Топонимдердегі түр-түс атауларының семантикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Июня 2015 в 00:01, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ тіл білімінде соңғы жылдары қорғалған, ономастиканы жаңа бағытта зерттеу, аталым теориясының негіздерін зерделеуге қатысты мынадай еңбектерді атауға болады: Г.Б. Мадиеваның «Имя собственное в контексте познания» (2005), Б. М. Тілеубердиевтің «Қазақ ономастикасының лингвоконцептологиялық негіздері» (2006), Қ.Ж. Айдарбекованың «Қазақ терминологиялық аталымының ономасиологиялық аспектісі» (2009) атты докторлық диссертациялары. Бұл жұмыстарда қазақ ономастикасы мен терминологиялық аталым теориясының бірқатар іргелі проблемалары қарастырылып, оң нәтижелерге қол жеткізілді.
Г.Мадиева Қазақстан ономастикалық ғылымында қалыптасқан ғылыми-теориялық пайымдауларды жүйелеп, реттестіріп, зерттеу аспектілеріне жан-жақты тоқталды. Сонымен қатар, зерттеуші алғашқы болып қазіргі ономастикалық жүйенің метадиалектісі мен концептуалды-терминологиялық аппаратын, қазіргі Қазақстанның ономастикалық кеңістігіндегі онимдік бірліктерді леммалау проблемасын алғаш рет зерделеп, жүйелеп, тереңдете қарастыру арқылы, бірқатар тың теориялық нәтижелерге қол жеткізді.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................... 4
І тарау. Қазақ тіліндегі түр-түс атауларының семантикасы ......... 6
І.1 Түр-түс атауларының зерттелу жайы ....................................... 6
І.2 Түр-түстің символикалық табиғаты .........................................
10
ІІ тарау. Топонимдердегі түр-түс атауларының семантикасы ...... 31
ІІ.1 Қазақ топонимдеріндегі түр-түс атауларының мағыналық ерекшелігі ....................................................................................
31
ІІ.2 Түр-түс атауларына қатысты топонимдердің психолингвистикалық сипаты ..................................................
34
ІІ.3 Батыс Қазақстан облысындағы түр-түс атауларымен келген жер-су атаулары .........................................................................
38
Қорытынды ............................................................................... 49
Пайдаланылған әдебиеттер .................................................... 52

Прикрепленные файлы: 1 файл

топоним тус.doc

— 543.00 Кб (Скачать документ)

Ақкөл – Казталовка, бұрынғы Жалпақтал ауданындағы көл және кеңшар атауы. Сөздікте Ақкөл көлінің екінші атауы Сакрыл да қамтылған. Ақкөл – бетін өсімдік гүлдері басқан, ағынсыз су. Бұл атаулар құрамында келетін ақ сөзі өзінің тура мағынасында тұр.

Ақкөлмек – Бөкей ордасы ауданындағы көл. Көлмек сөзі облыс территориясының барлық жерінде қолданылады. Көлмек деп көктем кезінде тасыған су немесе қар суы жайылатын алқапты атайды. Көлмек жаз айларында кеуіп, шабындыққа айналады. Ал осы атаудың құрамындағы ақ сөзі осы жерде өсетін шөпке (бидайық) байланысты қойылған.

Ақкүтір – Тасқала ауданындағы елді мекен. Күтір – көне түркі сөзі, орыс тіліне хутор болып ауысқан. Тілімізге әбден кірігіп кеткен. Тасқала ауданының жері ақ балшықты болып келеді. Үйлерін балшықпен майлағанда, бәрі де аппақ болып көрінеді. Осыған байланысты Ақкүтір атанған.

Ақкүшік – Тасқала ауданындағы елді мекен.

Аққайраң – Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы су атауы. Аққайраң – тұқы тұқымдас балық. Бірақ гидроним осы балық атынан қалыптасқан деп кесіп айтуға болмайды. Қазақстанның Батыс аймағында өзен-көлдің түбі көрініп жататын, тайыз бөлігін қайраң деп атайды. Махамбет ақынның атақты өлеңіндегі мына өлең жолдары да соның куәсі:

Қайраңнаң алған шабақтай

Қия бір соғып ас етсем,

Қылқаның кетпес дер едім.

Ендеше, Аққайраң - өзеннің тайыз әрі құмды келетін бөлшегі. Мұндай үзіктер Жайық өзенінің бойына көп кездеседі.

Аққасқа – Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен.

Аққозы – Қаратөбе ауданындағы көл және елді мекен. Атау Қобыланды батырдың қол бастаған батырларының бірі, Алаша тайпасының Барамық руынан шыққан Аққозы батырдың құрметіне қойылған. Барамық руының бір бөлімінің ұраны да Аққозы батыдың атымен аталады.

Қобыландының баласы Бөкенбай қалмақтардан көлді тартып алып, оны батырға сыйлаған екен. Осы көл Аққозы деп аталған.

Аққора – Шыңғырлау ауданындағы жер аты. Қораның сыланған балшығына байланысты берілген.

Аққұс – Жаңақала ауданындағы елді мекен. Жаңадан пайда болған  елді мекендерге қойылған жасанды атау. Бұндай жасанды атаулар 1970-1980 жылдары қой шаруашылығын өркендетуге байланысты жастар бригадаларының көптеп ұйымдастырылуымен барлық колхоз, совхоздарға қойылды.

Аққұм – Қаратөбе, Шыңғырлау аудандарын қамтып жатқан құм атауы. Аққұм – тарихи жер. Бұрын осы жерде қала болған, онда Алшағыр ханның ордасы орналасыпты деген аңыз бар. Қала ХІІ-ХІҮ ғасырларда өмір сүріп, кейін шапқыншылықтан қираған деген жорамал бар. Ел арасындағы әңгімелерге сүйенсек, Аққұм шаһарын Алшағырдан өшін алған Қобыланды қиратқан екен дейді. Аққұм туралы «Қобыланды батыр» жырының Марабай ақын жырлаған вариантында да деректер беріледі.

Аққурай – Казталовка ауданындағы елді мекен. Осы жерлерді орыс казактар мекендеген кезде Шильная балка деп өзгерткен.

Аққыстау – Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен.

Аққұдық – Шыңғырлау, Қаратөбе аудандарындағы елді мекен.

Ақмешіт – Сырым, Теректі аудандарындағы елді мекен атауы. Осы топонимнің құрамындағы ақ сөзі екі түрлі мағынаны блдіре алады: 1) Қасиетті ұғымдарды беретін таза, кіршіксіз, пәк, адал сөздерінің баламасы ретінде; 2) Мешіттің неден жасалғанын, өрнектелгендігін көрсететін сөз ретінде (ақ гипс, мәрмәр, әктас, т.б.) сөз ретінде. Осы екі мағнаның алдыңғысы дәйектірек көрінеді. Әдетте, дін бар жерде тазалық, адалдық болатыны заңды.

Ақмектеп – Қаратөбе ауданындағы елді мекен. Бұл атаудың құрамындағы ақ сөзін алдыңғы атаумен салыстыруға болмайды. Бұл жердегі ақ сөзі өзінің номинативті мағынасында қолданылып тұр. Қазақ даласында ашыла бастаған мектептер басқа үйлерден ерекшеленіп, ақ бормен әктелетін болған. Топоним осыған байланысты қалыптасқан.

 Ақметжан – Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен. Адам атынабайланысты қойылған.

Ақмырза – Бөкей ордасы ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған.

Ақмола – Шыңғырлау, Теректі аудандарындағы елді мекен. Топонимнің құрамындағы ақ сөзі номинативті мағынада қолданылып, моланың түсін беріп тұр. Топонимнің екінші сыңарындағы мола сөзі ертеде елді мекен атауы ретінде қолданылмағы белгілі. Мола, бейіт, оба, зират тотемдік атаулар болып саналады. Бірақ кейіннен мола, оба сөздері сындық белгіні білдіретін сөздермен тіркесіп, жер-су атаулары тобын толықтырған.

Ақоба – Жәнібе, Сырым аудадарындағы елді мекендер. Жер бедеріне байланысты қойылған атау.

Ақорда – Бөкей ордасы ауданындағы елді мекен. Ақорда – көне тарихи атау. Бұл топоним бізге Алтын Орда дәуірінен жеткен. Ақорда топонимі құрамындағы ақ компоненті «әділеттілік» ұғымын береді. бұл атаудың төркіні осы Ордада отырған ел басы «ақ сөйлеп, әділет жолынан таймайды» деген ұғымды берсе керек.

Ақпәтер – Каталовка, бұрынғы Жалпақтал ауданындағы елді мекен. Үйлері ақ саз балшықтан тұрғызылған немесе сыланғандықтан осылай аталған. Бұл елді мекен бұрын Порт-Артур деп аталды.

Ақсерке – Жаңақала ауданындағы елді мекен. Көксерке, бекіре сияқты етіне қылқаны жоқ балық атымен аталған. Бұрын осы жерде көп болған.

Ақсоғым – Ақжайық, Шыңғырлау аудандарындағы елді мекендер.

Ақсу – Бөрлі, Шыңғырлау аудандарындағы елді мекендер және көл атауы. Ақсу, Қарасу гидронимдері Қазақстанның барлық жерлерінде кездеседі. Оның құрамындағы ақ, қара сөздері жер асты сулары ұғымымен тығыз байланысты. Таудағы мұздан, қар суынан бастау алатын өзендер көп жерде Ақсу деп аталады. Дәл осы тектес пікірді түркі тілдерінің этимологиясымен айналысқан белгілі түркітанушы Э.В.Севортян да қолдайды.

Ақсуат – Теректі, Бөрлі, Қаратөбе, Ақжайық аудандарындағы елді мекендер.

Ақстан – Бөрлі ауданындағы елді мекен. -стан қосымшасы қазақ тіліне парсы тілінен енген, «өлке», «аймақ», «ел» мағынасын береді. кейін осы мағынасын жоғалтып, қосымша қатарына ауысса да, бұл жұрнақ жоғарыдағы ұғымды бере алатын сөздерге ғана жалғанып, мекен атауын береді. Ақстан – метафоралы атау.

Ақсай – Бөрлі ауданының орталығы, Сырым ауданындағы елді мекен және шағын өзен атауы. Ақсай мен Ақсу топонимдері бір негізден шыққан. Ақсай мазмұны бізге түсінікті болса да, Батыс Қазақстан аймағындағы көне топонимдердің қатарына жатады. Бұл атау көне дәуірде, оғыз-қыпшақ тіл бірлестігі кезеңінде қалыптасқан. Оның басты дәлелі – Ақсу, Ақсай гидронимдерінің қырғыз, татар, түркімен, азербайжан топонимиясында да кездесуі. Ол тілдерде де ақ сөзі судың ағуы мағынасын береді.

Белгілі топонимист Э.М.Мурзаев Ақсай, Ақсу атауларының құрамында түске байланысты «ақ» сын есімі бар деп есептейді. Бірақ бұл пікірмен келісуге болмайды. Бұл гидронимнің құрамында ақ түсті емес, «ағу» ұғымын беріп, соның негізінде ағын сай – ақсай атауы қалыптасқан. Сай термині жыра, өзен, жылға мағынасын береді. Демек, Ақсай – ағынды өзен, жылға деген сөз.

Ақсирақ – Казталовка ауданындағы елді мекен. Халық арасында «ақсирақ болу» деген түсінік бар. Әдетте, мал-мүлкінен айрылуды осылай атайды. Аталмыш атауды осы түсінікпен байланыстырсақ, топоним мал індетіне байланысты қалыптасқан деп ойлаймыз.

Ақтай – Казталовка ауданындағы елді мекен.

Ақтайсай – Қаратөбе ауданындағы гидроним және елді мекен. Бұл ауылды ел ішінде «Таздар ауылы» деп те атайды. Қызылқоға ауылын мекендеген еті тірі бес жігіт – Жегіре, Өтеп, Жақыпалды, Алақай және Ақтай баймен келісе алмай, өздері бөлек қоныстанады. Ақтай – Шегіренің тұңғыш баласы. Ақтай жорықта жарақаттанып, еліне жете алмай, жолда өліпті. Әкесі Шегіре баласын қазіргі Ақсай сайының жағасына аманаттап көмеді де, жайлаудан қайтарда қазып алып кетеді. Кейін осы сай Ақтай атауына ие болады.

Ақтаң – Сырым ауданындағы елді мекен.

Ақтөбе – Теректі, Ақжайық, бұрынғы Тайпақ аудандарындағы елді мекендер. Белгілі бір тарихи кезеңдер мен дәуірлер топонимикалық лексиканың құрамы мен мазмұнына өзінң қайталанбас ізін салып отырған. Сондай атаудың бірі – Ақтөбе. Қазақтар мемлекеттік істерді ақылдаса отырып, шешетін билер мен хандар түсетін қасиетті мекенді ақ төбе деп атаған. Ол жерлердің үнемі биік болып, қалған жерден айрықша дараланып тұруы шарт және үнемі киелі болып есептелген. Бұл дәстүр көптеген халықтарда бар. Ертедегі халықтар билік құратын орталық биік жерде орналасуы керек деп түсінген.

Гректер құдайлар Олимп тауының басында кеңес құрады деп, оны киелі санаған. Осыдан келіп биіктікті сипаттайтын төбе детерминативі құдйларының да, астаналардың да атына қосылып айтылатын болған. Мысалы, Белград, Вена, Варшава, Иеруссалим, Каракас, Киев, Тель-Авив, Уфа шаһарларының түп мағынасы ежелгі тайпалар тіліндегі «төбе», «дөң», «биік» деген ұғымдарды береді. Демек, олардың бәрі де «билік шығаратын биіктік» деген мағынаны білдіреді.

Бұл дәстүр түркі халықтарына да тән. Көне түркі тілдеріндегі тау мен тақ сөздерінің арасында тек дыбыстық қана емес, мағыналық та үндестік бары да осыдан. Халқымыздың «Тәңірді көргің келсе, тауға бар» деген мақалы да, «Хан жайлаған Қаратау, Би жайлаған Алатау» деген тіркесі де, Тәңіртау, Хан тәңірі оронимдері де жоғарыдағы түсініктің негізінде қалыптасқан. Халық биліктің бәрін жоғарыдан күткен. Жиынды төбенің басында құрған. Мәртөбе, Құлтөбе, Ордабасы, Бату жины ашқан Ордатау, Жәнібек пен Керей жиын ашқан Қозыбасы – бәрі де кезінде күллі ел тағдырын шешетін билік орындарына айналған. Кейін ондай жерге Орда қонып, тұрақты қоныстар пайда болған. Орда, Ұрға, Ордабасы, Орда базар, Ордакент топонимдері осылай қалыптасқан. Осының өзі халқымыздың өміріндегі мемлекеттік билік дәстүрінің қаншалықты тереңде жатқандығын аңғартады.

Сарай, Ақсарай, Сарайшық, Аққорған атаулары сонау орта түркі дәуірінде өмір сүрген қыпшақ тайпасының сол кездегі тыныс-тіршілігінен хабар бергендей. Ақтөбе атауы осындай түсінікке қатысты қалыптасқан.

Ақтомар – Ақжайық ауданындағы тоғайдың аты.

Ақтау – Тасқала, Шыңғырлау аудандарындағы елді мекен. Топоним сол жерлерден шығатын ақ саз балшыққа қатысты берілген.

Ақшаттау – Сырым ауданындағы елді мекен. Бұршақ тұқымасына жататын бұтаны ақшаттай деп атайды. Соңғы дыбыстың өзгерісіне ұшыраған.

Ақшолан – Сырым ауданындағы тау мен елді мекен аты.

Ақшолақ өзегі – Қаратөбе ауданындағы гидроним. Өзек деп өзендерге су қуатын аңғарды айтады. Ақшолақ өзегін ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген Жымпиты уезі Соналы болысының аға сұлтаны, Алаша тайпасының Кенжеғара руынан шыққан Ақшолақ бай қаздырыпты. Қалдығайты өзенінен осы өзек арқылы өзінің жайлауына су бұрғызып, оған жылқысын суарса керек. Ақшолақ ХХ ғасыр басындағы Батыс Қазақстандағы аса дәулетті байлардың бірі болған. Романовтар әулетінің таққа отырғанына 300 жыл толған тойына арнап 300 текежәуміт арғымақ апарып, орыс патшасының мейіріміне ие болған. Патшаға жаққан қызметі үшін кезінде суреті шай қағазының бетіне басылыпты. Ақшолақ туралы деректер жазушы М.Есләмғалиевтің, жергілікті өлкетанушы Қ.Хасановтың кітаптарында берілген.

Ақши – Шыңғырлау, Қаратөбе аудандарындағы елді мекен. Атау осы жерлерде өсетін ши өсімдігіне байланысты қойылған. Жергілікті халық шиді төсеніш орнына пайдаланған.

Ақшкол – Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен. Қазақ даласында алғашқы мектептерпайда бола бастаған кезеңдерде қалыптасқан атау. Топонимдер үнемі қоғаммен тығыз байланысты болып, болып жатқан әлеуметтік, саяси, тарихи және мәдени оқиғалар топонимдерде тұрақтап қалып отырған. Осыған ұқсас атаулар Сырым, Теректі аудандарында да бар.

Ақ үй – Бөрлі ауданындағы елді мекен.

Көктерек – Бөкей ордасы, Казталовка, бұрынғы Жалпақтал аудандарындағы елді мекендер. Облыс топожүйесінде көк компонентнің қатысымен қалыптасқан Көктерек, Көкөріс, Көкшағыл, Көкқамыс сияқты атаулар бар. Бұл атаулар құрамындағы көк сөзі өзінің тура мағынасында беріліп тұр.

Көкапан – Тасқала ауданындағы гидроним.

Көккебек – Жаңақала ауданындағы елді мекен. Кебек – бидайдың тарттырылған түрі.

Көккөз – Казталовка, Жаңақала аудандарындағы елді мекендер. Орыстар қоныстанған елді мекенді сипаттау мақсатында қолданылған метонимиялық топоним.

Көкқұрақ – Тасқала ауданындағы елді мекен.

Көкөріс – Сырым ауданындағы елді мекен. Жер бедерінің малға жайлы, оты мол екендігін сиаттайтын топоним.

Көктөбе – Ақжайық, Бөкей ордасы аудандарындағы елді мекен.

Көкмола – Казталовка ауданындағы елді мекен.

Көкқамыс – Бөкей ордасы, Ақжайық, бұрынғы Тайпақ аудандарындағы елді мекендер.

Көктау – Казталовка ауданындағы елді мекен.

Көкөзек – Жаңақала ауданындағы гидроним.

Көкшағыл – Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен.

Көкшат – Тасқала ауданындағы елді мекен. Топоним шатқал сөзінің қысқаруы арқылы беріліп тұр.

Көкүй – Бөкей ордасы ауданындағы елді мекен.

Көктал – Ақжайық ауданындағы елді мекен.

Көкатөлген – Сырым ауданындағы елді мекен. Халықтың тұрмыс-тіршілігіне байланысты қалыптасқан этнотопоним.

Қарабай – Теректі ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған антропотопоним.

Қаракемір – Бөрлі ауданындағы елді мекен.

Қара Аңқаты – Ақжайық ауданындағы гидроним. Өзен атауының құрамындағы қара сөзі «терең» мағынасын беріп тұр.

Қаразбан – Жәнібек ауданындағы елді мекен, зоотопоним. Азбан деп қошқарды айтады.

Қара ағаш – Бөкей ордасы, Шыңғырлау аудандарындағы елді мекен. Кейбір топонимдер құрамында кездесетін қара сөзі «қалың», «ну» ұғымын берсе де, бұл жерде қара сөзі сол өзінің тура мағынасында қолданылып тұр. Қара ағаш – сусыз жерге шыдамды, құмның көшуіне кедергі бола алатын ағаштың түрі. Облыс территориясындағы құмды алқаптарда сексеуіл сияқты ағаш түрі өспейді. Оларды қара ағаш алмастырады.

Информация о работе Топонимдердегі түр-түс атауларының семантикасы