Жеке адам түсінік
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 19:36, реферат
Краткое описание
Жеке адам — әлеуметтік қатынастармен санала іс — әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін есі кірген ересек кісі. Адам қоғамнан тыс, тәуелсіз өмір сүре алмайды. Өйткені тәні де, жаны да айналасындағылармен қарым – қатынас жасау үстінде, тек әлеуметтік әсер жағдайында ғана адам кісілік мән – мағынаға ие болады. Адам санасының дамып, өсіп жетілуі оның ортасымен ( от басы, мектеп тағыда басқа ) тығыз байланыста. Әлеумет әсері тимейтін, әлеуметтік құрықтан шығып кететін ешбір адам болмақ емес. Сондықтан адам психологиясын дұрыс ұғыну үшін, ең алддымен, оның әлеуметтік жағдайын, яғни оның қандай ортаның өкілі екендігіне, сондай – ақ оның қандай көзқарасы, наным – сенімі, бағыт – бағдары, білімі мен іс – тәжірибесі, икем –биімділігі, нақты кәсібі, білімі бар екендігіне назар аударуымыз қажет. Осы айтылғандар жөнінде мағлұмат алғанда ғана біз оның психологиясы жайлы азды – көпті пікір білдіруге мүмкіндік аламыз.