Топонимдердегі түр-түс атауларының семантикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Июня 2015 в 00:01, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ тіл білімінде соңғы жылдары қорғалған, ономастиканы жаңа бағытта зерттеу, аталым теориясының негіздерін зерделеуге қатысты мынадай еңбектерді атауға болады: Г.Б. Мадиеваның «Имя собственное в контексте познания» (2005), Б. М. Тілеубердиевтің «Қазақ ономастикасының лингвоконцептологиялық негіздері» (2006), Қ.Ж. Айдарбекованың «Қазақ терминологиялық аталымының ономасиологиялық аспектісі» (2009) атты докторлық диссертациялары. Бұл жұмыстарда қазақ ономастикасы мен терминологиялық аталым теориясының бірқатар іргелі проблемалары қарастырылып, оң нәтижелерге қол жеткізілді.
Г.Мадиева Қазақстан ономастикалық ғылымында қалыптасқан ғылыми-теориялық пайымдауларды жүйелеп, реттестіріп, зерттеу аспектілеріне жан-жақты тоқталды. Сонымен қатар, зерттеуші алғашқы болып қазіргі ономастикалық жүйенің метадиалектісі мен концептуалды-терминологиялық аппаратын, қазіргі Қазақстанның ономастикалық кеңістігіндегі онимдік бірліктерді леммалау проблемасын алғаш рет зерделеп, жүйелеп, тереңдете қарастыру арқылы, бірқатар тың теориялық нәтижелерге қол жеткізді.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................... 4
І тарау. Қазақ тіліндегі түр-түс атауларының семантикасы ......... 6
І.1 Түр-түс атауларының зерттелу жайы ....................................... 6
І.2 Түр-түстің символикалық табиғаты .........................................
10
ІІ тарау. Топонимдердегі түр-түс атауларының семантикасы ...... 31
ІІ.1 Қазақ топонимдеріндегі түр-түс атауларының мағыналық ерекшелігі ....................................................................................
31
ІІ.2 Түр-түс атауларына қатысты топонимдердің психолингвистикалық сипаты ..................................................
34
ІІ.3 Батыс Қазақстан облысындағы түр-түс атауларымен келген жер-су атаулары .........................................................................
38
Қорытынды ............................................................................... 49
Пайдаланылған әдебиеттер .................................................... 52

Прикрепленные файлы: 1 файл

топоним тус.doc

— 543.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстанның солтүстік өңірі гидронимдерін зерттеуші Г.Ш.Бекенова қазақ гидронимдерінде түр-түске байланысты өзен, көл атаулары жиі кездесетіндігін айтады және бұл өңірде түске байланысты ақ, қара, қызыл, сары, қоңыр, боз, шұбар, көк сөздерімен келген атауларға тілдік талдау жасайды. Мысалы: Ақбұлақ, Аққұдық, Ақсу, Алакөл, Қараағаш, Қарабұлақ, Қараөзен, Көктерек, Көктөбе, Қызылағаш, Қызылсор, Сарыөзек, Сарыбұлақ, Сарыадыр. [16, 15].

Қазығұрт өңірінің топонимикасын қарастырып, оған этнолингвистикалық тұрғыдан талдау жасаушы ғалым Б.Тасполатов та «Қазығұрт топонимиясында, мәселен, түске байланысты географиялық атаулар аз емес. Бұлардың құрамында қара, ақ, қызыл, сары, көк, боз сын есімдері ұшырасады. Бұл түсті білдіретін сын есімдер әдетте аталған нысанның түсін немесе түрін  білдіреді де, тау, тас, төбе, бұлақ, су, құм, сай т.б. географиялық нысандарды анықтау үшін қызмет етеді» дейді [17, 17].

Ғалым Қ.Рысберген «Қазақ топонимиясының лингвокогнитивтік және этномәдени негіздері» атты еңбегінде топонимдер құрамындағы түр-түс атрибуттарының  түрлі сипаттағы (ландшафттық, соматикалық, заттық-артефактік т.б.) апеллятивтік атаулармен кездейсоқ  емес, талғамалы, «таңдамалы» сипатта тіркесетінін дәлелдеп береді. Ол басқа түстерге қарағанда тілімізде «қара» сөзімен келген топонимдер басым екендігін атап кетеді [18].

Қай тілде болмасын, оның ішінде түркі тілдерінде түсті білдіретін ақ, қара т.б. сын есімдермен бірігіп жасалған топонимдер кездеседі. Олардың мағыналары туралы А.Н.Кононов, Е.Қойшыбаев, Г.Ф.Саттаров т.б. ғалымдар өз еңбектерінде жан-жақты сөз етеді [19, 102].

Атырау облысында түсті білдіретін топонимдер саны – 246 деп көрсетіледі. Бұл жерде ескеретін жәйт: кейбір топонимдер, мысалы, Аққұдық – 8, Ақтөбе – 9, Қарасу – 7, Қарақұдық – 7 рет қайталанып келеді.

Аймақта ақ – 97, қара – 109 сөздерімен жасалған топонимдер жиі кездесетінін көреміз.

Ақ – 1. түс, таза. 2. ағу. 3. батыс.

Ақбұлақ – бұлақ, мағынасы: «бұлақ суының түсіне». Ақтау – тау, мағынасы: «таудың батыс жақта орналасуына байланысты», Маңқ.ауд.; Ақшелек – село, мағынасы: «мүмкін, ру атына байланысты», Қ-қоға ауд.

Қара – 1. түс. 2. қалың. 3. мөлдір. 4. жер.

Қарақамыс – қыстау, мағынасы: «қалың қамыс». Қарасу – көл, мағынасы: «жер, су мәнінде», Мах.ауд.  

Жер-су атауларының құрамындағы қара сөздері де осындай құбылыстарға қатысты да қолданылады. «Қарасаз – саздың аты. Қара сөзі «жер» мәнінде. Бұл атаудың өзіндік сипаты сол – жер асты суы жер бетіне тым таяу жатады. Сондықтан да бұл атау көнедегі «жер-су» немесе «саз-су» ұғымындағы сөз тіркесін толық дәлелдейді [20, 157].

Қарасаздың қазір сазды жер емес екендігі белгілі. Мәселен, бізге таныс қазақтың белгілі ақыны Мұқағали Мақатаев жырларына арқау болған Қарасаз жерінде қазір осы аттас ауыл орналасқан. Саздың үстіне ауыл салынбасы белгілі. Ертеде сазды жер болғанын жергілікті тұрғындар, көнекөз ақсақалдар жақсы біледі. Ал сырт көзге ол бірден байқала бермейді. Тек айналаға зер салып, маңайды шарлап қараған, адам ғана атау сырына үңіліп, оның кезінде жер жағдайына лайық қойылғанын аңғара алады [21, 108].

Сонымен, түске қатысты топонимдер кейде сындық мағынасымен қатар, әртүрлі ауыспалы мәнде де келеді. Бұл процесті жалпы түркі және славян тілдеріне де ортақ құбылыс деп қарауға болады.

Қара сөзі топонимдер құрамында түсті ғана емес, «үлкен» деген мағынаны да білдіреді. Ғалым талдауына сүйенсек: «...Эпопеяда Қара Ертіс атауы бір-ақ рет қолданылыпты. Ертіс өзенінің бас жағы, Шығыс Қазақстанда Қара Ертіс аталатыны көпке аян. Осы тектес Қаратау, Қарадария, Қарақұм, Қараарша, Қараалаң тәрізді топонимдер де әр жерде кездеседі. Бұлардың бірінші сыңарларындағы қара сөзі «зор», «үлкен», «аса дәу» деген мағыналарды білдіретіні де көпке аян. Тіліміздегі Қара күш иесі, қара аруақ, қара дәу сияқты сөз тіркестерінің мағыналары да бұған ұқсас» [22, 72].

Қазақ тіліндегі фольклоротопонимдер құрамынан кездесетін «ақ» және «қара» түстерінің мағынасы туралы ғалымдар мынадай талдауды көрсетеді: «... жазық далада бір ғана тау тұрса «тау» деуге болады, ал екі тау тұрса, міндетті түрде екеуінің екі түрлі белгісін білдіретін сөз кіргізу қажет: Ақтау, Қаратау немесе гидронимге байланысты Ақсу, Қарасу, Көксу, Ақтеңіз, Қаратеңіз т.с.с.» [23]. Сәйкесінше, мақалада төмендегіше сызба ұсынылады:

2-сызба.

 

 

ІІ.2 Түр-түс атауларына қатысты топонимдердің психолингвистикалық сипаты

 

Түр-түсті репрезенттеу үдерісі визуалды қабылдау  аппаратымыздың селективтік және конструктивтік функциясымен байланысты. Яғни онда аса  «таңдамалы» болып келетін сырт дүниедегі сигналдардан нақты визуалды ақпарат сүзіліп (фильтрленіп) алынады. Түр-түсті қабылдау таным стратегияларын көрсететін белсенді когнитивтік процесс болғандықтан, оның тілдік, әлеуметтік сипатын рухани, мәдени құндылық тұрғысынан қарастырудың маңызы зор. 

Түр-түсті қабылдау да адамның орталық жүйке жүйесімен, перцептивтік қабілетімен байланысты. Морфогенетикалық тұрғыдан алғашқы «таза» айқын түстерге ақ, қара, қызыл, сары түстер жатқызылады.  Сонымен қатар алғашқы қанық түстер мен олардың араласуы арқылы жасалатын реңктері (тональность) ажыратылады. Түр-түсті қабылдауға қатысты тәжірибелер қоршаған кеңістікте түр-түстер үздіксіз алуандылық құрайтындығын дәлелдейді.

Таулы Алтайдың ресейлік өңірінің географиялық атауларын зерттеген  белгілі ғалым О.Т. Молчанова алтай тіліндегі топонимдердегі түр-түс категориясы 25 атрибут арқылы көрініс табатындығын, олардың  қолданылу жиілігінің жоғары  екендігін көрсетеді [24, 15]. Ғалым -  алтай тіліндегі географиялық апеллятивтер түр-түс атрибуттарына қатысты таңдаулы болып келетінін айтқан алғашқы зерттеушілердің бірі. Мәселен, айры, баш апеллятивтерінің ак, кара сын есімдерімен жиі тіркесетіндігін, таңдамалы  болып келетіндігін айтады. Ал біз, керісінше, қазақ тіліндегі жер-су атаулары құрамындағы түр-түс  атрибуттарының  қандай да бір географиялық апеллятивпен  тіркесу жиілігі мен таңдамалылығын  көрсету мақсатында зерттеу жүргіздік. Негізгі бес түстің: ақ, қара, көк, сары, қызыл атауларының географиялық апеллятивтермен тіркесу жиілігі мен таңдамаллығын көрсету барысында қазақ ұлттық топонимдік жүйесіне тән заңдылықты ашуға қол жеткіздік.

Қазақ топонимиясы бойынша жүргізген статистикалық талдауымызда 10 негізгі түс атрибутталған, олар: ақ, қара, қызыл, сары, көк, қоңыр, боз, ала, сұр, жирен.  Деректік материал негізіне Алматы, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан облыстарының жер-су атаулары алынды. Топонимдік атаулар Қазақстан Республикасы бойынша жарық көрген топонимикалық сөздіктерден алынды.

Мақсатымыз, орташа есеппен алғанда, түр-түспен атрибутталған атаулар ұлттық топонимиконның  неше пайызын құрайтындығы және олардың қолданылу жиілігін айқындау. Осы мақсатқа сәйкес жүргізілген зерттеу нәтижесі жұмыста диаграммалар түрінде ұсынылды. 2-диаграмма бойынша, қазақ жер-су атауларындағы түр-түс атауларының пайыздық үлесі: қара - 32, ақ - 24 , қызыл – 13,5, көк – 13,2, сары – 12,7, боз – 2,3, қоңыр – 1,5, ала – 1,3, жирен – 0,4 пайызды құрайды.

Ғалымдар зерттеулеріне сүйенсек, тек 3 облыс бойынша ғана жалпы жер-су атаулар санының 11,2%-ы түр-түстер атауларымен жасалған. Бірақ түр-түспен атрибутталған жер-су атаулары жоғарыда көрсетілгендермен шектелмейді, жұмыста қаралған түр-түс атауларына географиялық реалийдің түс реңкін білдіретін жасыл, шұбар, сарғыш түске жақын – алтын, бурыл, күрең, бөрте т.б. сынды түр-түс лексемалары енген жоқ.

Орташа есеппен қазақ топонимдері кеңістігіндегі түр-түс атауларынан жасалған жер-су атауларының үлесі 14%-ды құрайды екен, бұл жалпы түркі топонимиясына ортақ көрсеткіш (12-15% аралығы) деуге болады.

Төмендегі кестелерде көрсетілгендей, олардың ішінде топоним құрамында кездесу жиілігі жоғары,  бес түрлі таза табиғи қанық түстерді атауға болады: қара, ақ, қызыл, сары, көк түстер.  Бесеуінің ішінде әсіресе   қара түстің  жалпы жиілігі жоғары екендігі анықталды.

Жер-су атаулары құрамындағы географиялық апеллятивтердің осы аталған (ақ, қара, сары, қызыл, көк)  түстермен тіркесу және түр-түс сын есімдерінің георафиялық терминдермен жиілігіне қарай тіркесу ретін төмендегідей  сызба түрінде сипаттаймыз (жұмыста қара түске қатысты 1 сызба берілді, келесі беттен қараңыз):

 

 

1-сызба  Қазақ топонимдеріндегі  қара   сын есімімен тіркесетін сөздер жиілігі


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Статистикалық талдау  нәтижесінде мына жайттар анықталды:

  1. қара, ақ, сары, көк, қызыл негізгі түр-түс атрибуттары қазақ халық географиялық терминдік атауларының барлығымен дерлік тіркесу арқылы топонимдік атау жасай алады;
  2. Ұлттық топонимдік атауларды жасауға қатысатын түр-түс атрибуттарының сан жағынан ең басым түскені қара лексемасы, одан кейінгі орында ақ, көк, сары, қызыл лексемалары тұрады;
  3. Түр-түс атауларының қандай да бір географиялық терминмен тіркесуге бейімділігі,  артықшылық беретіндегі байқалады;
  4. Қара түс атауы Қазақстан топонимиясында ең көп тіркесетін географиялық терминдердің ішінде бірінші орында су, екінші орында сай, үшінші орында төбе тұратындығы айқындалды: Қарасу, Қарасай, Қаратөбе.
  5. Ақ түр-түс атрибуты ең алдымен тас, төбе, жар, дала, бастау, бұлақ, сай т.б. (азаю ретіне қарай берілді) терминдерімен тіркесіп: Ақтас, Ақтөбе, Ақжар, Ақдала, Ақбастау, Ақбұлақ, Ақсай т.б. сынды  аталымдарға ұйытқы болады;
  6. Көк түс атауынан сан жағынан ең көп атау жасайтын төбе, сай, бұлақ, өзек терминдері болып келеді: Көктөбе, Көксай, Көкбұлақ, Көкөзек т.б.;
  7. Сары түр-түс атрибуты сан жағынан бұлақ терминіне артықшылық береді екен, одан кейін бастау, төбе, көл, т.б. орналасады: Сарыбұлақ, Сарыбастау, Сарытөбе, Сарыкөл.    

Аталымға негіз болған топонимдердегі түр-түс атауларының қандай да бір географиялық терминмен тіркесуінде сан жағынан басымдылық, «таңдаулылық» болуы, біріншіден, тілдің ішкі заңдылығымен, екіншіден, ұлттық санадағы түр-түстерді географиялық нысаналарға таңбалауында қалыптасқан этномәдени стереотипке байланысты деп есептейміз.

 

 

ІІ. 3 Батыс Қазақстан облысындағы қара және ақ сөздерімен келген жер-су атаулары

 

Бұл тараушаны жазуда жергілікті тілші ғалым Ержанова Ұлдай Рысқалиқызының «Батыс Қазақстан облысы жер-су атауларының сөздігі» атты еңбегіне сүйендік [25]. Батыс Қазақстан облысы бойынша «ақ» түс атауымен келген топонимдер саны – 53, «көк» түс атауымен келген топонимдер саны – 16, «қара» түс атауымен келген жер-су атауларының саны – 57, «қоңыр» түс атауымен келген топонимдер саны – 3, «қызыл» түс атауымен келген топонимдер саны – 17, «сары» түс атауымен келген топонимдер саны – 21. Соларға жеке-жеке түсініктеме беріп өтеміз.

Ақайдар – Қаратөбе ауанындағы жер атауы. Кезінде осы жерлерде көл болса керек. Оны берілген топоним растап тұр. Ақайдар – «ақ көл».

Ақеділ айдын – Жаңақала ауданындағы көл. Ақеділ атауы түркі халқының ежелгіқонысы саналған Еділ өзенімен байланысты берілген. Бұл атау көне түркілердің соңғы көсемі Атилла шаньойдің құрметімен аталған. Қазақтар өзінің малы мен жанына пана болған атамекенді үнемі еркелетіп, ол атауларға ақ сөзін қосып, Ақеділ, Ақжайық деп атаған.

Гидронимдер құрамында кездесетін ақ сөзі бірнеше ұғымды береді:

    1. Өзен-көлдердегі судың түр-түсін білдіреді. Мысалы: Ақкөл, Қарасу, Ақсу;
    2. Судың ағуы деген де түсінікті береді;
    3. Аб ~ ай ~ ақ сөзі су ұғымын да бере алады. Қалай болғанда да, Ақеділ атауының құрамындағы ақ сөзі суға қатысты беріліп тұр. Ақеділ гидронимі Ресейдің Башқортстан Республикасында да бар.

Ақбұлақ – Шыңғырлау, Бөрлі аудандарындағы өзен және елді мекендер атауы. Батыс Қазақстан облысы топонимдері құрамында келетін ақ сөзі кейде құм, су сөзімен тіркесіп келіп, сусымалы, көшпелі, ақпалы, ағынды ұғымын береді. Оның бұл мағынасын номинативті (тура) мағынасының бірі деп санаған жөн. Мысалы, Аққұм, Ақсу, Ақбұлақ, Ақсай т.б.

Ақбалшық – Жаңақала ауданындағы елді мекен. Жердің сазды, борлы рельефіне байланысты қойылған атау.

Ақбақай – Қаратөбе ауданындағы көл аты. Бұл атау малдың мүшесіне, яғни бақайдағы белгісіне қарап қойылған. Ел арасында ертеде осы көлді ақбақай ат мекен еткен, көл атауы содан қалған деген аңыз бар.

Ақбай – Жәнібек ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты антропотопоним.

Ақбас – Тасқала ауанындағы елді мекен.

Ақбаян – Сырым ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған антропотопоним.

Ақберлі – Сырым ауданындағы жер аты, генотопоним. Ақберлі – Кіші Жүздің үлкен руларының бірі Байбақты руының бір тайпасы.

Ақболат – Казталовка ауданындағы елді мекен, бұрынғы Ақжайық ауданының орталығы. Бұл сөз ең алдымен, Жайық өзенін атау үшін қолданылған. Кейін Батыс Қазақстан облысын да дәл осылай атаған. Бұл жердегі ақ сөзі ерке жайық мағынасында халықтың қойған метафоралы атауы. Жайық өзені бойын мекендейтін жергілікті халық оны бірнеше топқа бөліп атайды. Мысалы, Атырау-Жайық - өзеннің теңізге құяр саласы, Ақжайық - өзеннің жоғарғы ағысы. Ақжайық атауын Батыс Қазақстан облысын мекендейтін тұрғындар қолданады.

Ақжол – бұрынғы Чапаев ауданының орталығы. Символды топоним.

Ақжыра – Жаңақала ауданындағы өзен атауы, гидроним. Ағынды су ұғымынан қалыптасқан.

Информация о работе Топонимдердегі түр-түс атауларының семантикасы