Валюталық операциялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2014 в 09:03, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының “Валюталық реттеу туралы” заңына (24.12.1996 ж.) сәйкес, “валюта – мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірліктері немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат металлдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бірақ айналымда жүрген ақша белгісімен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түріндегі қолма-қол және аударым нысандарындағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, соның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражаттары”. Осы заңда “валюталық операцияларға” төмендегідей түсінік берілген:

Прикрепленные файлы: 1 файл

Валюталы__ операциялар.doc

— 749.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Валюталық операциялар» пәні  бойынша

 

ЛЕКЦИЯЛЫҚ КЕШЕН

 

           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2012 ж.

       Кіріспе

Лекцияның мақсаты: «Валюталық операциялар» пәнінің негізгі бағыттарымен, пәнді оқытудағы мақсат, міндеттермен таныстыру

 

Кіріспе

Валюталық операциялардың анықтамасын беруден бұрын “валюта” терминінің мәніне тоқталайық.

Қазақстан Республикасының “Валюталық реттеу туралы” заңына (24.12.1996 ж.) сәйкес, “валюта – мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірліктері немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат металлдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бірақ айналымда жүрген ақша белгісімен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түріндегі қолма-қол және аударым нысандарындағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, соның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражаттары”. Осы заңда “валюталық операцияларға” төмендегідей түсінік берілген:

  • меншік құқығының және өзге де құқықтардың валюталық құндылықтарға ауысуына байланысты операциялар, соның ішінде төлем құралы ретінде шетел валютасын және шетел валютасындағы өзге де төлем құралдарын пайдаланумен байланысты мәмілелер;
  • валюталық құндылықтарды кез келген тәсілмен Қазақстан Республикасына әкелу және жөнелту, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету және жөнелту;

Мұндағы валюталық құндылықтарға мыналар жатады:

    • шетел валютасы;
    • номиналы шетел валютасында көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құралдары;
    • тазартылған құйма алтын;
    • ұлттық валюта, резиденттер мен бейрезиденттер арасында олармен операциялар жасалған жағдайда құны ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құжаттары.

Мұндағы резиденттерге жататындар:

ҚР-ның тұрақты тұрғыны, соның ішінде уақытша шетелде немесе республикадан тысқары жерлерде мемлекеттік қызметте жүрген жеке тұлға;

ҚР-ның заңдылықтарына сәйкес құрылған барлық заңды тұлғалар, олардың республика ішіндегі немесе одан тысқары жерлерде орналасқан филиалдары мен өкілеттігі;

ҚР-нан тысқары жердегі орналасқан дипломатиялық, сауда және өзге де өкілеттіктер жатады.

Ал, бейрезидентерге резидент құрылымында көрсетілмеген ҚР-ң барлық заңды және жеке тұлғалары немесе одан тысқары жерлердегі олардың филиалдары мен өкілеттіктері жатады.

Кейбір экономикалық әдебиеттерде валюталық құндылықтар қатарына бағалы металдар (алтынан басқа да) мен табиғи асыл тастарды (алмаз, рубин, изумруд, сапфир, александрит жене жемчуг) жатқызады.

Қазақстан 1992  жылдан әлемдік валюта қорының  мүшесі болып табылады. Сондықтан өзінің  валюталық жүйесін әлемдік валюта жүйесінің  құрылымдық принциптерін  ескере отырып  құрады. 1993 жылдың  қарашасынан бері ұлттық  валюта жүйеміздің  негізгі –теңге ендірілді

1996  жылдың 24 желтоқсанында  ҚР –ның  «Валюталық  реттеу  туралы»  заңы  қабылданды. Содан  бері 10 рет өзгерістер мен қосымшалар  енгізілді. Қазақстанның валюта  Заңының  негізгі элементтеріне  келесілер жатқызылады: валюта заңының басты-басты түсініктерін нақты анықтау; валютаны реттеу  мен валютаға бақылау жасау тәртібі;  валюталық операцяилар оларды өткізудің рұқсат етілу тәртіптері; шетел валюталарын әкелу мен сыртқа шығарудың тәртібі;  халықаралық  төлемдер жүзеге асыру тәртібі.

 Қазақстан Республикасы  аумағында резиденттер мен резидент  емес  тұлғалармен  жүргізілетін  валюталық  операциялар банк операцияларының  әртүрлерімен айналысатын  өкілетті  банктер мен  өкілетті  ұйымдар  арқылы атқарылады.

Қазақстан  Республикасы  Президентінің  өз  халқына  “Қазақстан-2030”  жолдауында:  “біздің  еліміздің  соңғы  мақсаты  экономикалық  өсу  болып табылады  және  келесі  отыз  жылдың  ең  маңызды  мәселесі  болады”   делінген.  Осы  мақсатқа  жетуде  маңызды  рөлді  ақпарат  атқарады. Оның дамуы  тек  экономикалық  өсуге  ғана  емес,  сонымен  қатар  әлеуметтік салаға  және  Қазақстан  халықаралық  қоғамдастыққа бірігуіне  ықпал жасайды.

 

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. «Валюта» ұғымы.
  2. «Валюталық құндылықтар» түсінігі және түрлері
  3. «Валюталық бақылау және реттеу туралы» ҚР заңы

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

    1. С.Б. Мақыш. Банк ісі. Оқулық.– (қайта өңделген және толықтырылған) -  Алматы: Жетіжарғы. 2008
    2. Р.О. Смағұлова, Қ.Ә. Мәдіханова, Ә.Қ. Тұсаева, Ж.Ш. Сатыбалдиева. Қаржы, ақша айналысы және несие: Оқу құралы.-Алматы: Экономика, 2008 ж., 105 бет
    3. Қазақстан Республикасының  Конституциясы
    4. «ҚР Банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңы 31.08.1995 №2444 (ред. 06.07.2004)
    5. «Валюталық реттеу және бақылау туралы» ҚР Заңы 13.06.2005 (ред. 11.08.2009)

 

1. «Валюталық операциялар»  курсының пәні, әдісі, мазмұны және  мақсаты 

 

Лекцияның мақсаты: «Валюталық операциялар» курсының пәні, әдісі, мазмұны туралы түсінік қалыптастыру. Болашақ мамандыққа байланысты бағыт-бағдар беру.

 

Сұрақтары:

1.1    «Валюталық  операциялар» курсының пәні, әдісі, мазмұны 

1.2  «Валюталық  операциялар» курсының негізгі  мақсаты және міндеттері

 

1.1 «Валюталық  операциялар» курсының пәні, әдісі, мазмұны 

 «Валюталық операциялар»  курсын толық меңгеру үшін  ең алдымен келесі пәндер бойынша  білім болу керек: «Экономикалық  теория», «Ақша, несие, банктер», «Қаржы  нарығы және делдалдары», «Банк  ісі» «Қаржы» пәндерін меңгеру, компьютерлік технологияларды білу, экономикалық соңғы кездегі өзгерістерді талдай білу.Пәннің постреквизиті: «Банктік менеджмент пен маркетинг», «Банк өтімділігі мен төлемқабілеттілігін басқару», «Бағалы қағаздар портфельін басқару», «Қаржы нарығын мемлекеттік реттеу және бақылау» және профильді пәндердің таңдау бойынша курстарын  оқып үйренуге қажетті білім  мен  дағдыларды  қамтамасыз етеді.

 «Валюталық операциялар»  бөліміндегі басты бағыт валюта  түсінігінен бастап республиканың  ҚР ҰБ және ІІ деңгейлі банктерінде жүзеге асырылатын валюталық операциялардың маңызын түсіндіріп, сыртқы экономикалық қызметтің, ішкі экономикалық қызметтің банктік операцияларда алатын орнын, бұл операцияларға қатан шектеу не себепті болатындығын, қатысушы тұлғалар құқы мен ерекшелігін ажыратуға үйрету   болып табылады.

 

1. 2 «Валюталық  операциялар» курсының негізгі  мақсаты және міндеттері

 «Валюталық операциялар»  пәнін оқытудың мақсаты – студенттерді  валюталық операциялар жүргізу  саласындағы валютамен жүргізілетін операциялардың басымдығы мен ерекшілігі, күрделілігі мен тиімділігі мүмкіндігінше толық, жүйелі түрдегі ақпаратпен таныстыру, яғни валюталық операцияларды ұйымдастырудың ғылыми және практикалық, сондай ақ заңнамалық негізін оқытып үйрету.

Пәнді оқытудың міндеті: Қазақстан Республикасындағы валюталық операцияларды ұйымдастыру және реттеудің құқықтық негіздерімен таныстыру; Банктің валюталық операцияларының басқа операциялардан ерекшеліктерін зерттеу; Валюталық операциялардың негізгі жіктемесі мен түрлерін қарастыру; Коммерциялық банктердің валюталық кассалық және жедел қызметтерінің жүйесін талдау.

Пәннің банктік профильдегі басқа да пәндермен өзара байланысы. Валюталық операцияларды жүргізудің заңдылық бағасы және нарықтық қатынастарды дамытудағы оның мәні. Қазақстан республикасында валюталық операцияларды жүргізуді және дамытуды реттеуші нұсқаулық және құқықтық құжаттар мен актлер.

 

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. ҚР валюталық операциялар бағытындағы қолданыстағы заң актлерімен танысу
  2. ҚР валюталық операцияларының негізгі жіктемесі

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. М.Н. Крейнина Финансовый менеджмент: учебное пособие / М.Н.Крейнина. М.: Дело и сервис, 2001 г. с. 138
  2. www.national
  3. Қазақстан Республикасы - IV бапқа сәйкес 2009 жылғы консультациялар. ХВҚ миссиясының алдын ала қорытындылары 2009 жылғы 15 мамыр

 

 

2 Әлемдік және ұлттық валюталық жүйелер, олардың  негізгі  элементтері 

 

Лекция мақсаты:  Валюталық жүйе ұғымымен таныстыру. Валюталық жүйенің негізгі элементтерін ажырату.

Сұрақтары:

2.1 Валюталық жүйе  ұғымы

2.2  Ұлттық валюталық  жүйенің негізгі элементтері

2.3 Әлемдік валюталық  жүйенің негізгі элементтері

 

2.1  Валюталық  жүйе ұғымы

Валюта қатынастары - әлемдік шаруашылықта валюта айналымынан қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы, олар ұлттық шаруашылықтардың нәтижесінің (тауарының, қызметінің) өзара айырбасталуына қызмет етеді.

Валюта қатынастарының кейбір элементтері көне дәуірде (ежелгі Египетте, Римде) вексель және айырбастау істері ретінде пайда болған. Валюта қатынастарының туындауы ұдайы өндіріске байланысты болғанымен оған, өз кезегінде, өндірістің тұрақтылығы дәрежесіне қарай керісінше де әсер (жағымды немесе жағымсыз) етеді. Валюта қатынастары құқықтық нормалармен және ережелермен реттеледі.

Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына қарай валюта жүйесі пайда болды.

Әлемдік шаруашылық қатынастарының дамуына байланысты әр елдің ұлттық валюта жүйелерінің негізінде дүниежүзілік және аймақтық валюта жүйелері қалыптаса бастады. Олардың негізгі принциптері мемлекетаралық келісіммен заңды түрде бекітіледі. Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес роль атқарады. Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты мен жалақыға әсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-есептесу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің әрқайсысының ішкі ақша айналымын қамтиды. "Дүниежүзілік валюта жүйесі" деген ұғымға кіретін ішкі және сыртқы жүйелер органикалық өзара байланысты, себебі екеуін біріктіретін түйін - әлемдік ақша белгілері. Алғашқыда әлемдік ақшаның бірден-бір түрі болып алтын, кейін құйма формасындағы алтын есептелді. Алтын монетаны халықаралық есептесуде қолдану үшін алдымен құйма жасау, содан соң басқа елдің монетасын соғу қажет болды. Біртіндеп айналыс шығындарын азайту мақсатында халықаралық есеп айырысуда ұлттық алтын монета және несие айналым құралдары қолданыла бастады.

Валюта жүйесі - ол экономикалық көзқарас тұрғысынан - шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи қалыптасатын валюта-экономикалық қатынастар жиынтығы; ал ұйымдық-заңдылық тұрғысынан - ол белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шегінде мемлекеттік-құқықтық түрде ұйымдасқан валюта-экономикалық қатынастар.

 

Ұлттық валюта жүйесі

Әлемдік валюта жүйесі

Ұлттық валюта

Ұлттық валютаның айырбасталу шарты

Ұлттық валютаның паритеті

Ұлттық валюта курсының режимі

Валюталық шектеудің, валюталық бақылаудың болуы немесе болмауы

Елдің халықаралық валюталық бақылаудың өтімділігін ұлттық реттеуі

Халықарлық айнлыс құралдарын пайдалануды регламенттеу

Елдің халықаралық есеп айырысуларын регламенттеу

Ұлттық валюта нарығы мен алтын нарығының тәртібі

Елдің валюталық қатынастарын басқаратын және реттейтін ұлтық ұйымдар.

Резевтік валюталар, халықаралық есеп айырысу валюта бірліктері

Валюталардың өзара айырбасталу шарттары

Валюта паритеттерінің ортақ режимі

Валюта курстары режимінің регламентациясы

Валюталық шектеуді мемлекетаралық реттеу

Халықаралық валюталық өтімділікті мемлекетаралық реттеу

Халықаралық несиелік айналыс құралдарын пайдалану ережелерінің біртұтастығы

Әлемдік валюта нарықтары мен алтын нарықтарының режимі

 Мемлекетаралық валюталық  реттеуді жүзеге асыратын халықарарлық  ұйымдар


Тарихи үш түрлі: ұлттық, дүниежүзілік жане мемлекетаралық немесе аймақтық валюта жүйесі қалыптасқан. Алғашқыда елдің ақша жүйесінің құрамдас бір бөлігі ретінде ұлттық валюта жүйесі пайда болды.

Ұлттық валюта жүйесі деген қоғамдық ұдайы өндірісті қалыптастыруға және халықаралық төлем айналымын қамтамасыз етуге қажетті валюта ресурстарын пайдаланатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.

Дүниежүзілік валюта жүйесінің ерекшеліктері мен тұрақтылығы оның құрылымдық принциптерінің әлемдік шаруашылықтың құрылымы принциптеріне, әлемдік тұрғыда күштердің орналасуына және басшы елдердің мүддесіне сәйкестік деңгейіне байланысты өзгереді. Бұл принциптер сәйкес келмесе дүниежүзілік валюта жүйесі әлсін-әлі дағдарысқа ұшырап, оның ыдырауымен және жаңа валюта жүйесінің құрылуымен ұштасады.

Информация о работе Валюталық операциялар