Топонимдердегі түр-түс атауларының семантикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Июня 2015 в 00:01, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ тіл білімінде соңғы жылдары қорғалған, ономастиканы жаңа бағытта зерттеу, аталым теориясының негіздерін зерделеуге қатысты мынадай еңбектерді атауға болады: Г.Б. Мадиеваның «Имя собственное в контексте познания» (2005), Б. М. Тілеубердиевтің «Қазақ ономастикасының лингвоконцептологиялық негіздері» (2006), Қ.Ж. Айдарбекованың «Қазақ терминологиялық аталымының ономасиологиялық аспектісі» (2009) атты докторлық диссертациялары. Бұл жұмыстарда қазақ ономастикасы мен терминологиялық аталым теориясының бірқатар іргелі проблемалары қарастырылып, оң нәтижелерге қол жеткізілді.
Г.Мадиева Қазақстан ономастикалық ғылымында қалыптасқан ғылыми-теориялық пайымдауларды жүйелеп, реттестіріп, зерттеу аспектілеріне жан-жақты тоқталды. Сонымен қатар, зерттеуші алғашқы болып қазіргі ономастикалық жүйенің метадиалектісі мен концептуалды-терминологиялық аппаратын, қазіргі Қазақстанның ономастикалық кеңістігіндегі онимдік бірліктерді леммалау проблемасын алғаш рет зерделеп, жүйелеп, тереңдете қарастыру арқылы, бірқатар тың теориялық нәтижелерге қол жеткізді.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................... 4
І тарау. Қазақ тіліндегі түр-түс атауларының семантикасы ......... 6
І.1 Түр-түс атауларының зерттелу жайы ....................................... 6
І.2 Түр-түстің символикалық табиғаты .........................................
10
ІІ тарау. Топонимдердегі түр-түс атауларының семантикасы ...... 31
ІІ.1 Қазақ топонимдеріндегі түр-түс атауларының мағыналық ерекшелігі ....................................................................................
31
ІІ.2 Түр-түс атауларына қатысты топонимдердің психолингвистикалық сипаты ..................................................
34
ІІ.3 Батыс Қазақстан облысындағы түр-түс атауларымен келген жер-су атаулары .........................................................................
38
Қорытынды ............................................................................... 49
Пайдаланылған әдебиеттер .................................................... 52

Прикрепленные файлы: 1 файл

топоним тус.doc

— 543.00 Кб (Скачать документ)

1. Киелілік, молшылық, берекелілік, мағыналары. Ақ түс, әсіресе, түйе малымен байланысты көп айтылады. Мәселен, ақ түйе, ақ атан, ақ інген, ақ бота, ақ бура т.б. түйелердің түрлері, түгі бірыңғай ақшыл түске байланысты айтылады. Жалпы ақ түйенің өзі табиғатта сирек кездеседі екен. Қазақ дәстүрінде ақ түсті  ару ана, ақ інген, ақ бура төрт түлік малдың басы, киелі, қасиетті жануар болып саналған. Ақ боз аттың культі сияқты ақ түйені де саркальды күшке теңеген. Мысалы: Шырағым, ақ бура Көкшетаудың иесі еді, киесі ұрып жүрмесе нетсін (І.Есенб.). Қазақта ақ түйеге қатысты «ақ түйенің қарны жарылғанда» деген сөз – ақ атанның құрбандықққа шалынып, ауыл-аймақтың белгілі бір қуанышқа кенеліп, көл-көсір дәм-тұзға елдің қарық болуына байланысты пайда болған тіркес. Бұл – ақ түсті түйенің сирек кездесіп, оның қадірлі болуының тағы бір дәлелі. Бұл тіркес туралы алғаш түсінік берген – Ш.Уәлиханов [7, 17].

2. Тілектестік, тілеулестік  мағыналары. Қазақтарда құдандалы болғанда, қыздың әкесі құдаларына батасын оқытып, ақ төс сары қасқаны сойған. Қазақта «ақ қойдың қаны - ақ бата оқығаны» деген сөз осыдан қалған сияқты. Ақ түсті тоқтыны таңдаудың мағынасы ақ тілеу мен өсіп-өнудің нышанына сенуден туындаған. Бұрынғы кезде атақты адамдардың асына арнап, ақ түсті жылқы сойғанын А.И.Левшин еңбегінде келтірген. Ақ түсті атты арнап асқа союдың – қайтыс болған адамның атақ-дәрежесін көрсету. Бірақ, осы әдеттің неліктен жылқы түсінің ақ боз, қой басының ақ сары немесе ақ төс сары қасқалы түсіне қатысты болғанын дәл айтып беру оңай емес. Әйтеуір күні бүгінге дейін дінге сенушілер істің жақсылықпен бітіп, қуанышпен аяқталуын тілегенде, Алласына жалбарынып «ақ сары бас, ақ сары бас!» – деп, құрбан шалатынын ескеріп жатады.

3. Қасиеттілік, құрметтілік, мейірімділік мағыналары. «Ақ» түске байланысты тілдегі символизмдердің түрлері, мотивтері, қолданыс аясы әр алуан. Солардың бір көрінісі, адам денесінде болатын «ақ» түсті қалға, қасқа, шашқа да қатысты. Адам бойында сирек кездесетін құбылыстарды халқымыз жақсылықтың, игіліктің, қасиеттіліктің нышаны деп танып келеді. Денесіндегі ақ қалы бар адамды құрметтеу салтымен «Аққал» деп ат қойып, жария қылатын; түшкірген балаға үлкендер «Ақ қас, мұңсыз бол!» деп тілегін айтып, көңілін қош қылады. Ал енді маңдайынан қасқайып бір тұтам ақ шыққан адамның жай емес, бір қасиеті бар деп түсінген. Демек, халық ұғымында «ақ қал», «ақ шаш», «ақ қас» адамдар, малда – боз қасқа, ақ түйе, ақ сары бас қой – бәрі де ақ түске байланысты нышан, ерекше белгі. Қазақ халқында ақ – пәктік пен ақтықтың нышаны, қуаныш пен жақсылықтың белгісі, махаббат, үміт, қайырымдылық деген ізгі сезімдердің символы. Қазақ халқы ақты қастерлеп, жуындысын аяқ астына төкпеген. Сондықтан да қазақтар үшін ең ауыр қарғыс: «Ақ ұрсын, хақтың киесі ұрсын» деген сөз болған. Кейде ақты жерге төгетін де ырымдар бар. Мысалы: қалың өрт келгенде алдына ақ шашады. Қазақ халқы дүние тұтқасы, барлық тіршіліктің бесігі, адамзат өмірін өрбітуші ананы ақ ана дейді. «Ақ» түсінің қасиетті, қастерлі мағынасы «ақ жауып, арулап көму» тұрақты тіркесінен де көрініс табады.

4. Бейбітшілік мағынасы. Бірқатар символдық ұғымдар осы ақ түсімен байланысты әр түрлі нәрселерге: киім, мата т.б. бұйымдарға қатысты сөздермен тіркес құрап белгілі бір заттың атауын ғана емес, сонымен қатар олардың қоғамдық-әлеуметтік деңгейге көтерілген, салт-дәстүрге айналған символдық атауларын таңбалайды.  Мысалы: ақ жайма, ақ киіз, ақ сандық, ақ сүт т.б. ұғымдары – қазақ тіршілігіндегі қасиет тұтынылатын материалдық құндылықтар. Мұндай құндылықтар ақ сөзінің белгілік мағыналары арқылы көрінеді. Оны сөздік арқылы саралағанда, ақ сөзіне қатысты тура, ауыспалы, тіркестік, тұтастық (яғни басқа сөз табымен тіркесу нәтижесіндегі тұрақты тіркестік мәндер) мағыналары  ажыратылған.

Сөздіктегі «ақ» сөзінің таңбалық мағынасын былайша бөлуге болады:  1. Тура түстік мағынасы – адамға танылған заттың түсі (Қардың, сүттің, бордың түсі, Адамның, малдың, құстың т.б. жануарлардың түсі). 2. Заттық таңбалық мағынасы – өсімдік аты; Әк; Кеңес үкіметіне қарсы күрескен дұшпан тобы; Дойбының, шахматтың фигуралары. 3. Дерексіз сындық мағынасы – Адал, кінәсыз, жазықсыз.

Бұдан өзге ақ сөзінің басқа сөз табымен тіркесуінен  пайда болған мағынасын екіге жіктеуге болады: 1.Зат есіммен тіркескендегі мағынасы – ауыспалы, фразалық. Ақ жауын, ақ жаңбыр. Ашылмай ұзақ жауатын жаңбыр. Ақжүрек. а) Кіршіксіз, таза, пәк, адал. ә) Сөйл. Белсенді, асыра, сілтеуші. Ақ табан болды. Шаршап – шалдықты, табанынан таусылды.  2. Етістікпен тіркескендегі мағынасы –  ауыспалы, фразалық: Ақсүтін ақтады – ананың еңбегін өтеді. Ақсүтін кешті – Ризалығын берді. Ақсүтін көкке сауды – қарғады, теріс батасын берді. Бұл мағыналар тілдік талдау негізінде көрінетін мағыналар болып табылады. «Ақ көңіл, ақ жүрек, ақ жан, ақ ниет» сияқты ұғымдар мазмұны тілімізде адам мінезіне сай өріс алса, «ақ бесік, ақ отау, ақ босаға, ақ бөпе, ақ бала» тазалықтың, пәктіктің белгісіндей болып, «ақ жаулық, ақ сақал, ақ бас» үлкендік пен көрегендікке жеткен сый-құрметтің символы, «ақ тілек, ақ бата, ақ жол» адамның адамға деген шынайылық көңілі, «ақ қу, ақ сұлу, ақ жібек» сұлулықтың символы іспеттес ұғымдарды таразылайды. Зерттеу жұмысының ерекшелігі де сонда қазақ халқының дүниетанымында, рухани мәдениетінде қалыптасқан ұғым-түсініктерге сүйене отырып, қазақ тіліндегі ақ сөзінің   қолданысына қарай бірнеше тілдік таңбалық  топтарға бөлінді :

 

Кесте 2 - Ақ түсінің мағыналық топтары

 

 

 

 

Ақ

Тазалықтың белгісі ( ақ босаға, ақ отау, ақ бесік т.б.)

Сұлулықтың белгісі (ақ тамақ, ақ дидар, ақша бет т.б.)

Үлкендіктің белгісі( ақ сақал, ақ бас, ақ қас т.б.)

Қасиеттіліктің белгісі(ақ сүт, ақ ана ақ шаш т.б.)

Қуаныштың белгісі (ақ күн, «ақ сарбас» т..б)

Адалдықтың белгісі (ақ жол, ақ ниет, ақ бата т.б.)


Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде боз түсінің бірнеше мағынасы берілген,оларды тілдік талдау арқылы былайша бөлуге болады: 1. Тура түстік мағынасы. Ақшыл қылаң түс. 2. Заттық мағынасы. боз торғай, боз қарағай, боз қараған т.б. 3. Ауыспалы мағынасы. бозбала, боз өкпе, боз ауыз т.б. Боз сөзіне қатысты жастық, құрметтілік, қасиеттілік мағыналары анықталды.

1. Жастық, құрметтілік мағыналары. Тілімізде  «боз дала, боз қараған, боз үй, боз ат, бозбала» сөздерінің негізгі мағыналарында құрметтің белгісі көбінесе төмендегіше болып келеді. «Боз дала» бозаң даланың бір мезгілімен орайлас келген кезі мен түсіне байланысты болуымен қатар, көпті басынан кешірген небір заманның куәсі болған деген мағыналық түйін жатыр. «Боз» ұғымының жас ерекшелікке қатысты тек ер жігіттерге ғана  айтылатын жеке дара мағынасы бар: Сұлу киінген әдемі бозбала Тәкежан ат үстінде, қолында қаршығасы бар (М.Ә.) Сондай-ақ тілдік қолданыста «боз» сөзі тіпті жас баланы айқындар мағынасы кездеседі: Сен әлі бозауыз баласың, ешнәрсені білмейсің (Ә.К.). Боз түсінің құрметтік мағынада қолданылуы оның заттық белгісімен байланысты болып келетіндігінде жатыр. Боз отау, боз жорға, боз ат атаулары көбіне құндылық қасиеттің жас мөлшерін ерекшелей түсіп, құрметтеудің ерекше танымдық белгісін негіздейді. Ақ боз үй – қазақ қауымында өзіне сай салтанаты бар, өзіне тән жол-жоралғысы бар, сонысына қарай жүретін сый-құрметі бар үй ретінде қадір тұтылған. Ақ боз үй, ақ боз ат деп жұпталып тілде қолданылуы – осы құрамдарда ғана кездесетінінде қазақ түсінігіндегі мінер аты мен тігер үйін бағалауы жатыр.

2. Қасиеттілік мағынасы. «Ақ боз» ұғымында жалаң түр-түстік қана емес, бағалау, қасиет тұту мағынасының көтерер тілдік белгісі – оның құрметке ұласуымен  көрініс тауып, қазақ ұғымында «қасиетті» деген символиканы құрайды.

Қазақ танымында ерекше белгі таңбалық жүк артылған түр-түс атауының бірі – ала түсі. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде ала   сөзімен келген күрделі бірнеше сөз берілген: алааяқ, алабүлік, ала жаулы, алажібін аттамады (алмады) т.б. Бұл түстің де өзінің қолданысына қарай, тіркескен, біріккен  сөздің қатысына қарай мағынадан гөрі белгілік ұғымын көбірек тануға болады. Ала сөзінің қолданысына қарай бір ғана тәрбиелілік, тілектестік мағынасы бар. Ал белгі, нышандық ұғымы кеңіректеу: өмір, тіршілік, қарама-қайшылық, күрес, шым-шытырық сияқты дерексіз ұғымды, нышанды білдіреді. Ала түсінің қазақ тілінде көптеген ауыс, символдық мағынада қолданылуының себебі, ала түс жалпы ақ түс тобындағы (ақ, боз, сары, құла, құба, қылаң, сарғылт т.б.) реңктер мен қара түс тобындағы (қара, қоңыр, торы, кер, баран, күрең т.б.) реңктерінің араласуы арқылы пайда болуына байланысты неше алуан түр-түс гаммасын жасауында екен [3, 72]. Ал түр-түстің ала-құла әр тектес болып келуі олардың мағыналық жағынан да шеңберінің кеңеюіне, неше түрлі ауыс мағынада қолданылуына негіз болмақшы. Ала атауымен келетін тіркестің көбі ала сөзінің неше алуан (метафоралық, метонимиялық, символикалық) ауыс мағынасының негізінде дамып, көп жағдайда түр-түстік мағынадан алшақтап кететіндігі байқалады. Ала сөзі қазақтың салт-дәстүріндегі кейбір этнографиялық мәні бар сөздерді анықтап, тәрбиелік, тілектестік мағыналарын білдіреді. Ала сөзінің тұсау кесу ырымында қолданылуы ерекше назар аудартады. Тұсау кесу – баланың өмір жолының сәтті болуы үшін ақ ниетпен жасалатын ырым. Сөйтіп тұсау кесу ырымындағы негізгі атрибут – алажіп. Тұсау кесу ырымындағы алажіпке байланысты қазақ тілінде «біреудің ала жібін аттамау», «жыланнан қорыққан алажіпті аттамас» деген сөздерден аңғаратынымыз қазақ баласын тұсауы кесілген күннен бастап-ақ жақсылыққа тәрбиелеуінде жатыр.

«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» қара сөзінің мағынасына қатысты берілген сөздерден түстік,  белгісіздік, қайғы-уайым, қатыгездік, киелілік, қасиеттілік, қарапайымдылық мағыналарын тануға болады. Бұл мағыналар қара сөзінің ұғымдық нышандық, яғни таңбалық белгісін де білдіріп тұр. Қара сөзінің тура мағынасы – «ақтың қарама-қарсы түрі». Бұл оның негізгі мағынасы. Бірақ бұл номинативтік мағына одан кейін пайда болған коннотативтік мағынаның қалыптасуының барлығына бірдей ұйытқы бола алмайды. Мысалы: түркі топонимикалық жүйесінде жиі кездесетін gara su тіркесінің мағынасы сумен емес, жермен байланысты. Ал барлық орта ғасырлық түркі ескерткіштерінде кездесетін gara budun термині халықтың түсіне байланысты емес, оның қоғамдық-әлеуметтік орнымен байланысты, яғни қарапайым төменгі сатыдағы халық. Қара сөзінің ауыспалы коннотативтік мағынасы оның номинативтік мағынасына қарағанда әлдеқайда көп: қара, қара тұту, қара жамылу, қара ту, қара тігу, қараны жығу, қаралы көш, қара қазан, қара шаңырақ, қара шымылдық, қара жаулық, қара ниет, қара жүрек т.б.

Ш.Уәлихановтың, Ы.Алтынсариннің, белгілі этнограф Ө.Жәнібековтің көрсетуінше, қазақ халқында ертеректе ел жақсысы қаза тапқанда шаңырақтан қара ала шашақты қара жалау көтеріп, жақындары қара жамылып аза тұтатын, оның мінген атын бір жылға дейін тұлдап, ер-тұрманына қара жабу жауып, көші-қон кезінде жетелеп ертіп жүрген. Қазақтар адам өлгенде найзаға қаралы ту  тағып, шаңырақтан шығарып қоятын болған, адам жерленгеннен кейін найзаны сындыру ырымы жасалған. Құрбанғали Халидтің «Тауарих хамса» атты кітабында айқанындай, қазақтар өлікті қойып болған соң «қара» тұрғызады. «Қара» дегені – найза ұшына белгі байлау, мәйіт жас болса – қызыл, ересекке – ақ, орта жасар болса – бір жағы қара, бір жағы қызыл не ақ матадан құрап тігеді. Бұл қара  қазаның белгісі. Өлікке тігілген белгі қай түрлі болсын «қара» деп аталады. «Қара» түр-түс атауының басқа қасиетті, киелі деген мәнді білдіретін мағынасы бар. Бұл тіліміздегі қара қазан, қара шаңырақ сияқты сөз тіркестерінің құрамындағы қара сөзінен көрінеді. Қара сөзінің ендігі бір символдық мағынасы – шыдамдылық, төзімділік:қара түсті мал ақ, боз түстіге қарағанда шыдамды келеді екен. Бұдан қара түсінің шыдамдылық мәнінде болатынын көреміз. Қазақтағы қара өлең ұғымы да алғашқылықты, бастапқылықты білдіретін сияқты: Қазақтың қара өлеңі – құдіреттім, Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген (М.М.). Мұнда Қара заттың түсін білдіретін негізгі мағынасынан әлдеқайда кең ұғымда. Демек қара өлең дегеніміз – байырғы өлең, өлеңнің бастапқы қалпы деген сөз. Қара тау, қара халық, қара сөз, қара жол деген тіркестердегі анықтауыштар тек түсті ғана білдіріп тұрмағандығы түсінікті: ежелгі тау, негізгі халық, бастапқы сөз, басты жол деген ұғым береді. Сөйтіп, «қара» түсіне қатысты атауларды  мағынасына қарай 6 топқа бөлуге болады:

 

Кесте 3 – Қара түсінің мағыналық топтары

 

 

 

 

 

 

Қара

Жамандықтың белгісі (қара тізім, қара қағаз, қара ту т.б.)

Жауыздық, қатыгездіктің белгісі (қараниет, қарабет,

қара көңіл т.б.)

Алғашқылықтың, бастапқылықтың белгісі( қара су,

қара тау т.б.)

Киеліліктің, қасиеттіліктің белгісі( қарашаңырақ,

қара жер т.б.)

Қарапайымдылықтың белгісі (қара қазақ,

қара бұқара т..б)

Қайғы-мұңның белгісі (қара күн, қара уайым, қара түн т.б.)


   

    

Қара түсті білдіретін атаудың «ақ» түсті білдіретін атау сияқты көп мағынаға ие болуы, біріншіден, оның табиғаттағы ең негізгі, көрнекті және басқа да көп түстердің құрамында кездесетін табиғаты күрделі түс болуына  байланысты болса, екіншіден, қоғамдық өмірдегі көптеген құбылыстармен түр-түсіне байланысты сәйкестігі, ұқсастығы, мәндес-мағыналастығы негіз болған деп қарауға болады. Қара сөзінің түркі тілдеріндегі ауыспалы мағыналары бұдан да көп деп көрсетіледі, ал қазақ тілінде, ғалымдардың беруінше, талдауымызға нысана болған отыз шақтысын ғана кездестірдік. Сонымен қазақ тіліндегі қара сөзінің ауыспалы мағынасы нақтылы бір сөздермен тіркесте қолданылғанда ғана көрініп,  молая түсері белгілі.

Көк – символикалық жағынан тыныш теңізді, ұстамдылықты, ақшыл көк немесе көгілдір – үлкен сезімді, нәзіктікті, бейбітшілікті білдіреді.

Қазақ халқының менталитетінің ерекшелігіне, яғни тұрмыс-салты мен әдет-ғұрпына, наным сеніміне байланысты түр-түстердің белгілік мәні «көк» сөзінің төңірегіне байланысты да қалыптасқан. Көк сөзі тіркескен сөздерімен сындық мағынада, күрделі аталымдық мағынада, тұрақты тіркестік (фразалық) немесе ауыспалы мағынада байланысады. 

«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» көк сөзімен жасалған бірнеше күрделі сөз берілген. Мысалы: көк асық, көк жамбас, көк желке, көк мұз, көк айыл, көк бақа, көк ми, көкбет т.б. «Көк» түсті қазақтар ерекше пір тұтқан. Ұлт ерекшелігін тұтастай тану үшін оның тілдік, танымдық қасиеттерін зерделеп білмейінше, пәлендей ой-пікір түюге болмайды.  Тіл дүниенің ұлттық мәдени айшықтарын бейнелеуде адамның когнитивтік (танымдық) әрекетін қоршаған ортаның ықпалымен ұштастырады. Жылқы ішінде баранға жататын қаракөк түсінің қазақтар үшін символдық мәні ерекше. Төрт түліктің ішіндегі көк түстісін артық тұтқандығын, ең үлкен мінәжатта, құрбандыққа «көк қасқа айтып, көк қасқа шалу» әдетінен көруге болады. Көк сөзінің  жай қарапайым адамдарға емес, бай атақты адамдарға қатысты қолданылатынын киім-кешек, қару-жараққа  байланысты атаулардан да байқауға болады. Мәселен, көк сауыр етік, көк тон дегендерді көк сөзін қатыстыра атауы, тонды немесе етікті белгілі бір түске бояуына қатысты емес. Тіліміздегі көк етікті деген тіркес – басқалардан тәуір, өзгелерден артық деген ұғымды береді. Көк түсінің қара сөзімен алмастырылатыны да ұшырасады. Мәселен, өзбек әйелдері жақын адамы қайтыс болғанда, үш күн бойы қара не көк кездемеден көйлек тігеді екен. Төртінші күні оған осы көйлекті кигізу салтын жасайды. Осы күнді және осы ғұрыпты олар «көк киді» деп атайды екен. Бір жыл өткенде ол көйлекті шешіп, ақ көйлек кигізіп, бұл жораны «ақ киді» деп атаған екен. Көк сөзінің мағыналық өрісі, сөз тіркесі, біріккен сөз құрамында қолданылғанда кеңейе түседі. Айталық, көк сөзі көк мылжың, көк долы, көк жалқау, көк мұз т.б. атаулардың құрамында тұрып, нағыз, өте тіпті, әбден тәрізді күшейту мағыналарын, көк түйнек, көк сабақ, көк сағал дегенде егістің, бақша дақылдарының әлі піспеген, шикі екенін, көк етікті дегенде бай, тұрмысты деген ұғымды білдіреді. Сонымен қатар көк түс атауы «көк шөп», «көк бақа» (арық), «көк ми» (топас, ессіз), «көк долы» (ашушаң ұрысқақ), «тамағы тоқ, көйлегі көк» (тұрмысы жақсы), «көк бөрі» (адамға қатысты айтылғанда мықты мағынасында) деген сияқты өзге де алуан түрлі сөздердің құрамында кездесіп, коннотаттық компонент мағынасын танытып тұрады. Сонымен көк түсі – тек зиялылық, қарапайымдылық, ойлылық, іскерлік т.б. реңктерді білдіріп қоймастан, әр түрлі ойсыздық, сенімсіздік, тұрақсыздық т.б. ұғымдарының белгісін сипаттайды.

Информация о работе Топонимдердегі түр-түс атауларының семантикасы