Валюталық операциялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2014 в 09:03, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының “Валюталық реттеу туралы” заңына (24.12.1996 ж.) сәйкес, “валюта – мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірліктері немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат металлдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бірақ айналымда жүрген ақша белгісімен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түріндегі қолма-қол және аударым нысандарындағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, соның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражаттары”. Осы заңда “валюталық операцияларға” төмендегідей түсінік берілген:

Прикрепленные файлы: 1 файл

Валюталы__ операциялар.doc

— 749.50 Кб (Скачать документ)

 

6.1  Төлем балансы, ұғымы, мазмұны және түрлері

Төлем балансы – елдің белгілі бір уақыт ішінде шетелге шығарылғандарынан түскен түсімдері мен сырттан әкелінген тауарлары мен қызметтері үшін төленген төлемдер арасындағы шекті қатынасы.

6.2  Төлем балансының  құрылымы

Еліміздегі төлем балансы мынандай бөлімдерді қамтиды:

А. Ағымдағы шот.

В. Капитал және қаржымен жасалатын операциялар шоты.

С. Қателер мен қалып қойғандар.

Д. Қаржыландыру

Ағымдағы шотта мыналар көрсетіледі:

Сауда балансы:

Экспорт

Импорт

Таза қызметтер:

Жүк тасымалдау

Адамдар тасымалдау

Байланыс қызметі

Туризм

Басқа

Табыстар:

Займдар және несиелер бойынша сыйақы (мүдделендіру)

Резервтер бойынша сыйақы (мүдделендіру)

Басқа да

Ағымдағы трансферттер

Гуманитарлық көмектер

Техникалық көмектер

Гранттар

Капитал және қаржымен жасалатын операциялар шотында мыналар көрсетіледі:

Тікелей инвестициялар

Портфелдік инвестициялар

Мигранттардың трансферттері

Сауда (коммерциялық) несиелері

Займдар

Басқа инвестициялар

Қателер мен қалып қойғандар шотында ресми түрде резидент еместермен ескерілмей қалғандарды, соған қоса «көлеңкелі бизнесті» есепке алады.

Жалпы төлем балансы ағымдағы операциялар бойынша төлем балансын, капиталдар мен несиелердің қозғалысының балансы, сондай-ақ алтын және валюта резервтерінің қозғалысын құрайды.

Жалпы төлем балансы әрдайым теңесіп отырылады, яғни оның активтік және пассивтік операциялары біріңғай шаманы құрады.

Қаржыландыру шотында мыналар есепке алынады:

Қазақстан Ұлттық банкінің резервтік активтері

Монеталы алтын

Шетел валютасы

ХВҚ несиелері

Қазақстанда төлем балансын Ұлттық банк жасайды. Төлем балансының басты ерекшелігі – мұнда қаражаттардың ағымы, олардың мерзімі ішінде өзгерісі ғана көрсетіліп, босалқы бөлшектер мен қорлар есепке алынбайды. Мұндағы ағымдағы операциялар шотында оң қалдықтың болуы тауарлар мен қызметтердің экспортын, табыстар мен трансферттердің түсімін білдірсе, ал теріс қалдықтың түзілуі тауарлар мен қызметтер импортын төленген табыстар мен трансферттердің болуын сипаттайды. Капиталдармен жасалатын операциялар шотындағы оң көрсеткіш сол елдің резидент еместер алдындағы міндеттемелерінің өсуін және резиденттер жағынан резидент еместерге деген талаптардың қысқаруын сипаттаса; ал теріс шама елдің резидент еместер алдындағы міндеттемелердің қысқаруын және резиденттер жағынан резидент еместерге қойылатын талаптардың өсуін сипаттайды.

Төлем балансынан есеп айрысу балансын ажырата білу қажет.

Есеп айрысу балансы – елдің шетелге қатысты талаптары мен міндеттемелері.

Мұндай талаптар мен міндеттемелерге мемлекеттік (алтын-валюта және басқа да) және жәке активтер, тікелей инвестициялар, алынған және берілген несиелер , қаржы және қаржы емес  корпорациялардың міндеттемелері жатады. Төлем балансынан бір айырмашылығы есеп айрысу балансында басқа елдерге қатысты төлем жасалмаған барлық талаптар мен міндеттемелер  қамтылады.  

 

6.3  Төлем балансы тұжырымдамасы және төлем балансын реттеу әдістері

6.4  Қазақстанның  төлем балансының ерекшеліктері

Кез келген елдің дүние жүзінің  басқа елдермен экономикалық байланыстары оның төлем балансында қамтып көрсетіледі.

Төлем балансы дегеніміз уақыттың белгілі бір межелдемесінде бір елдің дүние жүзінің басқа елдерімен шаруашылық опреациялары жалпы қорытылып көрсететін көрсеткіштердің жүйесі. Ол мына бөлімдерді қамтиды:

Ағымдағы есеп (сауда балансы);

Капиталмен және қаржылармен болатын операциялардың есебі;

Резервтік архивтер;

Таза қателер мен рұқсатнамалар.

Ағымдағы есеп мыналарды қамтып көрсетеді: тауарлармен жасалынатын операцияларды- экспорт пен импортты; қызметтер көрсетуді- жүк, жолаушылар тасымалы, байланыс, туризм қызметтері, гранттар. Қызмет көрсету факторлық және факторлық емес болып бөлінеді. Факторлық қызметтер көрсету өндіріс факторларын- еңбек пен капиталды пайдаланудан алынған табыстардын тұрады, инвестициялар мен резервтерден түсетін табыстар, капиталдан түсетін табыстар дивиденттер, пайыздар, басқадай табыстар түрінде болуы мүмкін. Факторлық емес қызмет көрсету жүк және жолаушылар тасымалдарын, туризмді, байланысты, көрсететін консультациялық және оқыту қызметтері түріндегі техникалық көмекті және бірқатар қызметтер көрсетуді кіріктіреді.

Ағымдағы операциялар шоты және капиталмен жасалынатын шот өзара байланысты: біріншінің тапшылығы сырттан капиталдың құйылымы есебінен жабылады; ағымдағы операциялардың актив шоты жағдайы кезінде капитал мен кредиттер жылыстайды.

Резервтік активтердің жайғасымы монетарлық алтынды, қарыз алудың арнаулы құқықтарын, шетелдік валютадағы талаптарды қамтиды, басқа елдерге қатысты міндеттемелерді шегергеннен кейін таза алтын резервтері жасалады.

Қателер мен рұхсатнамалар «көлеңкелі бизнесті» қоса алғанда, бейрезиденттермен жасалынатын ресми есепке алынбаған операцияларды сипаттайды.

Төлем байланысының жай –күйі ең алдымен сауда балансының жай-күйімен айқындалады. Операциялар қосалқы жазба жүйесі бойынша – дебет және кредит бойынша екі мөлшер теңдігімен, бірақ қарама-қарсылық белгілермен қамтып көрсетіледі. Кредит жазбаларының сомасы дебет сомасының тең болуы тиіс, ал таза баланс нөлге тең болады.

Төлем балансының жай-күйі ең алдымен сауда балансының жай-күйімен айқындалады. Мұндай міндетті шешу ұлттық шаруашылықты тұтынушының орнына «өндіруші тұрпатындағы» экономика арнасына қайта бағдарлау жөнінде едәуір күш жұмысауды және шикізат өндіруші сектордың экспорттық әулетін ғана емес, сонымен бірге өндірістің кейінгі технологиялық өзгертіп жасау салаларының өнімі бойынша да ұлғайтуды талап етеді.

 

Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 

  1. Төлем балансының жай-күйі
  2. қазақстанның төлем балансының ерекшеліктері
  3. Төлем балансын реттеу әдістері

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Международные валютно-кредитные и финансовые отношения : учебник / Финансовая академия при Правительстве РФ ; ред. : Л. Н. Красавина. - М. : Финансы и статистика, 2007. - с. 389
  2. Тауипбаева М.С. Валюталық тәртіптің либерализациясы және валюталық нарықтың  дамуы: әлемдік тәжірибе және Қазақстан практикасы : 08.00.14 -Э.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс. / М. С. Тауипбаева ; ҚазЭУ. - Алматы, 2006. - 82 б.
  3. www.national kz
  4. Омирбаев С.М. «Финансы» Астана 2002 г.

 

7 Халықаралық банк ісінің  негіздері  және валюта-қаржы лық қатынастар 

 

Лекцияның мақсаты: Халықаралық банк ісі негіздерінедгі валюталық операциялардың алатын орнымен таныстыру, жүзеге асырылатын валюталық операциялар ерекшілігін ажырату

 

7.1 Халықаралық  банк ісінің негіздері 

7.2  Халықаралық  корреспонденттік қатынастар

7.3  Халықаралық  валюталық банктік аударымдар

 

7. 1 Халықаралық  банк ісінің негіздері 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Халықаралық қаржы ұйымдарымен қатынасты мынадай бағыттарда дамытады және қолдайды:

  • Ұлтық Банкке және Қазақстан Республикасына халықаралық қаржы ұйымдары берген кредит желілеріне қызмет көрсету.
  • Кредиттік желілерді тарту бойынша халықаралық қаржы ұйымдарымен келіссөздер жүргізу.
  • Банк секторы реформаларының мәселелері бойынша ХВҚ, ХҚДБ, ЕКДБ, АДБ миссияларымен Қазақстан Республикасында жұмыс жүргізу.

Қазақстан Республикасының халықаралық қаржы ұйымдарына мүшелігі.

Қазақстан Республикасының ағымдағы макроэкономикалық жай-күйі және реформалау барысы Қазақстанға халықаралық қаржы ұйымдарының кредит желілерін алуға негіз береді. Қазақстан Республикасының халықаралық қаржы ұйымдарына мүше болуының құқықтық шарттарын белгілейтін:

    • «Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына!»,
    • «Халықаралық Қайта құру және Даму Банкіне»,
    • «Халықаралық Қаржы Корпорациясына»,
    • «Халықаралық Даму Қауымдастығына»,
    • «Инвестициялық Кепілдіктер жөніндегі Көпжақты Агенттікке»,
    • «Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі Халықаралық орталыққа»,
    • «Еуропалық Қайта құру және Даму Банкіне»,
  • «Азия даму Банкіне» мүшелігі туралы 2001 жылғы 6 желтоқсанда № 264-ІІІ Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Халықаралық Валюта Қоры (ХВҚ) 1945 жылғы 27 желтоқсанда құрылды, ол кезде 1944 жылғы 1-22 шілдеде Бреттон-Вудта (АҚШ) өткізілген конференцияда Келісім Баптарына (Баптар) 29 ел қол қойған болатын. ХВҚ-да 110 елден шамамен 2600 қызметкер бар. 182 мемлекет ХВҚ-ның мүшелері болып табылады.

ХВҚ қаржы операцияларын 1947 жылғы 1 наурыздан жүргізе бастады. Есеп айырысу бірлігі – Қарыз алып пайдаланудың арнайы құқығы (ҚАҚ). Қаржылық қолдауға реттеу және реформа саясатын қолдау үшін төлем балансының проблемалары бар ХВҚ-на мүше-елдерге берілген несиелер мен заемдар кіреді.

Дүниежүзілік банктердің тобы 1994 жылы құрылды және оның құрамына бес қаржы институты кіреді:

    • Халықаралық Қайтақұру және Даму Банкі (International Bank for Reconstruction and Deyelopment);
    • Халықаралық даму ассоциациясы (The International Deyelopment Association),
    • Халықаралық қаржы корпорациясы (The International Finance Сorporation),
    • Инвестицияларға кепілдік беру бойынша көпжақты агенттік (The Multilateral Investment Guarantee Agency);
    • Инвестициялық дауларды реттеу бойынша халықаралық орталық (The International Centre for Settlement of Investment Disputes).

1992 жылғы шілдеде Қазақстан ХҚДБ, ХДА, ИКХА, ИДРХО – ның және 1993 жылғы қыркүйекте ХҚК-ның мүшесі болды.

Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі ( ЕКДБ) 1991 жылы құрылды. ЕКДБ 26 елге құрылымдық және экономикалық реформалар жүргізуге бағытталған қаржы көмегін көрсетеді. Ислам Даму Банкі (ИДБ) халықаралық дамуды қаржыландыратын және Джидда қаласында (Сауд Аравиясы) 1973 жылғы желтоқсанда өткен Ислам Мемлекеттері Министрлерінің Бірінші Конференциясында жарияланған Ниет Декларацияға сәйкес құрылған және Ислам Конференциясы Ұйымының (ИКҰ) 23 мүше мемлекетінің өкілдері қол қойған аймақтық қаржы ұйымы болып табылады. ИДБ 1975 жылғы 20 қазанда қызметіне кірісті.

ИДБ-ның мақсаты Шариғаттың принциптеріне сәйкес ИДБ-ның мүше –мемлекеттері мен мұсылман бірлестіктерінің экономикалық дамуына және әлеуметтік прогресіне көмек көрсету болып табылады. Құрамына 52 мемлекет мүше болып енді. ТМД елдерінен Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстан ИДБ-ның мүшесі болып табылады. Азия Даму Банкімен және Қазақстан Республикасының  мүдделі министрліктерімен және ведомстволарымен қаржы секторын басқару жөнінде техникалық көмек тарту мәселесі бойынша жұмыс жүргізіледі. 2004 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Азия Даму Банкі арасында Техникалық көмек көрсету мәселесі бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

 

7.2 Халықаралық корреспонденттік қатынастар

Халықаралық есеп айрысуларды жүзеге асыру үшін банктер шетел банктерінде өздерінің корреспонденттік шоттарын ашады. Корреспондеттік қатынас  – банктік қызмет көрсетумен байланысты операцияларды жүзеге асыру мақсатынды банктер бір бірінде өзара корреспондеттік шот ашумен байланысты жасалған келісім-шарттық қатынасты сипаттайды.

Корреспондент банк-  клиенттерге қызмет көрсетуге байланысты операциялар мен банкаралық операцияларды корреспонденттік келісім-шарт негізінде өзге банктің тапсырмасын орындаушы банк.

Ондай шоттар екі түрлі болып келеді:

НОСТРО шоты (біздің шотымыз сізде) – банк-корреспондентте коммерциялық банктің атына ашылған ағымдық шот;

ЛОРО шоты (сіздің шотыңыз бізде) – коммерциялық банкте банк-корреспонденттің атына ашылған ағымдық шот. Бұл коммерциялық банктердiң өзара есеп айырысуларды жүргiзуге арналған елдiң орталық банкiнде  және банктердiң бiр-бiрiнде ашатын шоты - Корреспонденттiк шот. Шетел валютасындаңы есеп айыруды Ұлттық Банктер лицензия алған екінші деңгейлі банктер жүргізеді. Халықаралық есеп – айырулар шетел банктері арқылы жүргізіледі және үшін корреспонденттік қатынастар орнатылған.  Корреспонденттік қатынастар негізінде ашылатын шоттың валюта түрін, солар бойынша сый-ақы  есептелуін, осы шоттан қаржы аудару тәртібін комиссиондық сый-ақы бойынша есеп – айыруларды, телеграфтық және пошталық шотттар бойынша есеп – айыруларды жүргізіледі.

Корреспонденттік қатынастар бекітімі безендіріледі. Мұнда шетел валютасындағы шоттардың барлық шарттары көрсетіледі. Банк   корреспонденттер лауазымды тұлғалардың қатынастық үлгілері, кодтар және цифрлар альбомдарымен алмасады. Олар аударуды безендіру кезінде қолданылады. Мұндай корреспонденттік шоттар бір-бірінде немесе банкттің біреуінде ашылады. Шетел валютасында операциялар жүргізу бойынша талаптар № 165-ші инструкция мен оған қосымшада көрсетілген.

Информация о работе Валюталық операциялар