Топонимдердегі түр-түс атауларының семантикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Июня 2015 в 00:01, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ тіл білімінде соңғы жылдары қорғалған, ономастиканы жаңа бағытта зерттеу, аталым теориясының негіздерін зерделеуге қатысты мынадай еңбектерді атауға болады: Г.Б. Мадиеваның «Имя собственное в контексте познания» (2005), Б. М. Тілеубердиевтің «Қазақ ономастикасының лингвоконцептологиялық негіздері» (2006), Қ.Ж. Айдарбекованың «Қазақ терминологиялық аталымының ономасиологиялық аспектісі» (2009) атты докторлық диссертациялары. Бұл жұмыстарда қазақ ономастикасы мен терминологиялық аталым теориясының бірқатар іргелі проблемалары қарастырылып, оң нәтижелерге қол жеткізілді.
Г.Мадиева Қазақстан ономастикалық ғылымында қалыптасқан ғылыми-теориялық пайымдауларды жүйелеп, реттестіріп, зерттеу аспектілеріне жан-жақты тоқталды. Сонымен қатар, зерттеуші алғашқы болып қазіргі ономастикалық жүйенің метадиалектісі мен концептуалды-терминологиялық аппаратын, қазіргі Қазақстанның ономастикалық кеңістігіндегі онимдік бірліктерді леммалау проблемасын алғаш рет зерделеп, жүйелеп, тереңдете қарастыру арқылы, бірқатар тың теориялық нәтижелерге қол жеткізді.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................... 4
І тарау. Қазақ тіліндегі түр-түс атауларының семантикасы ......... 6
І.1 Түр-түс атауларының зерттелу жайы ....................................... 6
І.2 Түр-түстің символикалық табиғаты .........................................
10
ІІ тарау. Топонимдердегі түр-түс атауларының семантикасы ...... 31
ІІ.1 Қазақ топонимдеріндегі түр-түс атауларының мағыналық ерекшелігі ....................................................................................
31
ІІ.2 Түр-түс атауларына қатысты топонимдердің психолингвистикалық сипаты ..................................................
34
ІІ.3 Батыс Қазақстан облысындағы түр-түс атауларымен келген жер-су атаулары .........................................................................
38
Қорытынды ............................................................................... 49
Пайдаланылған әдебиеттер .................................................... 52

Прикрепленные файлы: 1 файл

топоним тус.doc

— 543.00 Кб (Скачать документ)

А.Амангелді өз зерттеуінде түр-түс атауларының символдық мәнін жылқы малына қатысты қарастыра келіп, олардың тілдегі мағынасына төмендегіше талдау жасайды: «Жылқының түр-түсін білдіретін атаулар да көп. Этнограф Х.Арғынбаев жылқының түсі дәстүрлі 4 топқа бөлінеді деп атап көрсетеді: 1) қылаң; 2) баран; 3) ала; 4) шұбар. Жылқының түсін білдіретін жалаң атаулардың барлығы да шығарманың өн бойында кездесіп отырады. Мысалы, қылаң, қылаңға жататын басқа түстер де шығармада назардан тыс қалмайды: Қос қылаңы – Жоламанның ұшқан құспен жарысар бедеулері. Қылаң тобына жататын түстердің негізгісі – ақ. Жылқының ақ бозын халық қасиетті санайды. Шығармадағы қолбасшылардың, хандар мен әміршілердің жорық аттарының  ақ боз болып келуі тегін емес. “Ақ ат мінген сайыпқыран жорықта кілең жеңіске жетеді. Әдетте, мұндай атты сардар немесе патшаның өзі мінсе жарасады”, - дейді Омар Хайям. Тағы кешегідей сес көрсетіп, жалаң қылыштарын басынан жоғары көтере, нөкерлерін соңынан ертіп жасыл туын желбірете, қамалды жанай ақ боз ақалтекесін ойнатқан Абдолла әмірші... .

Жаугершілік заманында жиі болып тұратын анттасу дәстүрі қазіргі заманда ұмытыла бастады. Соғыс кезінде боз бие құрбандыққа шалынып, оның қанына екі жақтың адамдары саусағын батырып, серттесіп, бітімге келетін болған. Жалпы қазақ ұғымында ақ – ең қалаулы түс, қасиетті ұғым, жақсылықтың, пәктіктің, әділдіктің белгісі. Шығармада халықтың ежелгі хан сайлау дәстүрі бірнеше рет сөз етіледі. Ертеде хан сайлауында болашақ ханды боз биенің сүтіне шомылдырып, ақ кигізге көтеріп, хан сайлаған. Шығармада қазақтың атақты Жәнібек, Қасым, Абылай сияқты хандарын хан көтеріп, таққа отырғызуы баяндалады. Бір ай өтпей осы Талас, Шу маңындағы қазақ руларының басшылары жиналып, Бұрындықтың орнына боз биенің сүтіне шомылдырып, ақ кигізге көтеріп, Қасымды хан сайлады. ... Атамыз Абылайды үш жүздің игі жақсылары боз биенің сүтіне шомылдырып, ақ киізге орап, хан ғып көтерген күнінің түнінде ол бір ғажайып түс көріп шығыпты. Жылқының ақ боз түстісі ерекше символдық және магиялық, сакральдық (киелілік) сипатқа ие. Құрбан шалғанда ақ жылқының таңдалу себебі: ақ түс – күннің символы. Дегенмен, қазақ күнді ақ емес, қызыл дейді. Сол сияқты жылқының ақ түстілерін қызыл жылқы деп атайды. Ендеше, жылқының түсін атауда сирек қолданылатын қызыл түс те күннің түсі, Тәңірдің символы. Қызыл ат денесін қартайса майда-майда қоңырқай теңбіл басады, яғни жылқы түсі енді тарланға айналады. Шығармада тарлан ат та кездеседі: Кәрі тарланның кей қимылы жас тұлпарға бергісіз. Жазушы мұнда қарт адамның қимылын кәрі тарланға балайды.

Қазақ ұғымындағы тағы бір қасиетті түс – көк. “Көк – түгі нағыз көк емес, қоңырлау көк денені, әсіресе, бас-аяғын көкшіл қылшықтар басқан жылқы түсі, ...құлын кезінде қоңыр, күлгін, сұр болып келетін бұл түс бара-бара өзгеріп, бозара түседі”. Ертеде көк ала жылқыны да құрбандыққа шалатын: Бұл хабарды естігенде қас жаулары, әсіресе, Әбілқайыр жерін алып, суын алып, қиянаты көп өткен кейбір қазақ ауылдары көк ала жылқы құрбан шалып, қуанышқа кенелді.

Қара – баранға жататын, сыртқы түгі түбіне дейін шымқай қара, ұшы жылтыр қылшықты жылқы түсі. Шығармада баран, қара, қара көк жылқылар аз сөз етілмейді. - ... әкем Құдайменді сұлтанға да отыз мың қара көк пен күрең бітті емес пе.. Жиырма мың қылаң мен бараным бар.

Жылқыға біткен негізгі төрт түстің бірі – ала - жылқының негізгі түгінің (торы, көк, сары т.б.) ара-арасында ретсіз орналасқан үлкенді-кішілі ақ, ақшыл дақтары бар түс. Ала сөзі екі түрлі мағынада жұмсалады: әрі әбден есейіп, күш жиған, мықты жылқы дегенді білдірсе, әрі жылқының түсін білдіреді» [4, 10].

Шығармада жылқының барлық түстері (қылаң да, баран да, ала да, шұбар да) қамтылған. Автор жылқыға біткен әр түсті өзіндік символикалық, магиялық, сакральдық мәндеріне қарай ұтымды қолдана білген.

Сары түсінің де қазақ және басқа тілдерде негізгі түстік мағынасынан басқа ауыс мағыналары бар.

Сөздіктерден алынған сөздерді саралау арқылы сары сөзінің нышандық белгісін және түрлі мағыналық ерекшелігін айқындауға мүмкіндік туды. Сары сөзінің алдымен мынадай мағыналық түрлері байқалды: түстік мәні, тоқшылық, бейбітшілік мәні, парасаттылық, толысқандылық, уайым-қайғы мағыналары. Бұлар сары түсінің тілдік таңбалық ұғымын да білдіреді.

Сары түс те о баста күннің, оттың, түсті (алтын, жез, қола, мыс) металдардың бейнесіне, реңкіне байланысты қалыптасқанымен, дами келе  табиғаттағы, тіршіліктегі әр алуан құбылыстарға телініп, солардың сыр-сипатын аша түсуге толық мүмкіндік алған түстердің бірі. Дүние жүзі тілдерінің көпшілігінде, соның ішінде, үнді-европа  тілдерінде сары түсінің символдық мағынасы – сатып кету, көзге шөп салу, тұрақсыздық  тәріздес болып келсе, оның қазақ  тіліндегі мағынасы – жақсы мінез-құлық, әдемі қылық, шыдамдылық сияқты ұғымдарды сипаттайды. Сары сөзінің ауыспалы мағынасы тілімізде жағымды, жағымсыз түрдегі таңбалық белгімен көрінеді:

1. Сары – байлықтың белгісі. Тілімізде кездесетін «Қағанағы қарық, сағанағы сарық» тіркесінің  бүгінде мағынасы көмескі секілді көрінгенімен, бұндағы сарық сөзі алтын, яғни көл-көсір байлық мәнінде қолданылғандығын  байқауымызға болады.

2. Сары сөзінің ендігі бір белгілік мағынасы – кеңдік. Тілімізде сары сөзі дала, арқа, жазық, бел, жайлау т.б. көптеген сөздермен тіркесе келіп, кең, шексіз, ұшы қиыры жоқ деген мағыналарды білдіріп тұр.

3. Сары түсінің келесі бір мағынасы – адамның немесе малдың жас мөлшеріне қатысты туған мағынасы. Мәселен, жер ортасындағы кексе әйел не ер адамға қатысты сары қарын бәйбіше, сары кідір еркек немесе сары кідір әйел тіркесіндегі сары сөзі біршама өмір көрген, үлкен адам деген мағынаны беріп тұр. Сары сөзінің үлкендік мағынасы халық батасында көп кездесетін «Ақ қас, сары тісті бол!» деген тілектен де көрінеді. Малдың жас мөлшеріне қатысты сары қарын бие, сары тіс айғыр деген сөздерден де сары сөзінің жас емес, кәрі мағынасында келгендігін байқауға болады. Алайда, осы сары сөзінің үлкендік мағынасымен қоса оған қарама-қарсы, жас мөлшеріне қатысты кішілікті білдіретін де мағынасы бар. Бұған тіліміздегі сары ауыз балапан, сары үрпек, сары бала тәрізді сөз тіркестері дәлел.

4. Сары сөзінің ендігі бір мағынасы – уайым, қайғы, мұң-шерге, ұзаққа созылған әрекет, процеске байланысты және сол ұзақ процестің нәтижесінде пайда болған әртүрлі сипатты білдіретін сөздер. Мәселен, сары сөзінен уайым-қайғыға байланысты пайда болған сары уайым, сарыла күту сөздерінде сағыныш мәні жатса, сары күз, ұзынсары тіркестерінен ұзақ уақыт түсінігі аңғарылады. Сары сөзінің негізінен сарық сөзі, сағыныштан сарғаю, сары жамбас болу, сары төсек тіркестері де қалыптасқан. Сары түс–ақыл-парасаттың да белгісі: Қолы ашық, сара-таза жүрегі, Білімді, есті, даңқты әрі ірі еді (Ж.Баласағұн).

 

Кесте 6 –  Сары түсіне байланысты ұғымдық белгілер

 

 

 

 

 

Сары

Байлықтың белгісі: сары алтын, “қағанағы қарық, сағанағы сарық” т.б.

Кеңдіктің символы: сары дала, сары жазық, сары арқа, сары бел т.б.

Жас мөлшерге қатысты ұғымдар: сары тіс, сары кідір еркек, сары қарын бәйбіше, сары ауыз балапан,сары үрпек бала, т.б.

Ақыл-парасаттың белгісі: Сара көңіл, сара - таза жүрегі т.б.

Уайым-қайғының белгісі:сары уайым, сарғаю, сарылу т.б.


 

Қазақтың қиял-ғажайып ертегілерінде, аңыздық мифтерінде, бақсы сарыны мәтіндерінде сары түс атауының төңірегінде жасалған символдық мағыналы сөздер де көптеп кездеседі. Көбінесе бұл сары сөзі адам, пері, шайтан аттарына, яғни белгілі бір субъектіге қатысты қолданылған (ыстан, Сарықыз, Күнікей, Бекторы және т.б.).  Сары түсінің жағымсыз кейіпкердің символы екендігін, басқа да халықтардың мифтік аңыз-әңгімелерінен аңғаруға болады.

Қазақ тілінде сар – кең, тұтас. Сарыл – күту, ұзақ таусыла күту; сарыл – дыбыс (елікт.) – су, сұйықтықтан құйылғанда шығатын дыбыс; сарық – тауысу, бітіру, сарқу; сарғаю – күю, кебу, қурау, солу; сара – дара, саралау; айығу, сорттау; сап – шапшаң; сап тию – шапшаң, тез тию; сап ету – тез түсу; сарын – дыбыс, үн, ұзақ, біртекті, толғамды, мұңды дыбыс; сарнау – бірнәрсе жанға батқанда шығаратын дыбыс; Көк – тәңір, найзағай, от, жоғары, аспан, жас, шөп мағыналарын беретіні белгілі. Алғашқы зат, болмыс ретінде, бастау негіз, өмір беруші мәнінде көктем, көктеу, көгер, көкөрім т.б. бар.

Қазақ тілінде де, жалпы түркі тілдерінде  де сары түс атауы сындық мағынада қолданылады. Жоғарыдағы талданған түр-түс атаулары сияқты бұл сөздің де шығу тегін, этимологиясын анықтау қиындық туғызады. Сары сөзінің негізгі түстік мағынасымен қатар түрлі-түрлі ауыс мағыналары да бар Сары сөзі – жиі қолданыста болатын, көп жағдайда түсті білдіретін лексема. Бірақ ол да кез келген қолданысында түсті білдіре бермейді. «Сары» сөзі жер-су атауларымен тіркескенде «сар» тұлғасында қолданылатынын байқау қиын емес. Топономист Е.Қойшыбаев «сар» сөзі топонимдік атаулармен тіркескенде көбінесе «айқын, кең, негізгі, басты» деген мағынада жұмсалатынын айтады. Ал Р.Сыздықова «сары алтын» тіркесіндегі сары сөзінің мағынасы қоспасыз, таза, ал «сары уайым» дегендегі «сары» сөзі парсы тілінде уайым, қайғы екенін айта келіп, «сары уайым» тіркесі бір мағыналы екі сөздің қабаттаса айтылуынан пайда болып, бала-шаға, бекер-босқа сияқты бір сыңары парсыша – уайым (сар), екіншісі – қазақша уайым сөзінен жасалған плеонастық тіркес болып табылады», – дейді [13, 106]. Сондай-ақ «сары алтын» тіркесіндегі «сары» сөзінің негізгі мағынасы «таза», «шынайы» екендігінде дау жоқ, ал «сары уайым» тіркесіндегі «сары» сөзі түсті білдірмейді, плеонастық тіркес те емес. Себебі, «сар(ы)» сөзінің түркі тілдеріндегі бір мағынасы – «шын», «нағыз». Е.Қойшыбаевтың «сары» туралы «айқын», «анық көрінген», «басты» деуі қисынды. Осыған орай «сары уайым» –  «негізгі, анық уайым», ал «сарыла күту» – «шыдаммен, нағыз күту» дегенге саяды.  «Сары» сөзінің «нағыз, таза» деген мағынасының барлығын тарихшы ғалым Х.Көктәнді де сары сөзіне берген талдамасында анықтайды. Ғалым сары сөзінің  түбірін са/со деп бөліп алып, «са» түбірі дала деген ұғымды білдіретінін айтады. Кейбір тарихшылар сары ұйғыр дегенді көне ұйғыр ұғымын береді деген пікір айтады [14, 148].  Бұл асылы, таза далалық ұйғыр деген сөз. Ра – таза, шын деген сөз. Со –  дала, со сөзі , салқар (с//ш), сақара деген сөздердің түпкі буынында сақталған. Сайын сөзі жеке тұлғасында ұғынықсыз болған соң, кейін халықтың өзі сайын дала деп калькалық тәсілмен көшірме аударма жасаған. Осы күнге дейін бұл екі сөз қосарланып айтылады.

Жоғарыдағы талдаудан көрінетіні – барлық негізгі түс атауларының бойынан ортақ «от, су» стихиясының табылуы. Алғашқы адам үшін бұл қарама-қарсы, бірақ бірінсз-бірі мүмкін емес, құдіретті күш ретінде мойындалған.

Түс таным моделдерінің түпкі негізінде қараңғы-жарық, түн-күн, жамандық-жақсылық секілді ойлаумен қисынды байланысы бар, дүниенің төрт бұрышының түркі халықтарында солтүстік – қызыл (қара), Шығыс – көк, Оңтүстік – ақ (жасыл), Батыс – сары (сұр/қоңыр) түрінде белгіленген.

Қазақ мифіндегі көк түс аспанға қатысты, оның тәңірлік сипаты болған. Бұл танымның тереңде жатқандығын Күлтегін ескерткішіндегі «Биікте Көк Тәңірі, Төменде қара Жер жаралғанда, Екеуінің арасында адам баласы жаралған» жолдары дәлелдей түседі. Ата-бабамыз дүниені төрт бұрыш деп түсініп, әр бұрышқа өзіндік символикалық реңк-түс берген. Атап айтқанда, шығыс – көк, оңтүстік – қызыл, солтүстік – қара, батыс – ақ түс деген күн  айналымына негізделген таным. Осындағы шығыстың символы ретінде көк түсін киелі санаумен байланысты қазақ халқы  шығысты да қасиетті санап, шығысқа қарап тілек тілеген, киіз үйдің есігін шығысқа қаратып ашқан. Бұның бәрі ұлы «көк» –  аспан тәңіріне табынудан келіп шыққан. Демек, көк түс -адалдықтың, мәңгіліктің, тұрақтылықтың символы ретінде «мәңгілік көк аспанмен», «тәңірімен» ұқсастырылады. Осы түсінік жеті қат көк, тоғыз қат көк тіркестерімен бейнеленген. Еліміздің туының түсі ашық аспан түстес болуын да көк түсінің ерекше ықыласқа бөленуімен түсіндіруге болады.

 

 

 

 

ІІ ТАРАУ. ТОПОНИМДЕРДЕГІ ТҮР-ТҮС АТАУЛАРЫНЫҢ СЕМАНТИКАСЫ

ІІ.2 Қазақ топонимдеріндегі түр-түс атауларының мағыналық ерекшелігі

 

Жер-су атаулары сол аймақты мекен еткен халықтың дүниетанымы, тұрмыс-тіршілігі, сал-дәстүрі мен географиялық орта туралы таным-білімін көрсететін тілдік, тарихи-мәдени мұрасы. «Топонимия – халық өмірінің айнасы» дейтін нақыл сөздің шығуы да оның осы қасиетімен тығыз байланысты. Көшпелі өмір салтын кешіп, мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқы географиялық ортаны, жер бедерін, өсімдіктер дүниесін жақсы білгендіктен, оны өз тілінде дәл бейнелеуге келгенде де шеберлік танытқан.

Табиғатта уақыт өте келе шұрайлы жерлер шөлге айналып, көлдер құрғап, өзендер тартылуы кездесетін құбылыс. Географиялық нысанның, жер жағдайының өзгеріске ұшырауы олардың атауларына әсер етпей, бастапқы атау ғасырлардан-ғасырларға жетіп, сақталып қалып жатады. Топонимдерді ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалатын жер бетіндегі тарихи-тілдік, танымдық ескерткіш десе де болады.

Қазақ халқының топонимдік номинациясына  негіз болатын тағы бір негізгі фактор – түр-түс атаулары. Кеңістіктегі алуан түрлі түсті ажырату процесі адамның перцептивтік қабылдауы арқылы орталық жүйке жүйесінде өңделіп, жүзеге асады. Қазақ тіл білімінде қоршаған ортаны, нысананың пішіні, көлемі, түр-түсі атауына қатысты, оның лексикалық құрылымдық, этнолингвистикалық, когнитивтік сипатын зерттеуге арналған жұмыстар біршама. А.Н.Кононов, Ғ.Қонқашбаев, О.Т.Молчанованың жеке зерттеу мақалалары мен Ә.Қайдаров, З.Т.Ахтамбердиева, Б. Өмірбекованың «Түр-түстердің тілдегі көрінісі», Ф.Р.Ахметжанова, Қ.Т.Қайырбаеваның «Түр-түске байланысты тұрақты тіркестер» атты ұжымдық монографиялары арналған. Н.Аитова мен У.Б.Серікбаевалар қазақ тіліндегі түр-түс атауларын этнолингвистикалық сипатта қарастырса, Ш.К.Жарқынбекова қазақ-орыс тілдеріндегі түр-түстер атауларына салыстырмалы зерттеу жүргізген. Біз жалпы түр-түс атрибуттарының жер-су атауларындағы білдіретін  мағыналық ерекшеліктеріне ғана тоқталамыз.

Жер-су аттарында өте жиі кездесетін түр-түс атаулары барлық жағдайда бірдей қолданылмай, ол ұғымдардың әртүрлі табиғи жағдаймен сәйкестігін,географиялық ерекшелігін, бағыт-бағдарын, орын-жайын анықтауға қатысты қолданылады. Қазақ тіліндегі жер-су аттарының құрамында кездесетін түр-түс аттары көптеген жағдайда дүниенің төрт бұрышын, батысы мен шығысын, оңтүстігі мен солтүстігін, сондай-ақ белгілі бір географиялық нысанның екінші бір нысанға қатыстығын, алыс-жақын, жоғары-төмен болып орналасуын анықтауы тек қазақ тіліне немесе тек қазақ халқына ғана тән ерекшелік деп қарауға болмайды. Бұл бүкіл түркі әлеміне ортақ көне замандардан келе жатқан космогониялық, геосимволдық дәстүр болып саналады. Қазақ халқы сан ғасырлар бойы табиғат аясында тіршілік ете жүріп, қоршаған ортаның сан алуан құпия сырларына көңіл бөлді. Табиғи ортаға бейімделу арқылы жер бедерін, климат ерекшеліктерін, су көздерін анықтау, өсімдік жамылғысы, жайылымдардың сипаты, т.б. белгілер жер-су атауларынан көрініс табады. Бұдан басқа табиғат жағдайының қолайсыздығынан туындайтын жер бедерлік ерекшеліктер географиялық түске қатысты атауларда да байқалады. Сөйтіп жер-су атауларында кездесетін түстік белгілер, яғни жер сипатын түстік жағынан бейнелейтін сындық күрделі аталымдар нәтижесінде қазақ халқының қырағылығын көреміз. Өйткені кез келген аймақтағы жер-су атаулары халықтың тілдік негізінде жасалады, ұзақ тарихи-лингвистикалық өзгерістерді басынан кешіреді. Көне түркі тілінің тасқа жазылған  ескерткіштерінің табылуы, М.Қашқари сөздігінің сақталуы елдің қазіргі дәуірге дейінгі тілдік жүйесінен мол хабар беріп, жер-суға қатысты көне күрделі атауларды саралауға, талдауға жөн сілтейді. Қалай болғанда да, түс атауымен қатысты туындаған күрделі ұғымды жер-су атаулары белгілі бір себеппен туындайтыны зерттеу барысында байқалды.  Ең алдымен, қазақ халқының көшпеліліктен отырықшылыққа ауысу барысындағы өз жерінде мекендеп, өмір сүрудегі тәжірибесі топонимдерде кеңінен сақталды. Халық  атап кеткен – жер-су атауларынан физикалық, бедерлік, сындық-сипаттық белгілерді байқаймыз. Тіпті атаулардан елдің шаруашылық ерекшелігін, күнделікті тыныс тіршілігін, табиғатты пайдаланудағы қызметін де аңғаруға болады. «Ақ» компонетті жер-су атаулары қазақ топонимикасында өте жиі және топоним түрлерінің (жер, су, тау, қала, мекен, дала т.б.) бәрінде де кездесе береді екен. Мысалы, Ақсу, Ақтоғай, Ақкөл, Ақсай, Ақжар, Ақмола т.б. Мұндағы ақ және қара, қызыл, сары, қоңыр, көк түс атауларына қатысты туындаған күрделі жер-су атауларында түс ұғымдары тура және ауыс мағыналарда қолданылады. Осыларды номинация, уәждеме теориясы негізінде қарастырып, шешімін табуға тырыстық. Б.Тілеубердиевтің пікірінше, Қазақстан жер-су атауларының құрамында белгілі бір түсті білдіретін сөздер саны өте көп кездеседі. Қара, ақ, қызыл, көк, сары, ала, боз, қоңыр, құба т.б. түсті білдіретін сын есімдер әдетте объектілердің түсін немесе түрін білдіреді де, тау, тас, төбе, бұлақ, арық, биік, су, дала, жол, адыр, сор, құм, сеңгір, жон т.б. географиялық объектілерді анықтау үшін қызмет етеді. Сонымен бірге, ғалым түр-түсті білдіретін қазақ топонимдерінің семантикасын талдау кезінде жер-су атауларының құрамындағы «түр-түс» сын есімдері тек түсті ғана білдіріп қоймай, кейбір топонимдерінде түстен бөлек мағынаны білдіретінін байқауға болатындығын айтады. Қазақ топономикасында бұған ең бірінші рет топонимист Е.Қойшыбаев көңіл аударды [15].

Информация о работе Топонимдердегі түр-түс атауларының семантикасы