Валюталық операциялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2014 в 09:03, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының “Валюталық реттеу туралы” заңына (24.12.1996 ж.) сәйкес, “валюта – мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірліктері немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат металлдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бірақ айналымда жүрген ақша белгісімен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түріндегі қолма-қол және аударым нысандарындағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, соның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражаттары”. Осы заңда “валюталық операцияларға” төмендегідей түсінік берілген:

Прикрепленные файлы: 1 файл

Валюталы__ операциялар.doc

— 749.50 Кб (Скачать документ)

 

Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 

  1. Валюталық саясаттың Қазақстан экономикасындағы ролі
  2. Валюта курсын реттеу жолдары
  3. Валюталық реттеу және бақылау қажеттілігі

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Моисеев С.Р. Международные валютно-кредитные отношения : учеб. пособие / С. Р. Моисеев. - 2-е изд., перераб. и доп. - М. : Дело и Сервис, 2007. - с. 417
  2. Макарьева В.И. Альбом бухгалтерских проводок рублевых и валютных операций / В. И. Макарьева, Ю. А. Григорьев. - 2-е изд., перераб. и доп. - М. : МЦФЭР, 1999. - с. 218
  3. Международные валютно-кредитные и финансовые отношения : учебник / Финансовая академия при Правительстве РФ ; ред. : Л. Н. Красавина. - М. : Финансы и статистика, 2007. - с. 389
  4. Моисеев С.Р. Международные валютно-кредитные отношения : учеб. пособие / С. Р. Моисеев. - 2-е изд., перераб. и доп. - М. : Дело и Сервис, 2007. - с.547

 

5 Қазақстан Республикасының валюталық саясатының ерекшеліктері

 

Лекция мақсаты: Қазақстан Республикасындағы валюталық саясат туралы, оның заңдық базасы туралы пікір қалыптастыру

 

5.1  Қазақстан  Республикасының валюталық саясатының  заңдық базасы

5.2  ҚР операцияларды  реттеу, экспорттық және инпорттық  бақылау

5.3  Еркін қалқымалы  валюталық курс режимін енгізу  үдерісі, оның салдары

 

5.1 Қазақстан Республикасының валюталық саясатының  заңдық базасы

Резиденттер мен резидент еместер валюталық құндылықтарға құқықтарын іске асырған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi, валюталық реттеу мен валюталық бақылаудың мақсаттарын, мiндеттерi мен тəртiбiн ҚР валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңы айқындайды.

Валюталық реттеудің мақсаты тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу жəне экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің саясатына жəрдемдесу болып табылады.

Валюталық реттеудің міндеттері:

1) Қазақстан Республикасында  валюталық құндылықтардың айналысының  тəртiбiн белгілеу;

2) Қазақстан Республикасының  дүниежүзілік экономикаға одан  əрi кiрiгуi үшін жағдайлар жасау;

3) валюталық операциялар  мен капитал легi жөніндегі ақпараттық  базаны қамтамасыз ету болып  табылады.

Қазақстан Республикасында валюталық реттеудiң негізгі органы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi болып табылады.. Қазақстан Республикасының Үкiметi жəне өзге де мемлекеттiк органдар валюталық реттеуді өз құзыретi шегінде жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жəне Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Заңға сəйкес өз құзыреті шегінде резиденттер мен резидент еместер үшін мiндеттi нормативтік құқықтық актiлер шығарады. Валюталық реттеу органдары əзiрлеген валюталық реттеу мəселелері жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен міндетті түрде келісiлуге тиіс.

 Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкi валюталық реттеудің  негізгі органы ретiнде:

Заңның бабына сəйкес резиденттердің валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптарды;

резиденттер мен резидент еместердiң валюталық операцияларды жүзеге асыру тəртiбiн, соның iшiнде валюталық реттеу режимдерiнтiркеудi; хабардар етудi;

 Қазақстан Республикасының  аумағында қызметін жүзеге асыратын  резидент еместердің валюталық  операцияларына мониторингтi (валюталық  мониторингтi) жүзеге асыру тəртiбiн;

Уəкілеттi мемлекеттік органдармен келiсiм бойынша олардың құзыретiне сəйкес барлық резиденттер мен резидент еместердiң орындауы үшін мiндеттi валюталық операциялар бойынша есепке алу жəне есептілік нысандарын белгілейдi. Жүзеге асырылу тəртібі осы Заңда белгiленбеген валюталық операциялар шектеусiз жүргізіледi.

 

5.2  ҚР валюталық  операцияларды реттеу, экспорттық және импорттық бақылау

Валюталық бақылаудың мақсаты Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидент еместер валюталық операциялар жүргiзген кезде олардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi валюталық мониторингтi Қазақстан Республикасының төлем балансының тұрақтылығын бағалау мақсатында жүзеге асырады. Валюталық мониторингтің негізгі міндеттерi:

1) валюталық мониторинг  объектілерi жүзеге асыратын валюталық операциялар бойынша ақпарат базасын жасау;

2) Қазақстан Республикасы  төлем балансының, сыртқы борышының  жəне халықаралық инвестициялық  позициясының статистикасын, оларды  талдау мен болжауды жетiлдiру  болып табылады.

Резидент емес заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында бiр жылдан астам жұмыс iстейтін филиалдары мен өкілдiктерi валюталық мониторинг объектiлерi болып табылады, Валюталық мониторинг қолданылатын қызметтiң түрлерiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды. Валюталық мониторинг белгіленген есептілік нысандарына сəйкес валюталық мониторинг объектiлерiнiң резиденттермен жəне резидент еместермен iске асыратын жобалары бойынша олардан ақпарат жинау əдiсiмен жүзеге асырылады. Валюталық мониторинг жүргiзу үшiн есептілік мерзiмдерi мен нысандары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актісiнде белгіленедi.

 

5.3 Еркін қалқымалы  валюталық курс режимін енгізу  үдерісі, оның салдары

2004 жылға дейін, оның негізгі  міндеті ретінде ұлттық валютаның  ішкі және сыртқы тұрықтылығын қамтамасыз ету болғандығын еске сала кеткен дұрыс. Осы жерде, неліктен ҚР Ұлттық банкінің жаңаша негізгі міндетін осылай белгілеу қажет болды деген сауал тууы мүмкін. Осы сауалға екі жақты жауап берген дұрыс.

Біріншіден өткен міндеті ретінде белгіленген ұғымдардың мәнін түсінейік, яғни ұлттық валютаның ішкі тұрақтылығы бұл ішкі бағаның тұрақтылығын қамтамасыз етуді сипаттаса, ал сыртқы тұрақтылығы - бұл ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді білдіреді.

Валюталық интервенция деп  ұлттық валюталық бағамына әсер ету мақсатында Ұлттық банктің шетел валютасын сату және сатып алу жолымен валюталық нарықтағы операцияларға араласуын айтады.

Отандық банктік тәжірибемізде 1999 жылдың 4 сәуір айына дейін немесе еркін өзгермелі бағам режиміне өткенге дейін ҚР Ұлттық банкінің валюталық нарықтағы интервенциялау саясаты алтын валюта резевтері есебінен жүзеге асырылды. Еркін өзгермелі бағам режиміне өткенен кейін де Қазақстан Ұлттық банкі ұлттық валютаның айырбас бағамының алыпсатарлық өзгерістеріне жол бермеу мақсатында валюталық интервенциялауды қолданылып отырғаны жасырын емес. Соған байланысты аталған бағам режимін басқарылатын режим деп қарастырған дұрыс болады. Еркін өзгермелі бағамға өтуге біздің ұлттық валюта бағамының шетел валютасына қатысты тұрақсыздығы мүмкіндік бермейтіні сөзсіз.

Ұлттық банктің валюталық нарықтағы интервенциясы дербес түрде кез келген банктер және валюталық биржалар арқылы кез келген валюталық мәмілелер түрлерін пайдалану негізінде жүзеге асырылады.

Мұның салдарынан алтын-валюта резервінің құнсыздану қаупі туындады. Осындай жағдайларды болдырмау мақсатында ҚР Ұлттық банкі ішкі валюта нарығында сатып алушы ретінде қатысып, алтын-валюта резервінің ұлғаюына септігін тигізді. Бұл жерде бір нәрсені естен шығармаған жөн, яғни ҚР Ұлттық банкі ішкі валюта нарығындағы сұраныстан артық шетел валютасын сатып алған кезде, айналысқа артық ақша эмиссияланады және ол ақшаның құнсыздануына жол береді. Осынадай теріс салдарларды болдырмау үшін ҚР Ұлттық банкі “стирилизациялау” құралын пайдаланып отыр. Яғни, айналысқа шығарылған артық ақша көлемінде өзінің қысқа мерзімді ноталарын шығарып, артық ақшаны айналыстан алып отырды.

1999 жылдың сәуір айынан  бастап, еркін өзгермелі бағам  режиміне көшкендігіміз баршамызға белгілі және оның басты шарты - ҚР Ұлттық банкінің ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты бағамын белгілеуге араласпауын немесе ішкі валюта нарығында валюталық интервенциялауды жүргізбеуін көздейді. Сонымен қатар, ақша-несие саясатының бағыттарында 2003 жылдан бастап, 2007 жылдарға дейін үш кезеңде валюталық режимді ырықтандыру шараларының қарастырылуы соңғы міндеттің қажетсіздігін көрсетеді.  Ендеше бұл жерде шетел валютасына қатысты ұлттық валюта тұрақтылығын қамтамасыз ету міндеті өздігінен түсіп қалатыны сөзсіз,   сөйтіп тек қана ішкі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету ҚР Ұлттық банкінің негізгі міндеті ретінде аталған заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ретінде  нақтыланды.

Екіншіден, ішкі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету міндетінің қажеттігі ҚР Ұлттық банкінің ақша несие саясатын жүргізуде 2002 жылдан бастап Еуроодақ стандартына және инфляцияны таргеттеу принципіне өту туралы шешім қабылдауынан туындап отыр. Инфляциялық таргеттеу принциптерін пайдаланытын көптеген елдер инфляция жөнінде қойылған мақсаттарға қол жеткізу жауапкершілігін күшейту жағдайларында инфляция бойынша бағдар ретіндегі тұтыну бағаларының индексіне сүйенбейтін болады. Оның орнына инфляциялық үрдістердің негізгі бағыттарын көрсететін баға индекстерін қарастырады және монетарлық емес тұрғыдағы (“базалық инфляция” индекстері) түрлі дәрежедегі күйзелістердің ықпалын жояды.

2003 жылы аталған заңға  енгізілген соңғы өзгерістер  мен толықтырулардың нәтижесінде 2004 жылдан бастап ҚР Ұлттық  банкінің атқаратын қызметтері  қатарында бірқатар өзерістер пайда болды. Бұл жерде ҚР Ұлттық банкке дамыған елдердің орталық банктері сияқты тек классикалық қызметтерді атқару жүктелді.

Алтын валюта резерві – халықаралық есеп айырысулар мен төлемдерді жүзеге асыру, төлем балансының тапшылығын қаржыландыру, ұлттық валюта бағамының тұрақтылығын қамтамасыз мақсатында пайдаланылатын Орталық банктің алтын және шетел валютасында құратын ресми қоры.

Алтын-валюта резерві ұлттық валюта  теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін құрылады және пайдаланылады.

Алтын-валюта резервтері (АВР) құрамы мыналардан тұрады:

  • құйма алтыннан;
  • Ұлттық банктің шоттарындағы банкнота және монета түріндегі шетел валютасындағы қаражат қалдықтарынан;
  • валюталық құндылықтардан;
  • шетел валютасындағы жәй және аудармалы вексельдерден;
  • шетел үкіметінің немесе халықаралық қаржы ұйымдарының шығарған бағалы қағаздарынан;
  • басқа да сыртқы активтерден.

Алтын-валюта резервін ұлғайту және құрылымын өзгерту келесідей жолдармен жүзеге асырылады:

  • монетарлық алтынды сатып алу;
  • резиденттер мен резидент еместерден, ҚР Үкіметінен теңгеге шетел валютасын сатып алу;
  • депозиттік, салым, шетел валюталарымен дилингтік операциялардан түсетін комиссиондық және басқа да сыйақы (мүдде) түріндегі түсімдер;
  • Ұлттық банктің монетерлық алтын, күміс, платина және платина тобындағы басқа да металлдармен жасалатын операцияларды жүргізуден түсетін валютадағы түсімдер;
  • Ұлттық банктің кеңес беру, ақпаратық - баспа және басқа да қызметтерінен түсетін шетел валюталарындағы түсімдер.

Алтын валюта резервінің азаюы немесе жұмсалуы мынадай жолдармен іске асырылады:

  • ақша-несие саясатын жүргізу мақсатында ішкі валюталық нарықта валютаны сату;
  • өнімдердің (қызметтердің, жұмыстардың) импортына төлеу үшін тенгені шетел валютасына конвертация жасау, оған қоса шетелде дипломаттық және басқа да өкіліттіліктерді ұстауға және іссапар шығыстарына, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттің және ҚР Ұлттық банктің сметасы есебінен сыртқы қарыздарға қызмет көрсету үшін;
  • басқа да шетел валютасын сатып алу үшін шетел валютасын сату;
  • Ұлттық банктің алған несиелері бойынша негізгі соманы және сыйақыны қайтару;
  • құрылған провизиялар есебінен (резервтер) зиянды алтын валюта активтерін шегеру. 

 

Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 

  1. Валюталық интервенция, оның қолданылуы
  2. Алтын – валюталық резерв
  3. Валюталық саясаттағы заңдық база

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Омарова А.К. Валютная политика Казахстана в современных условиях развития экономики: приоритеты и пути совершенствования: Автореферат дис. канд.экон.наук:08.00.10 / А. К. Омарова. - Алматы, 2006.
  2. Бұхарбаев Ш.М. Валюталық саясат және ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандыру : 08.00.10-Э.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс. авторефераты / Ш.М. Бұхарбаев ; Ш. М. Бухарбаев. - Карағанды, 2007
  3. Суэтин А.А. Международные валютно-финансовые отношения : учебник / А. А. Суэтин ; Финансовая академия при Правительстве РФ. - 3-е изд., испр. и доп. - М. : КНОРУС, 2006
  4. Жаппасова Р.Е. Устойчивость национальной валюты в контексте обеспечения экономической безопасности (на материалах Республики Казахстан) : авторферат дис. канд. экон. наук: 08.00.01 / Р. Е. Жаппасова. - Алматы, 2007

 

  6 Төлем  балансы, мемлекеттің валюта-қаржылық саясатының  бейнесі  ретінде

Лекцияның мақсаты: Елдің төлем балансымен және оның негізгі құрылымымен танысу, басқа баланстардан айырмашылығын түсіндіру

 

6.1  Төлем балансы, ұғымы, мазмұны және түрлері

6.2  Төлем балансының  құрылымы

6.3  Төлем балансы  тұжырымдамасы және төлем балансын  реттеу әдістері

6.4  Қазақстанның  Төлем балансының ерекшеліктері

Информация о работе Валюталық операциялар