Валюталық операциялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2014 в 09:03, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының “Валюталық реттеу туралы” заңына (24.12.1996 ж.) сәйкес, “валюта – мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірліктері немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат металлдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бірақ айналымда жүрген ақша белгісімен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түріндегі қолма-қол және аударым нысандарындағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, соның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражаттары”. Осы заңда “валюталық операцияларға” төмендегідей түсінік берілген:

Прикрепленные файлы: 1 файл

Валюталы__ операциялар.doc

— 749.50 Кб (Скачать документ)

Валюталық нарықтарда шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныстың ең алдымен сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін валюталық түсім алған экспортерлардан; сатып алған тауарлары мен көлік және кеме компанияларынан алынған қызметтері үшін төлемдерді төлеуде импортерден; сондай  – ақ көрсеткен қызметтері үшін фрахты, сақтаныдыру сыйақысы, брокерлік және банктік комиссия түрінде валюталар алатын сақтандыру қоғамдары мен банктерден; дивидент төлеуге,  займды, несиені және оған есептелген пайызды және т.б. қайтаруға міндеттемесі бар заңды және жеке тұлғалардан туындайды.

Атқарымдық көзқарас тұрғысынан валюталық нарық келесілерді қамтиды:

  • халықаралық есеп айырысулардың уақытылы жүзеге асырылуы;
  • валюталық және несиелік тәуекелді сақтандыру;
  • әлемдік валюталық, несиелік және қаржылық нарықтардың өзара байланысы;
  • банк, кәсіпорын, мемлекеттің валюталық резервтерінің әртараптандырылуы (диверсификациясы);
  • валюталық бағамды реттеу;
  • қатысушылардың валюталық бағам айырмасы ретінде алатын алып-сатарлық пайдасы;
  • экономиканы мемлекеттік реттеуге бағытталған валюталық саясатты жүргізу.

Валюта нарығы – сұраным мен ұсыным негізінде валюталарды сатып алу – сату шоғырланған ресми орталық және шетел валютасымен төленетін төлем құжаттарын сатып алу– сату жөніндегі тұрақты экономикалық және ұйымдық қатынастар жүйесі. Мұнда еуродепозиттер нарығы, еуронесиелер нарығы, еурооблигациялар нарығы қамтыладыды. Биржалық валюталық нарық  және биржадан тыс (банкаралық) валюталық нарық түрлеріне бөлінеді. Дүниежүзілік аса ірі валюталық нарықтар АҚШ– та, Ұлы Британияда, ГФР–де, Францияда, Швейцарияда, Жапонияда, Сингапурде, орналасқан. Валюта нарығында операциялардың екі түрі қолданылады, олар: «спот» (валютаны дереу жеткізу) «форвард» – келісілген бағам бойынша уағдалы уақыттан кейін (бір айдан және одан көп уақыттан кейін) жеткізу. Қазіргі валюталық нарықтарда мынадай ағымдарды бөліп қарауға болады:

  • шаруашылық байланыстардың интернационалдануы негізінде валюталық нарықтардың интернационалдануының күшеюі;
  • байланыстың жаңа жүйелерін пайдалану;
  • әлемнің барлық бөліктеріне тәулік ішінде үздіксіз операцияларды жасау;
  • банктердің корреспонденттік шоттары бойынша жазбаша түрде негізделетінвалюталық операцияларды жүргізу техникасын біртұтастандыру;
  • коммерциялық валюталық мәмілелермен салыстырғанда алыпсатарлық және арбитраждық валюталық мәмілелер көлемін ұлғайту.

Сонымен, валюталық нарықтарда валюталық операцияларды жүргізуге  халықаралық сауда мен оған байланысты көрсетілген қызметтер және халықаралық капиталдар мен несиелер қозғалысы негіз болып табылады.

Валюталық нарық белгілеріне қарай мынадай түрде жіктеледі:

  1. Орналасу аумағына қарай:
    • Халықаралық;
    • Ұлттық (жергілікті);
    • Аймақтық.
  1. Валюталық шектеуге қатысты:
    • Еркін нарық;
    • Еркін емес нарық.    

Халықаралық валюталық нарықтар ірі дүниежүзілік қаржы орталықтарында шоғырланған. Олардың ішінде: Лондондағы, Нью – Йорктегі, Майенедегі Франкфрут, Париждегі, Цюрихте, Токио, Сингапурдағы, Гонконгтағы валюталық нарықтарды бөліп айтуға болады. Бұл нарықтарды халықаралық төлем айналымында кеңінен қолданылатын валюталармен операциялар жүзеге асырылады.

Аймақтық және жергілікті нарықтарда белгілі бір конвертирленетін валюталармен операциялар жүргізіледі. Оның қатарында сингапур доллары, сауд риалы, кувейт динары және т.б. бар.

 Ұлттық валюталық нарықтар  деп, ережеге сәйкес, халықаралық  операцияларды жүргізуге маманданбаған, өз клиенттеріне (олардың қатарында  компаниялар, жеке тұлғалар және  банктер болуы мүмкін) валюта бойынша қызмет көрсететін сол елдің аумағында орналасқан банктердің жүзеге асыратын операцияларының жиынтығын айтады. Сонымен қатар, ішкі ұлттық нарықтағы операцияларға жекелеген компаниялар арасында  жасалатын операцияларды, жеке тұлғалар арасындағы операцияларды,  сондай– ақ валюта биржасында жүргізілетін операцияларды да жатқызады. Жоғарыда келтірілген сипаттамаға  қарап, Қазақстанда ұлттық нарықтың жұмыс жасайтынын айтуға болады. 2000 жылы операциялар көлемі USD – 1136574 мыңды құрайды.

Сол немесе басқа елдің ішкі валюталық заңдылықтарының ырықтандырылуына байланысты ресми валюталық нарық «қара нарықпен» толықтырылуы мүмкін. «Қара нарықтың» болуы барлық ТМД елдеріне тән сипат. Қазақстанда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің жүргізетін саясаты, айырбас орындарының көптеп ашылуы пайда массасын өсіру үшін банктер арасында бәсекені ұлғайта отырып, «көше» нарықтарында валютамен сауданы азайтуға және соның нәтижесінде «қара нарықтың» әрекет ету аясының қысқаруына әкелді.

 

11.2  Әлемдік  валюталық нарық қатысушылары

Институционалдық көзқараспен қарағанда, валюталық нарық банктер, банкирлер үйін, брокерлік фирма және ірі корпорациялардың жиынтығын білдіреді.Қалған банктер мен брокерлік фирмалар өздерінің валюталық операцияларын ірі коммерциялық банктердің жетекшілік етуімен, ережеге сәйкес олардың қарамағында жүзеге асырылады. Валюталық нарықтардағы валюталық мәмілелердің 95 %-ға дейін банктер мен брокерлік фирмалардың үлесіне келеді. Мұндай сызба, валюталық нарықты банкаралық нарық тәрізді сипаттауға мүмкіндік береді.

Валюталық операцияларды жүргізуге құқылы банктер өкілетті немесе девиздік банктер деп аталады. Девиздік банктердің валюталық нарықтағы операцияларға қарсы қатысу дәрежесі көп факторларға: банк шамасына, оның беделіне, шетелдік бөлімдер және филиалдар топтарының даму дәрежесіне, жүргізілетін халықаралық есеп айырысулар көлеміне, телекс, телефон, және т.б. байланыс жағдайына, банк саясатына байланысты.

Әдетте, валюталық операциялар банктер арасында тікелей жүргізіледі (телекс немесе телефон бойынша), бірақ кейбір елдерде (Скандинавия елінде) Орталық банк өкілдерінің валюталық нарыққа қатысушылармен кездесетін валюталық биржалар сақталған. Мұндай жағдай Қазақстан Республикасында да әрекет етеді, яғни Қазақстан қор биржасында аптасына екі рет валютамен сауда жүргізіледі.Нарықтың қатысушы барлық мүшелерін екі негізгі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа пассивті қатысушылар, яғни оларда валюталық операциялар  жүргізу қажеттігі әр кездерде туындайды да, баға белгіленімін білу үшін олар басқа банктерге өтініш жасайды (маркетюзерлер). Активті қатысушылар (екінші топ) өздеріне баға белгіленімін білуге өтініш жасайтын банктер үшін бағаны белгілейді (маркет – мэйкерлер). Осы қатысушылар арасында әлемнің барлық жерлеріне таралған бөлімше топтары және үлкен дилерлер штаты бар 20-ға жуық банктер ерекше бөлінеді.

Бұл банктер 100 млн. АҚШ долларындағы (мәміленің стандартты сомасы– 5 немесе 10 млн.) ірі сомаға мәміле жасай отырып, валюталық нарыққа маңызды ықпал етеді.Дүниежүзінің тек өте ірі банктерінде валюталық департаменттер және валюталық операциялармен айналысатын білікті дилерлер бар. Өз клиенттерінің тапсырмаларын ғана орындайтын және валюталық операцияларды өз қаражаттары есебінен жүргізбейтін, халықаралық валюталық нарықта жұмыс жасайтын банктерге, өздерінің клиенттері мен банк арасындағы делдалдық рольді жетістіктермен атқару үшін  валюталық операциялар туралы жалпы түсінігі бар банктік қызметкер болса жеткілікті. Мысалға, 2000–ға жуық бөлімшелері мен кеңсесі бар бірақ та үш бөлімінде ғана (Франкфурт– на–  Майнеде, Дьюсельдрфта және Гамбургте) халықаралық банкаралық валюталық нарықта операциялар жүргізетін валюталық департаменті бар Германияның ірі коммерциялық банкі  – Дойче  Банкті алуға болады.Қалған бөлімшелері валюталық операцияларды шектеулі сомалар бойынша Дойче Банктің үшбөлімшесінің бірінің «Сименс» каналы арқылы берілетін бағамдар бойынша жүргізе алады.Банктердің басқа да топтары ірі, бірақ азырақ диверсификацияланған банктер болып табылады. Әдетте, олар бір, екі– үш валюталармен операциялар жүргізуге маманданады және стандартты сомаларға баға қояды. Күнделікті жұмыстарында бұл банктер брокерлік фирмалардың қызметтерін пайдаланады.

Брокерлік фирмалар 30%-ға жуық валюталық операцияларға қызмет етеді және сол банкпен жұмыс жасайтын нақты брокер тұлғасында, екі банкінің арасында делдал ролінде де жүреді.Брокерлер делдал ретінде бола отырып, клиенттерден брокерлік комиссиялық ақы алады (брокер арқылы сатылған немесе сатып алынған әрбір миллион доллар үшін 20АҚШ доллары), ол төлемді халықаралық тәжірибедегідей сатып алушы мен сатушы тең бөледі және онда котировка қосылмайды, әр ай сайын тікелей брокерге төленіп отырады.Брокер мәміле жасайтын және баға белгілейтін өзінің банк– клиенттеріне толық тәуелді. Брокер арқылы жұмыс жасаудың айтарлықтай артықшылығы мыналар: котировка процесінсің  үздіксіздігі және брокер белгілейтін кез келген бағамен ұсыну мүмкіндігі. Дилер мен брокердің  арасындағы іскерлік ынтымақтастық тек өзара түсіністік, сенім мен сйыластық болғанда ғана мүмкін және ол өзара тығыз қатынас негізінде қалыптасады.

Банктердің валютамен жасалатын операциялары клиенттердің есебінен де,сондай –ақ өздерінің есебінен де жүзеге асырылады.

 

11.3  Валюталық  котировка және кросс-курс

Валюта бағамы - бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша бірлігіне қатысты бағасы. Валюталардың бағамдарын анықтау бағамдау (котировка) деп аталады. Бағамдау екі түрге: тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей бағамдауда шетел валютасының құны ұлттық валютамен бейнеленеді.

 

Тікелей бағам = Ұлтттық валюта / Шетел валютасы

 

Жанама бағамдауда ұлттық валютаның шетел құны валютамен бейнеленеді.

 

Жанама бағам = Шетел валютасы / Ұлтттық валюта

 

 Мысалы, тікелей бағамдауда: 1 АҚШ доллары = 117 теңге 17 тиын болса, ал жанама бағамдау бойынша: 1 теңге = 0,008 АҚШ доллары

Жанама бағамды кейде мынадай формуламен беруге болады:

 

Жанама бағам = 1 / Тікелей бағам

Кросс-бағам – бұл үшінші валютаға байланысты анықталатын екі валютаның шекті қатынасы.

Кросс-бағамының (Кб) есебін төмендегідей формуламен беруге болады. Мысалға, теңгенің кросс-бағамын есептеу.

 

          Шетел валютасының долларға қатысты бағамы

 Кб (теңге) = ¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾

 Ұлттық валютаның долларға  қатысты бағамы

 

Валюталық мәмілелерді іске асыруға байланысты бағамдарды спот және форвард деп бөледі.

Спот бағам мәміле жасалғаннан кейінгі екінші жұмыс күнінде валютаны айырбастау шартына сәйкес мәміле жасау уақытында бекітілген валюта бағамы.

Форвардтық бағам – белгілі бір уақыттан кейін белгілі болатын валютаның болашақ құны. Форвардтық бағам кейде споттық бағамнан жоғары немесе төмен болуы мүмкін.

Форвардтық бағам валюталық форвардтық контрактімен валюталық мәміле жасауда қолданылады Валюталық нарыққа қатысушылардың арасындағы валюталық операциялар валюталары айырбастаусыз және олардың пропорцияларын анықтаусыз жүзеге аспайды. Бір валютаны басқа валютаға айырбастау деп шетел валютасын ұлттық валютаға немесе басқа валюталарға сату,сатып алу. Ал оларды айырбастау пропорциялары валюталық котировка арқылы анықталады. Валюталар котировкасы айырбасқа ұсынған екі ақша бірлігінің қатынасын анықтауға мүмкіндік береді. Көптеген елдерде валюталық бағамды бекіткенде жанама баға белгіленімі қолданылады. Ол мынадай мағынаны береді: шетел валютасының белгісінің бір сомасы, ұлттық валюталық сәйкес сомасының өзгерісін көрсету үшін қолданылады. Жаңа баға белгіленімін көп қолданбайды. Бұл жағдайда негіз ретінде ұлттық валютаның бірлігі болады. Бұл баға белгіленімі көбінесе Ұлыбританияда қолданылады.

Валюталық баға белгіленімінің түрі валютаның жағдайына, оның курстық деңгейіне әсер етпейді, өйткені валюталық бағамның мәні өзгермей тек формасы ғана өзгереді.

Әр валюта бойынша сұраныс пен ұсынысты салыстыру жолымен банкаралық бағамды анықтаудан және тіркеуден тұратын баға белгілеу процедурасы фиксинг деп аталады. Фиксинг негізінде егер банк валютаны сатса, сатушының бағамы бекітіледі. Ал егер валютаны сатып алса, сатып алушының бағамы бекітіледі.

Сатушы және сатып алушы курстарының арасындағы айырма банктің шығындарын жабу үшін қолданылады және банк табысын құрайды. Бұл айырма маржа немесе спред деп аталады да, валюталық нарықта болатын нақты жағдайы және валюта статусына, мәміле көлеміне, компанияның немесе банктің статусына байланысты өзгереді.

Сауда-өнеркәсіп клиентурасы үшін валюталар котировкасы банкімен кросс-курс негізінде бекітіледі. Кросс-бағам бұл екі валютаның, олардың үшінші валютаға қатысты есептелінетін бағамнан шығатын қатынасын білдіреді.

 

11.4  Валюталық позиция, оның түрлері.

Валюталық операциялар  жүзеге асырылған уақытта  банкте валюталық позиция пайда болады.  Валюталық позиция – бұл коммерциялық  банктің шетел валютасындағы талаптары мен міндеттемелерінің қатынасы. Егер олар тең болса, онда банкте жабық  валюталық позиция болады, ал сәйкес келмеген кезінде – валюталық позиция ашық болып саналады. Ашық валюталық позиция  екі түрге бөлінеді: қысқы және ұзақ. Егер сатылған валюталар бойынша міндеттемелердің көлемі талаптардың мөлшерінен асса қысқа, ал талаптардың көлемі міндеттемелердің мөлшерінен асса ұзақ валюталық позиция болады. Ашық валюталық позиция әрқашанда валюталық тәуекелділікті тудырады. Сондықтан әрбір банк жұмыс күнінің соңында позицияны жабық қылып жасауға тырысады. Негізінен  валюталық тәуекелділікті  төмендету  үшін Қаржылық  қадағалау  Агенттігі  ашық валюталық позицияның деңгейін белгілейді, ол  банктің меншік капиталының 30 – інен аспауы тиіс. Валюта арқылы келісім жасау процесінде банк бір валютаны беріп басқа бір валютаны алады. Осы орайда банктің шетел валютасына деген талаптары мен міндеттемелерінің арақатынасы оның валюталық позициясын көрсетеді. Егер талаптары мен міндеттері тең болса, онда валюталық позициясы жабық деп саналады, тең болмаса- ашық болғаны. Ашық валюталық позицияның екі түрі болады: қысқа және ұзын.

Информация о работе Валюталық операциялар