Внутрехозяйственный землеустроитсво

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Января 2014 в 19:10, реферат

Краткое описание

Проекты внутрихозяйственного землеустройства составляется в границах землепользова-ний существующих или вновь образованных земель собственни¬ков или землепользователей. Она не отличается столь большим разнообразием ввиду того, что имеет дело только с сельскохозяйственным производством. Но формы устройства зем¬ли, предусматриваемые проектом, в сильной степени отличаются в зависимости от производственного типа хозяйства, т.е. его специализации, ведущих и дополнительных отраслей, природных ус¬ловий и пространственных особенностей территории

Прикрепленные файлы: 1 файл

Внутрихозяйственое землеустройство АУДАРУ КЕРЕК.doc

— 423.50 Кб (Скачать документ)

 

Маңғыстау облысы активінде  Президенттің халыққа Жолдауындағы басым бағыттары талқыланды

Бүгін Маңғыстау  облысы активінде Президенттің биылғы халыққа Жолдауындағы басым бағыттары  талқыланып, атқарушы билік атқарылар іс-шараларды белгіледі. Негізінен мал өсірумен айналысатын аймақ халқы осы салаға қолдау жасалатынына және коммуналдық шаруашылықтың жанданатынына қуанып отыр. 
 
Биыл аймақта мал шаруашылығын дамытуға байланысты бірнеше жоба қолға алынбақ. Мәселен, Бейнеуде ет өнімдерін өндіретін кәсіпорын ашу көзделіп отыр. Мал бордақылау үшін былтыр іске қосылған Бейнеу астық терминалындағы мал азығын дайындайтын цех өнімі пайдаланылмақ. Ал еліміздегі ең ірі түйе шаруашылығы – «Таушық» серіктестігі айыр түйе мен адай жылқысына қоса етті, майлы қой өсіруді жоспарлауда. Шаруа осы мақсатқа мемлекет несие ресурстарын бөлетіні қуантады, - дейді.  
 
Айбек Қосуақов, «Таушық» ЖШС басшысы: 
- Жолдауда мал шаруашылығы саласын дамытуда ет өнімдерін молайтуға басым бағыт беріліп отыр. Ал біздегі ет өнімдері көзі – түйе, жылқы шаруашылығымен қатар қой шаруашылығы. Етті қой шаруашылығын дамытуға кемінде 100-150 млн теңге кемінде мақсатты қаржы бөлініп, облыста етті-майлы қой шаруашылығының тез аяғынан тұрып, дамуына жағдай жасауымыз керек. Сонда біз нәтижеге тез қол жеткіземіз және халықтың сапалы ет өніміне сұранысын жоспарлы көлемде қамтамасыз етеміз.

Ақтау қаласының тұрғындарына арзан бағадағы көкөністер жеткеніне екі айға жуық уақыт болды. Шаруа қожалықтары өнімдерін өздері өткізуі үшін шағын аудандарда арнаулы орындар ашу жоспарлануда. Жалпы, биылғы егіс көлемі 460 гектарға жетті. Бұл — Маңғыстау үшін үлкен жетістік. Жобамен 4140 тонна көкөніс, 3384 тонна қауын-қарбыз, 50 тонна картоп жинамақшымыз.

 

Тамшылата суару – тиімділік тетігі 

 

Сулы жер – нулы жер деп  жатады халық. Шынында да солай. Сусыз өмір жоқ. Сол судың бағасын Маңғыстау халқы жақсы біледі. Ата-бабаларымыздың көзіндей болып қалған шыңырау құдықтар соның бір көрінісі. Дегенмен, қазір ел еңсесін көтерді. Өмір өзгерді. Елдің шетінен еміс-еміс естілетін егістікті тамшылатып суару тәсілімен өзіміз танысып жатырмыз. Биыл “Таушық” жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі “Долы апа”  егін алқабына Грекияның “Евродрип” фирмасының тамшылата суару технологиялық жүйесін орнаттық. Оны өңіріміздегі небір игілікті істерге ұйытқы болып отырған “Маңғыстауагросервис” қаржы-лизинг мекемесі орнатты. Ал осы жаңалықты ауылымызға әкелу қарсаңында, оның жұмысымен жете танысу мақсатында Ресейдің Астрахан облысында болдық. Сондағы М.Әбдірахманов деген жеке кәсіпкер азаматтың “Айбек” атты шаруа қожалығындағы осы желіні көріп таңғалып, таңдай қаққанбыз. Аймақтағы басшы азаматтардың арқасында сол желіге біздің де қол жетті. Мамыр айында алмамен қоса көкөністің жеті түрі егілді. Қондырғыны алдын ала жасалған келісім-шартқа орай Волгоградтың “Нижневолжский” агрофирмасының мамандары орнатты. Қазір бәрі де бірқалыпты жұмыс істеп тұр. Волгоградтықтар ай сайын тексеріп, қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Бау-бақша дақылдары — қауын, қарбыз, қызанақ, қияр, асқабақ теп-тегіс, әсем болып өсіп жатыр. Ал тиімділік туралы әңгімелесек, бұрын бір гектар жерді бес адам баптайтын болса, қазір екі адам ғана барлық шаруаны ұршықша үйіріп жүр. Үш скважинаның орнына екі скважинаның суы молынан жетіп тұр. Оның үстіне енді егістікке тыңайтқыштар тасып әуре болмаймыз. Ол сумен бірге тамырға тарайды. Яғни, үнем мол. Ысырапшылдық жоқ.

Біз бұрын  да серіктестіктің еңбекшілері үшін азды-көпті бау-бақша салдық. Облыс, аудан орталығынан 100 шақырым жердегі  “Таушық” елді мекенін жергілікті өніммен қамтамасыз етуге жұмыс істедік. Еңбегіміз жеміссіз емес-ті. Ал мына жаңа желі сол жұмысымызды нық сеніммен алға апаруға ықпал етіп отыр. Сәтін салса, түйе шаруашылығын дамытып отырған “Таушық” серіктестігінің еңбеккерлерін ғана емес, жақын маңдағы елді мекендер, тіпті арнаулы орын берсе Ақтау халқын бау-бақша өнімдерімен қамтамасыз етпекпіз.

Сұлтан  НАСРЕДДИНОВ, “ИП-Насреддинов” шаруа  қожалығының басшысы.Түпқараған ауданы.  

Жайылымды суландыру – даланы нуландыру

Жұма, 6 сәуір 2012 7:42

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына осы жылғы Жолдауында алдағы жылдары дамуымыздың он басты бағытын атап айтқаны белгілі. Соның оныншысында ауыл шаруашылығы бойынша жаңа міндеттер бар. Солардың бірі Үкіметке біздің сусыз, шөлейтті даламыздың жыры болып жүрген жайылымдық жерлерді суландыру арқылы мал шаруашылығын дамытуды тапсыруы дер едім. Мен республикамыздағы ең ірі де іргелі мамандырылған түйе шаруашылығының басшысымын. Мені елдегі адамдардың «Әке жолын қуған ұл» деп айтулары да орынды. Әкем Маңғыстауда мал шаруашылығын өркендетуге елеулі үлес қосқан, Қазақстанның үздік фермері атағына ие болған Тұрар Жолдыбаев еді. Ол кісінің өмірден озғанына бес жыл. Менің мал шаруашылығын қолға алғаныма соншама уақыт болды. Шама келгенінше, әкенің игі бастамаларын аяқсыз қалдырмауға жұмыстанып жүрміз.

Мал басы жыл сайын өсіп келеді. Қазір 2431 бас түйе бар. Соның 700-ден астамы асыл тұқымды. Өткен жылы 157 центнер  түйе сүтін өндірдік. Шаруашылығымыз «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мұнайшыларын, облыстық өкпе аурулары ауруханасын, «Тұщыбек» санаторийін шұбатпен қамтамасыз етеді. Серіктестігімізде бау-бақша шаруашылығы қолға алынған, балықшылар бригадасы бар. Табысты түлік түйе өсірудің арқасында Таушық ауылындағы 200-ден астам тұрғын түрлі сүт тағамдары мен жүннен тоқылатын тауарлар өндірумен айналысып келеді.

Мал шаруашылығының дамуы арқасында ауылымыз да ажарлана түсуде. Ауылда емхана, 100 орындық балалар бақшасы, наубайхана, оннан астам сауда нүктелері жұмыс жасайды. Елбасы Жолдауын оқи отырып, енді еліміздегі түйе түлігінің үштен бір бөлігі шоғырланған Маңғыстауда осы түліктің санын көбейтіп, басқа салалармен терезесі тең болатындай дәрежеде болатын шығар деп үміттенеміз. Өйткені, біле-білген адамға түйе қандай жағдайға да төзімді. Түйе – сойсаң ет, шұбаты – ем, жүні – жібек, табысты түлік. Әттең, облыста мал шаруашылығын дамытуға басты кедергі Елбасы атап көрсеткен жайылымды суландырудың қолға алынбай келе жатқандығы. Соның салдарынан бізде шабындық пен жайылым жердің 30 пайызы ғана пайдаланылады. Себебі, мал саны өскенмен жайылымдағы су көздері тартылып, топырақтың түбі кеуіп, өсімдік қоры сиреп барады. Соған орай Елбасы тапсырмасына сай Үкімет осы мәселені тездетіп қолға алса деген тілек бар. Егер жайылым суландырылса облыста мал басын 1,5 есеге, өнімді 2 есеге өсіруге мүмкіндік туар еді. Сөйтіп, осы игі шара нәтижесінде ата кәсібіміз нәсібімізге айналып, жаңа жұмыс орындары да көптеп пайда болар еді. Дегенмен, малшы ауылдары қаладан қашықта орналасқан. Ал түйе сүті тез бұзылады. Сапасы кетеді. Малшылардың бәрінде бірдей көлік бола бермейді. Сондықтан да ірі-ірі мұнай кәсіпорындары өздерінің жұмысшыларының денсаулықтары үшін шипалы шұбатты нәрлі күйінде пайдаланудың мүмкіндіктерін қараса екі жаққа да тиімді болар еді. Сондай-ақ осы істе облыстық «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының да өз атауларына сай ауқымды жұмыстар істегендерін қалар едік. Сонда Елбасының биылғы Жолдауындағы өмірлік мәні бар жайылымдарды суландыру мәселесінің біздің өлкемізде де оң шешімін тауып, мұнайлы Маңғыстаудың мал шаруашылығы қарқынды дамып, соның нәтижесінде жаңа жұмыс орындары да көбейе түсетіндігіне күмән жоқ.

Айбек ҚОСУАҚОВ, «Таушық» ЖШС директоры.

Маңғыстау облысы,

Түпқараған ауданы.

 
Бір бота туса, бір түп жусан артық өсер...

 
Әу-бастан Ойсыл қара тұқымын жандандыру бағытында тер төгу міндеті жүктелген кеңестік кезеңдегі «Жаңа жол» кеңшары негізінде «Таушық» ЖШС құрылған-ды. Шаруашылық 1984 жылы жекешелендірілді. Бүгінде серіктестікке тиесілі жайылымда 3 мыңға жуық түйе бағылуда. Қараша халық нар маяның етімен қатар бал сүтінің де игілігін сезінуде. Тәуекелге бел байлаған Айбек Қосуақов өткен жылдың тамыз айынан бері өндірістік деңгейде нарыққа шұбат ұсынуда. 1 литрлік құтының құны 560 теңгені құрайды. Бір жыл ішінде 320 тонна көлемінде ұлттық сусын өндіру жоспарланып отыр. Тек көзделген шаруаның іске асырылуы екіталай. 
- Шұбаттың 1 тоннасы үшін 55 теңге көлемінде демеуқаржы қарастырылған. Әзірге ұлттық сусынды белгіленген көлемде шығару мүмкін болмай тұр. Ол үшін қосымша адам күшін жұмылдырып, қолдағы түйелердің азығын көбейту қажет. Жеріміз шөлді болғандықтан, өзге облыстарға жүгінуден басқа амалымыз жоқ,сірә. Жылына 1 мың тонна шөп, 3 тоннадай жем сатып аламыз. Бұл бағытта мемлекет тарапынан қолдау көрсетілсе игі еді, - деп тілегін «Таушық» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Сахан МҮЛКІБАЕВ білдірді. 
«Таушық» 2000 жылы асыл тұқымды шаруашылық мәртебесін иеленген. Қолдағы түйелерді сұрыптаған серіктестік бүгінде қазақтың 2 өркешті түйесін, оның ішінде бактрианды және жалғыз өркешті дромедарды өсірудің қыр-сырына қанық. Жыл санап түлік қатары қалыңдап келеді. Өткен жылы Ойсыл қара 20 басқа көбейген. Артылғаны ет түрінде нарыққа жол тартады. Келісі 700-1000 теңге шамасында. Кәсібін дөңгелетіп алуға ниеттенген шағын қожалықтар да «Таушыққа» жүгінеді. Саудаға түсетін нар маяның құны 200 мың теңгеден аспайды. «Аналық түйелер 2 жылда бір рет төлдейді. Ботаны 3 жасқа келгенде ғана келе-келе түйелермен бағамыз. Ойсыл қараны өсірудің дәстүрі бір бөлек. Табиғи мінезін білмесең, тіл табысу қиын. Бүгінде шаруашылықты өркендету жо

. Алматы облысыники Ферманың мал дәрігері Таңатардың осында істегеніне 10 жыл болды. "Боталар адамнан қорықпайды. Әдетте олар артыңнан жүгіріп, жаныңа келіп, қызығушылықпен иіскейді". Дәрігермен қатар фермада тракторшы, малшылар, сауыншылар мен дәнекерлеушілер жұмыс істейді.


Информация о работе Внутрехозяйственный землеустроитсво