Топонимдердегі түр-түс атауларының семантикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Июня 2015 в 00:01, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ тіл білімінде соңғы жылдары қорғалған, ономастиканы жаңа бағытта зерттеу, аталым теориясының негіздерін зерделеуге қатысты мынадай еңбектерді атауға болады: Г.Б. Мадиеваның «Имя собственное в контексте познания» (2005), Б. М. Тілеубердиевтің «Қазақ ономастикасының лингвоконцептологиялық негіздері» (2006), Қ.Ж. Айдарбекованың «Қазақ терминологиялық аталымының ономасиологиялық аспектісі» (2009) атты докторлық диссертациялары. Бұл жұмыстарда қазақ ономастикасы мен терминологиялық аталым теориясының бірқатар іргелі проблемалары қарастырылып, оң нәтижелерге қол жеткізілді.
Г.Мадиева Қазақстан ономастикалық ғылымында қалыптасқан ғылыми-теориялық пайымдауларды жүйелеп, реттестіріп, зерттеу аспектілеріне жан-жақты тоқталды. Сонымен қатар, зерттеуші алғашқы болып қазіргі ономастикалық жүйенің метадиалектісі мен концептуалды-терминологиялық аппаратын, қазіргі Қазақстанның ономастикалық кеңістігіндегі онимдік бірліктерді леммалау проблемасын алғаш рет зерделеп, жүйелеп, тереңдете қарастыру арқылы, бірқатар тың теориялық нәтижелерге қол жеткізді.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................... 4
І тарау. Қазақ тіліндегі түр-түс атауларының семантикасы ......... 6
І.1 Түр-түс атауларының зерттелу жайы ....................................... 6
І.2 Түр-түстің символикалық табиғаты .........................................
10
ІІ тарау. Топонимдердегі түр-түс атауларының семантикасы ...... 31
ІІ.1 Қазақ топонимдеріндегі түр-түс атауларының мағыналық ерекшелігі ....................................................................................
31
ІІ.2 Түр-түс атауларына қатысты топонимдердің психолингвистикалық сипаты ..................................................
34
ІІ.3 Батыс Қазақстан облысындағы түр-түс атауларымен келген жер-су атаулары .........................................................................
38
Қорытынды ............................................................................... 49
Пайдаланылған әдебиеттер .................................................... 52

Прикрепленные файлы: 1 файл

топоним тус.doc

— 543.00 Кб (Скачать документ)

Қазіргі әрбір халықтың, мемлекеттің рәміздері мен нышандары, символикасы, тарихы олардың ұлттық дәстүрімен, салт-санасымен, әдет-ғұрпымен тығыз байланысты. Ерте кезде әрбір рудың, тайпаның өзіне ғана тән таңбалары мен ұрандары, тулары мен мөрі, ен-таңбалары болған.  Осы аталған этностың  белгісін көрсететін символдар халықтың өз дәстүріне сай әртүрлі түстер арқылы  бейнеленген. Олардың өзіндік мағынасы, қоғамдық-әлеуметтік дәрежесі, жалпы этносқа ортақ ұғым таңба, белгі, символ ретінде танылған. Сондықтан да, ақ пен қараның, көк пен жасылдың, сары мен қызылдың  түстік номинативтік мағыналары бірте-бірте дерексізденіп, олардың заттық, материалдық ауыс мағыналары даму негізінде қолдану шегі бірте-бірте кеңейе түседі.

Қай халықтың болмасын, тұрмысы мен танымындағы бар дүние сол халықтың жадында сақталып, тек тілінде ғана көрініс табады. Тіл арқылы мәдениетті: халықтың тарихын, салт-дәстүрін, мінезін, менталитетін танимыз. Халықтың дүниетанымы негізінде қалыптасқан мәдениеттің кейбір құпия сырлары тілдегі символ сөздерде жасырынған. Қазақ халқының ұлттық танымында қалыптасқан әрбір түр-түстік символдар халықтың рухани-материалдық мәдениетінен де, салтынын да орын алады. Бұл әр халықтың түр-түс табиғатын өзінше танып, өзінше анықтап, өз тілінде ат қойып, күнделікті қолданысына енгізуіне байланысты болса керек. Мәселен, ақ сөзімен келген тіркестердің мазмұны қазақ халқының ұлттық дүниетанымында қасиеттіліктің символдық галереясын сомдайды. Қара сөзі тіркескен сөзіне орай бірде қайғы, қаза, өлімнің, жамандықтың, арамдықтың белгісі, бірде (қара шаңырақ, қара қазан) қара сөзі қасиеттілікті, киелілікті,  қарапайымдылықты аңғартады.

Халқымыздың жанына жақын түстердің бірі – қоңыр түсі мінезге тән қарапайымдылық пен момындықты белгілейді. Сары түсіне байланысты ұғым-түзілімдердің басқаларға қарағанда азырақ болуы да қазақ халқының менталитетіне, көзге ерекше түсіп жүруді қаламағандығына байланысты болса керек. Ал көк түс қашан да қазақ халқы үшін биіктікті, адалдықты, тұрақтылықты, мәңгілікті сипаттайды.

Түр-түс компонентті қазақ топонимиясы – географиялық жалқы атаулардың жай ғана жиынтығы емес, ол ментальдік факторларды көрсететін лексикалық бірліктер жүйесі.

Көшпелі қазақ, малшы адам табиғатқа және географиялық ортаға өзінің шаруашылық қажеттілігіне қарай орнығады. Сондықтан жер-су атауларында тек табиғат пен географиялық нысандар ғана емес, табиғат ерекшелігі, құбылыс түрлері, түсі де қабылданып, бейнеленеді. Міне, осындай ерекшелік, танымдар жер-су атауларына лексикалық негіз болды. Біз өз жұмысымызда жер-су атауларындағы тек түр-түстік белгілерді негіз етіп алып, олардың белгілік ерекшеліктерін саралауды мақсат еттік.

Қорытындылай келгенде, тіліміздегі түр-түстер өздерінің символикалық қасиеттері арқылы түр-түске мүлдем қатысы жоқ не одан бүгінде тым алыстап кеткен ұғым-түсініктерді, мән-мағыналарды білдіреді. Осы саладағы зерттеулерді негізге ала отырып, құрамында ақ, қара, қызыл, көк, сары, боз,ала т.б. түр-түс атаулары кездесетін күрделі топонимдердің түстік мағынадан алшақтап бағыт-бағдарды, басқа заттық түсініктердің белгісі болатынын аңғаруға болады.

Дипломдық жұмыста түр-түс атрибуттарынан номинацияланған онимдік апеллятивтердің тіркесуі кездейсоқ емес, таңдамалы болып келетіндігі - ұлттық топонимикаға тән заңдылық ретінде айқындалды.

Жұмыста, жергілікті ғалым Ұ.Ержанованың еңбегін негізге ала отырып, Батыс Қазақстан облысы бойынша түр-түс атауларымен келген топонимдерге тілдік талдау жасалды. Талдаудың негізінде облыс бойынша «қара» және «ақ» түстерінің топонимдерді жасауда белсенді қызмет атқаратындығы анықталды.

  

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Әбдірахманов Ә. Қазақстан этнотопонимиясы. Алматы, 1979.
  2. Аманжолов С. Қазақ тілі теориясының негіздері. – Алматы: Ғылым, 2002.
  3. Қайдаров Ә., Ахтамбердиева З., Өмірбеков Б. Түр-түстердің тілдегі көрінісі. –Алматы: Ана тілі, 1992.
  4. Амангелді А.А. І.Есенберлиннің «Көшпенділер» романындағы жылқы атауларының этнолингвистикалық сипаты. Ф.ғ.к. ... дисс. авторефераты. Алматы, 2008.
  5. Аитова Н.Н. Қазақ тіліндегі түр-түс атауларының когнитивтік семантикасы. Ф.ғ.к. ... дисс. авторефераты. Алматы, 2005.
  6. Жампейісова Ж. «Ақ», «қара» концептілерінің кумулятивтік қызметі // Қазақ тілі мен әдебиеті, №7, 2006, 70-75-б.
  7. Лауланбекова Р.Т. Түр-түс компонентті күрделі аталыдардың танымдық сипаты. Ф.ғ.к. ... дисс. авторефераты. Алматы, 2010.
  8. Сағындықұлы Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері. – Алматы: Санат, 1994.
  9. Манкеева Ж. Қазақ тілінің заттық мәдени лексикасы: Фил.ғыл.докт.. дисс. автореф. –Алматы, 1997.
  10. Қашқари М. Түрік сөздігі. Алматы, 1998.
  11. Бекбосынова А.Х. С.Мәуленов өлеңдеріндегі теңеу. Ф.ғ.к. ... дисс.авторефераты. Астана, 2010.
  12. Касенов Е.С. І.Жансүгіров поэзиясының қатысымдық және танымдық табиғаты. Ф.ғ.к. ... дисс.афторефераты. Алматы, 2010.
  13. Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді. Алматы: Мектеп, 1980.
  14. Көктәнді Х. Аспан мен даланың арасындағы 4 ұмытылған тарих. М.: Қасиет, 2001.
  15. Куйчубаев Е. Основные типы топонимов Семиречья. Автореф. дис. ... канд. филол. наук. АлмаөАта, 1967.
  16. Бекенова Г.Ш. Қазақстанның солтүстік өңірі гидронимдері (семантикалық типология) Филол.ғыл.канд.дисс. ... авторефераты. Алматы, 2002.
  17. Тасполатов Б.Т. Қазығұрт өңірі топонимиясының этнолингвистикалық сипаты. Алматы, 2010.
  18. Рысберген Қ. Қазақ топонимиясының лингвокогнитивтік және этномәдени негіздері. Ф.ғ.д. ... дисс.авторефераты. Алматы, 2010.
  19. Қожанұлы М. Атырау облысының жер-су аттары. Астана, 2005.
  20. Қойшыбаев Е. Қазақстанның жер-су аттары сөздігі. Алматы, 1985.
  21. Әлімбек Г. Сөз мағынасы және ақпарат. Алматы: Атлас баспасы, 2001.
  22. Еспаева К. М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы топонимдердің қолданылу аясы. Кітапта: Қазақ ономастикасының мәселелері. Алматы: Ғылым, 1986.
  23. Бияров Б.Н., Мергенчина М.К. Фольклоротопонимдердің морфологиялық-құрылымдық жүйесі // Вестник КАСУ, №2, 2007.
  24. Молчанова О.Т. Проприальная номианция  в свете когнитивизма // Вопросы ономастики. Екатеринбург. 2006, № 3, с. 7., с. 15.
  25. Рысқалиқызы Ұ. Батыс Қазақстан облысы жер-су атауларыны сөздігі. Орал: Полиграф сервис, 2001.
  26. Әлімханова Ф.М. Қазақ антропонимдерінің лингвомәдени жүйесі. А., 2009.
  27. Жаңарған Жетісу атаулары. Құраст. А.Кендірбекұлы, Ж.Әбдірахманов, Р.Нүсіпбекова.
  28. Қойшыбаев Е. Қазақстанның жер-су аттары. Алматы, 1985.
  29. Жанұзақ Т. Қазақ ономастикасы. А.: «ІС- Сервис», 2006.
  30. Қазақ тілі энциклопедиясы. Алматы, 2004.

 

 

 


 


 


 


 

 


 



Информация о работе Топонимдердегі түр-түс атауларының семантикасы