Валюталық операциялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2014 в 09:03, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының “Валюталық реттеу туралы” заңына (24.12.1996 ж.) сәйкес, “валюта – мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірліктері немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат металлдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бірақ айналымда жүрген ақша белгісімен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түріндегі қолма-қол және аударым нысандарындағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, соның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражаттары”. Осы заңда “валюталық операцияларға” төмендегідей түсінік берілген:

Прикрепленные файлы: 1 файл

Валюталы__ операциялар.doc

— 749.50 Кб (Скачать документ)

Аккредитивтің мынадай түрлері болады: 

  • құжатты аккредитив;
  • өтелген және өтелмеген;
  • қайтарылатын және қайтарылмайтын.

 

8.3  Халықаралық есеп айырысулар  және  төлемдердің  нысандары

 Құжатты инкассомен  есеп айырысу сатушыға  тауарының  төленетіндігіне ешқандай кепіл  бермегенімен өзге есеп айырысу  формасына, мысалы аккредитивке  қарағанда өте арзан және жылдам  болып келеді.

Құжатты инкассомен есеп айырысу сызбасы берілген.

                                                          1



                                                         2


       3               8                                                                     5             6

 

                                                           4


                       


7

 

Құжатты инкассомен есеп айырысу сызбасы

 

1 – Келісімшарт жасасу; 2- тауарды жабдықтау және құжаттарды  рәсімдеу; 3 инкассоны беру үшін құжаттарды тапсыру;  4 – инкассоға құжаттарды жөнелту; 5 – құжаттарды сатып алушыға беру; құжаттарға қарсы төлем жасау; сатып алушының шотына қаражат есептеу.

 

Экспорт – импорт операцияларын жүзеге асыру кезінде халықаралық банктік есеп айырысудың келесідей түрлері қолданылады [13]:

  • Құжаттамалық аккредитив;
  • Құжаттамалық инкассо;
  • Банктік аударым;

Құжаттамалық аккредитив – экспортшы (траттаны акцептеу) пайдасына төлемді жүргізу туралы клиент – импортшы тапсырысы бойынша берілетін банктің шартты ақшалай міндеттемесі немесе аккредитивте көрсетілген анықталған сомада және бекітілген мерзімде басқа банктің төлемді  (тратта акцепі) жүзеге асыруды қамтамасыз ету.

Құжатты аккредитив өз кезегінде банктің бенефициарға өзінің тапсырыс

берушісінің есебінен егер бенефициар аккредитивте көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде ұсынған жағдайда келісілген валютада белгілі соманы төлеуге беруі.

Банк сатып алушы мен сатушының арасында делдал қызмет атқарады. Олар арқылы бірқатар операциялардан кейін төлем жүзеге асырылады: сәйкес аккредитивті құжаттарды ұсынуға қарсы бенефициар акцептелген вексельді төлеу немесе төлемді жүргізу міндеттемесі нысанындағы келісімге байланысты аккредитивте көрсетілген соманы банктен алады.

Құжаттамалық аккредитив арқасында бенефициар сатып алушының төлем қабілетіне және оның төлеуге дайын болуын байланыссыз және тауарды түсіргеннен кейін бірден өтімді қаражаттар алуы мүмкін.

Төлемді қамтамасыз етудің құралы ретінде құжатты аккредитив әсіресе сатып алушылар мен сатушылардың ойларының қақтығысуын бәсеңдету үшін қажет:

  • Сатушы өзара шартта көрсетілген тауарды жеткізілімі үшін оған төленетін сома валютада берілетініне сенімді болғысы келеді;
  • Сатып алушы тауар жеткізілінбейінше ақша төлегісі келмейді;

                          Құжаттамалық аккредитив өзінің ерекше артықшылығына ие:

                         -  әлемде барлық елдермен операция  жүргізу кезінде қамтамасыз ету

  • құралы ретінде қолданылуы;
  • Сатушыға тиесілі соманы игілікпен билеу;
  • Төлем жағдайы қатынасындағы икемділік;
  • Қысқа мерзімді қаржыландыру қаражаты ретінде қолданылуы;
  • Сатушыға жеңілдікті қамтамасыз ету жағдайлары анықталған кезде мүмкіндік беретін төлемді тез және кедергісіз жүзеге асыру;
  • Ерекше халықаралық құқықа сенімділік;

Жоғары айтылғандай, аккредитив  төлемді қамтамасыз ету қызметімен қатар несие қызметін де орындайды. Сатып  алушы банктің төлемді жүзеге асыру  міндеті  сатушының өз банкінен  несие алуын  жеңілдетеді.

Белгілі жағдайларда  аккредитив  импортшы  банкке несие үшін негізгі бола алады, яғни банк аккредитивті  операцияларды  жүзеге асыру  кезінде  тауарға  деген меншікті  растайтын  құжаттарды  басқару  мүмкін,  себебі  тауар  жөнелтпе құжаттары  жөнелтілген  жүкті  беру  талаптарын  куәландырады. Құжаттарды беру  жолы  арқылы  тауарды  иемдену  құқығы  да  беріледі.

Клиенттерге аккредитивті ұсыну немесе аккредитивке өтініш негізінде ашылады.

Аккредитивтермен  есеп  айырысуды жүзеге асыру кезінде, ашуға тапсырмада аккредитив түрінің көрсетілуін тексеру керек, себебі егер сәйкес белгілері болмаса, онда бұндай аккредитив қайтарып алынбайды.

 

 Сатып алушы                              1                                      Бенефициар


   (импортер)                                 2                                        (экспортер)


 7


  3  11 13         белгілеу                 6                          түсіру    


                          пункті                                               пункті         5 8


  4


Банк – эмитенті                         9                                         Орындаушы


                                                      10                                             банк


1 – сызба

Аккредитивтермен есеп айырысу схемасы.

 

Аккредитивтің түрлерін қамтамасыз ету көлемі туралы дағдаластықпен және өзіне тәуекелді алу кезінде анықталады.

Кез келген уқытта эмитент – банк өзгертуі немесе жою мүмкін, көп жағдайда бенефициар алдын ала ескертпей аккредитивтің бұйрық берушісінің айтуы бойынша жасалынады. Сондықтан бұндай аккредитив банктің ешқандай құқықтық төлем міндеттемесін тудырмайды. Тек эмитент – банк немесе оның корреспонденттік – банк құжат бойынша төлемді жүзеге асырған кезде аккредитивтің қайтарып алу заңды күшін жояды.

Сонымен қайтарымды аккредитив бенефициарға жеткілікті қамтамасыз етуді ұсынбайды. Оны корреспондент – банк ешқашан растамайды және өзара сенім орнаған бір – біріне танымал әріптестер арасында іскерлік қатынастарда ғана қолданылуы мүмкін. Қазіргі таңда қайтарымды  аккредитив сирек қолданылады.

Қайтарып алынбайтын аккредитив – бенефициарға жоғары деңгейлі сенімділік береді, егер ол аккредитив шартын орындаған болса оның жеткізілімдері мен қызметтеріне төлем жүргізіледі. Қайтарып алынбайтын аккредитив эмитент – банк төлемінің қатаң міндеттемесін құрайды. Қайтарып алынбайтын аккредитив кезінде аккредитивті өзгерту немесе жою бенефициардың және де жауапты банктердің келісімдерін талап етеді. Егер сатушы аккредитив өзгерткісі немесе жойғысы келсе, онда ол сатып алушыдан эмитент – банкке сәйкес тапсырмаларды беруін талап етуі керек.

Қайтарып алынбайтын аккредитивті ашу туралы бенефициарға корреспондент – банк хабарлайды. Қайтарып алынбайтын аккредитив расталу және расталмау мүмкін. Қайтарып алынбайтын расталмаған аккредитив кезінде корреспондент – банк бенефициар аккредитивтің ашылу туралы міндеттенеді. Бұл жағдайда ол төлемнің ешқандай меншікті міндеттемелерін алмайды және нәтижесінде бенефициар ұсынған құжаттар бойынша оны жүргізу міндетті емес. Себебі, бенефициар шетелдегі эмитент – банкке сенеді, қайтарып алынбайтын расталмаған аккредитив тек саяси тәуекелі  маңызды емес болған жағдайда ғана жалпылама болып табылады. Егер корреспонденттік – банк аккредитив ашқан банктермен жақсы қатнаста болса, онда ол құжат бойынша төлемдерді клиент мүддесіне сәйкес операцияларды тез жүргізу мақсатында жүзеге асырады.

Егер корреспондент – банк бенефициар аккредитив бекітсе, онда ол аккредитив сәйкес және берілген уақытта құжаттар бойынша төлем жүргізуге міндетті болып табылады. Бұл жағдайда бенефициар аккредитивті ашқан банктің міндеттемесін бірге заңды тең құнды және корреспондент – банктің дербес міндетіне төлем жүргізіледі. Сондықтан ол үшін қамтамасыз ету деңгейі мәнді жоғарлайды. Себебі көп жағдайларда бұндай аккредитивке экспортшы еліндегі банктер ұшырайды, бекітетін саяси тәуекел және қаражаттарды аудару тәуекелі ерекше болып табылады.

Экспортшыға “Үй банкімен” расталған, яғни экспортшы еліндегі банктерге аккредитив айтарлықтай кепіл береді. Егер төлемнің түсу мерзімін (кезеңін) анықтау мүмкін болса, онда маңызды валюталық тәуекел валюталық мерзімді өзара шарттармен сақталуы мүмкін. Бірақ, егер ең басынан төлем мерзімі анықталмаған болса да, валюталық операцияларға қатысушы банктер көп жағдайларда тиімді шешімдерді ұсыну мүмкін. Жоғарыда айтылғандай аккредитивтің формалары бенефициар үшін қамтамасыз ету деңгейімен ерекшеленеді. Аккредитив түрлері мен конструкциялығы оларды пайдалануға байланысты болады.

Аккредитивтің негізгі түрлеріне келесілер жатады:

  • Ұсыну бойынша төлемдер;
  • Төлемді ұзарту бойынша;
  • Құжаттамалық аккредитив;
  • Бенефициардың траттаны акцептілеуін қарастыру;
  • Бенефициардың тратталарды сатып алуын қарастыру;
  • “қызыл ескертпе”;
  • жаңартпалы;
  • “стенд бай” (резервтік аккредитив);
  • аудармалы.

Төлемді ұсыну бойынша аккредитив – бұл кең қолданылатын түрлерінің бірі. Бенефициармен есеп айырысу аккредитивтегі шарттар орындаған кезде қажетті құжаттарды ұсыну арқылы жүзеге асады. Банктер құжаттарды алғаннан кейін жеті банктік күннен аспайтын мерзім ішінде сәйкес уақытта құжаттарды есептеу кезінде валюталау күні аккредитив валютасына байланысты болады.

Төлемді ұзарту бойынша аккредитив – бенефициар төлемді құжатты берген кезде емес, аккредитивте көрсетілген біршама кеш мерзімде алады. Аккредитивтерге сәйкес құжаттарды ұсынғаннан кейін, бенефициар өкілетті банктен төлем мерзімі келген күні төлемді жүзеге асырады, келісімін алады. Сондықтан импортшы құжаттарды иемденуге, оларды сатылу және сату бағасы бойынша дебеттегенге дейін ие болады. Экономикалық жоспарда төлемде ұзарту бойынша аккредитив тратта акцептін қарастыратын аккредитивке сәйкес келеді, тек төлемді ұзарту бойынша аккредитив вексель сияқты дисконтталмайды, себебі бұндай бухгалтерлік талап қана қолданылады. Анықталған жағдайларда төлемді ұзарту бойынша талапты банк авансылау мүмкін. Бұл тек эмитент – банк немесе банк бекітушісі үшін ғана мүмкін. Вексельді есептеу кезінде көптеген мүмкіндіктер болады.

Тратта акцептімен аккредитив – бенефициар сатып алушы ұсынған тратта аккредитив бойынша шарттарды орындағаннан кейін аккредитивті ашқан эмитент – банк немесе акцептпен қамтамасыз етілген корреспонденттік – банктің оған қайтаруын талап ете алады. Төлем орнына тратта акцепті жасалады. Акцептелген трттаны ол өз банкіне беру немесе мерзімі кеген күні төлеу үшін қолдану мүмкін. Акцепт қарастыратын аккредитив бойынша тратта 60 күннен 180 күнге дейін қызмет етеді. Тртта акцептін қарастыратын аккредитив импортшыға төлем мерзімін кепілдеу үшін қызмет етеді: төлем мерзімі басталғанға дейін, ол тауарды одан әрі сата алады және түсім есебінен акцепті төлеуі мүмкін. Осыдан келіп, импортшы мәмілеге сәйкес несие алмайды.

Траттаны сатып алу аккредитиві – негоциация түсінігінде бенефициар траттаны ұсынуына қарсы, негоциацияға өкілетті банктердің қаражаттарды төлеуі жатыр. Қаражат төленбеген құжаттарды тексеру негоциация болып табылмайды. Бенефициар дұрыс құжаттарды ұсыну кезінде, эмитент – банк вексельді немесе құжатты төлеуді кепілдендіреді. Коммерциялық аккредитивтің көп қолданылатын нұсқасы – тратта негоциациасымен байланысты аккредитив.

Авансты аккредитив – “Қызыл ескертпе” аккредитивтін қолданған кезде сатушы корреспондент – банктен келісілген соманы талап ете алады. Соңғысы, негізінде аккредитив бойынша жеткізілетін тауарды алу немесе өндірісті қаржыландыру үшін арналған. Аванс түбіртек бойынша төленеді және бенефициардың жазбаша міндеттемесін жөнелтіп құжаттарына мерзімінде ұсыну керек. Аванс төлеу аккредитивті ашқан банктің жауапкершілігі негізінен корреспондент – банк есебіне жүзеге асады.

Жаңартпалы аккредитив – егер сатып алушы тапсырыс тауарларының белгілі бір бөліктерін белгілі бір уақыт аралықтарында жеткізуге бұйрық берсе (жеткізілім топтамасы турулы келісім шарт), онда төлем ішінара жеткізілім құнымен сәйкес өтілетін жаңартпалы аккредитив бойынша жүзеге асуы мүмкін. Жаңартпалы аккредитив кезінде келесі ескертпелер болуы мүмкін: “10000 USD аккредитив сомасы 120000 USD жалпы сомасына дейін автоматты түрде он бір рет жаңарып отырады”. Алғаш 100000 американдық долларды пайдаланғаннан кейін, бірден келесі ішінара төлем күшіне енеді және 1,2 миллион американдық доллар сомасына дейін қайталанылады. Көбінесе “жаңартпалы ескертпеде” бөлек транштардың пайдалану мерзімі тіркеледі. Жаңартпалы аккредитивтер жиынтық және жиынтық емес болуы мүмкін.

Резервтік аккредитив – “стэнд бай”  аккредитивтерді ең алдымен Құрама Штаттарында қолданылады және АҚШ федералды шоттарының заңды құқымен сәйкес банктер бере алмайтын бізде қабылданған кепілдерді ауыстырады [10]. Алайда Еуропада да аккредитивтің осы түрі қолданылады.

Информация о работе Валюталық операциялар