Мектеп жасына дейінгі балаларды ертегілер арқылы ұлттық отансүйгіштікке тәрбиелеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2015 в 13:32, дипломная работа

Краткое описание

Аталған міндетті жүзеге асыру мақсатында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің стандарты»,«Мектепалды даярлау тұжырымдамасы», «Қазақ балабақшаларындағы үзіліссіз тәрбие тұжырымдамасының», «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы жасалды [3,4,5].
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Білім және ғылым министрлігінің балалар білімі мен тәрбиесі сапасын көтеруге, олардың еліміздің өткендегі тарихына, мәдени мұрасына шығармашылығын қалыптастыруға байланысты қойып отырған міндеттерін жүзеге асыруды көздейді. Балабақшада халықтың мәдени мұрасынан, соның ішінде ауызекі шығармашылығынан білімді балалар «Тіл дамыту», «Көркем әдебиет», «Сауат ашу және жазу» ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде меңгереді.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3
1 Мектеп жасына дейінгі балаларды ертегілер арқылы ұлттық отансүйгіштікке тәрбиелеудің теориялық негіздері........................................9
1.1 Мектеп жасына дейінгі балаларды ертегілер арқылы шығармашылығын қалыптастырудың зерттелуі.................................................................................9
1.2. Қазақ халық ертегілері арқылы балабақшада тіл мәдениетін меңгерту.......30
2 Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-тәрбие үрдісінде ертегілер арқылы ақыл--ойын қалыптастыру әдістемесі...............................................36
2.1 Мектепалды даярлық топта ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде ертегілерді қолдану.......................................................................................................................36
2.2 Мектепалды даярлық тобы балаларының ертегілерге танымдық қызығушылығын қалыптастыру жолдары..............................................................55
2.3 Тәжірібиелік-эксперименттік жұмыс................................................................67
Қорытынды..............................................................................................................79
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................82

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жунисова Мөлдир.docx

— 226.48 Кб (Скачать документ)

Ертегінің тағы бір саласы – тұрмыс-салт ертегілері және хайуанаттар жайлы ертегілер. Бұл ертегілерде көбіне елдің бақташылық тұрмыс-тіршіліктері суреттеледі. Оларда қойшы-малшы, тазшалардың тұрмысынан алынып, өмірде болуы мүмкін жайттарға қиял-ғажайып оқиғалар араластырыла көрсетіледі. Өмірде болатын нәрселер мен болмайтын нәрселердің араласып отыруы – ертегінің өзіне тән қасиеті, ерекшелігі. «Ертегі» деген сөздің өзінде де осы ұғым бар.

Хайуанаттар, жануарлар жайындағы ертектерде халық солардың мінездері арқылы адамдардың бойындағы жақсы мінез қылықтарды, сол сияқты олардың бойындағы мінін, кемшіліктерін, мінезіндегі ерсілік-оғаштықтарды тұспалдаған. Бұл ертегінің тәрбиелік мәні жанашырлық, жаксы көрушілік.

Халық өзінің дүниетанудағы, қоғам тіршілігіндегі, үй тұрмысындағы іс-әрекетін, барлық мұң-мүддесін, күрес тартысын, талап-тілегін осы шыншыл ертегілерге жиып түйген. Ертегінің қай түрін алсақ та, зор қоғамдық, тарихтың сыры, мәні бар әңгімелер екенін көреміз. Ауыз әдебиетінің асыл үлгісі – ертегілерді оқытып, талдау үстінде оның тәрбилік мәніне, халықтық идеясына ерекше көңіл бөлу, ғасырлар бойы халқымыз қастерлеп келе жатқан тәрбиенің түп тамырын ашып беру және оны балалардың жадында сақтата білу мәселенің қазіргі таңдағы үлкен мәні зор. Балалар бақшасында ертегілерді оқыта отырып, балалардың ой-өрісін, дүниетанымын, сауаттылығын, тілін, ойын дамыту тақырыбымыздың өзекті мәселесі болып табылады.

Алдыңғы қатарлы орыс педагогтары барлық уақытта халық ертегілерінің тәрбиелік және білім берушілік маңызы туралы аса жоғары пікірде болды, педагогикалық жұмыста оларды кеңінен пайдаланудың қажеттігін көрсетті. Мәселен, К.Д.Ушинский орыс халық ертегілерін халық педагогикасының алғашқы тамаша талпынысы деп атады.

Ол ертегілерге халық педагогикасының ескерткіштері ретінде қарай отырып, өмірде ешбір нәрсе данышпан халық педагогикасымен теңесе алмайды деп жазды. Ертегі көркем-әдебиет шығармалары болғанымен, онда көптеген білім салалары теориялық көрініс тапқан.

Ертегі – халық педагогикасының қайнар көзі. К.Д.Ушинский ертегілер туралы жоғары пікірде болғаны соншалық, оларды өзінің педагогикалық жүйесіне енгізді. Ол ертегінің балаларға ұнау себебі халық шығармашылығының қарапайымдылығында, оның балалар психологиясына сәйкес келуінде деді [14].

Оның пікірінше, ақыл-ой, адамгершілік және эстетикалық дамудың үйлесімді болуы қажет. Ұлы орыс педагогінің сенімі бойынша, бұл міндет тәрбиеде халық ертегілерінің материалдары кең пайдаланылған жағдайда ғана ойдағыдай шешіледі. Ертегілердің арқасында балалардың жүрегінде керемет тамаша поэтикалық бейне орын алады, ақылдың дамуы фантазия мен сезімнің дамуымен қатарласа жүреді. Ушинский ертегілердің психологиялық маңыздылығы және олардың балаға психологиялық ықпалы туралы мәселені егжей-тегжейлі қарастырды, ол халық ертегілерін әңгімелерден жоғары қойды, өйткені, педагогтың пайымдауынша, әңгіме – қолдан жасалған жасанды шығарма.

Ертегі дегеніміз, бейнелеп айтқанда, балалық ой мен сөздің шамшырағы. Балалар ертегіні тыңдайды және оған әуестенеді, өздері ойдан шығарады. Ертегіні ойдан шығару – тәрбиеші үшін балалармен рухани көзқараста болу болса, балалар үшін теңдесі жоқ ойдың қуанышына айналады.

Мәселен, осындай көріністі бақылаған В.А.Сухомлинский өз тәжірибесінде балалардың көрген-білгендері туралы, немесе олардың түсінігіне қиын болмайтын жайлар туралы қарапайым ертегілер ойлап шығарған. Ертегіде терең ойдың болуын қалаған. Ертегіні өмір оқулығы десе болады. Өйткені, қуаныш та, шаттық та, уайым-қайғы да – бәрі ертегі мазмұнынан табылады. Сондықтан балалардың ертегісіз өмір сүріп, өсіп-жетілуі мүмкін емес [16].

Ертегілер көбінесе, қара сөз ретінде айтылатындықтан, оны халықтың ерте заманда шығарған көркем әңгімесі деп қараймыз.

Халық әдебиетінің басқа түрлері секілді, ертегілер де адам баласының еңбек-кәсіп ету, тұрмыс тіршілік құру тәжірибесіне байланысты туған.

Бертін келе, экономиканың ілгері дамуы, қоғамдық карым-қатынастардың алға басуы, адам баласының дүние танымының, ой-өрісінің, сана-сезімінің ұлғайып өсуі жалпы халық шығармаларына, соның ішінде ертегілерге көп әсер, еткен. Осы негізде ертегілердің алғашқы үлгілері әр түрлі өзгерістерге ұшырап, жаңа ертегілер туа бастаған және онда адам баласының арман-мүддесін, ой-санасы, болашақтан күтетін үміті суреттелген. Осы ретте туған ертегілерден адам баласының тұрмыс-тіршілігі, өмірі, ісі басты орын алады, қоғамдық мәні бар мәселелер көтеріледі. Бұлардың бәрін халық ертегілері көркемдеп суреттеу, образдар арқылы бейнелеген.

Ертегіге бай елдердің бірі - қазақ халқы. Қазақ фольклорындағы ертегілердің сан алуан түрлері бар. XIX ғасырдан бастап, қазақ ертегілерінің ғажап та көркем үлгілерін В.Радлов,  Г.Потанин, И.Березин, А.Алекторов, П.Мелиоранский, Ш.Уәлиханов, Ә.Диваев сияқты белді де белгілі ғалымдар жинап, жариялай бастады [23].

Қазақ фольклорының кейбір нұсқалары «Дала уалаяты», Айқап», «Туркестанские ведомости», «Тургайская газета», т.б. мерзімді баспасөз бетінде жарияланып келді. «Образцы народной литературы тюркских племен» атты 10 томдық жинақтарында В.В.Радлов қазақ, қырғыз, ұйғыр, өзбек, әзербайжан сияқты көптеген Түркі тайпалардың эпостық жырлары мен ертегілерін молынан жариялаған. Сонымен қатар қазақ эпосы мен ертегілерін жинап бастыру ісінде башқұрт ғалымы, профессор Әбубәкір Диваевтың еңбегі де елеулі.

Осы аталған адамдар сол кезде Орынборда, Омбыда, Казаньда, Астрахань мен Ташкентте шығатын газет-журналдар бетінде қазақ ертегілерін үнемі жариялап отырады. Олар өздері жинаған ертегілерді не орысша, не қазақша бастырады, кейде бір тілде ғана шығарады. Ертегілерді қазақ тілінде шығаратын болса (тілі қазақша әрпі орысша), онда қысқаша мазмұнын орысша аударады. Бұлардың жинаған материалдары өткен ғасырдың бесінші жылдарынан бастап, «Дала уалаяты» газетінде, Торғай облыстық ведомосында», «Ақмола облыстық ведомосы, «Орынбор газетінде», «Орынбор губерниялық ведомосы, «Астрахань газетінде» т.б. үзбей басылып тұрады. Қазақ ауыз әдебиетінің, соның ішінде ертегілердің көптеген үлгілері, әсіресе, Омбы мен Орынборда шығатын газеттерде молырақ жарияланады.

Жоғарыда аталған адамдардың ішінен қазақ ертегілерін жинап бастыруда айтарлықтай еңбек еткендер - А.Алекторов, А.Пантусов, Васильев, Б.Дауылбаев, М.Досымбековтар. Олар ел арасынан жинаған материалдарын төрт-бес газетке бастырып отырған және жеке жинақ етіп те шығарған. Мысалы, Алекторовтың жинаған ертегілері Омбы, Астрахань, Орынбор газеттерінде үнемі жарияланып келген және ол бір ертегіні бірнеше жерде бастыратын болған. Кейіннен ол өзі жинаған ертегілерін кітап етіп «Киргизская хрестоматия» деген атпен екі тілде Орынборда шығарған [24].

Қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін ел арасынан жинау ісіне белсене араласқан және бұл жөнінде асқан ұқыптылық жасаған адамның бірі Н.Пантусов болды. Ол жетпісінші жылдардан бастап қазақ елінің көп жерін аралайды, қазақ тілін үйренеді және жүрген жерінде ауыз әдебиеті нұсқаларын жазып алып отырады, жинаған материалдарын орыс тіліне аударады. Оның материалдары, көбінесе, «Дала уалаяты» газетінде (орысша аты «Киргизская степная газета») екі тілде үзбей жарияланып тұрады. Кейіннен ол «Қазақ-қырғыз» тілін үйренушілерге көмекші материалдар» және «Қазақ халық әдебиетінің үлгілері» деген атпен (әрпі орысша, сөзі қазақша) жеті жинақ шығарады. Олары Қазан қаласында басылады. Бұл жинақтарға казақ ертегілерінен көп материалдар енеді.

Қазақ ертегілерінің қай түрі болса да замана елегінен өтіп, халық санасына сіңіп кеткен сюжеттер. Онда бір елден екінші елге ауысып, төл сюжет болып жүрген мотив-образдар да аз емес. Ертегінің тұтынушылары қоғамның түрліше тобынан шыға береді. Төменгі тап ортасынан шыққан ертегілерде сатира, демократия сарыны елеулі болатынын кезінде М. Әуезов жақсы айтқан болатын. Сонымен бірге қазақ ертегілерін тек қана феодализм дәуірімен тұйықтап, оны реформадан да кейін туғызу ертегі генезисін кенжелету ме дейміз.

Қазақ ертегілері мазмұнының бай екенін Ш.Уәлиханов орынды ескертеді. Ертегідегі батыр, жезтырнақ, алып секілді көптеген кейіпкерлерді көрсету арқылы адам баласының жағымды-жағымсыз моральдық қасиеттерін (кішіпейілділік, әділеттілік, шыншылдық, ізеттілік, инабаттылық, қайырымдылық-қайырымсыздық, зұлымдық, т.б.) ажырата білуге, әдемілікті сезіне, қабылдап, тани-білуге үндейді.

Қазақ ертегілерінің бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктері туралы ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин де айтып өткен. Ол балаларды ауызекі шығармашылықты (ертегілер, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, т.б.) қадірлеуге, ондағы халықтың басынан өткен қилы-қилы тарихи кезеңдерге әділ баға бере білуге үйретті, оны ерекше әсермен, жоғары эстетикалық сезіммен қабылдауға баулыды.

Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясына» енгізген ауыз әдебиетінен жинаған материалдарының мазмұны танымдық, адамгершілік, өнегелік және ақылгөйлік сипатта болды, бұлардың балалардың жоғары эстетикалық талғамының жан-жақты қалыптасып, дамуындағы, әдемілікті түсіне білуге, нағыз сұлулықты сыртқы жылтырақтардан ажырата білуге тәрбиелеудегі мәні зор [24].

Ал, М.Ғабдуллин қазақ ертегілерінің жиналып, зерттелуі өте маңызды іс екенін айта келе, оларды көркемдік, танымдық-тағылымдық жағынан жоғары бағалайды. Ертегілерде адам баласының тұрмыс-тіршілігі, өмірі, табиғаты, салт-дәстүрлері, мәдениеті мазмұндалатыны туралы сөз етеді.

Ертегілердің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшеліктеріне тоқталады, ертегінің қызықты да тартымды болуы ертекші әңгімесінің мәнерлі айтылуына байланысты екендігін ескертеді. Ертекшілердің кейбірде айтатын әңгімесіне бірден кірісетініне, ертегідегі басты кейіпкерлермен таныстыратынына да тоқталады («Баяғыда бір кедей болыпты, оның үш баласы болыпты», «Бұрынғы өткен заманда бір бай болыпты», «Өткен заманда бір бай болыпты, ол бір перзентке зар болыпты», т.б.).

Ертегілердегі оқиғаларды осылайша бастап баяндау оның тартымдылығын арттыра түседі. Ертегі айту шығармашылық өнерді, асқан шеберлікті талап етеді. Сан алуан ғажайып оқиғаға құрылған ертегілердің желісін бұзбай өрістете әңгімелеу, әрбір үзінділердің өзара байланыста болуын ескеру, оқиғаны қызықты етіп баяндау, ертегілердің әрбір кейіпкеріне лайықты мінездемелер беру, олардың бейнелерін тыңдаушының көз алдына елестету, әрқайсысының іс-әрекеттеріне қарай сөз қолдана білу, т.б. ертекшінің алдына қойылған талап іспеттес.

М.Ғабдуллиннің сөзімен айтқанда, ертегінің тартымды болу-болмауы оның айтушысына байланысты [25].

Халық ертегілері ақындар мен жазушылар (С.Бегалин, Ө.Тұрманжанов, С.Омаров, т.б.) назарынан да тыс қалмады.

Қазақ ертегілерінің орыс тіліне аударылуына Н.С.Смирнова, В.Н.Сидельников, т.б. үлкен үлес қосты. Жарық көрген жинақтарда қиял-ғажайып ертегілер, хайуанаттар жайындағы ертегілер, әңгімелер мен аңыздар, тұрмыстық-сатиралық ертегілер, өтірік өлеңдер мен анекдоттар көрініс тапты. Оның ең жақсы үлгілері шет тілдеріне аударылды.

 Мысалы, Берлинде «Золотая  юрта» деп аталатын ертегілер  жинағы неміс тілінде басылым  көрді. Дәл осындай жинақ Софияда  болгар тілінде және Прагада  чех тілінде жарияланды.

Бүгінгі күнге дейінгі зерттеу еңбектерде қазақ ертегілері бірқатар жіктемелер бойынша сұрыптала қарастырылады.

Мысалы, В.В.Радлов ертегілерді былайша жіктемелейді:

1) Батырлар жайлы ертегілер.

2) Қиял-ғажайып ертегілер [23-70б].

Г.Н.Потанин болса ертегілерді жеті түрге топтастырады:

1) Хайуанаттар жайындағы  ертегілер.

2) Қиял-ғажайып ертегілер.

3) Қиял-ғажайып-новеллистикалық  ертегілер.

4) Батырлар жайлы ертегілер.

5) Тұрмыстық-новеллистикалық  ертегілер.

6) Тұрмыстық-ғибратты ертегілер.

7) Сатиралық ертегілер.

Ә.А.Диваев ұсынған ертегілердің тақырыптық жіктемесі өмірдегі құбылыстар мен адам бойындағы қасиеттер жайлы нақты түсінік береді. Ол ертегілерді: 1) Ақыл-алғырлық туралы.

                 2) Әйелдер жайында.

                 3) Шындық пен әділдік туралы.

                 4) Сараңдық пен жамандық туралы.

                 5) Байлық пен жарлылық жайында  деп жүйелейді [25].

Жоғарыда аталған жіктеменің кейбірінің бір-біріне ұқсамайтын өзіндік ерекшелігі бар. Олардың белгілі бір көзқарасқа, идеяға сүйенгені анық. Оның бірімен келісіп, екіншісімен келіспеуге де болады. Әйтсе де, бұл ретте авторлардың зерттеу еңбектерінің жазылу кезеңдерін, сол кезеңдердегі әлеуметтік-идеологиялық жағдайларды ескерген жөн.

Мысалы, Ә.Диваев ұсынған «топтастырудың негізгі кемшіліктері – әр топтағы ертегілердің өзара жігі айқын ашылмауында, негізінен тұрмыс-салт ертегілер ғана есепке алынуында және сол тұрмыс-салт ертегілері тақырыптарының өзін толық қамти алмағанында».

Т.Сыдықов пен Ф.Оразаеваның сөзімен айтқанда, «Ә.Диваевтың өзі жинаған ауыз әдебиетінің материалдарын топқа бөлуі, оны бір жүйеге келтіруі советтік қазақ фольклористикасының басы еді. Оның Ташкент университетінде қазақ этнографиясы мен фольклорынан оқыған лекциясы, жазған мақалалары өз алдына бір төбе. Оның зерттеушілік еңбегі де ерекше ілтипатқа лайық деп білеміз» [26].

М.Әуезов болса ертегілерді жанрлық табиғатына қарай былайша жіктейді:

       1) өте  ертедегі адамдардың түсінігін  сақтап қалған аңыз-ертегілер;

       2) өте  ертедегі адамдардың өмірін және  олардың ерлік істерін суреттейтін  салт немесе үлгі ертегілері;

       3) мысқыл-мазақ  ертегілер;

       4) эпостық  батырлар туралы әңгімелейтін  ертегілер;

       5) көңіл  көтеру үшін айтылатын өтірік  әңгімелер.

Бұл қазақ халық ертегілерін жіктемелеудің алғашқы бастамасы болды. Осылайша жіктеу қазақ ертегілерінің табиғатын толық ашпағанына қарамастан, олар қазақ ертегілерін алғаш жинастыра бастаған кезде ұсынылуымен маңызды.

М.Әуезов қазақ ертегілерін бір ғана дәуірдің туындысы есебінде емес, өзге ауыз әдебиет үлгілеріндей, белгілі қоғамдық-тарихи кезеңдерге де бөліп қарастырды.

Бұның біріншісі – есте жоқ ескі замандардан басталып, өткен ғасырдың 60-шы жылдарына дейін созылған кезең, бұл уақыттағы ертегілер Қазақстандағы феодализм дамуының ерекшеліктерін бейнелейді.

Екіншісі – Қазақстанның Ресей құрамында болған кезі. Бұл кезеңдегі ертегілерде еліміздің қоғамдық-экономикалық және тарихи өмірі көрініс тапты.

Үшіншісі – социализм кезеңінде туындаған ертегілер, бұларға социалистік өмір жетістіктері, сол дәуірдегі адамдардың тұрмыс-тіршілігі арқау болған.

Осы үш кезеңде ертегінің негізгі үш түрі қалыптасып дамыды:

1) қиял-ғажайып ертегілер;

2) хайуанаттар жайындағы  ертегілер;

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балаларды ертегілер арқылы ұлттық отансүйгіштікке тәрбиелеу