Жеке адам түсінік
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 19:36, реферат
Краткое описание
Жеке адам — әлеуметтік қатынастармен санала іс — әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін есі кірген ересек кісі. Адам қоғамнан тыс, тәуелсіз өмір сүре алмайды. Өйткені тәні де, жаны да айналасындағылармен қарым – қатынас жасау үстінде, тек әлеуметтік әсер жағдайында ғана адам кісілік мән – мағынаға ие болады. Адам санасының дамып, өсіп жетілуі оның ортасымен ( от басы, мектеп тағыда басқа ) тығыз байланыста. Әлеумет әсері тимейтін, әлеуметтік құрықтан шығып кететін ешбір адам болмақ емес. Сондықтан адам психологиясын дұрыс ұғыну үшін, ең алддымен, оның әлеуметтік жағдайын, яғни оның қандай ортаның өкілі екендігіне, сондай – ақ оның қандай көзқарасы, наным – сенімі, бағыт – бағдары, білімі мен іс – тәжірибесі, икем –биімділігі, нақты кәсібі, білімі бар екендігіне назар аударуымыз қажет. Осы айтылғандар жөнінде мағлұмат алғанда ғана біз оның психологиясы жайлы азды – көпті пікір білдіруге мүмкіндік аламыз.
Прикрепленные файлы: 1 файл
Жеке адам түсінік.docx
— 83.65 Кб (Скачать документ)Адам баласы материалдық
және рухани өмірдің ортасында тіршілік
етеді де, өзі өмір сүріп отырған
қоғамның, ұжымның, ұлттың, рудық мүшесі
ретінде өзіндік ақыл-
Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз — оның өзіне тән мінез-құлғындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы.
Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалың бірыңғай талаптардың болуына қарамастан, қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік ой-пікірінің, көзқарасының болуы, олардың өзі өсіріп-білген құбылысқа деген көзқарасын, ой-пікірін білдіруі заңды құбылыс. Мәселен, біреулер - айналасындағы құбылысқа таңдана, тамашалай қараса, енді біреулер - сын көзімен қарап, ой-қорытуы, сын пікірлер айтуы мүмкін.
Адамдардық қоршаған ортадағы
құбылыстарды түсініп қабылдауы
да әр түрлі. Ол әр адамның жеке басына
тән физиологиялық, психологиялық,
биологиялың ерекшеліктеріне
Өмірде бір анадан туған егіз балалардың түр жағынан бір-біріне ұқсас болғанымен, мінез-құлқы, іс-әрекеті, өмірге деген икемділігі, қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан әр адамды өзінше даралаған жеке тұлға деп қараймыз. Адамның саналық, мінездемелік қасиеттерін анықтайтын оның санасы болып табылады. Сана ақыл-ойдан туындайды. Адамның ақыл-ойы біркелкі дамымайды. Адамдар бір-бірін бағалауда қателіктер жіберуі де мүмкін. Кейбір адамдар өзінің жеке басын басқалардан артық бағалауға тырысады.
Жеке тұлғаға тән қасиеті
- ақыл, ес, яғни, өмірді өзінің сана-сезім
өлшемімен қарап бағалауға
Жеке тұлғаның еске сақтауы өзге адамдардық тәжірибесін жинақтауға да негізделеді. Әрбір тұлға оларды оқып, көріп, оңығанын, естігенін, көргенін өз ойына тоңып, содан сабақ алу арқылы да өзінің іс-әрекетін, мінез-құлқын, сана-сезімін байытады.
Адам өмірде өзі жіберген
қателіктерден де, басқалардың қателіктерінен
де сабақ алады. Оны қайталамауға
тырысады. Мұны педагогикада адамның
өзін-өзі тәрбиелеуі деп атайды.
Басқалардың өнегелі іс-
Тұлға — жеке адамның мақсатының орындалуы, ерік-жігерінің іске асуы, өзі жөніндегі ойын, еркін іске асыруға дайындығы және оны іске асыруының нәтижесі. Ерік-жігер механизмі дегеніміз - адамның өзіне тән қасиеттерін іске асыруы. Адам ойына келген іс-әрекетті іске асыруда ерікке жол береді. Бірақ адам бір нерсені істерде алдымен еркін ақыл-парасат таразысына салып, оны іске асыру жөн бе, басқалар оған қалай қарар екен? -деген ойға қалады. Ерік-жігердің іске асырылуы ақыл мен санаға бағынышты.
Өмірде кейбір адамдар бір іс-әрекетті іске асырарда өте байыппен қарап, осының нәтижесі қалай болар екен деп "мың ойланып, жүз толғанып" іске кіріседі, ал кейбіреулер бірден ойына алғанын апыр-топыр іске асырып, кейін опық жеп жатады. Осының бәрі адамның ерік-жігер күшінің түріне байланысты. Тұлға дегеніміз - сезімнің, әсердің, ішкі күйініш-сүйініштің бойға жинақталған көрінісі.
Алайда, әр тұлғаның эмоциялық сезім дүниесі әр басқа. Біреу жауыздықты көргенде айғайлап, бақырып, ішкі сезімінің сыртқа шығуына еркіндік берсе, екінші біреу іштей булығып, көгеріп-сазарып, тас-түйін болып қатып қалады. Бұл әр тұлғаның эмоциялық сезімі өзін-өзі ұстай алу еркіне байланысты құбылыс.
Адамның даму және қалыптасуы жайында осы уақытқа дейін әр түрлі пікірлер мен теориялар орын алып келеді. Атақты грек философтары Платон және Аристотель адамның дамуын, алдын-ала тағдыр белгілеген тұқым қуалаушылық табиғатынан деп дәлелдеді. Аристотель құл болушылық немесе бағынушылықты табиғаттың заңы дейді.
Тұқым қуалаушылық теориясын
қолданушы және уағыздаушылардың бірі
- преформистер. Преформизм - XVIII ғасырда
биология саласында үстемдік еткен,
адамның дамуы жайлы
Баланың дамуына әсер ететін факторлар және оның мәні.
Даму - жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық процесі. Балада анадан туа біткен белгілі идеялар мен түсініктер және өжет, жұмсақ немесе байсалды мінез болмайды. Плланың адамгершілік, әуестік, белсенділік және батылдық сияқты қасиеттері даму процесінде қалыптасады. Өйткені, оның өсіп жетілуіне белгілі әлеуметтік тәрбие мен орта әсер етеді. Адаманың дамуы және оның дүниені тануы түрлі әлеуметтік жағдайларға байланысты. Сондықтан оның мінезінде әр түрлі ерекшеліктер мен процестер пайда болады. Баланың дамуына ықпал ететін факторларға тұқым қуалаушылың, әлеуметтік орта, тәрбие, т.б. жатады.
Тұқым қуалаушылық - ұрпақтың
ата-ананың биологиялық ұқсастығын
елестетуі. Кейбіреулері баланың сыртқы
пішініне қарап, бірден қалай әкесіне
не шешесіне ұқсап қалған деп таңданады.
Әрине бұл кездейсоқ нерсе
емес. Өйткені, баланың шашы мен көзінің
бояуы, терісінің пигменті, бет келбеті
мен басының формасы, жүрісі мен
өзін ұстау қалпы тұқым қуалаушылық
арқылы берілетін биологиялық
Орта - адам дамуына табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайды.
Табиғи орта - бұл түрлі табиғат жағдайының адам тұрмысына қызметіне ықпал жасауы. Жылы және суық климат жағдайы халықтардың тұрмысына әрекетіне елеулі ықпал етеді. Климаты ыстық жерлерде егін шаруашылығымен шұғылданады. Ал солтүстіктегі жерде балық, бұғы шаруашылығымен айналысады. Табиғат жағдайына байланысты олардың мінез-құлықтары да ерекшеліктер байқалады.
Әлеуметтік орта - жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік қатынас, олардың көп қырлы іс-әрекеттері. Әлеуметтік ортаға мектептің ықпал жасауы нәтижесінде баланың дүниеге көзқарасы, құлықтық, эстетикалық және осы сияқты болымды қасиеттері дамып қалыптасады. Егер адамдардық қалыптасуына ортаның қатысы шамалы болса, онда орта адамдардық талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан адам өзінің дамуы үшін қажетті материалдарды осы әлеуметтік ортадан жинайды. Егер бала әлеуметтік ортадан тыс қалса, онда оның даму дәрежесі жануарлардан жоғары болмайды.
Африкада, Үндістанда, Инденезия елдерінің ормандарында Түрлі себептерімен аңдардық үңгірлерінде әлеуметтік ортадан тыс өмір сүретін жас баланың санасын ояту, қабілетін дамытудық мүмкін емес екендігіне ғылыми мәліметтер дәлел бола алады. 1920 жылы Үндістанның Гадамури деревнясында тұрғындардық хабарлауымен аңшылар қасқырдық інінен бет әлпеті адамға ұқсайтын, бірақ төрт аяқтап жүретін екі қыз баланы табады. Оларға Камала және Амала дейтін ат қояды. Камала 7-8 жаста, ал Амала 2 жаста. Амала көп кешікпей өледі, ал Камала күн сәулесінен және оттан қатты қорқып, тек шикі ет жеп қана күн көріп, төрт аяқтап жүріп, көбінесе күндіз ұйықтап түнде бөлме ішін кезіп жүрген, өзінің кешкі сағат ондарда, түнгі сағат бірлерде, таңға жақын, үш мезгіл ұлыитын уақыты болған. Камаланы адамға айналдыру өте қиын болған.
Адам арасында жүрген 2 жылдан кейін Камала түрегеліп тұруды және екі аяғымен жүріп, бірте-бірте түнде ұйықтап, тамақты қолымен жеуді үйренеді. Адам тілін үйрету бұдан да қиын болған. Жеті жыл ішінде Камала 45 сөз ғана түсіне білді. 15-ке келгенде оның есі екі жасар баладай, ал 17-ге келгенде ой-өрісінің дамуы 4 жастағы баланың деңгейіне әрең жетті. Камала 17 жасқа дейін өмір сүрген.
Адам жеке тұлға болып
қалыпты өсуі және дамуы үшін тек
қана адамдар арасында өмір сүруі
қажет. Соңғы кезде орталық
Педагогика адам дамуындағы әлеуметтік ортаның ықпалын мойындайды, оған зор мән береді. Бірақ ортаны шешуші және мидын ала анықтаушы фактор деп қарастырмайды.
2.4 Жеке адамды дамытудағы басты фактор
Жеке адамды дамытудағы басты факторлардың бірі - тәрбие. Тәрбие балалардың жеке және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы мен дәрежесіне лайық іске асырылып, тәрбие адамдардық іс-әрекеттерін ұйымдастырады. Ол үшін тәрбиеші алдын ала жасалған арнаулы жоспар бойынша тәрбие жұмысын мақсатқа бағыттап ұйымдастырып, тәрбиенің құралдары мен әдістерін және формаларын іздестіреді, оларды тиімді етіп пайдаланады.
Тәрбиенің рөлін педагогика
тарихында, аса артық бағалаушылар
да болды. Д.Локк (1632-1704) "тәрбие адамның
көзқарастары мен адамгершілік қасиеттерін
жасайтын негізгі құрал, адам тәрбие
арқылы жақсы болады" - деп сыңаржақ
пікір айтты. Бала өмірге келгенде,
оның жаны сүттей ақ, судан таза, соңдықтан
тәрбиеші өзіне керек адамды жасап
алады деп, тәрбиенің рөлін аса
дәріптеп, тұқым қуалау мен әлеуметтік
ортаның баланың
Революционер-демократ В. Г. Белинский (1811-1848) баланың жаны таза тақтай емес, тақта да сапалы, жазу да әдемі болу керек деді. Белинский тәрбиенің рөлін жоғары бағалап, адам дамуындағы тұқым қуалаушылық пен ортаның әсерін де ескерген жөн деді. Д.Локк, т.б. көзқарастар бойынша тәрбие арқылы адамды түрлі дәрменсіздіктен, кемістіктен құтқаруға болады. Демек, олар тәрбие арқылы адам баласының тұрмысын жақсартуға және санасын өзгертуге болады деген жорамал ойға келді.
Тәрбие арқылы халықтың тұрмысын жақсарту үшін материалистік педагогика таптық қоғамды жойып, демократиялық қоғам құруды ұсынды.
Тәрбиеші тәрбие арқылы баланың
түрлі іс-әрекеттерін тиімді етіп,
оның жақсы дамуына қажетті
Мектеп мемлекет қолындағы
ақпарат құралдардық (баспа-сөз, радио,
теледидар) көмегімен оқушыларға тәрбие
береді, сондай-ақ, мемлекеттің саясатын
жүргізеді. Баланың жеке басының
дамуы мен қалыптасуына ықпал
ететін үш фактордық ішінен тәрбие
адамның дамуына орасан күшті
ықпал етіп, тұқым қуалаушылық
пен ортаның ықпалына белсенді әсер
етіп, баланың дамуын қоғам талаптарына
сәйкес бағыттап, белгілі бағытта
баланың өмірі мен іс-
Сонымен, тәрбие бала дамуын бағыттайды, басқарады, сондықтан да ол — баланы қалыптастырудағы негізгі күш. Тәрбие негізгі күш болғандықтан, оның жетімсіздігі, әлсіздігі баланың қалыптасуына кері әсер етеді.
Акселерация оның әлеуметтік және педагогикалық мәні. Адамның өсіп жетілуінде белгілі заңдылық болады. Ал, бұл заңдылық әр балада әр қалай болады. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін олардың жас және дара ерекшеліктерін білу қажет.
Мектептегі кезеңнің өзі
бастауыш (6-10 жасқа дейін), тоғыз
жылдық (10-15-ке дейін), орта мектеп оқушылары
(15-18-ге дейін) болып үшке бөлінеді. Баланың
дене дамуындағы ең маңыздысы - орталық
жүйке жүйесі, өйткені адамның
психикалық әрекеттері осы орталық
жүйке жүйесіне байланысты болады.
Балалардың дене және психикалық дамуында
соңғы жылдары айқындалған
Акселерация - биологиялық
фактор, әлеуметтік жағдайлардың жақсаруы
сонымен бірге радио