Валюталық операциялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2014 в 09:03, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының “Валюталық реттеу туралы” заңына (24.12.1996 ж.) сәйкес, “валюта – мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірліктері немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат металлдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бірақ айналымда жүрген ақша белгісімен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түріндегі қолма-қол және аударым нысандарындағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, соның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражаттары”. Осы заңда “валюталық операцияларға” төмендегідей түсінік берілген:

Прикрепленные файлы: 1 файл

Валюталы__ операциялар.doc

— 749.50 Кб (Скачать документ)

 

2.2  Ұлттық валюталық  жүйенің негізгі элементтері

Ұлттық валюта жүйесі ұлттық валютаға негізделіп құрылады. Ұлттық валюта - елдің ақша бірлігі. Ол қолма-қол формада (банкнота, монета) және қолма-қол емес формада (банктік шоттардағы ақша қалдығы) болады. Оның эмитенттері ұлттық орталық банк және коммерциялық банктер. Ұлттық валюта жүйесінің негізгі элементтері төмендегілер:

•  ұлттық валюта;

• ұлттық валютаның шетел валютасына айырбасталу жағдайлары, яғни айырбасталудың екі түрлі болуы: а) шетел валютасына шектеусіз еркін айырбасталатын валюта. 1978 жылдан Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) Жарғысында "еркін қолданылатын валюта" деген ұғым енгізілген. Оған американдық доллар, евро, жапон иені; ә) жарым-жартылай айырбасталатын валюта, мысалы, ресейлік рубль; б) айырбасталмайтын (тұйық) валюта;

• валюталық паритеттің бірдейлік ережесі - валюталардың алтын құрамына байланысты өзара қатысы. Ақша өлшемінің алтын мазмұнына негізделген ондағы алтын паритеті алынып тасталды (Батыста 70-жылдарда, ал КСРО-да 1991 жылдан). ХВҚ-ның Жарғысы бойынша валюта паритеті тек СДР - арнаулы ақша өлшемімен немесе басқа халықаралық валютамен, бірақ алтынмен емес, анықталуы мүмкін. 70-жылдардың орта шенінен бастап паритеттер валюта қоржыны (корзина) негізінде анықталады. Валюта қоржыны деп бірнеше валюталарды белгілі бір бөліктерінің сомасын сол валюталардың нарықтық бағамына көбейтіп, оларды АҚШ долларына бөлумен анықталатын бір валютаның орташа өлшенген бағамын айтады. Мысалы, СДР валюта қоржыны жоғарыда көрсетілген бұрын еркін қолданылатын валюталардан құралады, қазір ондағы американдық доллардың үлесі шамамен 39%, жапон иені - 18%-тен болады. Еуропа қауымдастығының еуропалық валюта өлшемі (Еуро) он бес елдің валютасынан тұратын валюта қоржынынан құрылған;

• валюта бағамының тәртібі (белгіленген, белгілі бір аралықта өзгермелі), Мысалы, Еуропа валюта жүйесіндегі орталық бағамында он бес валюта бағамының өзара ауытқу шегі ± 15% шамасында бекітілген; 1995 жылдың екінші жартысында Ресейде АҚШ-тың 1 долларына шаққанда 4300-4900 руб. аралығында, ал 1997 ж. 5750-6350 руб. болды. 1998 ж. валюта коридорының жоғары шегі 9500 рубльге дейін көтерілді. Валюта-қаржы дағдарысы кезінде, 1998 жылдың тамызынан, рубльдің долларға шаққандағы бағамы бұл шектен шығып, деноминацияланған 15-25 рубльге дейін көтерілді. Көптеген елдерде валюта бағамының өзгеретін шегі заңмен бекітілмеген;

• валюталық шектеудің болуы немесе болмауы. Мысалы, Ресейде ел экономикасының тұрақсыздығына байланысты шектеу, лимит белгілеу, белгілі бір валюталық құндылықтармен жүргізілетін операцияларға тиым салу енгізілген; 50-жылдардың аяқ кезінен бастап дамыған мемлекеттер бірте-бірте валюталық шектеуді алып тастаған. 1996 жылы Ресей ХВҚ Жарғысының VIII бабына қосылып, саудалық және саудалық емес операцияларға валюталық шектеулерді жойды.

• төрт қосындыдан тұратын (елдің ресми алтын және валюта резервтері, СДР есепшоттары, еуро (1999 жылдан ЭКЮ-дың орнына), ХВҚ резервтік позициясы (бағыты) және елдің сыртқы қарызын өтеу мүмкіншілігін білдіретін мемлекеттің халықаралық валюта өтімділігін реттеу;

• халықаралық несиелік айналым құралдары мен халықаралық есеп айырысу формаларын қолдану тәртібін белгілеу;

• валюта нарығы мен алтын нарығы ережесі;

• валюта қатынастарын реттейтін ұлттық органдардың статусы (орталық банк, Қаржы министрлігі, арнаулы органдар, мысалы, Қазақстанда Ұлттық банк, Ресейде - валюталық және экспорттық бақылаудың федералдық қызметі). Дүниежүзілік валюта жүйесі деген халықаралық валюта қатынастарының ұйымдастыру формасы, яғни ол - халықаралық несие-қаржы институттарымен халықаралық шарт және мемлекеттік құқық нормасы кешендерін біріктіретін жүйе. Бұл ереже-шарттардың негізгі міндеті - халықаралық сауда-саттық процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекеттерінің тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет. Басқа жағынан, оның мақсаты - кейбір мемлекет пен үкіметтер жағынан болып тұратын әр түрлі валюталық шектеуді және тамыр-таныстық (протекционизм) әрекеттерді түп-тамырымен құртуға мүмкіндік жасау.

Аймақтық валюта жүйесі (ЕВЖ) - дүниежүзілік валюта жүйесінің шеңберінде батыс Еуропаның өнеркәсібі дамыған, мемлекеттерін біріктіретін ұйым. Ол 1957 жылы Рим шарты бойынша құрылған "Жалпы нарық" одағындағы мемлекеттердің экономикалық және валюталық ынтымағының дамуынан бастау алып, 1979 жылы құрылды. Оның мақсаты — ынтымақтастық процесін ынталандыру, еуропалық саяси, экономикалық және валюта одағын - Еуропалық одақ (ЕО) құру, Батыс Еуропаның позициясын күшейту. Еуропа валюта жүйесінің элементтері дүниежүзілік валюта жүйесінің элементтеріне дәл келеді.

1979 ж. Еуропалық экономикалық одақтың (ЕО) шеңберінде Батыс Еуропа елдерінің интеграциялық процестерін дамытуға көмектесу мақсатында Еуропа валюта жүйесі (ЕВЖ) деп аталатын аймақтық валюта жүйесі құрылды. Бұл жүйеге кіретін мемлекеттер ХВҚ-ның мүшелері болғандықтан ЕВЖ-сін әлемдік валюта жүйесінің құрылымдық бір бөлігі ретінде қарастыруға болады. Солай болғанмен оны Ямайка жүйесінен ажырататын бірсыпыра ерекшеліктері бар.

ЕВЖ -нің құрылымдық ерекшеліктеріне төмендегілер жатады:

• СДР-дың орнына еуропалық валюта өлшемі - ЭКЮ стандарты енгізілді. ЭКЮ-дің валюталық қоржыны батыс еуропалық 12 валюталардан құрылады. Онда неміс маркасы (30%-тен астамы) үстем болды. ЭКЮ-ді қолдану аясы СДР-ды қолдану аясына қарағанда әлдеқайда кең, оны тек қана мемлекеттік сектор емес, сонымен қатар жеке секторлар, оның ішінде банктердің депозиттік-ссудалық операцияларында, халықаралық есеп айырысу жеке фирмалары қолданады. ЭКЮ бірітіндеп әлемдік валюта нышандарын ала бастағанымен, әзірше әлемдік деңгейге шыққан жоқ. Оны 1999 жылдан ұжымдық еуропалық валюта - еуро ауыстырды.

Ямайка жүйесінде алтынды ресми демонетизациялауға қарама-қарсы   ЕВЖ-де осы валюталық металмен жүргізілетін операциялар жаңғыртылды.  Алтын мен доллар ЕВЖ-ге мүше-елдердің ресми алтын-долларлық резервтерінің 20%-ін біріктіру жолымен ЭКЮ-ді эмиссиялау механизміне енгізілді. Осы елдердің орталық банктері Еуропа валюта институтының қарауына 2,3 мың т. алтын аударды. Институт алтынның орнына ЭКЮ-ді шығарып, аталған орталық банктердің шотына ауыстырды. Мемлекеттердің алтынмен төлеген жарнасы қайта жаңартылатын үш айлық "своп" келісімімен рәсімделеді, ол қолма-қол алтынды ЭКЮ-ге сатып, үш айдан кейін оны кері сатып алу үшін қарсы келісім жүргізумен үйлестіріледі. ЕВЖ-ге мүше-елдердің валюта бағамының "бірге өзгеру" ережесі олардың өзара ауытқу шегін бекітеді (Ол қазір орталық бағамнан ± 15%-і, ал 1993 жылдың тамызына дейін ± 2,25% болған). Валютаның бұндай ұжымдық өзгеру тәртібі "еуропалық валюта жыланы" деп аталады, себебі бұл ауытқудың графикалык өрнегі жыланның жорғалауына тым ұқсас. Егер валюталардың бағамы рұқсат етілген шектен асып кетсе, онда орталық банк неміс маркасымен валюталық интервенция жүргізуі тиіс, яғни ұлттық валютаның бағамын түсірмеу мақсатында марканы сол валютаға сату керек. ЕО валюта бағамының ұжымдық өзгеруі олардың тұрақтылығын қамтамасыз етті, әйтсе де әлсін-әлі ресми девальвация (бағамды төмендету) және ревальвация (бағамды жоғарылату) жүргізіліп тұрды (1979-1993 жж. аралығында 16 рет). Тұрақсыз валюталардың (Ирландия, Италия, Бельгия, Дания және т.б.) бағамы әдетте төмендетілсе, ал "тұрақты" валюталардың (ГФР, Нидерланды және т.б.) бағамы жоғарылатылады. Бұл ЕВЖ қатысушылардың қайшылықтарын өршіте түседі.

ЕВЖ-ге мүше-елдер ХВҚ-ға қарсы өзінің мемлекетаралық валюталық реттеу органы - Еуропа валюталық ынтымақтастық қорын (ЕВЫҚ) құрды. Ол қор 1994 ж. Еуропа одағын (ЕО) құру туралы Маастрихт келісіміне сәйкес Еуропа валюталық институты болып аталып, ал 1998 жылдың шілдесінен Еуропа орталық банкі болып қайта құрылды.

Екі валюта жүйесін салыстырғанда ЕВЖ-ге валюта бағамы сиректеу ауытқиды. Ол жетістікке келесі факторлар себепші болды: экономикалық және валюталық интеграцияның үдемелі дамуы; ұлттық органдардың дербес құқының бір бөлігін басқаға беру; нақты бағдарламаға бейімделу; валюта қатынастарының бағытын және әдісін таңдаудағы икемділік; қаулы қабылдау және оны орындау механизмін дайындау.

Дегенмен ЕВЖ-ге мүше-елдердің өзара қарама-қайшылығынан біраз қиыншылықтарды басынан кешіруде. Олар сол елдердегі экономиканың, инфляцияның, жұмыссыздықтың, төлем балансы жағдайының, алтынвалюта резервтерінің әр түрлі деңгейлілігі мен қарқындылығынан туындайды.

ЕВЖ-нің дамуындағы маңызды кезең - саяси, экономикалық және валюталық одақ (ЕО) құру жөнінде 1994 ж. қарашада қол қойылған Маастрихт шарты. ЕО-ны құрудың бірінші кезеңі 1990 ж. шілдеде басталып (бұл шарт алдыңғы "Делор жоспары" негізінде жасалған), мүше-елдерге 1992 ж. аяғында валюталық шектеуді мүлдем жоюды қарастырған. Бұл кезеңде мемлекеттердің экономикалық дамуының деңгейін жақындастыруға, инфляция қарқынын төмендетуге, бюджет кемшілігін қысқартуға зор көңіл бөлінген.

Екінші кезеңде Еуропа валюталық институты (ЕВЫҚ-ның орнына) құрылып, оның құрамына он екі орталық банктердің басқармалары енді. Оның мақсаты - орталық банктердің Еуропалық жүйесін эмиссиялау. Бұнда ЕО-ың министрлер Кеңесінің директивалары негізінде экономикалық үйлестікке және оған мүше-елдердің Еуропарламентке берген есебінің орындалуына басты назар аударылады. Экономикалық (әсіресе бюджеттік) тәртіпті бұзушыларға Еуропалық инвестициялық банктің (ЕИБ) несиесін шектеу, айыппұл төлеу, бюджет кемшілігін төмендеткенге дейін ЕО-ың процентсіз депозитін шектеу формасында жазалау шаралары қолданылады. Экономиканы сауықтыруға бірлескен қорлар есебінен және ЕИБ несиесінен ЕО-ң көмегі қарастырылған.

Үшінші кезек ЕО-ның бірнеше мемлекеті несие-ақша жүйесінің бірыңғай үлгісі шеңберінде бір жақты өзгерістер енгізуге қажетті келісімге келген XX ғасырдың аяғында басталды. Жоғарыда айтылғандай, ЕО-ға кірген 15 елдің 11-і 1999 ж. қаңтарынан ұжымдық валюта - еуроны - алғашқыда қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін банктік шотқа жазу формасында енгізді, ал 2002 жылдан ол ұлттық ақша өлшемдерінің орнына қолма-қол ақша формасында енгізілді. Біртіндеп еуро аймағына қосылатын елдер саны ұлғаяды деп күтілуде. Ақша-несиелік және валюталық реттеу үшін 1998 ж. 1 шілдесінде Еуропа орталық банкі құрылды.

Еуропалық Одақ шеңберінде өткен күрделі келіссөздердің нәтижесінде 1979 жылы Еуропалық валюта жүйесі құрылды.

Еуропалық валюта жүйесі — ұлттық валюталардың экономикалық интеграция шеңберінде қызмет етуімен байланысты экономикалық қатынастар жиынтығын көрсететін халықаралық (аймақтық) валюта жүйесі.

Еуропалық валюта жүйесі үш элементтен тұрады: 1) ЭКЮ — Еуропалық Валюта жүйесінің негізі; 2) валюта курстары мен интервенцияларының механизмі; 3) валюта курсын тұрақтандыру үшін қолданылатын кредиттеу (несиелеу) механизмі.

Еуропалық валюта жүйесінің алдына мынадай міндеттер қойылады:

—  Еуропалық Одақ елдері ішінде сенімді валюталық тұрақтылықты орнату;

— тұрақты түрде даму стратегиясының негізгі элементі болу;

— экономикалық даму процестерінің байланысын нығайтып, еуропалық ынтымақтастыққа жаңа еркін беру;

— халықаралық экономикалық және валюталық қатынастарға тұрақтандырушы фактор ретінде әсер ету.

Еуропалық валюта жүйесінің атқарушы механизмі ЭКЮ-ді қалыптастыру және реттелетін жүйе арқылы жүзеге асады.

Еуропалық валюта жүйесі валюталық резервтердің Одаққа мүше елдердің бәріне бірдей ортақ болуына кепілдік береді. Еуропалық валюта жүйесінің қызмет етуі және дамуы “Делор жоспары" дегенмен тығыз байланысты.

Еуропалық Одақтың көрнекті қайраткері Ж. Делор Еуропа валюталарын біріктіру жөнінде үш сатылы жоспар ұсынды. 1) Еуропалық Одақтың жекелеген елдері арасында үйлестірілген экономикалық және валюталық саясатты жүзеге асыру; 2) Еуропалық Одақтың орталық банкісін құру; 3) ұлттық валюталарды Еуропалық Одақтың ортақ валютасына ауыстыру.

1990 жылы Еуропалық валюта  жүйесіне қатысушы елдер қатарына  Англия, Испания, Португалия қосылды. 1991 жылы біртұтас Еуропалық экономикалық  кеңістік құру жөніндегі Маастрихт келісіміне қол қойылды. Осы келісімге сәйкес Еуропалық Одаққа мүше елдердің үкімет басшылары валюталық Одақ құруды құптады.

Батыс Еуропа елдері валюталары курсының тербелуін реттеу мақсатында құрылған Еуропалық валюта жүйесі 15 жыл бойына өзіне жүктелген қызметті ойдағыдай атқарды. Дегенмен 1992 жылдың күзінен бастап бұл жүйе жүрісінен жаңылды. 1992 жылдың қыркүйегінде Еуропалық валюта жүйесінен ағылшынның фунты бөлініп шықты, испандық песет пен портуталиялық эскудо девальвацияға (құнсыздануға) ұшырады. Бұл оқиғалардың басты себептерінің бірі аталған елдердің орталық банктерінің биржалық алыпсатарлардың валюталарды құнсыздандыру мақсатындағы әрекеттеріне тосқауыл болуға қабілетсіздігі болды. Осының салдарынан 1993 жылы Еуропалық Валюта жүйесіне енетін сегіз ақша бірліктерінің бесеуі (Францияның және Бельгияның франкі, даниялық крона, жоғарыда көрсетілген песет пен эскудо) солар үшін белгіленген курстың ең төменгі деңгейіне дейін құлдырады. Өз кезегінде бұл елдердің Орталық банктері өз валюталарының курсын жасанды түрде қолдаудан бас тартты. Аталған валюталар белгіленген курстан 15%-ке ауытқу мүмкіндігіне ие болды. Орталық банктер өз кезегінде айырбас курсын тұрақты түрде жоғары деңгейде ұстап тұру үшін қажет болған есеп ставкаларын төмендетуге өкілеттік алды.

Маастрихт келісімдеріне сәйкес Еуропалық Одақ мемлекеттерінің ұлттық валюталары курсының бір-біріне қатысты түпкілікті орнығуы 90-жылдардың соңы болады деп ұйғарылды. Бұл процестің өзі үш кезеңге бөлінеді.

Бірінші кезең 1998 жылы басталады. Бұл уақытта валюталық Одаққа қабылдау критерилеріне сай келетін елдер анықталады. Маастрихт келісімі белгіленген критерилер қатарына инфляция деңгейі, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы (3 проценттен артпауы тиіс), есептеу ставкасы, ұлттық валютаның тұрақтылығы жатады. Осы критерилерге сай келген мемлекеттер бірінші топтың құрамына кіріп, валюталық одақтың алғашқы мүшелері болады. Әзірше бұл критерийлерге Алмания, Люксембург, Ирландия және Австрия сай келіп тұр. 1998 жылдың соңына дейін Орталық еуропалық банк құрылады да, одан әрі еуропалық орталық банктер жүйесі жасала бастайды.

Информация о работе Валюталық операциялар