Валюталық операциялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2014 в 09:03, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының “Валюталық реттеу туралы” заңына (24.12.1996 ж.) сәйкес, “валюта – мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірліктері немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат металлдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бірақ айналымда жүрген ақша белгісімен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түріндегі қолма-қол және аударым нысандарындағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, соның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражаттары”. Осы заңда “валюталық операцияларға” төмендегідей түсінік берілген:

Прикрепленные файлы: 1 файл

Валюталы__ операциялар.doc

— 749.50 Кб (Скачать документ)

“Стенд бай”  аккредитивтері кепіл құралы болып табылады.

Резервтік аккредитивтер келесідей төлем және қызметтер арқылы кепілдендіріледі:

  • ұсыну бойынша төлемге жататын вексельдер бойынша төлем;
  • банктік несиелерді өтеу;
  • тауар жеткізілімдерін төлеу;
  • келісімшарт бойынша тауарды жеткізу;
  • жұмысты орындау немесе мердігерлік шартты орындау;

Банкке аккредитив бойынша бұйрық берушінің өз міндеттемесін орындамағаны туралы өтінішпен бірге аккредитивке сәйкес барлық құжаттарды ұсына отырып, оның орындауын талап етеді. Банктер несиелерге байланысты бағалы қағаздарға байлансты өздерінің жеке міндеттемелерін орындау кепіл ретінде өз есебінен резервті аккредитивтер ашады. Одан әрі банктер аккредитивтің осы түрі арқылы жеткізілген тауарлар үшін жабдытаушыларды кепілдейді.

Инкассолық операцияларды жүзеге асыру кезінде банктер және олардың клиенттері Халықаралық сада палатасын жасап шығарған инкассо бойынша сәйкестендірілген Ережелерге сәйкес басқарады. Сәйкестендірілген ережелер инкассо түрін, төлем және төлемді,акцепті жүзеге асыру үшін құжаттарды ұсыну тәртібін, төлем, акцептеместі жүзеге асырутуралы хабарландыру тәртібі тараптардың міндеттері мен жауапкершілігін анықтайды, әр түрлі терминдерге біркелкі түсініктер береді және басқа да мәселелерді шешеді. Сәйкестендірілген ережелер сәйкес инкассо – банктердің келесі мақсаттарда алынған нұсқаулықтар негізіндегі құжаттармен жүзеге асырылатын операция.

  • Акцепт немесе төлемді алу;
  • Акцепт немесе төлемге қарсы коммерциялық құжаттар беру;
  • Басқа да жағдайларға байланысты коммерциялық құжаттарды беру;

Инкассолық операция жүргізілетін құжаттарға байланысты инкассоның екі түрін бөліп қарастыруға болады:

  • Таза, яғни чектер,вексельдер және төлемді алу үшін пайдаланылатын басқа да құжаттар жаттатын қаржылық құжаттарды инкассолау;
  • Құжаттамалық, яғни қаржылық құжаттармен жөнелтілетін немесе жөнелтілмейтін коммерциялық құжаттарды инкассолау.

Негізгі коммерциялық құжаттарға коммерциялық шоттар немесе фактура – шоттары жатады. Коммерциялық шот сатып алушыға ұсынылатын және төлеуге тиісті сомалар көрсетіледі. Мұнда тауарлардың толық және нақты атаулары көрсетіледі.

Көлік құжаттары коммерциялық шот көшірмесі үш негіз болып табылады. Оларға оларды ұстаушы тұлғаларға тауар меншігіне құқық беретін коносоменттер (теңіздік және өзендік); накладнойлар (темір жолы, әуе жолы, көлік жолы), қабылдап - өткізу актілері, сонымен қатар пошта түбіртектері және тағы басқа жатады. Оны төменгі сызба  арқылы көре аламыз:

 

Төлеуші                                                                                       Сенімді


(импортер)                                          1                                     (экспортер)


                     белгілеу                           2                     түсіру 3      4


6   7               пункті                                                    пунктті

 

                                                              5 


Инкасаторлаушы                                8                         Ремитенттік                                                                    


банк                                                                                     банк

2 - сызба

Инкассо бойынша есептесу   тәртібі

 

Инкассо бойынша есептеу схемасы келесі форма түрінде көрсетіледі. (1) Контракт біткеннен кейін, қандай банк арқылы есеп айырысуларын жүргізетінін мемлекеттер алдын – ала қарастырады, келісім шартқа қатысты экспартер тауарын түсіреді (2). (3) Транспорттық ұйымдардан алынған транспорттық құжат, (4) инкассолық тапсыру бойынша экспортер комплекстік қүжаттарды дайындайды, мұнда коммерциялық және де қаржылық құжаттарды өз банкіне ұсынады. Ремитентті банк инкассаторлаушы банкқа құжаттарын жібереді (5). Банк төлеушіге төлеу құжаттарын төлеуге деген ескерту жібереді (6). (7) Импортердан төлем тапсырмасын алғанна кейін банк оған құжаттарын жібереді. Инкасатырлаушы банк пайданы ремитент банкке почта немесе телеграф арқылы жібереді (8).

Аккредитивтің артықшылықтары мынадай:

Сатушы (экспортер) үшін:

  • аккредитивте көрсетілген барлық шарттар, яғни тауар көлеміне, сапасына, қаптау түріне, жеткізу мерзімі мен тәсіліне, тиеу орыны мен мерзіміне және т.б. қатысты шарттар толық орындалған жағдайда төлемнің жүзеге асырылатыны;
  • тауар жартылай жөнелтілсе, онда нақты жөнелткен тауары үшін төлем алатындығына сенімділігі;
  • мәміле жасалмаған жағдайда немесе аккредитивтің мерзімі аяқталған уақытта сатып алушының резервтеген сомасын қайтарып алытындығына сенімділігі.

Сатып алушы (импортер) үшін:

  • төлемнің банкпен төленетіндігі;
  • егер ұсынылған құжаттар аккредитивте көрсетілген шарттарға сәйкес келгенде ғана төлемнің жүзеге асатындығы;
  • егер сатушы өндіруші емес делдал болса, онда өндірушінің атына аккредитивті аударып жіберу мүмкіндігіні болуы.  

Аккредитив бойынша келісімшарт жасасу барысында төлемді жасауға байлансты аккредитивтің түріне мән беру қажет. Егер сіз құжаттарды банкке тапсырғаннан кейін төлемдерді алғыңыз келсе оны “ұсынуға байланысты төлем” (“by payment”) деген аккредитивті таңдағаныңыз дұрыс. Себебі, мұндай форма өте кең таралған және жылдам болып табылады. Бірақ та  банктің 7 күн ішінде құжаттарды тексеруге содан соң барып төлемді жасауға құқылы екендігін естен шығармау керек.

Егер серіктесіңізге несиеге тауарыңызды бергіңіз келсе, онда Сізге төлемді кешіктіріп төлеумен байланысты (“by deferred payment”)   аккредитив қажет болады. Төлемді кешіктіру уақыты тауарды жөнелткен күннен басталуы, құжаттарды банкке берген күннен басталуы немесе аккредитив ашқан күннен басталуы мүмкін. Бірақ мұндай жағдайда кешіктіріп төлеген күндер үшін комиссиондық ақыны Бенефиардың атына төленетіндігін есте сақтау қажет.

Сонымен қатар өзара келісімшарт жасаған кезде қай тараптың банктің шығыстарын өз мойынына алатындығын міндетті түрде көрсетуге тиіс.

Аккредитивтік есеп айырысуда пайдаланылатын құжаттарға мыналар жатады:

       Шот-фактура, яғни экспортердың жөнелткен тауары не көрсеткен қызметі үшін импортердың төлемді талап етуге негіз болатын қаржылық құжат. Онда мынадай көрсеткіштер болады: жазылған күні, сатып алушы немесе импортердың аты-жөні және мекен-жайы, шот сомасы, тауардың сипаты, бір тауар бағасы, қосымша шығыстар, жөнелту шарты, төлеу шарты (аккредитив номері). Шот-фактураны міндетті түрде бенефициар толтырады және оны аккредитивті ашушыға (сатып алушыға) жібереді.

         Сақтандыру полисі – сақтандырушы мен сақтанушының арасында сақтандыру шартының жасалғандығын куәландыратын құжат. Онда мынадай ақпараттар қамтылады: сақтандырушының атауы, мекен-жайы және қолы, сақтанушының атауы, мекен-жайы және қолы (әдетте сақтанушы ретінде сатушы болады), сақтандыру сомасы (сақтандыру сомасы СІР және СІҒ жеткізу шартына сәйкес тауар құнының 110 % құрайды), жөнелтілетін тауарлардың сипаты, тасымалдау түрі (көлік түрі, жөнелту уақыты, жөнелту орыны), сақтандырылатын тәуекел сипаты, сақтандыру сыйақысын төлеу орыны (қала немесе елдің, сақтандыру агентінің атауы).

        Көлік жүкқұжаты – тауарды тасымалдаушыға берілетін құжат. Көлік құжатының көлік түріне қарай теңіз коносоменті, әуе жүкқұжаты, авто жүкқұжаты, теміржол жүкқұжаты, пошта қолхаты сияқты түрлері болады. Көлік түріне байланыссыз жүкқұжатында мынадай мәліметтер көрсетіледі: тасымалдаушының аты-жөні мәртебесі және қолы, жөнелтушінің аты-жөні және мекен-жайы, тауардың сипаты, салмағы, қаптау номері мен түрі, фрахтаны төлеу туралы белгісі, жөнелту орыны, жеткізу орыны, тиеу орыны, құжаттың толтырылған күні мен орыны.

Аккредитивтің басты артықшылығы, оны төлеуге бантің кепілінің болуы.

Сонымен қатар, бұл есеп айырысу формасында бірқатар кемшіліктерде бар:

  • аккредитивпен есеп айырысудың өзге формаларға қарағанда өте қымбат, сатып алушының қаражаты аккредитивтің қызмет ету мерзімінің ішінде оның шаруашылық айналымынан шығарылып қалады;
  • тауар айналымы бәсеңдейді, яғни жабдықтаушы аккредитивтің ашылғаны туралы хабар алғанша, өзінің дайын өнімін жөнелте алмайды және оның сақталуы да қосымша шығындарды қажет етеді.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 

  1. Халықаралық есеп айырулардың негізгі тәртібі мен бекітілген ережелері
  2. Халықаралық төлем әдістері
  3. Халықаралық есеп айыру нысандарының ерекшелігі

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. К.О. Шаяхметова Система управления  риском на финансовым рынке.  Банки Казахстана. № 7/ 08 60
  2. Г.Г. Коробова, Е.А. Нестеренко. Банковские риски. Учебное пособие: Издательский центр Саратовской государственной экономической академии, 1996.
  3. Е.П. Жарковская. Банковское дело. М.: Омега – Л, 2006
  4. Л.Г. Батракова. Экономический анализ деятельности коммерческого банка: Учебник для  вузов. М.: Издательская  корпорация  «Логос», 2007.
  5. Роуз Питер С. Банковский менеджмент. Пер. с англ. 2-е изд. - М.: «Дело Лтд», 1995

 

9 Халықаралық корреспонденттік  қатынастар  жүйесі 

Лекцияның мақсаты: Банкаралық корреспонденттік қатынастардың қалыптасу тәртібімен және жүзеге асырылуымен танысу. Банкаралық ақша аударымдарының артықшылығын қарастыру

 

9.1  Банкаралық  корреспонденттік қатынастар, мазмұны  және түсінігі

9.2 Клиринг – банк корреспонденттердің негізгі операциясы

9.3 SWIFT жүйесі

 

9.1  Банкаралық  корреспонденттік қатынастар, мазмұны  және түсінігі

Халықаралық есеп айрысуларды жүзеге асыру үшін банктер шетел банктерінде өздерінің корреспонденттік шоттарын ашады. Корреспондеттік қатынас  – банктік қызмет көрсетумен байланысты операцияларды жүзеге асыру мақсатынды банктер бір бірінде өзара корреспондеттік шот ашумен байланысты жасалған келісім-шарттық қатынасты сипаттайды.

Корреспондент банк-  клиенттерге қызмет көрсетуге байланысты операциялар мен банкаралық операцияларды корреспонденттік келісім-шарт негізінде өзге банктің тапсырмасын орындаушы банк.

Ондай шоттар екі түрлі болып келеді:

НОСТРО шоты (біздің шотымыз сізде) – банк-корреспондентте коммерциялық банктің атына ашылған ағымдық шот;

ЛОРО шоты (сіздің шотыңыз бізде) – коммерциялық банкте банк-корреспонденттің атына ашылған ағымдық шот. Бұл коммерциялық банктердiң өзара есеп айырысуларды жүргiзуге арналған елдiң орталық банкiнде  және банктердiң бiр-бiрiнде ашатын шоты - Корреспонденттiк шот. Шетел валютасындаңы есеп айыруды Ұлттық Банктер лицензия алған екінші деңгейлі банктер жүргізеді. Халықаралық есеп – айырулар шетел банктері арқылы жүргізіледі және үшін корреспонденттік қатынастар орнатылған.  Корреспонденттік қатынастар негізінде ашылатын шоттың валюта түрін, солар бойынша сый-ақы  есептелуін, осы шоттан қаржы аудару тәртібін комиссиондық сый-ақы бойынша есеп – айыруларды, телеграфтық және пошталық шотттар бойынша есеп – айыруларды жүргізіледі.

Корреспонденттік қатынастар бекітімі безендіріледі. Мұнда шетел валютасындағы шоттардың барлық шарттары көрсетіледі. Банк   корреспонденттер лауазымды тұлғалардың қатынастық үлгілері, кодтар және цифрлар альбомдарымен алмасады. Олар аударуды безендіру кезінде қолданылады. Мұндай корреспонденттік шоттар бір-бірінде немесе банкттің біреуінде ашылады. Синтетикалық есеп тек теңгеде жүргізіледі, ал аналитикалық есеп екі валютада жүргізіледі, яғни операция жүргізген күні номинал бойынша шетел валютасында және Ұлттық Банктің курсы бойынша теңгеде жүргізіледі. Қай валютада есеп жүргізілгендігін анықтау үшін халықаралық стандарттар бойынша валюта кодтары қолданылады.

 

9.2  Клиринг  – банк корреспонденттердің негізгі  операциясы

Клиринг – бұл клирингке қатысушылардың қарсы тапсырыстарының есебiн жинау, салыстыру, iрiктеу процессi және олардың таза ұстанымын айқындау.

Клирингтiк палатада негiзгi және алдын-ала клиринг жүзеге асырылады.

«Қазақстан Республикасындағы банкаралық клиринг туралы Уақытша ережесі» Ұлттық Банк Басқармасы бекіткеннен кейін Қазақстанда клирингті енгізуді 1995 жылы бастады. Осы ереже Қазақстан Республикасының төлем жүйесін жетілдіру және дамыту мақсаттарында және «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарымен, «Қазақстан Республикасындағы банктер туралы», «Қазақстан Республикасындағы ақшасыз есеп айырысулар туралы уақытша ережесімен» сәйкес әзірленді. Бастапқыда клиринг ұлттық төлем жүйесінің қауіпсіз және нәтижелі, тым сенімді, жаңа құруы мен енгізуі бойынша экспериментті жүргізу мақсатымен Ұлттық Банкпен құрылған Алматы клиринг палатасы негізінде функцияланды. Бұл КСРО жүйесі кезеңіндегі ережелері негізінде және халықаралық стандарттар бойынша ұзақ мерзімді төлем жүйесін құруының бірінші қадамы болды.Дұрыс нәтиже алғаннан кейін, клирингтік палатаның бағдарламалық қамтамасыз ету мен технологиясы 1996 жылы Ұлттық Банктің барлық облыстық басқармаларына енгізілді. Бұл толық бағалы төлем жүйесін құрылғанға дейін аймақтардағы төлемдерді жүргізуді тездету проблемасын шешуге мүмкіндік берді.

Информация о работе Валюталық операциялар