Валюталық операциялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2014 в 09:03, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының “Валюталық реттеу туралы” заңына (24.12.1996 ж.) сәйкес, “валюта – мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірліктері немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат металлдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бірақ айналымда жүрген ақша белгісімен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түріндегі қолма-қол және аударым нысандарындағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, соның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражаттары”. Осы заңда “валюталық операцияларға” төмендегідей түсінік берілген:

Прикрепленные файлы: 1 файл

Валюталы__ операциялар.doc

— 749.50 Кб (Скачать документ)

 

3.2 Валюталық курс  түрлері және режимдері

Валюталық жүйенің маңызды элементі – валюталық бағам болып табылады.

Валюталық бағам – бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленетін бағасы. Әрбір елдің ұлттық валюталарын салыстыру олардың өндіріс және айырбас процесінде пайда болатын объективті құндық қатынастарына негізделеді. 

Валюталық бағамның қажеттігі:

  • тауарлар мен қызметтермен сауда-саттықта, капиталдар мен несиелер қозғалысы барысында өзара валюталарды айырбастайды. Импортер ұлттық валютасын шетелден тауар алғаны үшін шетел валютасына ауыстырады.
  • дүниежүзілік және ұлттық нарықтағы бағаларды, сол сияқты әр елдің құндық көрсеткіштерін салыстыруға;
  • фирмалардың және банктердің шетел валютасындағы шоттарын үздіксіз қайта бағалап отыруға.

Жалпы алғанда валюталық бағамның қозғалысының бағыттарын анықтайтын факторларды үш топқа бөлуге болады: фундаментальды, техникалық және қысқа мерзімді күтпеген факторлар.

Фундаментальды факторлар – орта мерзімде әрекет ететін ұлттық экономиканың жағдайының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері болып табылады. әдетте олар, ұлттық статистикалық органдармен жарияланатын макроэкономикалық статистиканың мәліметтерін білдіреді. Мынадай негізгі факторлар бар: сатып алу қабілетінің паритеті бойынша валюталық бағам, жалпы ұлттық өнім, нақты пайыз мөлшерлемесінің деңгейі, жұмыссыздық деңгейі, инфляция, төлем балансы, өнеркәсіптік өндіріс индексі, іскерлік индексі.

Техникалық талдау – бұл бағамды жүргізу графигін (чарт) талдауды сипаттайды. График-чарттардың келесідей типтерін ажырата білу керек: сызықты, кесінді графиктері, жапон шамдарының «крестиктер – ноликтер» графигі. Валюталық бағамның қозғалысы толқынға ұқсас болып келеді және онда бір жерде жоғарласа, екінші бір жерде төмендеуі байқалады.

Валюта бағамы - бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша бірлігіне қатысты бағасы. Валюталардың бағамдарын анықтау бағамдау (котировка) деп аталады. Бағамдау екі түрге: тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей бағамдауда шетел валютасының құны ұлттық валютамен бейнеленеді.

 

Тікелей бағам = Ұлтттық валюта / Шетел валютасы

 

Жанама бағамдауда ұлттық валютаның шетел құны валютамен бейнеленеді.

 

Жанама бағам = Шетел валютасы / Ұлтттық валюта

 

Мысалы, тікелей бағамдауда: 1 АҚШ доллары = 117 теңге 17 тиын болса, ал жанама бағамдау бойынша: 1 теңге = 0,008 АҚШ доллары

Жанама бағамды кейде мынадай формуламен беруге болады:

 

Жанама бағам = 1 / Тікелей бағам

Кросс-бағам – бұл үшінші валютаға байланысты анықталатын екі валютаның шекті қатынасы.

Кросс-бағамының (Кб) есебін төмендегідей формуламен беруге болады. Мысалға, теңгенің кросс-бағамын есептеу.

 

          Шетел валютасының долларға қатысты бағамы

 Кб (теңге) = ¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾

 Ұлттық валютаның  долларға қатысты бағамы

 

Валюталық мәмілелерді іске асыруға байланысты бағамдарды спот және форвард деп бөледі.

Спот бағам мәміле жасалғаннан кейінгі екінші жұмыс күнінде валютаны айырбастау шартына сәйкес мәміле жасау уақытында бекітілген валюта бағамы.

Форвардтық бағам – белгілі бір уақыттан кейін белгілі болатын валютаның болашақ құны. Форвардтық бағам кейде споттық бағамнан жоғары немесе төмен болуы мүмкін.

Форвардтық бағам валюталық форвардтық контрактімен валюталық мәміле жасауда қолданылады Валюталық нарыққа қатысушылардың арасындағы валюталық операциялар валюталары айырбастаусыз және олардың пропорцияларын анықтаусыз жүзеге аспайды. Бір валютаны басқа валютаға айырбастау деп шетел валютасын ұлттық валютаға немесе басқа валюталарға сату,сатып алу. Ал оларды айырбастау пропорциялары валюталық котировка арқылы анықталады. Валюталар котировкасы айырбасқа ұсынған екі ақша бірлігінің қатынасын анықтауға мүмкіндік береді. Көптеген елдерде валюталық бағамды бекіткенде жанама баға белгіленімі қолданылады. Ол мынадай мағынаны береді: шетел валютасының белгісінің бір сомасы, ұлттық валюталық сәйкес сомасының өзгерісін көрсету үшін қолданылады. Жаңа баға белгіленімін көп қолданбайды. Бұл жағдайда негіз ретінде ұлттық валютаның бірлігі болады. Бұл баға белгіленімі көбінесе Ұлыбританияда қолданылады.

Валюталық баға белгіленімінің түрі валютаның жағдайына, оның курстық деңгейіне әсер етпейді, өйткені валюталық бағамның мәні өзгермей тек формасы ғана өзгереді.

Әр валюта бойынша сұраныс пен ұсынысты салыстыру жолымен банкаралық бағамды анықтаудан және тіркеуден тұратын баға белгілеу процедурасы фиксинг деп аталады. Фиксинг негізінде егер банк валютаны сатса, сатушының бағамы бекітіледі. Ал егер валютаны сатып алса, сатып алушының бағамы бекітіледі.

Сатушы және сатып алушы курстарының арасындағы айырма банктің шығындарын жабу үшін қолданылады және банк табысын құрайды. Бұл айырма маржа немесе спред деп аталады да, валюталық нарықта болатын нақты жағдайы және валюта статусына, мәміле көлеміне, компанияның немесе банктің статусына байланысты өзгереді.

Сауда-өнеркәсіп клиентурасы үшін валюталар котировкасы банкімен кросс-курс негізінде бекітіледі. Кросс-бағам бұл екі валютаның, олардың үшінші валютаға қатысты есептелінетін бағамнан шығатын қатынасын білдіреді.

Валюталық нарықтың дамуына байланысты қазақстандық банктер үшін валюталық тәуекелді басқару өте маңызды болып келеді.

Валюталық немесе курстық тәуекел – бұл қандай да бір шетелдік валютаның қатынасы кезінде курсының өзгеруі нәтижесінде зиян шеккен банктерде өз қорларының бір бөлігінің жоғалуына, табыстардың толық алынбауына немесе қосымша шығындардың шығып кетуіне алып келеді.

Валюталық курсы салыстырмалы түрде бір – біріне әрдайым да өзгерістер болатыны белгілі, ол банк қызметінің пайдасы мен шығынында көрініс табады.

 

3. 3 Валюталық курстың  қалыптасуына әсер ететін факторлар

Валюталық нарықтар қызметі мен алып-сатарлық валюталық операциялар. Егер қандай да бір валюта бағамы түсетін болса, оны банктер тез арада тұрақты валютаға сатуға тырысады.

Белгілі бір валютаның Еуронарықта және халықаралық есеп айырысуда пайдалану дәрежесі. Мысалға: Еуробанктер 60-70% операцияларын АҚШ ($) долларымен жасағандықтан, оған деген сұраныс пен ұсыныс ауқымы анықталады.

Халықаралық төлемдердің жеделдетілуі немесе кешіктірілуі де валюталар бағамына әсер етеді.

Валютаға деген ұлттық және халықаралық нарықтағы сенімділік дәрежесі.

Валюталық саясат. Нарықтың және мемлекеттік реттеудің шекті қатынасы оның динамикасына әсер етеді.

Валюталық курсқа әсер ететін факторларға мыналарды жатқызуға болады:1. Инфляция қарқыны. 2. Төлем балансының жағдайы. 3. Әр түрлі елдердегі проценттік ставкалардың айырмашылығы. 4. Валюталық нарықтар қызметі және спекулятивті валюталық операциялар. 5. Халықаралық есеп айырысуларда белгілі валютаны пайдалану дәрежесі. 6. Халықаралық төлемдердің жеделдеуі немесе кідірісі. 7. Ұлттық және әлемдік нарықтарда валютаға сену дәрежесі. 8. Валюталық саясат. Сонымен, валюталық курсты қалыптастыру – бұл ұлттық және әлемдік экономика және саясаттың өзара байланысымен шартталған, күрделі көпфакторлы процесс. Сондықтан валюта курсын болжау кезінде курс қалыптастырушы факторлар ескеріледі.

Инфляция қарқыны. Инфляция қаншалықты жоғары болса, ол елдің валютасының бағамы төмен болады. Ақшаның инфляциялық құнсыздануы, ол ел валютасының төлем қабілеттігін және басқа елдің валютасына қатысты бағамын төмендетеді.

Төлем балансының жағдайы. Егер де төлем балансының жағдайы активті болса, онда шетелдік борышқорлар жақтан ұлттық валютаға сұраныс өсіп, ұлттық валютаның курсын жоғарлатуға мүмкіндік береді. Ал пассивтік болса, борышқорлар оларды өздерінің сыртқы міндеттемелерін өтеу үшін шетел валютасына сатып, ұлттық валюта бағамын төмендетеді.

Әр елдегі пайыз мөлшерлемесіндегі айырма. Бұл фактордың валюталық бағамға әсері екі жағдаймен болады:

Елдегі пайыз мөлшерлемесіндегі өзгерістер, капиталдың халықаралық қозғалысына, ең алдымен , қысқа мерзімді қозғалысына әсер етеді. Шын мәнінде пайыз мөлшерлемесінің өсуі, шетел капиталының ішке ағылуын ынталандырып, ал оның төмендеуі ұлттық капиталдың шетелге шығуына жол береді;

Пайыз мөлшерлемесі валюталық нарықтағы операцияларға және қарыздың капиталдар нарығына әсер етеді, яғни шетелден арзан несие алып, оны ішкі нарыққа орналастырады.

Қысқа мерзімді күтпеген факторлар валюталық бағам динамикасына маңызды түзетулер енгізуі мүмкін. Оларға мыналар жатады: төтенше оқиғалар (форс-мажор), саяси оқиғалар, саяси лидерлердің сөздері, валюталық инвестиция.

3.4 Валюталық курс  теориялары

Халықаралық экономикадағы валюталық курс теориясы. Жалпы тепе-теңдік теориясы. Сатып алушылық қабілетінің теориясы. Пайыздық мөлшерлеме айырмашылығы және инфляция қарқыны айырмашылығынан валюталық курс өзгерісі деңгейін анықтаудағы Фишер тиімі. Валюталық курстың ақша теориясы, оның жалпы валюта курсы теориясынан айырмашылығы. 

 

Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 

  1. Валютаға деген ұлттық және халықаралық нарықтағы сенімділік дәрежесі
  2. Халықаралық экономикадағы валюталық курс теориясы.
  3. Валюталық бағамның қажеттігі:

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Вайс М.Д. Делай деньги во время паники на бирже : учебник / М. Д. Вайс. - СПб. : Питер, 2005. – с.15 - (Школа валютных трейдеров).
  2. Дорси В. Анатомия биржевого рынка: Методы оценки уверенности и ожиданий трейдеров и рыночных тенденций : научное издание / В. Дорси ; Школа валютных трейдеров "Forex club". - СПб. : Питер, 2005.–с 118.
  3. Саниев М.С. Ақша, несие, банктер. Оқулық. Алматы: 2001 ж.-156 б.

 

4 Мемлекеттің  валюталық саясатын  қалыптастыру 

Лекция мақсаты: Валюталық бақылау және валюталық реттеудегі валюталық саясаттың орнын анықтау. Валюталық саясат құралдарымен таныстыру.

 

4.1  Валюталық  курс шамасын реттеу

4.2  Валюталық  саясат, оның нысандары және түрлері

4.3  Қазақстандағы  валюталық және экспорттық бақылау  ерекшеліктері

4.4  Валюталық  саясатты қалыптастыру негізі ретіндегі валюталық курс шамасын мемлекеттік және нарықтық реттеу

 

4.1  Валюталық  курс шамасын реттеу

Валюталық реттеу - валюта айналысын басқаруға, валюталық операцияларға бақылау жасауға, ұлттық валютаның бағасына ықпал етуге, шетел валютасын пайдалануды шектеуге байланысты мемлекет органдарының қызметі. ҚР-да валютаны реттеуді жүргізуге валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы ҚР-заңын жетекшілікке алады.

1973 жылдан бастап дамыған  елдер валюталарды өзара айырбастаудағы  тұрақты қатынастардан бас тартып, валюталық нарықтарда сұраныс пен ұсынысқа байланысты еркін орын алатын «құбылмалы» бағамдарына ауысты. Валюталық нарықтардағы фактілердің тұрақты болмауына байланысты, дамыған батыс елдердің валюталары көп өзгереді, ол бір ай ішінде 5-10 пайыз болуы мүмкін.мұндай «құбылмалы» валюталық бағамдардың өзгерістері халықаралық есепті жүзеге асырғанда көптеген қиындықтар туғызады. Осыған байланысты кейбір елдер валюталық топтар құрып, өздерінің валюталары арасындағы тұрақты қатынасты орнатады.

Кейбір мемлекеттерде операцияның әр түрі бойынша қолданылатын ұлттық валюта бағамдарының бірнеше түрі бар. Бельгияда 2 бағам қолданылады: біреуі – коммерциялық, екіншісі – қаржылық операциялар бойынша. Дамушы елдерде валюталық бағамдардың көптігі белгілі тауарларды экспорттық қолдау үшін және импорттық кейбір түрлерін шектеу үшін қолданылады.

Айырбас валюталық бағамдардан басқа статистикалық және экономикалық талдау кезінде қолданылатын есептеу бағамдары бар. Оған жататын орташа бағам – сатушы және сатып алушы бағамдарының арифметикалық орташасы. Шын мәнінде айтсақ мұндай бағам жоқ, бірақ оның мөлшері күнделікті ақпарат құралдарында жарияланады.

Батыста көптеген валюталық  бағамдардың индекстері тараған. Валюта бағамдарының ағымын талдау барысында номиналдық және нақты валюталық бағамдардың индексі қолданылады. Соңғысы, әдетте валюталық бағам өзгерістерінің бәсекелестік қабілетке әсерін тереңірек оқып білу үшін, оның ішінде валюталар инфляциялық құнсыздануға ұшыраған жағдайда пайдаланылады.

 

4.2  Валюталық саясат, оның нысандары және түрлері

Валюталық саясат - бұл елдің ағымдық және стратегиялық мақсаттарына сәйкес халықаралық валюталық және басқа экономикалық қатынастар аумағында жүзеге асырылатын шаралар жиынтығы.

Валюталық саясат экономикалық саясаттың ең басты мақсатттары:  тұрақты экономикалық өсуді қамтамассыз етуге, жұмыссыздық пен инфляцияның өсуін тоқтатуға, төлем баланысындағы тепе-теңдікті ұстап отыруға бағытталады.

Валюталық саясаттың басты бағыттары мен формалары елдердің валюталық-экономиклық жағдайына, әлемдік шаруашылықтың эволюциларына, әлемдік арендағы күштердің орналасуына байланысты анықталады.

Информация о работе Валюталық операциялар