Валюталық операциялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2014 в 09:03, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының “Валюталық реттеу туралы” заңына (24.12.1996 ж.) сәйкес, “валюта – мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірліктері немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат металлдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бірақ айналымда жүрген ақша белгісімен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түріндегі қолма-қол және аударым нысандарындағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, соның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражаттары”. Осы заңда “валюталық операцияларға” төмендегідей түсінік берілген:

Прикрепленные файлы: 1 файл

Валюталы__ операциялар.doc

— 749.50 Кб (Скачать документ)

Екінші кезеңде (1999—2001 ж. ж.) Еуропалық Орталық банк, алғашқы қадам ретінде валюта айырбасы операцияларында бірыңғай валютаны пайдаланатын болады. Коммерциялық банктер мен қаржы ұйымдары да валюталық рыноктарда осы жолды ұстанатын болады. Екінші кезеңнің келесі адамы (2002—2003 ж. ж.) ұлттық ақшаларды жаңа еуропалық ақша бірлігі — ЕУРО-ға алмастырады. Жаңа, бірыңғай валюта айналымға түседі. Алғашқы кезде (6 ай ішінде) жаңа валюта ұлттық валютамен бірдей айналымда болады. Көрсетілген уақыттың соңына қарай ұлттық ақшалар, жоспарға сай, өздерінің төлем құралы статусын жояды.

Үшінші кезеңде Еуропалық валюталық экономикалық одақ кеңістігіндегі банктік счеттардың барлығы еуропалық валютаға ауыстырылады. Экономистердің есептеуі бойынша, бірыңғай еуропалық валютаның дүние жүзіндегі ең қуатты валюталардың бірі болуына мол мүмкіндігі бар. Бұл валюта Еуропалық Одақты тұрақтандырып, инфляциямен күресті жеңілдетеді және АҚШ, Жапония сияқты елдермен рынок үшін шайқаста көмектеседі деп күтілуде.

ЕУРО-ның пайда болуы құнды қағаздармен байланысты келісім-шарттардың көлемін арттырады деген сенім бар. Қазіргі уақытта еуропалық қаржы рыноктары өздерінің шашырандылығына байланысты дүниежүзілік инвестициялардың аз ғана бөлігін қамтуға шамалары жетіп тұр. Қалыптасқан жағдай Еуропалық Одақтың қаржы-экономикалық мүмкіндіктеріне сәйкес емес. Бірыңғай валютаны енгізу дүние жүзі инвесторларының Еуропалық Одаққа мүдделілігін арттырары даусыз.

ЕУРО-ны енгізу аталған валюта рыногын бір сәтте дүние жүзіндегі ең маңызды рынокқа айналдырып жіберуі әбден мүмкін. Нәтижесінде, капиталдар рыногында бұл валютаның долларды ығыстыруға шамасы жететін болады. ЕУРО-ның орнығуы дүниежүзілік қаржы рыногына өте маңызды өзгерістер әкеледі. Бірыңғай еуропалық валюта Еуро доллар мен иенаға төтеп берердей күш-қуат жинайтын болады.

Жаңа ақша бірлігі бір валютаны екінші валютаға аударуға байланысты шығындары да күрт кемітеді. Мамандардың есептеулері бойынша бұл шығындар жылына 40—50 млрд. доллар сомасын құрайды.

ЕУРО-ны енгізудің тағы бір пайдасы биржалық маклерлер еуропалық валюталарды бұрынғыдай бір-біріне қатысты құнсыздандыру есебінен оңай олжа табу көздерінен біржола айырылады.

 

2.3 Әлемдік валюталық  жүйенің негізгі элементтері

Ұзақ тарихи дамудың нәтижесінде дүниежүзілік валюта жүйесінің негізгі элементтері қалыптасты. Олар:

• әлемдік ақшаның міндетті формасы (алтын, резервтік валюта, халықаралық валюталық өлшем);

• валюталардың айырбасталу шарттарын белгілеу;

• валюталық паритет пен валюта бағамы тәртібін үйлестіру;

• валюталық шектеу көлемін тәртіптеу;

• халықаралық валюта өтімділігінің құрамдас бөліктерін белгілеу (мысалы, ХВҚ 1970 жылдан айналымға жаңа халықаралық валюта өлшемі СДР-ды, ЕВҚҚ - 1979 жылдан еуропалық валюта өлшемі ЭКЮ-ді, ал 1999 ж. қаңтардан еуроны енгізді);

• халықаралық несиелік айналым құралдарын қолдану тәртібін үйлестіру;

• әлемдік валюта нарығы мен алтын нарығының ережесі;

• мемлекетаралық реттеу институтының статусы - 1944 жылдан Халықаралық валюта қоры бекітілді.

Бірінші дүниежүзілік валюта жүйесі алтын монеталы стандарт негізінде құрылып, 1867 жылы батыс елдердің өкілдері қатынасқан Париж конференциясында мемлекетаралық келісіммен заңды түрде рәсімделді.

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде және одан кейін де кең тараған валюта дағдарысы екінші дүниежүзілік валюта жүйесінің пайда болуына әкеп соқтырды. Ол 1922 ж. Генуя халықаралық экономикалық конференциясында қатысушы мемлекеттердің келісімімен рәсімделді. Бұл Генуя валюта жүйесі конференцияда келісімге келуші 30 елдің ақша жүйесі тәрізді алтын девизді стандартқа негізделіп құрылды. Ол девиздің принципі бойынша банкноталар алтынға емес вексельге және чекке, яғни девиздерге айырбасталды. Девиз деген кез келген формадағы шетел валютасы (фунт стерлинг, доллар және т.б.). Екі дүниежүзілік соғыстар аралығында (I және II) Бреттон-Вудс конференциясына дейін резервтік валюта статусы (айырбасталатын валюта ерекше атағы) ресми ешбір валютаға бекітілген жоқ. Ал ағылшын фунт стерлингі мен американдық доллар осы статусты (атақты) бірінші болып алуға өзара шиеленіскен бәсекелесте таласып жатты.

Үшінші дүниежүзілік валюта жүйесі. 1944 жылы 22 маусымда АҚШ БҰҰ-ның Бреттон-Вудс конференциясында заңды түрде резервтік валюта статусы бекітілді. Онда алтын девиз стандартына негізделіп, девиздік валюта ретінде американдық доллар мен фунт стерлинг қабылданды. Сонымен бірге алғашқы рет резервтік валюта статусы заңды түрде осы валюталарға бекітілді. Бұл АҚШ пен Ұлыбританияның халықаралық қарызын өз ұлттық валютасымен өтеулеріне мүмкіндік туғызды. 1949 жылы өзіне капиталистік өнеркәсіп өндірісінің 54,6%-ін, тауар экспортының 33%-ін, ресми алтын резервінің 75%-ін шоғырландырған АҚШ-тың экономикалық басымдығы және оның бәсекелестері екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде әлсіреуі доллардың үстемдігін қамтамасыз етті. Батыс Еуропаның және Жапонияның аса ауыр валюта-экономикалық жағдайы, сондай-ақ бұл мемлекеттердің АҚШ-қа тәуелділігі, долларлық гегемония (басымдық) олардағы доллардың өткір жетіспеушілігінде, яғни "долларлық аштықта" көрініс тапты.

Бреттон-Вудс жүйесінің құрылымдық принциптері төмендегідей:

• доллар мен фунт стерлингтің резервтік валюта ретіндегі статусы бекітілді;

• ХВҚ-ға мүше елдердің барлығы өз валютасын баска валюталарға алтын арқылы айырбастайды, онда валютаның алтын паритеті және валюта бағамы бекітілді. Валюталардың нарықтық бағамы доллар паритетінен ± 1%-ке, Еуропа елдерінде ± 0,75% ауытқуы мүмкін;

• шетел орталық банктерінің долларлық резервтері (қорлары) алтынға американдық қазынашылық мекемесі (казначейство) арқылы ресми бағамен айырбасталады;

• алтынның төмендетілген ресми бағасы бекітілді (35 АҚШ доллары құрамында 31,1 гр таза алтыны бар 1 тройск унциясына теңгерілді);

• мемлекетаралық валюта қатынастарын реттейтін орган - Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) құрылды.

ХВҚ-ның негізгі қызметі - осы мемлекетаралық қорға мүше елдердің валюта паритетін, бағамдарын және басқа валюталарға еркін айырбасталуын бақылауды қамтамасыз ету. Бреттон-Вудс жүйесі ширек ғасырдан астам уақыт аралығында халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуіне және әлемдік нарықтың қарқындап өсуіне ықпал етті. Дегенмен бұл жүйе оган мүше елдердің барлығына бірдей тең құқық бере алмады. Долларлық стандартты бекіткен принциптерді АҚШ басқа елдер есебінен әлемде өз үстемдік позициясын күшейтуге пайдаланды. Бреттон-Вудс валюта жүйесінің қайшылығы, ең алдымен доллар мен фунт стерлингтің ұлттық сипаты және оларды халықаралық төлем құралдары ретінде қолдануы, біртіндеп жүйені әлсірете бастады. Осы кезде Батыс Еуропа мен Жапонияның позициясы күшейді. 1971-1973 жж. валюта дағдарысы Бреттон-Вудс жүйесінің іс жүзінде күйреуін жеделдетті.

Төртінші (қазіргі) дүниежүзілік валюта жүйесі 1976 жылдың қаңтарында ХВҚ-ға мүше мемлекеттердің Кингстонда (Ямайка) қол қойған келісімімен дүниеге келіп, Ямайка валюта жүйесі деп аталды. Бұл жүйе енді ешбір ұлттық валюта жүйесіне негізделмей, тек заң жүзінде бекітілген мемлекетаралық принциптерге сүйенеді. Онда доллар ерекше орында болғанмен, ол бұрынғыдай роль атқармайды. Жаңа жүйе көпвалюталы стандарт болып табылады.

Ямайка валюта жүйесінің бұрынғы жүйеден айырмашылығы:

• алтын өзінің монетарлық қызмет атқаруын тоқтатты, яғни енді бірде-бір валютаның құрамында алтын жоқ: ХВҚ-ның өзгерген Жарғысына сәйкес алтын құн өлшемі ретінде және валюта бағамын есептеуге де қолданбауы тиіс. Сөйтіп алтын паритетінің, алтынның ресми бағасының, шетел орталық банктері мен үкімет орындары үшін американдық қазынашылықтың долларлық резервтерді алтынға айырбастауы жойылғандығы заңмен бекітілді. Дегенмен, Ямайка валюта жүйесінен алтынды валюта соғылатын металл ретінде заң жүзінде ығыстырғанға қарамастан, іс жүзінде оның ақша ретінде қолдану мүмкіндіктері таусыла қойған жоқ. Алтынның нақты бағасы болғандықтан ол бұрынғыдай төтенше халықаралық ақша және аса сенімді резервтік актив ретінде саналады. Қазіргі кезде мемлекеттердің орталық банктері және жеке тезавраторлар шамамен 60 мың тонна алтын сақтауда (әрқайсысында 34 мың және 25 мың тонна алтын бар).

• алтын девизді стандарттың орнына жаңа халықаралық есепайырысу құралы - СДР енгізілді. Ол валюталық паритет пен валюта бағамының негізі деп жарияланды. Дегенмен СДР эмиссияланған (1970 ж.) 30 жыл ішінде ол құн эталонына (үлгі өлшем), не басты халықаралық төлем және резерв құралына айналған жоқ. Ол әлемдік ақша ролін орындаудан тым алыс болды. Бағамы СДР-мен анықталатын валюталар саны жылдан-жылға азайды. Егер олардың саны 1980 ж. 15 болса, 1998 ж. ол көрсеткіш 2-ге дейін азайды. СДР стандартының болашағы жоқ, оның қолдану аясы негізінен ХВҚ-ның операцияларымен шектелуде. Доллардың Бреттон-Вудс жүйесіндегі ресми резервтік валюта статусы алынып тасталса да, іс-жүзінде долларлық стандарт сақталуда. Валютаның шартты құнын aнықтайтын СДР-дың валюталық қоржынының 39%-і доллардың үлесіне тиеді. Әлемде 21 валюта долларға бекітілген, бірақ қазір олардың саны азаюда. Әйтседе доллар бұрынғыдай халықаралық төлем және резерв құралы ретінде алда келеді. Себебі доллардың озат позициясы АҚШ-тың экономикалық, ғылыми-техникалық және әскери потенциалының басымдылығына негізделген, бірақ бәсекелестерінің (Батыс Еуропа, Жапония) тегеуірінінің әсерінен олардың әлемдік экономикадағы монополды жағдайы жойылуда. СДР стандартында шын мәнінде көп валюталы стандартқа ауысты. Ол үш әлемдік валюталық орталықтың валюталарына, яғни американдық долларға, неміс маркасына (1999 жылдан еуромен алмастырылған), жапондық иенге негізделген.

ХВҚ-ның мүшелері валюталық паритетті қолданбай кез келген валюта бағамының тәртібін пайдалануга құқық алды. Сөйтіп өзгермелі валюта бағамының ережесі бекітіліп, оған көптеген елдер 1973 жылдың наурызынан бастап ауысты. Бұрынғы бекітілген валюта бағасына қарағанда бұл тәртіп икемді болғанымен валюта курстарының арақатынасының тұрақтылығын қамтамасыз етеді деген сенімді ақтамады. Керісінше, орталық банктің валюта нарығындағы операцияларға араласуы формасындағы жүргізетін валюталық интервенциясына (оның ішінде ұжымдық) шығындары көбейді. Бреттон-Вудс жүйесінен ауысқан ХВҚ-ның міндеті - мемлекетаралық валюталық реттеуді күшейту, мүше-елдердің өзара тығыз қарым-қатынастығын қамтамасыз ету, әлемде валютаның тұрақтылығына қол жеткізу үшін әр түрлі валюталық шектеулерді жою.

Қорыта айтқанда, Ямайка валюта жүйесі бұрынғы жүйемен салыстырғанда өзінің икемділігімен төлем баланстары мен валюта бағамдарының тұрақсыздығына және әлемдегі күштердің жаңадан орналасуына тез лайықтанды. Сонымен қатар ол біраз қиындықтарды: мысалы, СДР стандартының тиімсіздігіне байланысты; алтынды заңды түрде демонетизациялаумен оның іс-жүзінде әлемдік төтенше ақша статусын сақтауы арасындағы қарама-қайшылық; өзгермелі валюталық бағам ережесінің жетіспестігі және с.с. мәселелерді туғызды. Қазіргі кезде осы мәселелерді шешу үшін, әлемдік үш орталықтың валюта-экономикалық саясатын үйлестіруді күшейту үшін және әлемдік валюта механизмін тұрақтандыру үшін Ямайка валюта жүйесін жетілдіретін жолдар іздестірілуде.

 

Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 

  1. Валюталық жүйе ұғымы

2. Ұлттық валюталық жүйенің  негізгі элементтері

3. Әлемдік валюталық жүйенің  негізгі элементтері

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Деньги, кредит, банки: Учебник / Под ред. О.И. Лаврушина. Изд. 2-ое перераб.и доп.- М.: Финансы и статистика, 2000г.
  2. Баринов Э.А., Хмыз О.В. Рынки: валютные и ценных бумаг. – М.:  2001.,
  3. www.national

 

3 Валюталық курс – валюталық жүйенің  негізгі  элементі 

 

Лекция мақсаты: Валюталық курстың негізгі белгілерін, түрлерін, ерекшеліктерін қарастыру. Валюта курсына әсер етуші факторларды анықтау.

3.1 Валюталық курс, оның  мазмұны және құндық категория  ретіндегі мәні

3.2 Валюталық курс  түрлері және режимдері

3. 3 Валюталық курстың  қалыптасуына әсер ететін факторлар

3.4 Валюталық курс теориялары

3.1  Валюталық  курс, оның  мазмұны және құндық  категория ретіндегі мәні

Валюталық курс валюталық жүйенің маңызды элементі болып табылады, өйткені халықаралық экономикалық қатынастардың дамуы әр түрлі елдердің валюталарының құндық қатынасын өлшеуді талап етеді. Валюталық курс келесілер үшін қажет:

  • капиталдар және кредиттердің қозғалысында, тауарлармен, қызметтермен саудада валюталарды өзара айырбастау кезінде. Экспортер сатудан алынған шетел валютасын ұлттық валютаға айырбастайды, өйткені бір елдің валютасы екінші елдің аумағында заңдық сатып алу және тұтыну құралы ретінде айналысқа түсе алмайды. Импортер шетелде сатып алынған тауарлар құнын төлеу үшін ұлттық валютаны шетелдік валютаға сатады. Борышқор сыртқы займдар бойынша қарызды және пайызды төлеу үшін ұлттық валютаға шетел валютасын сатып алады;
  • ұлттық және әлемдік нарықтар бағасын салыстыру үшін, сондай-ақ ұлттық немесе шетел валюталарында айқындалған әр елдің құндық көрсеткіштерін салыстыруға;
    • банктер және фирмалардың шетел валютасындағы шоттарын жүйелі түрде қайта бағалауға.

Валюталық курс – шетел ақша бірліктерінде немесе халықаралық валюталық бірліктерде айқындалған, бір елдің ақша бірлігінің «бағасы».

Валюталық курс режимі де валюталық жүйе элементі болып табылады. Тіркелген (фиксированные) және қалқымалы (плавающие) валюталық курстар бөлінеді. Тіркелген валюталық курс шектеулі қозғалыста болады.

Информация о работе Валюталық операциялар