Адвокатура түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2012 в 16:30, доклад

Краткое описание

Адвокатура қызметі: адвокаттардың өз қызметін жүзеге асыру кезіндегі тәуелсіздігі; адвокаттық қызметті заңдарда тыйым салынбаған әдістермен және құралдармен жүзеге асыру; заң актілерінде тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, прокуратура, соттар, анықтау және алдын ала тергеу органдары, басқа мемлекеттік органдар, өзге ұйымдар мен лауазымды адамдар тарапынан адвокаттардың қызметіне араласуға жол бермеу; кәсіби мінез-құлық нормаларын және адвокаттық құпияны сақтау принциптеріне негізделеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Адвокатура және адвокаттық қызметінің түсінігі.doc

— 27.50 Кб (Скачать документ)

Адвокатура  және адвокаттық қызметінің түсінігі, пәні және мақсаттары. Адвокатура ұйымының және қызметінің қағидалары және нысандары 
1. Адвокатура және адвокаттық қызметтің түсінігі, пәні және мақсаттары. 
2. Адвокатура қызметінің қағидалары. 
3. Адвокатураның қызметін ұйымдастыру нысандары.

Адвокатура  қызметі: адвокаттардың өз қызметін жүзеге асыру кезіндегі тәуелсіздігі; адвокаттық қызметті заңдарда тыйым  салынбаған әдістермен және құралдармен  жүзеге асыру; заң актілерінде тікелей  көзделген жағдайларды қоспағанда, прокуратура, соттар, анықтау және алдын ала тергеу органдары, басқа мемлекеттік органдар, өзге ұйымдар мен лауазымды адамдар тарапынан адвокаттардың қызметіне араласуға жол бермеу; кәсіби мінез-құлық нормаларын және адвокаттық құпияны сақтау принциптеріне негізделеді. 
Адвокатура қызметінің негізгі бағыттары: 
1. жеке адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және білікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және Қазақстан Республикасы Конституциясымен баянды етілген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесу; 
2. қылмыстық істер бойынша қорғауды, азаматтық, әкімшілік және өзге істер бойынша өкілдік етуді жүзеге асыру жөніндегі адвокаттардың қызметін ұйымдастыру; 
3. заңдарда тыйым салынбаған заң көмегінің өзге де түрлерін алғаш рет нақты “адвокат” түсінігі беріледі, бұрын қолданылған адвокатура туралы Ереже мен Қазақ ССР ҚЖК-да ”қорғаушы” терминіне қоғамдық, сондай-ақ кәсіби қорғаушылар қатар телінді. 
Енгізілді және қарастырылды: 
- адвокаттың кәсіби мінез-құлқының нормалары (16 бап); 
- адвокаттық қызметтің кепілдіктері (бұрын қолданылған Ережеде тек адвокаттың құқықтары мен міндеттері ғана қарастырылды, ал адвокатқа берілген құқықтарды камтамасыз ету механизмі (тегершігі) болған жоқ, енді 17-бапқа сәйкес бірқатар кепілдіктер қарастырылды: мысалы, 2-тармақта адвокатты ол заң көмегін көрсетіп отырған адаммен теңдестіруге тыйым салынады, бұрынғы қылмыстық сот ісінде тергеушілер адвокатқа көп жағдайда ол қорғайтын ол қорғайтын адаммен бір қарады, ал 8-тармақ анықтау және алдын ала органдарын қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген жағдайларда адвокатпен келісілген мерзімде тергеу және өзге іс жүргізу әрекеттеріне оның қатысуы қажетігі туралы хабарлауға міндеттейді, бұл болжанған тергеу әрекеттерін жүргізу туралы адвокатқа кейде тіпті онын бастардан бір сағат бұрын ғана хабарлайтын жағымсыз практиканы тоқтатты, оның нәтижесінде нақты іс бойынша қорғау және т.б. формалды түрде болатын) адвокаттың тек қана өзі үшін ғана емес, соңдай-ақ адвокат көмегін пайдалану мүмкіндігін алған клиент үшін де; 
- адвокаттық құпия (18 бап); 
- адвокаттың өз қызметін заңды тұлғаны тіркемей-ақ жеке дара жүзеге асыруы (19 бап) және т.б. 
Адвокатураның негізгі ұйымдық-құқықтық нысаны адвокаттар алқасы болып табылады. 
Адвокаттар алқасы барлық қоғамдық ұйымдар үшін ортақ ұйымдық принциптер негізінде, алайда адвокатураға тән және оның міндеттерінен туындаған ерекшеліктерді ескере отырып құрылады. 
Осы принциптердің негізгі сипаттамасы демократиялық болып табылады, ол сондай-ақ адвокатураны ұйымдастыруда және қызметінде көрінеді. Олар: 
- заңдылық; 
- алқаға кірудің және одан шығудың еріктілігі; 
- ізгіліктік, адам мен азаматтың құқықтарын және еркіндіктерін қорғау; 
- жеке, алқалық, қоғамдық және мемлекеттік мүдделердің орайлы үйлесімі; 
- материалдық мүдделілік пен әлеуметтік теңдік; 
- ұжымдық басшылық; 
- адвокаттар алқасы қызметіндегі жарияшылық пен ашықтық; 
- алқаның өз бастамасы бойынша заңға қайшы емес кез келген шешімді қабылдауы және т.б. 
Ұсынылатын әдебиет тізімі 
1) Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызметі туралы» Заңы 5 желтоқсан 1997ж. № 195-1 заңы (2009.29.04. берілген өзгерістер мен толықтырулар). 
2) Адвокат: навыки профессионального мастерства / Под ред. Л.А. Воскобитовой, И.Н. Лукьяновой, Л.П. Михайловой. М.: Волтерс Клувер, 2006. – 592 с. 
3) Балабиев К., Утенов Ж. ҚР адвокатурасы: оқу-әдістемелік құрал. – Алматы: Заң әдебиеті, 2003. – 84 б. 
4) Тыныбеков С. Қазақстан Республикасында адвокатура және адвокаттық қызмет. Оқулық. – Алматы: Данекер, 2003. – 317 б.


Информация о работе Адвокатура түсінігі