Топонимдердегі түр-түс атауларының семантикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Июня 2015 в 00:01, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ тіл білімінде соңғы жылдары қорғалған, ономастиканы жаңа бағытта зерттеу, аталым теориясының негіздерін зерделеуге қатысты мынадай еңбектерді атауға болады: Г.Б. Мадиеваның «Имя собственное в контексте познания» (2005), Б. М. Тілеубердиевтің «Қазақ ономастикасының лингвоконцептологиялық негіздері» (2006), Қ.Ж. Айдарбекованың «Қазақ терминологиялық аталымының ономасиологиялық аспектісі» (2009) атты докторлық диссертациялары. Бұл жұмыстарда қазақ ономастикасы мен терминологиялық аталым теориясының бірқатар іргелі проблемалары қарастырылып, оң нәтижелерге қол жеткізілді.
Г.Мадиева Қазақстан ономастикалық ғылымында қалыптасқан ғылыми-теориялық пайымдауларды жүйелеп, реттестіріп, зерттеу аспектілеріне жан-жақты тоқталды. Сонымен қатар, зерттеуші алғашқы болып қазіргі ономастикалық жүйенің метадиалектісі мен концептуалды-терминологиялық аппаратын, қазіргі Қазақстанның ономастикалық кеңістігіндегі онимдік бірліктерді леммалау проблемасын алғаш рет зерделеп, жүйелеп, тереңдете қарастыру арқылы, бірқатар тың теориялық нәтижелерге қол жеткізді.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................... 4
І тарау. Қазақ тіліндегі түр-түс атауларының семантикасы ......... 6
І.1 Түр-түс атауларының зерттелу жайы ....................................... 6
І.2 Түр-түстің символикалық табиғаты .........................................
10
ІІ тарау. Топонимдердегі түр-түс атауларының семантикасы ...... 31
ІІ.1 Қазақ топонимдеріндегі түр-түс атауларының мағыналық ерекшелігі ....................................................................................
31
ІІ.2 Түр-түс атауларына қатысты топонимдердің психолингвистикалық сипаты ..................................................
34
ІІ.3 Батыс Қазақстан облысындағы түр-түс атауларымен келген жер-су атаулары .........................................................................
38
Қорытынды ............................................................................... 49
Пайдаланылған әдебиеттер .................................................... 52

Прикрепленные файлы: 1 файл

топоним тус.doc

— 543.00 Кб (Скачать документ)

Қарабарақ – Теректі ауданындағы елді мекен, фитотопоним. Қарабарақ – алаботаның бір түрі, ештемеге пайдасыз арам шөптің бір түрі.

Қарабас – Теректі ауданындағы елді мекен.

Қарабөгет – Қалдығайты өзенінің бір бөлігі. Гидронимнің құрамындағы қара сөзі өзеннің жер асты суларынан нәр алатындығын әрі терең екендігін білдіреді. Мұндай атаулар Қалдығайты бассейнінде кездесіп отырады. Мысалы: Қарасу, Қарабөгет, Қаратерең.

 Қарабек – Казталовка, бұрынғы Жалпақтал ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған антропотопоним.

Қарабөлек – Сырым ауданындағы елді мекен. Бөлек, бөлтек сөздері облыс топонимдерінде жиі ұшыраспайды. Бұл детерминативтер жер өңдеумен айналысқан отырықшы халық мекендеген аймақта көбірек қолданылып отырылған. Бөлек сөзі ұлттық топожүйеге қазақ жерлерін территориялық-әкімшілік шекараларға бөлуге байланысты енген.

Қарабөлтек – Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен.

Қарабалық – Қаратөбе ауданындағы елді мекен. Топоним Қалдығайты өзенінде көп кездесетін, жергілікті халық оны аулауды кәсіп қылған қарабалық (линь) атауына қатысты қалыптасқан.

 Қарабұлақ – Қаратөбе, Шыңғырлау аудандарындағы гидроним және елді мекен. Қарабұлақ атауын Қарасу гидронимімен бірдей дәрежеде алуға болады. Бұл топонимдердің құрамындағы қара сөзі «жер асты суы» ұғымымен тікелей байланысты.

Қаражайық – Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы гидроним. Гидронимнің құрамындағы қара атауы «ескі арна» ұғымын беріп тұр.

Қаразагон – Жаңақала аданындағы елді мекен. Гибридті топоним.

Қаракөбік – Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы гидроним. Атау құрамындағы қара сөзі «терең», «түпсіз» деген түсінікті беріп тұр. Ертеде қазақтар көбікті қолмен қазса, кейін оны геологтардың көмегімен аттыратын болған. Геологиялық әдіспен жасалған мұндай көбіктер өте терең болып келеді.

Қаракемпір – Казталовка ауданындағы елді мекен.

Қарағай – Ақжайық ауданындағы елді мекен, фитотопоним.

Қарағай құдық – Ақжайық ауданындағы жер аты. Құдық құламас үшін оны ұзақ жылдар пайдалану мақсатында оның түбін қамыспен, шегенмен, ағашпен өретін болған. Осылардың ішінде қарағайдан жасалған құдық ұзаққа шыдаған. Ел ішінде оны «сұрып құдық» деп те атайды. Бұл – орыс тіліндегі «сруб», «срубленный» сөзінің қазақша берілуі.

Қарағанды – Сырым, Бөрлі аудадарындағы елді мекен. Суыққа төзімді, топырақ талғамай өсетін қараған бұтасының атымен берілген фитотопоним.

Қарағанкөл – Бөрлі ауданындағы елді мекен. Қарағанды атауымен снонимдес.

Қарақұм – Жаңақала ауданындағы құмды алқап. Қарақұм атауының құрамындағы қара сөзі моңғол тілінде хара, гара – «төбе» ұғымын береді. Қарақұм – «төбе-төбе құм» деген сөз.

Қараой - Қаратөбе ауданындағы елді мекен. Топоним құрамындағы қара сөзі «от», «мал жайылатын шөп» ұғымын береді.

Қараман – Тасқала ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған антропотопоним.

Қарамай – Тасқала ауданындағы елді мекен.

Қарақамыс – Қаратөбе ауданындағы көл. Гидронимнің құрамындағы қара сөзі «қалың», «ну» ұғымында қолданылып тұр.

Қарақойсойған – Қаратөбе ауданындағы жер аты. Әдет-ғұрыпқа байланысты қалыптасқан этнотопоним.

Қарақопа – Казталовка, бұрынғы Жалпақтал ауданындағы көл. Гидронимнің құрамындағы қара сөзі «қалың» ұғымын беріп тұр.

Қарақырқа – Бөкей ордасы ауданындағы жер атауы. Топонимнің құрамындағы қара сөзі «төбе» ұғымын беріп тұр.

Қарақыштөбе – Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен.

Қарақұл – Ақжайық ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған антропотопоним.

Қарақия – Қаратөбе ауданындағы жер аты. Қара – «төбе», қия – «биік жер» сөздерініңтіркесуі арқылы жасалған.

Қарақай – Шыңғырлау ауданындағы жер аты. Шөптің атауынан қалыптасқан фитотопоним.

Қараоба – Казталовка ауданындағы елді мекен. Оба детерминативі түркі тілдерінің қай-қайсысында болмасын «үйілген қорған» мағынасын береді. Ә.Әбдірахмановтың зерттеуіне сүйенсек, обоо сөзі тіпті көне моңғол тілдерінде де овойх-үйілу, овоолох-үю, овоолсон-үйген, үйілген мағынасын береді. Ал қара сөзі «биік», «үлкен» ұғымдаында қолданыла алады.

Қарақоға – Шыңғырлау ауданындағы елді мекен. Қарақамыс, Қарақопа гидронимдерімен синонимдес.

Қараорыс – Қаратөбе, Казталовка аудандарындағы елді мекен. Қараорыс топонимінің құрамындағы қара сөзі «көп» деген ұғымды білдіреді. 

Қараөзен – облыстың Казталовка, Жалпақтал, Жаңақала аудандары арқылы Қамыссамар көліне құятын өзен атауы. Гидронимнің құрамындағы қара сөзі «терең, суы мол, үлкен өзен» мағынасын береді. Өзен суының мол болатын себебі жер асты суынан нәр алады.

Қарақыстау – Сырым ауданындағы елді мекен. Қараорын, Қарақыстау атаулары «бабадан қалған орын, атажұрт» мағынасын береді.

Қаракөл – Казталовка және Қаратөбе аудандарындағы көл мен елді мекен атаулары.

Қарақұдық – Қаратөбе, Сырым, Казталовка, Бөрлі аудандарындағы елді мекен. «Терең құдық» мағынасын береді.

Қарамектеп – Сырым ауданындағы елді мекен. Қара сөзі тура мағынасында қолданылып тұр.

Қарамола – Бөкей ордасы ауданындағы елді мекен. Топоним құрамындағы қара сөзі «төбе», «қырат» мағынасын береді. су баспасын деп, қазақтар моланы биік жерден таңдаған.

Қарасауыт – жалпақтал ауданындағы жер аты.

Қарасай – Бөрлі ауданындағы гидроним.

Қарасор – Жаңақала ауданындағы көл. Гидронимнің құрамындағы қара сын есімі сордың балшығын сипаттау үшін тура мағынасында қолданылып тұр. 

Қарасу – облыстың көптеген аудандарыында кездесетін өзен атауы. Қарасу өзені мен елді мекені Ақжайық, Казталовка, бұрынғы Жалпақтал, Теректі, Бөрлі, Бөкей ордасы аудандарында бар. Бұл атаудың құрамындағы қара сөзі судың түсіне байланысты берілмеген. Қарасу – үлкен өзен емес, жер асты суларынан бастау алатын, қайнарладан толығып отыратын су. Қара сөзі көне түркі тілдерінде «жер» деген де ұғымды да бере алады. Демек, Қарасу атауы «жер суы – грунтовая вода» деген ұғымды береді.

Қаратал – Бөкей ордасы ауданындағы гидроним.

Қаратерең – Қалдығайты өзенінің бір бөлігі. Гидроним құрамындағы қара сөзі судың молдығын, тереңдігін білдіреді.

Қаратопан – Бөкей ордасы ауданындағы гидроним. Топан сөзі су нысандарын белгілейтін қоға, самар, қамыс секілді сөздердің қатарына жатады. Батыс Қазақстан аймағында көп қолданыла бермейтін, негізінен Солтүстік Қазақстан аймағында қолданылатын детерминатив.

Қаратоқай – Бөкей ордасы ауданындағы елді мекен. Беріш руының Қаратоқай бөлімінің атына байланысты берілген генотопоним.

Қаратұрық – Ақжайық ауданындағы елді мекен.

Қартөбе – Қаратөбе ауданы мен оның орталығының атауы. Топоним құрамындағы қара сөзі моңғол тілінде «төбе» ұғымын береді. Қаратөбе – «төбе + төбе» деген сөз.

Қарашаң – Шыңғырлау ауданындағы елді мекен.

Қарашығанақ – Бөрлі ауданындағы жер аты. Топоним құрамындағы қара сөзі жер бедерін сипаттау үшін, өзінің тура мағынасында қолданылып тұр.

Қаратал – Бөкей ордасы ауданындағы елді мекен.

Қоңыр – Сырым ауданындағы елді мекен.

Қоңырбай – Ақжайық ауданындағы елді мекен. Адаматына байланысты қойылған антропотопоним.

Қоңыршеген – Ақжайық ауданындағы елді мекен.

Қызылағаш – Сырым ауданындағы елді мекен. Облыс топожүйесінде қызыл сөзінің тіркесуімен қалыптасқан топонимдер саны біраз. Олардың басым көпшілігі жасанды топонимдер болып келеді. Мысалы, Қызылту, Қызылақрап, Қызылоба, Қызылтаң, Қызылжар, Қызылқора сияқты атаулар – кеңес дәуірінде қалыптасқан саяси топонимдер. Қызылбөет, Қызылқақ, Қызылтау топонимдеріндегі қызыл сөзі белгіленетін елді мекеннің төңірегіндегі жер бедерінің белгісін көрсетеді.

Қызылақрап – Сырым ауданындағы елді мекен.

Қызылбас – Тасқала ауданындағы елді мекен.

Қызылбөгет – Қалдығайты өзенінің бір бөлігі. Гидроним жер бедеріне байланысты қалыптасқан.

Қызылжар – Ақжайық, бұрынғы Тайпақ, Теректі, Шыңғырлау аудандарындағы елді мекендер.

Қызыл Иван – Жәнібек ауданындағы елді мекен.

Қызылкөл – Шыңғырлау, Қартөбе аудандарындағы көл және елді мекен.

Қызылқақ – Казталовка ауданындағы елді мекен.

Қызылқора – Жаңақала ауданындағы елді мекен.

Қызылоба – Теректі, Жаңақала аудандарындағы елді мекендер.

Қызылсарай – Қаратөбе ауданындағы елді мекен.

Қызылтаң – Сырым, Ақжайық, бұрынғы Тайпақ аудандарындағы елді мекендер.

Қызылтау – Бөкей ордасы ауданындағы ороним.

Қызылтерек – Жалпақтал ауданындағы елді мекен.

Қызылту – Сырым, Казталовка аудандарындағы елді мекендер.

Қызылтөбе – Қаратөбе ауданындағы елді мекен.

Қызылүй – Теректі ауданындағы елді мекен.

Сарыайдын – Жаңақала ауданындағы гидроним. Сары сөзі мен айдын детерминативінің қатысымен жасалған атау. Облыс топожүйесінде сары сөзінің қатысымен жиырма шақты атау бар. Олардың басым көпшілігі – су нысандарын белгілеу үшін қойылған гидронимдер. Мысалы, Сарыайдын, Сарыкөл, Сарыайбас, Сарыкөлмек, Сарықамыс, Сарытабан, Сарықұдық, Сарықұлақ.

Сарыайбас – Жаңақала ауданындағы гидроним.

Сарыбие – Қаратөбе ауданындағы елді мекен.

Сарыбидайық – Бөкей ордасы ауданындағы елді мекен. Бидайық – құмды жерде өсетін шөп.

Сарыбұлақ – Казталовка, бұрынғы Жалпақтал ауданынағы елді мекен.

Сарыкөл – Жаңақала, Казталовка, бұрынғы Жалпақтал ауданындағы гидронимдер, елді мекендер.

Сарыкөлмек – Казталовка ауданындағы елді мекен.

Сарықамыс – Жәнібек ауданындағы елді мекен.

Сарытабан – Жәнібек ауданындағы елді мекен.

Сарытұмақ – Қазталовка, бұрынғы Жалпақтал ауданындағы елді мекен.

Сарықопа – Тасқала ауданындағы гидроним.

Сарықұдық – Казталовка, бұрынғы Жалпақтал ауданындағы елді мекен.

Сарықұлақ – Жаңақала ауданындағы гидроним.

Сарыой – Сырым ауданындағы елді мекен.

Сарыөзек – Казталовка ауданындағы елді мекен.

Сарыөзен – облыстың Казталовка, Жаңақала аудандары арқылы ағатын, Қамыс Самар бассейніне құятын өзен атауы.

Сарыөмір – Теректі, бұрынғы Ақжайық ауданындағы елді мекен.

Сарытабан – Теректі, бұрынғы Ақжайық ауданындағы елді мекен.

Сарытау – Теректі, бұрынғы Ақжайық ауданындағы ороним.

Сарышығанақ – Казталовка ауданындағы елді мекен.

Сарытөбе – Қаратөбе ауданындағы елді мекен.

 

 

 

 
Қорытынды

 

Әлем бейнесі мен ұлттық мәдениет, халықтың салт-дәстүрлері мен сенімдері, сол тілде сөйлейтін халық тарихы көрініс табатын кез-келген халық ұғымындағы түр-түстік символдар баға жетпес лингвистикалық қазына болып табылады.

Мәдениет ұғымының кең мағынада қолданылатыны белгілі. Біздің қарастырғанымыз – тілдің эволюциялық жолымен дамып, өрбіген, соның негізінде туындаған  түр-түстік символдар. Атауыш мағынадағы сөздің ерекше қасиеттері олардың ішкі мағыналарында жатыр.

Символдық мәнге ие сөздің табиғаты ерекше, ол ерекшелік символ-сөздің танымдық, ұлттық, мәдени, фондық мағыналарын сол тілде сөйлейтін халықтың дүние тануымен, құбылыстарға баға беруімен, әлемнің тілдік  бейнесімен тығыз байланысты. Ал түстік, сындық мағына беретін қара сөзінің не үшін жоғарыдағы мағыналарға ие болғанын  дәл түсіндіру қиын. Кез-келген сөздің ішкі, көзге көріне бермейтін мағынасы, әсіресе, фразеологиялық байлаулы мағыналарда айқын ашылады. Әр түрлі әлеуметтік себептер барысында (діни көзқарастар, табу және эвфемизмдер т.б.) нақты тілдік ұғымдар денотаттың символдануының негізінде жаңа қолданысқа ие болған.

Қазақ тіліндегі түр-түс атауларының атқаратын қызметі мен аңғартатын мағынасы мен мәні сан алуан. Түр-түс атауларының бұл қасиеті жай уақытта байқала бермейтін, бірақ тілдің ұзақ даму тарихында қалыптасып қолданысқа енген, оның күші мен құдіретін, әсерлілігі мен әсемдігін танытатын қасиет. Түр-түстердің бұл қасиетін тілдің ішкі заңдылығына, табиғатына сүйене отырып қарастырғанда, түр-түс атауларының түстік мағынасынан тыс ауыспалы мағынасының өзі бірдей емес екендігін байқадық. Олардың бір тобы (мәселен: ақ отау, ақ сүт, қара қазан, сары алтын) түр-түстердің негізгі номинативтік мағынасына жақын, о бастағы семантикалық байланысы әлі де үзіле қоймаған, логикалық қатыстығын түгел жоймаған сыбайлас мағыналар болып келсе, енді бірі (мәселен: ақ ниет, қара көңіл, қара қағаз, қара халық, сары арқа, сары уайым т.б.) бүгінгі таңда мағыналық қатыстығы алыс, тіпті мүлдем байқалмайтын, алшақ жатқан мағыналар.

Түр-түстердің  қоғамда, ондағы әдет-ғұрыптарда, дәстүрлерде, белгілі бір ұлтта,  кейде жеке тұлғаның түсінігінде өзіндік орны болады. Әрбір этнос, ұлт түсінігіндегі түстердің өзіндік ұғымы мен мағынасы, таңбалық символы болады.

Информация о работе Топонимдердегі түр-түс атауларының семантикасы