Валюталық операциялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2014 в 09:03, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының “Валюталық реттеу туралы” заңына (24.12.1996 ж.) сәйкес, “валюта – мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірліктері немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат металлдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бірақ айналымда жүрген ақша белгісімен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түріндегі қолма-қол және аударым нысандарындағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, соның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражаттары”. Осы заңда “валюталық операцияларға” төмендегідей түсінік берілген:

Прикрепленные файлы: 1 файл

Валюталы__ операциялар.doc

— 749.50 Кб (Скачать документ)

Ашық валюталық позиция- валюталық тәуекелдің туындауымен байланысты, ол қосымша табыс әкелуді де сол сияқты шығынға да батыруы мүмкін. Сондықтан банктің валюталық бөлімі түрлі валюталардың позициясына тұрақты валюталық бақылау қойып отыруы керек. Егер банктің ұзын және қысқа позициясы болса, онда соның комегімен жүргізілген валюталық келісімдердің нәтижесін айқындайтын валютаны табу қажет. Мұндай валюта АҚШ доллары болып табылады. Ұлттық банк Басқармасы Standard  & Poors және басқа рейтингтік агенттіктердің “А” төмен емес ұзақ мерзімді рейтингін иеленетін шетел валюталары бойынша ашық валюталық позиция (ұзын немесе қысқа) лимитін белгіленеді.

Ашық валюталық позиция – осы уақытта немесе алдағы уақыттарда жекелеген валюталарда қаражат алу талабы мен беру міндеттемесін бейнелейтін, сол валюталардағы сандық жағынан сәйкес келмейтін активтер мен міндеттемелердің (баланстан тыс талаптар мен міндеттемелерді есепке алғандағы)  арасындағы шетел валютасындағы қаражаттар қалдықтарының айырмасы.

Ұзын валюталық позиция – белгілі бір шетел валютасында бейнеленетін міндеттемелер мен баланстан тыс міндеттемелердің, активтер мен баланстан тыс талаптардан артық болып келетін сол шетел валютасындағы ашық валюталық позициясы.

Қысқа валюталық позиция – белгілі бір шетел валютасында бейнеленетін активтер мен баланстан тыс талаптардың міндеттемелер мен баланстан тыс міндеттемелерден артық болып келетін сол шетел валютасындағы ашық валюталық позициясы.

Әрбір шетел валютасы бойынша ашық валюталық позиция жеке-жеке анықталады.

Шетел валюталарына қатысты ашық валюталық позиция лимиті талаптар шотындағы абсолюттік сома мен баланстық шоттар бойынша шетел валютасындағы міндеттемелердің арасындағы айырма жолымен есептелінеді.

Жекелеген шетел валюталарына қатысты ашық валюталық позиция лимитін есептегенде, бірінші кезекте банктің активтік және міндеттемелік баланстық шоттарында ашылған әрбір шетел валютасы бойынша шоттар қалдығы есептелінеді. Содан кейін, осы валюта бойынша шартты талаптар мен міндеттемелерді есепке алатын баланстық шоттарға ашылған шоттардың қалдықтарының сомасы анықталады.

Банктің валюталық нетто-позициясы  барлық шетел валютасындағы банктің ұзын позициясының жиынтық сомасы мен барлық шетел валютасындағы банктің қысқа позициясының  жиынтық сомасы арасындағы айырма негізінде есептеледі.

Шетел валютасында бейнеленген талаптар мен міндеттемелер сондай талаптар мен міндеттемелер есепке алынған шетел валютасындағы валюталық позицияның  бір бөлігіндегі есепке кіреді.

Шетел валютасында операциялар жүргізуге лицензиясы бар банктер, аптаның әр жүмыс күні үшін, аптаның үшінші күнінде, әрбір шетел валютасы бойынша валюталық позиция туралы  және валюталық нетто-позициясы туралы есебін арнайы бекітілген формада тапсыруға тиіс

Құрылымдық теңестіру валюталық бағамның өзгерісен туындайтын зияндардың алдын алу мақсатында активтер мен пассивтер құрылымын теңестіріп отыруды қолдауды білдіреді. Бұл негізінен ашық валюта позиция лимитін ұстап отырумен тікелей байланысты.

Ашық валюталық позиция лимиті тәуекелін басқару шетел валютасында бейнеленген банктің талаптары мен міндеттемелерінің арасындағы айырманы реттеуді білдереді.

Ашық валюталық позицияның ұзын және қысқа түрі болады және олардың есептелуін төмендегідей  кестеде шартты мысалмен беруге болады.

 

Банктің ашық валюталық позициясы

 

Шетел валютасы

Банк активтері мен талаптары, шетел валютасымен

Банк пассивтері мен міндеттемелері, шетел валютасымен

Ашық валюталық позция шамасы,

Ашық валталық позция түрі

АҚШ доллары

1450000

1200000

150000

Ұзын позиция

Евро

900000

1200000

-300000

Қысқа позиция

Фунт стерлинг

25000

50000

-25000

Қысқа позиция

Иен

1500

500

1000

Ұзын позиция


 

Ашық валюталық позиция лимиті бұл ұзын немесе қысқа позициялардың банктің капиталына қатысты белгіленеді. Егер қандай да бір шетел валютасы бойынша ҚР Ұлттық банкі бекіткен лимиттен асқан жағдайда сол валютаны сатады немесе сатып алады. Осындай шаралар арқылы банк өзінің валюталық позция бойынша лимитін реттеп отырады.

Валюталық тәуекелді диверсификациялау бұл валюталық несиелер бойынша несиелік портфелді диверсификациялауды сипаттайды. Валюталық несиелік портфелді диверсификациялау мынадай тәсілдер арқылы іске асады:

    • валюталық несиелер сомаларына шек қою;
    • қарыз алушыларды диверсификациялау;
    • несиені қамтамасыз етуге қабылданатын кепіл заттарын диверсификациялау;
    • валюталық несиелер мерзімдері бойынша диверсификациялау.

 

Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 

    1. Валюталық нарық анықтамасы және оның ерекшелік белгілері
    2. Әлемдік валюталық нарық қатысушылары
    3. Валюталық котировка және кросс-курс
    4. Валюталық позиция, оның түрлері.

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. «Банковское дело». Учебник. Под ред.О.И.Лаврушина. М., 2003 г. с. 222
  2. Рид Э., Коггер Р., Гилл Э., Смит Р. Коммерческие банки. М.: Космополис, 1991.- с.107
  3. Банковское дело. Учебник для вузов//под ред. Е.Ф.Жукова. Н.Д.Эрнашвили.Москва: Банки и биржи, ЮНИТИ-ДАИА: Единство, 2006 г., с. 528.

 

12     Валюталық  операциялар 

 

Лекцияның мақсаты: Валюталық операциялардың жүргізілу техникасымен танысу, жіктелі тәртібін қарастыру

12.1  Валюталық  операциялар, олардың жіктелуі және сипаттамасы

12.2  Валюталық  операцияларды жүргізу техникасы

 

12.1  Валюталық  операциялар, олардың жіктелуі және  сипаттамасы

ҚР валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы ҚР заңына сәйкес, валюталық операциялар ағымдық операциялар мен капитал қозғалысына байланысты операцияларға бөлінеді.

Ағымдағы операцияларға мыналар:

  1. Экспорттық – импорттық есептемелердің орындалуы үшін аударымдар, 180 күнге дейінгі тауар, жұмыс және қызмет үшін аванстық төлем немесе төлемнің мерзімінің ұзақтығы қарастырылады.
  2. 180 күннен көп емес күндер ішінде  несиені ұсыну және алу.
  3. Дивиденд, сыйақы және депозит, инвистиция, займ және басқа операциялар бойынша басқа да табыстарды аудару және алу.
  4. Саудалық емес, грант, мұрагерлік сомаларды аудару, еңбекақы, зейнетақы, алимент және басқа да аударымдар.
  5. Капитал қозғалысымен байланысты емес, басқа да валюталық операциялар.

Капитал қозғалысымен байланысты операциялар мыналар:

  1. Инвестицияның орындалуы.
  2. Мәміле бойынша есептеме орындалу үшін аударымдар, интеллектуалдық  меншік құқығын өткізуді қарайды.
  3. Жылжымайтын мүлікке мүлік құқығын төлеү аударымдары.
  4. Экспорттық-импорттық мәмілелер есптемесінің орындалуы аударымдары,180 күнге дейін товар,жұмыс,қызмет үшін аванстық төлем немесе төлемнің мерзімінің ұзартылуы қарастырылады.
  5. 180 күннен көп несиені ұсыну және алу.
  6. Шетелдік банктер мен мемлекеттік заңнамаға сәйкес банктік опрециялард жүзеге асыруға құқығы бар басқа да қаржылық мекемелердің депозиттерінің жүзеге асыуы.
  7. Зейнеткерлік активтердің жиналуымен байланысты мәмілелер бойынша халықаралық  аударымдар.
  8. Жинақтау секілді сақтандыру және қайта сақтандыру келісім-шарттары бойынша халықаралық аударымдар.

Резиденттерге  ағымдағы  операциялардың  орындалуына  валюталық заңнама  шексіз мүмкіндік  береді, ал капитал  қозғалысымен байланысты  операциялар  тек  Ұлттық  Банкпен  бекітілген тәртіп бойынша жүргізіледі. Барлық  операциялық төлемдер резиденттер арасында  ҚР-ң  валютасында жүргізілуі тиіс  және салықтық  және  кедендік заңнамалар, ҚРҰБ-ң нормативті-құқықтық  актілерде  қарастырылғаннан  басқа  шетелдік инвестордың  және мемлекетпен  уәкілденген заңды тұлғаның қатысуымен  құрылған резиденттерге  ҚРҰБ  аса керекті инвестициялық  жобалардың  100 миллион АҚШ долларының  құрылуына  шетелдік  валютада Қазақстанның резиденттерімен операциялар жүргізуге рұқсат  береді.

Ұлттық банк заңды тұлға – резиденттердің  экспорттық  табыстың міндетті сатылу режимін құруға құқылы. Резидент және резидент еместердің арасындағы операцияның төлемі  екі жақтың келісімі бойынша кез келген валютада жүргізіледі.

Экономикалық әдебиеттерде банктер жүргізетін валюталық операциялардың өзіндік белгілеріне байланысты жіктелуін көрсетеді (сурет).

І .Клиенттердің шоттарын ашу және жүргізу

Бұл операция мынадай түрлерден тұрады:

    • заңды және жеке тұлғаларға (резиденттер мен бейрезиденттерге) валюталық шот ашу;
    • шоттардағы қалдық бойынша пайыз төлеу;
    • овердрафт (банктің жетекшілерінің шешімімен ерекше клиенттерге) несиелерін беру;
    • операция жасалуына қарай шоттың көшірмелерін беру;
    • кез келген уақыт аралығына шот архивін рәсімдеу;
    • клиенттердің тапсырмалары бойынша операцияларды орындау (клиенттер есебінен шетел валютасын сатып алу және сату);
    • экспорттық-импорттық операцияларға бақылау жасау.

 

Сурет. Валюталық операциялардың жіктелуі


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Саудалық емес операциялар. Саудалық емес операцияларға клиенттерге тауарлар және қызметтер экспорты мен импорты  және капитал қозғалысы бойынша қызмет көрсетулер үшін есеп айрысуларға  байланыссыз операциялар жатады.

Өкілетті банктер саудалық емес сипатта мынадай операцияларды жасауы мүмкін:

    • қолма-қол шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем құжаттарын сатып алу және сату;
    • шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем құжаттарын инкассациялау;
    • шетел банктерінің жол чектерін сатып алу (төлеу);
    • ақшалай аккредитивтерді төлеу.

ІІІ.Шетел банктерімен корреспонденттік қатынас орнату

Халықаралық есеп айрысуларды жүзеге асыру үшін банктер шетел банктерінде өздерінің корреспонденттік шоттарын ашады. Ондай шоттар екі түрлі болып келеді:

НОСТРО шоты (біздің шотымыз сізде) – банк-корреспондентте коммерциялық банктің атына ашылған ағымдық шот;

ЛОРО шоты (сіздің шотыңыз бізде) – коммерциялық банкте банк-корреспонденттің атына ашылған ағымдық шот.

ІҮ.Конверсиондық операциялар

Конверсиондық операциялар – сол елдің қолма-қол және қолма-қолсыз ұлттық валюталарына қолма-қол және қолма-қолсыз шетел валюталарын сатып алу және сату мәмілелері.

Конверсиондық операцияларға мынадай валюталық мәмілелер жатады:

СПОТ мәмілесі – бір валютаға қарсы екінші валютаны сатып алу және сатуға байланысты мәміле жасалған күннен кейінгі екінші банктік жұмыс күніндегі валюталау күні жүргізілген операциялар.

ФОРВАРД (мерзімді, аутрайт) мәмілесі - бір валютаға қарсы екінші валютаны сатып алу және сатуға байланысты мәміле жасалған күннен кейінгі 2 банктік жұмыс күніндегі валюталау күні жүргізілген операциялар.

СВОП мәмілесі - бір валютаға қарсы екінші валютаны сатып алу және сатуға байланысты осы валютаны болашақта қайта сатып алу және сатуға сәйкес, яғни екі қарама-қарсы операциядан тұратын банктік мәміле.

Аутрайтпен жасалатын мәміле – белгілі бір күнге валютамен жабдықтау шартын білдіреді;

Опционмен жасалатын мәміле – валютамен жабдықтаудың күні белгіленбеген шартын сипаттайды.

Информация о работе Валюталық операциялар