Валюталық операциялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2014 в 09:03, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының “Валюталық реттеу туралы” заңына (24.12.1996 ж.) сәйкес, “валюта – мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірліктері немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат металлдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бірақ айналымда жүрген ақша белгісімен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түріндегі қолма-қол және аударым нысандарындағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, соның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражаттары”. Осы заңда “валюталық операцияларға” төмендегідей түсінік берілген:

Прикрепленные файлы: 1 файл

Валюталы__ операциялар.doc

— 749.50 Кб (Скачать документ)

Синтетикалық есеп тек теңгеде жүргізіледі, ал аналитикалық есеп екі валютада жүргізіледі, яғни операция жүргізген күні номинал бойынша шетел валютасында және Ұлттық Банктің курсы бойынша теңгеде жүргізіледі. Қай валютада есеп жүргізілгендігін анықтау үшін халықаралық стандарттар бойынша валюта кодтары қолданылады:

Дебеті бойынша шот иесінің бұйрығы бойынша төленетін және аударылатын валюта соммасы көрсетіледі. Кредиті бойынша банк корреспондентінің шотына өабылданатын валюта соммасы көрсетіледі. Аудару банк корреспондентінің келісімі бойынша жүргізіледі,  ал материалдардың өшірілуі банк корреспондентінің рұқсаты бойынша жүргізіледі. Дебеттік сальдо құрылған кезде, сол күні ол туралы банкке хабарлануы керек. Берілген шоттар бойынша қозғалыс Ұлттық Банктің ресми курсымен тенгеде белгіленеді, сондықтан ресми және нақты курс бойынша айырма операция жүргізу барысында бірден банктің кірісі мен шығысы бойынша қортынды шотында бейнеленеді. Шетел валютасын сатып алу кезінде шынайылығы, төлемділігі және оның  Ұлттық Банктің курстық бюллетенінде болуы тексеріледі.

 

7.3  Халықаралық  валюталық банктік аударымдар

Халықаралық есеп айырысулар  және төлемдер  ұғымдарының  ерекшеліктері.

Халықаралық төлем әдістеріне жатады:

- аванстық төлем

- аккредитивтік төлем

- жөнелтілгеннен кейін  төлем

- инкассолық төлем

Халықаралық есеп айырысу әдістеріне жатады:

- пошталық төлем тапсырмалары

- телеграфтық/телекстық  төлем тапсырмалары

- аударым векселдері

- банктік тратталар

Банктік аударым – банктік аударым жасаушының жасаған тапсырмасы негізінде барлық есеп айырысудағы валюталық түсімдердің өкілетті банктердің шотына есепке алынуын білдіреді. Банктің аудару дегеніміз-ол  бір банкің екінше банкке алушыға белгілі бір соммаға төлемді аударуға берген тапсырмасы болып есептеледі.

Комиссиондық операцияларда бактің аудару формасы түріндегі есеп айырулар  келесі түрде жұргізіледі: келісім жасап , оған қол қойған кезде экспортер белгіленген мерзімде тауар тиеуді жүргізеді және аударушыдан транспорттық құжаттарды алып, оны басқа да құжаттармен бірге алушыға комплекс ретінде жібереді. Төлеуші, яғни импортер құжаттарды алып және келісім шартының орындалғанына көзі жеткеннен кейін тауарға иелік етеді. Тауардың бағасын төлеу үшін төлеуші өзінің банкіне керекті қаржыларды аудару туралы өтініш әкелуге міндетті. Аудару туралы өтініште алушы банктің нақты берілгендері, төлемнің  мақсаты және аударудың ерекше шарттары болуы керек. Аудару туралы өтініш 3 данада толтырылады. Оның біреуі аударудың тәсілімен тәуекелділікте алушыға дейін жеткізілуі тиіс. Өз кезегінде импортердің банкі құжаттың және шетел валютасындағы ағымды шоттағы қаржылардың бар болуын тексереді.

Банктік аударым – банктің өзінің банк – корреспондентке өтініш бойынша белгілі бір ақша сомасын төлеуді тапсырады.Коммерциялық   және   тауар   жөнелтіп   құжаттары     экспортшыдан есеп айырысу нысанында жіберіледі.

Аударым операциясын жүргізген кезде аударымды алушы банк аударымға жетекшілік  етеді.

Мысалы, бұл жерде өтініште көрсетілген коммерциялық және қаржылық құжаттар немесе қол хатты ұсынуға қарсы сәйкес соманы бенефициарға төлеу туралы шарт қойылуы мүмкін.

Аудармалы операцияны жүзеге асыру кезінде банктер есеп айырысу жүргізуге тек төлеуші банкке келісім шартты төлеу өтінішін ұсынғаннан кейін ғана аударым жол арқылы қатыса алады.

Халықаралық тәжірбиеге сәйкес аудары операцияларын жүзеге асыру кезінде банктер тауарды жеткізу немесе құжаттарды импортшыға беру, сондай – ақ келісім шарт бойынша төлемнің орындалу фактісін бақыламайды. Есеп айырысудың есеп нысанында банктің қызметіне аударым өтініш ұсыну кезінде алушы шотына аударымды жіберуші шотынан төлемді аудару ғана жатады.

Осыдан келіп шетел жабдықтаушылары және сатып алушылармен ең алдымен келісімшарт жасасуды қарастырады. Содан кейін импортшы банкке аударым туралы өтінішті жібереді. Тауарды жеткізу өзара шарт және валюталық заңдылықта шарттан бұрын төлену мүмкін. Ақша қаражаттарын аудару негізінде сатып алушы еліне жабдықтаушыдан тауар түскен кезде жүргізіледі. Төлеуші өз банкіне аударымға өтініш жібереді, соңғысы кредиттік авизоны жабдықтаушы төлемін есептеу үшін жіберіледі. Өтініш негізінде банк импортшының ағымдағы валюталық шотынан шетел валютасындағы соманы есептеп шығарады.

Экспортталаған тауарларға банктік аударымдарды есептеу кезінде шетел банкінен сәйкес құжаттар және корреспонденттік шот көшірмесі келіп түседі.

Өкілетті банктер Қазакстандық аударымды жіберушілердің шетелге импортталатын тауар, тауарлық құжаттар немесе қызмет көрсетулер және тағыда басқа бойынша құжаттардың құнын шетел валютасында төлеу тапсырысын орындайды, егер олардың шартында өзара шарт құнын (15-30 пайыз) аванспен яғни тауарды тиегенге дейін төлеу туралы ереже көрсетілген болса, онда өзара шарт бойынша авансты төлеу үшін қолдануы мүмкін. Негізгі бөлігі нақты төленген тауар үшін төленеді.

Аванстық төлеген экспортшының жасырын несиелеуін білдіреді және импотшы үшін тиімсіз. Одан басқа, авансты аудару импортшы үшін экспортшының келісімшартта  және тауарды жеткізуді орындамаған жағдайында ақшаны жоғалту тәуекеліне ұшырату мүмкін.

Импортшының аванста қайтарымау тәуекелділігінен сақтаудың бірнеше әдісі бар:

    • авансты қайтару бойынша банк кепілдігін алу (аванстың төлемге дейін бірінші сыныпты банктің кепілі ресімделеді);
    • шартты аударымды пайдалану (экспортшы банкі, ол белгілі мерзімі аралығына көлік құжаттарын ұсынған кезде оның шотына авансты төлеуді жүргізеді).

Осы жүйе бойынша ақша аударымдары қызмет көрсету орындары мен қосалқы огенттері арқылы жүргізіледі. Қызмет көрсету  орындары банк филиалдары болуы мүмкін,  ал қосалқы агенттер – міндетті  түрде корпорациямен  мақұлданған басқа да коммерциялық банктер және құрылымдар.

Келесі сызба  арқылы банктік аударым шоттарын көре аламыз:

 

Аударым алушы                                  1                                       аударым

Экспортеры                                          3                                       беруші


(бенефициар)                                                                               мпортеры


2 5

 

Экспортер                                        4                                          Импортер


   банкі                                                                                               банкі

 3 - сызба

Банктік аударым шоттарының схемасы

  1. Импортер және экспортер арасындағы жасаған келісім шарттан кейін импортер банкке аудару өтініш қағазын жібереді (2). Мемлекеттік валюталық заңда және көрсетілген келісім шартта тауар жеткізу  төлем құралын құрайды (3).

Банк импартеры, имартердан төлем талап тапсырмасын алғаннан кейін, экспартер банккіне сәйкес өз атынан төлем талап тапсырмасын бағыттайды. (4). Төлем талап тапсырмасын алғаннан кейін, экспартер банкі экспартер шотына ақша қаражаттарын енгізу операцияларын қадағалайды (5) .

Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 

  1. Халықаралық банк ісіндегі валюталық операциялар
  2. Халықаралық төлем әдістері
  3. Халықаралық есеп айыру әдістері

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Банковское дело. (Настольная книга банкира): Учебное пособие/ Под научной ред. А.А. Абишева, С.А. Святова. – Алматы: Экономика, 2007
  2. Долан Э. Дж., Кэмпбелл К. Д., Кэмпбелл Р. Дж. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика. СПб., 1993.
  3. Синки Дж. Ф. мл. Управление финансами в коммерческих банках. Пер. с англ. / Под ред. Р. Я. Левиты, Б. С. Пинскера. – М.: Са1а1аху, 1994.
  4. Исламская экономика и исламский банкинг: вопросы теории. Аманжолов С.А. стр.17  Банки Казахстана. № 9 2008 ж.

 

8 Халықаралық есеп айырысуларды және төлемдерді  жүргізу ерекшеліктері 

 

Лекцияның мақсаты: Халықаралық есеп айыру нысандары мен төлемдерді жүргізу ерекшеліктерімен таныстыру

8.1  Халықаралық  есеп айырысулардың және төлемдердің  ерекшелік белгілері

8.2 Халықаралық  есеп айырысулар мен төлемдерді  жүргізудің валюта-қаржылық  шарттары

8.3  Халықаралық  есеп айырысулар  және  төлемдердің  нысандары

 

8.1 Халықаралық  есеп айырысулардың және төлемдердің  ерекшелік белгілері

Сыртқы саудада  есеп айырысудың мынадай формалары қолданылады: құжатталған аккредитив, құжатталған инкассо, банктік аударым.

Құжатталған аккредитив – аккредитивте көрсетілген құжаттарға қарсы экспортердың (бенефициарға) пайдасына өзінің бұйырушы-клиентінің (импортердің) өтініші  бойынша жасайтын аккредитив ашушы банктің (эмитент-банктің) міндеттемесін білдіреді.

Құжатталған инкассо  - эмитент-банктің, сенім білдірушінің берген құжаттарын төлеушіге (импортерға) төлеу үшін ұсынуға немесе ақшасын алып беруге өзіне алған міндеттемесі.

Банктік аударым – банктік аударым жасаушының жасаған тапсырмасы негізінде барлық есеп айырысудағы валюталық түсімдердің өкілетті банктердің шотына есепке алынуын білдіреді.

Халықаралық  және отандық банктік тәжірибеде есеп айырысудың ең көп қолданылатын түрлеріне инкассо мен аккредитив жатады.

Инкассо – сатушы (экспортер) мен сатып алушыны (импортердің) арасында банктің делдал қызметін атқаруымен байланысты операция. Аталған операция инкассоның шарты көзделген құжаттарға қарсы төлемді жасау туралы сатушы тапсырмасы негізінде жүзеге асады.  Егер қаржылық құжаттарға (аудармалы вексель, жай вексель, чек және т.б ақшаны алуда пайдаланылатын құжаттар) қоса коммерциялық құжаттар (шот, жөнелту құжаттары, меншік құқығы туралы құжаттар) берілген болса, онда мұндай инкассо құжатты инкассо деп аталады. Таза инкассода қаржылық құжаттар ғана беріледі, яғни коммерциялық құжаттар бірге жүрмейді.

Таза және құжатты инкассомен операция жүргізуде банктер 1995 жылы толықтырылған «Инкассомен жұмыс жасаудың ортақ ережесін» басшылыққа алады.

 

8.2 Халықаралық  есеп айырысулар мен төлемдерді  жүргізудің валюта-қаржылық  шарттары

Инкассомен операция жасауда банктер ешқандай да төлем міндеттемесін алмайды. Олардың міндеті инкассоның нұсқаулығына сәйкес төлемдерге қарсы құжаттарды беру болып табылады.

Құжатты инкассода мынадай қатысушылар болады:

  • сатушы (экспортер) – инкассо бойынша банкке тапсырма беруші;
  • ремитент банк  - инкассо бойынша сатушының тапсырма беретін банкі;
  • инкассолаушы банк – инкассолау операциясына қатысушы ремитент банктен басқа кез келген банк;
  • хабарлаушы банк – төлеушіге хабарды жеткізуші банк;
  • сатып алушы (төлеуші) – инкассолық тапсырмаға сәйкес хабар берілетін тұлға.

Құжатты инкассо формасында есеп айырысу пайдалану төмендегі жағдайларда ұсынылады:

  • бірін бірі білетін серіктестер арасында;
  • сатушы сатып алушының төлем қабілетіне көз жеткізген жағдайда;
  • сатып алушы елдегі жағдай тұрақты немесе импорттық шектеулер жоқ болғанда.

Инкассомен есеп айырысудың сатып алушы үшін артықшылығы, ол тауарды жөнелткенге дейін оның құнын төлемей, төлем тек қана тауарды жөнелткендігін растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда  жасалады.

Сонымен қатар егер де ұсынылатын құжаттар келісімшартқа сай келмесе сатып алушының төлемнен бас тартуға немесе аз бөлігін төлеуге құқы бар. Өз кезегінде сатушы үшін оның артықшылығы мынада, яғни сатып алушы төлемді жасамайынша тауарға тиісті құжаттарды ала алмайды.

Аккредитивпен есеп айырысу жиі қолданылмайды, бірақ та ол нарық жағдайында біршама тұрақты есеп айырысу формасы.

Аккредитив - бұл  сатып алушының тапсырмасы бойынша сатып алушының (аккредетив ашушының) банкісінің жабдықтаушының банкісіне аккредитивте көрсетілген  құжаттарды жабдықтаушы (бнеефициар) бергеннен соң және аккредитивтің басқа да шарттарын орындаған жағдайда төлемді төлеуге берген шартты ақшалай міндеттемесі.

Егер де аккредитивті ашатын банк, клиенттің тапсырмасы бойынша қаражатты жабдықтаушының банкіне аударып қойса, онда аккредитивте көрсетілген барлық шарттардың орындалуы барысында төлемді жүзеге асыру үшін жабдықтаушының банкінде “Аккредитив” жеке баланстық шоты ашылады.

Аккредитив аша отырып, банк төлемді төлеуге кепілгер болып табылады. Бұл халықарылық банктің тәжірибедегі есеп айырысу формасының банктің кепілдігімен жасалатын жалғыз түрі. Қалған есеп айырысу формаларында банк клиенттің тапсырмасы бойынша және оның есебінен есеп айырысуға қатысады.

Жалпы аккредитивпен есеп айырысудың мынадай қатысушылары болады:

  • Өтініш иесі (аппликант, бұйрық беруші, импортер, трассат, сатушы). Бұл қатысушы банкке аккредитив ашуды тапсырады.
  • Бенефициар (экспортер, сатушы, трассант). Бұл қатысушының атына аккредитив ашылады.
  • Эмитент банк, яғни клиенттің (өтініш берушінің) атынан аккредитив ашатын банк.
  • Хабарлаушы банк, яғни хатпен немесе телекспен акрредитивтің ашылғандығын бенефициарға хабарлаушы банк. Оның басты міндеті хабарды жеткізбестен бұрын аккредитивтің шынайлығына көз жеткізуге тиіс.
  • Растаушы банк, яғни эмитент банктің сұрауы бойынша аккредитивке өзінің кепіл-хатын қосатын банк. Растаушы банк егер де эмитент банк міндеттемесін орындай алмаған жағдайда аккредитив бойынша төлемді төлеуге келісім береді.

Информация о работе Валюталық операциялар