Жеке адам түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 19:36, реферат

Краткое описание


Жеке адам — әлеуметтік қатынастармен санала іс — әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін есі кірген ересек кісі. Адам қоғамнан тыс, тәуелсіз өмір сүре алмайды. Өйткені тәні де, жаны да айналасындағылармен қарым – қатынас жасау үстінде, тек әлеуметтік әсер жағдайында ғана адам кісілік мән – мағынаға ие болады. Адам санасының дамып, өсіп жетілуі оның ортасымен ( от басы, мектеп тағыда басқа ) тығыз байланыста. Әлеумет әсері тимейтін, әлеуметтік құрықтан шығып кететін ешбір адам болмақ емес. Сондықтан адам психологиясын дұрыс ұғыну үшін, ең алддымен, оның әлеуметтік жағдайын, яғни оның қандай ортаның өкілі екендігіне, сондай – ақ оның қандай көзқарасы, наным – сенімі, бағыт – бағдары, білімі мен іс – тәжірибесі, икем –биімділігі, нақты кәсібі, білімі бар екендігіне назар аударуымыз қажет. Осы айтылғандар жөнінде мағлұмат алғанда ғана біз оның психологиясы жайлы азды – көпті пікір білдіруге мүмкіндік аламыз.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жеке адам түсінік.docx

— 83.65 Кб (Скачать документ)

 Адам қасиетін түсіндіретін  тағы бір ұғым – «индивид».  Бұл сөз латын тілінен алынған  және оның қазақша баламасы -»жекелік».  Ұғым ретінде бұл сөз адамзат  тұқымының еш қасиеттері ескерілмеген  бір өкілін білдіреді. Бұл орайда  әрбір адам индивид болып табылады. «Жеке тұлға» ұғымы мен онымен  байланысты бір тектес ғылыми  категориялардың мәні осында.

 Адамның жеке қасиеттері  өмір жолында дамып, қалыптасқандықтан  жеке тұлғаның «дамуы» мен  «қалыптасуы» ұғымдарының мәнін  ашу педагогика үшін маңызды  мәселе болып табылады.

  Даму табиғатқа, қоғамға және әрбір жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып табылады. Даму дегеніміз – төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарай қозғалыс; сатылай эволюциялық ауысу немесе революциялық секіріс түрінде жүзеге асатын жоғары сапалы күйге қарай спиральды өрлеу процесі. Даму барысында барлық философиялық заңдар жүзеге асады: өзгеру, санның сапаға ауысуы, бір сапаның басқа бір сапаға ауысуы (бұлардың кейбіреуі, теріске шығарылуы мүмкін). Жеке тұлғаның қозғалыс күшіне, яғни қарама-қайшылық күресінің арқасында бұл қозғалыста өзгеріс жүріп жатыр.

  Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен соң дене жағьшан үлкейеді, яғни оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі оседі. Оның тілі шығып, сөздік қоры молаяды. Бала көптеген әлеуметтік-тұрмыстық және моральдық біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады. Алайда, адамның жеке тұлға ретінде дамуындағы ең бастысы – оның

 бойында болып жатқан  сапалық өзгерістер (танымдық, сезім,  моральдық-жігерлілік т.б.). Мінез-құлықтың  реактивті формалары белсенді  түрде қалыптасып келе жатқан  іс-әрекеттілікке айналады, дербестік  пен өз мінез-құлкын билей алу  қабілеттілігі артады. Осы және  басқа да өзгерістер адамның  жеке тұлға ретінде даму процесін  сипатгайды.

 Сондықтан, даму дегенімізді  адамның анатомиялық-физиологиялық  жетілуіндегі, оның жүйке жүйесі  мен психикасының дамуындағы, содай-ақ  танымдық және шығармашылық іс-әрекетіндегі  дүниетанымы, өнегелілігі, қоғамдық-саяси  көзқарастары мен сенімдерінің  кеңеюіндегі орын алатын сандық  және сапалық өзгерістердің өзара  тығыз байланысты процесі деп  түсінген дұрыс. Адамның дамуына  ішкі және сыртқы, меңгерілетін  және меңгерілмейтін факторлар  әсер етеді, олардың арасында  мақсатты тәрбие мен білім  беру жетекші рөл атқарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

1. А.С.Макаренко. Тәрбие  туралы лекциялары. - Алматы, 1968.

2. В.А. Сухомлинский. Балаға  жүрек жылуы. - Алматы, 1976.

3. Караковский В.А. О  подростках. - М.: Педагогика, 1970.

4. Божович Е.И. Личность  и ее формирование в детском  воз-расте.-М.,1968.

5. А.Г.Хрипкова, Д.В.Колесов. "Жаманнан жирен", "Зиянды  әдебиеттер және одан алдын  ала сақтандыру туралы". - Алматы: Мектеп, 1988.

6. Ильин Е.Н. Пугь к  ученику. - Москва: Просвещение, 1988.

7. Дубровский А.А. Открытое  письмо врача учителю. - М.: Просвещение, 1988.

8.  Фридман Е.М. Изучение  личности учащегося и учени-ческих  коллективов. -М.: Просвещение, 1985.

9.  Т.Сабыров. Балаларға  ақыл-ой тәрбиесін берудің кейбір  мәселелері. - Алматы, 1977.

10.  Ө.А.Уманов, В.А.Парфенов. Бала бақыты. - Алматы, 1979.

11.  Никитин Б.А., Никитина  А.П.. Мы и наши дети. - М.: Московский  рабочий, 1988.

12. А.Г. Хрипкова. Үл есейсе, қыз өссе. - Алматы, 1988.

13.  Хрипкова А.Г. Биологическое  и социальное в развитии, формировании  и воспитании человека. Библиотека "Актуальные проблемы педагогики  и психологии". - М.: Знание, 1970. Вып.2.

14. ХарламовИ.П. Педагогика. - М.,1990.

15. Р. Қоянбаев. Тәрбиетеориясы. - Алматы, 1991.

16. Ж. Қоянбаев, Р. Қоянбаев. Педагогика. - Астана, 1998.

17. Е. Сағындықұлы. Педагогика. - А, 1999.

 


Информация о работе Жеке адам түсінік