балалардың оқу әрекетіне ықпал ететін мотив ретінде қарастыру болды.

Тәрбие әрекеттерінде қазақ ертегілерін меңгерту мақсатында пайдаланған жұмыс формалары мен әдіс-тәсілдері мектепалды даярлық тобы балаларының қазақ ертегілері саласынан білімін жетілдірді, ертегілерді эмоциялық сезіммен қабылдауға, естіген ертегілерін әңгімелеп бере білуге дағдыландырды, адамгершілік қасиеттерге, иманжүзділікке тәрбиеледі, ата-баба дәстүрін, ұлттық мұраны, мәдениет пен әдебиетті, өнерді құрметтеуге үйретті.

Мектепалды даярлық тобы балаларының қазақ халық ертегілеріне шығармашылығы, біріншіден, қазақ ертегілерін меңгеруге байланысты балалармен жүргізілетін жүйелі іс-әрекетке, екіншіден, ұйымдастырылған іс-әрекеттің мазмұны мен әдістеріне, үшіншіден, ертегіні эмоционалдық тұрғыда, әсерлі сезіммен қабылдауына байланысты айқындалатыны айғақталды.

Осы мақсатқа орай біздің пайдаланған тәрбиелік жұмысымыз нәтижелі болды, өйткені тәрбие жұмысы барысындағы берілетін білім балалардың шығармашылығына, эмоциясына байланысты, меңгерілеуі, тәрбиелік іс-шаралар олардың рухани қажеггілігіне қарай адамгершілік және этникалық мәдениетке ықпал ететін құралға айналады. Қойылған міндеттердің шешімін іздестіру сонымен бірге қазақ халық ертегілерінің тәрбиелік мүмкіндіктеріне байланысты жүзеге асады.

Қазақ халық ертегілеріне балалардың шығармашылығы оқу және тәрбиелеу барысында қалыптасады: а) тәрбиешілердің ертегіні әңгімелеуі арқылы; б)ертегіні эмоционалдық әсермен қабылдауға байланысты.

Жүргізілген зерттеу мектепалды даярлық тобы балаларының шығармашылығын қалыптастыруда бірқатар ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді: - ұсынылып отырған әдістемені баланың шығармашылығын қалыптастыру мақсатында пайдалану;

- балалардың қазақ халық  ертегілеріне шығармашылығын қалыптастыруды  біз ұсынған тәрбиелік іс-шаралар  негізінде қалыптастыру;

- балаларға қазақ халық ертегілерін өздігімен дербес жұмыс арқылы меңгертуде жүйелі бағыт ұстану;

- біз ұсынған тақырыптық жоспар негізінде тәрбиелік іс-шаралар өткізу.

Қарастырылып отырған проблеманы толығымен шешімін тапты деуге болмайды. Келешекте мектепалды даярлық тобы балаларының қазақ халқының ауызекі шығармашылығына қызығушылығын қалыптастыру; қазақ халық ертегілеріне мектепалды даярлық тобы балаларының танымдық көзқарасын дамыту; қазақ халық ертегілері арқылы мектепалды даярлық тобы балаларының ұлттық отансүйгіштігін қалыптастыру және т.б. проблемалар дербес зерттеуді қажет етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты жолдауы. – Астана, 15 желтоқсан 2012.

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы - Астана, Ақорда. 2009 жылғы шілденің 27-сі. №319 ІІІ ҚРЗ. /Егемен Қазақстан. 15.08.07

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеудің стандарты. Астана-2009.

  1. «Біз мектепке барамыз» 5-6 жастағы балаларды оқыту және тәрбиелеуге арналған бағдарлама. Астана-2010.

  1. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбиелеу тұжырымдамасы // Қазақстан мұғалімі. 2009, № 1

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балаларды ертегілер арқылы ұлттық отансүйгіштікке тәрбиелеу