Топонимдердегі түр-түс атауларының семантикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Июня 2015 в 00:01, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ тіл білімінде соңғы жылдары қорғалған, ономастиканы жаңа бағытта зерттеу, аталым теориясының негіздерін зерделеуге қатысты мынадай еңбектерді атауға болады: Г.Б. Мадиеваның «Имя собственное в контексте познания» (2005), Б. М. Тілеубердиевтің «Қазақ ономастикасының лингвоконцептологиялық негіздері» (2006), Қ.Ж. Айдарбекованың «Қазақ терминологиялық аталымының ономасиологиялық аспектісі» (2009) атты докторлық диссертациялары. Бұл жұмыстарда қазақ ономастикасы мен терминологиялық аталым теориясының бірқатар іргелі проблемалары қарастырылып, оң нәтижелерге қол жеткізілді.
Г.Мадиева Қазақстан ономастикалық ғылымында қалыптасқан ғылыми-теориялық пайымдауларды жүйелеп, реттестіріп, зерттеу аспектілеріне жан-жақты тоқталды. Сонымен қатар, зерттеуші алғашқы болып қазіргі ономастикалық жүйенің метадиалектісі мен концептуалды-терминологиялық аппаратын, қазіргі Қазақстанның ономастикалық кеңістігіндегі онимдік бірліктерді леммалау проблемасын алғаш рет зерделеп, жүйелеп, тереңдете қарастыру арқылы, бірқатар тың теориялық нәтижелерге қол жеткізді.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................... 4
І тарау. Қазақ тіліндегі түр-түс атауларының семантикасы ......... 6
І.1 Түр-түс атауларының зерттелу жайы ....................................... 6
І.2 Түр-түстің символикалық табиғаты .........................................
10
ІІ тарау. Топонимдердегі түр-түс атауларының семантикасы ...... 31
ІІ.1 Қазақ топонимдеріндегі түр-түс атауларының мағыналық ерекшелігі ....................................................................................
31
ІІ.2 Түр-түс атауларына қатысты топонимдердің психолингвистикалық сипаты ..................................................
34
ІІ.3 Батыс Қазақстан облысындағы түр-түс атауларымен келген жер-су атаулары .........................................................................
38
Қорытынды ............................................................................... 49
Пайдаланылған әдебиеттер .................................................... 52

Прикрепленные файлы: 1 файл

топоним тус.doc

— 543.00 Кб (Скачать документ)

Енді бірқатар ғалымдар Қ.Ғабитханұлы, Т.Жанұзақов «ақ» сөзінің шығу төркінін «ай» космонимімен сабақтастырып, оның фонетикалық өзгерісінің схемасы ајаs>аја>ај болуы мүмкін деп болжайды. Мұның дәлелі ретінде түркі тілдерінде  үнемі қолданылатын «ай йузлүк» тіркесінің мағынасына тоқталады.  «Ай» атауын «ақ» сын есімімен байланысты қарауының негізі бар. Сөздердің тілдегі қолданысы мен оның беретін мағынасына қарасақ, расында да «ай» атауы о баста заттың сын-сипатын білдіретін сөз болғанға ұқсайды. Қазақ тіліндегі айдын, айқын сөздері «ай» түбір сөзінің негізінде жасалған. Демек, «ай» сөзі о баста «ақ» деген түстік мағынаны білдіретін сөз болған, осы сөзден кейін келе қазіргі тіліміздегі сын есім «ақ» туындаған. Түркі тілдерінде й-қ-ғ дыбыстарының сәйкестігі бұрыннан бар құбылыс екендігін ескерсек, бұл өзгерісті ай>ағ>ақ түрінде көрсетуге болады. Сонымен «ақ» түс атауының шығу төркінін дәл басып айтудың қиындығы «ақ» сөзінің көнелігіне байланысты болып отыр.

Қазақ және басқа түркі тілдеріндегі қызыл мен жасыл сөздерінің түбірі «қыз» бен «жас» деген пікір көптен бері айтылып келеді. Сондағы ғалымдардың дәлелі: бұлардың екеуі де – ыл - іл моделі негізінде бүгінде жеке-дара қолданылмаса да, бөліп алып қарауға болатындығы. Ал белгілі топономист Е.Қойшыбаев қызыл сөзін тіліміздегі қысыл (тар, қысылу) етістігімен байланыстырады. Ғалымның мұндағы сүйенетін дерегі – Жоңғар және Іле Алатауларындағы шатқал аты – Қызылауыз («узкие ворота» мағынасында). Бірақ та көптеген ғалымдардың пікіріне сүйенсек, жоғарыдағыдай, қызыл сөзінің түбірі – қыз: бірде етістік («краснеть», «пламенеть»), бірде сын есім мағынасында («красный», «багровый») екіұдай қолданылған екен. Сын есім мағынасында қолданылғандығын дәлелдеу үшін қызар етістігін алып, боз - бозар, көк - көгер, ақ - ағар моделі бойынша талдаса да жеткілікті. Бұл жердегі түбір тек зат есім немесе сын есім ғана болуы керек. Сонда қазіргі қазақ тіліндегі қызыл сөзінің құрамындағы о бастағы дербестігін жойған «қыз» түбірінің төркіні айқындалмақшы. Ол тек қызыл түстің ғана емес, тіпті алабұртып, қызу қанды, сұлу реңді мағынасындағы «қыз» сөзінің шығуына да негіз болса керек. М.Қашқаридің «Диуани лұғат ат түрік» сөздігінде бұл қыз түбірінің тағы бір мағынасы беріледі: Бұ ат қыз алдым –  Бұл атты қымбат алдым. Сонда қыз түбірінің мағынасы: 1) қызыл; 2) қымбат, соған тағы да -ыл жұрнағы қосылып, тарихи тұрғыдан  қатыстық сын туғызса, біздің тілімізде сапа сыны болып қалыптасқан. Жасыл түс атауының да түбірін жас деп тануға болады. Мұнда да о бастан заттық не сындық, мағына болған. Жас сөзінің бастапқы мағынасы «жаңа шыққан көк, өсімдік» деуге болады. Кейін бұл мән жаңа өсіп келе жатқан балаға, одан кейін кісінің өмір сүру жыл санына ауысқан. Тілші-ғалым А.Жеңісқызы жас сөзінің төркінін уақыт өлшемі жыл сөзімен қатар бағдарлайды. Деректерге сүйене отырып, мынадай қорытындыға келуге болады: жыл мен жас сөзінің семантикалық қатарына «ылғал», «жаңа туылған», «жас шөп», «көз жасын» жатқызуға болады. Осы мағыналардың тууына көк өнімдерінің дымқыл, ылғал болуымен, әсіресе, таңертеңгі шық түскен кездегі күйімен байланысты «көз жасы» деген мәнге ие болған тәрізді.

Сын атауының шығу тарихы жайында белгілі ғалым С.Аманжолов: «Кейбір сын есімдердің әлі күнге шейін әрі зат есімдік, әрі сын есімдік мәні бар мысалы:) «көк» әрі нәрсенің түсі, әрі «аспан» мәнінде; «қара» әрі «мал» мәнінде: «қызыл» әрі нәрсе түсі, әрі қоғамдық топтың символы т.б. Кейбір түркі тілдеріндегі материалдарды салыстыра тексерсек, бір тілде зат есім болып жүрген сөз екінші тілде сын есім орнына қолданылады екен. Мысалы, «қызыл» - азербайжан тілінде зат есім, «алтын» деген сөз, бізде ол сын есім мәнінде, ал азербайжан тіліндегі «қырмызы» - жібектен істелген товардың аты, зат есім» [2, 337] деген пікірді білдіреді. Бұл тұста сындық түстердің аталымжасаудағы қызметі сол кездің өзінде мәні зор екенін байқауға болады.

Сонымен, түстердің дүниетанымдық қызметін көрсетуде Ж.А.Манкееваның сөзімен қорытындыласақ, олар «өмір сүруді қамтамасыз ететін мәдениетке жататын дүниелердің мәдениетке қатысы адамдардың тек өмір сүруі үшін қажет мұқтаждықтарын ғана қанағаттандырып қоймай, сонымен бірге олардан жоғары тұратын социогендік, символдық және эстетикалық қажеттіліктерін де өтейді» [9, 53].

 

 

І.2 Түр-түстің символикалық табиғаты

 

Ғалам бейнесінің мағыналық-мазмұндық бірлігі – семиотикалық құбылыс. Мұнда шоғырланған ғалам бейнесінің тілдік суреті аса күрделі.

Табиғаттағы түр-түстердің барлығы әрқашанда бір заттың, құбылыстың түрін, түсін, өң-реңкін, сыртқы сипатын ғана анықтаумен шектелмейді. Сонымен қатар, түр-түс атаулары мүлдем түр-түске қатысы жоқ, не одан бүгінде тым алыстап кеткен ұғым-түсініктерді, мән-мағыналарды, жөн-жосықтарды білдіретін де қасиеттерге ие. Солардың бірі – түстердің тілдік таңбалық қасиеті. Тіл біліміндегі символика о баста көне гректердің «символ» (symbolon - «белгілі бір қоғам мүшелері мен әлеуметтік топтар үшін ғана түсінікті шартты белгілер») сөзінен шығып, бүгінде «әр түрлі идеяны, түсінікті, ұғымды, ойды, сезімді, іс-әрекетті білдіретін шартты белгілердің жиынтығы деген мағына береді». «Символдардың» пайда болуына қандай да халықтың болмасын тұрған ортасы, өмір сүру салты, дәстүрі, мәдениеті, жалпы алғанда дүниетанымы әсер етеді [7, 12].

«Символдардың» негізгі қасиеті, өзге таңбалардан ерекшелігі – оның идеалды нысандық мағынасында, яғни физикалық әлемде жоқ объект мәнін құрайтын семантикалық айырмашылығында. Символдың осы қасиеті арқасында адам қажеттіліктеріне жарамды, құнды түсініктер алады. Демек, халық өзін қоршаған әр дүниеге ой көзімен, ұлттық түйсікпен қарап, көңіліне түйіп, модельдендіруге бейім келген. Ал ол тілдің эволюциялық жолмен дамып өрбіген, соның негізінде туындаған символдарда көрініс табады. «Символ» тілдік жүйеде белгілі бір когнитивтік құрылым ретінде ғаламның тілдік бейнесін танытады.

Символдардың негізгі бар қасиеті, өзге таңбалардан ерекшелігі – оның идеалды нысандық мағынасында, яғни физикалық әлемде жоқ объект мәнін құрайтын семантикалық айырмашылығында. Символдың осы қасиеті арқасында адам қажеттіліктеріне жарамды және құнды түсініктер көріне алады. Көк, сары, қызыл, жасыл хроматты түстері негізгі алғашқы түстер, қаракөк, күлгін, қоңыр, қызғылт сары қосымша түстер деп, ал ақ, қара, сұр – ахроматты нейтрал түстер деп есептеледі.

Түр-түстің бір тобы негізгі номинативтік мағынасына жақын, о бастағы семантикалық байланысын әлі де үзе қоймаған, логикалық қатыстығын түгел жоймаған сыбайлас мағыналар болып келсе, енді бірі – бүгінгі таңда қатыстығы алыс, тіпті мүлдем байқалмайтын, алшақ жатқан мағыналар:

1. Негізгі лексикалық, сын  есімге тән мағына: «Ақ серке қой бастайды, Ақын жігіт той бастайды» деген мақалдағы ақ серке тіркесіндегі ақ сөзі өзінің тура түстік мағынасында тұр.

2. Ауыс мағына: мұның өзі де іштей неше түрге жіктеледі, «сүттен ақ, судан таза» дегендегі «ақ» атауы - өзіне тән көптеген ауыс мағыналардың тек бір қырын ғана – «күнәдан таза, айыбы жоқ, таза адам» дегенді аңғартып тұр.

3. Туынды мағына: «Кедейдің аузы аққа тигенде, мұрны қанапты» дегендегі «ақ» атауы «сүт», «сүт тағамдары» деген мағынада жұмсалып тұр. Бұл мағынаның туынды болуы, сүт тағамдарының басқа қасиеттеріне емес, түріне, түсіне байланысты жасалуында.

4. Символдық мағына. Түр-түстердің негізгі лексикалық мағынасы белгілі бір зат пен құбылысқа тән бояу реңкті анықтау нәтижесінде, ауыс мағынасы олардың арасындағы логикалық байланыс пен ұқсастықтан, туынды мағынасы  мотивтік сәйкестік негізінде  пайда болса, символдық мағынаның қалыптасуы бұлардан сәл өзгешелеу. Символдық мән-мағына әдетте, нақтылы заттармен бірге олардың сыртқы бояу реңкіне байланысты және қоғамдық өмір салты, дәстүр, ұлттық таным, әдет-ғұрыпқа қатысты қалыптасуы шарт. Демек, символдық мән-мағынаға ие болған заттар мен құбылыстар тілдік тұрғымен  қатар этнолингвистикалық таным тұрғысынан да қаралады. Осыған орай тілдегі түр-түске байланысты символдық мағыналар жалпылық қасиеттерімен қатар жекелігімен, ұлттылығымен ерекшеленеді. «Символдық» мағына – түстің тілдегі табиғи түсінен тыс мағына. Мұнда көрстетіліп тұрған түс мағынасы сақтала отырып, белгілі бір ел, қоғам қабылдаған ұғымды да түсіндіреді, ол –  сол түс беріп тұрған таңбалық мағынаның қызметі. Сонымен  бояу түсіне әдейі мағына бергенде ғана ол тілдік таңбаға,  белгіге айналады. Тілдік белгіге құбылыс бейнесі мазмұнынан   шығатын идеялық мазмұн тән. Белгі түріндегі түсте тек қана таңбаланған бейнелер түсіндірілмейді. Бейне бұл жағдайда барынша кең түрдегі белгілі бір ойды жеткізеді. Белгілік таңба (түс таңбасы) өзінің сыртқы тұлғасында белгіленетін бейнесінің мазмұнын қорытады. Сондықтан да ұғымға таңбаланған, түс мағынасындағы сөз –  нақты тілдік бірлік, ал оның нысаны абстрактілі болып келеді.

Кез келген ұлт мәдениетіндегі түр-түс әлемі өзіндік ерекшелікке, өзіндік белгілік таңбалық мәнге ие. Яғни, «мәдениеттегі түр-түс» арқылы халық өзіндік эстетикалық көзқарасын, эмоциялық қалпын, адамгершілік түсініктерін білдірген. Қоршаған орта, аспан әлемін тіпті кез-келген материалдық мәдениетке байланысты заттар, киім-кешек, құрал-жабдық, болмаса рухани мәдениетке қатысты салт-дәстүрді түр-түссіз қабылдау мүмкін емес. Онсыз оның болмыс-бітімі толыққанды болмайды. Сондықтан түр-түс – ұлт мәдениетін танытатын бірден-бір жол. Ол өз тамырын терең жайып, ата- бабамыздың мифтік түсінігімен де астасып жатады. Адам баласы өзін қоршаған табиғатты, өзін-өзі, қоғамдағы заттар мен құбылыстарды жан-жақты да терең танып білудің көптеген тілдік қайнар көздері мен тәсілдеріне түр-түс әлемі де жатады. Адам баласы әртүрлі түр-түсті бір-бірімен салыстыра  отырып ажыратады. Олардың бір тобы адамға жылы көрінсе, енді біреулері суық болып көрінеді. Осыған байланысты түстерді жылы және суық түстер деп бөлу қалыптасқан. Бұған себеп: ыстық оттың жалыны қызғылт, қызыл екені, суық мұздың түсі көкшіл, жасыл, қаракөк екені түсінікті. Бірақ  табиғаттағы түр-түстердің барлығы әр уақытта да бір заттың,  құбылыстың түр-түсін, өң-реңкін, сыртқы сипатын ғана анықтаумен шектелмейді. Сонымен қатар түр-түс атауларының мүлдем түр-түске қатысы жоқ немесе одан мағынасы тым алыс ұғым-түсініктерді білдіре алатыны белгілі. Басқа халықтардағыдай  қазақ халқы үшін де әлем екі түске – ақ пен қараға бөлінген. Оның бірі ақ түс – күллі игі жақсы қасиеттер иесі болса, қара түс – жамандық біткеннің белгісіне ие. Бұл түсінік халық санасына терең ұялап, оның тілі мен ойлау жүйесінен орын алған. Сондықтан  ақ түс күні бүгінге дейін жақсы бастама атаулының бәрінен де табылады. Өйткені ол сұлулық әлемінің, адамгершілік қасиеттерінің біртұтас жиынтығын құрайды. Қазақ халқының ежелгі дүниетанымында дүниені төрт бұрышты деп түсініп, әр тұсқа өзіндік таңбалық түс бергені белгілі. Сонда қара түс солтүстікті белгілейді. Зерттеулерге сүйенсек, «Авестада» солтүстік жақтағы қасиетті тауды «Хукариа» деп атайтындығы айтылады. «Хукариа» атауының иран тіліндегі бастапқы айтылу нұсқасының «Хух Хара» болғандығын ескерсек, мұндағы «хара» о баста дей-түркінің (арғықазақ) «қара» формасынан шыққандығын айтуға болады. Яғни «Хух Хара» сөзі бүгінгі түркі тіліне «Харатау» - «Қаратау» деп аударылады. Бұл жердегі «қара» сөзі түсті емес, «түпкі, бастапқы» деген мағынаға ие болып тұр. Түркі тілдерінің бірі өзбек тілінде «қара» сөзі «темір» деген мағынада қолданылады. Мұндай ұғым буряттардың дүниетанымдық негіздегі фольклорында да болғандығы байқалады. «Қара» сөзі жер асты, төменгі әлем ұғымын білдірсе, «ақ» сөзі оған қарама-қарсы жоғарғы әлем, құдайлар мекені, аспанның символы болған. Ақ түсінің о дүниелік символы қазақ халқының мифтік түсінігінде төрт түлік , соның ішінде жылқы малының ақ түстісімен байланысты болған. Ақ түс ежелгі түркі-монғол халықтарының архаикалық мифтік түсінігінде күн сәулесіне, күнге теңелген. Күн сәулесінің жылдам таралуына сол кезде желдей жүйрік жылқы ғана теңесе алған. Астарында қазақ халқының ғарыштық дүниетанымының ұлттық белгілері жатқан табиғат құбылыстары мен жан-жануарлардың түр-түстік символикасына қазақтар үлкен мән берген, халықтың ұғымында ақ, қара түс атауларымен бірге, ала түсінің де қасиеті ерекше. Ала – орта дүниенің, жер бетінің таңбасы ретінде көптеген ұлттық әдет-ғұрыптарда маңызды орын алады: «Өлікті жөнелткенде абыз ала жіптің бір шетін мәйіттің денесіне денесіне байлап,  бір ұшын өзі ұстап: «Ала жіп, ала жіп, бұл кісінің бар күнәсын ала біт!», –  деп айтады». Қазақ танымында алалық, түстілік, алапестікке байланысты әңгімелер тектен-текке айтылмаған, бұлар таза мифтік түсініктің қарабайырлануы (профанация) нәтижесінде ежелгі мән мен идеяның ұмытылып кетіп, есте сақталып қалған сөз тіркесі мен әңгіме фрагменттері кейінгі жағдайда басқаша түсіндіріліп жүр. Тілші-ғалым Б.Ақбердиева осы сөздің негізгі символдық белгісі ретінде күнге тәуелді етеді. Яғни, алалық – күн белгісі, атрибуты. Қазақ дүниетанымында мұндай күнтекті белгі ретінде қал, қалша, пес, шұбар сияқты сөздер қолданылады. Алалық пен алапестікті кейін тек ауру-сырқат болар деп түсінген. Шындығында пес сөзі де дақ, қал дегенді білдіреді. Оны белгілі сырқатқа телу – кейінгі қазақ тілінің дәстүрі, ертедегі қазақтар ежелде күн бетіндегі дақты қалға, меңге ұқсатқан. Ала сөзіне қатысты көптеген атауларда уақыт мағынасы сезіліп тұрады. Ала түсінің уақытқа қатыстылығы жөнінде мифолог С.Қондыбай ала сөзін ертегі-аңыздардағы ат-жылқылардың түсіне қатыстыра отырып, ала аттың күн мен  уақыттың символы екендігін айтады. Ол қазақ жылқыны түстеуге келгенде алдына жан салмайтындығын ескерте отырып, ала түс ұғымына шұбар, тарғыл, сарыала, бурыл, қызылкүрең сияқты бірнеше түс араласқан қосындыны ала түс деп орташалап алып, мифтік тұрғыдан қарастырады. Қазақтың эпостық жырлары мен өткен ғасырлардағы ақын-жыраулардың мұраларында ала сөзі ат, оның ішінде азбан ұғымында жиі кездеседі. Ала, алаша ат – мықты, күшті, жүйрік аттың символы, алалық түске байланысты емес, медиаторлық қасиетке берілген атау. Сонда ала, алаша атты мифтік триадалық символдың  тіліміздегі  лексикология-фразеология жүйесіндегі көрінісінің бірі деп тануға болады. Сондай-ақ, тілімізде осы сөзбен кездесетін сөздер мен сөз тіркестерінде алаш, аласапыран, алай-түлей, алапат т.б. жер жүзі, жер беті, тіршілік, өмір сүру, күресу, мифтік таныммен айтқанда орта дүниеліктің белгісі бар екендігін айта кету керек. Себебі жер бетінің белгісі ала түспен белгіленеді.

 

 

Кесте 1– Төрткүл дүниенің түр-түстік сипаты

 

Түр-түс

Ғаламның мифтік моделі

Сипаттамасы

Ақ түс

Жоғары дүние

Тәңірілердің мекені, мәңгілік өмір не тазалық пен пәктіктің белгісі

Ала түс

Ортаңғы әлем, жер беті

 Жоғары, төмен дүние  арасындағы медиатор; бойында ақ пен қараның, жоғары мен төменнің сипаты мен қасиеті бар; тұрақты сипаты жоқ, ақ та емес, қара да емес.

Қара түс

Төменгі әлем, су, жер асты, қараңғылық.

Төменгі дүние, зұлымдық ордасы; өлім, о дүние


 

 

Кез келген халық тілінде түс атауы белгілі бір танымға, жаратылысқа орай  таңбалық ұғымды білдіреді. Бұл – түс атауларының әуелдегі қабылданған мазмұнымен, пайда болған кездегі шарттылығымен тығыз байланысты. Осыған қатысты ақ, ала, боз сөздерінің алғашқы таңбалық белгісін, ұғымын ғалымдардың зерттеулеріне, пікірлеріне сүйеніп тануға болады. Қазақтар ізгі ниет, жақсы тілек, пәк сезім, адал көңіл тәріздес жан дүние құбылыстарына ақ көңіл, ақ тілеу, ақ пейіл, ақ жарқын  деп ат қойып, бұларды «ақ» түсінің көмегімен ардақтап, аялап келген.  Қазақ тілінде тазалық, пәктік, күнәсіздік, мөлдірлік, шынайылық, жақсылық, мейірімділік секілді дерексіз ұғымдар ақ түспен ассоцацияланып, қазақтың көңіл көзіне ақ түспен көрік береді. Ақ атауы қай тіркесте, контексте болмасын жақсылықтың, өмірдің нышанын аңғартып тұрады: ақ бата – бұл тіркестегі ақ түр-түстік мағынаны білдірмей, «бата» сөзімен тіркесе келіп, жақсы тілек, ізгі ниет, адал көңіл деген мағынаны білдіреді. Қазақтар әлдене жөніндегі келісімге келіп, бітім жасағанда, уағдаласқанда ақ ниеттің белгісі ретінде ақ қой сойып, бата қылған. Неке қию кезінде ақ кездеменің бір шаршысы қалыңдықтың басына жабылады. Сондықтан  халық адам бақытының бір қазынасы – ақ жаулық дейді де, отау құру, шаңырақ көтеруге қатысты ақ босаға, ақ некені ардақ тұтады. Келін түсіргендегі ортаға ақ бұл тастау ырымы түтін басынан молшылық, жақсылық үзілмесін дегенді білдіреді. Ақтың бұл сынды мағынасымен «сұлулық», «келбеттілік», «әдемілік» ұғымдары астасып жатады. Оған тіліміздегі ақ құба, ақ тамақ, ақ маңдай, ақ білек т.б. тұрақты сөз тіркестері дәлел. Ақ түсінің «таза» деген мағынасымен сабақтас ауыспалы «басқа нәрсе араласпаған» мағынасының тектілікті, яғни хан, бек, төре тұқымына тәндікті аңғартатын да мәні бар ( ақ сүйек, ақ орда, ақ үй т.б.). Ақ сөзімен келген үй атаулары  үйдің түсін ғана емес, «ауқатты, дәрежелі, билік иесі отырған үй», «тайпа, ру басылары тұратын үй», «ата мен әженің отырған үйі»сияқты ұғымдарды қамтиды. Деректерді саралай келгенде, ақ сөзінен пәктік, құрметтілік, мейірімділік, қасиеттілік, берекелілік, молшылық, киелілік, тілектестік  мағыналарын түсінуге болады.

Информация о работе Топонимдердегі түр-түс атауларының семантикасы