Валюталық операциялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2014 в 09:03, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының “Валюталық реттеу туралы” заңына (24.12.1996 ж.) сәйкес, “валюта – мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірліктері немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат металлдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бірақ айналымда жүрген ақша белгісімен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түріндегі қолма-қол және аударым нысандарындағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, соның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражаттары”. Осы заңда “валюталық операцияларға” төмендегідей түсінік берілген:

Прикрепленные файлы: 1 файл

Валюталы__ операциялар.doc

— 749.50 Кб (Скачать документ)

 

10.1  Банк кепілдіктері  мазмұны және түсінігі

10.2  Банк кепілдіктернің  түрлері

10.3  Банк кепілдіктерінің  артықшылықтары және кемшіліктері

 

10.1  Банк кепілдіктері  мазмұны және түсінігі

Халықаралық саудада мәмілеге қатысушы серіктестер үшін мынадай мәселе туындайтыны сөзсіз, олар:

  • сатушының сатып алушының төлем қабілетін бағалау қиындығы;
  • сатып алушының жабдықтаушының міндетемені орындауға дайындығын бағалау қиындығы.

Мұндай мәселені шешудің жолына мәмілеге қатысушы тараптардың бірінің банктің кепіл-хатын пайдалануы жатады.

Кепіл-хат – сатып алушының (принципалдың) тапсырмасы бойынша және оның атынан бенефициарға (жабдықтаушыға) жөнелткен тауары немесе көрсеткен қызметі үшін төлемді уақытында төлеу туралы кепілгер банктің міндеттемесін білдіреді.

Мәмілеге қатысушыларына қарай кепіл-хаттың екі түрі қолданылады:

        - тікелей (үш жақты);

        - жанама (төрт жақты).

Тікелей кепіл-хаттың қатысушыларына принципал (кепіл-хат алушы) кепілгер банк және бенефициар жатады. Мұндай кепіл-хатты пайдалану сызбасы төменде берілген.

                                                 контракт



                                              


 

 

                                                                                         кепіл-хат               


                       

                       

Тікелей кепіл-хатты пайдалану сызбасы

 

Жанама кепіл-хаттың қатысушыларына жоғарыда айтылған тараптардан басқа төртінші қатысушы немесе бенефициардың еліндегі банк болуы мүмкін. Мұндай мәміледе принципал банкі бенфициардың еліндегі банкке контркепіл-хатын береді, ал ол оны растайды.

 

                                                 контракт



                                               


 

                                                                                                  кепіл-хат               

                                              қарсы кепіл-хат


                       


 

 

Жанама кепіл-хатты пайдалану сызбасы

 

Принципал банктің контркепіл-хатының мерзімі бенефициар банктің кепіл-хатына қарағанда 7-15 күнге артық болып келеді. Бұл әрине принципал банктің беретін қарсы кепіл-хаттың пошта арқылы бенефициар банкке жету күндерін қосып ескереді.

Инкассо және аккредитив сияқты кепіл-хаттың да өзіндік ережелері бар. 1978 жылы тамыз айында Халықаралық сауда палатасы (ХСП) кепіл-хаттың негізгі ережесін, яғни «Келісілген кепіл-хат бойынша ортақ ережесін» жасап шығарды (ХСП №325 басылымы). 1994 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Талап етілетін кепіл-хатқа арналған ортақ ереже» күшіне енді (ХСП №458 басылымы).

Кепіл-хаттың қозғалысына байланысты мынадай кодты сөздер қолданылады:

МТ 760 Кепіл-хатты шығару.

МТ 767 Кепіл-хатқа өзгеріс енгізу.

МТ 768 Кепіл-хатқа жасалған өзгерісті растау.

МТ 769 Міндеттеменің орындалғанын хабарлау

 

10.2  Банк кепілдіктерінің  түрлері

Отандық банктік тәжірибеде мынадай банктің кепіл-хаттар түрлері қолданылады: 

- «конкурстық кепіл-хат», яғни Бенефициар ұйымдастыратын  тауарлар мен қызметтерді сатып  алу және жабдықтауға байланысты конкурсқа қатысуға қажетті өтініш берушіге банктен берілетін кепіл-хаттың түрі;

- «міндеттеменің орындалуына  берілетін кепіл-хат», яғни келісім-шартқа  сәйкес аванстық төлемдер жаслаған  жағдайда Бенефициардың алдындағы  Өтініш иесінің міндеттемесін қамтамасыз ететін банктік кепіл-хат;

- «аванстық төлемнің қайтарылуына  берілетін кепіл-хат», яғни Бенефициармен  арада жасалған келісімшартқа  сәйкес Өтініш иесінің белгілі  міндеттемелерінің орындалуын қаматамасыз  ететін кепіл-хат түрі.

Банктік кепіл-хат әдетте 5 жылға дейін беріледі. Банктік кепіл-хатты қамтамасыз ету құралдарына мыналар жатады:

    • банктік шоттағы ақшалай қаражаттар;
    • материалдық немесе материалдық емес активтер.  

Банктік кепіл-хатты алу үшін өтінішке қосымша мынадай құжаттар тапсырылады:

    • өтініш беруші ұйымның кепіл-хатты алу және оған қамтамасыз ету мүлкін қою туралы хаттамасы;
    • бюджет алдындағы қарызының жоқтығы туалы анықтама;
    • конкурсты өткізуге байланысты Нұсқаулықтың көшірмесі (тендерлік кепіл-хат жағдайында);
    • контрактінің көшірмесі.    

Кепіл берші үшінші бір тұлға болса, мысалы заңды тұлға, онда

Жоғарыдағы көрсетілген бастапқы екі пункттегі құжаттарға қоса, құрылтайшылық құжаттар мен ноториалды түрде куәландырылған қол және мөр қою үлгілері бар құжат тапсырылуға тиіс.

Егер кепіл беруші жеке тұлға болса, онда оның жеке куәлігі мен СТТН-нің көшірмесі талап етіледі.

Өтініш берушіден барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін банк қызметкері немесе несие официері Операциялық бөлімге шартты салым шотын ашу туралы үкім және  Шартты банктік салым туралы келісімшартты дайындайды. Оған қосымша төмендегідей құжаттар даярланады:

    • Ақшаны кепілге алу туралы шарт;
    • Кепіл-хат туралы шарт;
    • Кепіл-хат міндеттемесі.

Келісімшарттарға әуелі Өтініш иесі (қажет болса Кепіл беруші), содан соң банктің жетекшісі қолдарын қояды.

Банктік кепіл хат алу үшін берілетін өтініштің үлгісі төменде берілген.(Ұйымның фирмалық қағазынада толтырылады).

 

__________________________   директоры

                                                          (кепіл-хат беретін банк атауы)

__________________________ мырзаға

                                                                       (жетекшінің аты-жөні)

 

“___”_________200__ж.       Алматы қ.

 

Банктік кепіл-хатты алу туралы

ӨТІНІШ

 

Осы ____________________________________________________

                                   (ұйымның толық аты, мекені және  банктік шот номері)

кепіл-хатты ______________________________________________________________

(кепіл-хат беретін бенефициар  ұйымның толық аты, заңды және  банктік көрсеткіші)

________________________________________________________________

(кепіл-хаттың сомасы мен  валютасын көрсету)

________________________________________________________________

(кепіл-хаттың қызмет ету  мерзімін көрсету)

 

мерзімге дейін біздің міндеттемемізді _______________________________

                        (тендердің / контрактінің № және  күнін /

________________________________________________________________

өзге негіздемелерді көрсету)

қамтамасыз ету үшін беруіңізді сұраймыз.

    Банктік кепіл-хатты беру туралы келісімшартқа сай біздің міндеттемемізді қамтамасыз ету құралы ретінде_______________________________

____________________________________________ұсынамыз.

                       (қамтамасыз ету түрін көрсету)

     Берілген банктік кепіл-хат үшін төленетін комиссиондық сыйақының кепілдендіреміз.

Барлық қажетті құжаттарды бірге тапсырамыз.

 

______________ (_________________________________________)

  (қолы)                        (жетекшінің аты-жөні және қызметі)

______________ (_________________________________________)

  (қолы)                  (бас бухгалтердің аты-жөні)

 

М.О. 

Операциялық бөлім Өтініш берушінің атына тиісті банктік шот ашады және шарты салым келісімшартын жасайды. Аталған банктік шотқа ақша аударылғаннан кейін Операциялық бөлім несиелік сарапшыға келісімшарттың қол қойылған көшірмесін береді.

Өтініш беруші мен Кепіл берушінің қаржылық жағдайына сараптама жасау үшін мынадай құжаттарды талап етеді:

    • соңғы күнге жасалаған бухгалтерлік балансы мен оған қосымшаларды;
    • басқа қызмет көрсететін банктерден шотының айналымы туралы анықтама;
    • басқа банктер алдында қарызының жағдайы туралы анықтама;
    • берешек және алашақ қарыздары туралы құжаттар.

Өтініш берішінің қаржылық жағдайына сараптамаға қоса Өтініш беруші / Кепіл берушінің құқығын растайтын құжаттарына құқықтық сараптама жүргізіледі.

 

10.3  Банк кепілдіктерінің  артықшылықтары және кемшіліктері

 

Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 

  1. Банк кепілдіктері мазмұны және түсінігі
  2. Банк кепілдіктернің түрлері
  3. Банк кепілдіктерінің артықшылықтары және кемшіліктері

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Н.Н. Хамитов. Банковский менеджмент:Учебное пособие.-Алматы: Экономика, 2007. с.44-51
  2. Г.Г. Коробова, Е.А. Нестеренко. Банковские риски. Учебное пособие: Издательский центр Саратовской государственной экономической академии, 1996.
  3. Е.П. Жарковская. Банковское дело. М.: Омега – Л, 2006
  4. Банковское дело: стратегическое руководство, под ред. Платонова В. И Хиггинса М., Москва, 1998 г., с. 59.
  5. Л.П. Белых. Устойчивость коммерческих банков

 

11 Валюталық нарық 

 

Лекцияның мақсаты:  Валюталық нарықтың ерекшелігін, орнын, белгілерін қарастыру және валюталық позиция анықтау тәртібімен танысу

 

11.1  Валюталық  нарық анықтамасы және оның  ерекшелік белгілері

11.2  Әлемдік  валюталық нарық қатысушылары

11.3  Валюталық  котировка және кросс-курс

11.4  Валюталық  позиция, оның түрлері.

 

11.1  Валюталық  нарық анықтамасы және оның  ерекшелік белгілері

Айырбастарды жүргізу үшін валюталық нарық қызмет етеді, яғни сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасатын бағам арқылы шетел валютасын ұлттық валютаға айырбастау немесе сатуды жүзеге асырудың ресми орталықтары.

 Валюталық  нарықтар – уақтылы есеп айырысуларды жүзеге асыруды, валюталық қаражаттарды біршама тиімді пайдалануын, валюталық операцияларға қатысушылардың валюталық бағамдар айырмасы түрінде пайда алуын, валюталық тәуекелдерді сақтандыруды, валюталық бағамдарды реттеуді, валюталық саясатты жүргізуді қамтамасыз ете отырып, ішкі және халықаралық төлем айналымына қызмет етеді.

Валютаны айырбастау операциялары ежелде  «ауыстыру ісі нысанында» ерте заманда және ортағасырларда пайда болып, бірақ қазіргі түсініктегі валюталық нарық  XIX ғасырда қалыптасты. Олар келесідей негізгі ерекшеліктермен сипатталады:

  • байланыстың электронды құралын кеңінен қолдану және олар бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруда шаруашылық қызметті интернационалдандыру негізінде валюталық нарықты интернационалдандыру күшейеді;
  • операциялар барлық елдер түпкірінде тәулік ішінде үздіксіз жасалынады;
  • валюталық операциялар техникасысәйкестендірілген, есеп айырысулар банктің корреспонденттік есепшоты арқылы жүргізіледі;
  • валюталық және несиелік тәуекелді сақтандыру мақсатында валюталық операциялардың кең дамуы;
  • алып – сатарлық және төрелік операциялар коммерциялық мәмілемен байланысты валюталық операциялардан біршама асып түседі. Олардың қатысушыларының саны бірден өсті және олардың құрамына банктер мен ұлт аралық корпорациялардан (ҰАК) басқа заңды және жеке тұлғалар да жатады;
  • тұрақты экономикалық жағдайларға тәуелсіз өздерінің биржалық тауарларына байланысты тенденциясы бар валюталық бағамның тұрақсыздығы.

Халықаралық есеп айырысудың өзіндік ерекшелігі барлық елдер үшін жалпыға бірдей қабылданған төлем құралының болмауында. Сондықтан да сыртқы сауда, көрсетілген қызметтер, несиелер, инвестициялар, мемлекетаралық төлемдер бойынша есеп айырысудың қажетті шарты сатып алу – сату формасында бір валютаны екінші біріне айырбастау болып табылады.

Информация о работе Валюталық операциялар